118
ішінде 1934 жылы Тегеранда университет ашылды, сонымен
бірге ауыл шаруашылығы және педагогикалық институт ашыл-
ды. Жүздеген ирандық студенттер жыл сайын шетелдегі әлемнің
танымал университеттерінен білім алуға аттанды.
Реза-шах ирандық патриотизмді насихаттауға да үлкен
мән берді. Әрбір реформада ол осыны баса кӛрсетуге кӛңіл бӛл-
ді. Осы рухта ұлттық саясатты да кӛтерді. (Иранда әртүрлі ха-
лықтар тұрады, ал ирандықтар соның жартысын ғана құрайды).
Елде «ирандану» пайда болды, иран ұлтының бірлігін насихат-
тады.
Реза-шах иран зайырлы тобында сирек кездесетін қасиеті-
мен ерекшеленді: жинақылық, талапкерлік, жоғары еңбек қабі-
леттілігі осының барлығы халықты таңдандырып отырды. Сол
үшін оған қарсы шығушылар болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: