3-параграф. Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен
мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару
36. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға
ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысын шығаруды жүргізеді.
37. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
38. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға
негізінде айқындалады.
39. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға
ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен
әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
40. Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы мен әлеуетті
өнім берушінің арасында веб-портал арқылы не веб-портал қолданылмай өзге де тәсілдермен
оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.
41. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана
баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде
өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім
берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте
жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
42. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-
бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде
өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
43. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін
бөлінген сомадан асып түскен;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген
жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.
Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
44. Егер осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген негіздер бойынша баға
ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің
екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп
танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
қайтадан жүзеге асырады.
45. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының осы
Қағидалардың 3-қосымшасының нысанына сәйкес хаттамасы ол шығарылғаннан кейін веб-
порталда автоматты түрде орналастырылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі 1-параграф.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері
46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай
реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды
қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста
соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал
арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала
жоспарының) тармақтарын жіберуі;
4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны
(қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны,
сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және
конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық
құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;
8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы
өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда
жариялау;
10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі
тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның
6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы
қарауы;
11) әлеуетті өнім берушілермен конкурсқа қатысуға арналған өздерінің өтінімдерін
біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру;
12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарау;
13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін
әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы
мәндерiн қолдану;
14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде
салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші
орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;
15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы
хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;
Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік
құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын
мемлекеттік сатып алу кезінде, сондай-ақ конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің
орнында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық
құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды
мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия
біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті
өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
47. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы
Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле
отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және
өткізуге құқылы.
Осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, біртекті
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы
конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың
беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
48. Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен
өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
49. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші,
ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 48-тармағының талаптарын ескере
отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың
біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
50. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға
ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық
құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
2-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және
жүргізу үшін тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға)
ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы
51. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды
қоспағанда, конкурсты жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс
тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама
қамтылуға тиіс.
Сонымен бірге конкурстық құжаттамада мыналар:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз
етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және
қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және
лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету
үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып
алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған
жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына,
патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің
атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына
жол берілмейді
52. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды
және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын
тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе
жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды
тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші
өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге
өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты
хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам
бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі,
шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.
Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін
жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы
қамтуға тиіс.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не
сарапшыны айқындау және бекіту (қажет болған кезде), конкурстық комиссияның
хатшысын айқындау
53. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін
орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық
комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
54. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы
шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам немесе
жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды
адам қабылдайды.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
55. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам)
атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және
конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес
тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не Қазақстан
Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының
өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
56. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда
конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді
бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.
57. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер
ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей, не өзінің құрылымдық бөлімшесі
(лауазымды адам) атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған кезде
конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім
бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның өкілдерін енгізеді.
58. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық
тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет
болған кезде сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
59. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да
мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс
беруде ауысу құқығынсыз қатысады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына
сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ
санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
60-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
60. Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда
конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан
төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Осы Қағидалардың 21 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық
комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес
лауазымды адам айқындалады.
61. Конкурстық комиссия төрағасы болмаған жағдайда комиссия төрағасының
кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші
басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда – бірінші
басшы айқындалады.
Бірыңғай ұйымдастырушы құрған конкурстық комиссияны қайта бекіткен жағдайда
тапсырыс беруші бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-
аумақтық бірлігі әкімінің міндеттерін атқаратын лауазымды тұлға конкурстық комиссияның
төрағасы болып анықталады.
62. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму
бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші
басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
63. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы
орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму
бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезде Қазақстан Республикасының тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
64. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай
ұйымдастырушы конкурс жүргізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық
комиссияның төрағасы болып айқындалады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың
қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық
комиссияның төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды.
66. Осы Қағидалардың 28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай
ұйымдастырушы конкурс жүргізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы болып тиісті
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі айқындалуы тиіс.
67. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның
төрағасы болып тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімі айқындалады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
68. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметін басқарады;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
69. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет
етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.
70. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы
қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе,
қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы
дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның
кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі
нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір
мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе
ақпаратты веб-порталда жариялайды.
71. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы
қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып
табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының
арасынан айқындалады.
72. Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;
2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурстық
құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын,
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ болған
кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
3) веб-порталда бар болған жағдайда сараптау комиссиясының немесе сарапшының
қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
73. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде
ұйымдастырушы Заңнын 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас
бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық
қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда тапсырыс
беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық
ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау
комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
74. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық
ерекшеліктің орнына жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған
және жүргізген кезде конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-
сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптау комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды.
75. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының
бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты
хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау
комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін
атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге
лауазымды адам қабылдайды.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
76. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық
комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық құжаттаманың
бекітілген жобасымен және оның қосымшаларымен танысады.
77. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа мүшелері
сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның
функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды
құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
78. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген кезде
сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық
қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы
болмайды.
79. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол
конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде
ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау
комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық
комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық
көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы
хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.
80. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін
анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің
жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
81. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол
болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау
комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау
комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында
веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің
қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын
құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |