А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет76/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Иранның сыртқы саясаты. 
Реза-шах
сыртқы саясатта 
Батыс және КСРО арасындағы мүддені бірдей пайдаланып 
отырды. Әрине, ол КСРО-мен жақсы қатынасты сақтады, яғни 
кеңестік экономикалық және дипломатиялық қолдауды пайда-
ланды. Батыс елдерімен де осындай байланыста болды. 
КСРО-мен қарым-қатынас 1937 жылы Иран Саодабад пак-
тісіне қол қойғаннан кейін нашарлап кетті (Түркия, Ирак, 
Ауғанстан елдері қатысты). 1938 жылы Иран КСРО-мен сауда 
жӛнінде жаңа келісімге қол қоюдан бас тартады.
Осы жылы Англияның күштеуімен Иран Шатт-эль-Араб 
ӛзенінің ауданында шекаралық жерлерге байланысты Иракпен 
келісімге қол қояды, ол бойынша екі жағалау да Иракка бері-
леді, яғни халықаралық талапқа сай емес мұндай келісімнің аяғы 
иран-ирак соғысына алып келді. 
Ирандағы КСРО-ның сауда орнын енді Германия иемден-
ді. 1939 жылдың ӛзінде Иранның сыртқы саудасында оның үлесі 
41 пайызды құрады, ал 1940 жылы 45% ӛсті. Иранда ӛте кӛп 
герман импорты мен әскери және саяси кеңесшілері келіп 
жатты. 
КСРО Екінші дүниежүзілік соғысқа тартылған кезде 
Иранға кеңес және ағылшын әскерлері кіргізілді - бұл 1941 жы-
лы 25 тамызда болды. 1941 жылы 27 тамызда Иранда жаңа үкі-
мет құрылды. Германияның барлық миссиясы елден қуылды. 
Реза-шахтың сыртқы саяси жоспары жойылды. 1941 жылы 16 
қыркүйекте тақтан кетіп, орнын кәмілетке толмаған жас баласы 
Мұхаммед Реза Пехлевиге қалдырды. 
1942 жылы қаңтарда 
Мұхаммед Реза Пехлеви
КСРО және 
Англиямен жаңа келісімге қол қойды. Оның территориясының 
барлығын соғыс уақытына байланысты КСРО мен Англия ием-
деніп, КСРО-ны Батыс одақтастарымен жалғастыратын байла-
ныс жолдары салынды (телефон, телеграф т.б.). Осы келісім бо-
йынша соғыс аяқталған соң 6 айдан кейін шетелдік әскерлер 
Иран жерінен кетеді деп кӛрсетілді. 
Иранды оккупациялау орталық биліктің тез әлсіреуіне 
әкеп соқты. Ал одақтастар тек әскери жабдықтау жолдарына ға-
на бақылау орнатқан болатын.


121 
Ұлттық аудандарда сеператистік «үкіметтер» пайда бол-
ды, радикалды топтар ӛсе бастады. Соның ішінде кеңестік окку-
пациялық зонада 1941 жылы қазанда Туде партиясы (коммунис-
тер) құрылды. 
1943 жылы Тегеран конференциясы алдында одақтастар 
Ирандағы қысымын күшейте түсті. Елді Германия тыңшылары-
нан тазалау басталды, ал 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран анти-
фашистік коалиция жағында соғысатыны туралы жариялады.
Елге АҚШ әскері де енгізіле бастады. Соғыс жылдары 
шейт дінбасыларының консервативтік ұйымы да күшейе түсті. 
Олар барлық реформаға қарсы шықты, еуропалық үлгіге қарсы 
болды. Олар ислам нормаларын қайта қалпына келтірді.
1944 жылы мәжіліс депутаттарының кӛпшілігі осылар болды.
Осы жылдары Реза-шахтың барлық қайта құруларының 
күлі кӛкке ұшты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет