А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Отарлық басқару жҥйесінің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет106/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Отарлық басқару жҥйесінің ерекшелігі.
Еуропалықтар-
дың жаппай территорляларды басып алуының бірден бір себебі, 
шикізат кӛздерін пайдалану болатын: ХҮІІІ ғасырда балық; ал 
ХІХ ғасырдан бастап қазба байлықтары (түрлі-түсті металлдар, 
асыл тастар); ХХ ғасырдан бастап ауыл шаруашылық ӛнімдері 
(кофе, какао, мақта, жаңғақ, банан, ананас).
Тек ХХ ғасырдың басынан бастап ішкі аудандарды жете 
игере бастады: еуропалық қоныстар, плантациялар, фермерлік 
шаруашылықтар пайда болып, тау-кен жұмыстары дамыды жә-
не ақша жүйесі енгізілді. Жергілікті халық бұл жаңашылдықты 
тіпті күнделікті ӛмірде қиындықпен қабылдады. Африкада инф-


176 
рақұрылым жүйесі пайда болды: теміржолдар, порттар, байла-
ныс жүйесі, сонымен бірге еуропалық үлгідегі әкімшілік меке-
мелер, мектептер мен емханалар салынды. Ал миссионерлер 
арқылы христиан діні тарады.
Африканың дәстүрлі қоғамына еуропалық үлгідегі мо-
дернизациялық үрдіс енгізілді: 
а) 
экономикалық
салада сыртқы нарыққа байланысты ауыл 
шаруашылық ӛнімдерін экспортқа шығару және африкалық тер-
риторияны керек ӛнеркәсіп тауарымен қамтамасыз ету жүйесі 
құрылды; 
б) 
әлеуметтік
салада еуропалық білім алып маманданған 
жергілікті африкалықтар пайда болып, олар біртіндеп отарлық 
мекемелерде жұмыс істей бастады; 
в) 
саяси
салада еуропалық сайлау институттары, билік 
органдары және еуропалық партиялардың үлгісіндегі саяси ас-
социациялар құрылды; 
г) 
мәдени
салада оқыған жергілікті азаматтар еуропалық 
тілді меңгере бастады, батыстық заңнама, христиан діні енгізі-
ліп, кӛптеген африкалықтар Сорбон, Оксфорд және Кембридж-
де білім ала бастайды. 
Алайда бұл тек сыртқы кӛрініс қана болатын, ал шын-
дығында жағдай басқаша болды, экономикада халықтың кӛп 
бӛлігі бұрынғыдай дәстүрлі шаруашылықпен айналысты. Ал 
әлеуметтік салада ескі құрылым (үлкен жанұя, қауым, тайпа), 
жергілікті кӛсем, князьдардың билігі мен тайпалар арасындағы 
шиеленістер, құлдық сақталып қалды. Саяси салада жаңа жүйе-
дегі мекемелер пайда болғанымен ол ескі жүйенің аясында құ-
рылды, оларға кӛсемдер, абыздар, князьдар тӛрелік етіп отыр-
ды. Мәдени салада да айтарлықтай жетістік бола қойған жоқ, 
христиандықты немқұрайлы түрде ғана қабылдады, жергілікті 
халықта бұрынғыдай әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрі сақ-
талды.
Сонымен, еуропалық отаршылдардың жетістігі шектеулі 
ғана болды. Африканы біртіндеп еуропалық ӛркениетке кӛтеру 
олар үшін мүмкін болмады, бірақ кейде сырт кӛзге ол солай 
болып та кӛрінді. Кӛптеген бұрынғы салт-дәстүрлер, әсіресе қа-


177 
уымдық құрылыс Африканы артқа шегеріп отырды. Ескіқұры-
лым сақталып қалды, ӛздерінің үйреншікті ӛмірін бұзған жаңа-
шылдыққа қатты тойтарыс беріп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет