Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет14/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Нектар
Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол 
бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында 
қоректенеді. Өсімдіктерде нектардың екі түрі болады. 1)гүлдік 2) гүлден тыс пайда 
болатын нектарлар. 
Кейде бір гүлдегі нектар мөлшері онша көп болмағанымен мысалы 
түйежоңышқаның (Донник- Melilotus) бір гүлде 0,16 мг нектар бар, ал өсімдіктің бір 
индивидінде гүлдің саны 1 гектарда 1,77млн сондықтан бал өндіру түйежоңышқадан 
1 гектарға шаққанда 216 кг ал Salvia (шалфей) өсімдігінен 917кг бал жинауға 


болады. Нектардың химиялық құрамына келетін болсақ көптеген өсімдіктердің 
клеткаларында тек бір инвертацияланған қант болады, яғни глюкоза және 
фруктозаға айналған қант. Кейбір өсімдіктердің нектарлары құрамында 
инвертацияланған қантпен бірге қамыс қанты да болады. Қанттан басқа нектар 
құрамында азда болса декстриндер, маннит қышқылдар , эфир майлары, азотты және 
минералды қосылыстар, минералды заттардың құрамы 60-90

шамасында болады. 
Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта 
факторларына байланысты. Мысалы таңқұрайда (малина) -25

, күнбағыста 44,6 

ал Аткаштанда (Каштан конский) –74,5% шамасында болады. Нектар қалайша балға 
айналады ? 
Бұл процесс әрине араның асқазанында басталады. Нектардың құрамында су 
азаяды. Және сілемейлі бездер ферменттерінің әсерінен нектардың құрамы өзгереді. 
Ара нектарды алып келіп кәрезге (саты) орналастырады. Кәрездегі нектардың 
құрамы әрине басқаша. Бірақта бұл затты әлі бал деп айтуға болмайды. Өйткені 
оның құрамында әлі 60

су болады. Кәріздің ұяларында бал пісіп жетіледі. Балдағы 
судың мөлшері 18-20

шамасында болады, қамыс қанты (тростниковый сахар) 
түгелімен глюкозаға және жеміс қантына айналады. Сосын жаңа ферменттер пайда 
болады. Сол жаңа ферменттердің әсерімен бал толық пісіп жетіледі. Кәріздің 
ұялары толық балға толғанда ол қоюланады, ара ұяны жауып бекітеді. Балдың 
нектардан айырмашылығы химиялық құрамында судың мөлшері 18-20

ғана 
болады, қарапайым қанттар басым болады, 18-20

судан басқаның бәрі қанттар. 
В.Г. Чудаков (1963) мәліметтері бойынша балдағы қарапайым қанттардың 
орташа мөлшері 68-73 

. Ал жалпы алғанда 55,9 

-84,4 

аралығында болады. 
Аралардың дұрыс тіршілік етуі үшін қанттан басқа оларға белок және май 
керек. Белокты, майды және қажетті витаминдермен минералды тұздарды аралар 
тозаңнан алады. Аралар гүлдерден нектар алғанда тозаңдарды қосып алады. Аралар 
ұяларына алып келгенде нектармен тозаңдарды кезек орналастырады да сілекеймен 
ылғалдандырады. Араның бір семьясы ұяларына бір сезонда 60 кг тозаң алып келеді 
ал оларға қажеттігі 30 кг. 
Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына Тал (Salix- Ива), Бақбақ (Taracsacum- 
Одуванчик), Ақ беде (Trifolium repens- Белый клевер), эспарцет (Onobrychis- 
эспарцет), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) және басқа көптеген 
өсімдіктер жатады. 
Нектар бермей тек қана тозаң беретін өсімдіктер түрлері бұрынғы ССРО 
территориясында 1000 нан асады. Бұл өсімдіктерді екі топқа бөлуге болады: 
1)Желмен тозаңданатындар; 2) насекомдармен тозаңданатындар. Бірінші топқа 
екіншімен салыстырғанда көбірек өсімдіктер түрлері жатады. Бірінші топқа 
мысалы, Қандағаш (Alnus - Лещина), Қоға (Typhа- широлистный рогоз), Қияқөлең 
(Carex- Осока), Өлеңшөп (Scirpus- Камыш) және тағыда басқа көптеген өсімдіктер 
жатады. Бұл өсімдіктер тобына көптеген кәдімгі арамшөптер мысалы, Көкпек 
(Atriflex- Лебеда), Гүлтәжі (Amaranthus- щирица), Қалақай (Urtica - крапива), 
Қымыздық (Rumex- Шавель) сияқты өсімдіктерде жатады. Бұл топқа жататын 
өсімдіктердің гүлдері майда, көмескі немесе көкшілдеу өте көп болады. 
Аталықтары және аналықтары әртүрлі гүлдерде орналасқан (Қос жарнақтыларда). 
Бұл өсімдіктердің барлығы яғни бірінші топқа жататын өсімдіктер желмен 


тозаңданады және өте көп тозаң береді. Сондықтан ол өсімдіктердің көпшілігі ара 
шаруашылығы үшін өте пайдалы. 
Нектар бермейтін өсімдіктердің екінші тобы насекомдармен тозаңданатын 
айқын ашық гүлділер. Көбісінің гүлдері өте ірі мысалы Раушан (Rosa- Роза, 
Шиповник), Көкнәр (Papaver- Мак), Желайдар (Anemone- Ветреница), Жібілген 
(Clematis- Ломонос), Бузина (Sambucus- Бузина), Аюқұлақ (Verbascum-Коровяк) 
және басқа өсімдіктер тозаңдарының химиялық құрамы №1 кестеде келтірілген 
Коморовтың (Глухов, 1974 бойынша) мәліметтері бойынша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет