Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


 Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

 8. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын 
айқындау 

      54. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімнің біліктілік талаптарына 
және КҚ талаптары мәніне қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде 
ашылады.
 
      55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды 
автоматы түрде жүргізеді:
 
      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;
 
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның 
негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші 
орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
 
       конкурстық баға ұсыныстарының шартты балаларын теңестірген кезде конкурс мәні 
болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ең 
көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады. 
 
       Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін 
теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімінен 
бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады. 
 
      56. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс 
тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
 
 9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару 
      57. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған 
күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген конкурсқа қатысу 
өтiнiмін қамтамасыз етуді:
 
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға 
өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
 
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған 
жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
 
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол 
қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға 
қолданылмайды;
 
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы КҚ 
көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген 
жағдайда қайтарады.
 
      58. Ұйымдастырушы мынадай:
 
      1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші 
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
 
      2) конкурстың жеңiмпазы не не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк 
сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы 
шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы 
талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың 
бiреуi туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.
 
 10. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт 
      59. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген 
жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс 
беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
 
      Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері 
болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға 
сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу 
қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні 
ішінде жеңімпазға жібереді.
 
      60. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала 
жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы 
хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) 

бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке 
қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға 
жіберіледі.
 
      61. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс тәсілімен 
мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға 
хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы 
арқылы куәландырады.
 
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      62. Тапсырыс беруші, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы 
хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы 
өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы 
мәліметтерге сұрау салу жібереді.
 
      63. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиістісұрау салуды алған күннен бастап үш 
жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің 
деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
 
      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау 
болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған 
тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
 
      64. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің 
мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, 
электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол 
қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
 
      65. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы 
электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
 
      66. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт 
жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен 
бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың 
жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Заңның 
43-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын 
алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған 
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
 
      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған 
шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып 
алуды жүзеге асырады.
 
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      67. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану 
кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
 
      68. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың 
орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы 
енгізуге міндетті.
 
      69. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
 
       Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын 
қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. 
 
      Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға 
құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең 
мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
 
      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің 
жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып 

алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
 
      70. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға 
шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық 
сомасына сүйене отырып, есептеледі.
 
      71. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің 
мынадай түрлерінің бірін:
 
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік 
мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет 
заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
 
      2) қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігін не Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес 
электрондық құжат нысанында таңдауға құқылы.
 
      Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген 
мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше 
орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
 
      72. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші 
тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою 
құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
 
      73. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің 
шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған 
жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, 
сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
 
      74. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды 
орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны 
дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен 
мерзімнен кем болмауға, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
 
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      75. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші 
Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты 
жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес 
соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
 
      76. Егер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші 
(екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші) шартты жасасудан жалтарды деп танылған 
жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді 
қамтамасыз етудi ұстап қалады.
 
 11. Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын 
талаптар 
      77. Біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын тауарлар, 
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде 
Қағидалармен көзделген жағдайларда белгіленеді.
 
      Біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, 
көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде осы КҚ техникалық 
ерекшелігінде белгіленуі мүмкін.
 
      78. Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген 
жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыса, онда біліктілік талаптары әлеуетті өнім 
берушілерге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс 
тәжірибесінің болуы бөлігінде осы КҚ-ға 1-қосымшада белгіленеді.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Қосымшаны аббревиатуралармен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

Конкурстық құжаттамаға
 
 1-қосымша      
 
 Лоттар тізбесі 
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады) 
Конкурстың № ________________________________________________
 
Конкурстың атауы______________________________________
 
Лотт
ың №
 
Тапсыры
с 
берушін
ің 
атауы
 
Тауардың 
(жұмыстард
ың, 
көрсетілет
ін 
қызметтерд
ің) атауы*
 
Өлшем 
бірлі
гі
 
Саны

көле
мі
 
Жеткізу 
шарты 
(Incoter
ms 2000-
ға 
сәйкес)
 
Тауарлар
ды 
жеткізу, 
жұмыстар
ды 
орындау, 
қызметте
рді 
көрсету 
мерзімі
 
Тауарлар
ды 
жеткізу, 
жұмыстар
ды 
орындау, 
қызметте
рді 
көрсету 
орны
 
Аванст
ық 
төлем 
мөлшер
і, %
 
Лот 
бойынш
а 
бөлінг
ен 
сома, 
теңге 
 
Жұмыс 
тәжірибесі
нің болуы 
**
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы
 
техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
 
** Осы КД 78-тармағына сәйкес тапсырыс беруші көрсетеді.
 
Конкурстық құжаттамаға
 
 2-қосымша       
 
 Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің 
техникалық ерекшелігі 
(тапсырыс беруші үшін) 
      Конкурстың № _______________________________
 
      Конкурстың атауы ____________________________
 
      Лоттың № ______________________________________________
 
      Лоттың атауы ___________________________________________
 
      Техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес 
стандарттарын, ол болған кезде көрсете отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, 
сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, 
сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
 
      Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу 
саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде 
техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
 
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына 
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
 
      Техникалық тапсырмада оларды әзірлеу туралы жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-
сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша 
мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы ұлттық және ұлттық емес стандарттарына (олар болған кезде) сәйкес 
материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетілуі 
тиіс.
 
      Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық 
және пайдалану сипаттамасы функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың 

тағайындалуы мен тауарды, қызметтерді пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті 
бөлімдерге бөлінуі тиіс.
 
      Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс 
берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және 
сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, 
кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
 
      Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты 
қызмет көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, 
оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс 
өтілін айқындайтын, қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
 
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген 
тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.
 
Конкурстық құжаттамаға
 
 3-қосымша      
 
 Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі 
(әрбір лот жеке әлеуетті өнім берушіге беріледі) 
Конкурстың № ___________________________________________
 
Конкурстың атауы______________________________________
 
Лоттың № 
 
 
 
Лоттың атауы 
 
 
 
Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін 
және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету 
белгісін және т.б. көрсете отырып)
 
 
 
Өндіруші ел
 
 
 
Дайындаушы зауыттар
 
 
 
Шығарылған жылы
 
 
 
Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)
 
 
 
Функционалдық, техникалық, сапалық және 
пайдалану мінездемесін сипаттау 
 
 
 
Конкурстық құжаттама талаптарына 
сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер 
(техникалық ерекшеліктер). 
 
 
 
Конкурстық құжаттамаға
 
 4-қосымша      
 
 Конкурсқа қатысу туралы келісім 
      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші 
ретінде қатысуға тілек білдіреміз және АҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес 
тауардың (лардың) жеткізілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген 
біліктілік талаптары мен шектеулеріне біздің келісімімізді растайтын мәліметтер алуға 

келісім береміз.
 
      Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-
сметалық құжаттама қамтылған болса, онда осымен аталған жобалау-сметалық құжаттамаға 
сәйкес жұмыстарды орындауға келісім білдіреміз.
 
      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ 
менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және 
Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты 
бұзуға келісім береміз. 
 
      Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге 
де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың 
авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар 
етілгенімізді растаймыз.
 
      Конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес 
мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
 
       Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім 
ішінде қолданылатын болады. 
 
      Біздің өтініміміз конкурстың жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы 
шарт жасалған жағдайда біз конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып 
алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу 
туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған 
жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.
 
Конкурстық құжаттамаға
 
 5-қосымша      
 
 Біліктілігі туралы мәліметтер 
(әлеуетті өнім беруші жұмысты орындау кезінде толтырады) 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      5-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      Электрондық конкурстың № ___________________
 
      Электрондық конкурстың атауы _______________
 
      Лоттың №_____
 
      Лоттың атауы _______________________________
 
      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
 
Атауы _________________________________________
 
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН _____________________________
 
      2. Растаушы құжаттардың* (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық 
көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он бес жыл ішінде конкурста 
сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.
 
Жұмыстың атауы
 
Жұмысты орындау 
орны (объектінің 
орналасқан жері)
 
Тапсырыс 
берушінің 
атауы
 
Жұмысты 
аяқтау жылы, 
айы
 
Растаушы 
құжаттың 
атауы, күні 
және нөмірі
 
Шарттың 
құны, теңге
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3. Әлеуетті өнім беруші беруші жұмыстарды орындау үшін қажетті растаушы қағаз 
құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада 
көзделген жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) не ұқсас (қосымша) жабдықтың 
(тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
 

 
Жабдықтардың 
(тетіктердің, 
машиналардың) атауы
 
Қолда бар 
бірліктердің саны
 
Жай-күйі 
(жаңа, 
жақсы, 
нашар)
 
Жеке меншік 
(меншік құқығын 
растаушы 
құжаттар қоса 
берілсін), 
жалға алынған 
(кімнен және 
жалға берушінің 
меншік құқығын 
растаушы 
құжаттар қоса 
берілсін)
 
Растаушы 
құжаттың 
атауы, күні 
және нөмірі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      4. Растаушы құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек 
ресурстары туралы мәліметтер**
 
Р/с № 
 
Қызметкердің Т.А.Ә. 
(жеке куәлігінің 
электрондық 
көшірмесі қоса 
берілсін)
 
Лауазымы
 
Азаматтығы 
 
Білімі туралы құжат. 
бойынша біліктілігі 
(білімі туралы 
құжаттың электрондық 
көшірмесін қоса беру)
 
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
 
      Ескерту
 
      * егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған 
жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты 
жеңілдікке әсер етеді
 
      егер құрылыс конкурстың нысанасы болып табылған жағдайда орындалған жұмыстарды 
қабылдап алу мен объектілерді пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық 
көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады (егер әлеуетті өнім 
берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орындалған 
жұмыстарды қабылдап алу актісінің электрондық көшірмесі ұсынылады)
 
      егер жұмыстардың өзге түрлері конкурстың нысанасы болып табылған жағдайда 
орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері мен шот-
фактуралары жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар болып табылады
 
      егер жаңа құрылыс конкурстың нысанасы болып табылса жаңа объектілер құрылысының 
жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі
 

      егер кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау конкурстың 
нысанасы болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда жаңа объектілерді салу, 
кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді 
реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі
 
      егер күрделі жөндеу конкурстың нысанасы болып табылса, онда жаңа объектілерді 
салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді 
реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі
 
       Құрылыс саласында жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс объектілерінің 
функционалдық тағайындауы мен салалық жатқызылуы (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын 
орындалған жұмыстардың ұқсастығы мен осы тектестігі) және олардың сәулет, қала құрылысы 
және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған 
техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі 
 
      ** растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада 
оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада 
тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген 
жағдайда, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.
 
Конкурстық құжаттамаға
 
 6-қосымша       
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      6-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет