Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
часть  той  громадной  территории,  которую  занимает  современная  Россия. 
Славяне  заселяли  первоначально  только  небольшую  западную  часть  этой 
территории,  речные  бассейны,  связующие  Балтийское  море  с  Черным.  Вся 
прочая,  большая  часть  территории  современной  России  была  заселена 
преимущественно  теми  племенами,  которые  принято  объединять  под  именем 
"туранских" или "урало-алтайских". В истории всей названной географической 
области  эти  туранские  племена  играли  первоначально  гораздо  более 
значительную  роль,  чем  восточнославянские,  русские  племена.  Даже  в  так 
называемый  домонгольский  период  туранские  государства  в  пределах  одной 
Европейской  России  (царство  волжско-камских  болгар  и  царство  Хазарское) 
были  гораздо  значительнее  варяжско-русского.  Само  объединение  почти  всей 
территории современной России под властью одного государства было впервые 
осуществлено не русскими славянами, а туранцами-монголами».  
 
Петр  Николаевич  Савицкий    «Европа  и    Евразия»  деген  мақаласында      
Н.  Трубецкойдың  «Европа  и  человечество»  кітабы  бойынша  пікірін  білдіреді.  
Ол  толығымен  кітаптағы  Батысқа  қарсы  кҿзқарасты  жақтай  отырып, 
еуропоцентризмнен  тек  саналы  түрде  ғана  емес,  сонымен  қатар,  романо-
германдық мҽдениетке іс жүзінде Ресей мҽдениетін қарсы қою қажеттігіне мҽн 
берді. 
П. Савицкий Еуразия халықтары арасындағы этникалық байланыс туралы  
«Поворот к  Востоку»  атты  мақаласында:  «Ресейдің ҿзі  де  енді  «Шығыс»  емес 
пе?  Русьтен  тамырында  хазар,  қыпшақ,  татар  немесе  башқұрт,  мордва  немесе 
чуваш қаны араласпаған адамды таба аласыз ба?» -деп жазған еді. 
П.  Савицкий    еуразияшылдық  идеясының  негізін  салушылардың  бірі 
болды.    Ол  1920  жылы  Болгарияға  қоныс  аударады.  Осы  кезде  Софияда 
жарыққа шыққан «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение 
евразийцев»  атты  бірінші  еуразиялық  жинақтың  шығарылуына  қатысады.  Ал 
1921  жылдың  соңында  Чехословакияға  кетеді,  онда  Прага  Орыс  заң 
университетінде приват-доцент болып қызмет жасайды.  
Петр  Савицкий  жиырмасыншы  жылдары  большевиктер  биліктен  кетеді 
дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. 1927 
жылы  «Трест»  арқылы  Мҽскеуге  құпия  келеді.    Ол  бұл  сапардың  мақсаты 
жҿнінде  былай  деген  болатын:  «Менің  осы  сапардағы  кҿздеген  мақсатым 
Мҽскеудегі  «еуразияшылар»  тобымен  байланысу  жҽне  Кеңес  үкіметіне  қарсы 
күресудің бірлескен жоспарын жасау болды».  Алайда П. Савицкий ОГПУ-дың 
«Трест» операциясының құрбаны болады.  
Ғалым  отызыншы  жылдары  Прага  неміс  университетінде  орыс,  украин 
жҽне  ресейтанудан  сабақ  береді.  1940  жылы  Прагада  орыс  гимназиясының 
директоры болады.  
1945  жылы  Праганы  Кеңес  ҽскері  азат  еткеннен  кейін  СМЕРШ 
органдарымен  бұрынғы  ақгвардияшыл  ретінде  тұтқындалып,  ұшақпен 
Мҽскеуге  жіберіліп,  онда  8  жылға  лагерьге  қамалады.  1956  ж.  босатылып, 
ақталған кезінде Мҽскеуде қалудан бас тартып,  Чехославакияға қайта оралады.  

43 
 
Онда 
ол 
аударма 
жұмыстарымен 
айналысады.  Елуінші 
жылдары                       
Л.Н. Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П. Восток» бүркеншік 
есімімен  ҿлеңдер  жинағын  шығарады.  Ҿлеңдерінде  лагерьде  болған  күндері 
туралы  жазғаны  үшін  1961  жылы  ЧКР  Мемлекеттік  қауіпсіздік  органдарымен 
қайта  тұтқындалады.  Бірақ  ҽлемдік  қауымдастықтың  араласуымен    тұтқыннан 
босатылады.  Осылайша,  еуразияшыл  ғалым  П.Н.Савицкий  ҿмір  бойы  кеңес 
үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған.   
Николай  Яковлевич  Данилевский  де  еуразияшылдық  идеясын 
қалыптастырушылардың 
бірі. 
«Мҽдени-тарихи 
түрлер» 
ұғымы 
–                         
Н. Данилевский ілімінің негізі болды. Ол тарих жүзіндегі негізгі мҽдени-тарихи 
түрлерді  былайша  бҿлді:  1)  египеттік,  2)  қытайлық,  3)  ассирия-вавилон-
финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4) үнділік, 5) ирандық, 6) 
яһудилік  7)  гректік,  8)  римдік,  9)  жаңа-семиттік  немесе  аравийлік  жҽне  10) 
герман-романдық  немесе  еуропалық,  сонымен    қатар  ҿз  дамуын  жетілдіріп 
үлгермеген мексикандық жҽне перуандық.  
Н. Данилевский герман-романдық жҽне славяндық түрлерге ерекше кҿңіл 
бҿлді.  Славяндық  түрдің  болашағы  туралы  тұжырымдап,  болашақта  герман-
романдық  түрдің  құлдырауына  орай  Ресейде  славяншылдық  тарих  тҿріне 
шығатындығын  дҽлелдеді.      Ол  славян  халықтарының  герман  халықтарына 
қарағанда  үш  ерекшелігі  бар  деп  тұжырымдады,  атап  айтқанда,  олар: 
этнографиялық; 2) діндарлығы; 3) тарихи тҽрбиедегі ерекшелігі.  
Николай  Данилевскийдің  айтуынша:  «Ҽрбір  славян  орыс,  чех,  серб, 
хорват, словенец, болгар (поляк) үшін  – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен 
соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, 
білімнен  жоғары,  жер  бетіндегі  барлық  игіліктерден  жоғары  болуы  керек». 
Ҽрине,  Н.  Я.  Данилевскийдің  идеялық  ұстанымының  негізінде  славяншылдық 
басым болды. 
«Россия  и  Европа»  деген  еңбегінде  Н.Я.  Данилевский  Ресей  тарихын 
Еуропа  елдерімен  үздіксіз  байланыста  қарастыра  отырып,  Батыстың  саяси, 
мҽдени экспансиясынан сақтану қажеттігі туралы жазды. Сондай-ақ, ол мұнда 
еуропоцентристік кҿзқарасты сынға алды.   
Вернадский  Георгий  Владимирович  еуразияшылдық  қозғалысына  1923 
жылы  қосылады.  Ол  еуразияшылдық  тарихи  тұжырымдамаларының  авторы 
болды.  Г.Вернадскийдің  нағыз  еуразияшылдық  туындылары  қатарында 
«Начертание  русской  истории»,  «Опыт  истории  Евразии»,  «Звенья  русской 
культуры» атты еңбектерін атауға болады [5, 187].  
Георгий Вернадский тұжырымдамасы Дала мен Еуропаның ҿзара қарым-
қатынасы контексінде Еуразия континентінің дамуына негізделді. 
Г.  Вернадскийдің  «Русское    масонство  и  царствование  Екатерины  ІІ» 
атты  монографиясында  сол  уақыттағы  Ресейдегі  масондықтың  ықпалын  саяси 
жҽне мҽдени тұрғыдан қарастырады.  
Ғалым Ресей тарихындағы моңғол шапқыншылығы мҽселесіне келгенде, 
оның  зардаптарымен  қоса,  жағымды  жақтарын  да    атап  кҿрсетті.  Оның 
тұжырымдауынша,    моңғол  шапқыншылығы  орыс  жерлерінің  біріктірілуіне, 

44 
 
Ресейдің  оңтүстікке  жҽне  шығысқа  бет  бұруына,  орыс  халқының  ҿмір  сүру 
кеңістігінің кеңеюіне ҽсер етті. 
Жалпы 
алғанда, 
еуразияшылдық 
доктринаның 
постулаттарын                        
Г.В. Вернадский былайша айқын тұжырымдады: «азиялық» жҽне «еуропалық» 
Ресей арасында табиғи шекара жоқ. Демек, «еуропалық» немесе «азиялық» деп 
бҿлшектенетіндей  екі  Ресей  де  жоқ.  Тек  «еуразиялық»  немесе  Ресей  Еуразия 
деп  аталатын  бір  ғана  Ресей  бар»  [3].  Сондықтан,  оның  ғылыми  еңбектері 
«Еуразия  тарихы  -  бұл  Орман  мен  Дала  арасындағы  үнемі  ҿзараҽрекеттесу: 
«Орман мен Даланың» бірлігі» деген қағидатқа сүйеніліп жазылды. 
«Южная Россия впервые была политически организована киммерийцами 
(1000 — 700 гг. до н.э.), затем скифами (700 — 200 гг. до н.э.) и сарматами (200 
г. до н.э. — 200 г. н.э.), затем последовали готы (200 — 370 гг. н.э.), смененные 
гуннами  (370  —  454  гг.  н.э.)...  Скифское  государство  было  скорее 
конфедерацией  сильных  кочевых  родов.  Как  социально,  так  и  по  легальному 
статусу оно соответствовало государству, базировавшемуся на родовом законе» 
[6],  -  деп  пайымдады 
Г
еоргий  Вернадский.  Ол  Еуразия  тарихындағы  біртұтас 
мемлекет  құру  үдерісін  кезең  бойынша  зерттегенде  сақ  мемлекетінен  бастап, 
КСРО-мен аяқтады.  
Қорыта  айтқанда,  классикалық  еуразияшылдық  идеясының  теориялық 
негіздерін қалыптастыруда орыс ғалымдары  - Н.С. Трубецкой, П.С. Савицкий,                           
Н.Я. Данилевский, Г.В. Вернадскийлердің үлесі зор болды. 
Қорытынды:  Классикалық  еуразияшылдықтың  негізін  салған  орыс 
ғалымдарының  басымы  еуразияшылдықты  тарихи  жҽне  саяси  тұрғыда 
қарастырды. Сондай-ақ, олар Еуразиядағы кҿне түріктердің саяси, тарихи жҽне 
мҽдени рҿлдерін айқын кҿрсетті. 
Әдістемелік  нұсқаулар:  Еуразияшылдық  идеясының  теориялық 
негіздерін  қарастырғанда  отандық  жҽне  шетелдік  зерттеушілердің  еңбектерін 
салыстыра отырып, талдау жасай отырып пайдалану керек.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Персонов  В.М.  Евразийство:  социальная  философия  и  историософия  // 
Евразия, 2011, №4.-С.45-46. 
2.
 
Ҽбдіманапов.  С.Ҽ. Л.Н.  Гумилевтің  ҿмірі  мен  ғылыми  қызметі.-  Астана, 
ЕҰУ, 2004.- 60 б.- Б.16. 
3.
 
Ақселеу С. Гумилев // Егемен Қазақстан, 2004, 1 қазан. 
4.
 
Лавров С.В. Л.Н. Гумилев и евразийство // Евразия, 2010, №3.- С.44. 
5.
 
Гальперин Ч. Россия и степь: Георгий Вернадский и евразийство. Часть І. 
Россия  и  Золотая  Орда.  Вклад  монголов  в  средневековую  русскую 
историю. Часть ІІ. Пер. с анг. Д.М. Костиной. / Сост. М.К. Койгелдиев/. -
Алматы: «Санат», 2005.- 364 с. 
6.
 
Вернадский Г.В. Начертание русской истории.-Москва. 2002.-С.31. 
 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 

45 
 
 
1.
 
Данилевский Н. Я. Горе победителям.- Москва, 1998.  
2.
 
Савицкий  П.И.  О  задачах  кочевниковедения:  (почему  скифы  и  гунны 
должны быть интересны для русского:).- Прага: Евраз. Книгоиздат., 1928. 
3.
 
Вернадский Г.В. Россия в средние века.- Тверь-Москва: «Леан», «Аграф», 
1997. 
4.
 
Вернадский Г.В. Монголы и Русь.- Тверь-Москва: «Леан», Аграф», 1997. 
5.
 
Саудабекова Э. Орыс Евразиядағы социомҽдени тұлға ретінде // Ақиқат,  
1997, №3.- Б.37. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1.Еуразияшылдық идеясына қатысты алғашқы еңбекті атаңыз: 
2. Қай жылдары еуразияшылдық қарқынды дамыды? 
3. Еуразияшылдар қандай үгіт-насихат басылымдарын шығарды? 
4.Еуразияшылдық  идеясына  қатысты  1920  жылдары  жарияланған 
іргелі еңбектерді атаңыз? 
 
 
Семинар тақырыбы: «Еуразияшылдық идеясының теориялық 
негіздері және қалыптасу тарихы» 
 
Мақсаты: Классикалық еуразияшылдық идеясының қалыптасу              
тарихын  қарастыру.  Оның  теориялық  мҽнісін  классикалық  еуразияшыл 
ғалымдар еңбектерін талдау арқылы ашып кҿрсету. 
 
Сабақ нысаны: ауызша сұрау. 
 
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1.
 
1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. 
2.
 
Н.С. Трубецкой мен П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа        
қатысты тарихи тұжырымдамалары.  
3.
 
Н. Я. Данилевский мен Г.В. Вернадскийдің еуразияшылдық  
идеясының қалыптасуына қосқан үлестері. 
 
 
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары: 
 
Тӛменде берілген еңбектердің біреуіне аннотация жазу: 

 
Н.С. Трубецкой «О туранском элементе в русской культуре». 

46 
 

 
П.И.  Савицкий  О  задачах  кочевниковеденъя:  (почему  скифы  и  гунны 
должны быть интересны для русского:)  

 
Г. В. Вернадский «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ». 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Савицкий  П.Н.  Евразийство  //  Основы  евразийства.  –  Москва,  2002.  - 
С.280. 
2.
 
Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // 
Основы евразийства – Москва, 2002. - С.298-299. 
3.
 
Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана  // Европа и человечество.- Москва, 
2000.- С.88-90. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

47 
 
 
 
 
6. Л.Н. ГУМИЛЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ  
«ҦЛЫ ДАЛА» ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ  
 
Мақсаты: Лев Николаевич Гумилевтің ҿмір жолы мен ғылыми мұрасын 
зерттеп-зерделеу. 
 
Жоспар: 
1.Л.Н. Гумилевтің ҿмір жолы. 
2.Л.Н. Гумилевтің Еуразия кҿшпенді халықтарының тарихы 
туралы зерттеулері. 
3.Л.Н. Гумилев - еуразияшыл ғалым. 
 
Негізгі ҧғымдар: этнос, этногенез, Ұлы Дала, пассионарлық. 
 
1.  Лев  Николаевич
 
Гумилев 1912 жылы 1 қазанда Петербор губерниясы, 
Царское селосында дүниеге келген. 
 Л.Н. Гумилевтің ата-анасы орыстың текті ақсүйегі, атақты ақын Николай 
Степанович  Гумилев  пен  ақын  Анна  Андреевна  Ахматова  болатын.  Бұл 
адамдардың  ҿмірі  мен  шығармашылығы  XX  ғасыр  басындағы  жаңа  орыс 
мҽдениетіндегі айтулы құбылысқа айналған еді [1].  
Ғалымның  анасы  Анна  Ахматова  ІІ  ранг  капитаны,  теңіз  инженерінің 
отбасында  дүниеге  келгенімен,  оның  арғы  атасы  Ахмат  хан  Шыңғысханның 
ұрпағы,  ол  1840  жылғы  Русьте  аяқталған  Орда  билігінің  соңғы  билеушісі  еді. 
1733  жылы  осы  ханның  ұрпағы  Ресей  дворяндығын  алған.  Оның  ұлы 
Петербургте  татар  типографиясын  ашқан.  Ахматовтардың  соңғы  ханшайымы 
Прасковья  Егоровна  ХІХ  ғасырдың  басында  сібір  алпауыты  Егор  Мотиловқа 
тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның ҽжесі) 
полковник  Эразм  Стоговқа  күйеуге  шығады.  Сол  кісінің  құрметіне  (болашақ 
ақын) Анна деп аталады [2].  
Мектепте Лев Гумилев біркелкі оқыған жоқ. Бірінші ҽдебиет, қоғамтану, 
биология  сабағына  баратын  болған.  Оның  себебін  ҿзі  былай  деп  түсіндіреді: 
«Мен  үшін  география  мен  тарих  қызықты  болған,  математика  мен  тілдер 
үйренуге  қызықпағанмын.  Неге  бұлай  болды,  айту  қиын,  айтудың  да  қажеті 
жоқ, менің психофизиологиялық немесе тума қабілетіме байланысты» [3]. Лев 
Гумилев  «Адам  6-7  жасынан  бастап  қана  ҿзіне  керекті  нҽрсені  алып,  керек 
еместі  итеріп  тастайтын  болады»,-  деп  кҿрсетсе,  бұл  туралы  ол  ҿзінің 
П.Савицкийге  жазған  хатында  «Мен  тарихпен  38  жыл  бойы  айналысып 
келемін,  яғни  тарихқа  қызығушылығым  6  жасымнан  басталды.  Алғашқы  он 
жылым  гимназиялық  курстарға  арналса,  кейін  Шығыс  қызықтырды»,-  деп 
келтіреді.  

48 
 
Л.  Гумилев  Бежецк  орта  мектебінде  1926-1929  жылдары  оқып,  1929 
жылы Ленинградқа анасына барады, сонда №65 орта мектепті тҽмамдайды. 
Герцен  атындағы  пединститутқа  түскісі  келеді,  бірақ  ата-анасының 
дворян  тегінен  шыққанына  байланысты  жаңа  қоғамдық  құрылыс  адамының 
ҽлеуметтік  мҽртебесіне  лайықты  болмағандықтан  оқуға  қабылдау  кезінде 
қарсылыққа тап болады.  
Дегенмен,  Лев  Гумилевтің  қайғы  мен  мұңға  толы  балалық  шағы,  оның 
болашақ ғылым жолына түсуіне кері ҽсерін тигізбеді. Ғалым тағдырдың салған 
қиындықтарына  қарамастан,  ғылымға  деген  қызығушылығы  оны  ары  қарай 
білімін жетілдіруге ұмтылдырды.  
Лев Николаевич Гумилев Ленинградқа қиын уақытта қайтып келді. Оның 
«қайтып  келу»  себебі,  ол  мұнда  бір  кездері  аз  уақыт  болса  да  ҽкесімен  бірге 
тұрған  еді.  «Халық  жауының»  баласы  ретінде  мұнда  оны  ешкім  керек  етпеді. 
Ал, анасы болса ҿз жеке басымен шығармашылығымен ҽуре болып жүрді. Бірақ 
та, қатал қала оның сүйіктісіне айналды, лагерлік ҿмірінде үлкен арман болып 
қалды. Олар анасымен бірге қиын күндерді бастарынан ҿткерді. 
Анна  Андреевна  1930  жылы  профессор,  атақты  ҿнер  танушы  Николай 
Ниолаевич Пунинмен тұрмыс құрады. Лев Гумилев анасының жаңа күйеуімен 
келісе  алмады.  Ол  осы  үйдегі  жағдайдан  шаршады,  жұмысы  да  (1930  ж. 
қыркүйек  -  1930  ж.  желтоқсаны  аралығында  тоқ  пен  жол  қызметінде  қара 
жұмысшы)  ҿте  ауыр  еді.  Лев  Гумилевтің  елдерді  аралағаны  жҿнінде  ҿзінің 
«Л.Н.  Гумилев  қатысқан  экспидициялардың  тізімі»  атты  жеке  іс-қағазында 
жазып  кеткен.  Мұнда  1938  жылы  сотталғанға  дейінгі  ҿмірінің  «бірінші 
Ленинградтық»  кезеңінде  тҿрт  экспедиция  жҿнінде  -  Қырым  (1932-1933  жж), 
Маныш археологиялық (1935 ж.) жҽне Саркел археологиялық экспедициялары 
туралы  айтылады.  Осы  тізімде  Л.Н.  Гумилев  ҿзінің  13  экспедицияға 
қатысқанын жазады (1932-1962 жж.). КСРО география қоғамының президенті, 
академик  С.В.  Калесник  Л.Н.  Гумилев  туралы  мақаласында  оның  21 
экспедицияға қатысқандығын айтады.  
1931  жылы  Забайкальедегі  Саян  геологиялық  іздеу  экспедициясы 
құрамында  коллектор  болып  жұмыс  жасайды.  Оған  мұндағы  Ландшафтар, 
Рельефтер ұнады. Мұнда  ол  Анна Дашковамен  танысып,  ұзақ  жылдарға дейін 
бір-бірімен  хат  алмасып  тұрды.  Жазған  хаттарында  Лев  Аннаға  Тҽжікстанға 
жасаған экспедициясына қызығатынын кҿрсеткен [4].  
Л.Н.  Гумилев  1932  жылы  алғашқы  бесжылдықтардың  қызған  кезінде, 
аштық  азабын  арқалаған  ауыр  уақытта  ҿндіріс  күштерін  зерттеу  жҿніндегі 
Кеңес  ұйымдастырған,  академик  Евгений  Никанорович  Павловский 
басшылығымен  болған  Памир  тауларын  зерттеу  экспедициясы  құрамында 
ғылыми-техникалық  қызметші  болып  барады.  Осы  жерде  Ресейдің  шет 
аймақтарындағы  түркі  этносының  соңғы  тұяқтарымен  бетпе-бет  кездеседі. 
Памир  Лев  Николаевичті  ҿзіне баурап  алады.  Осында ол  Догар  совхозындағы 
маляр  станциясына  маляр  разведчик  болып  жұмысқа  тұрады.  Тҽжік-парсы 
тілдері мен араб тҿте жазуының қырларымен танысады. Тҽжік пен қырғыздың 
ауызекі  сҿйлеу  тілін  меңгереді,  дҽруіштермен,  босқындармен  танысады  [5]. 

49 
 
1933  жылы  ол  Қырымдағы  Г.А.  Бонч-Осмоловскийдің  археологиялық 
экспедициясында  ғылыми–техникалық  қызметкер  ретінде  жұмыс  істейді. 
Аджи-Каба палеолит кезеңінің тұрағын ашуға қатысады.  
1934  жылы  Лев  Николаевич  Гумилев  Ленинград  мемлекеттік 
университетінің  тарих факультетіне  түседі.  Е.  Тарле,  В.  Струве  жҽне  басқа да 
ҽлемге танымал ғалымдардан дҽріс алады. 
1935  жылы  студенттік  комсомол  бірлестігінің  қаулысымен  Лев  Гумилев 
«антисоветтік адам» деп есептеліп, совет университетінде оқуға лайықсыз деп 
айып тағылды.  
Біреулердің  жаласымен  отбасында  айтылатын  ҽңгімелер  сипатынан 
хабардар  етпегені  үшін  тұтқындалады.  Анна  Ахматова  Мҽскеуге  келіп, 
таныстары арқылы Сталинге жеке хат жолдайды. Осы хаттан кейін Л. Гумилев 
босатылады. 
1938 жылдың наурызында Лев 4 курста оқиды. Осы кезеңде оған екінші 
рет айып тағылады. Лев Гумилев кейін ҿз жазбаларында «Бұл аресттің болуына 
ықпал  еткен  ҿзім  болдым»  деп  жазады.  Сот  үкімі  бойынша  Л.  Гумилевке  он 
жыл  беріледі.  Бірақ  бір  жарым  жылға  созылған  қайта  тергеу  жұмысының 
нҽтижесі  боынша  басқа  айыптарсыз  үшеуіне  де  бес  жылдан  берді.  Ҽуелі 
жазасын ҿтеу үшін Беломорканал жері белгіленеді. 
1939  жылы  қаңтарда  Лев  Гумилевті  Беломорканалдан  Ленинградқа 
ҽкетеді. 
1940  жылдары  Анна  Ахматова  Сталинге  екінші  рет  хат  жазады.  Бірақ 
оған  КСРО  прокуратурасы  оған  ҿте  қатал  жауап  қайтарғаны  соншалық, 
А.Ахматова ол туралы Лев Гумилевқа жазған хаттарында айта алмайды.  
1939  жылы  тамызда  Лев  Норильск  лагеріне  барады.  Лев  Гумилев  бұл 
жерде жер қазушыдан мыс шахтасының кеншісіне дейін, одан соң геотехник, ал 
мерзімінің  соңына  дейін  (1943  жылдың  наурызы)  химик-лаборант  дҽрежесіне 
дейін ҿсті. Мерзімінің аяқталғанына қарамастан, ол «геологиялық карьерасын » 
Хантай  кҿліне  экспедициясына  құрамында  жалғастырады.  Ал,  келесі  жылы 
(1944  жылы)  тҿменгі  Тунгус  бассейніне  магнитометрлік  съемкаға  кетеді.  Бұл 
жерде Лев Гумилев үлкен темір рудасы шығатын жерді ашады [6]. 
Норильск  комбинатында  Лев  Гумилев  жергілікті  военкомға  ҿтініш 
білдіріп, ҿзі майданға сұранады. 1944 жылы I Белорусь майданындағы Ерекше 
екпінді ҽскердің айып батальонына ерікті солдат ретінде жіберілді. 
Соғыс  аяқталған  соң  1946  жылы  сҽуірде  Л.  Гумилев  кандидаттық 
емтихандарын  тапсырып,  Шығыстану  институты  Ленинград  бҿлімшесінің 
аспирантурасына  оқуға  қабылданып,  сол  жылдың  күзінде  диссертация 
тақырыбын анықтайды.  
Лев  Гумилев  алғашқы  түрік  қағанатының  саяси  тарихы  жҿнінде  баға 
жетпес,  құнды  мҽліметтер  жинады.  Ғылыми  диссертацияны  қорғап  шығу  - 
соншама бір қиын міндет  болып кҿрінбеді, алайда 1946 жылы тағы да тағдыр 
тҽлкегіне  түсті.  1946  жылы  14  тамызда  Ждановтың  қанқұйлы  баяндамасынан 
кейін,  «Звезда»,  «Ленинград»  журналдары  жҿніндегі  ОАК  Қаулысы  шығады. 
Осы қаулыдан соң анасының шығармашылығына ресми түрде тиым салынады. 

50 
 
1947 жылы желтоқсанда қорғауға дайын тұрған диссертациямен Л.Н. Гумилевті 
аспирантурадан шығарады. 
1947  жылы  Л.Н  Гумилев  психоневрологиялық  ауруханада  кітапханашы 
болып  жұмыс  істейді.  1948  жылы  желтоқсанда  жұмыс  орнында  жаратымды 
берген  мінездеменің  арқасында  жҽне  ЛГУ  ректоры  А.А  Вознесенскийдің 
кҿмектесуімен диссертация қорғауға жіберіледі. 
1946-1947  жж.  Эрмитаж  директоры,  профессор  М.И.  Артамоновтың 
басқаруымен  болған  Оңтүстік-Подольск  экспедициясына  қатысты.  Ғалым 
ҿмірінің  жаңа  кезеңі  1948  жылдың  кҿктемінде  басталады.  Л.Н.  Гумилев 
тарихшы-маман  ретінде 
С.  Руденконың 
басшылығымен 
Алтайдағы 
археологиялық-этнографиялық 
экспедицияға 
қатысады. 
Еуразия 
қорғандарының  ішіндегі  ең  ҽйгілісі,  Эрмитажға  «алтын»  сыйлаған  -  Пазырық 
алтын  қорғанында  жүргізілген  қазба  жұмыстарына  белсене  араласады.  Бұл 
қорғанның ашылуына Л. Гумилевтің қатысуының ҿзі оған ҽлемдік атақ ҽперді 
[1, 8].  1948  жылы Л.  Гумилев  «Бірінші  түрік қағанатының  саяси  тарихы  (546-
569  жж.)»  атты  тарих  ғылымдары  бойынша  кандидаттық  диссертациясын 
керемет қорғап шығады. Тарих ғылымдарының кандидаты дипломы оған 1949 
жылдың  31  желтоқсанында  беріледі.  Ал,  осы  жылы  6  қарашада  10  жылға 
тұтқындалған болатын. Сегіз жыл Қарағанды жҽне Омбы лагерінде болады [7]. 
Бұл жолы ҿзі айтқандай, 
«анасы  үшін»  қамауға  алынады.  Ленинградтың 
ерекше  кеңесуінен  кейін  контрреволюциялық  ҽрекеті  үшін  ол  он  жылға 
сотталады.  Лагерь  Қарағандыдан  онша  қашық  емес,  Шерубай-Нұра 
жайлауында, кҿптеген совет ғалымдары жазасын ҿтеп жатқан орында болатын. 
Одан соң Л. Гумилев Междуреченск деген жерге ауыстырылып, жазасын ҿтеу 
мерзімін Омбы абақтысында аяқтайды. 
Анна  Ахматова  Л.Н.  Гумилевті  түрмеден  босату  үшін  ҿз  атынан 
жасалатын  ҽрекеттің  бҽрі  де  бос  ҽурешілік  екенін  түсініп,  енді  ол  атақты 
жазушы  ғалымдардың  кҿмегіне  сүйенеді.  Анна  Ахматованың  баласын  қорғау 
үшін  бірнеше  жазушылар  кҿмектеседі.  Илья  Эренбург  Никита  Сергеевич 
Хрущевқа хат жолдайды. Бірақ хатқа жауап келмейді. 
Академик  В.В.  Струве  Лев  Гумилевқа  талантты  шығыстанушы-ғалым 
ретінде  ҿз  атынан  сұраныс  хат  жібереді.  Академик,  белгілі  шығыстанушы                  
Н.И.  Конрад  та  Л.Н.  Гумилевті  кешіру  жҿнінде  КПСС  идеологы                           
П.Н.  Поспеловқа  хат  жолдағанымен  жауапсыз  қалды.  1956  жылы  ұзақ  сұрау 
салып, ҿтініш етуден соң бостандыққа жіберіліп, «қылмыс құрамы болмауына 
байланысты»  ақталып  шығады.  Үйсіз-күйсіз,  денсаулығы  нашарлаған,  жалпы 
алғанда,  ғұмырының  он  тҿрт  жылын  түрмелерге  тастаған  44  жастағы                
Л.  Гумилев  Ленинградқа  сол  жылы  қайта  оралады.  1957  жылы  Лев  Гумилев 
ҿмірінде  бірінші  рет  ҿз  бҿлмесін  алады.  Бұл  жайында  ол  осы  жылы  наурызда  
П. Савицкийге жазған хатында айтады. 
1962  жылы  Л.Н.  Гумилевтің  ЛМУ  география  ҒЗИ‑ға  жұмысқа 
қабылданғаны белгілі [8].  

51 
 
Қорыта  айтқанда,  Л.Н.  Гумилев  үшін  1935-1957  жж.  қатысқан 
археологиялық-зерттеу  экспедициялары  оның  болашақтағы  ғылыми  жолының 
қалыптасуына үлкен ҽсерін тигізді.  
2.  Ұлы  ақын  Абай  Құнанбайұлының:  «Тегінде  адам  баласы,  адам 
баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нҽрселерімен  озбақ»,-    деп  айтқаны 
бар.  Ал,  Лев  Николаевич  Гумилев  болса,  түркі  халқы  тарихы  сыңаржақты 
бағаланған  кеңес  заманында  Ұлы  Дала  тарихы  туралы  іргелі  зерттеулер 
жүргізіп, 
ой 
тереңдігімен, 
соны 
пайым-тұжырымдарымен, 
ерекше 
дарындылығымен, ғылымға деген шынайы адалдығымен оза білген дара тұлға, 
ғалым.  
 Л.Н.  Гумилев  кҿшпенділердің  ҽлем  тарихына  қосқан  үлесін  бұрмалап 
кҿрсетуге  тырысқан  еуроцентристік  біржақты  пікірлерге  үнемі  қарсы  шықты. 
Лев  Гумилев  кҿшпенділер  тарихынсыз  ҽлем  тарихын  тұтастай  қарастыру 
мүмкін  еместігін    ғылыми  тұрғыдан  дҽлелдеді.    Оның  ғылыми  мұрасын 
«Ғұндар»  (1960),  «Хазарияның  ашылуы»  (1966),  «Ежелгі  түркілер»  (1967), 
«Қиял  патшалығын  іздеу»  (1970),  «Ежелгі  Русь  жҽне  Ұлы  Дала»,  «Этногенез 
жҽне Жер биосферасы» (1989) жҽне Еуразия халқы тарихы турасындағы  тағы 
басқа зерттеулері құрайды.  
Л.Н.  Гумилевтің  тарихи  еңбектерінде  Ресей-Орталық  Азияның 
органикалық  бір  бҿлігі  ретінде  қарастырылады.  Шығыс  славяндар  мен  Ресей 
тарихы  -  Еуразияны  түрлі  уақыттарда  мекен  еткен  этностардың  тағдырымен 
ортақтаса,  бірлікте  қарастырылып,  сол  этностардың  кҿшіп-қонуы,  аралас-
құралас  байланыстарда  болуымен  сабақтаса  алынады.  ІХ-ХІІІ  ғасырларда 
шығыс  славяндарда  болған  саяси  ҿзгерістер  эволюциясы  жҽне  Ресей 
мемлекетінің  бірте-бірте  қалыптаса  бастауы  Ұлы  Даланы  сілкінткен 
оқиғалармен байланыстырыла қаралады.  
Ежелгі Русь пен Ұлы Даланың ҿзара байланысы Еуразия табиғатының бір 
бҿлшегі ретіндегі Дала мен Орманның дҽуірлер бойғы сабақтастығының тек бір 
ғана кҿрінісі болып табылатыны белгілі. Орман мен дала табиғи аймақ ретінде 
сонау  Жоғары  Палеолит  дҽуірінің  аяқталу  кезінде  қалыптасып,  Мезолит, 
ҽсіресе,  Неолит  дҽуірінде  кҿне  тайпалардың  мҽдени  жіктелісінің  шешуші 
факторы, олардың тарихи даму жылдамдығы мен түрлі бағытын айқындайтын 
басты  кҿрсеткіш  болып  табылады.  Тарихи    дҽуірлер  алмасуының  қарқыны 
тұрғысынан  Дала-Орманды  ап-айқын  басып  озды  жҽне  сондықтан  да  орман 
аймағындағы  халықтарға  мҽдени-ҽлеуметтік  ықпал  жасаушы  күшке  айнала 
түсті. 
Лев  Гумилев  зерттеулерінде  Ресей  мемлекеті  еуразиялық  суперэтносты 
қалыптастырушы ретінде алынған (Түркі қағанаты мен Монғол ұлысы тҽрізді), 
сҿйтіп  аймақтағы  тұрақтылықты  қамтамсыз  етіп,  ҽр  этностың  ҿзінің 
үйреншікті,  қалыптасқан  ҿмір  салтын  ұстануына  жағдай  туғызып  отырған  [1, 
19]. 
Л.Н.  Гумилев  Еуразияның  кҿшпелі  халықтарының  тарихын  зерттеуден 
бастай отырып, алдымен Ұлы Даланы жҽне оған іргелес жатқан аймақтарды бір 
кеңістік  шеңберінде  қарастырды.  Ал  кҿшпелі  тұрмыстың  пайда  болуы  мен 

52 
 
кҿшпелі  мемлекет  билігінің  құлауына  дейінгі  аралықты  бір  уақыт  шеңберінде 
алып  қарады.  Ҿзінің  алдындағы  ғалымдар  ҽрбір  халықты  жҽне  олардың  даму 
тарихын да жеке-жеке, дербес зерттеумен айналысып келген еді. 
Уақыт  пен  кеңістікті  тарихпен  сабақтастыра,  бірлікте  қарастыру 
нҽтижесінде бүкілҽлемдік тарихтың жаңа үлгісі жасалды, ҿйткені араларын тау 
мен тас, кҿл мен шҿл бҿліп жатқан отырықшы мҽдениеттің арасындағы дҽнекер 
кҿшпелілер болатын [1, 22].  
Л.Н.  Гумилев  кҿшпелілер  тарихын  зерттей  отырып:  «Адамдардың  Ұлы 
Даланы  мекен  етуі  бірнеше  рет  үзіліске  тап  болған  жҽне  ол  үзіліс  бірер  жыл 
емес,  кем  дегенде  жүз  жылға  жуық  созылған»  деген  түйінге  келеді.  Бұл 
тұжырымнан  шығаратын  қорытынды:  «ылғалды  ауа  ағынының  ығысуы 
нҽтижесінде Еуразия климаты ҿзгеріске ұшырап отырған» деген теория жасауға 
жетеледі. 
Л.Н.  Гумилев  ғұндар  мен  кҿне  түріктерді  оқу  арқылы  ол  уақыт  ҿлшемі 
бойынша  кейінгі  орта  ғасырды  зерттеді.  1930  жылдар  мен  1990  жылдардың 
басына  дейінгі  аралықтағы  оның  ғылыми  зерттеулерінің  пҽні  тек  бір  ғана 
этникалық  топ  емес,  тұтас  Еуразия  халықтары  болды.  Сонымен  бірге,  Л.Н. 
Гумилевтің  ғылымдағы  ірі  жетістігі,  бұл  оның    пассионарлық  идеясы  мен 
этногенез  теориясының  негізін  салуы.  Ол  «этносты  табиғат  пен  ҽлеуметтік 
ортаның  ықпалдасуынан  пайда  болған  ерекше  құбылыс»  деген  тұжырым 
жасаған болатын.  
Шынымен  де,  Л.Н.  Гумилев  Еуразия  халықтарының,  соның  ішінде  кҿне 
түріктердің  этникалық  ерекшеліктерін  нақты  айқындай  алды.  Ҿйткені,  ол  бар 
ғұмырын Еуразия халықтарының тарихын тұтастай зерттеуге арнады.  
Л.Н. Гумилев еңбектерінің бҽрін дерлік кҿктей ҿтіп жататын идеялардың 
бірі-  пассионарлық  теориясы.  Ҽйгілі  ғалымның  ой-тұжырымы  бойынша,  адам 
ҽрекеті  планетарлық  күш-қуат  болып  табылады.  Сол  күш-қуат  жердің 
геологиялық  жаңғыруына  пара-пар.  Яғни,  адам  (ұлт,  халық)  қозғалысының 
күші  тектоникалық  қозғалыстармен  теңдес  келеді.  Бұл  ретте  адамның 
планеталық  ауқымдағы  ҽрекеті  жанды  биосфераның  биохимиялық  қуатынан 
бастау  алады.  Мұнан  ҽрі  адамның  планеталық  ақыл-ойы  биосферадан 
ноосфераға  ұласады.  Былайша  айтқанда,  бар  тіршілік  атаулының  болмысы 
планетаның  жоғары  қабатына  айналады.  Биосферадағы  жанды  заттардың 
биохимиялық  қуаты  болып  табылатын  осы  құбылысқа  космос  кеңістігінен 
құйылатын тегеурінді қуат ҽсер еткенде жер бетінде айрықша жаңғыру үдерісі 
басталады.  Адамдарды  қозғалысқа  келтіріп,  олардың  ішінен  қайрат-жігері 
тасыған тұлғаларды тарих сахнасына шығартып, одан ҽрі этникалық жаралымға 
ұйытқы болатын себеп осы. Яғни, пассионарлық дегеніміз  - адамдарды шабыт 
тұғырына  қондыратын  биохимиялық  қуат  [8].  Пассионарлық  сҿзінің  латын 
тіліндегі «пассио» түбірі «шабыт», «құлшыныс» деген мағына береді. 
Этногенез мҽселесінде пассионарлық идея бойынша, отырықшы-кҿшпелі, 
еуропалық-азиялық, 
орыс-қазақ, 
француз-американ 
деп 
келетін 
салғастыруларда  мҽн-мағына  болмайды.  Л.  Гумилев  тұжырымы  бойынша, 
этнологиядағы  жалғыз  ғана  ҿлшем  -  пассионарлық  қуаттың  деңгейі.  Оның 

53 
 
пайымдауынша,  этногенез  дегеніміз  -  этносфера  аясындағы  этникалық 
ұжымның  жаңарып-жаңғыруы.  Ондай  жаңарып-жаңғыруларға  пассионарлық 
құбылыс тұғыр болып отырады.  
Лев  Гумилев  ҿзінің  пассионарлық  идеясы  арқылы  адам  феноменінде 
ҽлеуметтік себептен гҿрі биосфералық ҽсердің бел алып жататынын дҽлелдеуге 
күш салды. Сҿйтіп, этногенездің пассионарлық теориясын дүниеге келтірді. 
Л.Н.  Гумилевтің  этногенез  теориясын  дамытудағы  рҿлі  ҿте  зор.  Осы 
орайда:  «Адамдар  -  нақты  бір  ұжымда  ҿмір  сүретін,  уақыт  ҿкімімен  дүниеге 
келіп,  дүниеден  кҿшетін  тіршілік  иесі.  Бұлар  -  этностар,  ол  олардың  дүниеге 
келіп,  бақилыққа  аттанғанға  дейінгі  аралығы  -  этногенез  деп  аталады»,-  деп 
жазды Л.Н. Гумилев. 
Этногенезге  берілген  ҿзгеше  баға  жҽне  оның  тарихи  процеске  тигізер 
ҽсер-ықпалы алғашқы кезде ғылыми ортада біраз дүрбелең тудырғандай болды. 
Сонымен  қатар,  ғылыми  орта  оны  қабылдамайды.  Себебі,  ғалымның 
қарсыластары - түрлі ғылыми бағыттар мен мектептің ҿкілдері тарпынан:  
Ю.В. Бромлей, А.С. Арутюнов, А.Г. Агаев, В.А. Тишков жҽне т.б. біраз сындар 
айтылды.  Лев  Гумилевке  «Қоғамдық  құбылысқа  биология  ғылымының 
ықпалын  арттырып,  географияның  да  үлесін  ұлғайта  кҿрсетті»  деген 
айыптаулар тағылды. 
Л.Н.  Гумилев  этногенез  идеясын  жалаң  сипаттаумен  шектеліп  қалмай, 
қоғам  мен  табиғаттың  ҿзара  сабақтастығын  анықтады,  этносты  табиғат 
құбылысы  ретінде қарастыра отырып, этногенездің  генетикалық  тек-тамырын, 
заңдылықтарын  ашып  кҿрсетті;  адамның  табиғатқа  зиян  келтіруі  салдарынан 
болған  ҿзгерістерді  саралады;  этногенездің  жекеленген  фазасы  (кезеңдерін) 
немесе  халықтың  жасын  сипаттады.  Ол  үшін  антикалық  дҽуірдің  бай 
материалдары  мен  Ежелгі  Русь,  Батыс  Еуропа,  Византия,  Таяу  жҽне  Қиыр 
шығыстың ортағасырлық мҽдени құндылықтарына жүгінді; пассионарлық фаза, 
консоция, конвексия жҽне т.б. ұғымдарды енгізді.  
Л.Н.  Гумилев  «Этногенез  жҽне  Жер  биосферасы»  деген  еңбегінде 
гуманитарлық  жҽне  жаратылыстану  ғылымдарының  арасына  алтын  арқау 
орнатты.  Ол  этнология  мен  географияны,  ҽлеуметтану  мен  биологияны, 
этнология  мен  физиканы,  тарих  пен  топырақтануды  етене  жақындастырып, 
ғылыми шеберлікпен қиюын тауып қиюластыра білді [1, 19, 24]. 
Л.Н. Гумилевтің қазақ этносының қалыптасуына қатысты жазған ғылыми 
зерттеулері де бар. Осы орайда оның «Происхождение казахского этноса» деп 
аталынатын  дҽрісін  атауға  болады.  Бұл  дҽрісті  1985  жылы  наурыз  айында                
Э.Е. Дильмухамедова жазып алған.  Дҽріс 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия  ұлттық  университетінің  ұйымдастыруымен  ҿткен  «Еуразияшылдық 
жҽне  Қазақстан»  атты  Еуразиялық  ғылыми  форумның  еңбектер  жинағында 
алғаш рет жарияланған болатын. 
Аталған  дҽрісте  Л.Н.  Гумилев  қазақ  этносының  шығу  тарихы  тікелей 
алдыңғы  түркі  халықтарының  этникалық  тарихымен  байланысты  деп  жазады. 
Ғалым  қазақ  тарихын  кҿне  түріктермен,  атап  айтқанда,  ғұндар  жҽне  Түрік 
қағанаты  тарихымен  байланыстыра  зерттейді.  Сондай-ақ,  қыпшақ,  қаңлы, 

54 
 
арғындар мен қимақ, қарлұқ тайпаларының қазақ этногенезіндегі орны туралы 
да  айтылады.  Ҽрине,  Л.Н.  Гумилев    қазақ  этносының  қалыптасу  тарихын  сол 
кездегі  Еуразия  Даласындағы  тарихи  оқиғалармен  байланыстыра  отырып 
қарастырады.  Мҽселен,  ХІІІ  ғасырдағы  Шыңғысхан  шапқыншылығы 
тұсындағы  Қазақстан  тарихы  егжей-тегжейлі  берілген.  Ғалым  моңғолдардың 
жаулап алу соғысы кезінде Қазақстан территориясына келген тайпалар туралы 
мағлұмат  береді.  «Шыңғысханмен  Шығыс  Сібірден  келген  қоңыраттар  арғын, 
найман жҽне шығыс қыпшақтармен бірге тҿрттік одақ - Орта жүзді құрды» [9, 
11-18],  -деп  жазады.    Қазақтың  шығу  тегі,  тарихы,  шежіресі  жайлы  зерттеу 
жүргізген  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың  біртуар  ойшылы,  ақын,  жазушы, 
тарихшы  Шҽкҽрім  Құдайбердіұлы  да  «Түрік,  қырғыз-қазақ  һҽм  хандар 
шежіресі» деген еңбегінде Орта жүзге қатысты осындай мҽлімет береді. Онда: 
«1220 жыл шамасында бұрынғы қырғыз (қазақ-авт.) жерінің, яғни Сарыарқаның 
күншығысыменен оң тұс арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып, 
кҿшіп жүрді» деп келтірілген [10, 5]. 
Л.Н. Гумилев қазақ жүздері тайпалық одақтар ретінде алғашқы жүз  - Ұлы 
жүз  Жоңғарияда,  одан  Шығыс  Қазақстанда  Орта  жүз,  ал  Қазақстанның 
батысында  Кіші  жүз  құрылғандығын  жаза  келе,  соңғы  жүз  құрамында  ең  кҿп 
рулар  болғандығын  айтады.  Ғалым  мұның  себебін  былайша  түсіндіреді: 
«түрікмендер  қазақтар  үміттенген  жерлерді  басып  алған,  сондықтан 
қазақтардың  ең  жаугер  бҿлігі  түрікмендерді  Арал  теңізінен  оңтүстікке  қарай 
ығыстырған.  Осылайша  қазақтар  ҿздерін  Үстірт,  Ембі,  Жайық  бойында 
қоныстармен қамтамасыз етті» [9, 16].  
Ұлы  жүз  мекен  еткен  территория  мҽселесіне  қатысты    Ш.  Уҽлихановтың 
«Об управлении казахами большого жуза» атты мақаласына тоқталатын болсақ, 
онда: «Достаточно взглянуть на карту и сообразить соотносительное положение 
сей страны с сопредельными землями и племенами, достаточно удостовериться, 
что весь край за рекой Чу до самых вершин гор Кунгей Алатай, Боролдайских и 
Каратауских занимается кочевьями кайсаков, преимущественно дулатовцами и 
джалаирами,  принадлежащими  Большой  орде  [11],  -  деген  дулат,  жалайыр 
тайпаларының мекен еткен жерлері туралы мҽлімет беріледі.  
Л.Н.  Гумилев  аталған  еңбегінде  кҿрсеткендей  Кіші  жүз  құрамы  ірі  үш 
рулық  бірлестіктен  тұратындығын  Ш.Құдайбердіұлы  да  жазған-тын:  «Бұл 
күнде  кіші  жүз  үш  ру:  ҽлімұлы,  байұлы,  жетіру  деген.  Ҽлімұлы  алты  ру: 
қарасақал, қара кесек, қытай, тҿртқара, шҿмекей, шекті. Байұлы он екі ру: адай, 
жаппас,    алаша,байбақты,  масқар,  беріш,  таздар,  есентемір,  черкес,  тана, 
қызылғұрт,  шайығлар.  Жеті  рулар:  табын,  тама,  кердері,  кереит,  жағалбайлы, 
тілеу, рамадан» [10, 34]. Бұл арада айта кететін жҽйт,  Ш. Құдайбердіұлы Кіші 
жүз  құрамына  енген  ру  аттарын  кҿрсеткенде  бірқатар  ҿзгешеліктер  кездеседі. 
Мысалы,  Ҽлімұлы  құрамына  кіретін  кете  руының  қытай  деп,  ал  Байұлы 
құрамындағы шеркеш руының – черкес деп берілуі. Алайда, Ұлы Дала тарихын 
зерттеуші, түркітанушы-ғалым Лев Гумилев пен қазақ шежіресіне арнайы еңбек 
жазған Алаш зиялысы Шҽкҽрім Құдайбердіұлының зерттеулерінің бір арнадан 
тоғысып  жатуы,  қазақ  жүздерінің  құрылымын,  олардың  мекен  еткен 

55 
 
территориясын  тереңнен  қарастыру,  тұтас  қазақ  тарихын  зерттеуде  аса 
маңызды  екендігін  кҿрсетеді.  Мұның  себебіне  кҿрнекті  Алаш  қайраткері                
М.  Тынышпаев  былайша  тоқталады:  «...Қырғыз  (қазақ-авт.)  халқының  ҽрбір 
жеке  руының  шығу  тегін,  алдын-ала  зерттемей,  сондай-ақ  оның  кіммен  жҽне 
қандай  уақыттарда  бас  қосқанын  анықтамай  қырғыз  (қазақ  -  авт.)  халқының 
тарихи тағдырының жалпы кҿрінісін кҿзге елестету мүмкін емес» [12].  
Лев Николаевич Гумилев жаңа этнос ландшафтар түйісінде туындайды деп 
тұжырымдады.  Қазақ  этносы  далалы,  жазықты  жҽне  таулы  ландшафттар 
түйісінде  пайда  болды  деп  кҿрсетті.  «Алтай,  Тарбағатай,  Тянь-Шань  іргелес 
жазықтармен  үйлесуі  -  бұл,  түрлі  ландшафт  қазақ  этносы  туындаған  орын 
болды  жҽне  осы  жерден  Еуразияның  ұлан-ғайыр  даласына,  Жайыққа  дейін 
кеңейтілді.  Қазақтар  этнос  ретінде  ҿте  ҽдемі,  табиғи-бай  жҽне  жайлы  елден 
шыққан»,  [9,  16,  17],  -  деп  жазады  Л.  Гумилев  қазақтардың  шығу  тарихы 
турасында. 
Ғалым осы зерттеуінде монотонды ландшафт ҽдетте қалыпты болады жҽне 
оның  мекендеушілерін  ширықтыру  да  қиынға  соғады.  Ондағы  ҽлсіз  ықпал 
сҿнеді. Ал қашан ландшафт ҽртүрлі болса, онда этностар оңай қайта құрылады 
жҽне жаңа этнос құрылады деген пайымдау жасайды [9, 17]. 
«Қазақ» этнониміне қатысты Л.Н. Гумилев «қазақ» (казах) сҿзі бастапқыда 
ҽртүрлі халықтармен пайдаланылып келді дейді. Ол Дон, Кубань жҽне Теректің 
хазар-славяндармен  аралас  шыққан  жҽне  православие  дінін  ұстанушы 
тұрғындары  ҿздерін  «казактармыз»  деп  атағанын,  католиктік  Польшадан 
Запорожьеге  қашқан  орыстар  да  «казактар»,  «козактар»  деп  аталғандығын 
келтіреді.  Лев  Гумилев:  «Татарлардан  ҿзгеше  далалы  түркі  тайпалары  ҿздерін 
«қазақ»  деп  атады.  Ҿйткені,  татарлар  деп  Алтын  Орда  ханына  шын 
бағынғандар,  ал  қазақтар  деп-  олардан  тҽуелсіз  кҿшпелі,  ерікті  кҿшпенділер 
аталды. Алтын Орда құлауымен «қазақ» этнонимі туындады деп айтуға болады. 
Бірақ,  қазақтар,  халық  ретінде,  ҽрине,  бұдан  бұрын  да  ҿмір  сүрген»,  -  деп 
дҽйектейді. Жалпы алғанда, бүгінгі күні «қазақ» терминіне байланысты ҽртүрлі 
дерек  кҿздері  кездеседі.  Жазбаша  ҽдебиетте  «қазақ»  термині  1245  жылы 
мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ 
сҿздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірнеше рет қолданылған деп саналып  
жүр.  Онда «қазақ» сҿзіне «еркін, кезбе» деген мҽн беріледі [13]. 
 «Народ казак (қазақ-авт.) разделяется на три сотни – юз, которые русские 
называют  ордами  и  которые  по  старшинству  у  них  называются  Большая, 
Средняя  и  Меньшая  сотня  (Улу  юз,  Урта  юз  и  Кичи  юз)»  [14],  -  деп  жазды           
Ш. Уҽлиханов.  
Кез  келген  этноҽлеуметтік  организмнің  ҿз  аумағы  шегінде  экономикалық 
байланыстардың  белгілі  бір  қауымдастығы  болады.  Қазақ  халқы  мен  оның 
этникалық аумағының құрылу, қалыптасу дҽуіріндегі белгіл бір шаруашылық-
мҽдени  үлгі,  этносаяси  үрдістер  негізінде  қалыптасқан  ірі  аумақтық  тайпалар 
бірлестіктері  (немесе  одақтары)  –  жүздер  этноҽлеуметтік  организмнің  жоғары 
санаттарының  бірі  болды.  Қазақтар  тарихындағы  мұндай  бірлестіктер  -  Ұлы 
жүз, Орта жүз жҽне Кіші жүз [156 308]. 

56 
 
Л.Н. Гумилев қазақтың үш жүзі «ҿзара саяси жҽне мҽдени байланыстармен 
бірікті,  бұл  Далада  кҿшпенділердің  бейбіт  ҿмір  сүруі  үшін  барынша  қолайлы 
түрі  болды»  деп  атап  кҿрсетті.  Ол:  «Егер  ХІІ  ғасырда  Дала  Қытай  мен 
Хорезмнің  пҽрменді  қысымынан  қорғануы  қажет  болса,  ҿйткені  хорезмдік 
гулямдар  кҿшпенділерді  жауыздықпен  қырып-жойды,  осындай  жағдайда 
басында хандар тұрған мықты ҽскери ұйымдар құру қажет болды. Ҽйтпегенде, 
ХҮ  ғасырдың  ҿзінде  Орта  Азия  да  толық  күйреу  жағдайында  болса, 
моңғолдарды қуып шыққан жҽне Мин ҽулеті билігі қол астына ҿткен Қытай да 
Даланы жаулап алу үшін қажетті ҽскери дарындылық танытпады.  
Осы уақытта Далада (Қазақстан, Моңғолия жҽне Батыс Қытайда) соғыспай-
ақ  ҿмір  сүруге  болатын  еді.  Кҿшпенділер,  соның  ішінде  қазіргі  қазақтар  ата-
бабалары соғыс жүргізген жоқ.  Олар ҽскери билікпен бірге ҿмір сүрудің бейбіт 
нысанын- тайпалық одақтар құрды», - деп қарастыра келе, батысқа қарай, басқа 
жағынан  Алтай  мен  Тарбағатайға  орналасқан  кҿшпенді-түркілер  үш  Қазақ 
жүзін  құрып,  қалмақтар  мен  қазақтар  арасында  егес  басталғанға  дейін  бейбіт 
ҿмір сүргендіктерін айтады [9, 17].  
Л.Н.  Гумилев  ХҮІІ-ХҮІІІ  ғғ.  қалмақтар  қазақтарға  қарсы  соғысқандығын, 
сол  бір  қиын  жағдайда  қазақтар  ҿз  еріктерімен  қытайлық  емес,  ресейлік 
патшаларға  бағынды  деп  жазады.  Сонымен,  Лев  Николаевич  Гумилев  аталған 
дҽрісті  қазақтар  ХҮІІІ-ХІХ  ғғ.  Ресей  бодандығында  болғандығымен,  ал  ХХ  ғ. 
жағдай  ҿзгергендігімен  аяқтайды.  Ҽрі  бұл  жағдайдың  «қалай  ҿзгергендігін- 
барлығы менсіз де біледі»,- деп ой түйіндейді. 
Л.Н.  Гумилев  Еуразия  Даласын  мекен  еткен  қазақ  пен  орыс  халқы 
арасындағы мінез-құлық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін де қарастырған. Ол: 
«Еуразия континентіндегі біздің - еуразиялықтардың діліміз, дүниетанымымыз 
ортақ,  ҽсіресе,  қазақтар  мен  орыстар  арасында.  Мҽселен,  қазақтар  мен 
қырғыздар бастапқы қарағанда ҿзара қатты ұқсас кҿрінеді. Алайда қазақтар сол 
қырғыздардан  гҿрі,  орыстармен  тез  тіл  табысады.  Неге?  Жауапты  этногенез 
теориясы  береді.  Ҿйткені,  қырғыздар  -  Қиыр  Шығыстан  шыққандар  екен, 
сондықтан олар бізге қарағанда кҽріс, қытайлықтар сияқты мүлде ҿзгеше ділді, 
бізден ҿзгешелеу болып келеді. Мысалы, оларда ҽзіл-қалжың сезімі болмайды.  
Оларға  ҽзілдеу,  демек,  ренжіту.  Ал,  қазақтар  орыстар  сияқты  үнемі  оңай 
ҽзілдесе  алады,  тіпті  ҿзін-ҿзі  де  сынай  алады»  [16],-  деп  ой  пайымдайды. 
Осылайша,  Л.Н.  Гумилев  Еуразия  халықтары  арасындағы  мінез-құлық,  діл 
ортақтастығы мен ерекшеліктеріне де ерекше ден қойған. 
Қорыта  айтқанда,  Л.Н.  Гумилев  зерттеулерінде  ҽртүрлі  этникалық 
жүйелердің  қатар  ҿмір  сүре  алу  мҽселесінің  мҽні  ашылып  кҿрсетілді.  Оның 
тұжырымдамалары  мен  ой-пайымдаулары  ҽртүрлі  халықтар  арасында 
ынтымақтастық,  ымырашылдық  мҽдениетін  қалыптастырып,  дамытуға 
мүмкіндік береді. «Тікелей менің ҿзіме қазақтармен, татарлармен, ҿзбектермен 
тығыз байланыс жасау, бұл халықтармен достасу қиын емес, тек қана ағыңнан 
жарылған ақ кҿңіл, адал ҽрі ізгі ниетті болсаң, сосын олардың ҿзіндік болмыс-
бітімін сыйласаң жеткілікті. Ҿз ҽдет-ғұрыптарын жҽне қалыптасқан үрдістерін 
олар ешкімге зорлықпен таңбайды» [17] деген-тін Лев Николаевич Гумилев. 

57 
 
3. Лев Николаевич Гумилев - Ұлы Дала мен кҿшпелілер ҽлемінің тарихын 
зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Л. Гумилев еуразияшылдық идеясының 
негізін  қалаушылардың  бірі  Петр  Савицкиймен  хат  жазысып,  пікір  аламасып 
отырғаны белгілі. Мҽселен, 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевке 
былай  деп  хат  жазады:  «Древние  кочевники  являются  для  нас  великим 
примером  того,  как  нужно  сражаться  и  побеждать,  защищать  себя,  сохранять 
свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого 
основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. 
Наука о кочевниках может и должна этому служить...».  
Еуразияшылдардың тарихи ҽдіснамалық тұжырымдарын саралай келе, ҽрі 
олармен  келісе  отырып,  Лев  Гумилев  бір  мҽселеге  айрықша  назар  аударды. 
Этногенез  теориясындағы  ең  басты  идея  -  пассионарлық  ұғымын- 
еуразияшылдар біле алмады жҽне солай болуға тиіс те еді, ҿйткені еуразиялық 
доктрина  -  тарих,  география,  геосаясат  ғылымдарының  синтезінен 
(қосындысынан)  туған  болатын.  Ал  Л.Н.  Гумилев  ілімі  еуразияшылдардың 
кҿптеген  тұжырымды  ойларына  иек  арта  отырып,  тарих,  география  жҽне 
жаратылыстану ғылымының нҽтижелеріне сүйенді. 
Л.Н.  Гумилев  кҿзқарасы  бойынша,  пассионарлық  «дүмпудің»  ықпалы 
ҽсерінен  Еуразиялық  дамудың  ырғағы  мен  тарихтың  ҽр  дҽуіріндегі  нақты  бір 
күштердің  басымдылығы  жҽне  Еуразия  сияқты  біртұтас  құрылымды 
қалыптастырудың  күрделі  үдерісі  анықталады  екен.  Бұл  біртұтастық  «ҿзге 
ҽлемге» 
қарама-қарсы 
қойылмайды, 
керісінше 
полицентризм- 
еуразияшылдықтың жалпы ҽдістемелік қағидаты қызметін атқарады. 
Еуразияшылдар  этностың  ҿз  болмыс  -  бітімі  сақталуын  қолдады,  бірақ 
ешқашан  да  тар  ҿрісті  ұлтшылдықтың  жақтаушысы  болған  жоқ.  Керісінше,             
Н.С.  Трубецкой  былай  деп  атап  кҿрсетті:  «Эгоцентристік  менмен  пиғылдағы 
адам  ҿзін  «жер  кіндігі»  деп  сезінеді,  сондықтан  осы  адам  тұрған  қарапайым 
табиғи орта ешбір дҽлелдеусіз-ақ ең жетілген орта болып шыға келеді. 
Еуразияшылдық  тұжырымдама  -  ұлтшылдыққа  да,  жалпы  адамзаттық 
қандай да бір мистикалық мҽдениетке де қарсы қойылатын идея. 1920-жылдың 
кезінде-ақ Н.С. Трубецкой былай деп атап  кҿрсеткен еді: «Барлық халықтарға 
ортақ, бҽріне бірдей сҽйкес келетін жалпы адамзаттық мҽдениет болуы мүмкін 
емес».  Ал  1992  жылы  шыққан  кітабында  Л.Н.  Гумилев  бұл  ойды  ҿзінше 
түсіндіреді:  «Біз  Батыс  Еуропадан  500  жылға  жас  болғандықтан,  еуропа 
тҽжірбиесін қанша оқып үйренгенімізбен, дҽл Еуропаға тҽн тұрмыс деңгейіне, 
мінез-құлық  ҽдеттеріне,  тұрмыс-салтына  жете  алмаймыз.  Біздің  жасымыз, 
біздің  пассионарлық  деңгейіміз  мүлде  ҿзгеше  сипаттағы  ҽдет-ҽдептерді  талап 
етеді. Бұл ҿзгенікін ҿзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тҽжірбиені 
оқып  үйренуге  тиіспіз,  ҽрі  ол  қажет  те,  бірақ  оның  ҿзіміздікі  емес,  ҿзгенікі 
екенін естен шығармағанымыз абзал» [1, 20]. 
Егер  классиктердің  пайымына  жаңа  ҿзектілік,  жаңа  ауқым,  жаңа  мҽн, 
жаңа  мағына  ұсынған  неоеуразияшылдық  болмағанда,  бұл  құбылыс 
идеологиялық 
археологияның 
бір 
үзігі 
болып 
қана 
қалар 
еді. 
Неоеуразияшылдықтың  аясында  классикалық  еуразияшылдық  қайта  туып,  сол 

58 
 
орайда «ҿткеннің» тар қалыбынан шығып кетті. Жаңа ғұмырында ол ҿте айқын 
сияқтанған  кешегі  қалпын  ҿзгертті,  жасырын  тұрған  ҽлеуетін,  жаңа  қырларын 
байқатты.  Осылайша,  неоеуразияшылдық  арқылы  бүкіл  еуразияшылдық  идея 
тұтастығымен жаңа ҿлшемге ие болды. 
Еуразия - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, бұл - Еуропа мен 
Азияның  арасындағы  ҽлемдік  тепе-теңдікті  де,  сондай–ақ  дҽнекерлікті  де 
қамтамасыз  ететін  тұтас  аймақ  пен  ерекше  ҽлем  жатқан  бірден-бір  ғаламат 
кеңістік.  Олардың  жікке  бҿлінуінің  ҿзі  ҿркениеттік  тұрғыдан  алғанда 
салыстырмалы  түрде  кҿрініс  беретін  іспетті.  Ҿйткені,  адамзат  ұрпағы  бір-
бірімен ҿзара ҽрекеттеспей ҽртүрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі 
бір түсіністікті ҿрбітетін сұқбат орнатпай ҿмір сүре алмайды.  
Лев  Николаевич  Гумилев  ҿзінің  бүкіл  ҿмірін  Еуразия  халықтарының 
этникалық  тарихын  зерттеуге  арнаған  ғалым.  Сондай-ақ,  бұл  оның  ғылымға 
сіңірген негізгі қызметі болып қалады. Ол: «Менің ҿмірімнің мҽнді бір бҿлшегі 
–  ҿзім  шынайы  жақсы  кҿрген  Еуразия  халықтарына  тиесіліні  қайтару»,-  деп 
1992 жылы ҿзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын. 
Л.Н.  Гумилев  ҿмірінің  соңғы  жылдарында  ҿзін  «еуразияшылмын»  деп 
ашық  айтып  жүрді.  Осы  орайда  ғалым:  «Жұрт  мені  еуразияшыл  дейді,  мен 
ондай пікірге қарсы емеспін»,- деген-ді. 
Қорытынды:  Л.Н.  Гумилевтің  мұрасы  саяси,  халықаралық  мҽндегі 
кҿкейкесті  мҽселе,  себебі  ол  -  жаһандану  мен  аймақтық  ықпалдасу  негізіндегі 
мемлекетаралық  жҽне  этносаралық  қарым-қатынас  тұжырымдамасы  ретінде 
еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі.  
Әдістемелік  нұсқаулар:  Л.Н.  Гумилевтің  еңбектерімен  жұмыс  жасаған 
кезде оларды тақырыптық жүйе бойынша бҿліп алып қарастырған жҿн.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет