Әдебиеттер тізімі:
1.
Ҽбдіманапов С.Ҽ. Л.Н. Гумилевтің ҿмірі мен ғылыми қызметі.- Астана,
2004.- Б.5.
2.
Лавров С.Б. Лев Гумилев. Судьба и идеи.- Москва, 2000.
3.
Гумилев Л. Биография научной теории или автонекролог // Знамя, 1988,
№ 4.
4.
Дашкова А. Лев Гумилев, начало 30-х. // Мера.- 1994.- № 4.
5.
Лукницкая В. Перед тобой Земля.- Ленинград, 1988.- 147 с.
6.
Поводов для ареста не давал // Аврора, 1991, № 11.- С.23-24.
7.
Евразийство и Казахстан. Труды Евразийского научного форума:
«Гумилевские чтения».- Астана: Изд-во ЕНУ, 2003.-С.8.
8.
www.enu/kz.
9.
Гумилев Л.Н. Происхождение казахского этноса // Евразийство и
Казахстан. Труды евразийского научного форума «Гумилевские чтения».
Том 1.- Астана, 2003. - 266 с.
10.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һҽм хандар шежіресі.- Алматы:
«Қазақстан» жҽне «Сана», 1991. -80 б.
59
11.
Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Табын. ІІ том. Бірінші том. -Алматы:
«Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, 2006. -424 б.
12.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.- Алма-Ата, 1984.-
180 с.
13.
Курышжанов А.К. Исследование по лексике старокыпчакского
письменного памятника ХІІІ века.- Алма-Ата, 1970.
14.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.2.- Алма-Ата, 1985. -
151 с.
15.
Қазақстан тарихы. Кҿне заманнан бүгінге дейін. 2 том.- Алматы:
«Атамұра», 1998. -640 б.
16.
Гумилев Л.Н. Я молюсь на восточные зори, а о западных только скорблю
// Известия, 2001, 28 сентября.
17.
Известия, 1988, 13 апреля.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.
Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства
Евразийский университет и евразийское сообщество: взгляд на начало
XXI века.- Астана, 2002.
2.
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.- Москва,1989.
3.
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли.- Ленинград: изд. ЛГУ, 1989.
4.
Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірҽдар Иоанның мемлекеті»
туралы аңыз / Ауд. Ҽ. Жұмабаев, П. Бейсенов/ - Алматы: «Балауса»,
1991. - 448 б.
5.
Гумилев Л.Н. Кҿне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ҽ. Жұмабаев,
П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. - 480 б.
6.
Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ҽ. Жұмабаев, П. Бейсенов).-
Алматы: «Қазақстан», 1998.- 528 б.
7.
Гумилев Л.Н. От Руси к России.- Москва,1992.
8.
Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало.- Москва,1992.
9.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии.- Москва, 2007.
10.Ермекбаев Ж.А. Теория этногенеза и евразийские идеи Л.Н. Гумилева в
преподавании исторических дисциплин. Учебное пособие. –Астана: ЕНУ
им. Л.Н. Гумилева, 2003.- 90 с.
11.
Мұратова Г.Ҽ. Дана Абай- пассионар тұлға (Л. Н. Гумилевтің ғылыми
ұстанымы мен қағидаттары негізінде байыптау) // Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ Хабаршысы, 2009, № 2.- 32-37 бб.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Ӛнімді деңгей:
1.
Л.Н. Гумилевтің ҿскен ортасы туралы не білесіз?
2.
Л.Н. Гумилевтің қуғын-сүргінге ұшырауының себептері қандай
болды?
60
3.
Кҿне түріктерді зерттеуге арналған Л.Н. Гумилевтің қандай
еңбектері бар?
4.
Пассионарлық теориясының мҽнісі неде?
5.
Л.Н. Гумилевті неге жаңа еуразияшыл ғалым деп атайды?
Семинар тақырыбы: «Л.Н. Гумилевтің ӛмірі
мен ғылыми мҧрасы»
Мақсаты: Л.Н. Гумилевтің ҿмір жолы мен ғылыми-шығармашылық
қызметін, атап айтқанда, оның еңбектеріндегі түркі тарихының мҽселелерін,
пассионарлық теорияның тарихи маңыздылығы мен еуразияшылдық идеясына
қатысты қызметін қарастыру.
Сабақ нысаны: ауызша сұрау.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
1.
Л.Н. Гумилевтің ҿскен ортасы мен алғашқы ғылыми ізденістері.
2.
Л.Н. Гумилев еңбектерінде түрік халқы тарихының зерттелуі.
3.
Л.Н. Гумилевтің теориялық тұжырымдамаларының мҽнісі мен
ерекшеліктері.
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары:
1.
Этногенез жҽне пассионарлық терминдеріне анықтама беріңіз.
Оларға салыстырмалы талдау жасаңыз.
2.
«Л.Н. Гумилев – түркітанушы ғалым» атты тақырыпта реферат-
конспект жазыңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.- Москва,1989.
2.
Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало.- Москва,1992.
3.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии.- Москва, 2007.
61
7. О. СҤЛЕЙМЕНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС СҦХБАТЫ»
Мақсаты: Олжас Сүлейменовтің ҿмірі мен шығармашылық қызметін
қарастыру.
Жоспар:
1.
О.Сүлейменов шығармаларының идеялық ерекшеліктері.
2.
О.Сүлейменовтің «АЗ и Я» еңбегіндегі түркі-славян мҽдениетінің ҿзара
байланысы.
Негізгі ҧғымдар: «Аз и Я», түркі, славян, Дала, Русь.
1. Олжас Сүлейменов - ақын, ғалым жҽне қоғам қайраткері. Оның қазақ
ҽдебиеті, тарихы, мҽдениеті дамуына қосқан үлесі зор. О. Сүлейменовтың
тұңғыш ҿлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 ж. жарық кҿрді. Ақын
шығармашылығының алғашқы кезеңі (1961-1965 жж.) жалынды рухқа толы
болды. Ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият
мҽселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам
табиғатының сырын ашуға, ұлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға
деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтикалық туындылары
қоғамда үлкен резонанс туындатты. «адамға табын, Жер енді» поэмасы (1961)
ғарышкер Ю. Гагариннің ғарышқа ұшу сҽтіне арналған, онда аспан кеңістігін
бағындырған адамзат санасының салтанат құруы марапатталған. 60-
жылдардың орта тұсынан бастап О. Сүлейменов шығармаларында жаңа түр
ізденістері, эпикалық суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы,
сҿз бен мҽн беру, сҿз ҿнері мҽселелерінің түптамырын кҿне дҽуірдегі тарихи
кезеңдерден іздеу мҽселелері орын алды. Осы тұста «Қыш кітап» (1969),
«Кактус», «Ҿлмейтін құмырсқа» поэмалары дүниеге келді.
Жетпісінші жылдардың ортасынан ақын шығармаларындағы басты
тұжырым, негізгі бағыттар дами түсті. Оның поэзиясы бейнелілігімен,
философиялық тереңдігімен, астарлы мазмұнымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің
басты шығармасы- «Кҿгершін кітап» еңбегінде алдыңғы туындыларында бой
кҿрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып,
ҽлемдік мҽдениетпен үйлесімде синтезделді. Мұрағат құжаттарына сүйене
отырып, бірнеше тіл сҿздерінің этимологиялық құрылымына жасалған
талдаулар «Аз и Я» (1975), «Язык письма» (2000), «Тюрки в доистории» (2002)
атты филологиялық зерттеу еңбектерде кҿрініс тапқан [1].
Жалпы алғанда, Олжас Сүлейменов шығармалары шынайы сезім
шаттығымен, ҽсемдігімен жҽне кҿркем образдың айқындығымен, ҿткір
суретімен, кең тынысты ой-ҿрнектерімен, қоғамның саяси-ҽлеуметтік ҿміріне
асқақ дауыспен үн қосумен ерекшеленді. О. Сүлейменов поэзиясында қазақ
62
халқының сан ғасырлық тарихы кҿрініс тапқан, ол - ҿзіндік мҽдениетін,
дҽстүрін сақтаған ұлт ретінде қазақ халқын ҽлемге танытқан суреткер.
2. Олжас Сүлейменовтің 1975 жылы жарық кҿрген еңбегі «Аз и Я» кітабы
Қазақстан мен КСРО-дағы тарихи ойдың дамуындағы жаңа белес болды. Бұл
кітап автордың 1962 жылдан бастау алған, он жылдан астам уақыт славистика
мен тюркологиядағы қажырлы ізденістерінің нҽтижесі болды. Нақты зерттеу
нысаны орыстың орта ғасырлық ұлы жҽдігерлігі «Игорь полкі туралы жырды»
зерттеудің барысында автор кеңестік тарих ғылымында дерек кҿзі ретінде
қағажу қалған тілдік этнографиялық, полеографиялық материалдардың орасан
зор жаңа қайнарларын ашып, Еуразияның орта ғасырлық тарихына қатысты
тың да тосын тұжырымдар жасады. «Аз и Я»-да Ұлы Дала мен ежелгі Киев
Русінің тарихындағы ҿзара тығыз саяси-мҽдени қатынастардың орасан зор рҿлі
кҿрсетіліп, дҽстүрлі тарих ғылымындағы «олар үнемі соғыс жағдайында
болды» тұжырымына қарсы «жоқ, олар үнемі кҿршілік сауда, мҽдени алмасулар
жағдайында болды» деген тұжырым жасалынды.
«Жырдың авторы «Ҿз уақыты мен сословиясының адамы болды, жыр
мҽтіндерінде кҿзге кҿрінбейтін түркі сҿздерін еркін де табиғи қолданып қана
қойған жоқ, сондай-ақ ҿзінің оқырманы түсінбей қалады-ау деп қорықпай,
жанды түркі терминдері мен лексикалық формуларын қолданды. Ол ХІІ
ғасырдың қос тілді оқырманына есептелді, - дейді О. Сүлейменов. Бірнеше
ғасырдан кейін Русьте түркі тілінің маңызы соншалықты ҿзекті
болмағандықтан, ол ұмтылды, «Жырдағы» кҿптеген бҿтен тілдік енулер күрт
байқалмайтын, олар мҽтіндерді керіп тұрды, кҿзге бақырайтып кҿрінді (айта
беретін Чага, ортьма, японщица жҽне т.б. жалпы орыс тіліне кірмеген сҿздер).
ХІІ ғасырда Киев Русінің қалаларындағы тілдік ахуал маған Пушкин мен
Толстой заманындағы жоғарғы орыс сословиясы іс-жүзінде қос тілді болған
ахуалды еске салады» [2].
Сонымен, Олжас Сүлейменов «АЗ и Я» -да «Игорь жасағы туралы
жырды» зерттей келе, ҿзіндік ғылыми тұжырым жасады. Ол «Игорь жасағы
туралы жыр» түркі жҽне славян мҽдениеттерінің ҿзара ықпалы нҽтижесінде
туған шығарма екенін дҽлелдеді. Кеңес идеологтары О.Сүлейменовтің
тұжырымдарын пантюркистік жҽне орыс мҽдениетіне қарсы жазылған
ұлтшылдықтың кҿрінісі деп айыптады. Мұны автордың ҿз сҿзімен айтқанда:
«Кейбір ҿркҿкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: кҿне
орыс ескерткіштеріне басқа ұлт ҿкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың
ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, ҽсіресе славян түркі халықтарының
кҿне мҽдениеті жҽне олардың ҿзара қарым-қатынасы туралы ҽуелгі пікірді
басқа ұлттың ҿкілі емес, тек орыс халқының ҿкілі ғана болатын». Дҽл сол кезде
«АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық
қысым жағдайына түсті. Ал шын мҽнінде Олжас Сүлейменовтің ҿз айтуынша:
«Мен ―Аз и Я‖ кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып
кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жақындасумен,
бауырласумен ҿткенін, халықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін
дҽлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпараттың ең бай қоймасы.
63
Мҽдениеттердің ҿзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз.
Түріктің ―товарищ‖ деген сҿзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс
кезінен ―ура‖ сияқты сҿздер ғана ауысады. ―АЗ и Я‖ кітабының ел назарын
ерекше аударғанының басты себебі – менің ―Игорь жасағы жайындағы жыр-
дың‖ ең алғашқы қостілді оқырманы болғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал
келтірейін. Жырда ―Се уримъ кричатъ подъ саблями половецкыми‖ деген жол
бар. Монолингвист аудармашылар оны ―се у Римъ‖ деп оқыған. Сонда немене,
Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала
іздей бастаған. Одан кейін Мҽскеуді кезінде ―третий Рим‖ деп атағанын еске
түсірген. Одан да болмаған соң Переяслав княздігіндегі Римов деген қаланы
еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның кҿзімен қарасаңыз бҽрі оп-оңай
орнына келе қалады. ―Уримъ‖ – кҽдімгі түркі сҿзі. Ҽйелдің ҿрім шашы.
Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда ҽйелдердің шашын
кескен, сҿйтіп қорлаған [3] . Осылайша, Олжас Сүлейменов «Аз и Я» атты
еңбегінде түркі славян халықтарының арасындағы ежелгі тілдік байланыстарды
ғылыми тұрғыдан дҽлелдеп кҿрсетті.
Жалпы алғанда, О. Сүлейменов түркі жҽне славян тілдерін барынша
тереңнен зерттеу үшін «түркіславистика» деген пҽнді ұсынды. Осы орайда ол
былай деп жазды: «Тюркские и славянские словари и грамматики, если
поместить ихв единое поле зрения, взаимно дополняют друг друга. Должна
появиться новая дисциплина- тюркославистика, которая поможет устранить
противоречения раздельного изучения. И главным ее итогом может стать
усовершенствование общего языкознания, на достижения которого, как на
фундамент, опираются все общественные науки» [4].
Қорытынды: Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я» еңбегі кеңестік кезеңде
еуразияшылдық идеясы мазмұндылығымен жарыққа шыққан санаулы
еңбектердің бірі болды.
Әдістемелік нұсқаулар: О. Сүлейменовтің түркі ҿркениетіне байланысты
жарияланған шығармаларын кешенді түрде қарастыру қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 8 том. Алматы, 2001.- Б.109.
2.
Тастанбек С.Я. О. Сүлейменовтің феномені жҽне оның Қазақстанның
мҽдени ҿміріндегі орны (тарихи талдау). Док. дисс. -Астана. -2010.- 377
б.- Б.169.
3.
Абдрахманов С. Олжас Сүлейменов: Шекспирі жоқ елдің Ньютоны да
болмайды // Егемен Қазақстан, 2010, 11 желтоқсан.
4.
Хакимов Р. Евразия как конфедерация стран и народов // Россия и
мусульманский мир. 2009, №11.- С.18.
64
Тақырып бойынша сұрақтар:
Ӛнімді деңгей:
1. Кеңестік заманда О. Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегін оқуға неге
тыйым салынды?
2. О. Сүлейменовтің Еуразия халқының тарихын зерттеуге арналған
қандай еңбектері бар?
Семинар тақырыбы: «О. Сҥлейменов еңбектеріндегі
еуразияшылдық идеясы»
Мақсаты: О. Сүлейменов ҿмірі мен шығармашылық қызметін жан-
жақты қарастыру.
Сабақ нысаны: ауызша сұрау.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Ӛнімді деңгей:
1.
О. Сүлейменовтің түркі ҿркениетіне қатысты іргелі зерттеулері.
2.
«АЗ и Я» - тарихи, мҽдени жҽне филологиялық мҽнді туынды.
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары:
Шығармашылық деңгей:
1.
О.Сүлейменов шығармашылығы туралы қазіргі кезде БАҚ-та
жарияланған зерттеушілердің мақалаларына салыстырмалы талдау жасаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Сүлейменов О. Глиняная книга.- Алматы, 2011.
2.
Сүлейменов О. АЗ и Я.- Алматы, 2011.
3.
Сүлейменов О. Атамзаманғы түркiлер. (Происх. древнетюркских
языков, письменностей).- Алматы, 2011.
4.
Литература это жизнь. (Сулейменов о литературе и литераторах).-
Алматы, 2011.
5.
Беседы с Олжасом. (2004—2011, сост. Сафар Абдулло).- Алматы,
2011.
6.
Феномен Олжаса. (Статьи, стихи, эссе о Сулейменове, сост. Сафар
Абдулло).- Алматы, 2011.
7.
Толмачев Г. Повесть об Олжасе. - Алматы, 2011.
65
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
Мақсаты: Қазақстандық еуразияшылдық жобаның туындау факторлары
мен
алғышарттарын
айқындау
жҽне
Елбасының
еуразияшылдық
тұжырымдамасының саяси жҽне тарихи қырларын ашып кҿрсету.
Жоспар:
1.ҚР Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың еуразиялық идеясы: мҽні,
қалыптасуы, дамуы.
2.Елбасының еуразиялық жобасы: Астана қаласы жҽне Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Негізгі ҧғымдар: КСРО, ТМД, тәуелсіздік, интеграция.
1. КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде біртұтас саяси-экономикалық
жүйенің бұзылуы, Еуразия кеңістігіндегі посткеңестік елдер үшін ҿзара
ықпалдасудың жаңа үлгісін қажет етті. Сҿйтіп, Кеңес Одағының ыдырауы
Еуразия құрлығында тұтастай ықпалдасу үдерісінің, соның ішінде,
экономикалық интеграцияның қарқын алуына түрткі болды. Алайда, КСРО
құрамында болған республикалар арасында қай салада болсын ықпалдастықты
бұрынғыдай сақтап қалу ҿте қиын болды. Алдымен, бұған, ол мемлекеттердің
геосаяси жағдайлары, сыртқысаясатта ұстанған мүдделері ҽсер етті. Осы
орайда Елбасының: «...бұрынғы одақтастар он жылдап қалыптасқан бірлескен
күш-қуатты сақтап қалудың орнына, біреуі- Батыспен, біреуі Шығыспен ым-
жымдасып, шапағатты шалғайдан күтіп, ашылған араны алшайта түсті» [1], -
деп айтқаны сол кездегі посткеңестік елдер арасындағы ықпалдасу мҽселесінің
қаншалықты күрделі болғандығын дҽл айқындайды. Ҽрине, кҿп жылдар бойы
кеңес үкіметінің «темір бұғауында» болған посткеңестік мемлекеттер үшін
тҽуелсіздік алу аса маңызды болды. Сондықтан, ол елдер, бұрынғы одақтас
республикалар арасында орнатылған ықпалдасу үдерсіне қосылуға аса
асықпады, ҽрі оларға ерекше сақтықпен қарады.
«1994 жылдың ерте кҿктемі... Бұрынғы одақтастардың ҽлеуметтік –
экономикалық дағдарысқа белшеден батқан кезі.
Тҽуелсіз Мемлекеттер Достастығы- жүз шайыспай ажырасу болмаса,
жамырасып қайта табысуға қауқары жетпейтініне кҿзі жете бастады. Оның
талай-талай себептері де бар еді. Интеграция... Бұл ұғым кім-кімнің де шамына
тиді... ол егемендікпен егіз қозыдай табысып кете алады деген ешкімнің де
ойына кірмеді. Ал саяси оқиғалардың қарқыны заманы ҿткен, экономикалық
66
мҽнін жоғалқан керексіздік ғана емес, ақылға ҽбден сыйымды, қай жағынан да
пайдалы керекті қарым-қатынастардың да шат-шҽлекейін шығарып, күйрете
бастады...
Евразия Одағы байыптамасы үстіндегі жұмыс осындай жағдайда басталды.
Алайда мұндай бастаманы тұсіне қою саясаткерлерге, мемлекет басшыларына,
халықтарға оңайға түспеді...Не егемендік, не интеграция – екінің бірі...Мҽселені
бұлай түсінушілік те дүниеге деген ҽлгіндей кҿзқарастан туындап жатқан-ды.
Бұл екі ұғым бірін-бірі толықтырады деген ешкімнің ойында болған жоқ. Екеуі
екі қиян құбылыс саналды» [1, 97], - деп жазды Елбасы «Ғасырлар тоғысында»
деген кітабында. Расымен де, дҽл сол бір аумалы-тҿкпелі, ҿтпелі кезеңде
посткеңестік елдерге ҿз егемендіктерін сақтай отырып, интеграциялық
ұйымдарға мүше болу мүлде алдамшы жағдай ретінде кҿрінді. Міне, осындай
«...бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі пиғыл»: бір жағынан – ұлттық
мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан - ұлттық - ТМД елдерін одан
ҽрі ықпалдастыра түсу» мҽселелері бой кҿрсеткен кезде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ҽ. Назарбаев ТМД кеңістігінде сапалық жаңа
интеграциялық бірлестік – Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құруды
ұсынады.
Елбасы еуразиялық бастама туралы бұл идеясын алдымен 1994 жылы 22
наурызда Ұлыбританияға ресми сапармен барған кезінде «Chatһam House» деп
аталынатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сҿйлеген
сҿзінде, кейіннен, осы айдың 29 жұлдызында Ресей Федерациясына барған
ресми сапары аясында ҿткен М.В. Ломоносов атындағы Мҽскеу мемлекеттік
университетінің академиялық аудиториясымен ҿткен кездесуде тҿрткүл
дүниеге жария етті.
1994 жылы қыркүйек айында Алматыда: «Еуразия кеңістігі: ықпалдастық
мүмкіндіктері жҽне олардың жүзеге асуы» деген тақырыпта ғылыми-
практикалық конференция ҿткізіледі. Оған Достастық елдерінің барлығынан
мемлекет, қоғам, саяси қайраткерлер, ғалымдар, бұқаралық ақпарат ҿкілдері
қатысады. Конференцияға қатысушылар ҿздері қабылдаған құжатта:
«Мемлекеттердің Еуразия Одағы идеясын жҽне басқа ықпалдастық жобаларын
пайдалана отырып, ТМД ықпалдастық мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында
қадамдар жасауды» ұсынды. Демократиялық реформалардың халықаралық
қозғалысы ТМД мемлекеттері басшыларының Мҽскеудегі кездесуінде «Еуразия
Одағы болуы керек» деген үндеу жолдайды. Онда тҽуелсіз мемлекеттердегі 60-
тан астам ұжымдық қатысушылар атынан Қазақстан Президенті Н.
Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттілігі айтылды: «Бүгін ТМД бұл
қалпында ҿмір сүре алмайтыны анықталып отыр. Ынтымақтастықтың жаңа
түрлері, экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық, экологиялық жаңа
шарттар жасасуы қажет». Олардың қызметін бірлескен құрылымдар құру керек.
Ол ғасырлар бойы қоян-қолтық ҿмір сүріп, бір-біріне қолдау кҿрсетіп келе
жатқан халықтарға қажет». Демократиялық реформалардың халықаралық
қозғалысының бастамасымен ұйымдасқан «Жаңа келісімге» атты форум
Еуразия Одағын құруды толығымен қолдайды. Сондай-ақ, 1994 жылдың 18
67
маусымында ҿткен «Еуразия қауымдастығы: ҽр алуандықтан туындайтын
тұтастық» атты конференцияға бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 30 партия мен 60
қоғамдық қозғалыстың ҿкілдері қатысады. Олар халықтарға, парламентшілерге,
мемлекет басшыларына үндеу қабылдап: «Біз Қазақстан Президенті Н.А.
Назарбаев жасақтаған Еуразия Одағы жобасын қолдаймыз жҽне мемлекет
басшыларын оған ҿз халықтары мүддесі тұрғысынан қарауға шақырамыз»,[1,
99, 100]- деп мҽлімдейді.
Елбасы ұсынған Еуразиялық Одақтың негізіне теңдік, бір-бірінің ішкі
істеріне араласпау, егемендігін сыйлау, территориялық біртұтастық пен
мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы сияқты маңызды саяси қағидалар
алынды.
Елбасы ҿзінің еуразиялық жобасы турасында былай дейді: «Менің
еуразиялық идеяға келуім ХХ жҽне ХХІ ғасырдағы нақты тарихи жағдайларға
қарай бҿліп қарастырылып, келесі қағидаларға негізделеді.
«Біріншіден, мҽдени жҽне ҿркениеттік факторлардың маңыздылығын жоққа
шығармай, интеграцияны, ең алдымен, экономикалық прагматизм негізінде
құруды ұсынамын.
Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, нақты экономикалық
мүдделер – интеграциялық процестердің басты қозғаушы күші.
Сондықтан болашақ Еуразиялық одақтың алғашқы негізін қалауда біздің
халқымыздың бірге жемісті дамуының масштабты аймағы – бірыңғай экономи-
калық кеңістік.
Екіншіден, мен ҽрқашан интеграцияның еркін жүргізілуінің жақтаушысы
болып қала беремін. Ҽр мемлекет пен қоғам жаһандану ҽлемінде ұдайы ҿз
шекарасында тоңтеріс отыра берудің мҽнісі жоқ деген түсінікке ҿздігінен келуі
керек.
Ҿз жұрты мен елінің мүддесі тұрғысындағы ерікті интеграция – гүлденудің
ең қысқа жолы.
Үшіншіден, Еуразиялық одақты мен басынан-ақ теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне
араласпау, егемендікті құрметтеу жҽне мемлекеттік шекараға қол сұқпау секілді
қағидаларға негізделген мемлекеттердің бірлестігі ретінде елестетемін.
Тӛртіншіден, ҽр мүше-мемлекеттің мүдделерін есепке алатын, нақты ҽрі
шынайы құзыры бар пҽтуаның негізінде жұмыс істейтін Еуразиялық одақтың
ұлттықтан жоғары органын құруды ұсынамын. Бірақ бұл ешқандай жағдайда
саяси егемендікті ҿткізіп беру дегенді білдірмейді. Бұл – аксиома. Интеграция
бойынша ҽріптестердің теңдігі негізге алынған Еуропалық одақты құрудың
жемісті тҽжірибесі осындай болатын.
Барлық осы алғышарттар ТМД-ның барлық мемлекет басшысына жолдаған
ұсынысымның құжатында жекелей талданған.
Сол кезде мен посткеңестік елдердің барлық жұртшылығынан еуразиялық
бастамаға қатысты кҿптеген оң пікірлерге ие болдым. Бірақ оны саясаткерлер
талқылауға дайын болмай шықты.
Мүмкін, бұл заңдылық та шығар. Кҿптен күткен тҽуелсіздікке қол жеткізіп,
оған шаттанып, масайрау лҽззаты сол кездегі ТМД мемлекеттері басшыларын
68
еуразиялық интеграция идеясының ұзақ мерзімді потенциалын байқауға
мүмкіндік бермеген секілді. Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық
процестер үшін үлкен серпіліс болғанын байқау мүмкін емес. Кейінгі жылдары
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық
қауымдастық, Қазақстан, Беларусь жҽне Ресейдің Кеден одағы секілді жемісті
мемлекетаралық құрылымдарды құруда кезеңмен ол ҿмірімізге ене бастады»
[2].
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда экономикалық интеграция жаңа, мейлінше
тұрақты да ҽділетті ҽлемдік тҽртіпті қалыптастырудың басты құралы болып
отыр. Терең иірімді ҿзгерістер, түбегейлі ҿзгеріп бара жатқан бүгінгі дүние
«білім экономикасына» кҿшуге, озық технологияларды ендіру мен таратуға,
инновациялық дамудың ҽлеуеттерін тиімді пайдалануға жаңаша ғажайып
мүмкіндіктер тудыруда.
Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды
құру кҿп ретте Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату
кҿршілестік жҽне ҿзара сыйластық дҽстүрлеріне негізделген[3].
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ. Назарбаев 1994 жылы 6
шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында тҽуелсіз Қазақстан
астанасын Алматыдан Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсыныс жасап, оны
кҿшірудің басты себептерін толық негіздеп береді. Ҿз сҿзінде Мемлекет
басшысы депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 ҿлшем бойынша жүргізілгенін
айта келе, «астананың ауысуын, тҽуелсіз мемлекеттің жоғары мүдделері қажет
етеді», -деп қорытындылайды.
Астананы кҿшіру мҽселесі халық қалаулылары тарапынан қолдау табады.
1997 жылғы 20 қазанда Президент Жарлығымен 1997 жылдың 10
желтоқсанынан Ақмола қаласы республика астанасы болып жарияланады.
Елбасы астананы кҿшірудің мҽнісін: «Астананы кҿшіру Қазақстанды
жаңа тҽуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рҿл атқаратынына мен сенімді
болдым.
Біріншіден, астананы кҿшіруді біз ҽуел бастан геосаяси тұрғыда
Қазақстанды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қарағанбыз. Сҿйтіп біз
ҿзіміздің бейбітшіл сыртқы саясатымыздың сан-салалы бағыттылығын
қуаттадық.
Осы ҽрекетімен Қазақстан Солтүстік жҽне Оңтүстікпен, Шығыспен жҽне
Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті.
Бұл еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы орта тұс жағдайының
артықшылығын барынша нығайтуға мүмкіндік берді.
Екіншіден, біздің таңдауымызда қауіпсіздік мҽселесі маңызды орын алды.
Бұл тұрғыда тҽуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шекаралардан алыстау
жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман тұруы тиіс-ті.
Оның үстіне бірқатар сарапшылардың сол кездің ҿзінде-ақ болжап
айтқан, Орталық Азия ҿңірінде шиеленіс күшейе түсуі мүмкіндігін де назарға
алуға тиіс болдық.
69
Сондықтан мемлекеттік жоғарғы басқару органдары қызметінің
қауіпсіздігін, аймақтағы ахуалдың шиеленісуі мүмкін болған жағдайда олардың
жұмысының тиімділігін де қамтамасыз ету маңызды еді. Бұл қаупіміздің
негізсіз еместігін кейбір ҿңірдегі кейінгі оқиғалар кҿрсетіп берді.
Үшіншіден, астананы ауыстыру Қазақстанның экономикасын одан ҽрі
дамыту тұрғысынан да тиімді еді.
Осының арқасында халық пен ҿндіргіш күштердің республика аумағы
бойынша біржақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік жҽне орталық
ҿңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, ғылымдандырылған ҿндірістерді, озық
ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, ҽрі ҿңдеуші ауыл ҿнеркҽсібінің
кең желісін қауырт ҿркендету іс жүзінде мүмкін болады. Ҿз кезегінде бұл
Қазақстанның ҿнеркҽсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалануға жҽне жұмыспен мейлінше толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік
бермек-ті.
Тӛртіншіден, бұл шешім елде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді
нығайту тұрғысынан даусыз артықшылықтар ҽкелген қадам болды. Астананы
ҿз халқының құрамы жҿнінен кҿп ұлтты ҿңірге кҿшіру кҿп этникалық мемлекет
құруға, Қазақстанда тұратын тұратын барлық этникалық топ арасында достық
пен ынтымақты сақтау мен еселеуге деген бағыттың ҿзгермейтіндігін айқын
кҿрсетпек-ті.
Мен парламент мінбесінен депутаттарды Қазақстан жаңа астана кейпінде
жаңа қоғамдық-саяси ғана емес, уақыт ҿте келе Қазақстанның ірі ғылыми,
мҽдени жҽне іскерлік орталығына да қол жеткізе алатындығына сендірдім» [4],
- деп ашып кҿрсетті.
Тҽуелсіз Қазақстан үшін жаңа серпіліс ҽкелген осындай тарихи маңызды
іске бүкіл елді бір адамдай жұмылдырып, шетелдің озық тҽжірбиелерін тиімді
пайдалану арқылы жаңа Елорданың ҽрбір маңызды құрылыстарының тек кене
астаналық леб есетіндей ерекше құрылыстардың салынуына Президенттің
үлкен ынта-ықыласпен қарағаны белгілі.
Астана қаласының серпінді дамуында Елбасының Ақмолада арнайы
экономикалық аймақ құру туралы 1996 жылғы 9 қазандағы, сондай-ақ, 2001
жылғы 29 маусымдағы «Астана-жаңа қала» атты арнайы экономикалық
аймағын құру туралы» Жарлықтары маңызды рҿл атқарды.
Қазіргі кезде Елордамыз ҽлем үшін халықаралық маңызы бар кҿптеген
саяси-экономикалық іс-шаралар ҿткізілетін жаңа бір саяси орталыққа айналды.
Сондай-ақ, ТМД жҽне Орталық Азия мемлекеттері қатысуымен ҿткізілетін
үлкен басқосулардың тұрақты орнына, бүкіл дүниежүзіндегі мҽдениет пен
діндердің келісім табуына себепкер болып отырған ҽлемдегі ең бейбітсүйгіш
мемлекет астанасы есебінде саналады.
2003, 2006, 2009, 2012 жылдары Астана қаласында Ҽлемдік жҽне дҽстүрлі
діндер кҿшбасшыларының съездері ҿткізілді. Бұл съездер қазіргі кезде
дүниежүзінде болып жатқан қанды соғыстардың себебіне айналған
конфессияаралық қайшылықтарды шешуде елеулі рҿл атқарғандығы еш даусыз.
70
Ҽрине Қазақстанның астанасы туралы сҿз қозғалғанда, Астана қаласының
басты белгісіне айналған биіктігі 105 метрді құрайтын «Бҽйтерек» монументіне
жеке тоқталмасқа болмайды. Бұл композицияның негізгі ұстап тұратын бҿлігі
алып ағаштың діңін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бҿлігіндегі үлкен
шар – аспан. «Астана – Бҽйтерек» ҿзінің жалпы мағынасында негізгі үш
философиялық ұғымды: жер, ҿмір жҽне аспан ұғымдарын білдіреді. Қазақстан
мен оның астанасы үшін «Бҽйтерек», мҽселен, Мҽскеудегі Қызыл Алаң немесе
Нью-Йорктегі Бостандық ескерткіші секілді нысан. Бұл монументтік құрылыс
бір ҿзінде философиялық, саяси жҽне тарихи ойды тұтас біріктіріп жинақтаған.
Сонымен қатар, Астананың ажарын жарқырата түскен Бейбітшілік жҽне
келісім сарайы мен 2008 жылы 16 желтоқсан тҽуелсіздік мерекесі күні тұсау
кесері жасалынған Тҽуелсіздік сарайлары да қазіргі кездегі ерекше сҽулеттік
ҿнер туындылары болып табылады.
Астанада жаңа медициналық жҽне ойын-сауық орталықтары да халыққа
қызмет кҿрсетуде. Мҽселен, жаңа технолиялық құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілген Ана мен бала орталығы, Балалардың сауықтыру орталығы,
Диагностикалық жҽне Нейрохирургия орталықтары, сонымен қатар, «Думан»
ойын-сауық орталығы жҽне бірнеше спорт-сауықтыру кешендері жұмыс
істейді. Бұл кҿрсеткіштер Астана үнемі, үздіксіз дамып отыратындығының шын
айғағы.
Астана қаласының жалпы аумағы республиканың 0,03 % алаңын, яғни
710, 2 шаршы шақырымды құрайды. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар
2011). Жалпы, Елорда халқының саны 2015 жылға қарай миллион адамға жетуі
күтілуде.
Астана ҿмір сүріп, жұмыс істеу барған сайын қолайлы, ыңғайлы болып
бара жатқан мегаполиске айналуда.
Зияткер ұлт қалыптастыруға қажетті ең басты жағдай, бұл елде ҽртүрлі
салалы жоғары оқу орындарының болуы. Ҽсіресе, ҽлемдік деңгейге сай оқу
орындарын ашу. Қазіргі кезде жаңа Елордада бірнеше жоғары оқу орны қызмет
жасайды. Мҽселен, Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті, Қазақ ұлттық ҿнер университеті, Астана медицина
университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті, Қаржы академиясы, М.В. Ломоносов
атындағы Мҽскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы, Еуразия
гуманитарлық институты, Қазақстан-Ресей университеті, Қазақ экономика,
қаржы жҽне халықаралық сауда университеті жҽне т.б.
Еліміздің жаңа астанасында ең алғашқы болып тікелей Елбасы
бастамасымен ашылған халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны, ол-
Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы
бастамасымен құрылды. 2001 жылдың 29 маусымындағы «Жекелеген
мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысына сҽйкес университетке Л.Н. Гумилев
71
атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
2001 жылғы 5 шілдедегі
жарлығымен университетке «ұлттық жҽне жалпыадамдық құндылық, ғылым
мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кҽсіби
қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мҽртебесі берілді.
Еуразиялық үлгіде құрылған ұлттық білім ордасына байланысты: «Мен
тұрақты түрде Еуразия университетіне назар аударып жүрмін, бұдан ҽрі қарай
да солай болады. Университет студенттері Сіздерден жоғары деңгейдегі маман
болу үшін, Отанымыз Қазақстан Республикасына еңбек ету үшін табанды оқу
талап етіледі»[5],- деп Елбасы оқу-білім мҽселесінің бүкіл ел үшін
маңыздылығын баса айтты.
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ республиканы дамытудағы басым
бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, жаратылыстану жҽне гуманитарлық
ғылымдар, құрылыс, техника мен технологиялар, кҽсiпкерлiк жҽне құқық
саласында бейімделген жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау
бойынша Қазақстанның бастаушы университетi болып табылады.
Бүгінде ЕҰУ-де 12 бейінді факультет жұмыс істейді. Сондай-ақ,
университет құрамында жаратылыстану-техникалық жҽне ҽлеуметтік-
гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 35 ғылыми бҿлімше жүзеге
асырылады [6].
Қазіргі кезде Елордада сан салалы оқу орындарының қызмет жасауы, ХХ
ғасыр басында зияткер ұлт қалыптастырудың сара жолын салған алаш
зиялыларының арман еткен Қараҿткелдегі астананың бүкіл Алаштың
зияткерлік ордасына айналғандығын кҿрсетеді.
Елбасы Астана қаласының тҽуелсіз Қазақстанның басты тірегіне
айналғаны турасында: «Сарыарқаның тҿсінде жай ғана астана емес, еліміздің
болашақ бесігі дүниеге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры
бір-бірімен байланысты. Егер біздің тарихымызда Астана болмағанда,
Қазақстан бүгінгідей жетістікке жетпес еді. Тҽуелсіздік Астананы тудырды, ҿз
кезегінде, Астана біздің Тҽуелсіздігімізді бекітіп, дамытуда» [7] , -деп айтты.
Шынымен де, мемлекетіміздің жаңа Елордасы Еуразияның дҽл
орталығында тігілуі, бүкіл қазақ халқының мерейін ҿсіріп, ұлттық рухымыздың
биік те асқақ екендігін бүкіл ҽлемге айқын танытты. Бүгінгі күні посткеңестік
мемлекеттер ішінде Қазақстанның ілгеріге озып, қуатты мемлекеттер қатарына
қосылуының да басты себебі осында.
Ата-бабамыздың: «Жұмыла кҿтерген жүк жеңіл» деп айтқан дана сҿзі
бар. Астананың күннен-күнге кҿркейіп, серпінді ҿсуі бүкіл қазақстандықтардың
ересен еңбегінің жемісі.
Қорыта айтқанда, тҽуелсіз Қазақстанның жаңа Елордасы- Астана қаласы
бүгінгі күні қазақ топырағында бой кҿтерген Шығыс ҿркениетінің заманауи
үлгісі деп еш мүдірместен мҽлімдеуге болады.
Елбасымыз Н.Назарбаев Елорданы Астанаға кҿшіру бастамасымен
миллиондардың тарихи миссиясына арна ашты, жаңа Астана озық идеялар мен
нақты істердің ұйытқысына айналды. Астана – ұлттық тарихымыздың айбары
72
һҽм мақтанышы. Ендеше, осы бақ-дҽулет кемел ұлттық идеямен кҿмкеріліп,
ұзағынан болғанын тілейік [8].
Қорытынды: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың
еуразиялық идеясы алдымен ұлттық, одан аймақтық, содан соң бүкіл ҽлемдік
деңгейлі ықпалдастық үдерістің бастамасы болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырыпты Елбасының еңбектерін
басшылыққа ала отырып қарастырған жҿн.
Достарыңызбен бөлісу: |