Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Аукцион өткізу



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

   12-параграф. Аукцион өткізу 
      347. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы 
хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
 
      Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс 
күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.
 
       Аукцион басталатын уақыт Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей 

белгіленеді. 
 
      348. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға 
қатысады.
 
      349. Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін 
аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты 
аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі.
 
      350. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы 
аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа 
ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы 
баға болып танылады.
 
      351. Аукцион қадамы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу 
үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес 
пайызына дейін құрайды.
 
      352. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні 
болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең 
төмен ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
 
      353. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы 
мұндай ұсынысты да аукционға осы қатысушы берген болса, Заңның 34-бабының 6-тармағына 
сәйкес аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың 
бағасы туралы ұсынысты өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы 
туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен беруге құқығы жоқ.
 
      Ескерту. 353-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      354. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың 
бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз 
минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы 
соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде 
өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-
бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
 
      355. Веб-портал аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде 
айқындайды.
 
      Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде 
айқындалады.
 
      356. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға 
қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы 
туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім 
беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
 
      357. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама осы 
Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес аукционды өткізу аяқталған күні веб-порталда автоматты 
түрде қалыптастырылады және орналастырылады.
 
      Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Заңның 35-
бабының 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты қамтиды:
 
      1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың 
талаптарына сәйкес келтіру туралы;
 
      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық 
комиссияның сұрау салулары туралы;
 
      3) қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып, оның ішінде біліктілік 
талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын 
мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған 
әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
 
      4) ең төменгі баға негізінде жеңімпазды айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
 

      Ескерту. 357-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
   13-параграф. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп 
танудың негіздері мен салдарлары 
      358. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
 
      1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
 
      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
 
      3) егер аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
 
      4) егер аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп 
танылады.
 
      359. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткізілмеді деп танылса, 
тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
 
      1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
 
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
қайта өткізу туралы;
 
      3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.
 
   7. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
тәртібі 1-параграф. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып 
алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      360-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      360. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 
мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың 
орындалуын қарастырады:
 
      1) мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен бір көзден алу 
тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;
 
      2) тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру 
және жүргізу үшін ұйымдастырушыны айқындауы;
 
      3) ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден 
алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті 
өнім берушіге жіберуі;
 
      4) әлеуетті өнім берушінің шақыруда көзделген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 16-
қосымшаға сәйкес бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал 
арқылы ұйымдастырушыға жіберуі;
 
      5) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен 
мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын 
сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 
жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші 
ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы;
 
      6) веб порталда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары 
туралы хаттаманың орналастырылуы;
 
      7) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу 
қорытындылары туралы хаттаманың негізінде әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;
 
      8) Заңның 29-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында, 36-бабы 3-тармағының 1) 
тармақшасында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда веб-порталда 
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептің орналастырылуы.
 
      361. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу 
туралы шешімді Заңда және осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып 
алуды жүргізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
 
      362. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 

мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген 
мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен 
мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
 
      Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оларға веб-портал арқылы қажетті ақпарат 
беру және сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып 
алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталға орналастыруы туралы талаптар Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер 
мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты 
қамтитын бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
 
      363. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастырған және жүргізген 
кезде, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған 
жағдайда, әлеуетті өнім берушіні айқындауды және әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу 
тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыруды жіберуді тапсырыс беруші Заңға және 
осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
 
      364. Жүргізілмеген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша бір 
көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, ұйымдастырушы бір 
көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға шақырылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, 
егер ол осы конкурсқа (аукционға) жіберілген жағдайда, осы конкурсқа (аукционға) 
қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға 
қайта табыс етпеуге құқылы.
 
      Бұл ретте, шақыруда қамтылған мәліметтер жүргізілмеді деп танылған конкурстың 
(аукционның) конкурстық құжаттамасы (аукциондық құжаттамасы) шарттарына сәйкес болуы 
тиіс. Ағымдағы қаржы жылы шегінде жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) 
конкурстық құжаттамасында (аукциондық құжаттамасында) көзделген тауарларды жеткізу, 
жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ бұл 
мерзім бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға кеткен мерзімнен аспауға тиіс.
 
      365. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған баға 
ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған жағдайларды 
қоспағанда, ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік 
талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
 
      366. Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап 
үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен 
мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және 
орналастырады.
 
      Ескерту. 366-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      367. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) 
қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, 
ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім 
қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші 
айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
 
      Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға 
қатысуға келіскен жағдайда, бұл әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он күннің ішінде 
ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз 
растамасын жібереді.
 
      368. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) 
қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, 
ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім 
қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа 
(аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
 
      369. Конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебінен 

конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, 
ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім 
қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Заңның 6-бабының 
талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, шартты жеңілдікті есепке алғанда ең төменгі баға 
көрсетілген конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
 
      370. Конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілу себебінен конкурс 
тәсілімен мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайларда, ұйымдастырушы бір 
көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған 
күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа қатысуға 
жіберілген әлеуетті өнім берушіге оның өтінімінде көзделген шарттарда шақыру жібереді 
және жасасқан шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынымынан аспауға тиіс.
 
      371. Аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебінен 
аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайларда, 
ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім 
қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Заңның 6-бабында 
көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны 
есептемегенде, аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген ең төмен бастапқы баға ұсынған 
әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Жасасқан шарттағы баға әлеуетті өнім берушінің 
аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауға тиіс.
 
       372. Аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілу себебінен аукцион 
тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайларда, ұйымдастырушы бір 
көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған 
күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы аукционға қатысуға жіберілген 
әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді және жасасқан шарттың бағасы әлеуетті өнім 
берушінің аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген ең төмен бастапқы бағасынан аспауға 
тиіс. 
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      373-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      373. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
кезінде белгіленген мерзімнің ішінде әлеуетті өнім берушіден бір ғана баға ұсынысы 
берілсе, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы баға 
ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте жасасқан шарттың 
бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
 
      374. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушілерден бірде-бір баға ұсынысы 
берілмеген жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал 
арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
 
      375. Осы Қағидалардың 373 және 374-тармақтарында көзделген жағдайларда, әлеуетті 
өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде осы 
әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы 
шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.
 
      376. Осы Қағидалардың 368, 369, 370, 371 және 372-тармақтарында көзделген 
жағдайларда әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға 
қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға 
веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын 
жібереді.
 
   2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп 
тану негіздері 

      377. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі 
бойынша:
 
      1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын 
сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды 
қоспағанда, егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық 
құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген;
 
      2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға 
қатысумен байланысты шектеулер болған;
 
      3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға 
қатысудан бас тартқан жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.
 
      Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағы 
негізінде жүргізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген 
тәсілдермен жүзеге асырылады.
 
   3-параграф. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік 
сатып алуды жүзеге асыру 
      378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал 
арқылы шарт жасасады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3-параграф 378-1, 378-2, 378-3 және 378-4-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 
Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      379. Шарт жасасу мақсатында тапсырыс беруші веб-портал арқылы әлеуетті өнім 
берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
 
      Егер әлеуетті өнім беруші шарт жобасына веб-портал арқылы оны алған күннен бастап 
екі жұмыс күні ішінде қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса), 
тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарттың жобасын кері қайтарады.
 
      Ескерту. 379-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      380. Тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен 
мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс 
күнінен кешіктірмей орналастырады.
 
      Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, 
жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес шарттың өзге 
де талаптары қамтиды.
 
      Ескерту. 380-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      381. Осы Қағидалардың 378 және 379-тармақтарының талаптары Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер 
мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты 
қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, 
сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 
35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға 
қолданылмайды.
 
      Осы Қағидалардың 380-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды 
құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу 
жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-
тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын 
мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
 
   8. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік 
сатып алуға қатысуының ерекше шарттары 

      382. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) мемлекеттік сатып алуға 
қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз 
біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттармен қатар мынадай 
құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды ұсынуға тиіс:
 
      1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы 
шарт (консорциялық келісім);
 
      2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде 
тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.
 
      Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін 
өлшемшарттарды есептеу консорциялық келісімде айқындалған консорциум қатысушыларының 
біріне қатысты қолданылады.
 
      Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған 
консорциумның қатысушысымен жасалады.
 
   9. Шарт 1-параграф. Шарт жасасу 
      383. Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты 
шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы 
Қағидаларға 19, 20 және  21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін 
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық 
қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
 
      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға 
шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
 
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған 
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
 
      384. Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала 
жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау 
рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін 
аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке 
қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
 
      385. Егер мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары негізінде мемлекеттік 
сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алу 
шығындары тиісті бюджетте бекітілмесе (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары), шарттың 
жобасы жеңімпазға жіберілмейді. Бұл ретте Заңның 5-бабы 10-тармағында айқындалған 
тәртіппен мемлекеттік сатып алудан бас тарту жүзеге асырылады.
 
      386. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын 
сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген 
хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын 
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
 
      Ескерту. 386-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      387. Тапсырыс беруші конкурс, аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алулардың 
қорытындысы туралы хаттамаға шағым беру мерзімі өткен күннен бастап не баға ұсыныстарын 
сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс 
күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға 
және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұратуды жібереді.
 
      388. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш 
жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің 
деректемелерін толтырады және растайды.
 
      Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға және оның деректемелері туралы 
мәліметтерді растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің веб-
порталда орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
 
      389. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің 

мәліметтерді растау мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей 
электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және 
әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
 
      390. Өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы 
шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
 
      391. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және 
осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз шарт 
жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім 
берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың 
жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған 
әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 
электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
 
      Ескерту. 391-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      392. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушіде Заңның 
6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бар болса, осы 
Қағидалардың 391-тармағында белгіленген мерзімде екінші орын алған әлеуетті өнім 
берушіге шарттың жобасын жібереді.
 
      393. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы келіп түскен 
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып 
алуды жүзеге асырады.
 
      394. Заңда көзделген жағдайларда шарт қағаз тасығышта жасалуы мүмкін, бұл ретте 
тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бес жұмыс 
күні ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сай 
әзірленген жасалған шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс 
беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайларды 
қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
 
      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарт жасасу мерзімі өнім 
берушіге шарттың жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
 
      395. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың 
орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңда көзделген демпингке қарсы шаралар 
қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын енгізеді.
 
      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап Заңның 39-бабы 2-тармағы 
2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, 
тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы 
бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген 
жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге 
қолданылмайды.
 
      396. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар 
қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өзімен жасалған шарт бойынша өз 
міндеттемелерін уақытылы, толық көлемде және тиісінше орындауының кепілі ретінде 
енгізеді.
 
      397. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы, тапсырыс беруші 
шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
 
      398. Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын 
қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
 
      399. Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға 
құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, аванстың алатын бөлігіне тең 
мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
 
      400. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс 
беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету 

мөлшерін шартта көзделген міндеттемелерге бара-бар азайтады.
 
       401. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы 
қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген 
шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың 
орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші тиісті қаржы жылы басталғаннан он жұмыс күні 
ішінде енгізеді. 
 
      402. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
 
      1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк 
мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет 
заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
 
      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта не 
электрондық құжат нысанында банктік кепiлдiкті таңдауға құқылы.
 
      403. Өнім берушінің шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн енгiзiлген 
кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда 
туындауына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
 
      404. Өнім беруші енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушінiң Заңда 
көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      405-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      405. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші 
шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс 
күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      405-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      406. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн тиісінше орындамаған 
жағдайда тапсырыс беруші тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн 
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы 
мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне 
тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі анықталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде 
енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
 
      407. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар 
қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші, 
ұйымдастырушы шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына не тиісінше 
орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
 
      408. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар 
қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік 
кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу 
және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды 
тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
 
      409. Заңның 43-бабының 13-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді 
орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін шартта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) 
көзделінеді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңнамасына сәйкес айқындалады.
 
      Ескерту. 409-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      410. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы 
мемлекеттiк кәсiпорындар:
 
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) 
аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
 

      2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы 
жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
 
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да 
әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 
көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге 
жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
 
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;
 
      5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi 
бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, 
қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы 
жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған 
жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу 
мерзiмi Заңның 43-бабының 14-тармағына сәйкес үш жылдан аспайды.
 
      Ескерту. 410-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      411. Шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет 
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      412. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс 
беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы 
мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды 
орындау үшiн қажеттi ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың 
жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында 
(жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасаса алады.
 
      413. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтерге шарт үш 
жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
 
      414. Қолданылу мерзiмі бiр қаржы жылынан асатын шартты бәсекелестiк негiзде 
өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана 
жасасуға жол берiледi.
 
      415. Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс 
беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып 
тіркелген «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары 
шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн 
сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 
23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн 
сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтердi шарттың қолданысын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттiк сатып алу 
қорытындысы шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Заңның 43-бабының 18-
тармағына сәйкес ұзартады.
 
      Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, 
бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету 
үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып 
алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 415-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      416. Заңның 43-бабы 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:
 
      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;
 
      2) ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;
 
      3) міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, шарт 

жасасу фактiсін айқындаған;
 
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес 
соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу 
туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 
енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты 
бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы 
хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 
енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
 
      Ескерту. 416-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      417. Заңның 43-бабының 20-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер 
орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, 
жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды 
қамтиды.
 
      Ескерту. 417-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      418. Заңның 43-бабының 23-тармағына сәйкес шарт Қазақстан Республикасы салық 
заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан 
Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді 
төлеу талаптарын қамтиды.
 
      Ескерту. 418-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      419. Шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді 
көрсетудің ең аз мерзімі Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес тауарды беруге, оның 
ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге 
кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
 
      Ескерту. 419-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      420. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді 
толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.
 
      421. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше 
орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп 
алуды қамтамасыз етеді.
 
      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс 
беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы 
мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне 
жатқызылады.
 
      422. Заңның 47-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешіміне тапсырыс 
берушінің, ұйымдастырушының немесе бірыңғай ұйымдастырушының шағымдану кезеңінде шарт 
жасалуы мүмкін емес.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет