А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет72/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Тҥркияның сыртқы саясаты.
Сыртқы саясатта Түркия-
мен қарым-қатынас нашарлады, алайда екі мемлекет те НАТО 
құрамына кіргеннен кейін жағдайды ӛршіте алмады. 
1960 жылы Кипр тәуелсіз болып жарияланды. Бірақ мұн-
дағы түріктер мен гректердің қақтығысы ұзақ жылдарға дейін 
тоқтаған жоқ. Оны 1988 жылы Тұрғыт Озал Афинаға барып 
шешті. 
1989 жылы КСРО-ның ыдырауы Түркияның сыртқы саяси 
байланысын күшейте түсті. Орта Азияда тәуелсіз мемлекеттер: 
Қазақстан, Ӛзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан пайда 
болып, Т.Озал осы мемлекеттердің барлығына ресми сапармен 
барды, ал олардың басшылары Түркияға барып байланыс орнат-


114 
ты. Сонымен бірге Түркия Қара теңізі жағалауы елдерімен және 
Иран, Пәкістанмен де дипломатиялық байланыс орнатты.
2003 жылы Түркияның жаңа парламенті американдықтар-
ға ӛз территориясындағы әскери базаны пайдалануға беруден 
бас тартты. Бұл Ирактағы дағдарысқа байланысты пайда болған 
еді. Алайда бұл ӛз кезегінде Түркияның Еуропалық Одаққа мү-
ше болып кіру туралы келіссӛздеріне кедергі болуы әбден мүм-
кін. 
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Түркияда әскери үкімет қашан құрылды? 
2.
Қай мемлекет Мұстафа Кемальдың мемлекетін бірінші 
болып мойындады? 
3.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия қай мем-
лекетке жақындайды? 
4.
М.Кемаль Ататүріктің ең бірінші жүргізген реформасы 
қай саланы қамтыды? 
5.
1983 ж. қарашада Тургут Озалдың «Азаматтық үкіме-
ті» қандай саясат жүргізді? 
6.
Түркия экономикасының дамуына не әсер етті? 
 
 
§ 14. Иран 
 
Иран ӛте ӛркениетті ел. Олар мұнда ҮІІ ғасырда арабтар 
жаулап алғанға дейін ӛмір сүрді. 
Иранда исламның шейттік тармағы енгізілді. Бұл ағымды 
таратушы Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы - имам Әли 
болды. Сол кезден бастап Иран әлемдегі шейттердің орталығы-
на айналды. Шейттер әлемдегі мұсылмандардың 1/10 пайызын 
құрайды. Ерекшелігі 12-ші имам жерге түседі деп сенеді. Ең 
бастысы шейттер зайырлы билікті мойындамайды. Олар заңды 
билік пайғамбардың тікелей ұрпағы деп мойындап, сол үшін 
Иранда шейттік дін бұрыннан-ақ шах билігін заңдастырды. 
Иранда орталық билік әрқашан да әлсіз болды. 


115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет