95
ӛлім жазасына дейін барды. Алайда, 1960 жылдың басында
М.Айюб-хан
ӛзін "президент" деп жариялаған соң,
жағдай жұм-
сара бастады. Біртінде, елдегі партиялық-саяси ӛмір қалпына
келтіріле бастады. Жаңа үкімет экономикалық жағдайды тұрақ-
тандыру үшін тез арада тӛтенше шаралар жүргізді, контрабанда
және алыпсатарлыққа қарсы күрес жүргізіп, оған мемлекеттік
бақылау орнатты.
Капиталистік даму тек ӛнеркәсіпке ғана емес ауыл шаруа-
шылығына да қатысты болды. Аграрлық реформа бойынша жер
иеленушілердің жері қысқарды. Сыртқы сауда жүйесі және ұлт-
тық ӛндіріс пен кіріс дамыды.
1960-шы жылдардағы Пәкістан.
1962 жылы 1
наурыз
күні Пәкістанда екінші рет Конституция қабылданды. Федера-
тивті құрылымды сақтау үшін билік түрі ӛзгертілді: "Пәкістан
президенттік республика" деп жарияланды.
Ұлттық жиналыс бір палаталы болып қала берді. Консти-
туцияға сәйкес 1962 жылы сәуірде парламентке (Ұлттық жина-
лыс), ал мамыр айында провинциялық Заңшығару жиналысына
сайлау болды. Ұлттық жиналыстың бірінші мәжілісінде әскери
жағдайды және саяси партиялардың қызметін жою туралы
жариялады.
М.Айюб-хан
1963 жылдан
бастап Мұсылман Лигасы пар-
тиясын ӛзі басқарды. Одан оппозициялық Мұсылман Лигасы құ-
рылып, оны бастапқы кезде
Қожа Назимуддин
және
Сардар
Бахадур-хан
басқарып, кейін
М.М.Дулатан
және
А.Кайюм-хан
ауыстырды.
1964 жылдың соңында 1965 жылдың
басында бес ірі оппо-
зициялық партияның блогы құрылды (ПХП, Авама лиг, Оппози-
циялық Мұсылман Лигасы, Джамаат-и ислам және Низам-и ис-
лам). Олардың мақсаты алдағы сайлауда М.Айюб-хан үкіметі-
не соққы беру болды.
Діни қауымдық партия конституцияға біршама ислам қа-
ғидаларын енгізу туралы ұсыныс жасады. Ол да енгізілді:
«Пәкістан Республикасы»
енді
«Пәкістан Ислам Республика-
сы»
деп аталатын болды. Алдағы президенттік сайлауға оппози-
96
циялық партияның кандидаты Фатима Джинна болды
(Мұхаммед Әли Джиннаның қарындасы).
1965 жылы 2 қаңтарда елде президенттік сайлау болды.
М.Айюб-хан тағы да президент болды, ал наурыз сосын мамыр
айларында сайлаушылар коллегиясы провинциялардағы Ұлттық
жиналыс пен Заңшығарушы жиналыс мүшелерін тағайындады.
Барлық
заң шығарушы органдарда, орталық және екі провин-
циялық үкіметте Мұсылман Лигасы билеушілері кӛпшілік орын-
ға ие болды.
Мемлекеттік биліктің әміршілдік ӛктемдігі елді демокра-
тияландыру, президенттік сайлау түрін парламенттік басқару-
мен ауыстыруға, жалпыға бірдей сайлау, әкімшілік-саяси жүйені
ӛзгерту және оны ұлттық-лингвистикалық
негізбен ауыстыру
үшін күреске шақырды.
Шығыс Пәкістанда ұлттық шиеленіс болып, нәтижесінде
Шығыс Пәкістанға аймақты ӛзін-ӛзі басқару құқығы берілді.
1967 жылы елде Пәкістан Халық партиясы (ПХП) құрылып, оны
Зүлфиһар Әли Бхутто
басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: