10. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
60. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған
күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген аукционға қатысу
өтiнiмін қамтамасыз етуді:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға
өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған
жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол
қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға
қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы АҚ
көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген
жағдайда қайтарады.
61. Ұйымдастырушы мынадай:
1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) аукционның жеңiмпазы не не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы
шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы
талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың
бiреуi туындаған кезде аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.
11. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алуы туралы шарт
62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт), Заңда көзделген
жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс
беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері
болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға
сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде жеңімпазға жібереді.
Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала
жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары)
бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке
қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға
жіберіледі.
63. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын аукцион тәсілімен
мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға
хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы
арқылы куәландырады.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
64. Тапсырыс беруші, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы
өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы
мәліметтерге сұрау салу жібереді.
65. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің
деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау
болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған
тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
66. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің
мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей,
электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол
қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
67. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы
электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
68. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт
жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен
бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың
жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
69. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орынды алған әлеуетті
өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
70. Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған
шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асырады.
71. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану
кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
72. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы
енгізуге міндетті.
73. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын
қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға
құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең
мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің
жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып
алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
74. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға
шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық
сомасына сүйене отырып, есептеледі.
75. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің
мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік
мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет
заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігін не Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес
электрондық құжат нысанында таңдауға құқылы.
Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген
мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше
орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
76. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші
тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою
құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
77. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің
шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған
жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді,
сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
78. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз
мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге) кеткен мерзімнен кем
емес, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
79. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші
Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты
жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес
соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
80. Егер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші
(екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші) шартты жасасудан жалтарды деп танылған
жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді
қамтамасыз етудi ұстап қалады.
12.Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын
талаптар
81. Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Қағидалардың 442-тармағының <тармақша нөмірі>
тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар нарығындағы, оның
ішінде тауарлардың ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі <кезең көрсетілсін> жылдан кем
болмайды.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту
* аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты аукциондық
құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің
қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.
Ескерту. 9-қосымша ескертумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аукциондық құжаттамаға
1-қосымша
Аукцион мәні (лот)
Аукционның №__________________________________________
Аукционның атауы______________________________________
№
лот
Тапсырыс
берушінің
атауы
Тауардың
атауы*
өлшем
бірлігі
Саны,
көлемі
ИНКОТЕРМС
2000 тауар
жеткізу
шарттары
Тауардың
жеткізу
мерзімі
Тауардың
жеткізу
орны
Аванстық
төлем
мөлшері,
%
Лот
бойынша
бөлінген
сомма,
теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
* Тауардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Аукциондық құжаттамаға
2-қосымша
Аукциондық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі
Аукционның №________________________________________________
Аукционның атауы______________________________________
Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді
қоса алғанда, ол болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес
стандарттарын көрсете отырып,сатып алынатын тауарлардың толық сипатын және талап
етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелік техникалық реттеу саласындағы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған
кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс
берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру
және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы керек екендігі, тауардың
шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
Аукциондық құжаттамаға
3-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі
(әлеуетті өнім берушіге беріледі)
Аукционның № _____________________________________
Аукционның атауы__________________________
Лоттың №
Лоттың атауы
Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін
және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету
белгісін және т.б. көрсете отырып)
Өндіруші ел
Дайындаушы зауыттар
Шығарылған жылы
Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)
Функционалдық, техникалық, сапалық және
пайдалану мінездемесін сипаттау
Аукциондық құжаттама талаптарына
сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер
(техникалық ерекшеліктер).
Аукциондық құжаттамаға
4-қосымша
Аукционға қатысу туралы келісім
Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші
ретінде қатысуға және тауардың (лардың) жеткізілімін АҚ көзделген талаптар мен шарттарға
сәйкес жүзеге асыруға келісім беруге, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік
талаптары мен шарттарына сәйкес біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға
келісім беруге тілек білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ
менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және
Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты
бұзуға келісім береміз.
Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге
де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың
авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар
етілгенімізді растаймыз.
Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес
мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
Біздің аукционға қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім
ішінде қолданылатын болады.
Біздің өтініміміз аукционда жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы
шарт жасалған жағдайда біз аукциондық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып
алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу
туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған
жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.
Біздің аукционға қатысуға берген өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен
бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің
арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.
Аукциондық құжаттамаға
5-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
5-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Біліктілік туралы мәліметтер
Аукцион № ___________________________________________________
Аукцион атауы ____________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы _________________________________________________
БСН/ЖСН/ССН/СЕН ___________________________________________
2. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасы бар аукционда сатып
алынатын ұқсас (бірдей) әлеуетті өнім берушімен қойылған (орындалған) тауарлар көлемі
соңғы оң жыл ішінде* (бар болса толтырылады).
Тауардың
атауы
Тапсырыс
берушінің
атауы
Тапсырыс
берушінің
телефон нөмірі
Тауарды
жеткізу
орны
Тауарды
жеткізу
күні
Растаушы
құжаттың
атауы, күні
және нөмірі
Шарттың құны,
теңге
(көрсетпеуге
болады)
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
* тауарды жеткізу тәжірибесі осы аукционда білікті талап болып табылмаған жағдайда
растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке ықпал
етеді
Аукциондық құжаттамаға
6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы ___________________________________________
Банктің деректемелерi ____________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
атауы_________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
деректемелерi________________________________________________________
№ _______ кепілдік міндеттеме
_____________________________ «_____»____________ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын______________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі аукционға
қатысатынынан және
_______________________________________________________________
(аукцион бойынша тауарлардың атауы)
тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. «____»________
аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз
етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ________________________________________ осымен
(банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы
деп айқындалған не екінші орын алған Өнім беруші:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық
құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде
уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;
Сіздің талабыңыз бойынша Сізге
______________________________________________________________
(сома санмен және жазбаша)
сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне
енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің
қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз
____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына
қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
Егер аукционға қатысуға өтінімднің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл
кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты
туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен
реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Аукциондық құжаттамаға
7-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банктің атауы __________________________________________
Банктің деректемелері ___________________________________
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық
компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет
көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында
анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң
жоқтығын растайды.
Күні _____________ Қолы __________ МО
Аукциондық құжаттамаға
8-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
8-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы
Аукционның №________________________________________________
Аукционның атауы______________________________________
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________
Өнім берушінің атауы ____________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________
Өнім берішінің банк деректемелері______________________________
Баға ұсынысының валюта атауы ____________________
Өлшем бірлігі __________________________________________
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы
_________________
Саны (көлемі) _________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________
Біз аукциондық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
10-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |