91
лық азайтылды. Мұндай шаралар ҮҰК-нің беделін кӛтерді және
1971 жылы сайлауда жеңіп шығуына әкелді. Сайлаудан кейін де
реформалар жалғаса берді. Бұл мемлекеттік сектордың беделінің
түсуіне, бюрократияның күшеюіне алып келді. Оның үстіне
1971 жылы Пәкістанмен соғыс, Бангладештің құрылуы,
1972 жылдан 1975 жылға дейінгі қуаңшылық, Үндістанға мил-
лиондаған босқындардың келуі, 1973-1974 жылдардағы мұнай
дағдарысы елдің саяси және экономикалық ӛміріне ӛте кері
әсерін тигізді.
1970 жылдардың ортасында саяси күрес ӛрши түсті. Оп-
позиция күштері мемлекетті тӛтенше шаралар қолдануға мәж-
бүрледі. Осындай жағдайда консервативті саяси партия
«Джаната партия»
блогын құрып, олар 1977 жылы сайлауда
жеңіске жетті. Сонымен Ұлттық конгрес тәуелсіздік жылдарын-
да бірінші рет жеңіліс тапты.
Елде азық-түлік бағасы, салық пен инфляция ӛсті. Осы-
ның барлығы
Индира Гандиге
және оның жақтастарына
1980 жылғы сайлауда жеңіске жетулеріне алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: