56
микасын дамыту үшін КСРО-дан құрал-жабдықтар мен мате-
риалдар тасымалданды.
КСРО-ның кӛмегі Қытайда реформа жүргізуге кӛмектесуі
болды. Ең маңызды әлеуметтік қайта құрулар жер туралы аграр-
лық реформа болды. Онда жерді, малды, құрал-саймандарды,
үйлерді, сонымен бірге жері бар ауқатты адамдардың, храмдар-
дың, шеберханалардың, мұралық жерлер
мен артық жерлерді ау-
қатты байлардың дүние-мүлкін жері жоқ шаруалар мен жұмыс-
шыларға бӛліп берді. Ал ӛсімқор шаруалар ӛз жерлерін ӛздері
немесе бірнеше жалгерлердің кӛмегімен ӛңдесе, онда олардың
жеріне тиіскен жоқ. Бос жатқан жерлер, сулы алқаптар, орман-
дар, шәй, бамбук, кендір, жібек ӛндіретін
ірі плантациялар со-
нымен бірге жер қойнауындағы байлықтар да мемлекет қарама-
ғына ӛтті. Нәтижесінде 1953 жылдың кӛктеміне қарай ауқатты
жер иелері жері жойылып, бай шаруалардың экономикалық по-
зициясы әлсіреді. Алайда, аграрлы реформа кедей шаруалардың
деңгейін кӛтергенмен оларды табанды жақсы жағдаймен қамта-
масыз ете алған жоқ. Кӛптеген шаруашылықта құрал-жабдықтар
жетіспеді.
Бұдан басқа да қайта құрулар болды: әйелдер мен ерлер-
дің тең құқығы жарияланды,
мектеп және жоғары оқу орын-
дарында демократиялық шаралар іске асты, еңбекшілердің са-
уатсыздығын жою шаралары жүргізілді. Ең маңызды жұмыстар
экономика жағына бағытталды. Бұл кезде Қытайдың халық шар-
уашылығы мүлдем артта қалған болатын. Ауыр ӛнеркәсіп саны
аз, ал ӛндірістің ең маңызды салаларында ӛнеркәсіп орындары
мүлдем болмады. Бағаны тұрақтандыру үшін қаржы жүйесіне
мемлекеттік бақылау енгізілді. Негізгі басы артық жеңіл ӛнеркә-
сіптер және бірқатар маңызды тауарлар мемлекет қарамағына ӛтті.
1952 жылдың соңында ӛнеркәсіп ӛнімін алдыңғы жылдар-
мен салыстырғанда жоғарғы деңгейге кӛтеруге мүмкін болды.
Транспорт дамып, елде теміржолдар салынды.
Дәнді дақылдар
ӛсіру саласы дамыды. Қытайда ұсақ тауарлы дәстүр сақталды –
жекеменшік шаруа және қолӛнершілер шаруашылығы, ұлттық
буржуазияның ӛнеркәсіптері мемлекет қарамағына ӛткен жоқ.
Бұрын гоминьдандық мемлекетке тиесілі болған ауыр ӛнеркәсіп,
транспорт, қаржы және сыртқы сауда орындары мемлекеттік
57
секторға берілді. Халық шаруашылығын
қалпына келтірумен бір
уақытта мемлекеттік сектор да дамыды. Экономика саласында
жаппай науқан басталып, қалада ұлттық буржуазия, ал деревня-
да кооперативті шаруалар қалыптасты. 1956 жылы 96%-ы шар-
уалар иелігі кооперативтерге берілді. Осы 1956 жылдан бастап
жеке меншікті мемлекет қарамағына ӛткізу басталды,
нәтиже-
сінде жыл соңында тек 3%-ы жеке меншік капиталы қалды.
ҚХР-ның саяси ӛміріндегі маңызды оқиға ҚКП-ның
ҮІІІ съезі болды (1956 ж. қыркүйек). Сталиннің жеке басына та-
бынушылықты сынға алған СОКП-ның ХХ съезі делегаттарға
үлкен әсер етті. Бұл жағдайды келесі жыл толықтай ӛзгертті.
Маоның пікірінше саясатта жақсы жол «арам шӛпті тазалау».
1957 жылдың соңына қарай арнайы мәліметтер бойынша 10 мың
оңшыл элементтер қуғын-сүргінге ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: