2. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе
тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі
5. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау, олар туралы мәліметтер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды
қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі
қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
6. АҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы
сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде АҚ-ның жобасына ескертулер болмаған кезде АҚ бекітілген
болып саналады.
8. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, АҚ-ның жобасына
ескертулерді қабылдамайды;
3) АҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, АҚ-ны бекіткен
сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген АҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен
бастап АҚ бекітілген болып саналады.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушы АҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда АҚ-
ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді
автоматты түрде хабардар ете отырып, АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен
бірге АҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
10. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ-ның жобасына келіп түскен
ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда
оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі АҚ-ның жобасын алдын ала
талқылау хаттамасында көрсетіледі.
12. АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім
берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде АҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні АҚ-ның
жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі «Мемлекеттік
сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен
шағымдалуы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны
ұсынуына қойылатын талаптар
14. Аукционға қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында
беріледі және осы АҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге
аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ
өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне
сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып
табылады.
15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы АҚ-ға 4-қосымшаға
сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.
16. Аукционға қатысуға өтінім мыналарды:
1) мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге,
жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе
патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген, әлеуетті өнім берушіге қызмет
көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің осы АҚ-ға
7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда
№ 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан
Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы №
3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық
түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен
берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің
немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы
анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) анықтаманың;
аукцион жарияланған күннен кейін алынған салық төлеушінің салық берешегінің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің;
осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін
біліктілігі туралы мәліметтердің электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттардың
электрондық көшірмелерін не әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына
сәйкестігін растау ретінде ұсынатын электрондық құжаттарды қамтуы тиіс.
2) сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық,
техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар, оның ішінде тауар белгілеріне,
қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттеріне, пайдалы моделдеріне,
өнеркәсіптік үлгілеріне, тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын және осы
АҚ-ға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзге де сипаттамаларын көрсете отырып,
техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-
техникалық құжаттама көрсетіледі.
Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім
берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық
паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын
тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді;
3) аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде,
мынадай:
оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра
отырып, қағаз жеткізгіштегі не осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат
нысанындағы банк кепілдігі. Банк кепілдігін оның электрондық көшірмесін мемлекеттік
сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде, қағаз
жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға
өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер
болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз
төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.
4) осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен
бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.
18. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық
көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
19. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық аукционға қатысуға өтінім,
сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ
жасалған тілде жасалады және беріледі.
20. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға
дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.
4. Аукционға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
21. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана
отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
22. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде
веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
23. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-
порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған
болып есептеледі.
24. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;
2) аукционға қатысуға берілген өтінім осы аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді
қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген
жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
25. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.
5. Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
26. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын
күннен кешіктірмей мыналарға:
1) енгізілген аукционға қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын
жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
27. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін
аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе)
толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
28. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды
көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы
(сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі
міндеттемелерді көтермейді.
6. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу
29. Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен
уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді
автоматты түрде ашуды жүргізеді.
Егер аукционға қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) ұсынылған болса, онда
мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
30. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал
автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссияның мүшелеріне, веб-
порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде
хабарламалар таратады.
31. Бастапқы бағаларды қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап,
аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім
берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға
қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау
32. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен АҚ-ның
талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукциондық
комиссия жүзеге асырады.
33. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия мыналарды:
1) осы АҚ-ның 34-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға алдын ала
рұқсат беру хаттамасын;
2) осы АҚ-ның 44-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға рұқсат беру
туралы хаттаманы ресімдейді.
34. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын,
аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін
әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
35. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың
біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер
мен құжаттарды көрсете отырып, біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес
келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет
құжаттардың тізбесі;
3) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім
берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға
қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.
36. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала
рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс
күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-
қосымшаға сәйкес, оны аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға алдын ала рұқсат
беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
37. Әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы
орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімді
біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
38. Аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген
әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін, олардың аукционға қатысуға
алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік
талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың
толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына
сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты
материалдар мен түсіндірулерді қарауды, аукционға қатысуға өтінімдерді бағалау мен
салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес
келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық
құжат нысанында сұратады;
4) біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға
қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды
тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе)
электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімдерді АҚ-ның
талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп аукционға қатысуға өтінімдерді сәйкес
келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға өтінімдерді жетіспейтін
құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға,
тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық
комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті
өнім берушілерді анықтайды және аукцион қатысушылары деп таниды.
Аукциондық комиссия, егер онда аукционға қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай
түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса аукционға қатысуға
өтінімді АҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
39. Аукциондық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз
етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету
енгізілетін тауарларды аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің
қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға
мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді
қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан
кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз
етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы, тиындардың сомасына қарамастан, бір
теңгеге дейін дөңгелетіледі.
Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық аукционға қатысуға өтінімді
қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
40. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында
енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес
деп тану себебін көрсетеді.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 344-
тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға
жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп
пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, аукциондық комиссия енгізілген аукционға қатысуға
өтінімді қамтамасыз етуді осы АҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
41. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукционға бөлінген соманың бір
пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға
өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, аукционға қатысуға өтінімді
қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде
енгізуге құқылы.
Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге
аукционға қатысуға өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
42. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік
талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты
шектеулері болған;
3) егер оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп
айқындалған, оның ішінде егер ол АҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға
қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда аукционға қатысуға (аукционға
қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
43. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын
ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді
қабылдамауға жол берілмейді.
44. Біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға
қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің
біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға
өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті мерзімі күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде
аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.
45. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі
нысанында тауарлардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, болған кезде, сараптау
комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.
8. Бастапқы бағаларды бағалау мен салыстыру және аукционның бастапқы бағасын
айқындау
46. Веб-портал аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды
автоматы түрде жүргізеді. Ең төмен бастапқы бағаның негізінде бастапқы баға айқындалады.
Өткізіліп отырған аукционның мәні болып табылатын тауарға аукционға басқа
қатысушының ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылған жағдайда, ең төмен
бастапқы баға деп басқа ұсыныстардан бұрын ұсынылған тауар бағасы танылады.
9. Аукционды өткізу
47. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда нақты уақыт режимінде
жүзеге асырылады, оларды өткізуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор
қамтамасыз етеді.
48. Аукцион веб-порталында, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасында
көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы орналастырылған
күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі күн болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешікпейтін етіп
белгіленеді.
49. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
50. Аукцион, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін
аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап, баға туралы ағымдағы ұсынысты
аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
51. Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу
үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бастап бес
пайызына дейін құрайды.
52. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі
ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның
мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын береді.
53. Аукционға қатысушы, егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың
бағасы туралы мұндай ұсынысты аукционның осы қатысушысы берген жағдайда, өткізілетін
аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен
болатын ұсынысты беруге құқығы жоқ.
54. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың
бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз
минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы
соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде
өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де
бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
55. Веб-портал ең төменгі баға негізінде жеңімпазды автоматты түрде айқындайды.
Екінші орынды алған аукционға қатысушы ең төменгі бағадан кейінгі келесі баға
негізінде айқындалады.
56. Егер аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған, өткізілетін аукционның мәні
болып табылатын тауардың аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағасына тең
бастапқы баға ұсынылса, онда аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы
туралы басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен ұсыныс ең төмен бастапқы баға болып
танылады.
57. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға
қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы
туралы ұсыныс бермеген болса, аукционның жеңімпазы деп бастапқы бағасы ең төмен болып
табылатын әлеуетті өнім беруші танылады.
58. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және
орналастырылады.
59. Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың
қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де
талаптарына сәйкес келтіру туралы;
2) Заңның 33-бабының 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық
комиссияның сұрау салулары туралы;
3) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың
біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер
мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім
берушілер туралы ақпаратты қамтылуы тиіс.
Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |