Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

   4-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда 
жариялау 
      280. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізу шарттары мен тәртібін 
айқындау үшін осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс 
тілдерінде аукциондық құжаттаманы қалыптастырады және:
 
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
 
      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге 
асыратын жағдайды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
 
      281. Ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің 
бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, жауапты хатшы немесе жауапты хатшының 
өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
 
      Ескерту. 281-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      282. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалған 
бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын бірыңғай 
ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
 
      283. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен аукциондық құжаттаманың жобасы 
конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт 
жобасын және осы Қағидалардың 255-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші 
бекіткен сараптау комиссияның құрамын не сараптаушыны қамтиды.
 
      Ескерту. 283-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
   5-параграф. Аукционды өткізу туралы хабарлама 

      284. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш 
жұмыс күнінен кешіктірмей аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы 
хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталға 
орналастырады.
 
      Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің 
мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген 
аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он 
бес күнді құрайды.
 
      Ескерту. 284-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      285. Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, 
ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінім ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде он 
күнтізбелік күн бұрын веб-порталда өткізілмеген аукционның аукциондық құжаттамасының 
өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы 
хабарландырудың мәтінін орналастырады.
 
      286. Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған және 
аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда 
мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес жүргізіледі.
 
   6-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала 
талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру 
      287. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар 
туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі 
қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, әлеуетті 
өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы аукциондық 
құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.
 
      288. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ аукциондық 
құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-
портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған 
күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай 
ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
 
      289. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған 
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған 
кезде аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
 
      290. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай 
ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес 
жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
 
      1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар 
енгізеді;
 
      2) аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелерін көрсете 
отырып, оларды қабылдамайды;
 
      3) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
 
      Аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген 
жағдайда, осы Қағидалардың 281, 282-тармақтарында белгіленген тәртіпте веб-порталда 
өзгертілген аукциондық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
 
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен 
бастап аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
 
      291. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен 
бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
веб-порталда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын 
орналастырады.
 
      Осы Қағидалардың 290-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың 

жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, 
бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасын алған веб-порталға қатысушы 
әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың 
жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтінін 
жариялайды.
 
      292. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық 
құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша 
қабылданған шешімдерді қамтиды.
 
      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің 
бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты 
хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойылады.
 
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізген жағдайда аукциондық 
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші 
басшысы қол қояды.
 
      Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, аукциондық 
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не 
оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін 
жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
 
      Ескерту. 292-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      293. Ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын 
ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім 
берушілердің сұрау салуларына немесе ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттамаға 
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және 
(немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 281-тармағында белгіленген тәртіпте 
бекітіледі.
 
      294. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық 
ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, 
бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала 
талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің 
сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттаманың жобасына 
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі 
болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар енгізуді қоспағанда, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 282-тармағында белгіленген 
тәртіппен бекітеді.
 
      Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі 
болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға аукциондық 
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен 
кешіктірмей жібереді.
 
      295. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен аукциондық құжаттаманың 
ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына 
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде аукциондық 
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен 
кешіктірмейтін мерзімде аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын 
техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар 
енгізеді.
 
      296. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім 
қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 290-тармағы 2) тармақшасына сәйкес оларды 
қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемелері аукциондық құжаттаманың жобасын 

алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
 
      297. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманың 
ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 290-
тармағы 3) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру 
мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында веб-порталда 
автоматты түрде орналастырылады.
 
      298. Мемлекеттік сатып алулар бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда 
аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және 
шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.
 
      Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің 
және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын 
алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
 
   7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық 
құжаттаманың жобасын ұсыну 
      299. Аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет 
білдірушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталда 
тегін алу мүмкіндігі беріледі.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      300-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      300. Веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы немесе 
аукциондық құжаттаманың жобасын беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
 
      301. Веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыру сәтіне дейін аукциондық 
құжаттаманы немесе аукциондық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.
 
   8-параграф. Аукционға қатысуға өтінімнің мазмұны және оларды ұсыну 
      302. Аукционға қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында
 
веб-портал арқылы аукциондық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі 
өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген 
талаптармен және шарттармен келісу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік 
талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы 
мәліметтер алуға келісімін білдіру түрі болып табылады.
 
      303. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, 
бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынатын аукционға қатысуға өтінім аукциондық құжаттамада 
тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
 
      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді жоқ екендігі туралы;
 
      2) өзі мен тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы арасында 
Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
 
      3) Заңның 43-бабы 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда шартты 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісу туралы растауды 
қамтуға тиіс.
 
      304. Аукционға қатысуға өтінім веб-порталмен автоматты түрде аукционға қатысуға 
өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жіберілген сәтте қабылданған болып 
есептеледі.
 
      305. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.
 
      306. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі мынадай:
 
      1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім берген;
 
      2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді 
қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
 
      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;
 
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген 
жағдайларда веб-порталмен автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
 

      Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімнің 
қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде алпыс 
күнтізбелік күнді құрайды және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін 
мерзімге сәйкес келуге тиіс.
 
      Ескерту. 306-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      307. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысу өтінімдер веб-порталда 
автоматты түрде тіркеледі.
 
      308. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген аукционға қатысуға 
өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтінімдерді 
ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің аукционға қатысуға 
өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
 
      Ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімдерді 
қабылдамауға жол берілмейді.
 
      309. Осы Қағидалардың 324-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға 
қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін оған өзгерістер және 
(немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
 
      310. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамаға сәйкес талап етілетін 
мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не 
веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынған жекелеген 
құжаттарды ұсынуына жол беріледі.
 
   9-параграф. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету 
      311. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукцион тәсілімен тауарларды сатып 
алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
 
      312. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай 
түрлерінің біреуін тағдауға құқылы:
 
      1) ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банк шотына не мемлекеттік 
органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан 
Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
 
      2) қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.
 
      Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге 
дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету 
құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.
 
      Осы Қағидалардың 316 және 317-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, 
ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті 
ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
 
      313. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қағаз 
тасығышта банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, 
бірыңғай ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін 
аукциондық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес беріледі.
 
      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банк 
кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукционға 
қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына 
тіркейді.
 
      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында 
мынадай мәліметтерді көрсетеді:
 
      1) аукционның атауы мен өткізу мерзімі;
 
      2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған 
жағдайда);
 
      3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
 
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және аукциондық 

комиссияның хатшысы әрбір бетін дәйектейді.
 
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай 
ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
 
      Бір қаржы жылы ішінде аукцион (конкурс) тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу 
бойынша бірыңғай банктік кепілдіктерді тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
 
      314. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар 
мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін 
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін 
кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді 
енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының 
электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна 
аукциондық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа аукционға қатысуға өтінім берудің 
түпкілікті мерзіміне дейін енгізіледі.
 
      315. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі:
 
      1) аукцион жеңімпазы не екінші орын алды деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт 
жасасудан жалтарған;
 
      2) аукцион жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, 
аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) 
Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) мерзімдері туралы талаптарды 
орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлар басталған 
кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
 
      316. Осы Қағидалардың 315-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде 
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, 
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп 
пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне 
есепке жатқызылады.
 
      317. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні 
ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне 
қайтарады:
 
      1) осы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті 
мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтаруы;
 
      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қою. 
Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
 
      3) шарттың күшіне енуі және аукцион жеңімпазының аукциондық құжаттамада көзделген 
шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
 
   10-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу 
      318. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың 
түпкілікті мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде веб-порталмен автоматты түрде 
жүргізіледі.
 
      319. Егер аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) берілген 
болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
 
      320. Аукционға қатысу өтінімдерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға
 
11-қосымшаға сәйкес ашу күні веб-порталмен автоматты түрде орналастырылады. Бұл ретте 
аукциондық комиссия мүшелеріне, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім 
берушілерге веб-портал автоматты хабарламаларды таратады.
 
      321. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім 
берушілерге ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да әлеуетті өнім 
берушілердің осы аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
 
   11-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға рұқсат 
      322. Аукциондық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық 
құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында 

аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға 
жіберу туралы шешім қабылдайды (аукционға қатысушылар деп таниды).
 
      323. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен 
кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау 
комиссиясының не сарапшының қарауы үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар 
бойынша техникалық ерекшеліктерді олардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін 
айқындау мақсатында ұсынады.
 
      324. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың 
талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай 
әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда 
орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді 
біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын 
береді.
 
      Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдерді 
біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы 
берілмейді.
 
      325. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама 
талаптарына сәйкестігі нысанасына аукционға қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері 
бойынша аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған аукциондық 
комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы 
аукционға қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
 
      326. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
 
      1) қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік 
талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын 
мәліметтері мен құжаттары көрсетілген біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама 
талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
 
      2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсыну және біліктілік талаптарына және 
аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі.
 
      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама 
талаптарына сәйкес келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы 
ресімделмейді.
 
      Ескерту. 326-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      327. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға алдын ала 
рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс 
күні ішінде қабылданады және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінім 
берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде 
хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
 
      328. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда 
аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
 
      329. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық 
комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол аукционға 
қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық 
көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
 
      Аукциондық комиссияның тиісті аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы 
хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда 
аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты 
веб-порталда орналастырады.
 
      330. Осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, аукциондық 
комиссияның хатшысы веб-порталдың арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық 
құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау 

рәсіміне бастама жасайды.
 
      331. Аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде аукциондық комиссия:
 
      1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде 
көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін аукционға 
қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша 
олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына толық сәйкес 
келтірілуі тұрғысынан қайта қарайды;
 
      2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген 
құжаттардың тізбесін толық бермеген және біліктілік талаптарына және аукциондық 
құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
 
      3) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтінімдері 
біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген әлеуетті 
өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды 
оңайлату үшін олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен 
түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға 
құқылы;
 
      4) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және аукциондық 
құжаттама талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысу өтінімдерінде қамтылған 
мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік 
органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында 
сұратуға құқылы.
 
      Аукционға қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзімі 
өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, 
аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген 
құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салу жіберуіне және 
өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
 
      Ескерту. 331-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      332. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы 
бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық 
комиссия банкроттық не тарату рәсімінің өткізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті 
органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
 
      333. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын 
ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді 
қабылдамауына жол бермейді.
 
      334. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдер біліктілік талаптары мен 
аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілгеннен кейін, егер:
 
       1) ол Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша біліктілік 
талаптарына және аукциондық құжаттаманың шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса; 
 
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты 
шектеулер болса, аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).
 
      335. Егер әлеуетті өнім беруші Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша 
аукционға қатысуға жіберілмеген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу 
қорытындысы туралы хаттамада аукционға қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған 
растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, осындай әлеуетті өнім берушінің 
аукционға қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.
 
      336. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері 
бойынша:
 
      1) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін 
әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және аукционға қатысушылар деп таниды;
 
      2) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың 

талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысуға өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті 
мерзімі күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес 
аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
 
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі 
нысанында тауарлардың аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы 
сараптамалық қорытынды, болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса 
беріледі.
 
      337. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
 
      1) аукционға қатысуға өтінімдердің біліктілік талаптары мен аукциондық 
құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі туралы;
 
      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық 
комиссияның сұрау салулары туралы;
 
      3) аукционға қатысуға өтінімдерінің қабылданбау себептері егжей-тегжейлі 
сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына 
сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға 
қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
 
      Ескерту. 337-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      338. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық 
комиссияның барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға 
қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете 
отырып, аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда 
орналастырады.
 
      339. Аукциондық комиссия мынадай:
 
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз 
етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
 
      2) аукциондық комиссияға:
 
      аукционға қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 
03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімдіқамтамасыз 
ету енгізілетін аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын;
 
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің 
қолданылу мерзімін және (немесе) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, 
оны беру шартын;
 
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
 
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны 
анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын аукционға 
қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
 
      3) аукционға (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде аукциондық 
өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді 
қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      340-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      340. Тиынмен есептелген қамтамасыз етудің сомаларын тиындардың сомаларына 
қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
 
      341. Әлеуетті өнім беруші қатысатын аукционда аукцион лоттарының жалпы сомаларына 
өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
 
      342. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында 

енгізілген аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін аукционға қатысуға 
өтінімді қамтамасыз етуді тану себебін көрсетеді.
 
      Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде веб-портал арқылы 
аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімді 
қамтамасыз етуді ұсынады.
 
      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны аукционға (лотқа) 
бөлінген сомалардың нөл бүтін оннан тоғыз пайызы (0,9 %) мөлшерінде енгізген әлеуетті 
өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдерін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес 
келтіруге рұқсат етілмейді.
 
      343. Осы Қағидалардың 344-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға 
(лотқа) бөлінген соманың кем дегенде бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді 
қамтамасыз ету енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттама талаптарына 
сәйкес келтіру мақсатында аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомаларын осы 
Қағидалардың 312-тармағына сәйкес түрлердің бірінде аукционға қатысуға өтінімді қосымша 
қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
 
      344. Әлеуетті өнім беруші (аукционға қатысушы болып таныла алмайды) аукционға 
жіберілмейді егер:
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      1) ол негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
 
       Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес 
алынған (жіберілген), мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде 
расталатын рұқсаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды 
(хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер 
болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және 
хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың 
(хабарламаның) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады; 
 
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, 
жеткізуге және сатуға құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың
басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;
 
      аукциондық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет 
көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар, Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелген «Екінші 
деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік 
қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес 
банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша 
әлеуетті өнім берушінің анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған 
мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы аукцион жарияланған күні немесе одан кейін 
берілген анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынбауы (егер әлеуетті өнім беруші екінші 
деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып 
табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
 
      банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында 
осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім 
берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
 
      аукцион жарияланған күні немесе одан кейін, салық төлеушінің салық берешегінің, 
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік 
аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
 
      тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде (төлем мерзімі Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге 

мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті 
кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі 
туралы ақпараттың болуы;
 
      аукциондық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді 
ұсынбауы;
 
       әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша 
міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену 
бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді 
орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары аукциондық құжаттаманың ажырамас 
бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін. 
 
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;
 
      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
 
      2) егер оның аукционға қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша аукциондық 
құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
 
      техникалық ерекшелікті ұсынбау;
 
      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін 
техникалық ерекшелікті ұсынуы;
 
      аукциондық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға 
қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
 
      аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес апқарат беру фактісі 
анықталса;
 
      3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген 
шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында 
көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім 
берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. 
Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып 
алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, аукциондық комиссия тиісті уәкілетті 
органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарайды.
 
      Ескерту. 344-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      345. Сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық комиссияның төрағасы белгілеген 
мерзімде, бірақ аукционға қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
 
      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық 
құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен 
дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
 
      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас 
бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы 
сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысына 
ұсынады.
 
      346. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды 
қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
 
      Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін аукциондық комиссияның хатшысы 
сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы 
хабарламаларды аукциондық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Аукциондық комиссия 
аукционға қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет