«Бор экан, йуқ экан, оч экан, туқ экан, бури баковул экан, тулки ясовул экан, қирғовул қизил экан, думлари узун экан, тошдан тошга сакраган экан, оеклари синған экан. Аввал замонда бир подшонинг уч вазири булган экан» [5]. Татар ертегісіндегі кіріспе мен бастаманың қатар келген түрі:
«Борын-борын заманда, борыны китек команда, саесқан сотник, үрдәк урядник, песнәк писер булып йөргән заманда эт дисәтниккә, менде ди, шул заманда начальство күбәеп китте, ди. Бар иде, ди, бер кеше, чыгып китте, ди, ул ике суқмақ, бер юл белән. Көкре китте, жантық китте, ди, чалыш китте, кыек китте, бара-бара барып житте, ди, бу ике куак бер талға.
107
Берне кисте кәкрене, берне кисте бөкрене, яне китте, ди, ике сукмак бер юл белән; барып житте, ди, бу бер күлгә, утырып торадыр иде, ди, анда ике чурәки, бер үрдәк. Көкре атты – тияр-тимәс булды, бәкре атты – тиде, ди. Урдәкне суйды, пот май чыкты, ди. Шул заманда булған икән, ди, бер патша» [6]. Төрт түркі тектес халықтардың ертегісіне тән кіріспе мен бастама басқа
түркі тектес көшпелі халықтар ертегісінде дәл осылай қатар келе бермейді.
Онда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен, сондықтан ертегі дереу кейіпкермен
таныстыруды мақсат тұтады. Соның нәтижесінде ертегіде ұзын сонар
кіріспенің орнына кеңейтілген бастама айтылады. Бұл қарақалпақ, түрікпен,
қырғыз, башқұрт, қазақ ертегілеріне тән. Бірнеше мысал келтірейік.
Түрікпен ертегісінің бастамасы:
«Бир бар экен, бир ёк экен, патышахы дегремен, бәш дийсе, бәш галада, он дийсе, он галада, газакда, галпакда, екдуки генжи Гарабагда, Асма, Бусма, сурхы непедов, ажыңа ажы, эрезең-березең, гарынча депди, дүйәнин гози чыкды. Астрабадың дағы, ичинде чар бағы, гарынча, билинде сапанча, бир эли эер гашында, бир эли уян башында, гадым эйямда Чандыбил юрдунда бир Догулы диен молла барды. Бу молланың хүй-хәсиети или алдап, пул алмакды» [7] .
Міне, мұнда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен. Ертек оқиғасына қатысы
жоқ жәйттер айтылып келеді де, дереу кейіпкердің есімі, оның кім екені
хабарланады, тіпті бірден оған мінездеме де беріледі. Мұндай жағдайды тағы
басқа түркілер ертегісінен анықтап көрейік.
Қарақалпақ ертегісінен:
«Ертегим ертек, қулағы шертек, бири рас болса, бири өтирик, әйтеуир бурында бир ғарры, кемпир жасапты. Ортасында бир баласы болыпты» [8]. Тағы бір түрі:
«Бұрынғы өткен заманда, дин мусылман аманда, бөденениң аяғын аннан-саннан бир басып, жорғалаған уақытында Шахаббаз деген патша өтипти. Шахаббаз патшаның 40 қатыны болыпты» [9]. Қырғыз ертегісінің бастамасы:
«Илгери-илгери Кебез-Тоонун кең жайлоосунда ажыдаар менен арбашкан, желмогуз менен кармашкан, ааламдын жүзүн кыдырган Тоштук деген баатыр болгон экен. Ал сакалы агарып карыганча балалуу болбоптур» [10]. Башқұрт халқының ертегісіндегі бастама:
«Борон-борон заманда түбәһенә қараһақ, түбәтәйең төшәрлек бейек, кеше үткеһез шыр урманлы тау итәгендәге бер ауылда бер қарт һунарсы булған ти. Уның Түземғол исемле бер генә улы ла булған» [11]. Тағы бір түрі:
«Борон-борон заманда көзә балкауник, һарык әфсәр булған заманда йәшәгән, ти, бер әбей менен бабай. Уларзың булған, ти, дурт қызы» [12]. Қазақ ертегілерінде де мұндай кеңейтілген бастама кездеседі, алайда, сан
жағынан көп емес. Ғылыми-көпшілік түрде шыққан үш томға [13] енген
ертегілерден мысал келтірейік:
108
1. «Ертеде, ерте-ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты» [14]. 2. «Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болғн екен, бір перзентке зар болған екен» [15]. 3. «Ертегім ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, ерте заманда бір аңшы болған екен» [16]. 4. «Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байға жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнда еліне қашып кетеді...» [17]. 5. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында, әлемді таң еткен Келтен деген бір сараң бай болыпты» [18]. 6. «Ерте, ерте, ертеде Құбахан деген хан екен. Малының саны жоқ екен. Хандығының көлемі жеті айшылық жол екен. Құбахан жалғыз ұл көреді, ұлының атын Тотан қояды» [19]. Келтірілген мысалдар жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдеп тұр:
бақташылықпен күнелткен көшпелі түркі халықтарының ертегісінде
өлеңдетіп, тақпақтатып айтылатын арнайы кіріспе жоқ. Оның есесіне
кеңейтілген бастама бар. Онда ертегі оқиғасын баяғыда өткен деп, шындық
өмірден бөліп алумен бірге кейіпкер туралы бірден мәлімет беріледі, оның
мекен-тұрағы, хал-жағдайы әңгімеленеді. Ал, орыс, түрік, әзірбайжан, өзбек
халықтарының ертегісінде арнайы түрде айтылатын кіріспеден кейін
кейіпкердің қайда тұратыны, кім екені хабарланады, яғни кіріспе (присказка,
текерлеме) мен бастама (зачин) қатар берілгенімен қосылып кетпейді.
Кіріспенің мақсаты – ертектің өтірік екенін айту және тыңдаушыны сондай
көңіл-күйге түсіру. Сондықтан да ол ойнақы, мазмұны күлкілі, тақпақ
формасында болады.
Енді мынадай бір заңды сұрақ туады. Не себепті тегі бір түркі
халықтарының ертегісі екі түрлі басталады? Бұған, біздің ойымызша,
бірнеше себеп бар. Ең бастысы – ертегісін талдап отырған түркі
халықтарының өткен тарихи-қоғамдық, мәдени-көркем жолдарының әр басқа
болуы. Әзірбайжан, өзбек, түрік, татар халықтары баяғыдан бері
отырықшылықта өмір сүріп келеді. ХХ ғасырға дейін олар феодализм
қоғамында болды, ерте кезден-ақ орталықты мемлекет құрды, қала салып,
сауда-саттық дамытты. Көрші елдермен, әсіресе, Шығыс халықтарымен
тығыз байланыста болды, олардың әдебиеті мен мәдениетінен сусындап,
өздерінің көркем өнерін өсірді. Араб, парсы тілдеріндегі классикалық
поэзияны жете меңгерді. Міне, осының бәрі фольклорға, оның ішінде
ертегіге де әсерін тигізді. Сондықтан да әзірбайжан, өзбек, татар, түрік
ертектерінде шығыс әдебиеті мен фольклорының поэтикасы молырақ
сезіледі, тілі өте құлпырмалы болады, сюжеттері – көп оқиғалы, хикаялы
болып келеді. Оның үстіне бұл халықтарда, әсіресе, әзірбайжан мен
түріктерде ертегі айтып тамағын асыраған кәсіпқой ертекшілер де болғанға
ұқсайды. Оған олардың ертегісінде кездесетін соңғы формулалар дәлел.
Онда ертекші «көктен үш алма түсті, бірі – маған, бірі – ертек айтқанға,
109
үшіншісі де – маған», – деп ертегі айтақаны үшін үш алманы бірдей өзіне
бұйырады, яғн ақы сұраған түрі:
«Jедиләр, ичдиләр, мәтләбләринә jетишдиләр. Көjдән үч алма дүшдү, бири мәним, бири нағыл деjәнин, бири дә өзумун. Сән сағ, мән саламат. Сән jүз jаша, мән ики әлли, һансы чохду, ону сән көтур» [20]. Ал, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, башқұрт сияқты бақташы-
көшпелі түркілер ХХ ғасырдың басына дейін феодалдық қоғамда өмір
сүргенімен, оларда рулық қауымның қалдықтары көп болды. Әрине, бұл
жалпы мәдениетке де, фольклорда да көрініс тапты.
Бұл халықтар да Шығыс және Россия елдерімен араласты, олардың
мәдениетімен байланыс жасады. Алайда, тарихи-қоғамдық дамуының
ерекшелігіне байланысты олардың фольклорлық дәстүрінде шығыс әдебиеті
мен фольклорының
әсерінен гөрі өзіндік белгілер басым болды. Басқа
сөзбен айтқанда, патриархалды-феодалдық қоғамда өмір сүрген бақташы-
көшпелі түркілердің ертегі поэтикасында көнелік сипат (синкретизм) пен
эпосқа еліктеушілік бар және кәсіпқой ертекші стилінің жоқтығы байқалады.
Бақташылық тұрмыста