Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


Параграф 12. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

   Параграф 12. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру 
      169. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі 
тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурстық баға 
ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде ашады.
 
      170. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын 
салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.
 
      171. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші 
орын алған конкурсқа қатысушы неғұрлым аз шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде 
айқындалады.
 
      172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс 
нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер 

нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері 
бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға 
ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа 
қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс 
тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің 
конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз 
(конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын 
алған конкурсқа қатысушы) деп танылады.
 
      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      173. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері осы 
Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың 
қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
 
   Параграф 13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі 
      174. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы 
техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық 
құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк 
болып танылады.
 
      175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-
сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу 
бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы 
мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 97899 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын 
басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау 
жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан 
астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
 
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      13-параграф 175-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      176. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурстық 
өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он 
пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
 
      177. Осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда, әлеуеттi 
өнiм берушiнiң қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң бағасы конкурсқа 
бөлінген бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп 
танылады.
 
      178. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім 
беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол 
берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген 
жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.
 
   Параграф 14. Конкурсты өтпеді деп тану негiздері 
      179. Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша:
 
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
 
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
 
      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
 

      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп 
танылады.
 
      180. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс 
беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
 
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
 
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
қайтадан өткізу туралы;
 
      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.
 
   Параграф 15. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен 
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері 
      181. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып 
алу мынадай:
 
      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік 
ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын 
және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер 
бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
 
      2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет 
болған;
 
      3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін 
қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
 
      182. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып 
алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
 
      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
 
      тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;
 
      ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
 
      тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының 
сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы 
қалыптастыруы;
 
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып 
алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру;
 
      ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен 
мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық 
тапсырма беруі;
 
      әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық 
ұсыныстарды беруі;
 
      сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық 
ұсыныстарын қарауы және олар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің 
(орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
 
      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;
 
      ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің 
бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе 
жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі;
 
      ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім 
берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік 
сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі;
 
      2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген 
іс-шаралар жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 182-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      183. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс 
тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға 
өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Параграф 16.01.04.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
 
   Параграф 16. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге 
асырудың ерекшеліктері 
      184. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен Заңның 31-
бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 184-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      185. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс мынадай реттілігімен 
жүзеге асырылады:
 
      1) бірінші кезеңде уәкілетті орган тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның 
өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де 
коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен білікті әлеуетті өнім берушілердің 
тізілімін қалыптастырады;
 
      2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне 
енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асырады.
 
      186. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс Заңмен көзделген 
біліктілік талаптарын белгілейтін, сонымен қатар сатып алудың рәсімдерін және 
мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
 
      187. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс веб-портал арқылы 
Заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылған 
білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің 
арасында жүзеге асырылады.
 
      Бұл ретте біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа білікті 
әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің арасында 
өткізілетін конкурстың нысанасына сәйкес келтірілген қызмет саласында біліктілігі бар 
әлеуетті өнім берушілер қатысады.
 
      Ескерту. 187-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      188. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты ұйымдастыру және 
жүргізу мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
 
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды 
қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын мемлекеттік 
сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын 
айқындауы;
 
      2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін мәліметтер мен құжаттарды немесе 
бірыңғай ұйымдастырушыға осы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін 
тапсырманы ұсыну;
 
      3) тапсырыс берушiнің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін 
ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың 
жылдық жоспарының тармақтарын жіберуі;
 
      4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясы тобының құрамын немесе 
сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын 
айқындау;
 
      5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда орналастыру;
 

      6) конкурс тәсілімен біліктілікті алдын ала іріктеумен мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру туралы хабарламаны веб-порталда орналастыру;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      7) әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда автоматты түрде тіркеле отырып, 
конкурстық құжаттаманы алуы;
 
      8) конкурстық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;
 
      9) электрондық құжат нысанында ұсынылған біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурсқа өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
 
      10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
 
      11) конкурстық комиссиямен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болуы 
тұрғысында әлеуетті өнім берушінің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 
конкурсқа қатысуға өтінімін қарау;
 
      12) конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды 
қоспағанда, конкурстық комиссиямен веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілермен 
өздерінің техникалық ерекшеліктерін сәйкестендіру үшін олардың сәйкес келмеуінің 
себептерін егжей-тегжей көрсетіп, техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына 
сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізілімін айқындау. Осы айқындаудың 
қорытындысы веб-порталда біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың алдын 
ала рұқсат беру тиісті хаттамасында орналастыру жүзеге асырылады;
 
       13) конкурстық немесе сараптамалық комиссиясымен әлеуетті өнім берушілердің 
техникалық ерекшелігін конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне сәйкестігін 
қайтадан қарау; 
 
      14) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміндегі мәліметтер негізінде 
өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 
конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарына қолдану;
 
      15) біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысушылардың шартты 
бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, ең төменгі шартты баға негізінде 
конкурстың жеңімпазын айқындау және біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 
конкурстың қорытындысы туралы хаттамасын веб-порталда жариялау;
 
      16) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасы 
негізінде жеңімпазбен шарт жасасу.
 
      189. Ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурс жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін веб-порталда қазақ 
және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және мынадай жағдайларды 
қоспағанда ол тапсырыс берушімен келісіледі:
 
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайда;
 
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге 
асырғанда.
 
      190. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші 
басшысы не оның міндетін атқарушы адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының 
өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
 
      Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      191. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалған 
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен әзірленген конкурстық құжаттама 
бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы адаммен 
бекітіледі.
 
      192. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы бекітілген 

күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурс жүзеге асырылатыны туралы хабарландырудың мәтінін, сонымен қатар 
бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда орналастыруға.
 
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын 
ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні 
бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде 
күнтізбелік он күнді құрайды.
 
      Ескерту. 192-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      193. Конкурс тәсілімен біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін мемлекеттік 
сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер 
ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын веб-порталда өткізілмеген 
конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік 
сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға.
 
      194. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа конкурстық 
құжаттаманы алдын ала талқылау жөніндегі Заңның және осы Қағидалардың талаптары 
қолданылмайды.
 
      195. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші 
қажет болған жағдайда, бірақ біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа 
қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімінің соңғы күніне дейін күнтізбелік бес күннен 
кешіктірмей ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы конкурстық 
құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.
 
      196. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс 
күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде 
хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда 
жариялайды.
 
      197. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын 
шарттың жобасын және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру туралы сұрауды жолдаған 
кезде, бірыңғай ұйымдастырушы веб-порталды пайдалана отырып осындай сұрау келіп түскен 
күні оны тапсырыс берушіге жолдайды.
 
      198. Тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыдан өнім берушінің сұрауын алған күннен 
бастап бір жұмыс күні ішінде веб-порталды пайдалана отырып оған жауап береді.
 
      199. Бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап келіп түскен 
күні конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлай 
отырып, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасын және 
техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру мәтінін жариялайды.
 
      200. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған кезде конкурсқа қатысуға 
өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей жеке 
бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде, конкурстық 
құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға 
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 83 және 84-тармақтарында 
белгіленген тәртіппен бекітіледі.
 
      201. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды 
қоспағанда, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына 
және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған 
жағдайда, тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге 
дейінгі күнтізбелік төрт күннен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық 
құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына және техникалық 
ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді 
жолдайды.
 
      202. Бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші бекіткен шешім негізінде, конкурсқа 

қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей 
конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына және техникалық 
ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
 
      203. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей 
конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете 
отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-
порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы орналастырады.
 
      Бұл жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі кемінде 
күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылады.
 
      204. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінім веб-
портал арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге 
дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген 
талаптарға және шарттарға келісім беру нысаны болып табылады, сонымен қатар әлеуетті 
өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге 
сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісім білдіру түрі болып табылады.
 
      205. Әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа 
өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
 
      206. Конкурстық комиссия біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа 
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама 
талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-порталды 
пайдалана отырып, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға 
өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы 
деп таниды).
 
      207. Конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органның интернет-ресурсында 
орналастырылған ақпарат негізінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала 
іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін мемлекеттік сатып алуларға 
қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер тұрғысында қарайды.
 
      208. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жұмысқа 
қатысты мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан 
күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар 
құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім 
берушілер ұсынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерін 
олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.
 
      209. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа әлеуетті өнім 
берушілер ұсынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерінің 
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің 
конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілікті алдын ала 
іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған 
конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның 
хатшысы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді 
алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
 
      210. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы 
тиіс:
 
      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық 
құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері 
егжей-тегжейлі сипатталған тізілімі;
 
      2) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген 

шектеулері бар әлеуетті өнім берушілердің тізілімі.
 
      Әлеуетті өнім берушілердің тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық 
ерекшеліктері конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес болған 
жағдайда, сонымен қатар егер конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық 
құжаттаманы қамтыған жағдайда, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа 
қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.
 
      Ескерту. 210-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      211. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді біліктілікті алдын ала 
іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі осы 
конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады және 
конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім 
берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда орналастырады.
 
      212. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала 
рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол 
қояды.
 
      213. Осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық 
комиссияның хатшысы веб-порталдың арқылы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес 
келтірілген біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға 
өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.
 
      214.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау қорытындысымен конкурстық 
комиссия:
 
      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық 
құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
 
      2) Осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте әлеуетті өнім берушілердің конкурстық 
баға ұсынымына білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінде көрсетілген ақпараттың 
негізінде Заңның 21-бабының 4-тармағымен көзделген өлшем шарттардың салыстырмалы 
мәндерін қолданады;
 
      3) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім 
берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға 
өтінімдерін қайта ұсыну мерзімінен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілікті алдын ала 
іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы 
хаттаманы ресімдейді.
 
      Қорытынды хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлар, жұмыстар, 
қызметтер бойынша техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттаманың талаптарына 
сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, не, болған жағдайда, сараптау комиссиясы 
мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.
 
      215. Әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа 
қатысуға өзінің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерін 
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
 
      1) әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық 
ерекшелік конкурстық құжаттама талаптарына және шарттарына сәйкес келмейді деп 
айқындалса;
 
      2) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген 
шектеулер бар болса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп 
танылмайды).
 
      216. Егер конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы 
қамтыса, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін 
ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын 

ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға 
байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер тұрғысында қарайды.
 
      217. Егер әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 
конкурсқа қатысуға Заңның 6-бабында көзделген негіздерге байланысты жіберілмесе, 
біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып 
алудың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға 
өтінімін қабылдамауға негіз болған растайтын ақпараттары және құжаттары көрсетіледі.
 
      218. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік 
сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық 
мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысымен конкурсқа қатысуға өтінім 
берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс 
тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-
порталда жариялайды.
 
       219. Конкурсты жүргізу кезінде веб-порталмен конкурстық баға ұсынымдарын 
автоматты түрде ашу, бағалау және салыстыру, сонымен қатар жеңімпазды айқындау 
(конкурстық баға ұсынымдарын бағалау және салыстыру қорытындысымен екінші орын алған 
конкурс қатысушысы) Заңмен және осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады. 
 
      220. Егер осы Қағидалармен басқалар көзделмесе, біліктілікті алдын ала іріктеумен 
жүргізілетін конкурсты жүзеге асыру барысында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып 
алуларды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет