Құрманбаева Ш. А., саяси ғ. д



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата21.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
75 
ОӘЖ 343.931 
 
Стамгазинова Салтанат Сабитовна 
құқық магистрі, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
Иманғалиқызы Қымбат  
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
  
АДАМДАРДЫ САУДАҒА САЛУ ҚЫЛМЫСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСКЕР ТҰЛҒАСЫН ТАЛДАУ 
 
Бұл мақалада авторлар адамдарды саудаға салу қылмысындағы қылмыскер тұлғасын талдаған, 2014-2016 жж. 
Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасы  құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі 
комитетінің  статистикалық  мәліметтері  зерттелген.  Авторлар  шетелдік  тәжірибені  қолданып  қылмыскер 
тұлғасына толық сипаттама берді. 
Түйін  сөздер:  қылмыскер  тұлғасы,  адамдарды  саудаға  салу,  адамдарды  саудаға  салудың  криминологиялық 
сипаттамасы, статистикалық мәліметтер, қылмыскер тұлғасының сипаттамасы. 
 
В  настоящей  статье  авторы  проанализировали  личность  преступника  совершившего  торговлю  людьми, 
исследовали  статистические  данные  по  торговле  людьми  с  2014  по  2016  гг.  Комитета  по  правовой  статистике  и 
специальным  учетам  Генеральной  прокуратуры  РК.  Авторы  использовав  зарубежный  опыт  дали  полную  картину 
личности преступника.  
Ключевые  слова:  личность  преступника,  торговля  людьми,  криминологическая  характеристика  торговли 
людьми, статистические данные, характеристика личности преступника. 
 
In  this  article,  the  authors  analyzed  the  personality  of  the  offender  has  committed  trafficking  in  persons,  examined 
statistics  on  human  trafficking  from  2014  to  2016.  the  Committee  on  Legal  Statistics  and  Special  Records  of  the  General 
Prosecutor of Kazakhstan. Authors using foreign experience gave a complete picture of the individual offender. 
Keywords:  identity  of  the  offender,  human  trafficking,  criminological  characteristics  of  trafficking,  statistics, 
characteristics of offender. 
 
Қылмыскер  тұлғасы  –  криминологиялық 
ғылымның 
негізгі 
зерттеу 
объектісі. 
Криминология  ғылымы  адам  қылмыскер 
болып  тумайды,  қылмыскерлік  тұлғаның 
қалыптасу  кезеңіндегі  жайсыз  жағдайлардың 
салдарынан  пайда  болады  деп  пайымдайды. 
Алайда,  жайсыз  жағдайдың  бәрі  бірдей  және 
әр уақытта қылмыстық мінез-құлық тудырады 
деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің 
психологиялық 
табиғатына 
сай 
келетін 
шарттар  мен  факторларды  таңдап  алып  және 
оны белгілі бір дәрежеде игереді.  
Қылмыскер 
тұлғасы 
қылмыстылыққа 
итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы 
жағдайдың  салдарынан  болған  қылмыстың 
арасын жалғастырушы буын болып саналады.  
Криминология  қылмыскер  тұлғасы  деп 
қылмыстық  заңды  басқа  жағдайлармен  және 
мән-жайлармен  қоса  адамды  кінәлі  ететін, 
осылайша  оның  қоғамға  жат  қылықтарына 
әсер  ететін  әлеуметтік  және  әлеуметтік  мәні 
қасиеттердің, 
белгілердің, 
қатынастардың 
жиынтығы деп таниды. 
Қылмыскердің тұлғасы өзінің бағыттылығы 
арқылы  көзқарас  пен  бағдар  мазмұнынан, 
қажеттік 
деңгейі 
мен 
шеңберінен 
ерекшеленеді.  Алайда  мұндай  жағдайға  қарап 
қылмыс  жасаған  адамдардың  барлығында 
бірдей қоғамға жат көзқарас пен бағыт-бағдар 
бар  деп  ойлауға  болмайды.  Мұндайлар 
болмағанның өзінде де қылмыскердің тұлғасы 
мен  оның  қылмыстық  мінез-құлық  себептерін 
зерттеудің  қажеттігі  күн  тәртібінен  алынып 
тасталмайды.  Дегенмен,  қылмыскерлердің 
негізгі  көпшілігі  осындай  ерекшеліктермен 
көзге түседі.  
Қылмыскердің 
тұлғасы 
криминология 
нәрсесі  ретінде  мұндай  тұлға  әлеуметтік  мәні 
бар  жеке  нақты  объект  ретінде  немесе  жалпы 
әлеуметтік  тип  ретінде  қарастырылуы  тиіс  пе 
деген пікірталас тудырады.  
Кезінде  А.А.  Герцензон  қылмыскердің 
тұлғасы 
туралы 
мәселенің, 
адам 
бұл 
қылмысты неліктен жасады деген нақты, бірақ 
әлеуметтік-танымдық  тұрғыдан  алғанда  өте 
шектеулі 
сауалға 
жауап 
беретіндігіне 
байланысты  жалғыз  қылмыскер  үшін  маңызы 
бар деп айтқан болатын [1, 14б.]. 
Мұндай 
көзқарастағы 
қылмыскер 
тұлғасының жалпы криминологиялық  маңызы 
іс  жүзінде  жаппай  әлеуметтік  құбылыс 
ретіндегі  қылмыстылық  жеке  қылмыстың 
барабар түсіндірілуі мүмкін емес деген негізде 
қабыл алынбады  

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
76 
Қылмыскердің  тұлғасы  деген  сөз  жеке 
қылмыс  деген  этимологияда  маңызды  рөл 
атқарады  деп  санауға  болмайды,  сонымен 
бірге оның жаппай алғандағы қылмыстылыққа 
қатысы  жоқ.  Криминология  қылмыстылық, 
оның  себептері  мен  заңдылықтары  туралы 
ғылым  ретінде  индивидті  ғана  қарастырып 
қоймайды,  сонымен  бірге  адамға  белгілі  бір 
әлеуметтік  тип  ретінде  жалпы  сипаттама  да 
береді. 
Қылмыскердің  тұлғасын  криминологиялық 
зерттеу түбінде алдын алу шараларын жүргізу 
үшін  маңызы  бар  қылмыс  туғызатын  мінез-
құлықтарды анықтау мен оларды бағалай білу 
мақсатында  жүргізіледі.  Осыған  байланысты 
криминологияның:  қылмыскердің  тұлғасы, 
қылмыстық 
мінез-құлық 
себептері 
мен 
механизмі және қылмыстың алдын алу сияқты 
үш буынды мәселелердің бірлігі қалыптасады. 
Мұндай 
кезде 
қылмыскер 
тұлғасы 
криминогендік ерекшелігі жоғары, қылмыстық 
әрекеттің субъективті себептерінің көзі болып 
табылатындықтан, 
басты 
назар 
соған 
түсетіндіктен  алдын  алу  объектісі  әрекет 
немесе  мінез-құлық  емес,  осы  тұлға  болуы 
керек. 
Осы 
жоғарыда 
айтылған 
ерекшеліктерінің  жиынтығының  бірлігі  мен 
өзара  әрекеттестігі  қылмыскер  тұлғасының 
қоғамға  қауіптілігінің  мәнін  құрайды;  ал 
қылмыстық мінез-құлық – осының туындысы.  
Криминология 
тек 
қана 
қылмыс 
жасағандарды  ғана  зерттемейді,  ол  сонымен 
бірге,  өмір  салты,  көзқарасы  мен  мінез-құлқы 
қылмыстық  жолға  түсетіндей  күмән  туғызған 
адамдарды 
зерттейді. 
Сонымен 
бірге, 
криминологиялық 
саланың 
үлесіне 
маскүнемдік,  нашақорлық,  қаңғыбастық  және 
басқа қоғамға жат қылықтар тиеді.  
Қылмыстың 
қандай 
түрі 
болмасын 
қоғамның 
әл-ауқатына, 
әлеуметтік, 
экономикалық  өсуіне  өзінің  кері  әсерін 
тигізері  анық.  Солардың  ішінен  адамның 
бостандығына 
қарсы 
аса 
қауіпті, 
пайдакүнемдікпен  ұштасқан  қылмыстардың 
бірі  – адам ұрлау қылмысы. Қазіргі таңда бұл 
қылмыстың саны күннен-күнге көбейіп келеді. 
Оған  елдегі  әлеуметтік  және  экономикалық 
ахуалдың  өзгеруінің,  қоғамның  бай  мен 
кедейлерге бөлінуіне әкеп соқтыруы, олардың 
арасындағы  әлеуметтік  қарама-қайшылықтар 
көлемінің  өсуі,  өмір  құндылықтарының 
түбірімен  өзгеруі,  адам  өмірі  мен  оның қадір-
қасиетінің  бағаланбауы,  қоғамның  рухани 
дәрежесінің  төмендеуі,  аморализмнің  кеңінен 
тарауы  және  алға  қойған  мақсаттарға  рухани 
құндылықтарға қайшы әдіс-тәсілдермен жетуі, 
адамдардың  елеулі  бөлігінің  өмір  салты  мен 
әлеуметтік  бағаның  өзгеруі  және  онымен 
байланысты  өмір  сүру  үшін  кез  келген  қатаң 
тәсілдерді  қолдану,  сонымен  қатар  қылмыс 
жасау,  психикалық  ауытқуы  бар  потенциалды 
қылмыскерлер  санының  көбеюі,  кек  алу, 
құқықтық  нигилизм  сияқты  негізгі  жағымсыз 
факторлар  әсер  етіп  отыр.  Егер  бұрын  ескі 
салттар негізінде қыз ұрлау кең тараған болса, 
бүгінгі  күні  жәбірленушілердің  шеңбері 
кеңейіп,  сәйкесінше  әлеуметтік  қауіпсіздік  те 
өсті,  сонымен  қатар,  қосымша  қауіпті  салдар 
пайда болды. 
Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  адам 
ұрлау  қылмысы  инфраструктурасы  дамыған 
үлкен  қалалар  мен  аудандарда  жасалынады. 
Және  жәбірленушілері  көбінесе  әлеуметтік 
жағынан  қамтылған  адамдар,  олардың  жақын 
туыстары 
және 
дамыған 
ұйымдардың 
жетекшілері болып келеді.  
Қылмыстық  істерді  зерттей  отырып,  адам 
ұрлау  қылмысының  жәбірленушілерінің  жеке 
тұлғасын 
сипаттап, 
пайыздық 
көлемде 
олардың  ұрлану  жиілігін  көрсетуге  болады. 
Қызмет 
түріне 
байланысты 
ұрланған 
адамдардың  саны  мынаны  құрайды:  жеке 
коммерциялық  құрылымдардың  басшылары  – 
28%;  осы  құрылымдардың  жұмысшылары  – 
10%; 
бірлескен 
кәсіпорындардың 
қызметкерлері  –  6%;  сауда  және  қызмет 
көрсету 
саласындағы 
мемлекеттік 
кәсіпорындардың 
басшылары 
– 
7%; 
мемлекеттік қызметкерлер мен жұмысшылар – 
10%;  студенттер  –  9%;  мектеп  және  лицей 
оқушылары  –  7%;  фермерлер  –  5%;  жұмыс 
істемейтін  адамдар  –  6%;  мектепке  дейінгі 
балалар – 4%; зейнеткерлер – 2%; шетелдіктер 
–  2%  құрайды.  Тағы  айта  кететін  жайт, 
мектепке  дейінгі  балалар  құраған  4  пайыздың 
ішіне  перзентханадан  ұрланған  сәбилер  де 
кіреді.  
Қолма-қол  ақша  мен  құнды  қағаздарды  40 
пайыз  кезде  ұрлаушылар  ұрланған  адамның 
өзінен  талап  еткен,  ұрлау  фактілерінің 
жартысында  (50  пайыз)  адам  ұрлаулар 
ақшалай  талапты  жәбірленушінің  туыстарына 
қояды, 
жәбірленушілер 
жұмыс 
істейтін 
компанияларға  талап  қою  жағдайлары  10 
пайыз  кездеседі.  Ол  адамдардың  көбі 
коммерциялық  құрылымдардың  басшылары 
болып келген.  

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
77 
 Адам ұрлау қылмысының жасалатын орны 
келесідей болып бөлінеді: 
-
 
пәтерден, үйден, саяжайдан – 42,1% 
-
 
ауладан, үйге жақын жерден – 10,5% 
-
 
көшеден, үйден алыс жерден – 15,7% 
-
 
қонақ үйлерден – 8,8% 
-
 
жұмыс орнынан – 7,8% 
-
 
автомашинадан – 5,3% 
-
 
әуежайдан – 3,2%. 
 Адам  ұрлау  жүзеге  асырылғаннан  кейін 
оны нақты бір жерде ұстап отырады, ұрланған 
адамды  ұстап  отырған  жерлерге  байланысты 
келесідей мәліметтерді көрсете аламыз: 
-
 
ұрланған  қалада  ұстап  отырады  – 
8,25% 
-
 
басқа облыстарға әкетеді – 7,3% 
 Ұрланған 
адамды 
ұстап 
отыратын 
ғимаратқа байланысты: 
-
 
қалалық пәтер, үй – 52,6% 
-
 
ауылдық мекендегі үй – 12,1% 
-
 
гараж, сарай, үйдің подвалы – 10,4% 
-
 
қонақ үй – 8,8% 
-
 
автокөлікте – 5,2% 
-
 
коммерциялық, 
фирманың 
ғимаратында - 3,5% 
-
 
жатақханада – 3,7% 
-
 
пансионаттар  мен  демалыс  үйлерде  – 
3,5%. 
ҚР  Бас  Прокуратурасының  құқықтық 
статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі 
Комитетінің  статистикалық  талдау  жүргізу 
нәтижесінде  2015  жылдың  көрсеткіштерімен 
салыстырғанда  2016  жылы  қылмыстардың 
жалпы  саны  2,5  пайызға  өскен.  Ал  адамдарға 
қарсы  қылмыстардың  ішінен  адам  ұрлау 
қылмысының тіркелу фактісі көбейген (20-дан 
31-ге 
дейін). 
Оның 
ішінде 
кәмелетке 
толмағандарға  қатысты  жасалған  қылмыстың 
осы түрінен 13-і тіркелген .  
2015  жылғы  көрсеткіштерді  қарастырар 
болсақ, 
«адам 
ұрлау» 
және 
«бас 
бостандығынан  заңсыз  айыру»  баптары 
бойынша  сәйкесінше  57,4  және  42,9  пайызды 
құрайды.  Бұл  басқа  жылдарға  қарағанда  адам 
ұрлау  қылмысының  саны  күрт  өскендігін 
көрсетеді [2,2б.].  
Адам ұрлау қылмысы көбінесе ұйымдасқан 
қылмыстық топтармен жасалады және жоғары 
латенттілігімен  сипатталады.  Ұйымдасқан 
қылмыстық 
топтар 
– 
криминалды 
авторитеттердің,  коммерциялық  құрылымдар 
өкілдерінің 
не 
этникалық 
топтардың 
басшылығымен  қылмыстық  іс-әрекеттерді 
жүзеге 
асыру 
үшін 
иерархиялық 
бағыныштылықта 
құрылған 
құрылымдар 
болып 
табылады. 
Мұндай 
топтар 
ұйымдастырушы, 
орындаушылар 
тобы, 
күзетшілер, 
жанасушылар 
тобы, 
т.б. 
элементтерден 
құрылатын 
өте 
күрделі 
құрылымдардан 
тұрады. 
Адам  ұрлауды 
ұйымдастырушы 
әдетте 
25-40 
жастар 
арасындағы  қылмыстық  жолға  бұрын  түскен 
адам 
болуы 
мүмкін, 
адам 
ұрлаудың 
орындаушыларына келетін болсақ, ол көбінесе 
18-30  жас  аралығындағы  адамдар,  әдетте 
жұмыс  істемейтін,  спорт  саласында  жолы 
болмай,  криминалдық  топтарға  еніп  кеткен 
адамдар немесе ауылдан келген жастар. 
Қазақстан 
Республикасындағы 
халықаралық  көші-қон  ұйымы  әзірлеген 
құқықтық 
құжаттарға 
сүйене 
отырып 
сөйлесек,  адам  саудасымен  айналысатын 
компаниялар қой терісін жамылған қасқырдың 
әрекетін  қолданып  отыр  —  оларды  сыртынан 
қарасаң,  кәдімгі  туристік  фирмалар,  жұмысқа 
шақыратын  агенттіктер,  тіпті  қонақүйлер.  Ал 
іші 
түтін. 
(Рас,  барлық 
турфирмалар, 
қонақүйлер,  агенттіктер  «қасқыр»  деген  сөз 
емес  бұл).  Бұлар  пәлен  жерде  пайда  бар  деп 
адамдарды 
алдап, 
шетелге 
жұмысқа 
шақырады,  барған  соң,  құжаттарын  тартып 
алып,  өздерін  құқығы  да,  бостандығы  да  жоқ 
заңсыз  жүрген  бейшараның  қалпына  түсіреді, 
пайда  түгілі  бақыр  таппаған  олар  мойнына 
қамыт  іліп,  қор  болып  қалады.  Ал  еңбек  һәм 
сексуалдық  құлдықтан  оңай  сытылып  кету 
екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейді.  Себебі, 
сарапшылардың  айтуынша,  адам  саудасының 
басы-қасында 
негізінен 
ұйымдасқан 
қылмыстық  топ  жүреді.  Мамандар  «тірі 
тауарды»  пайдаланудың  екі  түрі  бар  екенін 
айтады,  олар  —  адамның  еңбегін  пайдалану 
және 
физиологиялық 
параметрлеріне 
байланысты 
адамның 
өзін 
пайдалану. 
Алғашқысының  құрығына  әдетте  ер  адамдар 
түссе,  екіншісінің  құрбаны  әйелдер  мен 
балалар болады.  
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның 
адам 
саудасымен 
күрес 
жөніндегі 
бағдарламасы  елімізде  2002  жылдан  бастап 
жұмыс  жасап  келеді.  Ол  негізінен  АҚШ 
халықаралық 
даму 
жөніндегі 
агенттігі 
(USAID),  Норвегия  Корольдігінің  сыртқы 
істер 
министрлігі, 
АҚШ 
Мемлекеттік 
департаменті  құқық  қорғау  қызметі  мен 
есірткімен күрес жөніндегі халықаралық Бюро 
есебінен  қаржыландырылады.  Қазақстандағы 
көші-қон  жөніндегі  халықаралық  ұйым  мен 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
78 
оған  қарасты  жергілікті  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  көмегімен  2013  жылдың  1 
қаңтарына  дейін  адам  саудасының  900-ден 
астам  құрбаны  реабилитациялық  көмек  алған 
[3]. 
Қазақстанның экономикалық даму қарқыны 
мен 
географиялық 
орналасуы 
адам 
саудасымен  айналысушылар  үшін  адамдарды 
алып  кету,  басқа  елдерден  алып  келу, 
тасымалдауға  ыңғайлы  болып  отыр  деседі. 
Әсіресе,  әлемдік  экономикалық  дағдарыстан 
есеңгіреп 
қалған 
Орталық 
Азияның 
экономикасы  тұрақсыз  елдерінен  келген 
азаматтар  үшін  Қазақстан  соңғы  нүкте  болып 
отырған 
сыңайы 
бар. 
Адам 
саудасы 
құрбандарының 
көпшілігін 
негізінен 
Өзбекстаннан  әкеліп,  сататын  көрінеді.  Ал 
Қазақстанның  азаматтары  негізінен  Ресейге, 
Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қарай 
кетеді  екен.  Жұмыссыздық  пен  ауылдық 
жерден  ірі  қалаларға,  облыс  орталықтарына 
ағылған 
көші-қонның 
көбейгендігінің 
салдарынан  ел  ішінде  де  адам  саудасына 
қатысты  деректердің  артқандығы  байқалады. 
Қыз-келіншектеріміз  сексуалдық  құлдыққа 
пайдаланылуы 
үшін 
Біріккен 
Араб 
Әмірліктері,  Түркия  секілді  елдерге,  яғни  тек 
сыртқа  ғана  әкетіледі  деген  стереотип 
қалыптаспауы  керек.  Өз  еліміздің  ішінде  де 
мұндай 
жағдайлар 
кездеседі. 
Былтыр 
Қазақстандағы 
көші-қон 
жөніндегі 
халықаралық 
ұйым 
адам 
саудасының 
құрбанына  айналған  153  адамға  көмек 
көрсетті.  Соның  ішінде  146  адамға  ел  ішінде 
көмек  көрсетілді.  Екеуі  —  араб  елінде,  үшеуі 
— Ресейде, тағы екеуі Түркияда болған [3]. 
2004  жылдан  бері  қарай  ел  азаматтарының 
Израиль, 
Тайланд, 
Германия, 
Қытай, 
Әзірбайжан,  Индонезия,  Грекия,  Ливан,  тіпті 
Өзбекстанға да әкетілген оқиғалары кездескен. 
Ал  жоғарыда  айтқан  153  адамның  69-ы  - 
қазақстандықтар,  осының  64-і  ішкі  адам 
саудасының 
құрбаны 
болған. 
51-і 

өзбекстандықтар,  22-сі  -  қырғызстандықтар 
және қалғаны басқа елдердікі. Бұлардың 94-і - 
әйел  адамдар.  Олардың  арасында  2-3  баласы 
бар әйелдер де кездеседі. Адам саудасын кәсіп 
еткендер көбіне еңбекке қабілеті бар ерлер мен 
репродуктивті  жастағы  әйелдерді  қориды. 
Әсіресе,  18-25  аралығындағы  азаматтарға 
«сұраныс» басым көрінеді.  
Кәмелетке  толмаған  балалар  мен  жасы 
үлкендер  де  бұл  қатардан  ойып  тұрып  орын 
алады.  Бұл  деректер  теңіздің  тамшысы  ғана 
болуы  мүмкін.  Себебі,  «мен  құлмын»  деп 
ешкім  сенім  телефондарына  хабарласып, 
құқық  қорғау  органдарына,  осы  мәселемен 
айналысатын  ұйымдарға бара  бермейді.  Оның 
үстіне  ұйымдасқан  қылмыстың  шынжырынан 
құтылып,  құлдықтың  бұғауынан  босау  өте 
қиын  болуы  мүмкін.  Және  бұл  адамдар  ауыр 
психологиялық  соққы  алып,  кейін  «құлдық 
қамытын» шешкен соң қалыпты тірлікке көпке 
дейін  үйрене  алмай,  күйзеліске  түсуі  кәдік. 
Тірлікке  қайта  бейімдеу  үшін  Қазақстандағы 
көші-қон  жөніндегі  халықаралық  ұйымының 
уақытша  баспаналары  немесе  шелтерлер 
жұмыс  жасайды.  Қазір  мұндай  шелтерлер 
еліміздің  тек  төрт  өңірінде  -  Алматы,  Астана, 
Көкшетау  және  Петропавл  қалаларында  ғана 
бар  екен.  Мұнда  келген  адам  саудасының 
құрбаны 
болғандарға 
психологиялық, 
медициналық, құқықтық көмектер көрсетіледі.  
Өткен 
жылдың 
қарашасынан 
бастап 
Алматының  аудандарының  бір  ауылындағы 
шаруа  қожалығында  құлдықта  болған  37 
жастағы  өзбекстандық  әйел  Қазақстанға 
заңсыз  жолмен  әкелінген.  Ақпан  айында  ғана 
құлдықтан  босаған  ол  бірнеше  ай  бойы  сиыр 
сауып,  шаруашылықтағы  басқа  да  ұсақ-түйек 
жұмыстарды  атқарған.  Күдіктіге  қатысты 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
Кодексінің  адам  саудасы  жөніндегі  128-бабы 
бойынша 
қылмыстық 
іс 
басталған. 
Сарапшының 
айтуынша, 
жәбірленушілер 
мұндай жағдайда сот шешімін күтіп басқа елде 
әлек  болып  жүргеннен  тезірек  отанына 
оралғанды,  онда  да  қанша  болса  да  қаржы 
алып қайтқанды жөн көреді екен [3].  
Адамның  өмірі  мен  бостандығына  қол 
сұғылған  қылмыстардың  жалпы  сипаты, 
оларды  жасаған  тұлғалар,  қылмыс  жасаған 
тұлғаларға  қатысты  қанша  қылмыстық  істер 
қозғалғаны және сотқа жіберілгені, т.б. жайлы 
мәліметтерді 
2014, 
2015 
және 
2016 
жылдардағы  статистиканы  келесі  кестелерден 
көруге болады [4]:  
Кесте 1. Адамды ұрлау бойынша жасалған қылмыс түрлері  
Қылмыстың сипаты 
 2014ж. 
 2015ж. 
 2016ж. 
Құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстар саны 
 201 
 81 
 84 
Әйел адамға қатысты 
 82 
 24 
 30 
Кәмелетке толмағандарға қатысты 
 31 
 14 
 11 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
79 
Тоқтатылған қылмыстық істер саны 
 76 
 66 
 37 
Сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 
 75 
 66 
 36 
Қылмыстық  айыптың  алынуына  байланысты  тоқтатылған 
қылмыстар саны 
 
 16 
 27 
 17 
 
Кесте 2. Бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша жасалған қылмыс түрлері 
Қылмыстың сипаты 
 2014ж. 
 2015ж. 
 2016ж. 
Құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстар саны 
  
 126 
 
 166 
 
 187 
Әйел адамға қатысты 
 56 
 64 
 74 
Кәмелетке толмағандарға қатысты 
 
 12 
 
 26 
 
 30 
Тоқтатылған қылмыстық істер саны 
 
 106 
 
 117 
  
 75 
Сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 
 93 
 93 
 54 
Қылмыстық айыптың алынуына байланысты тоқтатылған 
қылмыстар саны 
 7 
 7 
14 
 
Кесте 3. Адамды саудаға салу бойынша жасалған қылмыс түрлері 
Қылмыстың сипаты 
 2013ж. 
 2014ж. 
 2015ж. 
Құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстар саны 
 24 
 19 
 17 
Әйел адамға қатысты 
 20 
 16 
 5 
Кәмелетке толмағандарға қатысты 
  
 1 
  
 0 
  
 0 
Тоқтатылған қылмыстық істер саны 
 21 
 12 
 4 
Сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 
 19 
 7 
 1 
Қылмыстық айыптың алынуына байланысты тоқтатылған 
қылмыстар саны 



 
Кесте 4. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу бойынша жасалған қылмыс түрлері 
 
Қылмыстың сипаты 
 2013ж. 
 
2014ж. 
 2015ж. 
Құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстар 
саны 
 
 21 
 
 2 
 
 16 
Әйел адамға қатысты 
 10 
 1 
 7 
Кәмелетке толмағандарға қатысты 
 21 
 2 
 16 
Тоқтатылған қылмыстық істер саны 
 14 
 10 
 9 
Сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 
 14 
 10 
 8 
Қылмыстық айыптың алынуына байланысты 
тоқтатылған қылмыстар саны 

 1 
 2 
 
Бұл  кестелерде  адамның  өмірі  мен 
бостандығына 
қарсы 
бағытталған, 
яғни 
адамды  ұрлау  (125-бап),  бас  бостандығынан 
заңсыз  айыру  (126-бап),  адам  саудасы  (128-
бап), кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап) 
қылмыстары  бойынша  2014,  2015  және  2016 
жылдары  жасалаған  қылмыстар  саны,  жалпы 
сипаты, 
қандай 
тұлғаларға 
қатысты 
жасалғаны, 
қанша 
қылмыстық 
істер 
басталғаны,  және  қаншасы  сотқа  жіберілгені, 
бұл  қылмыстарды  қандай  тұлғалар  жасағаны 
т.б. мәліметтер келтірілген.  
Мәліметтерді талдау, көрсеткендей аталған 
қылмыстар  саны  азаймайды.  Сондықтан, 
оларды  азайтуға  қатысты  іс-шаралар  алдын 
алу шаралары қолданылуы тиіс. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Мүсілім Ж. Адам саудасы ауыздықталмай тұр //http://press.mediaovd.kz 
2. Антонян Ю.М. Криминология: учебник для бакалавров. — М.: Изд-во Юрайт, 2011. – 523 с. 
3. Долгова А.И.  Криминология: учебник для вузов. - М.: Изд-во Норма Инфра, 2010. – 384 с. 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
80 
4.  2014-2016  жж.  аралығындағы  адам  саудасына  салу  қылмысы  бойына  Қазақстан  Республикасының  Бас 
прокуратурасы  құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  комитетінің  статистикалық 
мәліметтері // http://service.pravstat.kz/ 
 
Стамгазинова Салтанат Сабитовна 
магистр права, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей 
Имангаликызы Кымбат  
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей 
Анализ личности преступника совершившего торговлю людьми  
 
Stamgazinova Saltanat Sabitovna 
Master of Law, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city 
Imangalikyzy Kymbat 
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city 
Analysis of the offender committed a trafficking 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
81 
ОӘЖ 343.151 
 
Стамгазинова Салтанат Сабитовна 
құқық магистрі, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
Төлеуханова Динара Ерсынқызы 
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
  
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ШЕШІМНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ІС ЖҮЗІНДЕГІ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Бұл  мақалада  қылмыстық  процестегі  процессуалдық  шешімнің  құқықтық  және  іс  жүзіндегі  негіздеріне 
авторлар  сипаттама  берді.  Қылмыстық  процесте  шешім  қабылдау  барысында  азаматтық,  азаматтық  іс  жүргізу, 
отбасы, қаржы және өзге де заңнама нормаларын қолдану сұрақтары қаралған.     
Түйін  сөздер:  процессуалдық  шешім,  сот  шешімдері,  құқықтық  және  іс  жүзіндегі  негіздер,  қылмыстық 
процесс, шешімдер қабылдау. 
 
В  настоящей  статье  авторы  дали  характеристику  фактическим  и  правовым  основам  процессуальных 
решений  в  уголовном  процессе.  Были  раскрыты  вопросы  применения  норм  гражданского,  гражданского 
процессуального,  семейного,  финансового  и  иного  законодательства  в  рамках  принятия  процессуальных  решений  в 
уголовном процессе.    
Ключевые  слова:  процессуальные  решения,  судебные  решения,  правовые  и  фактические  основы,  уголовный 
процесс, принятия решений. 
 
In  this  article,  the  authors  gave  a  description  of  the  factual  and  legal  basis  of  procedural  decisions  in  criminal 
proceedings.  It  was  disclosed  issues  of  application  of  norms  of  civil,  civil  procedure,  family,  financial,  and  other  laws  in  the 
decision-making process in criminal proceedings. 
Keywords: procedural decisions, judgments, legal and factual bases, criminal procedure, the decision-making. 
 
Іс  жүргізу  шешімдерін  кабылдаудың 
құқықтық  негіздерін  белгілеу  іс  жүзіндегі 
негіздер  жүйесімен  өзара  тығыз  байланыста 
болады.  Шешімнің  іс  жүзіндегі  сипатын 
құрайтын 
жағдайлардың 
қажетті 
жиынтығының  болуы  құқықтық  тұрғыдан 
ресімдеу  үшін  негіз  бола  алады.  Және  де  іс 
жүзіндегі  жағдайлардың  қажетті  жиынтығы 
заңда белгіленген. 
Атап  айтқанда,  П.А.  Лупинская  былай  деп 
атап  көрсетеді:  «Қылмыстық  процестің  бүкіл 
кезеңдерінде  әрбір  кезеңнің  міндеттеріне 
сәйкес  дәлелдеу  тақырыбына  енгізілген 
барлық  жағдайлар  (сотқа  дейінгі  тергеп-
тексеру,  сот  талқылауы  кезеңдерінде)  немесе 
осы  жағдайлардың  бір  бөлігі  анықталады 
немесе  осы  жағдайларды  анықтауға  қатысы 
заң  талаптарының  орындалуы  тексеріледі 
(сотқа беру алдындағы кезеңде, апелляциялық 
іс  жүргізуде).  Жағдайларды  анықтау  тиісінше 
шешімнің іс жүзіндегі негіздерін құрайды» [1, 
304б.]. 
Шешім  қабылдайтын  кезеңнің  мақсаттары 
мен  міндеттеріне  байланысты  шешімнін  іс 
жүзіндегі  және  құқықтық  негіздері  әр  түрлі 
болады.  Мәселен,  сотқа  дейінгі  тергеп-
тексеруді құқықтық ресімдеу үшін қылмыстық 
құқық  бұзушылық  белгілерінің  бар  екендігі 
туралы  жеткілікті  деректерді  қамтитын  іс 
жүзіндегі  негіздер  кажет.  Жеткіліктілік  -  іс-
әрекетті  Қылмыстық  кодекс  нормаларына 
сәйкес  бір  мәнді  бағалауға  мүмкіндік  беретін 
сенімді  ақпарат  көлемімен  айқындалады.  Бұл 
жағдай 
жан-жақтылық, 
толықтық 
және 
объективтілік  талаптарына  жауап  беретін 
дәлелдеу  процесі  сотқа  дейінгі  тергеп-тексеру 
басталғанннан  кейін  жүзеге  асырылатын 
қызметтін 
тақырыбын 
құрайтындығын 
білдіреді.  Айыптау  актісін  шығару  үшін  істі 
тергеу  аяқталғандығын  куәландыратын  іс 
жүзіндегі негіздер қажет. Шешім қабылдаудың 
құқықтық  негізі  заң  белгілеген  барлық 
шарттардың  бар  екендігі  болып  табылады. 
Басқаша айтсақ, шешімді іс жүргізуге ресімдеу 
үшін  ресімделген  өзге  де  (алдында  болып 
өткен)  іс-қимылдар  қажет.  Мәселен,  судья 
адамды  камауға  алу  туралы  санкция  беруге 
шешім қабылдауы үшін барлық процедуралық 
талаптарды 
ескере 
отырып 
жасалған 
бұлтартпау  шараларын  қолдану  туралы  қаулы 
нысанындағы  құқықтық  негіз  қажет.  Ол 
келесідей тәртіппен қабылданады.  Бұлтартпау 
шарасы  ретінде  күзетпен  ұстауды  таңдау 
қажет  болған  кезде  сотқа  дейінгі  тергеп-
тексеруді жүзеге асыратын адам ҚПК-тің 140-
бабына  сәйкес  сот  алдында  осы  шараны 
қолдануға  санкция  беру  туралы  өтінішхатты 
қозғау  туралы  қаулы  шығарады.  Қаулыға 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
82 
өтінішхаттың 
негізділігін 
растайтын, 
қылмыстық  істің  расталған  көшірмелері  қоса 
беріледі.  Осы  бұлтартпау  шарасын  таңдау 
туралы  қаулы,  сот  алдында  оны  қолдануды 
санкциялау  туралы  өтінішхат  оған  қоса 
берілген  барлық  материалдармен  бірге  ұстап 
алу  мерзімі  біткенге  дейін  он  сегіз  сағаттан 
кешіктірілмей  прокурорға  ұсынылуға  тиіс. 
Прокурор  сотқа  дейінгі  тергеп-тексеруді 
жүзеге  асыратын  адамның  өтінішхатын 
қолдау, күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау 
туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау 
үшін 
негіздерді 
қамтитын 
барлық 
материалдармен  танысуға  міндетті  және 
күдіктіден,  айыпталушыдан  жауап  алуға 
құқылы. 
Прокурор 
ұсынылған 
барлық 
материалдарды зерделеп: 
1)  өтінішхатты  қолдау  және  бұлтартпау 
шарасын  санкциялау  туралы  мәселені  шешу 
үшін материалдарды сотқа жіберу туралы; 
2)  өтінішхатты  қолдаудан  бас  тарту  және 
күзетпен  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасын 
қолдануға  негіздің  болмауына  байланысты 
күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы; 
3)  өтінішхатты  қолдаудан  бас  тарту  және 
қылмысты 
жасады 
деген 
күдіктің 
расталмауына  байланысты  күдіктіні  босату 
туралы  шешімдердің  бірін  қабылдайды. 
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 
санкциялау  туралы  өтінішхатты  қолдаған 
жағдайда,  прокурор  қылмыстық  қудалау 
органының  қаулысына  келісім  білдіреді.  Бас 
тартқан  жағдайда  прокурор  уәжді  қаулы 
шығарады.  Прокурор  тергеу  судьясына  өзге 
бұлтартпау  шарасын  санкциялау  туралы 
өтінішхат 
жіберуге 
құқылы. 
Күдіктіні 
күзетпен 
ұстауды 
санкциялау 
туралы 
өтінішхатты  қолдаудан  бас  тарту  және 
күзетпен  ұстаудан  босату  туралы  қаулы 
мүдделі  тұлғаларға  жіберіледі.  Көрсетілген 
қаулыға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге 
асыратын  адам  не  өзінің  құқықтары  мен 
мүдделерін немесе өзі өкілдік ететін құқықтар 
мен 
мүдделерді 
қорғайтын 
процеске 
қатысушылар жоғары тұрған прокурорға ҚПК-
тің   106-бабында  көзделген  тәртіппен  шағым 
жасай  алады.  Сотқа  дейiнгi  тергеп-тексерудi 
жүзеге  асыратын  адамның  күзетпен  ұстауға 
санкция  беру  туралы  өтінішхатты  қозғау 
туралы  прокурормен  келiсiлген  қаулысы, 
сондай-ақ 
оның 
негiздiлiгiн 
растайтын 
материалдар  ұстап  алу  мерзiмi  аяқталардан 
бұрын  он  екi  сағаттан  кешіктірілмей  тергеу 
судьясына  ұсынылуға  тиiс,  бұл  туралы 
мүдделi тұлғалар хабардар етiледi. 
Күзетпен  ұстауды  санкциялау  құқығы  – 
аудандық  және  оған  теңестірілген  соттың 
тергеу  судьясына  тиесілі.    Тергеу  судьясы 
материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап 
сегіз  сағаттан  кешіктірілмейтін  мерзімде, 
күзетпен  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасын 
санкциялау  туралы  өтінішхатты  ҚПК-тің  56-
бабында айқындалған тәртіпті сақтай отырып, 
прокурордың,  күдіктінің,  айыпталушының, 
оның  қорғаушысының  қатысуымен  қарайды. 
Сот  отырысына  заңды  өкіл  мен  өкіл  де 
қатысуға құқылы. Сот отырысының орны мен 
уақыты  туралы  сот  уақтылы  хабарлаған 
жағдайда, 
көрсетілген 
процеске 
қатысушылардың  келмеуі  сот  отырысын 
өткізуге  кедергі  болмайды.  Сот  отырысы 
барысында хаттама жүргізіледі. 
Күзетпен 
ұстауды 
санкциялауға 
байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу 
судьясы істің көрсетілген бұлтартпау шарасын 
таңдау  кезінде  ескерілетін  мән-жайларға 
қатысты 
материалдарын 
зерттеумен 
шектеледі. 
 Қажет  болған  жағдайда  судья  қылмыстық 
істі талап етіп алдыруға құқылы. 
Тергеу 
судьясының 
күзетпен 
ұстау 
түріндегі  бұлтартпау  шарасын  санкциялау 
туралы 
өтінішхатты 
күдіктінің, 
айыпталушының 
қатысуынсыз 
қарауына 
күдіктіге, 
айыпталушыға 
іздестіру 
жарияланған 
немесе 
олар 
Қазақстан 
Республикасының  шегінен  тысқары  жерде 
болған  және  сот  отырысының  уақыты  мен 
орны  туралы  тиісінше  хабарланған  кезде 
қылмыстық  процесті  жүргізетін  органға 
келуден  жалтарған  жағдайларда  ғана  жол 
беріледі.  Ұстап  алынған  жағдайда  күдікті, 
айыпталушы  таңдалған  бұлтартпау  шарасын 
қолданудың  негізділігін  қарау  үшін  тергеу 
судьясына 
жеткізіледі. 
Тергеу 
судьясы 
отырыстың  басында  қандай  өтінішхаттың 
қаралуға 
жататынын 
хабарлайды, 
сот 
отырысына 
келген 
адамдарға 
олардың 
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан 
кейін  прокурор  күдіктіні  күзетпен  ұстауды 
бұлтартпау 
шарасы 
ретінде 
таңдаудың 
қажеттігін  негіздейді,  содан  соң  күдікті, 
айыпталушы  және  сот  отырысына  келген 
басқа  да  тұлғалар  тыңдалады.  Прокурордың 
осы  өтінішхатын  қарау  барысында  күдікті, 
айыпталушы 
және 
олардың 
мүддесінде 
қорғаушы  үйқамақ  немесе  кепіл  түріндегі 
бұлтартпау 
шараларын 
қолдану 
туралы 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
83 
өтінішхат мәлімдеуге құқылы. 
Тергеу  судьясы  күдіктіні,  айыпталушыны 
күзетпен  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасын 
санкциялау 
туралы 
өтінішхатты 
қарау 
нәтижесі 
бойынша 
күзетпен 
ұстауды 
санкциялау  туралы  не  санкциялаудан  бас 
тарту  туралы  қаулы  шығарады.  Тергеу 
судьясы  екі  ай  мерзімге  күзетпен  ұстауды 
санкциялау  үшін  жеткілікті  негіздер  барын 
байқамаса,  он  тәулікке  дейінгі  мерзімге 
күзетпен  ұстауды  не  үйқамақ  түріндегі 
бұлтартпау 
шарасын 
немесе 
кепілді 
қолдануды санкциялауға құқылы. 
Тергеу  судьясы,  аса  ауыр  қылмыстар 
туралы  істерді  қоспағанда,  күзетпен  ұстау 
түріндегі  бұлтартпау  шарасын  санкциялау 
туралы  қаулы  шығарған  кезде  осы  баптың 
тоғызыншы  бөлігінде  көзделгеннен  басқа 
жағдайларда,  күдіктінің,  айыпталушының 
ҚПК-тің 140-бабының 
үшінші 
бөлігінде 
көзделген  міндеттерді  орындауын  қамтамасыз 
ету  үшін  жеткілікті  болатын  кепіл  мөлшерін 
айқындауға міндетті. 
Күдікті, айыпталушы не басқа тұлға кепілді 
кез келген уақытта тергеу судьясының, соттың 
күзетпен  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасын 
санкциялау  туралы  қаулысында  белгіленген 
мөлшерде енгізуге құқылы. 
Тергеу  судьясы,  сот  күзетпен  ұстау 
түріндегі  бұлтартпау  шарасын  санкциялау 
туралы қаулыны шығарған кезде: 
1)  адамға  жәбірленушінің  өліміне  әкеп 
соққан  қылмыс  жасады  деп  күдік  келтірілген, 
айып тағылған; 
2)  адамға  қылмыстық  топтың  құрамында 
қылмыс,  сондай-ақ  өзге  де  террористік  және 
(немесе)  экстремистік  қылмыстар  жасады  деп 
күдік келтірілген, айып тағылған; 
3)  күдікті,  айыпталушы  сот  ісін  жүргізуге 
кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан 
жасырынады  деп  пайымдауға  жеткілікті 
негіздер бар болған; 
4)  күдікті,  айыпталушы  бұрын  таңдалған 
кепіл  түріндегі  бұлтартпау  шарасын  бұзған 
жағдайларда, кепіл белгілемейді. 
Өзіне қатысты тергеу судьясының қаулысы 
шығарылған  адамға  сол  қаулы  дереу  табыс 
етіледі,  сондай-ақ  сотқа  дейінгі  тергеп-
тексеруді 
жүзеге 
асыратын 
адамға, 
прокурорға,  жәбірленушіге  және  күдікті, 
айыпталушы  отырған  күзетпен  ұстау  орны 
мекемесінің  бастығына  жіберіледі  және  дереу 
орындалуға жатады. 
Іс  жүргізу  шешім  қабылдаудың  құқықтық 
негізінің  материалдық  та,  процедуралық  та 
сипаты болуы мүмкін. Және де процедуралық 
белгі  барлық  іс  жүргізу  шешімдеріне  тән. 
Материалдық белгі қылмыстық құқықтық баға 
берудің мәнін құрайтын фактілерді дәлелдеуге 
байланысты  құқықтық  негізі  бар  шешімдерге 
тән  болады.  Мұндай  шешімдердің  қатарына, 
мәселен,  айыптау  үкімін  шығарған  сот 
қаулысы,  сотқа  дейінгі  тергеп-тексерудің 
басталғаны. 
Сонымен, 
шешімді 
қабылдаудың 
іс 
жүзіндегі  негізін  оның  алдындағы  құқықтық 
негіздердің  сипаты  айқындайды.  Әрбір  іс 
жүргізушілік шешімнің оның өзіне ғана тән іс 
жүзіндегі  және  құқықтық  негіздері  болады, 
олардың мазмұнын заң белгілейді. 
Іс  жүргізудің  және  материалдық  құқықтың 
нысан  мен  мазмұн  сипатында  қатынас  жасау 
жағдайы  материалдық  құқық  нормаларын  іс 
жүргізу  шешімдерінде  қолдануды  көздейді. 
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  үшін  анағұрлым 
маңыздылары  қылмыстық,  азаматтық  және 
әкімшілік  -  құқықтың  нормалары  болып 
табылады. 
Қылмыстық 
құқықтың 
нормаларын 
пайдалану  егер  құқық  бұзуда  қылмыстық 
жазаланатын  әрекет  белгілері  болса  құқық 
бұзушылықты  қалпына  келтіруге  бағытталған 
қылмыстық  процестің  мәнімен  байланысты. 
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуді  бастау  үшін 
Қылмыстық  кодекс  нормаларына  жататын 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  белгілерінің 
болуы  негіз  болып  табылады.  Сонымен, 
міндетті  элемент  ретінде  Қылмыстық  құқық 
бұзушылық  туралы  арыздың,  хабардың  Сотқа 
дейінгі 
тергеп-тексерулердің 
бірыңғай 
тізілімінде  тіркелуі  кезінде  Қылмыстық 
кодекстің 
нақты 
баптарына 
(олардың 
бөліктеріне)  сілтеме  жасалады.  Және  де 
Қылмыстық  кодекс  қылмыстық  қудалауды 
бастау 
туралы 
қабылданған 
шешімнің 
құқықтық негізі болып табылады. Іс бойынша 
барлық  негізгі  шешімдерде  міндетті  түрде 
Қылмыстық  кодекс  нормаларына  сілтеме 
болады.  (бұлтартпау  шараларын  қолдану, 
айыптау актісі, сот үкімі және басқалары). 
Қылмыстық  іс  жөніндегі  шешімдерде 
азаматтық құқық нормаларын қолдану сот ісін 
жүргізуге  қатысушылардың  конституциялық 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз 
етуге  байланысты.  Бұл,  әсіресе  азаматтық 
талапты  шешу  кезінде  көзге  айқын  түседі. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылық  келтірген 
зиянның  мөлшерін  анықтау  әрекетті  дұрыс 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
84 
бағалау  үшін  қажет.  Зиянды  анықтау  тәртібі 
азаматтық құқықтық нормаларымен реттеледі. 
Сотқа  дейінгі  кезендерде  азаматтық  құқық 
нормаларын қолданудың ерекшелігі - тергеуші 
өзінің 
шешімдерінде, 
әдетте, 
АК-тің 
баптарына  тікелей  сілтеме  жасамайды,  бірақ 
іс-қимылдың  мазмұны  іс  жүзінде  АК-тің 
нақты  нормалары  керсетілетін  сот  шешімін 
әзірлеп жатқандығын куәландырады. Сонымен 
сотқа  дейінгі  кезенде  азаматтық  құқық 
нормаларын  тікелей  қолдану  (АК-ке  сілтеме 
жасау) болмауы да мүмкін, бірақ ол іс жүргізу 
шешімінің  мәнінен  туындауы  да  ғажап  емес. 
Мәселен,  азаматтық  талапты  қамтамасыз  ету 
мақсатында  мүлікті  пайдалануға  тыйым  салу 
іс  жүргізу  түрінде  АК  нормасына  сілтеме 
жасамай-ақ  ресімделеді.  Мұндай  іс-әрекет 
қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  шектерінде 
азаматтық  құқықтық  салдарлар  болуының 
ықтималдығын әзірлейді. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  шешімдерінде 
әкімшілік-құқық  нормаларын  қолдану  екі 
жағдайда орын алуы мүмкін: 1) айыпталушыға 
қатысты  әкімшілік  ықпал  ету  шараларын 
қолдану негіздерін анықтау; 2) преюдициалық 
белгілерді анықтау [2, 304б.]. 
Преюдиция 
ҚПК-тің 
127-бабында 
көзделген:  соттың  қылмыстық  iс  бойынша 
заңды 
күшiне 
енген 
үкімі, 
сондай-ақ 
қылмыстық  істі  мәні  бойынша  шешетін  басқа 
да  шешiмі  анықталған  мән-жайларға  да, 
олардың 
соттың 
үкімі 
мен 
шешімі 
шығарылған 
адамға 
қатысты 
құқықтық 
бағалануына  қатысты  да  барлық  мемлекеттік 
органдар,  жеке  және  заңды  тұлғалар  үшiн 
мiндеттi. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да 
шешiмдерiн  жаңадан  ашылған  мән-жайлар 
бойынша 
кассациялық 
тәртіппен 
және 
қадағалау  тәртiбімен  тексеруге,  олардың 
күшiн  жоюға  және  оларды  өзгертуге  кедергi 
болмайды.  Соттың  азаматтық  iс  бойынша 
заңды  күшiне  енген  шешiмi  сотқа  дейінгі 
тергеп-тексеру немесе қылмыстық iс бойынша 
iс  жүргiзу  кезiнде  қылмыстық  процестi 
жүргізетін  орган  үшiн  оқиғаның  немесе 
әрекеттiң  орын  алғаны  не  алмағаны  туралы 
мәселе  жөнiнде  ғана  мiндеттi  және  ол 
сотталушының  кiнәлiлігі  немесе  кiнәсіздігі 
туралы  түйіндерді  алдын  ала  шешпеуге  тиiс. 
Соттың  заңды  күшiне  енген,  өзінде  талап 
қоюды  қанағаттандыру  құқығы  танылатын 
үкiмi  сот  үшiн  оның  азаматтық  iсті  қарауы 
кезiнде  осы  бөлiгінде  мiндеттi.  Нақ  сол  күдік 
бойынша 
қылмыстық 
қудалаудың 
тоқтатылғаны 
туралы 
қаулыдан 
басқа, 
қылмыстық  қудалау  органы  қаулысының  сот 
үшiн мiндеттi күшi болмайды. 
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  ісінде  еңбек, 
отбасылық,  қаржылық  және  құқықтың  басқа 
да  салаларының  нормаларын  қолдануға 
негізделген  шешімдер  орын  алуы  мүмкін 
екендігін атап өту керек. 
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде  азаматтық-
процессуалдық 
құқықтың 
нормаларын 
қолдану  туралы  мәселені  шешу  пікірталас 
туғызып келеді. Азаматтық іс жүргізу кодексін 
қолдануды  В.  Божьев,  А.  Мазалов,  В. 
Понарин, Ю. Манаев жақтайды. Атап айтқанда 
А.  Мазалов  өз  көзқарасын  былай  деп 
дәлелдейді:  «Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде 
азаматтық 
талап 
бойынша 
Азаматтық 
қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  реттелмеген 
қатынастарды  қаншалықты  реттейтін  болса, 
соншалықты деңгейде қолданылады» [3, 18б.]. 
Ал  В.  Божьевтің  талас  тудырып  жүрген 
тезисті  негіздеуі  сенімді  сейілтеді,  атап 
айтқанда  ол  былай  деп  жазды:  «Мүліктік 
нұқсанның орнын толтыру талабы қылмыстық 
іспен  бірге  немесе  бөлек  (қылмыстық  істі 
қарағанға  дейін  немесе  кейін)  кез  келген 
тәртіпте  ықтимал  қаралуы  фактісінің  өзі 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  келтірілген 
нұқсан  үшін  қылмыстық  және  азаматтық 
құқықтық 
жауапкершіліктің 
негізі 
бір 
екендігін 
куәландырады. 
Жәбірленушіге 
зиянды  өтеу  туралы  талап  арыздың  тәртібін 
таңдау  құқығының  берілуінің  өзі  көп  нәрсені 
аңғартады.  Тіпті  осы  жағдайлардың  өзі 
қылмыстық  іс  жүргізу  нормаларының  және 
азаматтық 
іс 
жүргізу 
заңдарының 
қолданылатын  салалары  арасында  шекаралық 
сызық жүргізудің мүмкін еместігін көрсетеді» 
[4, 304б.]. 
Мәлім 
етілген 
азаматтық 
талапқа 
байланысты  сотқа  дейінгі  тергеп-тексеру 
процесінде,  сотқа  беру  алдында  және  сот 
талқылауы  кезеңдерінде,  сондай-ақ  процестің 
кейінгі  кезеңдерінде  өзінің  мазмұны  мен 
сипаты  бойынша  әр  түрлі  бірқатар  құқықтық 
қатынастар,  атап  айтқанда,  таза  азаматтық 
құқықтық  қатынастар  туындайды  (мәселен, 
тиісті  емес  талапкердің  немесе  тиісті 
жауапкердің  өтініш-талабына  байланысты 
туындайтын  құқықтық  қатынастар).  Олар,  сөз 
жоқ,  азаматтық  іс  жүргізушілік  заңдардың 
нормаларымен реттеледі [5, 118б.]. 
Бұл  орайда  зерттеушілер  мынаны  да  атап 
өтеді:  қылмыстық  іс  жүргізу  шешімдерінде 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
85 
азаматтық  іс  жүргізу  нормаларын  қолдану 
қылмыстық 
іс 
жүргізу 
құқығының 
нормаларына қайшы келмеуге тиіс. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  шешімдерінде  өзге 
құқық  салаларының  нормаларын  қолданудың 
тәртібі  мен  шарттарын  талдай  келіп,  Ю. 
Манаев  қылмыстық  процесте  Азаматтық  іс 
жүргізу  кодексі  нормаларын  қолданудың 
шектері туралы мәселе қояды [5, 119б.].  Мұны 
шешудің  нұсқасы  ретінде  ол  ҚПК-де  жоқ 
ережелерді  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінің 
ережелері  есебінен  толықтырып,  құқық 
нормаларын  аралас  қолдануды  ұсынады. 
Қылмыстық 
процесте 
қабылданатын 
шешімдердің 
мәтіндерінде 
азаматтық, 
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларына 
сілтеме  жасау  қажеттігі  туралы  мәселені 
талқылау  әр  түрлі  пікірлер  туғызуда.  Біз 
заңдылықты,  дәлелдікті  және  негізділігін, 
сондай-ақ 
іс 
жүргізушілік 
шешімінің 
негізділігін талап ету мұндай сілтемелер жасау 
қажеттігінен  туындайды  деген  ойға  бір  табан 
жақынбыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.Лупинская П.А. Решение в уголовном судопроизводстве. М., 1976. – 370 с. 
2.Юридический энциклопедический словарь. М., 2008. – 1020 с. 
3.Мазалов А. Г. Гражданский иск в уголовном процессе. М., 1967. С. 18. 
4.Божьев 
В.П. 
Применение 
норм 
ГПК 
при 
рассмотрении 
гражданского 
иска в уголовном процессе//Сов. юстиция. 1971. №15. С. 18-22. 
5.Манаев 
Ю.В. 
Применение 
норм 
гражданского 
и 
административного 
права в решениях по уголовному делу //Вопросы борьбы с преступностью. М., 1980. С. 118-122. 
 
Стамгазинова Салтанат Сабитовна 
магистр права, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей 
Толеуханова Динара Ерсынкызы 
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей 
Правовые и фактические основы решений в уголовном процессе 
 
Stamgazinova Saltanat Sabitovna 
Master of Law, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city 
Toleuhanova Dinara Ersynkyzy 
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city 
The legal and factual basis of decisions in criminal proceedings 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
86 
ОӘЖ 34.4414 
 
Исмагулов Аскербек Еркинович 
аға оқытушы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
 
ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасы  азаматтық  құқықтық  заңнамасының  ерекшеліктері  қарастырылады. 
Азаматтық заңнаманың құрамына кіретін нормативті актілердің жиынтығы заңнамалардың ішіндегі басымдылығын 
көрсетеді. 
Түйін сөздер: кодекс, құқық, азаматтық заңнама, нормативтік құқықтық акт, заң шығарушы 
 
В  данной  теме  рассматриваются  особенности  гражданско-правового  законодательства  Республики 
Казахстан. Гражданское законодательство- правовой фундамент, на который должны опираться  все нормативные 
правовые акты, регулирующие особенности отдельных видов гражданских правоотношений. 
Ключевые слова: кодекс, право, гражданское законодательство, нормативно-правовой акт 
 
The civil code is a fundamental and backbone act. In other words, the Code created the uniform legal base on which all 
regulations regulating and detailing features of separate types of civil legal relationship have to lean. 
Keywords: code, law, civil legislation, legal act 
 
Азаматтық заңнама дегенміз  – әр түрлі заң 
күші  бар  нормативтік  құқықтық  актілердің 
жиынтығы.  Сонымен  қатар  көп  жағдайда 
оларды  қамтитын  нормативтік  актілер  тек 
азаматтық  құқықтық  нормалардан  ғана  емес 
кешенді 
және 
салалық 
табиғаты 
бар 
нормаивтік актілер болуы мүмкін. 
Азаматтық 
кодекстің 
өзі 
азаматтық 
заңнаманы 
құрайтын 
жария 
құқық 
нормаларынан  құралған.  Заң  шығарушылар 
азаматық  заңнаманы  қалыптастыруда  салалық 
ерекшеліктерге  емес,  мазмұндалуына  көбірек 
ерекшеліктерін 
қарастырған. 
Мұнымен 
айтайын 
дегеніміз  азаматтық 
құқықтық 
қатынастар  жария  құқық  пен  жеке  құқықтың 
нормаларын  пайдалану  арқылы  қалыптасады. 
Азаматтық 
заңнаманың 
негізгі 
ерекшеліктеріне 
онда 
диспозитивтік 
нормалардың көбірек қолданылуы. 
Қатысушылар 
өздерінің 
әрекеттерінде 
басқаша 
мүмкіндіктерді 
қарастырмаған 
жағдайда  заңнамалардағы  басқа  нормалардың 
өздері  күшіне  ене  алатындай  болуы.  Бұл 
нормаларды  толықтаушы  нормалар  деп  те 
атасақ  болады.  Мұндай  нормаларды  көбіне 
мүліктік  айналымдағы  шарттық  қатынастарда 
жиі 
кездестіреміз. 
Диспозитивтік 
нормалардың ерекшелігіде осында, яғни «егер 
шартпен  қарастырылмаса»  деген  ережеге 
сәйкес  заң  нормалары  қажет  болғанда  өз 
қызметтерін жүзеге асыра бастайды. 
Азаматтық 
заңнамадағы 
императивті 
нормалар  өзінің  қалыпты  мазмұнынымен 
көпшілікке  міндетті  болып  қалыптасады. 
Мысалы:  субьектілердің  құқықтық  жағдайын 
анықтағанда, 
азаматтық 
құқықтық 
қатынастардың  обьектілерінің  режимінде, 
заттық  құқықтың  мазмұны  императивті 
нормалардан 
қалыптасады. 
Азаматтық 
заңнаманың  құрамына  кіретін  нормативті 
актілердің жиынтығы  заңнамалардың ішіндегі 
басымдылығын көруге болады. Оның осындай 
салмағы 
азаматтық-құқықтық 
реттеудің 
пәнінің қиындығы мен кеңдігінде. 
Заңдарға  көп  мөлшерде  өзгерістер  мен 
толықтырулар көптпеп енетін болса оны қайта 
редакциялап баспадан шығару керек, ал ескісі 
өзінің 
күшін 
жоғалтады. 
Заңнаманы 
жүйелеудің  бірден  бір  әдісі,  ол  заңдарды 
кодификациялау, бұл жағдайда ескі заңдардың 
күші  жойылады.  Кодекстің  ерекшелігі,  оның 
белгілі  бір  жүйе  бойынша  қолданылатын 
саланың  ерекшелігіне  байланысты  жалпы 
ережелер  қалыптастырылып,  тиісті  саланың  
негізгі заңнамасына айналтындығында. 
Азаматтық  құқықта  кодификация  жалпы 
(салалық) немесе жеке сипатта болуы мүмкін. 
Біріншісінде,  Азаматтық  кодексте  осы  құқық 
саласының 
негізгі 
нормалары 
мен 
институттарын қамтиды. 
Екіншісінде,  кодекс  түрінде  қабылданып, 
тек 
кішігірім 
топтардың 
қоғамдық 
қатынастарын  реттеуге  арналған  болуы 
мүмкүн.  Мысалы:  ҚР  еңбек  кодексі,  орман 
кодексі, су кодексі т.б. 
Азамттық 
құқықтың 
нормалары 
дифференцияланып  баптарда  орналасқан,  осы 
баптар азаматтық құқықтың қайнар көзі болып 
табылады. 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
87 
Ал  үкіметтің  орындаушы  органдары  заң 
шығарушы 
бола 
алмайды, 
олардың 
нормативтік  актілерінің  тек  заң  күші  болады. 
Сонымен  азаматтық  құқықтың  нормалары 
заңдарда  және  заң  күші  бар  нормативтік 
актілерде  қалыптасады  екен.  Бұл  нормативтік 
актілердің  барлығы  өзінің  заң  күшіне  қарап 
ирархиялық  жүйе  бойынша  орналасады. 
Қаншалықты  актінің  күші  көп  болса  оның 
жүйедегі  орыны  жоғары  болады.  Мұндай 
азаматтық  заңнамалардың  орналасуы  тек 
теориялық  емес  тәжірибелік  маңызына  сәйкес 
келеді. 
Еліміз 
егемендік 
алып 
құқықтық 
мемлекетті қалыптастыра  бастаған кезеңдерде 
кеңес  одағы  заңнамаларды  қатар  қолданған 
кездер  болды.  Мұндайда  заңнамалар  саяси 
бағыттарға  бейімделіп,  жаңара  бастаған 
болатын. 
Азаматтық-құқықтық  нормативтік  актілер, 
әдетте 
азаматтық 
заңнамалар 
болып 
ирархиялық  қағида  бойынша  белгілі  бір 
жүйені құрайды. Бұл жүйенің мазмұны барлық 
нормативтік  актілер  мен  заңдардан  жоғары 
тұратын 
күші 
бар 
Конституцияның 
нормаларымен анықталып қойған [1]. 
Азаматтық  құқықтық  актілер  өзінің  заң 
күшіне байланысты үш топқа бөлінеді. 
-заң 
шығарушы 
болып 
табылатын 
Парламенттің  қабылдаған  жоғарғы  заң  күші 
бар заңдар мен нормативтік актілер; 
-заң  күші  бар  Президенттің  жарлықтары 
мен Үкіметтің қаулылары; 
-министрліктер 
мен 
ведмствалардың, 
атқарушы 
органдардың 
шығарған 
нормативтік-құқықтық актілері; 
Аталған  топтағы  заңдар  мен  нормативтік 
құқықтық актілер өздерінің өкілетті органдары 
арқылы  заң  күші  анықталады.  Заңнамаларды 
қалыптастыру 
тәртібінің 
сақталуына 
байланысты,  азаматтық  заңнаманың  нақты, 
қарамақайшылықсыз  жүйеге  айландырып, 
кездесетін  заңдардағы  көптеген  жағдайларды 
шешуде қажет. 
Азматтық  құқықтың  пәніне  жататын 
қоғамдық  қатынастарды  реттеуде  азаматтық-
құқықтық  нормативтік  актілер  арқылы  жүзеге 
асады. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей заң 
күші бар нормативтік актілер тұрақсыз болып 
келеді,  өйткені  мүліктік  және  мүліктік  емес 
қатынастардың  даму  динамикасы  өте  тез 
қарқындауда. 
Осындай 
әлеуметтік-
экономикалық 
тұрақсыз 
жағдайларда 
азаматтық 
заңдарда 
өзгертулер 
мен 
толықтыруларға толып жатыр [2]. 
Жалпы  теориялық  негіздерге  байланысты 
азаматтық заңдар мен олардың мәтіні міндетті 
түрде  жарялануды  қажет  етеді.  Яғни  заң 
шығарушы азаматтық нормалардың жариялық 
сипатын  осылай  көрсетеді.  Ал  енді  біз  жалпы 
азаматтық  заңдар  мен  нормативтік  актілерді 
жариялаудың жалпы ережесін қарастырамыз. 
Барлық  заңдар,  Қазақстан  Республикасы 
қатысушысы  болып  табылатын  халықаралық 
шарттар 
жарияланады. 
Азаматтардың 
құқықтарына, 
бостандықтары 
мен 
міндеттеріне  қатысты  нормативтік  құқықтық 
актілердің 
ресми 
жариялануы 
оларды 
қолданудың міндетті шарты болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 
Жаршысы  және  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  мен  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар 
болып табылады. 
Республикасының 
Үкіметі 
белгілеген 
тәртіппен  конкурстық  негізде  мұндай  құқық 
алған  мерзімді  баспа  басылымдарда  жүзеге 
асырады. 
Нормативтік  құқықтық  актілерді  ресми 
мәтіндерін 
кейіннен 
жариялауды 
баспа 
басылымдары 
ҚР 
Үкіметі 
белгілейтін 
тәртіппен  және  олар  жариялайтын  мәтіндер 
Қазақстан 
Республикасы 
нормативтік 
құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау 
банкіне  сәйкестік  сараптамасынан  өткізілген 
жағдайда жүзеге асырады [3]. 
Құқық  қолдану  тәжірибесінде  нормативтік 
құқықтық  актілердің  ресми  жарияланымдары 
пайдаланылуы  тиіс.  Нормативтік  құқықтық 
актілердің бейресми жариялануына олар ресми 
жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі. 
Қазақстан Республикасының Президентінің 
жарлықтары, 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің  қаулыларын  жариялау  ҚР  бүкіл 
аумағында 
таратылатын  мерзімді 
баспа 
басылымдарында ғана жүзеге асырылады. 
Кейбір  заңдарда  тікелей  оның  заң  күшіне 
ену  тәртібі  көрсетіліп  қояды.  Ондай  тәртіптер 
мысалы:  жаңа  заңның  қабылдануын  немесе 
жалпы 
қалыптасқан 
мерзімдерден 
кеш 
мерзімді 
қарастыруы 
мүмкүн. 
Кейбір 
заңнамаларға  өзгеріс  енгізетін  кодекстер  мен 
маңызды заңдар қабылданғанда кіріспе заңдар 
қабылдануы  мүмкүн.  Мысалы:  Қазақстан 
қатысатын 
халықаралық 
шарттарды, 
ратификациялайтын  заң  шыққаннан  кейін 
күшіне енеді. 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
88 
Азаматтық  құқықтық  қатынастарды  реттеу 
үшін  жарияланған  жергілікті 
атқарушы 
органдардың 
мәтіні 
міндетті 
түрде 
жарияланбасада 
кейбіреулерін 
міндетті 
мемлкеттік тіркеуден өткізу қажет болад. Егер 
нормативтік 
актілердің 
мазмұнында 
мемлкеттік  құпия  сақталатын  жағдайлар 
қарастырылса  көпшілікке  жарияланбайды. 
Заңдардың  көпшілікке  жариялану  талабы 
олардың  заң  күшіне  енудің  тағы  бір  міндеті, 
өйткені 
тиісті 
ақпарат 
құралдарында 
жарияланбаған 
нормаивтік 
актілердегі 
құқықтар  мен  міндеттері  азаматтық  дауларды 
қарауда қолдана алмаймыз. 
Соңғы  кездері  қабылданған  жаңа  зан 
мәтіндерінде  ескі  заңның  күшін  жоятындығы 
туралы  нормалар  қалыптасытыруды  қойды, 
бірақ  бұл  жалпы  заңдардың  қабылдану 
талаптарының бұзылғандығы емес. 
Азаматтық  заң  құжаттарының  кері  күші 
болмайды  және  өздері  күшіне  енгізілгеннен 
кейін 
пайда 
болған 
қатынастарға 
қолданылады.  Азаматтық  заң  құжаттарының 
заңдық  күші  өздері  күшіне  енгізілгенге  дейін 
пайда болған қатынастарға бұл оларда тікелей 
көзделген реттерде қолданылады. 
Бұл  нормалар  барлық  дамыған  елдерде 
қалптасқан, 
заңның 
ерекше 
бөлімі 
қабылдануымен 
азаматтың 
өмірі 
мен 
денсаулығына  келтірілген  зиянды  өтеуге 
байланысты  нормалар  кодекс  қабылданғанға 
дейін  үш  жыл  бұрын  болған  жағдайға  да 
қатыстылығы  бар  екендігін  айтады.  Бұл 
заңмен  салымшылардың  мүддесіне  қатысты 
жағдайларды  да  қарастырған.  Мұндай  тәртіп 
заң  күші  бар  нормативтік  актілерге  қатысты 
екендігі  айтылып  кеткен.  Басқа  жағдай  егер 
азамттық  құқықтық  қатынастар  ұзағынан 
болған  кездері:  Мысалы,  егер  заң  белгілі  бір 
талап  бойынша  мерзімнің  ұзақтығы  оның 
әрекет  етуіне  дейін  өзгерсе,  ал  сотқа  заң 
қабылданғаннан кейін талаптанатын болса қай 
заң  нормалары  қолданылады  деген  сұрақ 
туындайды. 
Бұл  жағдайда  ережелерге  сәйкес  құқықтық 
қатынастардың  негізі  ескі  заң  нормаларымен 
пайда  болғандығы  танылып,  қолданыстағы 
жаңа заң нормалары бойынша шешіледі. 
Ал  шарттарға  қатысты  жағдайларда  шарт 
жасасқан 
тараптардың 
құқықтары 
мен 
міндеттері  сол  қалыпында  қалады,  яғни  дау-
дамай  туындағанда  шарт  мазмұны  бойынша 
ескі  заң  тәртібі  қолданылады.  Осылайша  заң 
шығарушылар 
азаматтық 
құқықтық 
қатынастарды  реттеуде  тараптардың  мүддесі 
үшін қызмет етеді. 
Ал  енді  азаматтық  заңнамалардың  кеңістік 
пен  тұлғаларға  әсер  етуі  туралы  айтатын 
болсақ,  бұл  жағдайдың  да  өзіне  тән 
ерекшеліктері мен қалыптасқан заңдылықтары 
бар. 
Айтлып  кеткендей  азаматтық  заңнама 
Қазақстанның 
барлық 
терртиториясында 
қолданылады. 
Мүліктік 
айналымға 
байланысты  тек  Үкіметтің  шығарған  арнайы 
заңы  бойынша  азаматтардың  өмірі  мен 
денсаулығына,  табиғатты  қорғау  мен  мәдени 
құндылықтарға  байланысты  территориялық 
шектеулер қоюы мүмкін. 
Азаматтық 
заңнамалардың 
ережелері 
Қазақстан  азаматтарына,  заңды  тұлғаларға 
және 
құқықтық-жария 
құрылымдарға 
қолданылады.  Сонымен  қатар  азаматтық 
заңнама  шет  ел  азаматтары  мен  азаматтығы 
жоқ  азаматтарға,  шет  ел  заңды  тұлғаларына 
қатысты. 
Сонымен 
қатар 
Қазақстандық 
субьектілер  мен  шет  ел  контрагенттерімен 
халықаралық  құқық  нормаларын  қолдана 
алады.  Заң  шығарушының  кейбір  салалар 
бойынша  заңдарды  қолдануға  тиім  салу 
құқығы  бар.  Бұл  ережелер  заң  күші  бар 
нормативтік актілерге де қатысты бола алады. 
Азаматтық  қатынастардың  қиындығы  мен 
ауқымдылығы  кей  жағдайларда  азаматтық 
заңнамалармаен 
реттей 
алмайтын 
жағдайларды 
туындаттырады. 
Азаматтық 
шарттармен  азаматтық  айналымдағы  әдет-
ғұрып 
ережелерімен 
шеше 
алмайтын 
заңдардағы  олқылықтар  болған  жағдайда  біз 
заңдардың  ұқсатығы  бойынша  нормалрды 
қолдану  азаматтық  заңмен  рұқсат  берілген. 
Заңдардың  ұқсастығына  қарай  қолднудың  өз 
ерекше талаптары да қалыптасқан. 
Біріншіден,  мүліктік  қатынастардағы  салт-
дәстүрді 
қосқанда, 
заң 
құралдарымен 
қарастырылмаған  және  толықтырылмаған 
заңдағы олқылықтар болса;  
Екіншіден,  ұқсас  қатынастарды  реттейтін 
заң болатын болса. 
Үшіншіден, 
реттелетін 
қатынастарға 
қолданылатын 
заң 
оның 
маңызына 
қарамақайшы 
келмеу 
қажет. 
Мысалы, 
мәмілелер  туралы  ережені  жеке  мүліктік емес 
қатынастарға  қолдана  алмаймыз.  Заңнан 
сілтеме жасау  аналогияға  жатпайды. Мысалы, 
шектеулі  жауапкерілігі  бар  қоғамның  статусы 
туралы  ережені  қосымша  жауакершілігі 
барына  қолдана  алмаймыз,  өйткені  бұл  жерде 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
89 
заңдағы олқылықтар туралы емес, реттеу әдісі 
мен  ерекше  заңи-техникалық  тәсіл  туралы 
айтылады. 
Белгелі  бір  қатынастар  үшін  ұқсас 
құқықтық  реттеу  қалыптаспаған  жағдайда 
құқықтардың  ұқсастығы  қолданылады.  Оның 
маңызы  құқықтық  ретеу  қалыптаспағанда, 
тараптардың  құқықтары  мен  міндеттерін 
анықтауда  азаматтық  заңнама  бастауларын 
маңызы мен әділдік, ақылдылық, адамгершілік 
талаптарына сай болуында.  
Азаматтық заңнаманың бастаулары ретінде 
азаматтық-құқықтық 
реттеудің 
негізгі 
қағидаларын,  ал  мақсаты  ретінде  азаматтық 
құқықтың  пәні  мен  әдістерін  анықтауда 
салалық ерекшеліктерді айтамыз [4]. 
Азаматтық  заңнамалардың  ұқсастығына 
байланысты  қолданылуы  сот  тәжірибесінде 
өте сирек кездеседі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана: «Елорда», 2011. – 120 б. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексі  (1994  ж.  27  желтоқсан)  (2016.07.26.  берілген өзгерістер 
мен толықтырулармен) – Алматы: Жеті-жарғы, 250 б. 
3. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Алматы 2001. – 365 б. 
4. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. І том. Оқулық. Алматы. 2004. – 450 б. 
 
Исмагулов Аскербек Еркинович  
старший  преподаватель,  Казахский  гуманитарно-юридический  инновационный  университет, 
г.Семей 
Гражданско-правовые особенности законодательства РК 
 
Ismagulov Askerbek Erkinovich 
Senior lecturer, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city 
Civil legislation of RK 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
90 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет