59
1966 жылы тамызда болған ҚКП Орталық Комитеттің ХІ
Пленумында кӛптеген делегаттар қуғын-сүргінге ұшыраған бо-
латын, ал керісінше оның жұмысына хунвейбиндер ӛкілдері қа-
тысты. Пленумнан кейін Пекинде Мао Цзэдун мен Линь Бяо қа-
тысқан хунвенбиндердің бірнеше кездесу-митингілері болды.
Осы кезде бүкіл елде хунвейбиндердің саны 40 млн. адамға жет-
ті. Олардың басшылары буржуазиялық мәдениетке қарсы күрес-
ке шақырды: кітапханалдарды талқандау, ӛнер
туындыларын
жою т.б. Оның орнына Маоны дәріптейтін жаңа туындылар қо-
йылуы керек болды. Арнайы үгіт-насихаттың қолдауына сүйен-
ген хунвейбиндер мен цзаофиндер Қытайдың зайырлы халқына
қатыгез күрес жүргізді. Кітаптар, архитектуралық ескерткіштер
және ӛнер туындылары жойылды. «Жауларды» қайта тәрбиелеу
үшін арнайы лагерлерге жіберді, онда олар ауыр жүмыстар істеді.
1967 жылы қаңтарда хунвейбиндер мен цзаофиндер
Шанхайдағы билікті толықтай басқарды десе де болады. Мао
Цзэдун ӛз жақтастарына осындай жағдайды бүкіл Қытайға жүр-
гізуге шақырды. Осы жылы хунвейбиндер Уханьда ӛз
әрекет-
терін жүргізді.
1968 жылы тамызда жоғарғы оқу орындары мен әртүрлі
жоғары мекемелерде хунвейбиндер мен цзаофиндерді ұйымдас-
қан түрде жоя бастады, оларды қалалардан шалғай жерлердегі
ауыл шаруашылық аудандарға жер айдады. 1968 жылы күзде
ҚКП басшылары арасындағы әртүрлі топтар ішінде билік үшін
талас басталды. Бүкіл елдің бұдан әрі даму мәселесіне қатысты
болды. Ӛйткені 1967-1968 жж. ӛнеркәсіп ӛндірісі 15-20%-ға
қысқарды, ауыл шаруашылығы құлдырап, елде тоқырау бастал-
ды. Астық шықпай қалды. Сауатсыздықты жою қарқыны бәсең-
деді. Ӛйткені жоғарғы оқу орындарының жұмысы тоқтап қалған
болатын, ал кӛптеген ғылыми қызметкерлер
мен инженер-тех-
ник мамандары қуғын-сүргінге ұшырады. «Мәдени революция-
ның» бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты 1969 жылы
кӛктемде ҚКП-ның ІХ съезінде Линь Бяо арнайы түрде Мао
Цзэдунның ізбасары болып жарияланды. Сонымен бірге партия
басшылығы құрамына Цзян Цин кірді. Партияның жаңа құрамы
кӛсемге адал берілгендер қағидасы бойынша таңдап алынды.
60
Саяси бюро құрамында бұрыннан келе жатқан
Чжу Дэ
және
Чжоу Энлай
ғана ӛз орындарында қалды.
1969 жылы «мәдени революцияның»
екінші кезеңі бастал-
ды
. Линь Бяо арнайы түрде Мао Цзэдунның ізбасары болып
жарияланған соң Қытай басшылары арасындағы екі топ арасын-
да мазасыздық пайда болды. Оның бірі «мәдени революцияны»
ұйымдастырып, жүргізуші
Мао Цзэдунның әйелі Цзян Цин, ал
екіншісі Мемлекеттік кеңестің премьері Чжоу Энлай. Дегенмен,
1971 жылы түсініксіз жағдайда
Линь Бяо
әуе апатынан
қайтыс
болды
.
1973 жылы басшылық құрамына Дэн Сяопин оралды, ол
ҚКП Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары, Чжоу Энлай-
дың жақтасы болды. Алайда радикалдармен ауыр күрес жалғаса
берді, оны тоқтату Мао Цзэдун
қайтыс болғаннан кейін ғана
мүмкін болды.
1976 жылы 8 қаңтарда
Чжоу Эньлай
қайтыс болды. Ал ол
ауырып жатқан кезде оның міндетін Дэн Сяопин атқарған бола-
тын. 1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жасында ҚКП ОК-нің тӛраға-
сы
Мао Цзэдун
қайтыс болды.
Мао Қытайды ӛте ауыр дағдарыс жағдайында қалдырып
кетті. Арнайы мәліметтер бойынша елде 20 млн. жұмыссыздар,
100 млн. адам аштық күйін кешіп жатты. Негізгі азық-түлік кар-
точка арқылы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: