Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>,
<Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі «Өнім беруші» деп
аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет
ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі
бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4
желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың
күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың
қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты
(бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда
көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге
міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді
қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында
төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша
сипаттамасы>;
…
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - сипаттамасы>
21
.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды
және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
____________________________
21
Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін
көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы>
(сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен
алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың
сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы>
бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы,
<Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша
(<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке
алмағанда>
22
<_____> жылы тіркеуге жатады.
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес
23
аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді
енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле
отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз)
күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем
шарты> арқылы төлейді
24
.
Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне
Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім
берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.
Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші алдын ала Тапсырыс берушімен
келіседі.
2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада
келтірілген.
РҚАО-ның ескертпесі!
2.5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
3) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы
сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;
.
.
____________________________
22
Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін
көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.
23
Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі.
24
Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі.
3. Тараптардың міндеттемелері
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын
қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын>
(қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3
пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа
1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге
тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>
25
төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың
көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға
арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк
шотына кепілдікті ақшалай жарна;
не:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда
электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат
нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға
орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз
тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;
27
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді
толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып
табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің
сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе
Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа
тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген
ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада
ұсынылуы тиіс;
____________________________
25
Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі;
26
Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2)
тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар
биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген
жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда,
барлық сатып алу тәсілдері үшін;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген
құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің
орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
7) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де
заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде
өтеуге міндеттенеді.
Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1
қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
3.3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз
етуге;
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім
берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Қызметті қабылдау кезінде көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не дәлелді
негіздемелерді көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті
мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы.
Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған
жағдайларда жол беріледі.
4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық
ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен
тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші
көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері
туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген
стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық
ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші,
Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына
сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа
міндеттемелерден босатпайды.
5. Қызметтерді көрсету және құжаттама
5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын
Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5.2. Көрсетілген қызметтерді есептеу үшін Өнім беруші Тапсырыс берушінің өкіліне
мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) шот-фактуралардың түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
2) Тауар қабылдау актісінің түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
5.3. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға
дәл сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
6. Кепілдік
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің
қамтамасыз етілуіне кепілдік етеді.
6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің
қателерін, жете өңдеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік
береді.
6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім
берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған
байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын
Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс.
6,4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы
қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына
ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді
жою шараларын қолдана алады.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында
ақша жетіспеген жағдайларда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта
көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн
үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша
тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы
сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім
берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін
шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды
(өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда
мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық
айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету
мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір
айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім
берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде
тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте
осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген
міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін
қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет
көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер
енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс
берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт
бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
Ескерту. 7.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші
Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың
көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім
берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін
көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің үштен
екісінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып
табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға)
беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан
Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін
қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету
бойынша қосалқы мердігерлер тартуға жол берілмейді
27
.
Ескерту. 7.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7.9. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін
орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда оның
орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды
28
.
8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді
және <_____> дейін қолданылады.
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы
мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз
кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн
қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды
анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;
<Жаңа абзац>
8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез
келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт
талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас
тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын
орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге
қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды
қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет
көтермейді.
____________________________
27
Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық
тәсілдеріде көрсетіледі.
28
Бұл мәтін Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге
асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін,
сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері
болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін
көрсетіледі.
8.5. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан
әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада
Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебi, Шарттың бұзылғаны күшiне енген күн
көрсетілуге тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
8.6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8.6. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттарға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші
Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем
талап етуге құқылы.
8.7. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен
Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама
жібере отырып:
1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе
Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе
ішінара бұза алады.
8.8. Шарт:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген
шектеулердің бұзылғаны анықталған;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды
көрсеткен;
3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт
жасасу фактісін анықтаған;
4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет
көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе)
Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез
келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
8.9. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама
төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы
жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер
хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі
болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілік көтермейді.
10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып
табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт
талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға
жауапты болмайды.
10.3. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және
күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек
олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс
берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге
тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт
бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық
жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |