Инвестициялық-инновациялық кеңес
Құрылу мақсаты – инвестициялық және инновациялық қызметтің тиімділігін
арттыру, сондай-ақ Қоғам мен оның ЕТҰ-дағы жергілікті қамтуды ұлғайту.
Регламенттеуші құжаты – Кеңес туралы ереже, Қоғам Басқармасы 2011 жылғы
10 қазанда бекітті.
Төраға – Қоғам Басқармасының төрағасы.
Төрағаның орынбасары – Қоғамның Басқармасы Төрағасының кеңесшісі.
Кеңестің құрамы: басқарма мүшелері, өндіріс, активтерді және жобаларды басқару,
қаржы және экономика мәселелерін қадағалайтын бас директорлар, Қоғам ЕТҰ
өкілдері, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз мүшелері.
Барлығы
Тікелей нысанда
Сырттай нысанда
Отырыстар саны
7
4
3
Қаралған мәселелер саны
14
Комитетте қаралған негізгі
мәселелер
ТЭН нәтижелері бойынша «Газтурбиналық технологиялар
базасында жаңа энергия көздерін орната отырып, «АлЭС» АҚ
1-ЖЭО-ны кеңейту» жобасын іске асыруды мақұлдау.
«Ерейментау алаңында қуаты 45 МВт жел электр станциясын
салу» жобасының негізгі параметрлерінің өзгерістерін
мақұлдау.
ТЭН нәтижелері бойынша «Мойнақ СЭС Бестөбе су
қоймасына Кеңсу өзенінің ағысын бұру» жобасының
инвестициялық кезеңін мақұлдау.
«Екібастұз кен орнының көмірін байыту» тақырыбы бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарының әзірлемесін мақұлдау.
«Энергия – Семиречья» ЖШС-дағы 49% қатысу үлесін сатып
алу
Корпоративтік басқару кодексі
Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15
сәуірдегі № 239 қаулысымен бекітілді. Кодекстің қызмет ету аясы Қорға және
акциялардың (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қорға тікелей немесе жанама
106
тиесілі ұйымдарға қолданылады. Корпоративтік басқару кодексі Қор Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ үшін бекітілді.
Кодекс орнықты даму, акционерлердің құқықтары және акционерлерге әділ қарым-
қатынас, кәсіби директорлар кеңестері және атқарушы орган, тәуекелдерді басқару мен
ішкі бақылау, ашықтық сияқты тиісті корпоративтік басқарудың маңызды
қағидаттарына баса назар аударады. Кодекс Үкіметтің рөлін және Қорды басқарудың
ерекшелігін нақытылайды, басқару моделін және Қор мен Ұйымдардың арасындағы
жауапркешіліктің бөлінуін анықтайды.
Қоғам жаңа Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына ағымдағы сәйкестікке
салыстырмалы талдау жүргізді (бұдан әрі - Gap-анализ), оның нәтижелері бойынша
Қоғамның Директорлар кеңесі 2016-2020 жылдарға арналған Корпоративтік басқаруды
жетілдірудің орта мерзімді бағадарламасын бекітті.
Акционерлердің немесе ұйымның қызметкерлерінің жоғары тұрған
басқарушы органның қызметін бағыт сілтей немесе оған ұсыныстар бере
алатындай тетіктер
Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің өзара іс-қимылы «Самұрық-Қазына»
АҚ тобы компанияларының Директорлар кеңестерінде және байқаушы кеңестерінде
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдерінің қызметін қамтамасыз ету
мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібімен» реттеледі («Самұрық-Қазына»
АҚ Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 53/10 хаттамасы).
Қоғамда қызметкерлер Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсыныстар бере алатын
арнайы тетіктер қолданылмайды. Дегенмен, басқару жүйесінде қызметкерлердің
пікірлерін және алаңдаушылығын Директорлар кеңесіне жеткізу үшін шектеулер жоқ.
Басқарма мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы берудің қызмет
нәтижелерімен өзара байланысы
Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу бекітілген НҚК негізінде жүзеге асырылады.
Бекітілген НҚК-ны бағалау нәтижелері бойынша Басқарманың әрбір мүшесі үшін
күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жоспарланған соманы ескере отырып, сыйақы
беру коэффициенті және мөлшері анықталады. Сыйақы төлеуге қосымша шарт есептік
кезең үшін шоғырландырылған табыстың болуы болып табылады.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлеу еңбек шарттарында
бекітілген тетіктер негізінде жүзеге асырылады. Жасалған еңбек шарттарына сәйкес
Директорлар кеңесінің әрбір тәуелсіз мүшесі үшін Директорлар кеңесінің
отырыстарына қатысу үшін бекітілген төлем, сондай-ақ Қоғамның Директорлар
кеңесінің комитеттеріне мүшелік етуі үшін төленетін өзгермелі бөлігі анықталады. Атап
айтқанда, барлық өткен отырыстардың жартысынан азына қатысқан жағдайда, сондай-
ақ Қоғамның қаржы экономикалық көрсеткіштері төмендеген және оларды бағалау
нәтижелері бойынша қойылған мақсаттар мен тиімділік көрсеткіштеріне қол
жеткізілмеген жағдайда сыйақы төленбейді.
Қойылған мақсаттардың орындалуына мониторинг жүргізу рәсімдері
107
Қоғамның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижелілігіне
қадағалауды, сондай-ақ қойылған стратегиялық мақсаттардың орындалуына
мониторинг жүргізу үдерістері мыналарды:
-
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Даму
стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
-
ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негіздегі «Самұрық-Энерго» АҚ-
ның 2020 жылға дейінгі Даму жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сақтық қағидаты
Қоғам БҰҰ-ның 1992 жылғы 3-4 маусымда Рио-де-Жанейрода өткен
конференциясында қабылданған Декларацияда жазылған 15-ші сақтық қағидатын
ұстанады.
Қоршаған ортаны одан әрі қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі
«Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларында әртүрлі отын түрлерін
жағу барысында қоршаған ортаға эмиссияға қойылатын талаптар» техникалық
регламентін бекіту туралы 2007 жылғы 14 желтоқсанда № 1232 шешім шығарып, ол
2013 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енді.
Компания өз қызметі барысында қоршаған ортаға белгілі бір деңгейде зиян
келтіретінін сезіне отырып, қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға ықпал ететін
шараларды іске асырады. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келу
мақсатында Қоғам атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындыларды қысқартуға
ұмтыла отырып, қоршаған ортаны ластауды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін
түтін тұтқыш сүзгілерді жарыса қоя бастады.
Қоғам ең ірі көпсалалы энергетикалық холдинг ретінде электр энегеиясын өндіру
үшін отын түрлері бойынша оңтайлы теңгерімге қол жеткізуге ниеттенеді, осыған
байланысты өзінің энергетикалық портфелін әртараптандырады. Осы барлық
факторларды ескере отырып, компанияның стратегиясы технологиялық әлеуетті
инновациялық дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, ЖЭК үлесін арттыру, таза көмір
технологиялары негізінде барлық өндіруші қуаттарды жаңғырту және жаңаларын салу
қарастырылды. Тиімділікті одан әрі арттыруға және қоршаған ортаға тигізетін әсерін
азайтуға – күл, тотықтар және азот шығарындыларын азайтуға баса назар аударылады.
Қазіргі заманғы энергетика үшін болашақтың сапалы жаңа шешімдеріне өтуді бастауға
мүмкіндік беретін экологиялық таза технологияларды өрістету қажет.
Хартиялар мен бастамаларға қатысу
Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, кедейшілік сияқты және басқа да
көптеген қазіргі заманғы көкейкесті мәселелер – адамдардың өмірінің барлық жақтарын
қамтиды және ол әлемнің барлық елдеріне қатысты.
Қоғам Қазақстан Республикасындағы ірі компаниялардың бірі ретінде өзіне осы
мәселелердің тиісті бір бөлігін шешу жауапкершілігін алады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатындығын көрсету
үшін Қоғам 2011 жылдың 5 қазанында БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, қазіргі кезде
БҰҰ Жаһандық шартының Он қағидатына қолдау көрсетуде.
108
2012 жылдан бастап Қоғам БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын мүлтіксіз
қолдау туралы мәлімдеме ретінде қызмет ететін және қағидаттар мен олардың
нәтижелерін іске асыруға бағытталған шараларды сипаттайтын Қол жеткізілген
прогресс туралы хабарламаларды ұсына бастады.
2015 жылы шілдеде Қоғам World Energy Trilemma, Climate Change жұмыс
топтарына, арнайы жас мамандар үшін әзірленген сондай-ақ бірқатар зерттеу
бастамаларына (WEC National Deep Dive) қатысу арқылы Дүниежүзілік Энергетикалық
Кеңестің (бұдан әрі – ДЭК) «Энергетиканың болашақ көшбасшылары» (Future Energy
Leaders) бағдарламасына кірді. ДЭС жастар қанаты әлемдік энергетикалық кешеннің
кадр әлеуетін дамытудың, ойлаудың және болашақ орнықты энергетиканың жаңа
тәсілдерін әзірлеуге жәрдемдесудің халықаралық тәжірибесіне негізделген.
Мүдделерді қорғау жөніндегі қауымдастықтарға және/немесе ұлттық,
халықаралық ұйымдарға мүшелік
Қоғам мына қауымдастықтардың/ұйымдардың мүшесі болып табылады:
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының
қауымдастығы
ТМД елдерінің электр энергетикалық кеңесі
Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы
Дүниежүзілік энергетикалық кеңес.
Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы
Орталық Азия электр энергетикалық үйлестіру кеңесі
Омбудсмен: Жанжалдарды басқару
Мүдделер қайшылығы пайда болуының алдын алу жөніндегі практиканы
мәртебесі мен лауазымына қарамастан барлық қызметкерлер мүлтіксіз сақтайды, әрі ол
персоналды жұмысқа қабылдаудан бастап сатып алуларға дейінгі Қоғам іс-әрекетінің
барлық аспектілерін қамтиды. Іскерлік этика және Корпоративтік басқару кодекстерінің
талаптарын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттерді Қоғам тәртіп бұзушылық теріс
қылық ретінде қарастырып, бұл Қазақстан Республикасы заңдылықтарында белгіленген
жауапкершілікке алып келуі мүмкін.
Қызметкерлерді ақпараттандыру мақсатында, Қоғам мүдделер жанжалы
саласындағы саясатты регламенттейтін Іскерлік этика кодексін әзірледі. Үлгілік шартта
қызметкерлердің Іскерлік этика кодексі мен Корпоративтік басқару кодексінің
қағидаларын сақтау жөніндегі міндеттері көрсетілген.
Іскерлік этика кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында
«Самұрық-Энерго» АҚ-да сенім телефоны мен электрондық пошта құрылған, ол туралы
ақпаратты «Самұрық-Энерго» АҚ сайтынан және кеңсесінен табуға болады. Қоғамда
арыз-шағымдар мен ұсыныстар жәшігі бар.
Кодекс талаптарын түсіндіру және/немесе пайда болған этикалық мәселелер,
Кодекс талаптарының бұзылуы дерегі, Қоғамның лауазымды тұлғасы мен
109
қызметкерлерінің сыбайластық және басқа да заңға қайшы әрекеттері жайлы іскер
серіктестер мен мүдделі тұлғалар:
тікелей басшыға;
омбудсменге;
Ішкі аудит қызметіне;
Корпоративтік хатшы қызметіне (Іскерлік этика қағидаттарының бұзылу
фактілерін Қоғамның Директорлар кеңесі қарайды);
Қоғамның қауіпсіздігін басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге хабарласа
алады.
Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен омбудсмен тағайындалған, оның
негізгі функциялары Кодекстің, Қазақстан Республикасы заңнамалары нормаларының
және Қоғамның басқа да ішкі нормативтік құжаттарының сақталмауы және/немесе
бұзылуы туралы мәліметтерді жинау, Қоғам қызметкерлеріне, лауазымды тұлғаларына
Кодекс ережелері бойынша консультация беру, Кодекс ережелерінің бұзылуы жөніндегі
таластардың қаралуына бастамашы болу, оларға қатысу болып табылады.
Іскерлік этика кодексі мен Корпоративтік басқару кодексі қағидалары
орындалуының үлгісі ретінде Қоғамның Директорлар кеңесінде атқарушы органның
сыйақы мөлшерін талқылау практикасын атауға болады, оған өзіне сыйақы және басқа
да бонустар мөлшерін анықтау барысына Басқарма төрағасы қатыспайды.
Қызметкерлердің Корпоративтік басқару кодексі қағидаттарын сақтау
мониторингіне жауапкершілік Корпоративтік басқару департаментіне жүктелген. Атап
айтқанда, мүдделер қақтығысы пайда болуының алдын алу мақсатында, Қоғамда
Қордың Компаниялар тобының үлестес тұлғаларының тізбесі жасалып, ол туралы
Директорлар кеңесі мен Қоғамның Басқарма мүшелері хабардар етіледі, сондай-ақ
Қоғамның ішкі интранет-порталында жарияланады.
2015 жылы «Самұрық-Энерго» Компаниялар тобында мүдделер қақтығысы
оқиғасы тіркелген жоқ.
Тәуекелдерді басқару жүйесі және Сапаны басқару
1.
Тәуекелдерді басқару үдерісінің қағидаттары
Қоғамда тәуекелдерді басқару үдерістерінің негізгі қағидаттары мыналар болып
табылады:
1)
тұтастық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бөлігінде Қоғам
тобының жиынтық тәуекелінің элементтерін қарау;
2)
ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін автономды
немесе оқшауланған жүйе ретінде қарауға тыйым салу;
3)
құрылымдық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесінің нақты құрылымы
бар;
4)
ақпараттылық – тәуекелдерді басқару объективті, шынайы және өзекті
ақпаратпен қамтамасыз етіледі;
5)
үздіксіздік – тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты негізде жүзеге асырылады;
110
6)
кезеңділік – тәуекелдерді басқару үдерісі оның негізгі компоненттерінің
тұрақты қайталанатын кезеңділігін білдіреді.
2.
Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру
Қоғам, өзінің қаржылық тұрақтылығы мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін
әлеуетті тәуекелдерді уақытылы сәйкестендіру мен басқаруға бағытталған,
корпоративтік басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретіндегі тәуекелдерді басқару үрдісінің
маңыздылығын түсінеді.
Тәуекелдерді басқару Қоғам тобының алдына қойылған бекітілген стратегиялар
мен даму жоспарларынан келіп шығатын белгілі бір мақсаттар, міндеттер контексінде
іске асырылады. Директорлар кеңесі Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің
жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
2015 жылғы қарашада Қоғамның Директорлар кеңесі алдағы жылға тәуекелдер
тізілімін, тәуекелдер картасын, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар
жоспарын, негізгі тәуекел-көрсеткіштерін және тәуекел-тәбетін бекітті. Тәуекелдерді
басқару мәселелері бойынша Жалғыз акционердің тұжырымдамасы мен саясатын іске
асыра отырып, Қоғамның компаниялар тобында тәуекелдерді басқару саласындағы
нормативтік құжаттар қайта қарастырылды және өзектендірілді.
Қоғам компаниясы тобында тәуекелдерді басқару үдерісіне қатысушылардың бәрін
бірдей болуы мүмкін тәуекелдер жайлы, сондай-ақ маңызды тәуекелдерді сипаттап,
талдай отырып, тәуекелдерді басқару бойынша жасаған есептері арқылы оларды
барынша азайту жөнінде қабылданған шаралар туралы ұдайы хабардар етіп отыру
қамтамасыз етілген.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің (бұдан әрі – ТБКЖ) жұмысын
талдау және бағалау үшін Ішкі аудит қызметі ТБКЖ-ға тәуелсіз бағалау жүргізді. ТБКЖ
бағасының қорытынды балы 80,01%-ды құрады. Қоғамда жүргізілген тәуелсіз бағалау
нәтижелері бойынша ТБКЖ-ны одан әрі жетілдіру үшін 2016 жылға арналған Іс-
шаралар жоспары бекітілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ тобында тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы
111
Комитет по аудиту – Аудит комитеті
Департамент управления рисками и внутреннего контроля – Тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау департаменті
Риск менеджер – Тәуекел менеджері
3. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру
Қоғамның ішкі бақылау жүйесі корпоративтік басқару жүйесінің ажыратылмас
бөлігі болып табылады, ол Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол
жеткізуде ақылға сиятындай сенімділікті қамтамасыз етеді.
2015 жылы сәуірде Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның өзектендірілген Есеп
жүргізу және қаржылық есептілікті дайындау үдерістерінің тәуекелдер мен бақылаудың
матрицаларын бекітті. Қоғамның компаниялар тобында Тәуекелдер мен бақылау
матрицалары, сондай-ақ ІБЖ саласындағы нормативтік құжаттары қайта
қарастырылып, өзектендірілді.
Ішкі бақылау жүйесінің (бұдан әрі - ІБЖ) жұмысын талдау және бағалау үшін Ішкі
бақылау қызметі Қоғамның ІБЖ-ге тәуелсіз бақылау жүргізді. ІБЖ-ның қорытынды
бағасы 87,7%-ды құрады. Қоғамда жүргізілген тәуелсіз нәтижелер бойынша ІБЖ-ны
одын әрі жетілдіру үшін 2016 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді.
4. Негізгі тәуекелдер және оларды бақылау тәсілдері
Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес, Қоғам мына тәуекелдерді бөліп көрсетеді:
112
Бұлар әр тәуекелдің маңыздылығына байланысты тәуекелдер картасында да көрініс
табады:
Қызыл аймақ – Қоғам үшін қатерлі болып табылады.
Қызғылт-сары аймақ – тәуекелдер шабуылының ықтималдығы өте жоғары
немесе Қоғамның қаржылық тұрақтылығына әлеуеттік тұрғыдан күшті әсер етуі
мүмкін.
Сары аймақ – тәуекелдер шабуылының ықтималдығы орташа деңгейде немесе
Қоғамның қаржылық тұрақтылығына орташа әлеуеттік әсер етуі мүмкін.
Жасыл аймақ – тәуекелдер шабуылының ықтималдығы аз деңгейде және/немесе
Қоғамның қаржылық тұрақтылығына онша әсер ете қоймайды.
Бизнес-стратегияларды іске асыруға ықпал ететін негізгі тәуекелдер:
Тәуекелдер
атауы
Тәуекелдің
сипаттамасы
Маңызды тәуекелдерді
басқару жөніндегі іс-
шаралар
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (Қоғам стратегиясымен байланысты
тәуекелдер)
Қызметтік
міндеттерді
орындау
барысында
қызметкердің
денсаулығы
мен өміріне
зиян тигізген
өндірістегі
жазатайым
оқиғалар
тәуекелі
Сыртқы тәуекел
факторлары: авариялар,
табиғи апаттар және басқа
табиғи катаклизмдер;
тартылған мердігерлік
ұйымдарының жабдықты
сапасыз орнатуы және
қызмет көрсетуі; үшінші
тұлғалардың тарапынан
жауыздық ниетпен немесе
қасақана жасалған әрекет.
Ішкі тәуекел факторлары:
Қоғам мен ЕТҰ
қызметкерлерінің еңбекті
қорғау саласындағы НҚА
мен ІНҚ-ны сақтамауы;
басшылық тарапынан
1.
ЕТҰ-да 2016 жылға
арналған Өндірістік
жарақаттанушылықтың
алдын алу жөніндегі іс-
шаралар жоспарының
әзірленуін қамтамасыз ету
және оның орындалуына
ай сайын мониторинг
жүргізу;
2.
ЕТҰ-ның еңбек қорғау
саласында НҚА мен ІНҚ-
ны сақтау мәніне көшпелі
жоспарлы және жоспардан
тыс тексеріс жүргізу;
3.
Жазатайым оқиғаларды
тергеу актерілерінде
көрсетілген шаралардың
СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ
G
O
Y
G
R
O
Y
113
персоналдың еңбек
қауіпсіздігіне тиісті
бақылаудың болмауы;
ескірген, тозығы жеткен
жабдықпен жұмыс істеу.
орындалуына бақылауды
жүзеге асыру;
4.
Жазатайым оқиғалардың
пайда болу фактісіне жол
берген ЕТҰ-ның бірінші
басшыларына тәртіптік
жаза қолдану.
Іске
асырылатын/
перспективтіи
нвестициялық
жобалардың
тәуекелдері
Сыртқы тәуекел
факторлары: ұлттық
валютаның құнсыздануы;
ұлттық валютаның
құбылмалылығы;
жеткізушілер мен
мердігерлер тарапынан
шарттардың талаптарының
бұзылуы; зілзала мен табиғи
апат; форс-мажор;
бюрократиялық кідірістер
және меморгандардың
араласуы; жоғары тұрған
ұйымдардың тапсырмасы
бойынша жобаларды
консервациялау;
қолданыстағы заңнаманы
өзгерту.
Ішкі тәуекел факторлары:
жоба бойынша құжаттарды
келісу кезінде корпоративтік
рәсімдердің ұзақтығы;
жобаның жобалық-сметалық
құжаттаманың және
техникалық-экономикалық
негіздеменің сапасының
төмен болуы; өтімділіктің
жетіспеушілігі.
1.
«Самұрық-Энерго» АҚ іске
асыратын инвестициялық
жобаларға тұрқты
мониторинг жүргізу;
2.
1) «Самұрық-Қазына» АҚ-
ның деректер базасы
5)
ҚР ИДМ Жобалау офисі
автоматтандырылған
деректер базалары арқылы
инвестициялық
жобалардың іске
асырылуына мониторинг
жүргізді;
3.
«Самұрық-Энерго» АҚ-
ның жобалары бойынша
апта сайынғы анықтамалар
мен таныстырылымдарды
әзірлеу;
4.
«Самұрық-Энерго» АҚ
күрделі салымдарының
орындалуына мониторинг
жүргізу;
5.
Инвестициялық жобаларды
іске асыруға жеткілікті
қажетті тарифтер деңгейін
алу бойынша ҚР
мемлекеттік органдарымен
жұмыс жасау;
6.
Инвестицицляқ жобаларды
іске асыруға қолдау алу
бойынша ҚР мемлекеттік
органдарымен жұмыс
жасау;
Көмір сату
жоспарын
орындамау
тәуекелі
Сыртқы тәуекел
факторлары: көмірге деген
сұраныстың, соның ішінде
РФ тұтынушылары
тарапынан сұраныстың
азаюы; тұтынушылардың
1.
Сыртқы және ішкі нарықта
өткізудің қосымша
каналдарын дамыту,
қолданыстағы
тұтынушыларды сақтау;
114
отынның басқа түрлеріне
(газға) көшуі; көмір
бағасының бәсекеге түсе
алмауы; көмір өндіру
өндірісіндегі ірі авариялар
және форс-мажорлар.
Достарыңызбен бөлісу: |