Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 6. Кепілдік. Сапа 
      6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
 
      1) сапалы және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетініне (МЕМСТ, СТ, 
ЖСТ, ТУ, техникалық регламент және т.б.);
 
      2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай 
ақаулықтары жоқ екендігіне;
 
      3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші 
тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
 
      6.2. Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда 
көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе 
жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған 
жағдайда немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе, 
Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші 14 (он 
төрт) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.
 
      6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезең Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына түскен 
күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай деп белгіленеді. Ауыстырылған немесе жөнделген 
Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар 
ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазалауға байланысты барлық 
шығыстарды Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің 

кінәсінен болған жағдайда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын 
болады.
 
      
 
 7. Тараптардың жауапкершілігі 
      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше 
орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
 
      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында 
ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі 
қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі 
өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған 
төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының 
(өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
 
      7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім 
берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін 
шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды 
(өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда 
мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде 
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық 
айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
 
      7.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу 
мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір 
айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім 
берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде 
тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте 
осы Шартты бұзуға құқылы.
 
      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптады осы Шартта көзделген 
міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
 
      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті 
құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе Тауар жеткізу 
кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. 
Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден 
өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
 
      7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз 
міндеттемелерін бермеуі тиіс.
 
      7.8. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін 
орындамауына байланысты Шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді 
қайтармайды.
 
      
 
 8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары 
      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді 
және <_____> дейін қолданылады.
 
      8.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез 
келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт 
талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас 
тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын 
орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге 
қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды 
қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет 
көтермейді.
 

      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      8.3-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.3. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан 
әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада 
Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебi, Шарттың бұзылғаны күшiне енген күн 
көрсетілуге тиіс.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      8.3-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.4. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттарға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші 
Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем 
талап етуге құқылы.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      8.5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен 
Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама 
жібере отырып:
 
       ____________________________
 
      
5
Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) 
тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар 
биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген 
жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, 
барлық сатып алу тәсілдері үшін;
 
      1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы 
Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
 
      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе 
ішінара бұза алады.
 
      8.6. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда кез келген кезеңде оның 
бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс:
 
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген 
шектеулердің бұзылуының анықталуы;
 
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды 
көрсету;
 
      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт 
жасасу фактісінің анықтауы;
 
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет 
көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) 
Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      8.7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.8. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
 
 9. Хабарлама 
      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама 
төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы 
жіберіледі.
 
      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер 
хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
 

 10. Форс-мажор 
      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі 
болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік 
көтермейді.
 
      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып 
табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт 
талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға 
жауапты болмайды.
 
      10.3. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және 
күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек 
олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
 
      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс 
берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге 
тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт 
бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық 
жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
 
 11. Даулы мәселелерді шешу 
      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың 
арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде 
шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
 
      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт 
бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
 
 12. Өзге де шарттар 
      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының 
салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
 
      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты 
нысанда жасалады.
 
      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа 
да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
 
      1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында 
жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт 
сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде;
 
      2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде тауар бірлігі үшін 
бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған жеткізілетін 
тауардың анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және 
(немесе) талаптарын ұсынған жағдайда
 
      3) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде 
Тараптардың өзара келісімі бойынша;
 
      4) егер Өнім беруші жеткізілетін тауардың өндірушісі болып табылған жағдайда Тауар 
жеткізу туралы шарттың орындалу мерзімі өзгерген бқөлігінде рұқсат беріледі.
 
      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың 
жазбаша келісімімен жол беріледі.
 
      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс 
тілінде жасалды.
 
      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын 
басшылыққа алады.
 
      
 
 13. Тараптардың деректемелері 

Тапсырыс беруші:
 
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс 
берушінің толық заңды мекенжайы>
 
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
 
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
 
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
 
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің 
телефоны> <Тапсырыс берушінің 
лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
 
Өнім беруші:
 
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім 
берушінің толық заңды мекенжайы>
 
БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> 
ЖСК
 
<Банктің атауы>
 
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
 
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің 
ТАӘ>
 
  Мемлекеттiк сатып алуды  
 
 жүзеге асыру қағидаларына 
 
 20-қосымша         
 
 Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт 
      <Сәйкестендіру нөмірі >
 
      <Тапсырыс берушінің өңірі>   № <шарттың нөмірі>  <шарттың күні>
 
      «Тапсырыс берушінің лауазымы» атынан әрекет ететін бұдан әрі «Тапсырыс беруші деп 
аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> «Тапсырыс берушінің негіздемесі» негізінде 
әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және «Өнім берушінің лауазымы» 
атынан әрекет ететін бұдан әрі «Мердігер/Орындаушы» деп аталатын <«Өнім берушінің толық 
атауы»> екінші тараптан <«Өнім берушінің негіздемесі»> негізінде әрекет ететін Өнім 
берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және 
«қорытындылардың күні» № «қорытындылардың нөмірі» «сатып алу тәсілі» тәсілімен 
мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу 
туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
 
 1. Ұғымдар мен айқындамалар 
      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
 
      1) Бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның 
контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып 
алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
 
      2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға 
Мердігермен/орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
 
      3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне 
сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және 
Мердігерге хабарланған тұлға;
 
      4) объект – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген 
түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, 
құрылым;
 
      5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;
 
       6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, 
тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер 
алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар. 
 
      
 
 2. Шарттың мәні 
      2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған 
қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты 
(жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) 
қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған 
кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
 
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша 
сипаттамасы>;
 

      …
 
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - сипаттамасы>.
 
      2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда 
<объектінің орналасқан жері> бар.
 
      Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.
 
      2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады 
және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
 
      1) осы Шарт;
 
      2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
 
      
 
 3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары 
      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және «шарттың сомасы» 
(сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын 
барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық 
салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – 
Шарттың сомасы) қамтиды.
 
      ____________________________________________
 
      
6
3-6) тармақшалар құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша «Мердігер» 
ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі.
 
      
7
Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен 
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер 
үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға әр ерекшелік бойынша көрсетіледі.
 
      
8
Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша «Мердігер» 
ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі
 
      3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік 
бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды 
мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы 
жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға 
тіркеуге жатады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3.3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін, Өнім беруші Заңның 26-бабына 
сәйкес Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен, авансты және (немесе) соманы 
қамтамасыз еткеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.
 
      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты тепе-тең ұстауды есепке ала 
отырып, Тараптар Орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 30 (отыз) 
күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есеп шотына 
ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.
 
      Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші Тараптар Орындалған жұмыстар 
актісіне қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей 
Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен 
төлейді.
 
      Орындалған жұмыстар актісінің нысанын Мердігер/Орындаушы алдын ала Тапсырыс 
берушімен келіседі.
 
      3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3.5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
 

      1) < аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
 
      2) орындалған жұмыстардың актісі;
 
      3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы 
сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура.
 
      .
 
      .
 
 4. Тараптардың міндеттемелері 
      4.1. Мердігер/Орындаушы:
 
      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын 
қамтамасыз етуге;
 
      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың 
жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және 
<сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәндері бойынша көзделген аванс 
мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге 
міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:
 
      
_________________________________________________
 
      
9
Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып 
алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға жеке әрбір ерекшелік бойынша көрсетіледі.
 
      
10
Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде
 
      
11
Осы тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі
 
      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының 
көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> 
банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;
 
      не:
 
      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда 
электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат 
нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға 
орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз 
тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;
13
 
      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың 
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді 
толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
 
      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың 
ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес 
келуін қамтамасыз етуге;
 
      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе 
Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның 
атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. 
Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада 
ұсынылуы тиіс;
 
      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген 
құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
 
      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің 
орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
 
      7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе 
өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге 
міндеттенеді
 
      
 
      Ескерту. 4.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
       4.2. Мердігер/Орындаушы: 
 

      1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап 
етуге;
 
      
_________________________________________________
 
      12
Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде
 
      13
Осы мәтін шарттар орындалған кезде көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) 
тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарын сұрату, тауар 
биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілінен басқа барлық сатып алу тәсілдері, сондай-ақ 
Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып 
табылмайтын өнім берушілер үшін;
 
      2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 
қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4.3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
       4.3. Тапсырыс беруші: 
 
       1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз 
етуге; 
 
       2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуін анықтаған кезде дереу жазбаша 
Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге; 
 
      3) Жұмыстарды қабылдау кезінде орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға не дәлелді 
негіздемелерді көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;
 
       4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге 
міндеттенеді. 
 
      .
 
       4.4. Тапсырыс беруші: 
 
       1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге; 
 
      2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың 
талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. 
Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас 
тартуға жол беріледі.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет