аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында
мен Қазақ хандығы құрылды. Ол мемлекет
болып саналады. XIX ғасырдың бірінші ши-
дық билікті жояды. Тарих ғылымының док-
кезеңге бөлінеді. Біріншісі – бір ор талықтан
лық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хан-
ти ды.
ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хан-
болады. Қазақ хандығының бірінші кезе ңін-
жүзде хан болғандар саны 20-дан асады.
СЕРПІН
Халқымыз елдегі бірлік пен тыныштықты қаншалықты қадірлей алып отыр?
Асылы ОСМАН,
«Мемлекеттік тілге
құрмет» бірлестігінің,
Алматы облыстық
әзірбайжан этно-
мәдени орталығының
төрайымы:
Саттар
МӘЖИТОВ,
тарих ғылымының
докторы,
профессор:
– Қашан да қолда бардың қадіріне жеткен абзал. Жалпы алғанда,
халқымыз бірлік пен татулықтың қадіріне жете алып отыр деуге бо ла-
ды. Әрине, бір өкініштісі, кейбір жастарымыз теріс ағымдардың же-
те гіне еріп, жолдан адасып, тыныштығымызға қаяу түсіріп жүр. Олар
– қоғамда өз ор нын таппай адасқандар. Біз олардың қоғамға қайта
ора
лып, дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз керек. Тыныштық
болмаған жерде береке болмайды. Ондай береке қашқан елдер
баршылық. Ондай мемлекет өркениетке жетпейді, халқының тұрмыс
жағ дайы ешқашан жақсармайды. Сондықтан әрбір азамат тыныш ты-
ғымызды қастерлеуі керек. Өткенде бір топ жігіт Үндістанда бол дық. Сон-
дағы халықтың тұрмыс жағдайын көріп, Қазақстанда ту ға нымызға
қу ан дық. Елге қайтқанша асықтық. Қазақ – қиын-қыстау заманда та-
лай ұлтты бауырына басқан халық. Сондықтан Қазақстан тә уел сіз ел
бол ған тұста еліміздің бар тұрғындары қазақ ұлтының маңына топ та-
сып, береке-бірлігі асқан бейбіт ел болуға атсалысуы қа жет. Топтасу
үшін елі міздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс.
– Мағжанның мынандай сөзі бар: «Тұрандай ер жоқ, Түркідей ел
жоқ», осы сөзді мен бүгінгі күні «Қазақстандай жер жоқ, қазақ тай ел
жоқ» деп айтар едім. Бұл – шынайы шындық. Жері қандай кең болса,
қазақ халқының пейілі де сондай кең. Өкінішке қарай, сол көңілі дар-
қан, пейілі кең, жаны жомарт халықтың жақсылығын ұқ пай тындар да
та былып жатады. Қазақ халқы бірлік, ынтымақ тастық үшін бәрін де
жа сап келеді. Өзге халықтардан соған сай жауап болуы тиіс. Қазақ-
станның әрбір азаматы осы елдің суын ішіп, нанын жеп, осы елде өсіп-
өркендеп отырған соң мем лекет құру шы қазақ хал қының тілі не, яғни
мемлекеттік тілге құр метпен қарау керек. Мем лекеттің басты ны шан-
дары – жері, тілі. Демек, Қазақ елінде тек қазақ тілі негізгі тіл болуы
тиіс. Қазақ елінің әр азаматы қазақ тілін білу ге міндетті. Ал қазақ тіліне
қар сы адам – Қазақ еліне қарсы адам. Қазақ еліне қарсы адам – қа зақ
же рін дегі ынтымаққа, бірлік ке, тыныш тыққа, Қазақ елінің бола-
шағына қарсы адам дер едім. Өкі нішке қарай, еліміздегі мемлекет тік
тілге де ген талап әлі де өз деңгейінде болмай тұр.
Дайындаған Қалдар КӨМЕКБАЕВ
Расул
ЖҰМАЛЫ,
саясаттанушы:
– Меніңше, елімізде осы 22 жыл ішінде жалпы халықты бір тудың
астына шоғырландыратын ұлттық идеология қалып тас паған сияқты.
Әрине, мемлекет тарапынан түрлі шаралар жа са лып жа тыр. Бірақ
олардың ішінде ұлттық идеологияға ай налып, халықты қазақ ұлтының
маңына топтастыра алатын шара аздау. Мұның бірден бір себебі – әлі
де болса, ұлттық бос тандығымызды, мем лекеттік тәуелсіздігімізді
толыққанды ұғ ын бай отыруымыз. Сонан соң Тәуелсіз қазақ қоғамын
кеңес тік заманның сар қын шақтарынан толық арылта алмай отыруы-
мыз. Мейлі мерекелер бол сын, мейлі тіл мәселесі болсын ке ңестік елес
қалмай келеді. Өткенде Астанада Мирзоян көше сіне Сәт баев тың атын
бергенде, оған үдере қарсы шыққандар болды. Бұл санамыздың әлі де
Кеңестік синдромнан тазарма ғанын көрсетеді. Қазақстанның тыныш-
тығы тек қазақ хал қына ғана емес, жалпы, Қа зақстан хал қына қажет
екенін түсінетін кез жетті. Мемлекет те өзге ұлттар ты ныш болсын деп,
қазақтар өзі міз ғой деген ұс танымда болмауы керек.
САУАЛНАМА
Әшірбек СЫҒАЙ,
театр сыншысы, Қазақстанның еңбек
сіңірген өнер кайраткері:
– Әрине, келісемін. Мемлекет құ ру-
шы ұлт саны көбеймей, басқа ұлт еш-
қашан ол елдің қадір-қасиетін түсін-
бейді. Сондықтан мемлекет құрушы ұлт
негізгі ұстам, діңгек болуы керек. Мем-
лекеттің негізгі өзегі ұлт құрушы ха-
лықтан тұруы тиіс. Сонда ғана оны ауыз
тол тырып «міне, қазақ!», «міне, өз бек!»,
«міне, қырғыз!» деп көрсетуге бо лады.
Әйт песе қырық құрау, қырық ру, оның
бел гілі бір ұлт құрушы халқы жоқ бол-
са, ондай мемлекет кімнің аты нан да-
миды? Кім дер оған тұтқа бола ды? Кім-
дер иелік етеді? Сондықтан мы нау қа-
зақ жері, қазақ топырағы бол ған дық-
тан, мемлекет құрушы ұлт – қа зақ болған
соң осы үлкен бәйтерек – қа зақ ар қылы
бұтақ, жапырақ секілді бас қа ұлт тар да
өсіп-өнеді. Менің ұғы мым осылай.
Нұрлан ЕРІМБЕТОВ,
саясаттанушы:
– Тәуелсіздікті нығайту үшін мем-
лекет құрушы ұлт санының көп болуы
маңызды емес. Қазір өзге ұлттармен
бірігіп жұмыс жасап отырған қаншама
мемлекеттер бар. Сондықтан мен Тә-
уел сіздікті нығайтуды мемлекет құрушы
ұлтпен немесе адам санымен бағала-
маймын. Бізде барлық ұлтты біріктіретін
ұлттық идея болуы керек. Қазаққа да,
орысқа да, кәріске де «Қазақстан –
Ота ным!» деген ұғымды сіңіруіміз қа-
жет. Осында тұрған қай ұлт болмасын,
өзінің, балаларының, немерелерінің,
шөберелерінің болашағын осы елмен
байланыстыруы тиіс. Тарихты ақтарып
көрсек, өткен ғасырларда мемлекет
құрушы ұлт өкілдері көп болса да, қан-
шама елдер өзінің егемендігінен айы-
рылды. Өзге мемлекеттің құлы болып
кетті. Еуропаны алыңыз, АҚШ-ты алы-
ңыз, Африканы алыңыз. Бұл – өмірде
бол
ған жағдай. Сондықтан кейбір
азамат тардың мемлекет құрушы ұлт
саны көбеймей, Тәуелсіздік нығаймай-
ды дегеніне мен келіспеймін. Одан да
еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бірік-
тіретін мемлекеттік идеологияны ны-
ғайт қанымыз жөн. Сонда ғана еліміздің
егемендігі мен Тәуелсіздігі нығаятын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: