119
Экономикалық саясатты жүргізу нәтижесінен ұлттық еге-
мендікті бекіте түсті, шетелдік капиталдан тәуелсіз болды.
1928 жылы-ақ
Иранның ұлттық банкі құрылды, оған біртіндеп
Ағышын банкінің ӛкілеттілігі беріле бастады.
Үкімет ӛнеркәсіп саласын дамытуды қолға алды.
1930 жылдан бастап машина мен құрал жабдықты лицензиясыз
кіргізе бастады, импорт пен кедендік баж салығына жеңілдік бе-
рілді, яғни егер ол ӛнеркісіпті дамытуға жұмсалатын болса. Қай-
та құрылып жатқан ӛнеркәсіп орындары 5 жылға дейін әртүрлі
салықтан босатылды.
Химия, целинит, қант шығару секілді ірі ӛнеркәсіптердің
құрылыстары салынды. Тау-кен, жеңіл ӛнеркәсіп саласы дамы-
ды, әскери техника ӛндірісі ӛсіп, ауыл шаруашылық шикізатын
ӛңдеу ӛсті. Иранның барлық ӛнеркәсібіне
мемлекеттік қордан
инвестиция бӛлінді.
Ағылшын ықпалын жою үшін Реза-шах Германияның эко-
номикалық кӛмегін қабылдады. Елге кӛптеген неміс техникалық
мамандары шақырылды, немістің құрал-жабдықтары тасымал-
данды. 1931 жылы Иранда сыртқы сауданы дамыту үшін мемле-
кеттік
монополия құрылды, ол арқылы импортты қысқартып,
кез келген жолмен экспортты дамыту қолға алынды. Тіпті ағыл-
шын-иран мұнай компаниясы арасындағы келісімді қайта қарау
қолға алынды.
Ондағы келісімде Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ,
60 жыл мерзімге ағылшындар иемденіп алған болатын. Келісім
бойынша Иран үкіметі кірістің белгілі мӛлшерін ғана
иемденіп
отырды. Бұл Иран үшін тиімсіз болды. 1932 жылы Иран келі-
сімді жойып, Англиямен қайта келіссӛз бастады, ол жаңа келісім
жасаумен аяқталды.
Жаңа концессия тағы да 60
жыл мерзімге жасалды
(1933 ж. басталды), бірақ пайдалану ауданы және оның ауқымы
қысқартылды. Мұнда табыс кӛлемі Иран пайдасына шешілді.
Ирандағы ағылшындардың экономикалық жеңілдіктері
кӛп қысқарды. Ал Иранның шетелдіктерге тәуелділігі біршама
азайды.