Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің
баға ұсынысы
(әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады
Шақыру № _________________________________________________
Шақырудың атауы __________________________________________
Лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы _____________________________________________
Өнім берушінің атауы _____________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН __________________________________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы__________
ТЖҚС коды ________________________________________________
Баға ұсынысының валютасы _________________________________
Баға ұсынысы валютасының коды ____________________________
Өлшем бірлігі ____________________________________________
Барлық шығыстарды есепке алғандағы бірлік бағасы__________
Саны (көлемі) ____________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына *) ___________________
Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.
Күні және уақыты ____________________________
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
17-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бір көзден алу /мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір
көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есеп
Ескерту. 17-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Лоттың №/сатып алудың сәйкестендіру коды________________________
Лоттың/сатып алудың атауы ______________________________________
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
Лоттың нөмірі/
сатып алудың
сәйкестендіру
коды
Тауардың,
жұмыстың,
көрсетілетін
қызметтің атауы
Қолдану
негіздемесі
(тауарды, жұмысты,
көрсетілетін
қызметті) сатып
алу нысанасының
түрі
Сатып алуға
бөлінген сома,
теңге
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу үшін тапсырыс
беруші айқындаған /бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысуға шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат және оның
шақырылуына/айқындалуына негіздеме:
Шақырудың
нөмірі мен
күні/
мемлекеттік
сатып алу
туралы шартты
тікелей
жасасу үшін
өнім берушіні
айқындау
туралы
шешімнің
нөмірі
Шақырудың/шешімнің
күні
Өнім берушінің
шешімімен
шақырылған
/айқындалған
өнім берушінің
БСН
(ЖСН)/ЖСН/ТБН
Өнім
берушінің
шешімімен
шақырылған
/айқындалған
өнім
берушінің
атауы
Әлеуетті
өнім
берушінің
баға
ұсынысы
Мемлекеттік
сатып алу
туралы шартты
тікелей жасасу
үшін/ бір
көзден
мемлекеттік
сатып алуға
қатысуға
шақыру үшін
әлеуетті өнім
берушіні
айқындауға
негіздеме
Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға
шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау
туралы шешім қабылдаған тапсырыс беруші
өкілінің ТАӘ және лауазымы
қолы»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
18-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
18-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
(әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) әрбір лотқа жекелей толтырылады)
Шақыру №_____________________________________________
Шақыру атауы_________________________________________
Лот № _______________________________________________
Лот атауы ___________________________________________
Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:
№
Т.А.Ә.
Лауазымы
Рөлі
1
Тапсырыс беруші өкілі
2
Ұйымдастырушы өкілі
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
Лот
нөмірі
Тауар, жұмыс, қызметтер атауы
Қолдануға
негіздеме
Сатып алу
(тауар, жұмыс,
қызметтер) мәні
түрі
Сатып алуға
бөлінген сома,
теңге
Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
Өнім беруші атауы
БСН (ЖСН)/ЖСН/ СЕН
Деректемелер
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:
Бөлінген сома
Өнім беруші бағасы
Баға ұсынысын жасау күні және уақыты
Біліктілік талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:
Шақырылған
әлеуетті өнім
беруші атауы
Ұйымдастырушы
өкілі
Ұйымдастырушы өкілі шешімі
Сәйкессіздік себебі
(Өнім берушінің
толық атауы)
Ұйымдастырушы
өкілінің ТАӘ,
ұйымдағы
лауазымы)
(Мәндер анықтамалығына
сәйкес:
техникалық ерекшелік
талаптарына сәйкес
келеді/сәйкес келмейді;
біліктілік талаптарына сәйкес
келеді/сәйкес келмейді;
Заңның 6-бабына сәйкес
келеді/сәйкес келмейді)
(Техникалық ерекшелік;
Біліктілік талаптарына;
Заңның 6-бабының
талаптарына сәйкес
келмеу жағдайында
ұйымдастырушы өкілі
енгізген себеп)
Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) «Бір көзден
электронды сатып алу» тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған
әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу
тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған
әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу
тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне
байланысты өтпеді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған
әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.
Не: Сатып алуды болғызбау, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті
мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________
КК.АА.ЖЖЖЖ.
Болғызбау туралы шешім қабылдаған орган: {_________________}.
Не:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-
тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды
РҚАО-ның ескертпесі!
Қағидаға 18-1-қосымшамен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№
521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>,
<Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі «Өнім беруші» деп
аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет
ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі
бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4
желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың
күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың
қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты
(бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда
көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге
міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт
бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша
сипаттамасы>;
…
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - сипаттамасы>.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды
және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
_____________________________________
1
Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік
мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылғы әрбір ерекшелік бойынша бөлек
көрсетіледі..
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы>
(сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен
алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың
сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы>
бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы,
<Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша
(<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке
алмағанда>1<_____> жылы тіркеуге жатады.
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді
енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле
отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз)
күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем
шарты> арқылы төлейді.
Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру
актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім
берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.
2.4. Сандық және құндық шамадағы жеткізілетін тауар көлемі Шартқа 1-қосымшада
келтірілген.
РҚАО-ның ескертпесі!
2.5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) Тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);
3) жүкқұжат;
4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге жеткізген тауарлардың сипаттамасымен,
саны, бірлік бағасы және жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;
.
3. Тараптардың міндеттемелері
_________________________________
2
Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі
3
Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделмесе көрсетіледі
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын
қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын>
(қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3
пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа
1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде
енгізуге міндеттенеді:
мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың
көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға
арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк
шотына кепілдікті ақшалай жарна;
не:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда
электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат
нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға
орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз
тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді
толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып
табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін
қамтамасыз етуге;
4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан
немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз
қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге,
тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын
болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде,
Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және
қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;
____________________________
4
Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2)
тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар
биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген
жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда,
барлық сатып алу тәсілдері үшін;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе
Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа
тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген
ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада
ұсынылуы тиіс.
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген
құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің
орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де
заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде
өтеуге міндеттенеді.
Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1
қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
3.3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім
берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Тауарды қабылдау кезінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тауарды қабылдап алу-беру
актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып
қабылдаудан бас тартуға.
Егер Тауарды қабылдау үшін неғұрлым ұзақ мерзім талап етілген жағдайда (сынақ,
тестілеу, тексеру және т.б.) Тапсырыс беруші Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол
қояды не 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оның қабылданбауының дәлелді
негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартады;
4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші:
1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;
2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен
бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды
мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол
беріледі.
4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық
ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен
тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші
көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері
туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген
стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық
ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші,
Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына
сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе
қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың түпкілікті
мақсат пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы
мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс
беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға
рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.
4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа
міндеттемелерден босатпайды.
5. Тауарларды жеткізу және құжаттама
РҚАО-ның ескертпесі!
5.1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай
құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) шот-фактуралардың түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
2) жүкқұжат түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
3) Тауар қабылдау актісінің түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
4) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы
дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа
белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда,
Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы
мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған
нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да
мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының
және/немесе Тауардың техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды
куәландырылған көшірмелері;
5) сертификаттау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік
органы берген Тауардың сәйкестік сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі
көшірмесі (егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тауар міндетті
сертификаттауға жатпайтын болса, Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органының
хатының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет);
6) Дайындаушының немесе Жеткізушінің (қажет болған кезде) кепілдендірілген
(міндеттеме) сертификаты;
7) тауардың шығарылуы туралы сертификат (қажет болған кезде);
8) әрбір ораманың мазмұны көрсетілген орама парағының көшірмесі.
5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе
бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар Тауарды
қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы
сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды
қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды
қабылдайды.
5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте
көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
5.4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5.4. Екі Тараптың Актіге қол қою күні Тауарды жеткізу/беру күні деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |