Анатолидағы қарсыластық қозғалысы. Түркиядағы
Батыс елдерінің іс-әрекеті халықтың наразылығын тудырды.
Бастапқы кезде 1919 жылы бүкіл елде қарсыластық ошақтары
пайда болды. 1919 жылы қаңтарды партизандық қозғалыстар
елдің оңтүстігінде басталып, ал мамырда - Анатолидің батыс
бӛлігіне ауысады. Жергілікті интеллигенция мен офицерлердің
басшылығымен «халықтың құқығын қорғау қоғамы» құрылды.
Сондай басшылардың бірі, барлық соғыста кӛзге түскен,
39 жасар генерал
Мұстафа Кемаль-паша болды. Ол Германия-
ның қарсыласы, ӛз елінің ұлтжанды азаматы ретінде танымал
болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң М.Кемаль ар-
миядан шығып, Стамбулға кетеді. Сосын 19 мамырда Самсун
қаласына келіп жергілікті партизан отрядын құрады. Оның бас-
шылығымен 1919 жылы 23 шілдеде Эрзерумде «құқықты қорғау
қоғамының» съезі болды. Шығыс вилайяттерде (провинция) Ат-
104
қарушы комитет құрылып, оның басшысы М.Кемаль болды, ол
"Туркияның бӛлшектенуіне жол бермеймін" деп уәде берді.
1919 жылы 4 қыркүйекте Сивас қаласында «құқықты қор-
ғау қоғамының» жалпытүріктік съезі болып ӛтті. Съездің талабы
бойынша сұлтан үкімет билігін ауыстырып, парламенттік сайлау
енгізілді.
Сайлау болды, парламент сайланды, алайда кӛптеген де-
путаттар Стамбулға барудан бас тарты, олар Анкараны таңдады.
1920 жылы 28 қаңтарда Стамбулдағы парламент тәуелсіз-
дік декларациясын қабылдады. Онда: түрік территориясының
тұтастығы, шетелдік экономикалық және қаржылық бақылауын
жою т.б. қаралды, ал Антанта елдері бұған келісе алған жоқ.
Тҥркияны Антанта талаптарына кӛндіру шаралары. 1920 жылы 16 наурызда сұлтанның келісімімен Стамбулға ағыл-
шын десанттары түсірілді. Парламент таратылды, ал оның депу-
таттарын ағылшындар тұтқындап, сосын Мальта аралына жер
аударды, барлық түрік үкіметі ағылшын комиссарларына ба-
ғынды.
Осындай жағдайға байланысты 1920 жылы 23 сәуірде
Анкараға жаңа парламент шақырылды - Ұлы Түркияның Ұлт-
тық жиналысы (ҰТҰЖ). Оның құрамына Стамбулдан қашқан
105 адам және бұрынғы парламент мүшелері де кірді. Ұлы
Түркияның ұлттық жиналысының тӛрағасы М.Кемаль болды.
Сұлтан бұл Анкарадағы жаңа үкіметті бүлікшілер деп айыпта-
ды. Оған қарсы ӛз армиясын жіберді, бірақ олар партизандар
тарапынан жеңіліске ұшырады. Сонымен 1920 жылы маусымда
М.Кемальға қарсы Измирдан грек армиясы жылжи бастады.
Сӛйтіп,
грек-түрік соғысы осылай басталды. 1920 жылы 10 та-
мызда Париж бейбіт конференциясында әлемдік бейбіт келісім-
ге сай Түркия мәселесі де қаралды. Севр бейбіт келісіміне қол
қойылды. Онда: түріктердің иелігіне жатпайтын территорияның
барлығы Ұлттар Лигасы мандатына берілді (мандатты тек
Англия мен Франция алды). Түркия территориясы бӛлшектеніп
кетті. Шығыста Армения және Курдистан мемлекеттері құрыл-
ды. Шығыс Фракия мен Адрианополь Грецияға берілді. Ал
105
Түркияға тұтас Антанта елдері қаржылық бақылау орнатты.
Армия толық қарусызданды.
Мұндай талапқа байланысты елде наразылық күшейді.