құнсыздану мөлшерін, еңбек шығындарын
және кәсіпорынның басқа да
ақшалай шығынтарын айқындайтын өндіріс құнын бағалауға мүмкіндік
береді. Өнеркәсіпте экономикалық элементтер бойынша шығынтарды
келесідей топтайды:
-шикізат пен
негізгі материалдар;
- қосалқы материалдар;
- отын ( сырттан);
- энергия ( сырттан);
- негізгі құралдардың амортизациясы;
- еңбекақы;
- әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары;
- элементтерге бөлінбеген өзге де шығындар.
Кәсіпорында экономикалық элементтер бойынша шығындарды есептеу
негізінде өндірістік шығындар сметасы құрылады.
Жеке экономикалық элементтердің құнының
жалпы құнына қатынасы
өндірістің өзіндік құнының құрылымын анықтайды. Әр түрлі салаларда
өндіріс
шығындарының құрылымы өзгереді, бұл әр саланың нақты
жағдайларына байланысты.Экономикалық
элементтер бойынша
шығындарды топтастыру кәсіпорынның материалдық және ақшалай
шығындарын оларды белгілі бір өнім түрлеріне және басқа да экономикалық
қажеттіліктерге бөлместен көрсетеді. Экономикалық
элементтерге сәйкес,
әдетте, өндірістің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес.
Өнеркәсіпте негізгі шығындар элементтерінің келесідей калькуляциялық
баптар номенклатурасы қолданылады:
Кесте 1. Калькуляциялық баптар номенклатурасы
№
Калькуляциялық баптардың атауы
1.
шикізат және
негізгі материалдар
2.
жартылай фабрикаттар
3.
басқа мекеме орындаған өндірістік
сипаттағы қызметтер
4.
технологиялық қажеттіліктерге арналған отын және энергия
Достарыңызбен бөлісу: