кетті. Мен тұншығып дем ала алмай қалдым. Ыстық пен аштық қа-
тар қосылған соң қойсын ба, есім ауып сандырақтай бастасам
керек... Тағы да бір шыныаяқ кофе ішпейсіз бе?.. Талғажау бола ма
деп шөп талмадым, одан жүрегім айнып, лоқсыдым. Бір тәулік
өткенде удай мас боп, сірә, бәйге ала алмаған болуы керек,
атбегілер келді. Біреуі жартылай ішілген бір шөлмек кокаколаны
маған қарай жіберсін кеп. Шөлмек быт-шыт болды да, сынған
шынының бір бөлігінде бір жұтым су қалды. Сол суды ішем деп
шынымен ернімді орып алдым. Қайта ұшып бара жатқанда
атбегілер вискиді суша сапырып, сандвичті
9
айыздары қанғанша
күйсеп, әбден ызамды келтірді. Бір жақсысы олар кенеп қапшықпен
аттарға су беріп тұрды, мен де жануарлармен бірге сол судан
кепкен аңқамды бастым...
Бұл әңгіме империализмге қарсы солшыл жастардың ниетін өз
кәделеріне жымын білдірмей пайдалана қоятын империалистік
жылмақайлықтың комендантенің са-қал көмкерген қайғылы бет-
жүзін мөр ғып басып, қаптаған көйлек-көншек шығара қоймаған
1963 жылы болып еді. Команданте жазу үстеліне ғайыптан тайып
келе қалмаған Қытайдағы партизандық соғыс туралы кітапты
саусақтарымен шертіп қойып, менің жанымда кофе ішіп отырған.
Бірақ, Боливияға дейін-ақ оның аты көзтірісінде аңызға айналып
кеткен болатын, ал есімі тірісінде аңызға айналғандарға ажалдың
да көзі аларып көп қарайтыны белгілі. Ал бұл сол ажалды өзі
іздеген сияқты. Сондай бір аңыз ретінде оның күтпеген жерден
саусақпен са-нарлық сай тасындай бір топ серіктесімен Вьетнамға
ұшып келіп, Хо Ши Минге бірге күрескісі келетінін біл-діргенін
9
Сандвич – арасына ет салынған нан..
айтады, бірақ Хо Ши Мин инабатпен қарсылық білдіріпті дейді.
Шыбын мен маса құжынаған Боливияның батпақты елді
мекендерін ендей кезіп жүріп команданте ажалмен қаймықпай
қарсыласуын сонда да қойған жоқ. Оны сатқан солар үшін өлімге
бас тігіп, қайтсем бүйірін шығарамын деп жүрген өзінің аштары
болатын. «Батыр – аңғал» деген, ал бұл баспаналатқандарға
уәдемен байытқанындай бас еркін берудің орнына, олардың
әрқайсысын қанға бояп өз соңында жазалаушылардың жүргенін
ескерген жоқ. Ажал оған Ля Игердегі ауыл мектебінде мұғалім
столында әбден шаршап, аурудан қажып отырған сәтінде келді.
Әскери наградадан есекдәме адамды есінен тандырып келетін «Тұр
орныңнан!» деген әкірең-айқай болады ғой, сол әкірең-айқаймен
келді – бірақ бұл балағаттайтын дүниесін әлгінде ғана сықпыртып
алып еді, әкірең-айқай әміріне сондықтан айылын жиып, орнынан
қозғалуды ойлаған да жоқ. Артынан ол үсті-үстіне жаудырған оқты
ауырсынудың орнына, ерегескендей – езуін жимай күліпті дейді,
сірә, бұл оның ажалды да айызы қанып қарсы алғаны болуы керек.
Оның пианистің саусақтарындай нәзік саусақты қолдарын өлі
денесінен шауып алып, самолетпен Ла – Пасқа дактилоскопиялық
таным жүргізу үшін алып кетті де, артынан адамдар келіп мінәжат
жасайтын бейіті болмас үшін сүйегін бұтарлап-бұтарлап далаға
лақтырып жіберді. Ол егерде, жан-тәсілім алдында езу тартып
күлген болса, адам – пенде бүкіл ғұмыр-тіршілігінде қолынан
келмейтін дүниеге ажалға бас тігіп, өлімге бел буғанда ғана қолын
жеткізуге болатынын түсінгендіктен күлген шығар. Егер Христос
өлермендікпен дербес пенсия алып барып көз жұмса, христиан діні
болмаған да, оған ешкім мінәжат етпеген де болар еді.
Ал сонда денесінен әлі шауып тасталмаған қолымен кофе ішіп
тұрып, әлі ойып алынбаған көздерімен өңменімді тесе қадалып,
команданте маған былай деп еді:
–
Адамдарды революционер жасайтын бірден-бір жағдай —
аштық қана. Не өзіңнің, не өзгенің аштығы. Бірақ соны өз өзегіңмен
сезінгенде ғана...
Тас жарып шыққан жаралы гүлдей,
жабайы гүлдей Каракас,
мұнаймен жардың шешек гүліңді –
мұнайға шып-шып қара тас.
Секілдісің сен,
сән сарайлар мен атнөпір лашық – ойнағы,
Жаулаушыларың астыңда жатыр –
шіріген сауыт-сайманы.
Қайсыбір бикеш көшеңде сенің торала шұлық балтырын
майыстырады,
қайыстырады. Қайшылай келіп қарпыды.
Әлдебір елес кезегіменен түрткілеп,
көсеудей семсерсымағы,
дірілдетіп қаңқаларды құлағынан бұрады.
Қаңқа бірақ қайдан тұрсын –
көсеу семсер көстеңі
Жылтыраған едендерді жыртып-тесіп шығады.
Жасатқан осы немерелер ғой –
мұнайдың мұнараларын,
лимузиндермен жүйткіп жүр әне,
артының қандай боларын
білмейді олар, құн төлейтінін –
буланып жатқан асфальтта
Колумбы семсерлері емес пе екен?
Төлейтін құнның хабарын –
төбе көтеріп білдіріп жатқан –
ішінде барын зауалын.
Бір аяқпенен билейді адамдар –
қайда қоярын біреуін
білмейді адамдар, қайда қоярын –
қай жерге барып тірерін.
Барларға барып, сөрелеріне
сүйкенген кезде сайтандар,
Че Гевараның кесілген қолын
басып кетпеңдер, байқаңдар!
Коктейльдерде түтік сорғанда –
сақ болыңдаршы, сабына –
командантенің ойылған көзін түрте көрмеңдер, тағы да!
Қараңғы түнде Каракастағы –
қара да құрым жақтарда,
Че Гевараның көлеңкесі де қараңдайды екен қапталда.
Бас киімінің маңдайындағы әлсіздеу жұлдыз жарығы
Әлемге қайдан жарық бере алсын –
кішкентай жарық жалыны?
Құрқылтайлардың ұяларындай
қисық үйлері қым-қуыт,
Орталық емес шеткі Каракас ашу-ызадан булығып,
конкистадорлар ескерткішіне қоймалжың құйып төбеден
танауын көкке көтерген тантып,
орталық сағын сындырып,
табиғат өзі қысастық жасап,
ыза суындай қап-қара
Нәжіс суымен шайқайды келіп,
шайқайды келіп тұндырып.
Орталықпыз деп танау көтеріп
шалқақтағанның барлығы
Сазайын түбі тартады сөзсіз,
тартқызады оны тағдыры!
Лыпасыз лашық, көр кепелердің
көрсең ғой егер іштерін,
қап-қара болып ашу-ызадан
қайрайтын аз ба тістерін.
Ушығып ашу, ушығып ыза
жаңағы нәжіс сулардан
Шашпай ма шайқап уылдырығын...
көрсетпей ме екен күштерін.
Булығып жатқан, буланып жатқан
осынау ұйық тірлікке,
Команданте, Сіз бенен біз де
шырмалғандармыз кіндіктен.
Бұл деген қамыт –
мойныңа таңып,
сөліңді сығып сүйрейсің,
Өле-өлгенше ме, өлгеннен соң ба –
сүйрейсің қанша... білмейсің.
Нысапсыз ұйық, табаның тиіп –
қалайша табан тірерсің,
тірілерге түгел «жыным бар» десе –
жымысқы сырын білерсің...
Табыттан бетер қамыттан шығар –
қалайша айла табасың,
қырқылған қолмен, күресіп кіммен
жыртарсың кімнің жағасын.
Махаббатыңды машақат көрер
мехнат-азап таратар
Ұрық көбейтіп, ұрпақ өсіру
қылмысқа мұнда пара-пар.
Ұйыққа батқан жанды қарғадай
бір-екі ессіз пірәдар
Құрдым – ұйықта қыбыр да қыбыр
.....
жанды қарғадай куәлар,
бірінің-бірі ерінін жалап
езулерінен су ағар.
Аш-арықтардың азығы болды –
осылай тауып, түйісу,
айуаннан бетер аймаласу мен
адамдықты ұмытып сүйісу.
Ал аяқастың аяқ алғысыз
тұтасқан ұйық, ми батпақ
атжалман біткен шықылық қағып,
тіміскілейді сипақтап.
«Пепсидің» ұшқат жәшіктерінің
тақтайларынан құраған
бесік әндері қандай қайғылы –
безек те безек жылаған.
Сол ұшқат тақтай араларының атжалмандары айлалы,
айласын тауып аш сәби қанын
соруда болар ойлары,
Пиночет мұртты шиырып қойып,
ысырып қойып ұятты,
«Тәттісін-ай» деп таңдайлары
тақылдайтұғын сияқты.
Алапат нөсер төбеден жауып
басқандай зауал аралы,
Команданте, айналамызда атжалман қаптап барады!
Біреудің соңғы шырағданындай –
кеміреді кеп үмітін
қайқайтып алып құйрығын жерден,
маймиып алып табаны:
Атжалман біткен шетінен семіз,
жылтырап жоны май шығып,
ал аштық деген ұрлықтың – түбі,
қорлығы соның – қайшылық.
Атжалман – анау ракеталар,
әлемдегі аш балалардың нанына
кебеже қарнын толтырып алып
кезеді көкті айшылық.
Сүңгуір қайық – атжалмандардың
тістері сықырлағанда,
Салыну күткен,
мектептер менен емхана біткен –
молаға айналар табанда.
Бір алаяқтың атжалман – айла-қулығы
ана-көкіректі алдап соқты да,
сүт-мүтіменен емініп тұрып үңгіді.
Өз ұяттарын үңгімейді олар
болмайды иман, ойлану,
Өзгені мүжіп өмір сүру ғой –
атжалмандыққа айналу!
Жер бетіндегі қару біткенді қол көтеремін көмуге,
Че Гевара, керек десеңіз,
автоматыңды сенің де!
Шынымды айтсам мен соның бәрін –
атжалман аулар тұзаққа,
қолтұзақтарға айырбастар ем,
айырбастар ем тегінге.
Жер бетін шарлап дүниені кезген кезбемін,
Не үшін кездім?
Өзімнің іштей сезгенім:
Кездірген мені – аштық қой деймін.
Иә, аштық.
Өзімнің және аштығы шығар өзгенің.
Кеміргіш біткен
Колумбыға арқа сүйеген
білдірмей жымын
құрытпас үшін көздерін.
Ресторанда қолтығына еніп біреудің
қабақтай керіп қарнымды мен де шірендім.
Ішегімді бірақ шұрылдатады басқа аштық,
басқа бір дүние жетпегендіктен түнердім.
Рух киесіз,
ұшпаққа қандай шықсаң да,
Рақат жоқ онда,
аштық та сонда, жұт сонда!
Әлемнен көріп атжалмандықты аламан,
қиялды көріп
құрдымға сіңген санадан түңілген сәтте,
Эфиопия шөлінде
бұралған аштан адамға өзім саналам.
Сынық қарындаш ұшын мен тіл ұшыменен жібіттім,
баланікі емес алақаныма таңбалап
бір нөмір жазып іліктім.
Төртінші миллиард –
нөміріммен қолымда
Кезегіне кеп тұрамын мен де үміттің.
Қай жақтан шыққан бұл кезек, қайдан басталған?
Қыс ауылының дүкеніне кеп дүмеген халық тұрғанда,
дүкен есігін жұдырықпенен
ашқызамыз деп ұрғанда,
басталған шығар,
алып-сатарлар ар жағында ауыз жаласып,
атжалмандықпен аламан сауда бітіріп олар тынғанда.
Созылған кезек –
созылған сонар – драма сынды тым ұзақ,
адамзат маршы ілеседі ілбіп,
ілеседі әрең қызық-ақ.
Созылған кезек
Амазонканың ағысы болып құйылған
Сібірдің сіңер бұрқасынына қосылған сынды
қиырдан.
Созылған кезек жыландай жылжып
көшелерімен Далластың,
құйрығы бірде Ливанға жетіп
бір қайқаң етіп шиырған.
Адамдар әбден зарыққан шығар,
тарыққан шығар тегінде
атжалмандарсыз, алаяқтарсыз,
өз ажалынан өлуге!
Шегіне жетті,
Зарықты адамдар
өмір сүруге қысымсыз –
тоңмойын, менмен, тәккаппарлықсыз,
тарттырылусыз, пішусіз!
Жан дүниесі азғындағандар – бойынан рух байқалмас,
Жан дүниесі азғындағанын азар да безер... айта алмас.
Еркіндіктің ең болмағанда – бір үзім қара наны үшін,
күллі халықтар кезекте тұрар –
келешек күннің қамы үшін.
Қарындашымды бір сулап алып тіл ұшымменен тағыда,
дір ете қалып болмысым бүкіл қан құйылғандай қаныма
Данте әлемінен дәметіп маған қырқылған қолын ұсынған
Туған ауылымның нөмірін жазам командантенің қолына...
Қабылдау бөлмесінің дәлізге шығатын еңсегейдей емен есігі
астына мұқият сыналаған бір сүйір сүйем ағаш арқылы ашық
еңкейіп, әрлі-берлі өткендерді әдемі аңғартатындай еді. Қызғылт
қынадай қою шашты парик киген, сфинкс тәрізді ірі сүйекті, денелі
әккі хатшы әккілік танытып осы бір сүйем ағаштың қызметі
арқасында егер бастығы сән-салтанатқа пайдаланатын сырт
жақтағы екінші есікпен көтерілмесе, кабинетке жақтауының бәрі
таяныш, қызыл барқыт төселіп тасталған осы мрамор баспалдақпен
келетінін біліп, көз қиығымен қиядағыны шалып отыр.
–
Бекерге күтесіз...— деді маған хатшы қыз. – Мен сізге ол
кісінің бүгін шетелдік делегациядан қолы тимейтінін ескертіп едім
ғой.
–
Оқасы жоқ, мен күтем, – деп, келте ғана жауап қайырып,
қабылдау бөлмесінің бір бұрышынан баспалдақ бессаусақтай
көрінетін, әрекетіме ыңғайлы әдемі орын таңдап алдым.
–
Бір жерден жел соғып тұр ғой... – хатшы қыз екі иығын
тыжырына қозғаған бетте сүйріктей сәнді итальян туфлиіне, сірә,
үлкен әбігермен сыйған футболшының балтырындай бура сан,
түйетабан аяғымен су төгілмес жорғадай тайпалып барып, есіктің
астындағы сына ағашты туфлиінің тұмсығымен еппен ғана итеріп
жіберді.
Есік бүкіл серіппелері сықырлап, басқышты көзден тасалап, сарт
жабылды.
–
Ал, енді қапырық боп кетті ғой, – мен сөзімді тағы да қысқа
қайырып,
қозғалақтап
орнымнан
тұрып,
айтқанымнан
қайтпайтындық танытып, есікті аштым да, сына ағашты аяғыммен
жылжытып бұрынғы орнына енгіздім.
Хатшы қыз қорланғаннан көздері тас төбесіне шыққандай,
қабылдау бөлмесінен атып ала жөнелді. Сөйткенше болмай,
көмекші кірді, бөлмеге кірген адам сияқты емес, бағыты менде,
назары маған ауып, есіктің жақтауында тұрып қалды.
–
Беу, өз уақытыңызды аямайды екенсіз, Евгений
Александрович, аямайды екенсіз-ау, аямайды-ақ екен-сіз... Ал, ол
деген сізге алтыннан да қымбат қой. Мен сізге оның бүгін
болмайтынын айттым ғой. Бізге сенбейсіз ғой, сірә, бізді
бюрократқа санайсыз ғой, ал мен болсам сіздің зая кеткен
уақытыңызға күйіп-пісемін, – ол маған тура қарап, қамқорси
сөйлеген қалып таныта тұрып сәл-пәл артқа қарай шегініп, сол
аяғымен есіктің астындағы сына ағашты шығармаққа шұқылай
бастады.
–
Тимеңізші, ағашқа маза беріңізші, – дедім мен қатқыл
дауыспен.
–
Қай ағашты айтасыз? – балетте билейтін адамдай сол аяғының
ұшын қимылдатуын әлі қоймаған қалпы ол маған мүләйімси қарап,
орынсыз ыржалақтады.
–
Мына ағашты, – дедім мен де оның сыңайына қарай мүләйімси,
момақанси жарамсақ дауыспен.— Қарағай ағаш екен... қатты ағаш
екен... әдемі ағаш екен өзі...
Жақындап келдім де ағашты есіктің астына қарай кеулетіңкіреп,
тереңірекке итеріп жібердім.
Көмекші бүкіл денесімен сылқ түскендей жаншыла дем алды,
өйткені бұл кезде басқыштан сән-салтанатсыз көтерілетін есікке
қарай беттеген Оның тұлғасы көрініп еді. Мені көрісімен, Ол табан
астында жағдайдың жайын таразы басына салып үлгіріп, кілт
қабылдау бөлмесіне қарай бұрылды, білегіндегі жара-тыртығын
әдіптеген шілтер жауып тұрған теннисшінің тегеурінді қолдарымен
менің қолымды мытып-мытып жіберді.
–
Кешіріңіз, сізді күттіріп қойған екенмін ғой, – ол ашық қабақ,
қонақжай күлкі сыңайымен мені кабинетіне қарай шақырған
мезірет танытып, жүріп келе жатып бұлғын мантосын шеше
бастады.
Мен оған көмектесуге қам жасадым, ал ол мұны мемлекет қамын
ойлайтын әйелдің әйелге тән алғыр қасиетімен тез аңғарып, тез
бағалап үлгірді. Мен оның өз нарқын өзі бағалай білуіне,
физкультурамен шынықтырғандай сұп-сұңғақ сұлу денесіне
таңғалдым.
Мап-майда жылжып бөлмеге енген хатшы қыз манағы
жәбірленген қалпымен мен жаққа мойын бұрмастан, бильярд
тақтайының көк мауытысындай матамен тысталған ұзын мәжіліс
столының бір шетіне поднос әкеп қойды.
–
Қашандағыдай – ашық сөйлесеміз бе? – деді Ол маған бетіне бу
үйірілген стаканнан шай ораған «Липтон» пакетін салмақтап
өлшегендей қолына ұстап тұрып.
Кенет Ол жеңіндегі шілтер-әдіптен білегін созғанда жара-
тыртығы керінетіндей қолын созып жіберіп, менің қолымды өзінің
қолына қарай тартып алды да, әлденені шын түсінбейтін адамның
шынайы ынтығымен:
–
Женя, құдайақы, түсіндіріңізші маған, осы сізге не болған?
Сізді жариялап жатыр, шетелдерге жіберіп жатыр. Сізде – талант
та, атақ та, ақша да, машина да, дача да бар ғой... Семьяңыз да
бақытты болса керек, сөйте тұрып неге сіз үнемі мұң мен машақат
туралы, жетіспеушілік, қайыршылық туралы, күту, кезек туралы
жазасыз? Не жетпейді Сізге, айтыңызшы, не жетпейді? А?
Команданте, жүр менімен
аралайық, жолды жырақ.
«Бере гөр!» деп жөргегімнен
Тіленбедім. Берді бірақ.
Сонау алыс қырық бірде
қабындаған сынақ – сыны,
Бала едім мен сірне-сірне
қырық құрау құлақшыны.
Маған патша сусар бөркін кигіз,
қамқа түкті тонын,
бас айналар басты дертім –
кедей кербез, қалмас тегім.
Қалтам қанша қалыңдасын,
айналамда алаяқтар
алмағайып топ құрап,
ақша сынды менің басым
домалаған жоқ бірақ.
Басып перрон айқай-шуын
Жүзден мысқыл жасырып.
Жүкші мені елден бұрын
қарсы алмайды
Достарыңызбен бөлісу: |