Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет220/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

¹Ғадауат (арабша)
— 
дұшпандық, ашу, жек 
көру 
1-
тапсырма. «Түсіндірме күнделігі» әдісі 
Өлеңнің кез келген үш шумағын алып, не 
түсінгеніңізді жазып, талдаңыз. 
Өлеңнен үзінді 
Менің түсінгенім 
 
 
 
 
 
 
2-
тапсырма. «Ақылды бес үкі» әдісі 
Тақтаға бес оқушы шығады. Үкілерді таңдап, 
артында жазылған тапсырманы оқып, жауап 
береді.
1-
оқушы:
Абайдың айтқысы келген сыры 
қандай? 
2-
оқушы:
Өлеңнің мәні біздің өмірімізде қажеті 
бола ма? Неге? 
3-
оқушы:
Абайдың «Мыңмен жалғыз алыстым, 
Бейнеролик
http://www
.youtube.com/watch?v=
GQkQLtg5L8w
 


272 
кінә қойма!» деген сөзін қалай түсінесің? 
4-
оқушы:
Абайдың осы өлеңді жазуына не түрткі 
болды деп ойлайсың? 
5-
оқушы:
Өлеңнін қай бөлігі ерекше ұнады? Не 
себепті? 
Сабақтың соңы РЕФЛЕКСИЯ. «Бір сөйлем» әдісі 
Бүгінгі сабақтан не түйгендеріңізді бір сөйлеммен 
айтып шығыңыз. 
 
ҚОСЫМША 
«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» 
Өлеңнің тақырыбы-ойшыл адамның, әсіресе сыршыл ақындардың анық 
тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең 
жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр 
болады. Бұл өлеңде көп жайдың түйіні бар. Кеше ғана көрген соққының салдары 
ғана емес, өмірінің ұзын бойын шолып келіп, дәл осы жылда өлімді айтып отырған 
Абай аса қымбат қасиет табады. Ол келешекпен тілдеседі. Өз халқының кейінгі 
ұзақ тарихына өлместік із қалдырып отырғанына сенім артады. Қасиет дейтініміз - 
елім жайынан бастап, өлместің сырына ауысады. 
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? 
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? 
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан, 
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? 
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? 
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? 
Асау жүрек аяғын шалыс басқан 
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? 
Сонда жауап бере алман мен бишара, 
Сіздерге еркін тиер, байқап қара. 
Екі күймек бір жанға әділет пе? 
Қаны қара бір жанмын, жаны жара. 
Жүрегіңнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! 


273 
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ, 
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. 
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, 
Етекбасты көп көрдім елден бірақ. 
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, 
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. 
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, 
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме! 
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, 
Мен келмеске кетермін түк өндірмей. 
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр, 
Сырымды тоқтатайын айта бермей. 
 
Ғадауат (арабша) — дұшпандық, ашу, жек көру
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы»,
ІІ том, Алматы, «Жазушы» 2002 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет