Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ МӘТІНІ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет69/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
Байланысты:
фольклор

ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ МӘТІНІ ТУРАЛЫ 
 
Қазақ халқының рухани дүниесінде ғана емес, бүкіл өмірінде, 
тіршілігінде ерекше орын алатын өнер – өлең мен ән. Ұлы Абайдың мына екі 
сөзін еске алайықшы: 
Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, 
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең! [1] 
Немесе: 
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар. 
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап, 
Жас балаша көңілді жақсы уатар [2]. 
Қазақта өлең де көп, ән де мол. Біздің бүгінгі рухани мұрамыздың үлкен 
бір саласын өлең мен ән құрайды. Әсіресе, халық өлеңдері мен халық 
композиторларының әндері – жай ғана мұра емес, қазіргі мәдениетіміздің 
таусылмас бұлағы, ажырамас бөлігі. Кеңес өкіметі кезінің өзінде-ақ өлеңдер 
жиналып, әндер нотаға түсіріліп, кітап болып жарыққа шығып жатты. 
Онымен ғана қоймай, әндеріміз ұлттық классикалық операларымыздың 
сәнін келтіріп, жұртшылыққа ұнап, өнеріміздің дамуына игі әсер еткенін де 
білеміз. Атақты әншілерміз бен жай орындаушыларымыз да үлкен 
концерттер мен сауық-думандарда өз репертуарына халық әндерін міндетті 
түрде енгізіп жүрді, радио мен теледидар арқылы олардың кең жайылуына 
ықпал етті. Әндеріміз бен күйлеріміз, өлеңдеріміз ғылыми зерттеулердің 
нысанасына да айналды. Дегенмен... Дегенмен, Кеңес заманында бұл істің 
бәрі қатаң идеологиялық қыспақ пен қырағы цензураның қатал бақылауында 
болды, ал әндеріміз бен өлеңдеріміз таптық-партиялық тұрғыдан бағаланып, 
«халықтық» және «халыққа жат» деп екі жікке бөлінді де, мұрамыздың біраз 
бөлігі «жабулы» жатты. 
Тәуелсіздік алдық. Енді тарихымыз бен мәдени мұрамызды толық 
түрінде жариялауға, орындауға, еш алаңсыз зерттеуге мүмкіндік туды. 
Бүгінгі біздің рухани өмірімізде екі түрлі, бір-біріне қарсы процесс жүріп 
жатыр. Бірі – азаттықтың арқасында еліміздің өткенін зерделеп
тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі «ақтаңдақтарды» айқындап, 
зерттеу ісінің жандануы. Соның нәтижесінде Алаш арыстарының өздері мен 
шығармашылығы ақталып, том-том кітап жарыққа шықты, олар туралы 
ғылыми еңбектер жазылды. Сондай-ақ, Кеңес тұсында тиым салынған 
көптеген дүниелер өз оқырманына жетті. Дәл бүгінгі таңда «Мәдени мұра» 
атты Мемлекеттік бағдарламаның орындалып жатуы – халқымыздың бар 


118 
байлығын, құндылықтарын білуге, әлемге танытуға деген зор құлшыныс 
орасан талпыныс белгісі болып отыр. 
Қазіргі жүріп жатқан екінші процесс – жаһандану. Жаһанданудың 
илеуіне түспес үшін біз осы бастан өзіміздің рухани мұрамызды, ұлттық ән 
мен өлеңімізді дұрыс сақтай білуіміз керек. Алайда, құр сақтау жеткіліксіз. 
Мұраны қатып қалған мүсін ретінде сақтау дұрыс емес әрі мүмкін де емес. 
Сол мұраның ұлттық сипатын сақтай отырып, осы күнгі үрдіске, талапқа, 
талғамға сәйкес пайдалана білу қажет. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалана 
отырып, сол мұраға соны нәшіндер мен нақыштар дарыта білу шарт. Сонда 
ғана біздің ежелгі ән-күйіміз, өлең-жырымыз жойылып кетпейді, өзінің 
өзегін сақтай отырып, жаңаша естілетін болады. Қазіргі кезде талапты да 
талантты жастарымыз бұл салада өз шама-шарқынша жұмыс атқаруда. Олар 
ескі ән мен күйді жаңа аранжировкаға түсіруде, домбыра мен қобызға басқа 
аспаптарды қосу арқылы әндерді, күйлерді жаңаша орындап, оларға жаңа 
сарын беруде. Бұл істе ұтымды да, ұтымсыз да тәжірибе бар. Әсіресе, 
бұрынғы әндердің тексін бұзып, сөздерін өзгертіп орындау концертте де, 
радио мен теледидар бағдарламаларында да, шығып жатқан кітаптарда да жиі 
кездеседі. 
Шынын айту керек, бұл олқылықтардың түрі бірнеше және олар әртүрлі 
себепке байланысты. Олардың біразы Кеңес өкіметі тұсындағы таптық-
партиялық 
идеологияның 
салдарынан 
болса, 
енді 
біреулері 
орындаушылардың халық әнінің сөзіне мән бермегендіктен, немесе сөзін 
білмегендіктен болса, үшіншілері – орындаушылардың ән сөздерін өз аулына
қарай бұра айтуынан. Тағы бір тенденция – ескі халық әндерін ешқандай 
негізсіз бір авторға тели салу, сондай-ақ текске кірме сөздерді орынсыз енгізу 
т.б. Міне, осыларды ғылыми тұрғыдан қарап, ақиқатты анықтау және 
жұртшылыққа әннің әуенін ғана емес, мәтінін дұрыс жеткізу – рухани 
мұрамызды бүгінгі және келешек өмірге қажетті дүние етудің – басты шарты 
деп ойлаймыз. Осы айтқан ойларымызға нақты мысалдар келтірейік. 
Кеңес өкіметі мен компартияның саясатына лайықтап, ежелгі әндердің
сөзін өзгерту 1930-50 жылдары жүзеге асты. Соның салдарынан бұрмаланған
сөздер әлі күнге дейін солай айтылып жүр. Осыдан бір-екі ай бұрын 
радиодан белгілі әншіміз Бекболат Тілеухановтың орындауында әдемі ән 
берілді. Диктор – Біржанның әні «Сырғақты» деді. Бекболат бастап кетті: 
Ақ тұйғын құс қолымда ырғақты ма
Басып-басып алайын сырғақтыма... 
Қараңызшы: «Ақ тұйғын құс қолымда ырғақты ма, Басып-басып алайын 
сырғақтыма», – дейді. Сонда тұйғын құс «ырғақты» болады да, ән 
«сырғақты» болады. Ешбір логика жоқ. 
Бұл жерде Бекболаттың да, радио дикторының да кінасы жоқ. Әнді 
бұрынғы майталман әншілеріміз Жүсіпбек те, Жәнібек те осылай айтатын. 
Кезінде марқұм Жәнібекке сөздің қате айтылып жүргенін айтқанмын. Ол 
уәжге тоқтаған еді. Және өзі дайындап, жариялаған «Халық әндері мен халық 


119 
композиторларының әндері» атты жинағында әннің мәтінін дұрыстапты да, 
атауын сол күйінде қалдырыпты [3]. Ал, әннің дұрыс атауы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет