Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

ӘЛТЕК-ТӘЛТЕК  е  л  і  к.  Аяғын  қалт-құлт,  әрең-әрең  басқан  қимылды 
білдіретін сөз.
Аяғын  әлтек-тәлтек  басты.  Қалт-құлт,  әрең-әрең  қозғалды.  Айлы  түнде 
иесіз құмның арасында зор денелі адам жүр сенделіп, Құлдырап шұқырға түсіп 
аяғын әлтек-тәлтек басып қайта шығады (Т.Ахтанов, Дала сыры). 
ӘНТІРЕК-ТӘНТІРЕК  е  л  і  к.  Қалтаң-құлтаң,  тәлтірек-тәлтірек. 
Әнтірек-тәнтірек, әлжуаз сөйлеммен образ жасау, картина беру әсте мүмкін 
емес (Р.Нұрғалиев, Күретамыр).
Әнтірек-тәнтірек басты. Қалт-құлт етіп, әрең жүрді. Бір оңтайда поляк 
балуаны Махмұтты бөренедей қолымен маңдайдан бір періп қалғанда Махмұт 
түсіп қалмаса да әнтірек-тәнтірек басты (І.Жансүгіров, Шығ.). 
ӘҢК е л і к. Кенеттен қысқа шыққан жағымсыз дауысты бейнелейтін сөз.
Әңк етті. Кенеттен жағымсыз дауыс шығарды. »Әңк еткен даусы естілді
ӘҢК-ӘҢК... е л і к. Саңқ-саңқ етіп, екпіндей шыққан дауысты бейнелейтін 
сөз.
Әңк-әңк  етті.  Әкіреңдеді,  саңқ-саңқ  етті,  дауыс  көтерді.  Анау  тоқтар 
емес. – Маған ханша керек! – деп әңк-әңк етеді (О.Сәрсенбаев, Сағым). 
ӘУП2 е л і к. Кенеттен үрген иттің дауысын және соған ұқсас дыбыстарды 
бейнелейтін сөз. Жер аппақ, аспан жалтыр, аяз сықырлата қысып жел қарып, 
жалап тұр. Бір жақтан пүшық гаубица әуп ете түседі (Б.Момышұлы, Майдан). 
ӘУП-ӘУП е л і к. Әупілдеген дыбыс. Үрген иттің даусын құз-жартастар 
сол қалпында қайталап, “әуп-әуп” деген үн көпке дейін аспанға ілініп тұрып 
қалады (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).
Әуп-әуп етті. Әлсін-әлсін үрді, әупілдеді. Есік алдындағы тамаққа тойған 
Сырттан әуп-әуп етіп, оқтын-оқтын самарқау үріп қояды (Д.Исабеков, Қара 
шаңырақ). 
- Б -
БАҒЖАҢ е л і к. Кенет шошынғаннан, ашуланғаннан алақ ете қараған 
қимылды бейнелейтін сөз.
Бағжаң етті. Көзі алақ ете түсті, шошына жалт қарады. Майдан көзін 
бағжаң еткізіп бұға берді, сірә, қамшы қатты тиіп кетсе керек (“Лен. жас”). 
Сөзім батып кетті ме, білмедім, ол маған жақтырмаған кейіппен бағжаң ете 
қарады (“Лен. жас”). Бір кезде сықсық көзі бағжаң ете қалды (О.Бөкеев, Ардақ). 
БАҒЖАҢ-БАҒЖАҢ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  алақ-жұлақ  етіп  қараған 
қимылды бейнелейтін сөз.
Бағжаң-бағжаң  етті  [қарады].  Көзін  бағжаңдатты,  алақ-жұлақ  етіп 
жаутаңдады.  Қалғып  кеткен  адамдар  ащы  дауыстан  көздерін  бағжаң-

183
бағжаң еткізіп ашып алады (Ш.Мұртазаев, Табыл. теңіз). Алты-жеті айлық 
сәби Тұрдыбек не боп қалғанын біле алмай, мына шу-шұрқанға бағжаң-бағжаң 
қарайды (Б.Соқпақбаев, Балалық.). 
БАҒЖЫРАҢ е л і к. с ө й л. Бағжаң. Мотробай кішірек көздері бағжыраң 
етіп, бұған тесірейе қалды (С.Мұратбеков, Көкорай). 
БАЖ е л і к. Ауырсығаннан, шошынғаннан кенет шыққан қатты дауысты 
бейнелейтін сөз.
Баж  етті.  Кенеттен  қатты  дауыс  шығарды,  бақырып  жіберді.  Аяжан 
жаман  састы.  Баж  еткен  дауысының  қалай  шығып  кеткенін  өзі  білмеді 
(Б.Соқпақбаев, Аяжан). Тыным таппай жүрген сарала мысықтың аяғын Айтбай 
басып кетіп, баж еткізді (Т.Дәуренбеков, Бір түйме). 
БАЖАЛАҚ е л і к. Дегбірсізденген, мазасызданған қимылды бейнелейтін 
сөз.
Бажалақ  қақты.  Өзін  ұстай  алмады,  дегбірсізденді.  Бір  нәрсені  бүлдіріп 
алғандай бажалақ қағуын-ай! (Ауызекі). 
БАЖАЛАҢ е л і к. Бажалақ.
Бажалаң  қақты.  с  ө  й  л.  Бажалақ  қақты.  Жұрттың  көзінше  бажалаң 
қақпай, өзіңді ұстай біл (Ауызекі). 
БАЖАҢ е л і к. Күйгелектеніп, мазасызданған қимылды бейнелейтін сөз.
Бажаң  қақты.  Күйіп  пісті,  бажылдады.  Қазір  ақшасын  төлеп,  чекті  өз 
қолыңа бердім ғой, тал түсте талаймысың? – деп Шалғымбай бажаң қақты 
(І.Жансүгіров, Шығ.).
БАЖАҢ-БҰЖАҢ  е  л  і  к.  жағымсыз.  Баж-бұж  еткен  ащы  дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Бажаң-бұжаң етті. Бажылдады, баж-бұж етті. Ауыл ортасынан бажаң-
бұжаң еткен дауыс та шығып қалды (І.Жансүгіров, Шығ.). БАЖ-БАЖ е л і к. 
Бажылдаған, баж-бұж еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Баж-баж  етті.  а)  Бажалақ  қағып  ұрысты.  Баж-баж  еткен  шаңқылдақ 
дауысқа қымызы толы қара сабадан басқаның бәрі жаңғырады (Ғ.Мүсірепов, 
Шығ.).  Майбике  жеңгей  бетін  шымшып,  Баж-баж  етіп,  жөнелді  ұрсып 
(Ш.Смаханұлы,  Тотияйын).  ә)  Қатты  дауыстау,  шарылдау.  Ол  қамшы  тіліп 
түскен  жонын  қайда  қоярын  білмей  баж-баж  етіп,  әркімнің  етегіне  бір 
жармасты (Ә.Әбішев, Найзағай). 
БАЖБАЛАҢ  е  л  і  к.  Бажылдап  ұрысқан,  баж-баж  еткен  дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Бажбалаң  қақты.  Бажалақ  қақты,  бажылдап  ұрысты.  Үйдегі  кемпірдің 
бажбалаң қаққанына ренжіме, біржолға кешіре сал (Ауызекі). 
БАЖ-БҰЖ е л і к. Бажылдаған, баж-бұж еткен дыбысты бейнелейтін 
сөз.  Қарауыл  әйелдің  баж-бұж  айғайынан  қызыл  өгіз  де  қозғала  бастады 
(Т.Тобағабылов, Тағдыр).

184
Баж-бұж етті. Шаң-шұң шығарды, қатты-қатты сөйледі. Кабинетке баж-
бұж етіп бір қартаң әйел кіріп келді (М.Гумеров, Хазірет.). 
БАЖЫРАҢ е л і к. Бақырайып, бағжиып қараған қимылды бейнелейтін сөз. 
Бажыраң  етті.  Бағжаң  етті,  бақырайды.  Жақып  шошып  кеткендей 
қысыңқырап  отырған  көзін  бажыраң  етіп  ашып  алды  (Ғ.Мұстафин, 
Миллионер). Сол кіріп келгенде Мұқтардың көзі бажыраң етті (Ғ.Мұстафин, 
Көз көрген). /566 б/
БАЙПАҢ2 е л і к. Ырғала басқан жүрісті бейнелейтін сөз.
Байпаң  қақты.  жағымсыз.  Құрдай  жорғалады,  жағымпазданды. 
Немістердің  алдында  байпаң  қағып,  ұзақ  сөйлейді  (Ж.Жұмаханов, 
Махаббат.). Бас пайдасы дегенде байпаң қағатын, қоғам пайдасы дегенде 
қайқаң қағатындар да бар (М.Рашев, Бетің қисық.).
БАЙПАҢ-БАЙПАҢ е л і к. Аяқты теңселе, ырғала, маңғаздана басқан 
жүрісті бейнелейтін сөз.
Байпаң-байпаң  басты.  Аяғын  теңселе  басты,  баяу,  ақырын  жүрді. 
Құнан, дөнен мінгенім асау тарпаң, Осы күнде құла ала деген жайпаң. Бұл 
иттен  де  жаяуым  тыныш  екен  деп,  Қаздай  басып  келеді  байпаң-байпаң 
(Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.). 
БАҚ-БАҚ е л і к. Бақылдаған дауысты бейнелейтін сөз. Ешкі шіркін бақ-
бақ бақырып, суыққа бірінші ұшынды (“Лен. жас”). Бақа, бақа бақ-бақ. Ән 
саламын баптап, Үйреніңдер, бәрің, Менен келіп тақпақ (Жыл он екі ай).
Бақ-бақ етті. Қайта-қайта бақылдады. Торып жүріп қойлардың, Қораға 
келіп  жатарын,  Бақ-бақ  еткен  текенің  Кесіп  алды  сақалын  (Е.Елубаев, 
Көкпар). Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, Батырсынған жігітті 
жау келгенде көрерміз (Мақал). 
БАҚШАҢ е л і к. Көздің тосыннан бақырайып, адырайып қарағанын 
бейнелейтін сөз.
Бақшаң етті. Көзі адыраң ете қалды. Сатыбалды бақшаң етіп бір қарады 
да,қасында жатқан керзі етікті әйелге қарай жіберіп қалды (Қ.Жұмаділов, 
Көкейкесті). Беті тершіген әйел көзі бақшаң етіп, тысқа шық дегендей белгі 
беріп үлгерген-ді (Ж.Молдағалиев, Торғай.). Өзі ыңғайлап оқшау шетті. Түлкі 
қорқып бақшаң етті (Ө.Тұрманжанов, Менің кітабым.).
БАЛ-БҰЛ е л і к. Бетінде нұр ойнап, түрі әдеміленгенді бейнелейтін сөз.
Бал-бұл  жанды.  Бетінде  нұр  ойнап,  өңі  ажарланды.  Әнші  жігіт 
тыңдаушы  жұрттың  көңілінен  шыққанын  байқап,  шара  табақтай  мол 
жүзі  бал-бұл  жанып,  орнына  кетті  (Ә.Кекілбаев,  Дала.).  Есі  шығып  хан 
да жетті. Жұрт жол берді қаумалай, Міне, қызық, бір топ қызбен осында 
жүр  Гауһарай,  Гауһар  десе  Гауһар-ақ  қой  қараған  жұрт  сүйінген,  Айлы 
жүзі бал-бұл жанған, ақ сәукеле киінген (М.Шаханов, Ғасырлар.). – Бақыт 
қайда барасың? – Бал-бұл жанған көрікті, Ұл менен қызы серікті Берекелі 

185
үйге  барамын  (Қабан  жырау,  Алтын  қазық).  БАЛДЫР-БҰЛДЫР  е  л  і  к. 
1.  Былдырлаған  дыбысты  бейнелейтін  сөз.  Үлкен-үлкен  өгіз  қоңыраулары 
балдыр-бұлдыр, көмескі күңгірленіп, Ыбырайдың кірешілері келіп қалған екен 
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 2. Тілі жаңа шығып келе жатқан баланың сөзі. 
Баланың  томпаң-томпаң  жүгірісі,  балдыр-бұлдыр  сөзі  қандай  тамаша! 
(С.Байжанов,  Жастық.).  Жас  бала  еңбекпен  барып  қаз  тұрып,  балдыр-
бұлдыр сөйлей бастағаннан-ақ үлкенге еліктейді (Х.Есенжанов, Көп жыл.). 
3. Түсініксіз, айқын емес дыбысталған сөз. Жақып құлақ жегеніне мәз, сөзі 
балдыр-бұлдырға айналған (Т.Есімжанов, Дала.). Мұның артынан мылқау сері 
болып Әбдінің Омары, өзінің серіктерін ертіп, салдарша айбақ-сайбақ киініп, 
балдыр-бұлдыр тіл қатып, қиқыл-шиқыл ән салып, алуан түрлі әсем ойындар 
көрсетті (С.Бегалин, Замана белес.). 
БАЛПАҢ2  е  л  і  к.  Аяқты  теңселе,  маңғаздана  басқан  жүрісті 
бейнелейтін сөз. 
Балпаң басты. Аяғын жай басты, теңселе жүрді. Айтылған қыз кезінде 
бар-ды серті, Сертінен Мақпал таймай тұрды дейді, Сал Сегіз балпаң басып, 
мамыр қаздай Ішіне ақ шатырдың кірді дейді (Базар жырау, Шығ.). Шыдарсың 
қалай бармай, қалай жазбай, Жайдары ашық жүзді, көңлі жаздай. Жастары 
жаңа  ауылдың  төрінде  ойнап,  Қарт  тұрса  балпаң  басқан  мамыр  қаздай 
(А.Тоқмағамбетов,  Өлеңд.).  Басқаға  мойын  бұрып  бір  сөз  қатпай,  Абылайға 
балпаң  басып  жүрді  Баян,  Бәйтерек  тұңғиыққа  төнгеніндей,  Алдында  қол 
қусырып тұрды Баян (М.Жұмабаев, Шығ.). 
БАЛПАҢ-БАЛПАҢ:  балпаң-балпаң  басты.  Аяғын  теңселе  басты, 
баяу  жүрді.  Ел  ішінде  жоқ  болсаң,  Мін  табылар  бойыңа.  Көп  ішінде  аз 
болсаң, Қайғы түсер ойыңа, Балпаң-балпаң басарсың Басуға табан шыдаса 
(Шашубай, Өлеңд.). Балпаң-балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдамас. 
Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас (Батырлар жыры). 
БАЛП-БАЛП е л і к. Балпылдаған дауысты бйнелейтін сөз.
Балп-балп етті. а) Оқта-текте үріп қойды. Ақтөс екі-үш рет ерініп 
балп-балп етіп дыбыс берді (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). Сол мезетте кәрі 
төбет тағы амалсыздың күні, балп-балп етті (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). 
ә)  Аузы  балпылдап  сөйледі.  Ал  кіріссе  ертекке,  Басы  қалт-қалт  етеді: 
“Ертек, ертек, ерте екен”, Аузы балп-балп етеді (М.Жұмабаев, Шығ.). 
БАРҚ е л і к. Кенеттен шыққан қысқа жуан дауысты білдіретін сөз.
Барқ етті. Кенет қатты дауыс шығарды, жағымсыз үнмен барқырады, 
даусы  жуан  шықты.  –  Қашаннан  бері  мал  баласына  дәрігер  болғансың, 
сұлуым! – деген дауыстың барқ еткенін естіді (Ж.Молдағалиев, Жүрек.). 
Уай, астапралда... Құдайдың құдіреті-ау, ә! – деген дәл алдынан барқ етті 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). – Ой қарасан келгір, қу шыбжықай-ай, қасқыр жесін 
сені! – деп жуан дауысты Алтынай барқ ете қалды (Ж.Мусин, Ақ алаң).

186
БАРҚ-БАРҚ е л і к. Қайталанған қысқа жуан дауысты бейнелейтін сөз.
Барқ-барқ  етті.  а)  Үйрек  өзіне  тән  дыбыспен  барқылдады.  Анда-
санда тура иегінің астынан барқ-барқ ете қалған үйрек дауысын естиді 
(А.Нұрманов, Аққу.). ә) Адам қайталанған жағымсыз жуан дауыс шығарып, 
барқылдады. Зікірдиннің өн бойын ыза кернеп, тырс етіп жарылып кетуге 
шақ, әкіреңдеп барқ-барқ етеді (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
БАРП-БАРП е л і к. Даңғырлап, айғайлап, жөн-жосықсыз сөйлегенді 
білдіретін сөз.
Барп-барп  сөйледі.  Жөн-жосықсыз  сөйлеп,  мазаны  алды.  Бөшен 
әйеліне күн ұзын барп-барп сөйлеумен болды (Ауызекі).
БАРТ-БАРТ  е  л  і  к.  Жүгері,  бұршақ  тәрізді  дәндердің  ыстықтың 
әсерінен тарсылдап жарылған кездегі дыбысын бейнелейтін сөз.  Б а р т -
барт  жарылды[етті].  Тарсылдады,  бартылдады.  Қара  қазанға,  жүгері 
қуырып, барт-барт жарылған бадананы алақанына салып жатпаушы еді 
әжеміз (Т.Иманбеков, Үлкен үй). 
БАТЫР-БҰТЫР е л і к. Мылтықтың атылған дауысына ұқсас сатыр-
сұтыр, сарт-сұрт еткен дыбысты бейнелейтін сөз. Дәл осы секундте далада, 
базға жап-жақын жерде көп мылтық түн тыныштығын қақ жарып батыр-
бұтыр етті (М.Әуезов, Шығ.). Басты кеп батыр-бұтыр аңшыл ағаң, Аспаннан 
аппақ жалын тамшылаған (Ғ.Қайырбеков, Сарыарқа.).
БОЛП-БОЛП е л і к. Болп-болп еткен ебедейсіз қозғалысты бейнелейтін 
сөз. Бөрте лақ болп-болп еткізіп, алаңсыз әлі еміп жатты (К.Қазыбаев, Ызғар).
Болп-болп басты. Асықпай, маңғаздана жүрді. ...Алдымызда шұбатылып 
қазақтың көші кетіп бара жатыр. Мен көрмеген арбалары шиқылдап барады, 
түйелері болп-болп басады (М.Жұмабаев, Шығ.). 
БОР-БОР е л і к. Борылдап шыққан дыбысты бейнелейтін сөз. Біргебай 
қойшы жиырма шақты саулықты қосақтап қойып, үлкен қара саптыаяғына 
бор-бор  сауып  жатыр  (Ж.Аймауытов,  Шығ.).  Қартқожа  қоңырсып  піскен 
қою сүтті бор-бор ұрттап, қарқындады (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
БОРП е л і к. Заттың жерге қатты түспей жұмсақтау түсуі кезіндегі 
дыбысты  білдіретін  сөз.  Борп  еттірді.  Солқ  еткізді,  сылқ  еткізді,  топ 
еткізді, лық еткізді. Содан кейін ғана бетіме қарап: “Әңгіме керек шығар”, 
– деп, тойда қызға орамал тастағандай-ақ, алдыма борп еттіріп тастай 
салды (Ғ.Қабышев, Мінездеме). 
БОРП-БОРП  е  л  і  к.  Сұйық  затты  борпылдатып,  ішке  қарай 
сора  тартып  ішу  кезінде  шығатын  дыбысты  білдіретін  сөз.  Тұрлыбек 
шешесінің мамасын шеңгелдеп ұстап алып, қомағайлана борп-борп сорады 
(Б.Соқпақбаев, Балалық.). Малайлар ішіне таба нан турап, бір-бір шара аяқ 
ыстық сорпаны бастарына көтере борп-борп ұрттап жатыр (Ғ.Мұстафин, 
Дауыл.). 

187
БОРС е л і к. Жалынның су төгілгенде бірден сөнуі кезінде немесе ауаға 
толы жұқа заттың жарылғанында шығатын қысқа дыбысты бейнелейтін сөз.
Борс етті. Су не басқа бір сұйық зат төгілгенде от сөніп, қысқа дыбыс 
шықты. Жанып жатқан тезек шоғы майлы көбік тамғанда пыс етіп, борс 
етіп сөне қалды (С.Сейфуллин, Әңгім.). 
БОРСАҢ-БОРСАҢ  е  л  і  к.  Семіз  адамның  (жан-жануардың) 
жүгіргендегі қайталанба қозғалысын бейнелейтін сөз. Ой, папа, жетеміз 
бе  бүгін  енді?  Деп  бала  әлденеге  түңіледі.  Еңсерген  елулерді  егде  әке, 
Борпылдап борсаң-борсаң жүгіреді (Ж.Молдағалиев, Жыр.). Борсаң-борсаң 
етті. Ебедейсіз, ырғала, ауыр қозғалды, ырсылдады. Бұл оны елеместен үйге 
кіре беріп, қорадан борсаң-борсаң еткен біреудің шыға қашқанын байқады 
(Ж.Молдағалиев, Жүрек.).
БОРС-БОРС е л і к. Жұмсақ нәрсе жарылғанда, құлағанда, соқтыққанда 
қайталанып  шыққан  дыбысты  білдіретін  сөз.  Совет  жағынан  бораған 
нөсерде  де  қисап  жоқ.  Дүние  адам  танығысыз.  Көк  ала  түтін,  тарсыл-
гүрсіл, борс-борс... (Ғ.Сланов, Замана.).
Борс-борс  етті.  а)  Жұмсақ  нәрсе  жарылып,  соқтығып,  құлағанда 
дыбыс шығарды. » Етіктері суға борс-борс етті. ә) Ырсылдады, ентігіп 
борсаңдады. »Борс-борс етіп жүгірді. 
БОРТ 3 е л і к. Қатты заттың сынғандағы бырт, күрт еткен дыбысын 
бейнелейтін сөз. Жапырған жай оғындай ауыр соққы, Қақсатты быт-шыт 
қылып  жаудың  жігін.  Күзде  кеп  босағасын  борт  сындырып,  Шығыстан 
бұзып кірдік фашист інін (Қ.Әбдіқадыров, Өлеңд.). 
БОРТАҢ-БОРТАҢ е л і к. с ө й л. Семіз адамның (жан-жануардың) 
жүгіргендегі қозғалысын бейнелейтін сөз. Шағала қозылар бортаң-бортаң 
жүгіріп, енесінің емшегіне жабысты (“Соц. Қаз.”). 
БОРТ-БОРТ е л і к. Қатты зат сынғанда бырт-бырт, сырт-сырт етіп 
шыққан дыбысты білдіретін сөз. Күдіс торы ауыздағы алына салынысымен, 
көк өлеңді борт-борт үзе бастады (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
БӨКЕҢ е л і к. Бүкшең-бүкшең етіп, бөкеңдеген қимылды бейнелейтін сөз. 
БҰЛҒАҢ-БҰЛҒАҢ е л і к. Қайта-қайта бұлғаңдап, теңселген, шайқала 
басқан жүрісті бейнелейтін сөз.
Бұлғаң-бұлғаң  еткізді.  Қайта-қайта  ирелеңдетті,  бірнеше  рет  бұлғады. 
Ит болып ойнап отырған артист құйрығын ұстап қасындағы әйелге бұлғаң-
бұлғаң еткізіп еді, әйел күліп жіберді (Қ.Байсейітов, Құштар.).
Бұлғаң-бұлғаң  етті.  Қайта-қайта  бұлғаңдады,  теңселді.  Бастарындағы 
сеңсең  бөріктер  көтертпей  келе  жатқандай  бұлғаң-бұлғаң  етеді 
(Ә.Кекілбаев, Дала.).
Бұлғаң-бұлғаң қақты. Қайта-қайта бұлғақтады, әрлі-берлі теңселді, 
тербелді.  Төбеттің  мойнын  бұрғызбастан  қапсыра  тістеп,  жұлқып-

188
жұлқып  жібергенде,  үлкен  төбеттің  арт  жағы  бұлғаң-бұлғаң  қағып 
барып, Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті (М.Әуезов, Көксерек).
БҰЛҚ е л і к. Жұмсақ дененің кенеттен болған соққыдан құлап түскен 
қимылын білдіретін сөз. Бұлқ ете қалды.
Бұлқ етті. Кенет сылқ етіп, құлап түсті. Қынапқа салса, жылп еткен, 
суырып  алса,  қылп  еткен,  Нарды  шапса,  бұлқ  еткен,  Итті  шапса,  ыңқ 
еткен (Бес ғасыр.). 
БҰЛТ 3 е л і к. Бұлтың еткен тез қимылды бейнелейтін сөз.
Бұлт  берді  [етті].  а)  Бұлтың  етіп  бір  көрінді.  Бұғанасы  бұлт  беріп, 
Атылғанда  ақ  иық,  Күшігендер  сырт  беріп,  Тоңқаңдайды  далиып 
(М.Мақатаев, Шығ.). Сасқан үйрек бұлт беріп бір шоқ талға барып жоқ 
болды (С.Бегалин, Төлбасы.). ә) Жалт берді. Ошақбай енді қарсыластың 
найзасын бұлт етіп дарытпай, алдаусырата алмасын сезді, анау да әдіс 
ап  қалды  (Д.Досжанов,  Жібек.).  б)  Тайып  кетті.  Бір  рет  қайығы  бұлт 
ете  қалып  еді,  қорқып  кетіп,  білегін  Азаматтың  білегіне  өткізіп  алды 
(Б.Майлин,  Азамат.).  в)  Айныды,  теріс  айналды.  Дос  алады:  “бермесең, 
бұлт  берем”  деп,  “Жауыңа  қосылуға  сырт  берем”  деп.  “Бұзылған  соң 
мен  оңай  табылмаспын,  Не  қылып  оңайлықпен  ырық  берем”  деп  (Абай, 
Тол.  жин.).  Елірдік,  ерегістік,  елді  жардық,  Байлаусыз  пайдасы  жоқ  іс 
шығардық. Бүгін дос, таң атса қас бола қалып, Бұлт еттік, мен болдым 
деп ат аларлық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
БҰЛТАҚ-БҰЛТАҚ е л і к. Бұлтаңдаған, бұлтыңдаған бірнеше рет 
қайталанған тез қимылды бейнелейтін сөз.
Бұлтақ-бұлтақ етті. Бұлтаң-бұлтаң етті, бұлтыңдады. Әлгі қатыннан 
көз жазбай келе жатқан, бөксесі біресе олай, біресе бұлай бұлтақ-бұлтақ 
етеді (К.Қазыбаев, Ызғар). 
БҰЛТАҢ-БҰЛТАҢ е л і к. Бұлғаңдаған, бірнеше рет қайталанған тез 
қимылды бейнелейтін сөз.
Бұлтаң-бұлтаң  етті.  Қайта-қайта  бұлтаңдады.  Жігіттерде  үн  жоқ. 
Түні  бойы  едәуір  қалыңдап  қалған  көбік  қарды  етіктерімен  сызып,  бұлтаң-
бұлтаң етіп жүріп келеді (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). 
БҰЛТ-БҰЛТ е л і к. Бұлтаңдаған, бірнеше рет қайталанған тез қимылды 
бейнелейтін сөз.
Бұлт-бұлт  етті.  Бұлтыңдап  тез  қимылдады.  Қолпаңдаған  күрткі,  етік, 
Әкесінің  киіміндей.  Бірақ  бала  бұлт-бұлт  етіп,  Келеді  оны  бұйым  демей 
(Ж.Молдағалиев, Поэм.). Дарын бұлт-бұлт етіп, денесіне жұдырық дарытпады 
(М.Сүндетов, Балық аула.). 
Бұлт-бұлт  ойнады.  Қолдың,  дененің  сомдалған  бұлшық  еттері  әдемі 
қозғалақ  қағып,  ойнақшыды.  Нарттай  жанып  беттері,  Құрыштай  бұлшық 
еттері, Бұлт-бұлт ойнап бұлқынған, Таптанғандай тағыны (Т.Жароков, Шығ.). 

189
Белінен  жоғары  жалаңаш,  бұлшық  еттер  бірге  күлгендей,  сом  денеде  бұлт-
бұлт ойнайды (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).
БҰЛТ-СҰЛТ  е л і  к.  с  ө  й  л.  Бірқалыпты емес,  тепе-теңдік  сақтамай 
жүрген жүрісті немесе сондай қозғалысты бейнелейтін сөз. 
Бұлт-сұлт етті. Қиқаңдады, жеңілтектік көрсетті. Қарындас, олай-бұлай 
бұлт-сұлт етіп жүрсеңіз, өз обалыңыз өзіңізге! (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).
БҰЛТЫҢ-БҰЛТЫҢ  е  л  і  к.  1.  Ауызға  тамақ  салып  алып  жегендегі 
ұртты  томпаңдауын  бейнелейтін  сөз.  Ауыздары  қарама-қарсы  екі  пеш  бар 
екен, бір топ бала соған картоп көміп жеп, ауыздарын бұлтың-бұлтың еткізді 
(Ж.Молдағалиев,  Айналайын.).  2.  Бұлшық  еттің  бұлтылдап  ойнақшуын 
бейнелейтін  сөз.  Қолын  ары-бері  сілкілеп  қайыңның  безіндей  беріш  бұлшық 
еттерін бұлтың-бұлтың ойнатқан (О.Бөкеев, Қамшыгер). 
БҰРАҢ 2 е л і к. Ирелең еткен, бұралаңдаған қимылды бейнелейтін сөз.
Бұраң басты. Аяғы бұралып, сызылып сәнмен жүрді. Иісті май, жағындың 
гүл, сабындандың, Түзеліп бейне хордай қабылдандың, Сызылып бұраң басып, 
асыл  киіп,  Алыстан  жұр  көзіне  сағымдандың  (  С.Дөнентаев,  Шығ.).  Бұраң 
басып, сәнмен жүріп, Шай ұсынса әкесіне, Сүйінішпен әрлендіріп Сенің қолың 
әкелтті де... (Ж.Өмірбеков, Мың терезе).
Бұраң  етті.  Қиралаң  етті,  бұралаңдады.  Аққасқа  Қасен  даусын  ести 
сала, ойға қарай жұлқи бұрап қалғанда көкшолақтың белі бұраң етіп барып, 
дүрс  етіп  құлап  түсті  (М.Әуезов,  Қараш.).  Барановтың  күмпиіп  тұрып 
ышқынған  ашуы  бұралқы  иттің  құйрығындай  бұраң  етіп  құлай  кетті 
(Ә.Әбішев, Замана.).
Бұраң қақты. а) Ирелеңдеп бұралаңдады. Өзектегі қалтырап жаурап 
тұрған  жас  тоғайға  келіп,  жерге  шейін  басын  игізіп,  тәжім  еткізіп, 
арасынан  суылдап  бұраң  қағып,  ойнап  өтеді  (М.Әуезов,  Қараш.).  Өзі 
алдыңғы  бөлмеге  шығып  кетіп,  бір  бұраң  қаққан  ақ  қаншық  қасқырды 
алып келді (Қаз. ертег.). ә) Әрлі-берлі қозғалып қиралаңдады. Жұбайға отыз 
қамшы соқты қатты, Құйрықтан борағытып қандар ақты Соққанда отыз 
қамшы сорлы Жұбай, Тұралмай әлгі жерде бұраң қақты (Батырлар жыры). 
БҰРАҢ-БҰРАҢ  е  л  і  к.  Қисық-шалыс  немесе  мың  бұралған  жүрісті 
бейнелейтін сөз. Қабдол молдалар алдында алтайы қызыл түлкідей жылт-
жылт  етіп,  бұраң-бұраң  басады  (С.Адамбеков,  Көсе.).  Тазының  кеудесі 
қасқырдың астында, бөксесі бұраң-бұраң етеді. Өзі жағаласқан жауынан 
біржола жеңіліп, тырапай асуға айналған (Ә.Көшімов, Екі бүркіт).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет