90
Тағы бір басты мәселенің бірі князьдықтар қауымдастығы
болды: Маунтбеттен жоспары бойынша князьдар екі мемлекет-
тің қайсысына қосылуын ӛздері таңдауы керек болды.
1947 жылы 15 маусымда-ақ ҮҰК-нің шешім қабылдады.
Онда: а) князьдықтар ӛз алдына тәуелсіз бола алмайды; б) жергі-
лікті халықтың талабын орындап және демократиялық іс-шара-
ларды
сақтаулары керек; в) жан-жағын Үндістан территориясы
қоршаған князьдықтар Пәкістанға қосыла алмайды.
Тәуелсіздік жариялануға дейін-ақ кӛпшілік князьдықтар
(565-тің 555-і) Үндістан құрамына кіруге шешім қабылдады.
Олардың кейбіреуі штаттар құрамына кірді, ал кейбіреуі ерекше
одақтық территория құрды, ал тағы бірі федерация құрды.
1960-1970 жж. ішкі шиеленістің кҥшеюі.
Отарлық ке-
зеңде әлеуметтік шиеленістер
кейінге қалып отырған, ӛйткені
кӛпшілік халықтың алдына қойған мақсаты ұлттық тәуелсіздік
болатын. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң елде әртүрлі әлеу-
меттік-саяси күштердің күресі басталды. Ұлттық конгресте
Үнділіктер партиясы, Коммунистік партия, Социалистік партия,
Шаруа-жұмысшы
халық партиясы, т.б. радикалды қозғалыстар
мен топтардың оппозициясы байқалды. Осындай саяси шиеле-
ністе Джавахарлал Неру ӛте күшті беделге ие болды. 1964 жылы
Д.Неру
қайтыс
болған соң, ҮҰК-нің оңшылдары белсенді ішкі
саяси жұмыстар жүргізді.
1967 жылы сайлауда ҮҰК елдегі ең беделді партия болса
да парламент пен штаттардың Заң шығару жиналысында бірша-
ма орындарынан айырылды. Парламентте кӛпшілік орындар мен
мандатты оңшылдар партиясы мен коммунистер иемденді.
ҮҰК-нің жергілікті ұйымдарында ішкі саяси күрес басталды.
Конгрестің беделін кӛтеру үшін 1966 жылдан үкіметті басқарып
отырған Индира Ганди (Д.Нерудің қызы) жаңа реформалар
жүргізуді қолға алды.
И.Ганди 14 ірі банктерді мемлекет қарамағына ӛткізу ту-
ралы, сосын кӛтерме сауданы дамыту үшін заң қабылдады.
Осындай шаралардан кейін бүкіл елде банктердің еншілес бӛ-
лімшелері ашылып, депозиттер кӛбейді. Үкімет монополиялар-
дың қызметіне де шектеу қойды, кішігірім жер учаскелеріне са-
91
лық азайтылды. Мұндай шаралар ҮҰК-нің беделін кӛтерді және
1971 жылы сайлауда жеңіп шығуына әкелді. Сайлаудан кейін де
реформалар жалғаса берді. Бұл мемлекеттік сектордың
беделінің
түсуіне, бюрократияның күшеюіне алып келді. Оның үстіне
1971 жылы Пәкістанмен соғыс, Бангладештің құрылуы,
1972 жылдан 1975 жылға дейінгі қуаңшылық, Үндістанға мил-
лиондаған
босқындардың келуі, 1973-1974 жылдардағы мұнай
дағдарысы елдің саяси және экономикалық ӛміріне ӛте кері
әсерін тигізді.
1970 жылдардың ортасында саяси күрес ӛрши түсті. Оп-
позиция күштері мемлекетті тӛтенше шаралар қолдануға мәж-
бүрледі. Осындай жағдайда
консервативті саяси партия
«Джаната партия»
блогын құрып, олар 1977 жылы сайлауда
жеңіске жетті. Сонымен Ұлттық конгрес тәуелсіздік жылдарын-
да бірінші рет жеңіліс тапты.
Елде азық-түлік бағасы, салық пен инфляция ӛсті. Осы-
ның барлығы
Индира Гандиге
және
оның жақтастарына
1980 жылғы сайлауда жеңіске жетулеріне алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: