Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

150 
 
 
 
 
 
«МЕНЯ НАЗЫВАЮТ ЕВРАЗИЙЦЕМ...» 
 
(Отрывок из интервью Андрея Писарева  
с Л.Н. Гумилевым)  
 
А.П.:  Лев  Николаевич,  давайте  начнем  с  «истоков».  Сегодня  Вы 
представляете  единственную  серьезную  историческую  школу  в  России. 
Последней  такой  школой  было  евразийство  –  мощное  направление 
исторической  мысли  первой  половины  нашего  века,  представленное  такими 
именами,  как  Н.С.  Трубецкой,  П.Н.  Савицкий,  Г.В.  Вернадский,  отчасти  Л.П. 
Карсавин  и  Г.П.  Федотов.  Насколько  евразийцев  можно  считать 
предшественниками теории этногенеза Л.Н. Гумилева? 
Л.Г.: Вообще меня называют евразийцем – и я не отказываюсь. Вы правы: 
это  была  мощная  историческая  школа.  Я  внимательно  изучал  труды  этих 
людей.  И  не  только  изучал.  Скажем,  когда  я  был  в  Праге,  я  встречался  и 
беседовал  с  Савицким,  переписывался  с  Г.  Вернадским.  С  основными 
историко-методологическими  выводами  евразийцев  я  согласен.  Но  главного  в 
теории  этногенеза  –  понятия  пассионарности  –  они  не  знали.  Понимаете,  им 
очень  не  хватало  естествознания.  Георгию  Владимировичу  Вернадскому  как 
историку очень не хватало усвоения идей своего отца, Владимира Ивановича. 
Когда  мы  говорим  «история»  –  мы  просто  обязаны  отметить  или 
упомянуть, какая это история, история чего? Существует простое перечисление 
событий  –  это  хроника;  есть  история  экономическая,  описывающая 
производство  материальных  благ;  есть  история  юридическая,  достаточно 
развитая России в XIX веке, изучающая эволюцию общественно-политических 
институтов;  есть  история  культуры,  военного  дела  и  так  далее.  Я  занимаюсь 
этнической  историей,  которая  является  функцией  природного  процесса  – 
этногенеза  –  и  изучает  естественно  сложившиеся  несоциальные  коллективы 
людей – различные народы, этносы. В чем принципиальное отличие этнической 
истории от исторических наук, изучающих социальные структуры? Этническая 
история  от  всех  прочих  отличается  прежде  всего  дискретностью, 
прерывистостью.  Происходит  это  потому,  что  сам  процесс  этногенеза  (как, 
впрочем,  и  всякий  другой  природный  процесс)  конечен  и  связан  с 
определенной  формой  энергии,  открытой  нашим  великим  соотечественником 
В.И. Вернадским, – энергией живого вещества биосферы. Эффект избытка этой 
энергии у человека ваш покорный слуга назвал пассионарностью. Любой этнос 
возникает  в  результате  определенного  взрыва  пассионарности,  затем, 
постепенно  теряя  ее,  переходит  в  инерционный  период,  инерция  кончается,  и 
этнос распадается на свои составные части... 
 
Наш современник, 1991, №1. - С.132-141. 

151 
 
 
 
 
 
ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОҚУ-БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРУ 
АРҚЫЛЫ БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫНА 
 
Қазақстан Республикасының Президенті  
Н. Ә. Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
 ҧлттық университетінің студенттері алдында сӛйлеген сӛзі 
 
Қымбатты жас достар! 
Құрметті ұстаздар! 
Мен ең алдымен сіздердің баршаларыңызды бүгінгі мерейтойларыңызбен 
–  Еуразия  университеті  құрылуының  10  жылдығымен  шын  жүректен 
құттықтаймын. Осы университетті кеше ғана құрған сияқты едік, енді қарасақ, 
арада он жыл зымырап ҿте шығыпты. Алайда осы он жылда ел ҿмірінде қыруар 
оң  ҿзгерістердің,  елеулі  оқиғалардың  болғаны,  адамзат  дамуының  ҽлемдік 
үрдістеріне сҽйкес іргелі реформалардың жүзеге асқаны ҿздеріңе аян.  
Университеттің  де  сол  бір  ҿтпелі  кезеңнің  қиын-қыстау  жылдарында 
ҿмірге келгені естеріңде болар. 
Осы  жылдар  ішінде  жаңа  университет  ҿзінің  тарихын  ҿнегелі 
бастамалармен,  ҿміршең  істермен  жасай  білді.  Сҿйтіп,  қазір  ол  іргелі  ғылым 
ордасына, білімнің шын мҽніндегі киелі шаңырағына айналып отыр.  
Ұлттық  тарихымыздың  рухани  жаңғыруының  белгісі  ретінде  Күлтегін 
бабамыздың кҿк тасы осы жерге ҽкеліп қойылды. 
Біздің  елімізге  алыс-жақыннан  келіп  жатқан  мемлекет  басшыларының, 
қоғам қайраткерлері мен ҿнер тұлғаларының осы университетке бір соға кетуі 
бұл күнде ҽдемі дҽстүрге айналды.  
Университеттің  осылайша  жақсы  мен  жайсаңдар  бас  қосатын  рухани 
ордаға,  киелі  шаңыраққа  айналғаны  оның  келешегінің  кемелдігін  кҿрсетеді. 
Сондықтан жас мемлекетімізбен, оның жас елордасы – Астана қаласымен бірге 
жайнап,  бірге  ҿсіп  келе  жатқан  Еуразия  университетінің  бүгінгі  мерейтойы 
баршамызға  ортақ  қуаныш.  Бұл  той  жастардың  тойы,  жасампаздықтың  тойы. 
Құтты болсын!  
Біз  бҽріміз  де  университет  еліміз  үшін  ҿте  қиын  жылдары  құрылғанын 
жақсы  білеміз.  Ҽлі  де  болса  жалақы  мен  зейнетақы  кешігіп,  инфляция 
ауыздықталмаған  болатын,  кҿптеген  ҿңірлерде  электр  тогы  кезекпен  ҿшіріліп 
жатты,  алайда  еліміз  жаңа  университеттің  құрылуы  туралы  хабарды  зор 
жігермен қарсы алды.  
Ҿйткені  бұл  болашаққа  ұмтылған  қадам  болатын.  Лайықты  жасалған 
жҽне Қазақстанның мерейлі болашағына деген сенімнің қадамы болды.  
Бүгінде  Еуразия  университеті  жоғары  білім  флагмандарының  біріне 
айналып келеді.  

152 
 
 
Жаңа  елорда  сендердің  Университеттеріңнің  ғимаратын  қалаудан 
басталды деуге болады.  
 
Сендердің  университеттеріңнің  Еуразиялық  атануы  кездейсоқ  емес. 
Еуразиялық  идеясы  теория  ретінде  ҿткен  ғасырда  туған  болатын.  Бірақ  та 
Еуразиялық  идеясы  жаңа  ҿмірді  ұйымдастырудың  практикасы  ретінде  осы 
ғасырда  іске  асатынына  сенімдімін.  Еуразияшылдық  –  бүкіл  ХХІ  ғасырдың 
басты бір идеясы. Сендер мұны кҿп кешікпей түсінесіңдер жҽне кҿресіңдер.  
Еуразиялық  идеясының  Қазақстанның  бастамасы  бойынша  іске 
асырылған  үш  киті  –  бұлар  ЕурАзЭҚ,  АҾСШК  жҽне  ШЫҰ.  Бұл  –  бір  ғана 
айтып  жеткізгісіз  Орталықтың,  біртұтас  Еуразиялық  идеяның  үш  түрлі  іс 
жүзіндегі кҿрінісі.  
Сондықтан  да  Еуразияның  рухани  ел  ордасы,  жүрегі  Астана,  ал  осынау 
жүректің ең қымбат ҿзегі – Астанадағы біздің Еуразия университеті бола алады.  
Осындағы  сегіз  бейіндік  факультетте  он  жарым  мыңнан  астам  жастар 
оқиды,  Қазақстан  Ұлттық  ғылым  академиясының  8  академигі,  476  ғылым 
докторы мен кандидаты жұмыс істейді.  
Бүгінде  университет  беделді  оқу  орнына  айналды,  біздің  елордаға  келген 
кҿптеген  мемлекеттердің  басшылары  мұнда  сҿз  сҿйлеуді  құрмет  санайды. 
Еуразия  университеті  халықаралық  деңгейге  шықты,  оның  жанында  Мҽскеу 
мемлекеттік университетінің филиалы жұмыс істейді.  
Мен  университет  ҿз  мерейтойын  жақсы  нҽтижелермен  қарсы  алып 
отырғанына  қуаныштымын  жҽне  сендердің  барлықтарыңды  осынау  айтулы 
оқиғамен тағы да құттықтаймын.  
Ал  тұтастай  еліміз  бойынша  бізде  сегіз  жүз  мың  дерлік  студент  бар, 
олардың  жүз  он  мыңнан  астамы  мемлекеттік  гранттар  бойынша  оқиды.  Жыл 
сайын үш мың жас адамды республика «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет 
елге оқуға жібереді.  
 
Мұның  бҽрі  мемлекеттің  білімді  жетілдіру  мҽселесіне  деген  басым 
назарын  танытады.  Ол  біздің  дамуымыздың  шешуші  факторына  айналып 
келеді. Жҽне мұнда біз кҿп ретте ҽлемдік тҽжірибеге арқа сүйейміз.  
Осыған байланысты қызықты екі мысал келтіргім келеді.  
1995 жылдан бастап Финляндияда ғылымды, инновация мен білім беруді 
ұштауды  қаржыландыру  қауырт  ұлғайған.  Соңғы  жылдары  ғылыми-зерттеу 
жҽне  тҽжірибелік-конструкторлық  жұмыстарға  (ҒЗТКЖ)  арналған  шығындар 
ІЖҾ-нің  3,5  пайызына  жетіп,  5  млрд.  еуроны  құраған.  Ал  білім  беруге 
шығындар бұдан да кҿп  – ІЖҾ-нің 4,9 пайызы, немесе 7,4 млрд. еуро. Соның 
нҽтижесінде Финляндия бҽсекеге қабілеттілік индексі бойынша ҽлемде бірінші 
орын алады. Фин табыстылығының формуласында классикалық үш қосылғыш: 
білім  берудің  биік  деңгейі,  ғылымға  арналған  қаражатты  конкурстық 
қағидатпен бҿлу жҽне дамыған инновациялық инфрақұрылым бар.  
Екінші  мысал.  Физик  Уильям  Лоуренс  Брэгг  25  жасында  Нобель 
сыйлығының  лауреаты  болды.  Сендердің  кҿбің  кҿп  кешікпей-ақ  осы  жасқа 
жетесіңдер.  Біз  қазір  айтып  жүргеніміздей,  ҿз  жасы  үшін  ол  бҽсекеге  ҿте 
қабілетті жас адам болған.  

153 
 
Ҿздерің  білетіндей,  Қазақстан  2030  жылға  дейінгі  Даму  стратегиясын 
негізге ала отырып, ҿзінің алдына 10 жыл ішінде бҽсекеге барынша қабілетті 50 
мемлекеттің  қатарына  кіру  жҿнінде  ҿршіл  мақсат  қойды.  Осы  мҽселе  менің 
бүгінгі лекциямның тақырыбы болады.  
Айтпақшы,  мен  сендермен  ғана,  осы  аудиторияға  жиналғандармен  ғана  емес, 
Қазақстанның  барша  студенттерімен  жүздесіп  отырмын.  Интерактивтік 
режімде  бізге  елдің  барлық  облыстарындағы,  Астана  мен  Алматыдағы  ірі 
жоғары оқу орындарының студенттері қосылып, қазір тыңдап отыр.  
Сендер  білесіңдер,  Қазақстан  халқына  ҿзімнің  Жолдауымда  мен 
Қазақстанның  ҽлемдегі  барынша  дамыған  жҽне  бҽсекеге  қабілетті  елдерінің 
қатарына кіру стратегиясын ұсындым. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге 
жҽрдемдесетін  дамудың  жеті  басым  бағыты  анықталды.  Бұл  шешуші 
басымдықтардың  бірі  осы  заманғы  білім  мен  озық  ғылымды  дамыту  болып 
табылады.  
Біз  жаңа  ғасырдың  талаптарына  жедел  бейімделіп,  қатал  бҽсекелестікке 
ҽзір болуға тиіспіз. Мен жастар Жолдаудың мҽні мен маңызын түсінгенін, оның 
идеяларына  қаныққанын  қалаймын.  Бірақ  та  біздің  алдымызда  тұрған 
міндеттерді  терең  түсіну  үшін  бүгінде  жаһандық  дүние  нені  білдіретінін 
түсінуден бастау керек.  
І. Осы заманғы ҽлем: жаһандану үрдістері мен сынақтары 
1.1. Жаһандану ҿзімен бірге не ҽкеледі? 
Осы  заманғы  ҽлем  жаһандану  кезеңін  –  адамзаттың  біртұтас  ақпарат  жҽне 
коммуникациялар  кеңістігінде  жан-жақты  бірігу,  бүкіл  планетаның  біртұтас 
экономикалық рынокқа айналуы дҽуірін бастан кешуде.  
Жаһандық  қоғам  ҽлдеқайда  ашық  бола  түсуде:  капиталдың, 
қаржылардың,  адамдардың,  ақпараттың  еркін  қозғалысы  осы  заманғы 
«шекараларсыз ҽлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.  
Жаһандануға қандай факторлар жҽрдемдесуде?  
Бірінші  кезекте,  бұл  тауарлардың  елдер  мен  экономика  секторлары 
арасындағы  қозғалысы.  Сауда-саттықты  ҿрістету  экономиканың  дамуы  мен 
ҿсуі  үшін  стратегиялық  тұрғыда  қажет.  Ашық  экономикалар  протекционистік 
саясатты  жүзеге  асыратын  мемлекеттердің  алдында  ҿз  артықшылығын 
дҽлелдеді. Соңғы жиырма жылдың ішінде ҽлемдік сауда-саттық ҽлемдік ІЖҾ-ге 
қарағанда  ҽлдеқайда  жедел  ҿсті.  Егер  70-ші  жылдары  халықаралық  сауда-
саттық  кҿлемі  ҽлемдік  ІЖҾ  кҿлемінің  30%-ын  ғана  құраса,  біздің  ғасырда  ол 
қазірдің ҿзінде 60%-ды құрайды.  
Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.  
Мысалы, соңғы 20 жылда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестиция-
лардың ағыны жүздеген есе ҿсті. Бүгінде бір Қытай ғана жыл сайын 60 млрд. 
доллар  тікелей  шетелдік  инвестицияларды  тартады,  қалған  Азия  елдері  –  172 
млрд. доллар, Латын Америкасы елдері – жылына 72 млрд. доллар тартады.  
Үшіншіден,  адамдардың  кедергісіз  қозғалысы.  Бүгінде  ҽлемде  елеулі 
кҿші-қон ҿзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдеріне, ҽсіресе, Еуропалық Одаққа, 
АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Батыс қалаларында болғанда бір 

154 
 
ғана орамнан бірге жұмыс істеп, тұрып жатқан Азияның, Еуропаның, Америка 
мен Африканың кҿптеген мемлекеттерінен шыққандарды кездестіруге болады. 
Қазақстан да бұдан тыс емес. Басқа елдерден келген 500 мыңға жуық мигрант-
тар бізде де жұмыс істейді.  
Тҿртіншіден,  жаһандану  факторларының  бірі  халықаралық  валюта 
рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. 
Ҽлемдік  валюта  жүйесі  үш  революцияны:  реттеудің  алынып  тасталуын, 
интернационалдануды жҽне инновацияны бір мезгілде бастан кешті.  
Нҽтижесінде шетелдік рыноктар туралы мҽліметтердің сапасы жақсарды 
жҽне  оларды  алу  жеделдігі  артты,  «жерді  айналу  жҽне  тҽулік  бойғы»  қаржы 
операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды.  
Бесіншіден,  ақпараттың,  интеллектуалдық  ҿнім  мен  идеялардың  еркін 
қозғалысы жаһандану факторларының бірі жҽне сонымен бірге салдары болып 
табылады.  
Интернеттің,  электрондық  поштаның,  ҿзіндік  құны  жағынан  тҿмен 
халықаралық  телефон  қызметтерінің,  ұялы  телефон  мен  электрондық 
конференциялардың таралуына қарай дүние ҽлдеқайда ҿзара байланысты бола 
түсті.  Осымен  бір  мезгілде  спутниктік  телевизия  жҽне  электрондық  баспасҿз 
нағыз жаһандық тҿртінші ҿлшемді туғызды. Мұндай техникалық мүмкіндіктер 
бұдан 20-30 жыл бұрын ойға да кіріп шықпайтын.  
Сонымен  қатар  жаһандану  осы  заманғы  ҽлемге  осалдық  пен  шетіндік 
ҽкелді.  Лаңкестік,  есірткі  саудасы,  ақпараттық  соғыстар,  эпидемиялар, 
экологиялық апаттар да шекараны білмейді жҽне бүкіл адамзат үшін жаһандық 
сынақтарға  айналды.  Ҽлемнің  бір  де  бір  мемлекеті  дербес  ҿзі  аталған 
сынақтарға қарсы тұруға қабілетті емес.  
Ҽлемдегі  ҽлеуметтік-экономикалық  дамудың  ҽркелкілігі  күшейді. 
Жаһанданудың  оң  тиімділігін  ҽзірге  ҽлемдегі  ең  дамыған  мемлекеттердің  аз 
тобы ғана сезінді.  
Бүкілҽлемдік  жаһанданудың  ҽлеуметтік  қырлары  жҿніндегі  комиссияның 
мҽліметтеріне  сҽйкес,  аса  бай  жиырма  жҽне  аса  кедей  жиырма  елдің 
арасындағы  жан басына  шаққандағы  ІЖҾ  кҿрсеткішінің айырмашылығы 1962 
жылы 53:1 болса, 40 жылда екі еседен астамға ҿсіп, 2002 жылы 121:1 болыпты.  
Бүкіл  дүниежүзілік  банктің  мҽліметтері  бойынша  ҽлемде  800  миллион 
адам аштық пен ашқұрсақтықтан зардап шегеді, 1 миллиард 300 миллион адам 
күніге  1  доллардан  кем  табысқа  күн  кҿреді,  1,5  миллиард  адам  таза  суға  қол 
жеткізе  алмай  келеді,  кедей  елдердің  80%-ы  ҽлемде  жасалатын  игіліктердің 
20%-ын ғана тұтынады.  
Ортақ  ―ҿркендеу  кеңістігінің‖  орнына  бірқатар  ҿңірлерде  «қайыршылық 
кеңістігі» мен ҽлеуметтік құлдырау ҿрістеуде, олар халықаралық қауіпсіздіктің 
халықаралық  лаңкестік  жҽне  ұйымдасқан  қылмыс,  есірткімен,  қару-жарақпен 
заңсыз сауда секілді сынақтары үшін нҽрлі ортаға айналуда.  
Демек, қатал халықаралық бҽсекелестіктің ҿсуі бүгінде барынша маңызды 
ҽлемдік үрдіс болып табылады.  

155 
 
Экономикасы  жоғары  дамыған  елдер  дамуы  тҿмен  бҽсекелестерін 
ығыстыруда.  
Жоғарыда  айтылғандарды  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Джозеф 
Стиглицтің  мынадай  сҿздерімен  түйіндеуге  болады:  «Жаһандануды 
жақтаушылар  жаһандану  болмай  қоймайды  деп,  оның  игіліктерін  жарнамалап 
бағуда;  қарсыластары  оның  келеңсіз  салдарын  егжей-тегжейінде  айшықты 
суреттеп,  оны  тоқтатуды  талап  етеді.  Ал  мен  жаһанданудың  адамдар  ҿмірін, 
соның  ішінде  дамушы  елдерде  де,  жақсарту  жҿнінде  зор  ҽлеуеті  бар  жҽне 
кейбір  тұрғыда  бұл  қазірдің  ҿзінде  жүріп  жатыр  –  мҽселен,  білімнің 
жаһандануы  денсаулық  сақтауды  жетілдіруге  жҽне  адам  ҿмірін  ұзартуға 
жеткізді деп санаймын».  
Жаһандану  байыпты,  ақылға  сыйымды  реттеу  мен  басқарудың  нысаны 
болуы  тиіс  деген  пікірмен  келісуге  болады.  Белгілі  бір  келеңсіз  жақтарымен 
қатар жаһандану ҿз бойында зор мүмкіндіктер санын алып жүретінін мойындау 
керек.  Бірақ  та,  оларды  пайдалану  үшін  елдің  бҽсекеге  қабілеттілігін  арттыру 
қажет.  
1.2.  Жаһандану  жағдайында  бҽсекеге  қабілеттілік  қалай  табыстың 
себебіне айналады? 
 
Жаһандану  ұлттық  экономиканың  бҽсекеге  қабілеттілігіне  тҿтенше 
жоғары талаптар қояды.  
Бүгінде  елдің  бҽсекеге  қабілеттілігі  –  жаһандық  экономика  мен  саясатта  ең 
ықпалды  тұжырымдамалардың бірі, ҿйткені  тек  экономикалық  кҿрсеткіштерді 
қамтып қана қоймайды, сонымен бірге экономикалық емес маңызды құбылыс-
тардың экономикалық салдарын бағалай алады.  
Елдің бҽсекеге қабілеттілігін қалай ҿлшеу керек?  
Оны  ҿлшеудің  ең  қарапайым  тҽсілдерінің  бірі  жан  басына  шаққанда 
келетін ішкі жалпы ҿнімнің (ІЖҾ) кҿрсеткіші болып табылады. Бұл кҿрсеткіш 
неғұрлым  жоғары  болған  сайын,  ел  мен  оның  азаматтары  соғұрлым  бай,  ҿмір 
сапасы соғұрлым жоғары.  
 
2005 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққанда 
ІЖҾ 3700 АҚШ доллары мҿлшерінде қалыптасты. Осы кҿрсеткіш бойынша 50 
елдің қатарында болу үшін ол кем дегенде 5500-6500 АҚШ доллары жҽне одан 
жоғары  болуы  керек.  Яғни,  шамамен  Чили,  Мексика,  Малайзия  секілді  елдер 
деңгейінде болуы керек.  
Бұл  елдер  бұрынғы  социалистік  елдердің  (Чех  Республикасы,  Венгрия) 
кҿрсеткіштерінен  айтарлықтай  кем  түседі  –  оларда  ІЖҾ  қазірдің  ҿзінде  ҽр 
адамға  10  мың  АҚШ  долларынан  асып  түседі.  Ал  кҿшбасшылар  шағын 
Люксембург  (63500  АҚШ  долларынан  жоғары),  Норвегия  (55000  АҚШ 
доллары) жҽне Швейцария (50000 АҚШ доллары) болып табылады.  
Алайда  бҽсекеге  қабілеттілік  елдің  экономикалық  ҿсудің  жоғары 
қарқынына  жетуімен,  соны  ұстап  тұруымен  шектелмейді.  Бҽсекеге 
қабілеттіліктің  басты  кҿрсеткіші  халық  тұрмысының  жоғары  деңгейі  мен 
сапасы болып табылады.  

156 
 
Бҽсекеге  қабілеттіліктің  ҽлемдік  жыл  сайынғы  жинағын  шығаратын 
Лозаннадағы Менеджментті дамыту институты 320-дан астам кҿрсеткіштер мен 
сарапшылар бағаларын талдайды екен, соның ішінде мыналар бар:  
 
83  экономикалық  кҿрсеткіш,  77  үкімет  пен  басқару  тиімділігінің 
кҿрсеткіші,  69  бизнес  тиімділігінің  кҿрсеткіші,  94  инфрақұрылым  кҿрсеткіші. 
Жоғарыда  аталған  барлық  ҿлшемдер  мен  факторлардың  ҿзара  ықпалдасуы 
арқылы елдің бҽсекеге қабілеттілігі айқындалады.  
Солардың кейбіреуінің рҿлін айрықша атап ҿтуге болады.  
Біріншіден, білім беру деңгейі. Мҽселе мынада, ұлттар тауарлармен жҽне 
қызметтермен  ғана  бҽсекелеспейді  –  олар  қоғамдық  құндылықтар  жүйесі  мен 
білім беру жүйелерімен де бҽсекелеседі.  
Екіншіден,  адами  капиталдың  дамуы.  Осы  заманғы  экономикада  салмақ 
материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда, «интеллектуалдық ҽлеуетке» 
кҿбірек  түсіріледі.  Ұлттың  осы  заманғы  жҽне  тиімді  білім  беру  жүйесін 
ұстануға,  жұмысшы  күшінің  оқыту  жолымен  интеллектуалдық  қырын 
арттыруға қабілеттілігі бҽсекеге қабілеттілігі үшін ерен маңызды болуда.  
Үшіншіден,  инновациялық  даму.  Бҽсекеге  қабілеттілік  индексінің  бір 
бҿлігі  болып  табылатын  «технологиялар  индексі»  деп  аталатын  кҿрсеткіш, 
инновациялық 
даму, 
технологиялар 
трансферті, 
ақпараттық 
жҽне 
коммуникациялық технологиялар дамуы, ғылыми зерттеулер мен талдамаларды 
инвестициялау  кҿлемінің,  бұл  салада  бизнес  пен  университеттердің 
ынтымақтастығы деңгейін бағалау арқылы есептеп шығарылады.  
Тҿртіншіден,  атқарылу  сапасы.  Жапония,  Сингапур,  Германия, 
Швейцария  –  идеялар  мен  технологиялардың  нақтылы  ҿнімдер  мен 
қызметтерге асқан шеберлікпен айналуының арқасында жаһандық экономикада 
табысқа жетіп келе жатқан елдердің үлгісі болып отыр. 
Енді ақырында, саяси ерік-жігер мен ұлттық консенсус. Жоғары бҽсекеге 
қабілеттілікке  ұмтылушы  кез  келген  елдің  саяси  басшылығы  үшін  ең  күрделі 
мҽселе  –  саяси  ерік-жігерді  кҿрсету  ғана  емес,  сонымен  бірге  адамдар  мен 
институттарды қажетті ҿзгерістерді жүргізуге жұмылдыру.  
Соңғы  10-15  жыл  бойында  бҽсекеге  қабілеттіліктің  жаңа  ҿлшемі  пайда 
болды: салмақ жаһандық экономиканың жаңа сапаға – «білім экономикасына» 
ҿтуіне түсіріледі. Керемет цифр: қазіргі батыс ҽлемінде белсенді халықтың тек 
15%-ы 
тауарлар  ҿндірісіне  тікелей  қатысады  екен,  қалған  85%-ы 
шығармашылық, менеджмент жҽне ақпараттар беру үдерісінде құн қосады.  
Бҽсекеге  қабілеттіліктің  ҽлемдік  кестесінде  елдер  жҽне  солардың  ішінде 
Қазақстан қалай орналасқан екен?  
Мҽселен,  2005-2006  жылдарғы  экономикалық  ҿсудің  «Давостық» 
Бҽсекеге қабілеттілік индексін алайық.  
117  елдің  ішінен  алғашқылар  қатарына  Финляндия,  АҚШ,  Швеция, 
Тайвань,  Норвегия,  Исландия,  Сингапур,  Австралия,  Канада,  Швейцария, 
Жапония,  Ұлыбритания,  Германия  жҽне  Израиль  шығыпты.  Қазақстан  61-ші 
орын алыпты.  
Біз ТМД-ның барлық мемлекеттерінен алда екенімізді айта кетейін.  

157 
 
Егер  жекелеген  ҿлшемдерді  алатын  болсақ,  Қазақстан  халықтың 
«тапқырлық»  деңгейі  (яғни,  технологиялық  идеялардың  дамуы),  ғылыми-
зерттеу  базасының,  дҽл  ғылымдағы  білімнің  сапасы  бойынша,  сондай-ақ 
базалық  инфрақұрылымның  жаман  емес  жағдайына  қатысты  айтарлықтай 
жоғары бағаланады.  
Алайда біздің  еліміз  бұл  артықшылықтарды нақтылы  «капиталдандыру» 
мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  факторлар  бойынша  тҿмен  бағаланады.  Ал 
мұнда  «ақыл-ойдың  сыртқа  кетуінің»  жоғары  деңгейі  де,  жаңа  технологиялар 
мен  қызметтерді  лицензиялаудың  күрделі  ресімдері  де,  интеллектуалдық 
меншік  құқықтарын  қорғаудың  тҿменгі  деңгейі  де,  білім  беру  мен  ғылыми-
зерттеу  жҽне  тҽжірибелік-конструкторлық  жұмыстарды  инвестициялау 
жҿніндегі аз ҽлеует те бар.  
Міне,  содан  келеді  де,  мысалы,  ересек  халықтың  сауаттылық  деңгейі 
бойынша  біз  ҽлемдегі  алғашқы  3%-дың  қатарындамыз,  ал  ҽл-ауқат  деңгейі 
бойынша  соңғы  40%  елдердің  сапындамыз.  Инженерлер  мен  ғалымдардың 
саны  бойынша  біз  тізімнің  үштен  бірінің  алғашқысындамыз,  ал  жоғары 
технологияларға  келетін  экспорттың  үлесі  жҿнінен  –  артта  қалушылар 
қатарындамыз.  
Бҽсекеге қабілеттілік теориясы профессор Майкл Портердің еңбектерінде 
барынша кешенді  түрде дамытылғаны белгілі,  айтпақшы, ол  менің  шақыруым 
бойынша  Қазақстанда  болған.  Портердің  теориясы  ұлттық  бҽсекеге 
қабілеттілікті қалыптастыратын детерминанттар деп аталатындарға негізделеді. 
Портер  ХХ  ғасырда  барынша  ҿркенді  бола  алған  елдердің  тҽжірибесін 
қорытқан.  Жасаған  барынша  маңызды  қорытындылары  мыналар  болып 
табылады: біріншіден, ұлттық ҿркендеу мұра болып қалмайды, жасалады жҽне, 
екіншіден,  елдер  мен  ҿңірлердің  бҽсекеге  қабілеттілігі  факторлардың 
жиынтығына қарағанда олардың пайдалану тиімділігімен анықталады.  
Бұл  нені  білдіреді?  Бұл  елдің  экономикалық  деңгейі  мен  оның  ҽлемдегі 
бҽсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына – адамдық 
капиталға байланысты екенін кҿрсетеді.  
1.3.  Неге  ғылым  мен  білім,  жаңа  технологиялар  бҽсекеге  қабілеттіліктің 
шешуші факторларына айналды? 
 
Ҿзіміздің  алдымызға  стратегиялық  міндет  –  таяудағы  10  жылда  елімізді 
ҽлемнің  бҽсекеге  барынша  қабілетті  50  елінің  қатарына  шығару  міндетін  қоя 
отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың 
жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.  
Бұл үрдістер қандай екен?  
Қолданбалы  зерттеулер  мен  талдамалар  саласында  жалпыҽлемдік 
қолданыс технологияларын жасауға бағдарлану барған сайын айқын кҿрінуде. 
Мысал  ретінде  ақпараттық  жҽне  телекоммуникациялық  технологияларда,  атап 
айтқанда,  экономикада,  ғылымда,  білім  беруде,  мҽдениетте,  демалысты 
ұйымдастыруда  пайдаланылатын  жҽне  іс  жүзінде  ҽлемнің  барлық  елдерін 
қамтитын  Интернеттің  жаһандық  желісін  келтіруге  болады.  Сарапшылардың 

158 
 
бағалауы бойынша, 2010 жылы Интернетті пайдаланушылардың саны ҽлемде 2 
млрд. адамнан асады.  
Жетекші  елдер  басымдық  ретінде  қарастыратын  ҽлемдік  деңгейдегі  ҿте 
маңызды  технологиялар  шоғыры біртіндеп  қалыптасуда.  Мұндайларға  бірінші 
кезекте  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  қасиеттері  алдын  ала 
белгіленген  жаңа  материалдардың  алынуы,  биотехнологиялар,  энергия 
үнемдеу, энергияның баламалы кҿздерін жасау жатқызылады.  
Ғылымды  кҿп  қажет  ететін  ҿнімдердің  ҽлемдік  рыногы  ҿте  жоғары 
қарқынмен  дамып  келеді:  ондағы  сату  кҿлемі  соңғы  20  жылда  бес  есе  ҿсіп,  1 
трлн. еуродан асып түсті.  
 
Елдерге, ғылым мен технологиялардың ҿздері барынша дамыған ҽлеуетке 
ие бағыттарында ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін халықаралық 
еңбек  бҿлінісі  қалыптасты.  Мҽселен,  есептеу  жҽне  офистік  техникалар 
ҿндірісінің  кҿлемі  бойынша  АҚШ  кҿш  бастап  келеді.  Жапония  электрондық 
ҿнеркҽсіпте  үстем  жағдайда  тұр.  Швейцария  –  фармацевтік  ҿнеркҽсіпте 
абсолюттік  лидер.  АҚШ,  Ұлыбритания  жҽне  Франция  авиағарыштық 
техниканың  аса  ірі  экспортшылары  болып  табылады.  Мұндай  ахуал  маңдайға 
жазылып  қойылмаған,  бұған  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  ҿндірісінде 
ҽлемдік  кҿшбасшылыққа  серпінді  секіріс  жасаған  Үндістанды  мысалға 
келтіруге болады. Мен осынау феноменмен танысу үшін «Азияның силикондық 
алқабы» орналасқан Бангалорда арнайы болдым. 2004 жылы Үндістан мұндай 
ақпараттық  ҿнімді  17  млрд.  доллардан  астам  сомаға  экспорттады.  Бүгінде 
үндістандық мамандар үздік деген Ай-Ти-компанияларда сұранысқа ие болып, 
Майкрософт  қызметкерлерінің  34%-ын,  Ай-Би-Эм  қызметкерлерінің  28%-ын, 
Интел компаниясында 17%-ын құрайды.  
Жаһанданудың маңызды қыры ҽлемдік ғылыми-технологиялық кеңістікті 
қалыптастыру  болып  табылады.  Халықаралық  ғылыми-инновациялық 
инфрақұрылымның интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау стандарттары, 
сертификаттау жүйелері, тетіктері секілді құрамдастарын біріздендіру жҿнінде 
маңызды қадамдар жасалды.  
Ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың қызметі барған сайын жалпыҽлемдік прак-
тикаға  негізделіп,  біртұтас  халықаралық  ҿлшемдер  бойынша  бағаланады. 
Ғалымдар мен мамандардың халықаралық айырбасы қауырт ұлғая түсті.  
Алдағы  онжылдықта  жаңа  технологиялық  тҽртіпті  дамытудың  шешуші 
бағыттары био- жҽне нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйесі, жаһандық 
ақпараттық  желілер  жҽне  жоғары  жылдамдықтағы  кҿлік  жүйелері,  энергия 
үнемдейтін  технологиялар  болады.  Ҿндірісті  автоматтандыру,  ғарыштық 
технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген конструкциялық материалдар 
ҿндірісі,  ядролық  энергетика  одан  ҽрі  дами  түседі.  Ҿндірістің  бұрынғыдан  да 
кҿп  интеллектуалдануы,  үздіксіз  инновациялық  үдеріске  кҿшу  жүреді. 
Біртіндеп білімге негізделген жаңа тұрпатты қоғамға кҿшу аяқталады.  
Біз  Бҽсекеге  қабілеттілікті  арттырудың  қазақстандық  стратегиясын  іске 
асыру барысында бұл бағыттарды басты назарда ұстауға тиіспіз.  
* * * 

159 
 
Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістермен сипатталады.  
Гордон  Драйден  мен  Джанет  Востың  «Білім  беру  революциясы»  кітабында 
(2003  жыл)  білім  беру  саласында  осы  заманғы  ҽлемнің  кҿптеген  елдеріне  тҽн 
проблема  тамаша  баяндалған:  «Ҽлем  сондайлық  жедел  ҿзгеруде,  ал  білім 
жүйесі  сондайлық оралымсыз  да  жігерсіз,  ол бейнебір  уақыттың  торына  түсіп 
қалғандай,  ҽлдеқашан  аяқталған  ҿткен  дҽуірге  қызмет  кҿрсетуін  жалғастырып 
келеді». Бұл біздің атымызға да айтылған секілді.  
Білім  ақпараттық  қоғамда  құнның  негізгі  кҿзіне  айналып  барады.  Білім, 
инновациялар мен оларды нақты қолданудың ҽдістері барған сайын пайда кҿзі 
ретінде кҿрінуде.  
Экономикалық  дамудың  жаңа  тұрпаты  қызметкерлер  үшін  ҿз  ҿмірінде 
бірнеше рет мамандығын ауыстыру, ҿз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін 
туғызады.  
Білім  беру  саласы  ақпараттық  қоғамда  экономикалық  саламен  елеулі 
түрде  астасады,  ал  білім  беру  қызметі  ақпараттық  қоғамның  экономикалық 
дамуының  аса  маңызды  құрамдасына,  артта  қалушылықты  еңсерудің 
факторына айналады.  
Білім беру ұғымының ҿзі ҿзгеруде жҽне кеңеюде. Білім беру барған сайын 
кҿп ретте мектепте жҽне тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден 
қалады.  
 
Жеке тұлғаны функционалдық ҽзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны 
дамыту  тұжырымдамасына  кҿшу  жүріп  жатыр.  Жаңа  тұжырымдама  білім 
берудің  даралық  сипатын  кҿздейді,  ол  ҽрбір  нақты  адамның  мүмкіндіктерін 
жҽне  оның  ҿзін-ҿзі  іске  асыруы  мен  ҿзін-ҿзі  дамытуға  қабілеттілігін  ескеруге 
мүмкіндік береді.  
Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мҽнге ие 
болуда.  Жақсы  жазу  қарттыққа  дейінгі  тыныш  та  қамсыз  ҿмірдің  кепілі 
болғанына  кҿп  уақыт ҿте  қойған  жоқ.  Соңғы  онжылдықтарға  адам  қызметінің 
түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тҽн. Бүгінде 
тіпті жоғары білімнің ҿзі кҿпке жетпейді.  
Дженерал Моторс корпорациясының президенті бұл туралы былай дейді: 
«Бізге тҿрт жҽне тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар 
қажет».  
Ақыр  соңында,  білім  берудің  халықаралық  интеграциясы  жүріп  жатыр. 
Білім беруді дамытудың маңызды белгісі оның жаһандылығы болып табылады. 
Бұл  белгі  осы  заманғы  ҽлемде  интеграциялық  үдерістердің  орын  алуын, 
қоғамдық  ҿмірдің  түрлі  саласында  мемлекеттер  арасындағы  интенсивті  ҿзара 
ықпалдастықты  бейнелейді.  Білім  беру  ұлттық  басымдық  категориясынан 
ҽлемдік басымдық категориясына ҿтуде.  
Аталған үрдістер Қазақстанда ғылым мен білім беру жүйесін дамытудағы 
негізгі бағыттарды анықтауы тиіс... 
Біздің студенттерге, біздің жастарға сҿз арнағым келеді.  

160 
 
Қандайлық  жақсы  жҽне  кҽсіби  болса-дағы  бір  де  бір  оқытушы,  егер 
студенттің  ҿзі  білімге  ұмтылмаса,  егер  студенттің  ҿзі  кҽсіби,  жоғары  білікті 
маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды.  
Бізде  үлкен  ҿршілдік  болуы  керек.  Сендер  ҿз  мамандықтарыңда  үздік 
болуды тілеп, бҽсекелестікке ҽзір болуға тиіссіңдер. 
Бұл тұрақты түрде жаңа білімді игеру, ҿзіңмен жұмыс жүргізу қажеттігін 
білдіреді. Тек осылай ғана табысты адам бола аласың. 
Осы заманғы ҽлемде білім мен дағдылардың ―ҿмірлік циклы‖ ҿте қысқа. 
Осы себепті білімнің үздіксіздігі мен біліктілікті жүйелі арттыру барған сайын 
маңызды  бола  түсуде.  АҚШ-тың  ғылыми  ҽдебиетінде,  мысалы,  маманның 
ескірген  білімінің  айрықша  бірлік  ҿлшемі  –  «біліктіліктің  жартылай  ыдырау 
кезеңі» деп аталатын ҿлшем бірлігі кҿрсетіледі. 
Ядролық физикадан алынған бұл термин аталған жағдайда жоо-ны бітір-
геннен  кейінгі  уақыттың  ұзақтығын,  алған  білімнің  жаңа  ақпараттың  пайда 
болуына қарай ескіруі салдарынан, маманның біліктілігі 50%-ға тҿмендейтінін 
білдіреді.  
80-ші-90-шы  жылдардың  шегінде  бұл  кезең  озық  технологиялы 
кҽсіпорындарда инженерлер үшін 5-6 жылды, ал медиктер мен биологтар үшін 
бар-жоғы  3-4-жылды  құрайтын.  Ал  бүгінде  жаңа  білімдерді  үздіксіз  меңгеру 
мамандар үшін біліктілікті сақтаудың бірінші дҽрежелі шартына айналуда.  
Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станок-
тар  да  емес,  қайта  білім  мен  творчестволық  ойлау  ҽлеуеті  шешуші  мҽнге  ие 
болады. Қазір айтып жүргеніндей, креативтілік шешуші мҽнге ие болады.  
Президент  Джон  Кеннеди  айтқанындай:  «Бізге  ешқашан  болмаған  нҽрсе 
туралы армандауға қабілетті адамдар керек».  
Ҽр  10  жыл  сайын  адам  білімінің  кҿлемі  еселене  түседі.  Соның 
нҽтижесінде  білім  барынша  құнды  жҽне  ҽрдайым  талап  етілетін  ресурсқа 
айналады.  
Қазақстанның  ҽлемдегі  бҽсекеге  барынша  қабілетті  елдердің  қатарына 
кіру міндеті, егер оны ғылымды кҿп қажет ететін технологиялық білімі, басқару 
дағдылары  бар,  нарықтық  экономикада  бағдарлана  алатын  жоғары  білікті 
мамандар  іс  жүзіне  асыратын  болса  ғана,  шешілетін  болады.  Мҽселен,  осы 
заманғы  инженердің  жұмысын  қарастыратын  болсақ,  ол  техникалық 
білімдердің ғана емес, сонымен бірге менеджерлік қабілеттердің кең ауқымына 
ие болуы тиіс екендігі бірден түсінікті болады. Ҿйткені ол техникалық идеяның 
туындауынан,  оны  талдап-жасау,  жобалау,  экономикалық  негіздеу,  экология-
лық  салдарын  бағалаудан  –  дайын  ҿнімді  шығарғанға  дейін  ҿзіне  қандай 
жолдан ҿтуге тура келетінін білуі тиіс.  
Техникалық саладағы жақсы кҽсіби ҽзірлік ҿндіріс экономикасы мен оны 
басқару саласындағы сенімді білімге негізделуі керек.  
Бұдан  басқа  шет  ел  тілдерін,  макроэкономиканы  жҽне  ҿзге  елдердің 
құқықтарын білу талап етіледі.  
 
Білімді,  сауатты  адамдар  –  бұл  ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі 
қозғаушы  күші.  Сондықтан  да  күні  ертең  ғалымдар  жҽне  қазақстандық 

161 
 
компаниялардың  менеджерлері  болатын  сендер,  бүгінгі  студенттер,  мұны  ҿте 
жақсы түсінуге тиіссіңдер.  
Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, ҿз орнын басқаға, ҽлдеқайда бҽсекеге 
қабілетті маманға беруіне тура келеді.  
Жетекші  халықаралық  консалтингтік  «МакКинси»  компаниясының 
консультанттары  айтатындай:  «Алға  қарай  жүр,  немесе  жол  бер».  Қазіргі 
бҽсекелі дүниеде нақ осы қағидат басшылық етеді. Жҽне бұл қағидат кҿп ретте 
сендердің де ҿмірлік ұстанымдарыңды анықтауы тиіс.  
* * * 
Мен ҽрдайым біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс 
деп  санадым  жҽне  санаймын  да.  Нақ  осы  жастардың  күш-жігері  мен 
бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы – кҿп ретте біздің бастамалар 
табыстылығының кепіліне айналады.  
Жас  ұрпақ  жаңа  идеяларға  ашық,  жаһандық  тұрғыда  пайымдап, 
болашақтың  категорияларымен  ойлайды.  Қазақстанның  жаһандық  дүниеде 
даралануы  туралы біз байыпты  түрде ойлай бастаған бүгінгі  таңда жастардың 
бұл қасиеті қай кездегіге қарағанда да қажет болып отыр.  
Жаңа  міндеттерді  іске  асыру  осы  заманғыша  ойлайтындардың,  ескірген 
қасаңдықтар  мен  жҿнсіз  қауіптер  мен  шектеулерден  ада  адамдардың  ғана 
қолынан келеді.  
Сендер  шын  мҽнінде  бақытты  кезеңде  ҿмір  сүріп  жатырсыңдар.  Қазір 
ҿзіңді таныту үшін мүмкіндіктер сондайлық кҿп, бұл туралы біздер, аға ұрпақ, 
жастық  жылдарымызда  армандай  да  алмайтынбыз.  Бүгінгі  күн  –  талантты, 
жігерлі,  ҿзіне  сенетін  адамдардың,  арманға  бай  жҽне  оларды  жүзеге  асыруға 
ерік-жігері  бар  адамдардың  уақыты.  Мемлекет  сендер  үшін  барлық  жағдайды 
жасап  отыр.  «Жастық  шақ  –  бұл  тамаша  нҽрсе;  оны  рҽсуа  ету  қылмыс…»,  – 
деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету, ҿзіңмен 
жұмыс істеу керек, сонда сендер барлық ойлағандарыңа жетесіңдер.  
Мен  сендердің  ҽрқайсыларыңның  жанарыңнан  жаңаны  білуге, 
эксперименттерге, жасампаздыққа деген құмарлықты жҽне, ең бастысы, дамуға 
жҽне жауапкершілікті ҿз мойныңа алуға деген ҽзірлікті ҿте кҿргім келеді.  
* * * 
Сендер  сондай-ақ  Қазақстанның  бҽсекеге  қабілеттілігі  материалдық 
баюға  ғана  емес,  сонымен  бірге  ұлттың  рухани  баюына  жеткізуі  тиіс  екенін 
түсінсеңдер деймін.  
 
Экономиканың  ҿркендеуінен  кейін  мҽдениет  пен  ҿнер,  туған  тіл, 
дҽстүрлер мен біздің халқымыздың ҿмірлік философиясы ҿркендеуі тиіс.  
Бірақ та жаһандық дүниеде ҿзге халықтардың мҽдениеті мен дҽстүрлерін 
құрметтей  отырып,  ҿмір  сүру  керек.  Қазақстандағы  ұлтаралық  келісімді 
қадірлеу  керек.  Қоғамдағы  тұрақтылық  –  біздің  дамуымыздың  басты  шарты 
екенін ҽрдайым есте сақтаңдар.  
«Қазақстан»  сҿзі  біздің  кҿне  еліміздің  жаңа  жастық  шағын,  біздің 
халқымыздың жаңа тарихтағы нық қадамын бейнелей отырып, ҽлемдік аренада 
қуатты естілуі тиіс.  

162 
 
Біздің  бабалар  қазіргі  Қазақстанның  ұлан-байтақ  аумағын,  тҿлтума 
мҽдениетін  жҽне  ҿмірді  қабылдау  мен  түсінудің  айрықша  рухын  қорғап,  бізге 
мұраға  тапсырды.  Еркіндікті  сүю  мен  далалық  қаһармандықтың  осынау  рухы 
тарихтың күрт бетбұрыстарында ысырап етілмеді, оны үлестеріне кҿз кҿрмеген 
сынақтар тиген бұрынғы ұрпақтар сақтай алды.  
Олардың  ҽрқайсысы  ҿздерінің  тарихи  миссиясын  атқарды.  ХІХ-ХХ 
ғасырлардың  шегінде  ұлы  Абай  үлкен  ҽлемге  жол  салып,  Алашорда 
алыптарының  шоғырын  оятты.  Олар  ҿз  кезегінде  халықтың  ҿзін-ҿзі  тануын 
жоғары  кҿтеріп,  қазақтардың  мешеулік  жҽне  тарихи  ұмытылу  ортасынан 
кҿтерілуіне мүмкіндік берген идеяларды тұжырымдай алды.  
Олар  күш-жігері  ғасырлық  ұстанымдардың  күйреуі,  аштық  пен  соғыс 
жағдайында  ұлттың  ҿзін  сақтауына  кҿмектескен  30-40-шы  жылдардың 
жазушылары мен ойшылдарының тамаша ұрпағының ізашарлары болды.  
Соғыстан кейінгі ұрпақ ҿнеркҽсіпті кҿтеріп, тың игеріп қана қойған жоқ, 
сонымен  бірге  дамудың  білім  мен  ғылым  жүйесі  түріндегі  берік  іргетасын 
қалады.  Қазақстандықтар  инженерлер  мен  ғалымдардың,  құрылысшылар  мен 
геологтардың, металлургтер мен дҽрігерлердің ұлтына айналды.  
 
Менің  замандастарымды  тарих  тҽуелсіз  Қазақстанды  құру  бастауларына 
қойып,  ел  тағдырын  сеніп  тапсырды.  Бұл  орасан  қиын  жҽне  тарихи  маңызды 
міндет  еді,  сондықтан  да  бізге  оны  қалай  орындағанымыз  тұрғысында  ұят 
келмейді.  Сендердің  кҿз  алдарыңда  біздің  жаңа  елорда  –  Астана  кҿкке  ҿрлеп, 
ҿркендеп келеді. Бүгінде бүкіл Қазақстан осындай – серпінді дамып, болашаққа 
ұмтылып отыр.  
Енді  сендердің  уақыттарың  туып  келеді.  ХХІ  ғасырда  Қазақстанды 
құрып,  дамытатын  сендерсіңдер.  Сендер,  былайша  айтқанда,  біздің 
тҽуелсіздіктің  құрдасысыңдар,  бірақ  ҿз  жастықтарыңа  қарамастан,  сендердің 
ҿзіндік  азаттық  тҽжірибелерің  бар,  ҿзгеріс  үстіндегі  ҿркениет  ырғағын  жақсы 
сезінесіңдер. Нақ сондықтан да мен біз бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.  
Сендер,  қазіргі  жастар,  тҽуелсіз  Қазақстанда  ҿстіңдер,  сендердің  кҿз 
алдарыңда  біздің  мемлекеттілігіміздің  қалыптасуы  жүрді.  Сендер  ана  сүтімен 
бірге  бойларыңа  патриотизм  жҽне  ҿз  тҽуелсіз  Отандарыңа  деген  сүйіспен-
шіліктің терең сезімін дарыттыңдар.  
Қазақстанның  ҽлемдегі  барынша  дамыған  50  мемлекеттің  қатарына  кіру 
жҿніндегі  біздің  барлық  ойларымыз  бен  жоспарларымызды  қисынды 
қорытындысына жеткізетін нақ сендер боласыңдар.  
Мен  біздің  жастарға  сенемін.  Сендердің  білімдерің,  сендердің  күш-
жігерлерің  мен  сендердің  еңбектерің  күшті  де  ҿркенді  Қазақстанды  орнатуға 
жұмыс істейтініне сенімдімін.  
Сендер ұлы Абайдың ҿзге халықтардың білгенін білу үшін, солармен  тең болу 
үшін, ҿз халқыңның  қорғаны мен тірегіне айналу үшін оқу керек деген ҿсиетін 
орындайды деп сенемін.  
Қымбатты жас достар! 

163 
 
Сендер  тҽуелсіз  еркін  елде  ержеткен  біздің  ұл-қыздарымызсыңдар.  Үміт 
артқан  ұландарымызсыңдар.  Ҽлдебір  идеологиялық  тұмшалаудан  сендердің 
саналарың азат болды.  
 
Сендер  барлықтарың  ашық  демократиялық  қоғам  құндылықтары 
негізінде  тҽрбиеленген  ұрпақсыңдар.  Сондықтан  келешек  мақсаттарың  айқын, 
жолдарың даңғыл.  
Ал  еркін  елде  ҿскен  ұрпақтың  рухы  ҽрдайым  биік  болуы  тиіс.  Жастары 
жалын  жүректі,  ҿршіл  намысты,  биік  рухты  болса  –  ол  елдің  еңсесі  де  биік 
болады.  Ҿршіл,  намысшыл  жас  отаншыл  патриот  келеді,  халқына,  ҿз  ұлтына 
адал қызмет етуге ұмтылады. 
Білім  беру  ісі  біздің  мемлекетімізде  басты  басымдық,  дамуымыздың 
шешуші факторы екенін тағы да ескертемін. Бұл сала ұлттық қауіпсіздігіміздің 
құрамдас бір бҿлігі.  
Осы себептен де мен сендерді туған елдеріңнің абыройы, ар-намысы, биік 
мҽртебесі жолында жақсы білім алып, адал еңбек етуге шақырамын. Еліміздің 
келешек  тағдыры,  Қазақстанның  ертеңі  ҿз  қолдарыңда  екенін  ҽрдайым  естен 
шығармаңдар. Біз арман еткен, біздің қолымыз жетпей кеткен биіктерге сендер 
жетуге  тиіссіңдер.  Мен  Қазақстанның  жарқын  келешегіне  сенемін,  мен 
сендерге сенемін.  
Туған  елдеріңді  ҽлемдегі  ҿркениетті  мемлекеттермен  терезесі  тең, 
керегесі  кең  етіп  ҿркендете  біліңдер.  Ол  үшін  терең  ҽрі  жан-жақты  білім  иесі 
болу міндет.  
Бұл жҿнінде Абай аталарың: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
ғылым,  ар,  мінез  деген  нҽрселермен  озады.  Одан  басқа  нҽрсемен  оздым  ғой 
демектің бҽрі бекер», деп ұрпағына ҿсиет тастап кеткен.    
Менің де ұлы Абайдан асырып айтарым жоқ сендерге. 
Тыңдағандарыңа рахмет. 
 
Егемен Қазақстан. 2006 жылғы 27 мамыр 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

164 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЛЕНОВА ТЕҢГЕШ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ 
 
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

165 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Редакторы Қуат Құрмансейіт 
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек 
Кҿркемдеуші редакиторы Жеңіс Қазанқапов 
Корректоры Назгүл Бимаганбетова 
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова 
 
 
 
 
 
Басуға 02.07.12 қол қойылды. 
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік баслыс. 
Шартты баспа табағы 14,5 
Тапсырыс№126. Таралымы 500 дана. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Фолиант» баспасы 
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к.,13 
 
 
 
 
 
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды 
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
 

Document Outline

  • spn10text2
  • spn10text6
  • spn10text7
  • spn10text8
  • spn10text9
  • spn10text10
  • spn10text21
  • spn10text25
  • spn10text26
  • spn10text27
  • dny03text1
  • dny03text_6
  • dny03text_7
  • dny03text5
  • TOC_id2576545
  • TOC_id2712747
  • part_166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет