93
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
М.И.Гандидің «сатьяграхия» - қағидасы нені білдіреді?
2.
Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің әлеуметтік
экономикалық және саяси дамуы қалай болды?
3.
И.Гандидің дүние этникалық пробемаларды шешу сая-
саты қалай жүргізілді?
4.
Пенжаб, Бомбей, Гуджараптағы британдықтарға қарсы
саяси ахуалдардың басталуы?
5.
«Хинду Махсабхи» қандай қоғамның мүддесін
қорға-
ған?
6.
«Мұсылман Лигасы» қандай қоғам, кімдердің мүддесін
қорғаған?
7.
Мохандас Карамчад Гандидің «Күш кӛрсетпеу саяса-
ты» анықтаңыз.
8.
Индияда «Құлдық Конституциясының» жариялануы?
9.
Үндістан мемлекетінің Конституциясы қай жылы
қабылданды?
10.
Джавахарлал Неру қандай саясат жүргізді?
§ 12. Пәкістан
Ішкі саяси даму (1947-1957 жж.).
1947жылы 15 тамызда
Орта Азия территориясында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда бол-
ды. Оның бірінші генерал-губернаторы Мұсылман Лигасының
және тәуелсіздк үшін күрестің басшысы
Мұхаммед Әли Джинна
болып тағайындалды.
Сонымен, діни қауымдық
принцип бойынша Британдық
Үндістан екіге бӛлінді. Елдегі маңызды фактор әлеуметтік-эко-
номикалық және мәдени артта қалу, экономиканың артта қалуы,
дәстүрлі әлеуметтік және саяси құрылымның күшеюі, халықтың
саяси танымының тӛмендігі, діннің
мемлекет ісінің барлық сала-
сына араласуы болды.
1954 жылға дейін елдің саяси ӛмірінде ХХ ғасырдың ба-
сында құрылған Оңтүстік Азия мұсылмандарының мүддесін
94
қорғаушы Мұсылман Лигасы беделді орында болды. Ал 1950-ші
жылдары Пәкістандағы кӛптеген
проблемаларды шешу жолын-
да бірінші оппозициялық буржуазия-демократиялық
партия құ-
рылды: Авамалиг (Халық партиясы), Азад Пәкістан (Еркін
Пәкістан) т.б.
1951 жылы 16 қазанда Пәкістанның премьер-министрі
Лиикат Әли-хан
қастандық салдарынан қаза болды, ал оның ор-
нына шығысбенгальдық саяси ӛкіл
Қожа Назимуддин
келді.
Билік үшін күрес оның үкіметінің отставкаға кетуіне мәжбүрле-
ді. Батыс және Шығыс Пәкістан ӛкілдері әртүрлі екі орталықта
партиялық-саяси жүйе құрды.
1956 жылы 29 ақпанда Құрылтай жиналыс
Конституция-
ны қабылдап, яғни 23 наурызда
британдық доминион енді
"
Пәкістан Республикасы
" деп жарияланды.
Партиялық топтардың күресі нәтижесінде 1957-1958 жыл-
дары
Х.Ш.Сухравардидің коалициялық кабинетін И.И.Чундригар
ауыстырды, ал кӛп ұзамай оны Республикалық партия М.Ф.Нун
ауыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: