THEORETICAL ANALYSIS RELATED TO THE PROBLEM OF DEVELOPING THE READINESS OF CHILDREN WITH HEARING IMPAIRMENTS TO STUDY MATHEMATICS. Abstract This article presents a brief theoretical analysis of the problems of developing the readiness of children
with hearing impairments for elementary mathematical reading. One of the most important problems, both in
the modern country and in the world, is the improvement of knowledge, the socialization of children with
disabilities, the creation of opportunities for personal development. Including the formation of elementary
mathematical representations in children with hearing disorders.Because at present, children with hearing
impairments have some difficulties in understanding mathematical concepts.as a substitute for these
difficulties, it is necessary to use several convenient and easy, interesting techniques. we can contribute to
social inclusion by developing not only knowledge in children, but also several cognitive processes, forming
elementary mathematical concepts. mathematical science is one of the most interesting and complex
sciences. although we need mathematical concepts in everyday life. therefore, we can help children with
hearing impairments take a step into the big life by explaining simple mathematical concepts. Before that, we
need to analyze a few theoretical questions to form mathematical concepts in children.
Keywords: simple mathematical concepts, concepts of time, numbers, spatial orientation, forms,
dimensional concepts, subtraction, addition, direct counting, countdown.
Есту қабілетінің зақымдалуы салдарынан балалардың тек танымдық процестерінің дамуы ғана
емес, сонымен қатар қарапайым математикалық ұғымдарды қабылдауы да тежеледі. Біз тәжірибелік
жұмыс уақытында А.И. Никольская атап өткендей, есту қабілеті зақымдалған балалардың қара-
пайым математикалық тапсырмаларды орындауда қызығушылықтарының төмендігін, іс-әрекеттері-
нің мақсатсыздығын, өз қызметінің нәтижелеріне сыни тұрғыдан жеткіліксіз қарайтындығын,
тапсырмалардың мазмұнына аз көңіл бөлетіндігін байқаймыз. Ресей зерттеушісі Н.В. Яшкованың
зерттеулерінің қорытындылары бойынша естімейтін және нашар еститін балалар өздерінің даму дең-
гейлері бойынша еститін балалардан сәби және ерте жаста қалып қояды екен. Бұл артта қалушылық
мектепке дейінгі жаста одан бетер күшейеді, егер ерте оқытуды бастамаса және сөйлеу мен ойлау-
дың дамуына қолайлы жағдай жасалмаса, ол артта қалушылық одан бетер күшейеді және керісінше
тәрбиелеу мен сөйлеуге ерте үйретудің арнайы алдымен отбасында кейін балабақшада болса, нашар
еститін балада еститін балалармен арадағы айырмашылықты азайту мүмкіндігі күшейеді. [7]
Интеллектуальды, сонымен қатар есту қабілеті зақымдалған баланың математикалық мүмкіндік-
тері сол немесе басқа танымдық міндеттерді шешуде әрбір нақты жағдайда қажетті ойлау түрінен
біршама басқаша болуы мүмкін. Мысалы, бір жағдайда тапсырманы шешуде заттық әрекет, тәжіри-
белік талдау мен жинақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау қажет, басқасында - бейнелермен әрекет ету,
оларды ойша салыстыру, яғни, көрнекі-бейнелік ойлау, үшіншіде - тапсырманы түсінікті ойлаусыз
шешу мүмкін емес. Т.В. Розанова атап кеткендей, «сөйлеу тілін ойлау әрекетінің құралы ретінде кеш
меңгеру естімейтіндердің ақыл-ой қабілеттерін дамуында ойлау құралы ретінде заттық әрекет,
шынайы жесттер, ал содан кейін шартты мимика-жесттік сөйлеу тілінің құралы ерекше мәнге ие
болады. Сонымен қатар, осы құралдар тез жалпылау мүмкінліктеріне, жабық ойлау әрекетіне өту
қатынасында ақыл-ой қабілеттерін қажетті деңгейде қалыптастыруды қамтамасыз етпейді. Ақыл-ой
қабілеттерінің көрсетілген сапасы естімейтін балаларда үлкен қиындықпен және тек ойлау әрекетінің
жасанды құралы ретінде сөйлеу тілін меңгеру шегіне қарай қалыптасады».
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша жұмыс –
олардың мектепке жалпы дайындығының маңызды бөлігі. Математикалық түсініктерін қалыптас-
тыру деп, әдетте, қарапайым математикалық түсініктерді және олармен байланысты логикалық
ойлау қабілеттерін қалыптастыру нәтижесінде болатын баланың танымдық белсенділік формаларын-
дағы сапалы өзгерістерді атаймыз. [6]