А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Тропикалық Африка елдерінің тәуелсіздік алуы



Pdf көрінісі
бет111/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Тропикалық Африка елдерінің тәуелсіздік алуы.
Мұн-
да 1957 жылы ең алғаш тәуелсіздік алған ағылшын отары Ал-
тын Жағалау (Гана) болды. Жергілікті ұлтжандыларды басқар-
ған 
Квам Нкрум
Ұлттық партия құрып, елде жаппай ереуілдер 
ӛтізді. 1951 жылы Квам Нкрум Заңшығарушы жиналыста же-
ңіске жетіп, елде бас министр қызметін атқарды. 1955 жылы ел 
ӛзін-ӛзі басқару құқығына ие болды, ал 1957 жылы наурызда 
Алтын Жағалау (Гана) тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
Барлық француз отарлары екі территорияға біріктірілді - 
Батыс Африка және Экваторлық Африка; әрқайсысының ӛзінің 
құзырлы мекемелері болды. 1958 жылы генерал де Голль 
Францияда үкімет басына қайта келгенде африкалық саяси 
ӛкілдерге екі таңдау ұсынды: толықтай тәуелсіздік немесе 
Француз одағы құрамындағы автономия. Гвинеядан басқасы 
соңғысын таңдады, ал Гвинея 1958 жылы қазанда тәуелсіз деп 
жарияланды. 
1960 жыл «Африка жылы» болды десе де болады, яғни 
африкалық 16 мемлекет ӛз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Бас-
тапқы кезде - француздық Сенегал, сосын тағы 4 француз ота-
ры-Піл Сүйегі Жағалауы, Нигерия, Жоғарғы Вольта және 
Дагомея. Француздық Камерун және Того да ӛз тәуелсіздіктерін 
алды; осы отарлардың британдық бӛлігі сәйкестендіріліп 
Нигерия және Ганаға қосылды. Сосын, жылдың соғына қарай 
Мадагаскар, Габон, Чад, Убанги-Шари (Орталық-Африка 
республикасы) және француздық Конго (Браззавиль) тәуелсіз-
діктерін алды. Тропикалық Африкада 14 француз-тілді мемле-
кеттер пайда болды. 


185 
1960 жылы Африкадағы халық саны жағынан ең ірі мем-
лекет Нигерия ӛз тәуелсіздігін алды, бұрынғы Ұлыбританияның 
отары. Бұл елде әртүрлі халықтар ӛмір сүреді; оның Консти-
туциясы үш облыстың есебі бойынша жасалды: Солтүстік, 
Батыс және Шығыс. Мұндай алып елді басқару тек федеративті 
құрылым аясында ғана мүмкін еді. 
Осы 1960 жылы итальяндықтардың басқаруына 10 жыл 
қамқорлыққа берілген Сомали территориясының мерзімі аяқ-
талды; ағылшындар ӛз кезегінде ӛздеріне тиесілі бӛлігіне тәуел-
сіздік беруді ұсынды. Нәтижесінде 1960 жылы Сомали жаңа 
тәуелсіз мемлекеті жарияланып, оған итальяндық және ағыл-
шындық бӛлік те қосылды. 
Тәуелсіздікке байланысты ерекше жағдай 1960 жылы 
Бельгиялық Конгода (Заир) орын алды. Бұл үрдіс ешқандай зар-
дапсыз болған Батыс Африкамен салыстырғанда Бельгиялық 
Конгоның тәуелсіздік алуы азамат соғысына дейін апарды. Ол 
күшті халықаралық дағдарыс тудырды. Конгода Африканың 
ортасындағы кӛп халықтар қоныстанған алып мемлекеттердің 
бірі. Халықтың кӛп бӛлігі: Батысында - Баконго, Оңтүстік Касаи 
және Солтүстік Катангада - балуба, Оңтүстік Катангада – балун-
да. Бельгиялықтар бұл елдің қазба байлықтарын молынан пай-
даланды. Тәуелсіздік алар алдында Конгода 100 мың адамдық 
тӛсегі бар ауырухана салынып, Бельгияның ӛзін басып озды, ал 
сауаттылық жағынан бүкіл Африкадағы ең жоғарғы кӛрсеткіш-
ке ие болды - 42%, ал осы кезде ағылшын отарларында 15-20%, 
француздарда - 10%.
1959 жылы тәуелсіз Гананың астанасы Аккрда Африка-
ның тәуелсіз мемлекеттерінің бірінші конференциясы болып, 
оған конголық ұлтжандылар да қатысты. Елге келген кезде олар 
отардың астанасы Лепольдвильде тәртіпсіздіктер ұйымдастыр-
ды. Бельгиялықтар жаппай ӛз елдеріне қаша бастады, оның үс-
тіне 1959 жылдың соңында тайпа аралық қақтығыстар бастал-
ды. 1960 жылы қаңтарда африкалық ұлтжандылар Брюсселдегі 
кездесуде тәуелсіздікті талап етеді, нәтижесінде олар 1960 жы-
лы 30 маусымда ӛз тәуелсіздіктерін алады. 


186 
Тәуелсіздікті тӛрт күн тойлап, сосын 1960 жылы 5 мау-
сымда астанада әскерилердің бүлігі басталды. Елдегі тәжірибелі 
саясаткерлердің бірі, Конголық ұлтжандылар қозғалысының 
басшысы, тайпалық партия жетекшісі Патрис Лумумба сайлау-
да жеңіске жетіп, елдің премьер-министрі болады. Ал 
Жозеф 
Касавубу
президент, балунда халқынан шыққан 
Моиз Чомбе
ең 
бай провинция - Катанганы басқарады.
Армиядағы бүлік 
П.Лумумба
үкіметінің беделін аяққа 
таптады, Леопольдвильдегі Бельгиялық армия мұндағы жағдай-
ға 10 маусымда араласа бастайды. 11 маусымда 
М.Чомбе
Катанганың тәуелсіздігін жариялап, Бельгиядан ӛздеріне кӛмек 
сұрайды. 13 маусымда БҰҰ-ның Бас хатшысы 
Даг 
Хаммаршельд
Қауіпсіздік Кеңесінде сӛз сӛйлеп, бельгиялықтар-
ды басқыншы деп айыптайды. 14 маусым күні БҰҰ-ның әскері 
Конгоға енгізіледі. Сӛйтіп, Конгоның қасіреті осылай басталды. 
1960 жылы тамызда табиғи шикізатқа ӛте бай Касаи про-
винциясы да бӛліне бастайды.
1960 жылы президент 
Ж.Касавубу П.Лубумбаны
премьер-
министрлік орнынан алып тастайды, бірақ ӛзі де кӛп ұзамай 
полковник Жозеф Мобуту ұйымдастырған тӛңкеріс нәтижесін-
де биліктен айырылады. Сонымен Ж.Мобуту астанада басты 
билеуші болды, ал П.Лумумба Леопольдвильді тастап кетеді. 
Елде қаңғыбастық жайлап, мұның арты 1961 жылы 17 қаңтарда 
белгісіз жағдайда 
П.Лумумбаның
мезгілсіз қазасымен аяқталды. 
Оның есімі тәуелсіз Африканың рәмізіне айналды; Мәскеуде 
Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті 
ашылып, онда қазірге дейін Азия, Африка және Латын 
Америкасының студенттері білім алуда.
Бұл кезде отарсыздану ӛз межесіне жеткен болатын.
1961 жылы Батыс Африкадағы ағылшын отары - Сьерра-Леон 
тәуелсіздік алды, сосын кезек Шығыс Африкаға келді, бұл жер-
лер де Англияның бақылауында болатын. 1961 жылы желтоқ-
санда бұрынғы германдық отар Танганьика, 1962 жылы мау-
сымда екі ел - Руанда және Бурунди және 1923 жылдан бастап, 
Бельгия мандатына берілген Уганда 1962 жылы қазанда ӛз 
тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. 1963 жылы 12 желтоқсанда - 


187 
Занзибар және Кения аралдары, 1964 маусымда Малави тәуел-
сіздік алып, елді президент 
Хестинг Банда
басқарды. 1964 жы-
лы қазанда Замбия тәуелсіздігін алып, оны президент Кеннет 
Каунд басқарды, 1965 жылы 11 қарашада Оңтүстік Родезия тә-
уелсіз мемлекет болып, елді Ян Смит басқарды. 
Осыдан кейінгі тәуелсіздік Оңтүстік Африкамен шекара-
лас үш ағылшын протектаратына берілді. 1966 жылы 
Бечуаналенд (Ботсвана), Басутоленд (Лесото), сосын 1968 жылы 
Свазиленд. Ал 1968 жылы ағылшындар Маврикий аралына да 
тәуелсіздік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет