Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


Параграф 2. Шартты орындау



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

   Параграф 2. Шартты орындау 
      423. Шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) 
атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, 
қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына 
сәйкес келуге тиіс.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      424-т. 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
 
      424. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалғаны туралы құжаттар 
(тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, 
шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
 
      425. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған 

міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      426-т. 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      426-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      426. Өнім беруші тауарды жеткізген, жұмысты орындаған, қызметті көрсеткен кезде 
тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тауарды 
қабылдап алу актісін немесе орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актілерін 
жібереді.
 
      Тапсырыс беруші веб-портал арқылы жеткізілген тауарды қабылдап алу актісін немесе 
орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актілерін алған күннен бастап екі жұмыс күн 
ішінде оларға қол қояды немесе тауарды, жұмысты, қызметті қабылдамау негіздерін көрсете 
отырып қол қоюдан бас тартады.
 
      Тапсырыс беруші жеткізілген тауарды, орындалған жұмысты немесе көрсетілген 
қызметті қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бес 
жұмыс күннен кешіктірмей қабылдап алады.
 
   10. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік 
құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәртібі 
      427. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу 
туралы хабарландыруды ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде, әлеуетті 
өнім берушілердің – өздеріне тұрғынжай жеке меншік құқығында тиесілі, кәсіпкерлік қызмет 
субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімді ұсынуының түпкілікті мерзімі 
өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орналастырады және мынадай:
 
      1) сатып алынатын тұрғынжайдың орналасуы тиіс елді мекеннің атауы (қала, қаладағы 
аудан, кент, ауыл);
 
      2) тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражат сомасы туралы;
 
      3) сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамасы және тұрғынжайды сатып 
алу мерзімі;
 
      4) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерін ұсынуды бастау және 
аяқтау мерзімі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
 
      428. Әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын 
жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайы бар жеке тұлғаның өтінімі (әрі қарай – 
тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім) хабарламада көрсетілген оны ұсыну 
мерзімінің аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электронды құжат нысанында ұсынылады және 
әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуларды жүргізу туралы хабарламада 
көрсетілген шарттар негізінде өзіне тиесілі жеке меншік құқығындағы тұрғынжайды сатуға 
келісімін білдіру нысаны болып табылады.
 
      429. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мыналарды:
 
      1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесін;
 
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық төлқұжаттардың 
электрондық көшірмесін;
 
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күнге 
дейін берілген тұрғын үйге тыйым салынбағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
 
      4) тұрғын үйдің ағымдағы жағдайының фотосуретін қоса, Қазақстан Республикасындағы 
бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй) 
бағалау есебінің көшірмесін;
 
      5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;
 
      6) жұбайлардың екіншісінің нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі 
не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың 
электрондық көшірмесі немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәліктің 

электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растаушы куәліктің электрондық көшірмесін 
қамтиды.
 
      Ескерту. 429-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      430. Әлеуетті өнім беруші өзіне жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды 
мемлекеттік сатып алуға қатысуға бір ғана өтінім береді.
 
      431. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мынадай:
 
      1) әлеуетті өнім беруші осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға бұрын өтінім берген;
 
      2) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім веб-порталға өтінімдерді қабылдаудың 
түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
 
      3) баға ұсынысы тұрғынжайды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен 
жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады.
 
      432. Осы Қағидаларға сәйкес тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынылған 
өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
 
      433. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда тұрғынжайды мемлекеттік сатып 
алуға қатысуға өтінімдерін оны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін кез келген уақытта 
өзгертеді немесе қайтарып алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті 
мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алуға жол берілмейді.
 
      434. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып 
алуға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал автоматты түрде өтінімдерді ұсынудың 
түпкілікті мерзімі өткеннен кейін бес минут көлемінде жүзеге асырады, олардың 
қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 23-қосымшасының нысанына сәйкес ашу хаттамасы 
қалыптастырылады.
 
      435. Ұйымдастырушы тұрғынжайды хабарламада көзделген шарттарға сәйкестігі 
тұрғысында мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қарайды.
 
      Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер мынадай:
 
      1) хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмеген (тұрғынжайдың қажетті 
сипаттамаға сәйкес келмеуі, жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы және 
т.б.);
 
      2) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынымы жылжымайтын мүлік (тұрғынжай) нысанын 
бағалау есебінде айқындалған бағадан асып түскен жағдайларда қабылдамауға жатады.
 
      436. Жіберілген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын веб-портал автоматты 
түрде салыстырады және ең төмен баға ұсынысын берген жеңімпазды айқындайды.
 
      437. Егер белгіленген мерзімде тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-
бір өтінім ұсынылмаса немесе олар осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша 
қабылданбағаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім 
жіберілмесе, мұндай мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылады және тұрғынжайды 
мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүргізу туралы шешім қабылданады.
 
      438. Әлеуетті өнім берушілердің тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ең 
болмаса бір өтінімі жіберілсе, мұндай тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу өткен деп 
танылады. Бұл ретте қатысуға өтінімі жалғыз жіберілген әлеуетті өнім берушіні веб-портал 
осы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылады.
 
      439. Ұйымдастырушымен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға 
жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы 
хаттама осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес өтінімді ашқан күннен бастап бес жұмыс 
күні ішінде веб-порталда орналастырылады. Бұл ретте веб-портал осы мемлекеттік сатып 
алуларға өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламаларды 
таратады.
 
      440. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік 
құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу шарты Қазақстан Республикасының 
азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
 

   11. Тәжірибе болуы бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеу тәртібі 
      441. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Заңның 9-бабының 1-тармағына 5) 
тармақшасына сәйкес тапсырыс берушілер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы 
болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында 
жұмыс тәжірибесіне ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын 
ұсынады.
 
      Ескерту. 441-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленуі мүмкін әлеуетті 
өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс 
тәжірибесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес:
 
      1) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті 
қаржы жылына белгіленген жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын 
болса, екі жылға дейін;
 
      2) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті 
қаржы жылына белгіленген екі жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 
асатын болса, бес жылға дейін айқындалады.
 
      443. Жұмыс тәжірибесінің бар болуы бойынша біліктілік талаптары конкурстық 
құжаттамада (аукциондық құжаттамада) қарастырылады.
 
   12. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды жүзеге асыру тәртібі 
      444. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды мәтіндік, гипермәтіндік, графикалық, 
аудиовизуалдық және өзге де нысандарда, уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай 
оператор бекіткен регламентке сәйкес веб-порталда электрондық ақпараттық ресурстарды 
орналастыру арқылы бірыңғай оператор жүзеге асырады.
 
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
 
 асыру қағидаларына      
 
 1-қосымша           
 
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 
жылдық жоспары/
 
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 
алдын ала жылдық жоспары
 
(көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)
 
Жалпы мәліметтер
 
Тапсырыс 
берушінің БСН 
 
Мемлекеттік мекемелер үшін
 
Тапсырыс берушінің 
атауы
 
Қаржы жылы
 
ММ коды
 
Бюджеттің түрі
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік сатып алу жоспары
 

 
Жоспар 
тармағының 
түрі
 
Мемлекеттік мекемелер үшін
 
Сатып алу 
мәнінің 
түрі
 
Бюджеттік 
бағдарлама 
әкімшісі
 
Бағдарлама*
 
Кіші 
бағдарлама 
*
 
Ерекшелік
 
Қаржыландыру 
көзі
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тауардың, 
жұмыстың, 
көрсетілетін 
қызметтің коды
 
Сатып алынатын 
тауарлардың, 
жұмыстардың, 
көрсетілетін 
қызметтердің атауы
 
Тауарлардың, 
жұмыстардың, 
көрсетілетін 
қызметтердің 
қысқаша 
сипаттамасы 
(сипаттауы)
 
Қосымша 
сипаттамасы 
(қазақ 
тілінде)
 
Қосымша сипаттамасы 
(орыс тілінде)
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сатып 
алу 
тәсілі
 
Өлшем 
бірлігі
 
Саны, 
көлемі
 
Бір 
бірлігі 
үшін 
баға, 
теңге
 
Сатып алу 
үшін 
бекітілген 
жалпы сома, 
теңге
 
Үш жылдық 
кезеңнің 
бірінші 
жылына 
бекітілген 
сома, теңге
 
Үш жылдық 
кезеңнің 
екінші 
жылына 
арналған 
болжамды 
сома, теңге
 
Үш жылдық 
кезеңнің үшінші 
жылына арналған 
болжамды сома, 
теңге
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік 
сатып алуды 
жүзеге 
асырудың 
жоспарланған 
мерзімі (ай)
 
Тауарды 
жеткізу, 
жұмыстарды 
орындау, 
қызметтерді 
көрсету 
мерзімі(қазақ 
тілінде)
 
Тауарды 
жеткізу, 
жұмыстарды 
орындау, 
қызметтерді 
көрсету 
мерзімі(орыс 
тілінде)
 
ӘАОС
 
Тауарды 
жеткізу, 
жұмыстарды 
орындау, 
қызметтерді 
көрсету 
орны (қазақ 
тілінде)
 
Тауарды 
жеткізу, 
жұмыстарды 
орындау, 
қызметтерді 
көрсету 
орны (орыс 
тілінде)
 
Аванстық 
төлемнің 
мөлшері, 
%
 
Өнім 
берушінің 
белгісі
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Жалпы мәліметтер: 
      1) «Тапсырыс берушінің БСН» деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 
(қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі 
мәндегі код);
 
      2) «ММ коды» деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 
беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;
 
      3) «Бюджеттің түрі» деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме 
ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық 
бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы 
бар қала бюджеті);
 
      4) «Тапсырыс берушінің атауы» деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
 
      5) «Қаржы жылы» деген жолақта – мемлекеттік сатып алу жоспары жасалатын қаржы 
жылы.
 
      Мемлекеттік сатып алу жоспары:
 
      1) «№»деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың 
сәйкестендіру коды;
 
      2) «Жоспар тармағының түрі» деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай 
мәндерінің бірі көрсетіледі:
 

      Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
 
      Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
 
      Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
 
      3) «Әкімшінің коды» деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық 
уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
 
      4) «Бағдарлама» деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге 
асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды;
 
      5) «Кіші бағдарлама» деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге 
асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды;
 
      6) «Ерекшелік» деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге 
асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды;
 
       7) «Қаржыландыру көзі» деген жолақта – түскен тізімнен мемлекеттік сатып алуды 
қаржыландыру көзін көрсету қажет: 
 
      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру 
қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
 
      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру 
қаражаты есебінен;
 
      мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
 
      демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
 
      8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
 
       9) «Сатып алу мәнінің түрі» деген жолақта – мемлекеттік сатып алу мәнінің түрі 
көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет); 
 
      10) «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолақта – тауарлардың, 
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, 
көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
 
      11) «Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы» 
деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолаққа 
енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің атауы көрсетіледі;
 
      11) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы 
(сипаттауы)» деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген 
жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің 
қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
 
      12) «Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)» деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ 
тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
 
      13) «Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)» деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс 
тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
 
      14) «Сатып алу тәсілі» деген жолақта – мемлекеттік сатып алу өткізу тәсілі 
көрсетіледі;
 
      15) «Өлшем бірлігі» деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің 
коды» деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнінің өлшем бірлігі 
көрсетіледі;
 
      16) «Саны, көлемі» деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе 
көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
 
      17) «Бір бірлігі үшін баға, теңге» деген жолақта – теңгеде мемлекеттік сатып алу 
мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
 
      18) «Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге» деген жолақта – «Саны, көлемі» 
деген жолақты «Бір бірлігі үшін баға, теңге» деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі 
және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
 
      19) «Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге» деген жолақта – 

теңгеде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
 
      20) «Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта 
– теңгеде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
 
      21) «Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта 
– теңгеде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
 
      22) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)» деген 
жолақта – мемлекеттік сатып алу жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;
 
      23) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ 
тілінде)» деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді 
көрсету мерзімі көрсетіледі;        24) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, 
қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)» деген жолақта – орыс тілінде тауарды 
жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
 
      25) «ӘАОС» деген жолақта – «Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы» 
анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
 
      26) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ 
тілінде)» деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді 
көрсету орны көрсетіледі;
 
      27) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)» 
деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету 
орны көрсетіледі;
 
      28) «Аванстық төлемнің мөлшері, %» деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем 
мөлшері көрсетіледі;
 
      29) «Өнім берушінің белгісі» деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген 
санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
 
  Мемлекеттік сатып алуды 
 
жүзеге асыру қағидаларына
 
 2-қосымша       
 
 Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы 
(әрбір лотқа жеке толтырылады) 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
Сатып алуды № _______________________________________________________
 
Сатып алудың атауы___________________________________________________
 
Лоттың № ____________________________________________________________
 
Лоттың атауы ________________________________________________________
 
Әлеуетті өнім берушінің атауы________________________________________
 
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _____________________________________________________
 
Өнім берішінің банк деректемелері ___________________________________
 
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы_____________________
 
Өндіруші ел (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)__________________
 
Дайындаушы зауыттар (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)__________
 
Баға ұсынысының валюта атауы ________________________________________
 
Өлшем бірлігі _______________________________________________________
 
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы__
 
_____________________________________________________________________
 
Саны (көлемі) _______________________________________________________
 
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары _______________________________
 
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) _______________________
 
Біз хабарламада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
 

  Мемлекеттік сатып алуды 
 
жүзеге асыру қағидаларына
 
 3-қосымша        
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет