Әдебиеттер тізмі:
1.
Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырлар тоғысында. –Алматы: «Ҿнер», 1996.-272 б.
2.
Назарбаев Н. Қазақст
ан Республикасының Президенті: Еуразиялық одақ:
идеядан – болашақтың тарихына // Алаш айнасы, 2011, 27 қазан.
3.
Мансұров Т. Қазақстан жҽне еуразиялық интеграция // Егемен Қазақстан.
2011 жылғы 6 желтоқсан.
4.
Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.- Алматы: «Атамұра», 2005.-192 б.-Б.20.
5.
Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы 9 сҽуірде ЕҰУ-дің оқу-зертханалық
ғимаратының ашылу сҽтінде сҿйлеген сҿзінен //
www.enu.kz.
6.
www. enu.kz
7.
Егемен Қазақстан. 6 шілде 2008 ж.
8.
Ҽбжанов Х.М. Алаштың астанасы жҽне ұлттық идея //Ҽлем
қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мҽдениет жҽне Алаш мұраты.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.- Алматы,
2008.- Б.76.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н. Ҽ. Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы.- Алматы, 1997.
2.
Назарбаев Н.Ҽ. Тарих толқынында.- Алматы, 1999.
3.
Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырлар тоғысында.- Алматы, 2003.
4.
Назарбаев Н.Ҽ. Сындарлы он жыл.- Алматы, 2003.
5.
Назарбаев Н.Ҽ. Қазақстандық жол.- Алматы, 2007.
6.
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идеи, практика, перспективы 1994-
1997.-
Москва: Фонд содействия развитию социальных и
политических наук, 1997.- 480 с.
7.
Іңкҽрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мҽдени
құбылыс жҽне интеграциялық тҽсіл ретінде // Саясат, 2000, ақпан-
наурыз.- Б.52-53.
73
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.
Қазақстандық еуразияшылдық идеясының бастамасы қашан жҽне қайда
басталды?
2.
ҚР Президенті Н.Ҽ. Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграцияның мҽні
қандай?
3.
Посткеңестік
кезеңде
еуразияшылдық
идеяның
мҽнісі
қандай
қағидаттарға негізделді?
4.
Қазақстандық еуразияшылдық идеясы туралы Елбасының қандай
еңбектерінде кҿрініс тапқан?
5.
«Еуропаға жол» бағдарламасы қашан қабылданды жҽне оның мақсаты
қандай?
Семинар тақырыбы: «ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
еуразияшылдық бастамаларының рӛлі»
Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың еуразияшылдық
жобасының теориялық жҽне практикалық мҽнісін ашып кҿрсету.
Сабақ нысаны: ауызша сұрау.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Ӛнімді деңгей:
1. Еуразияшылдық идеясының қазақстандық жобасы қалыптасуынының басты
кезеңдері.
2. ҚР Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы: дамуы жҽне
болашағы.
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары:
1.
А. Дугиннің «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық миссиясы» (2005)
атты монографиясына талдау жасау жҽне аннотация жазу.
2.
«Еуразияшылдықтың басты даму бағыттары жҽне Еуразиялық Одақ»
деген тақырыпта эссе жазу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А. Евразийское пространство: интеграционный потенциал //
Евразийский союз. Идеи, практика, перспективы: 1994-1997.- Москва, 1997.
2.Назарбаев Н.А. О формировании Евразийского союза государств–
евразийство: от идеи к практике.- Астана, 2004.
3. Назарбаев Н. А. В нашей дружбе нет никаких секретов // Российская газета,
2010, 2 ноября.
74
9. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДАСУ:
ӚТКЕНІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі еуразиялық ықпалдасу үрдісі барысын,
нҽтижесі мен маңызын Қазақстан Республикасы тҽжірбиесі негізінде қарастыру
арқылы саралау.
Жоспар:
1.ТМД елдерінің еуразиялық ықпалдасу үрдісі: ҰҚШҰ, ШЫҰ, АҾСШК,
ЕурАзЭҚ.
2. Қазіргі кездегі Н.Назарбаевтың «Еуразиялық доктринасы»: мҽні мен маңызы.
Негізгі ҧғымдар: ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӚСШК, ЕурАзЭҚ.
1. Қазіргі кездегі ҽлемдік даму үрдісі жаһанданумен тікелей байланысты.
Жаһандану кез-келген мемлекеттің саясатына, экономикасына, мҽдениетіне,
ҽлеуметтік-рухани жағдайына да ҽсер етіп отыр. Ҽсіресе, бұл үрдіс ТМД
елдерінің даму жағдайына ықпал етіп отырғаны айқын. Осы орайда бұрынғы
одақтас республикалар арасында қалыптасқан ықпалдастық үрдісіне ерекше
тоқталу қажет. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттер арасындағы
жан-жақты қарым-қатынас үрдісі еуразиялық ықпалдасу бағытында қалыптасып,
дамыды. Дегенмен, Украина, Грузия, Молдова еуразиялық ықпалдасудан гҿрі
еуропалық векторға кҿп кҿңіл бҿледі. Беларусь болса, посткеңестік республикалар
арасында болып жатқан ықпалдасу үрдісінің ең белсенді қатысушы-мемлекеті
болып табылады. Ол ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ қатарындағы елдердің бірі. Ал,
Ҿзбекстан мен Түрікменстан сияқты Орта Азия елдері еуразиялық кеңістіктегі
ықпалдасу үрдісіне арласулары Беларусь Республикасындай емес. Бұған аталған
мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұстанатын бағыттарының ҿзгешелігі ҽсер
етті. Еуразиялық жобаға Қырғызстан мен Тҽжікстан тарапынан қолдау кҿрсетілді.
Кейбір посткеңестік елдер ҽлі де еуразиялық ықпалдасуға онша назар қоймай
келеді. Мҽселен, Армения мен Ҽзірбайжан осындай «күту» жағдайындағы
мемлекеттер.
ТМД елдерінің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды
қадамы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын (ҰҚШҰ) құру болды. Бұл
ұйым 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жҽне ҽскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында
құрылды.Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15
мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті:
Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тҽжікстан, Ҿзбекстан қол қойды.
75
Кейіннен Беларусь қосылды. Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік
кеңесі. Сонымен бірге, ҿкілетті ҿкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер
министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық
комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.
Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның
маңызы зор.
Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да
ықпалдастыққа ұмтылуда. Ҽсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын
орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нҽтижелерімен ерекшеленеді. Олар:
аумақтық мҽселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; ҽскери
саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс
орнату; экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы нақты жобалар.
1996 жылы 26 сҽуірде Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай,
Қырғызстан, Тҽжікстан «Шекара аймағында ҽскери салада сенімді бекіту туралы
келісім шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) негізін
қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы
саммитте «Шанхай бестігіне» Ҿзбекстанның қабылдануымен Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының құру туралы» Декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік,
сепаратизм жҽне экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп
аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды.
Азиядағы ҿзара іс-қимыл жҽне сенім шаралары кеңесін (бұдан ҽрі-
АҾСШК) құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ҽ. Назарбаев 1992 жылы 5
қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның
негізгі мақсаты- Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты
қамтамасыз етуге қатысты кҿп жақты қарым-қатынастарды орнату жҽне осы
мҽселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.
І Саммитте екі маңызды құжатқа: Алматы актісі мен АҾСШК Терроризмді
жою жҽне ҿркениеттер арасындағы диалогқа қолдау кҿрсету туралы Декларацияға
қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АҾСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен
қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.
2004 жылы қазан айындағы АҾСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде Сенім
шаралар каталогы қабылданды. Бұл ҽскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық
жҽне басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АҾСШК-ке мүше
мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің
1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5
қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АҾСШК аймақтық жҽне жаһандық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.
ШЫҰ мен АҾСШК тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-
бірі қайталамайды, ҽрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы
қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық
ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне
негізделген бірлестік болса, АҾСШК ҿзекті де ҿткір мҽселелерді еркін талқылауға
76
жҽне оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады.
ШЫҰ мен АҾСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық
қатынастардағы маңызды фактор ретінде танылып отыр.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан ҽрі- ЕурАзЭҚ) - 2000 жылғы
10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік
Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы
шартқа сҽйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында
(Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде ҿткен Қазақстан, Ҿзбекстан жҽне
Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық
кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.
ЕурАзЭҚ – бұл ҽлемдегі (құрлықтың 15 пайызын құрайтын) үлкен
территорияға орналасқан, мол минералдық-шикізаттық қорға ие жҽне
айтарлықтай экономикалық ҽлеуеті бар (181 миллиондай тұтынушы тұратын)
аймақтық ірі рынок. ТМД Статистикалық комитетінің есебінше, оның ҽлемдік
ІЖҾ-дегі үлесі 2010 жылы 4,4 пайызды құрады. Қоғамдастық елдерінде ҽлемдегі
барланған мұнай қорының 8,5 пайызы, табиғи газдың 25 пайызы, кҿмірдің 22
пайызы, тұщы су мен орман алқабының 20 пайыздан астамы орналасқан.
ЕурАзЭҚ – ҿзара экономикалық іс-қимылды дамыту мақсатында
құрылған халықаралық Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті құру
үдерістерін тиімді ілгерілету, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ҽлемдік
экономика мен халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану барысындағы іс-
қимылын
үйлестіру,
экономикалық
жҽне
гуманитарлық
салаларда
интеграцияны тереңдетуге байланысты басқа да мҽселелерді жүзеге асыру
жатады.
Бұл халықаралық экономикалық ұйымға қазіргі кезде бес мемлекет мүше.
Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тҽжікстан. Ҿзбекстан
ЕурАзЭҚ-қа 2006 жылы мүше болып енеді, алайда, 2008 жылы қазан айында
ЕурАзЭҚ құрамынан шыққан.
2007 жылғы қазанда Беларусь, Қазақстан жҽне Ресей мемлекеттері
басшыларының Кеден одағын құру жҿніндегі шешімі де маңызды кезең болды.
2010 жылдың 1 қаңтарынан Ортақ кедендік тариф пен Ортақ тарифтік жҽне
тарифтік емес реттеу ережелерін енгізу арқылы Кеден одағы жұмыс істей
бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан жҽне Беларусьтің ішкі
шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің
барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы
ҽлемдік ҿлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф жҽне
Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан
жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.
Қазақстан, Ресей жҽне Беларусь арасында интеграцияны тереңдетудің
келесі сатысы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған ЕурАзЭҚ
«үштігінің» аясындағы Біртұтас экономикалық кеңістік (бұдан ҽрі- БЭК) болды.
Мұнда нарық қағидаттарына негізделген экономиканы реттеудің біртипті
механизмін қалыптастыру, салық жҽне ақша-кредиттік, валюта-қаржылық
77
саясатты реттеу, тауарлар мен қызмет кҿрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің
еркін қозғалысын қамтамасыз ету, тағы басқалар қарастырылған.
Соңғы жылдары ЕурАзЭҚ-тың құқықтық базасы да нығая түсті. Мҽселен,
2012 жылдың қаңтарында халықаралық шарттарға негіз қалайтын БЭК-тің
шарт-құқықтық базасы қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ 2012 жылдың 2
ақпанында Кеден одағы мен БЭК-тің қызметін реттейтін орган – Еуразиялық
экономикалық комиссиясы туралы шарт күшіне енді.
ЕурАзЭҚ-тың міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыратын арнайы құ-
рылымдары бар. Атап кҿрсеткенде, алғашқысы- Мемлекетаралық кеңес (МК).
Бұл – ЕурАзЭҚ-тың жоғары органы. МК Кеден одағы мен БЭК «үштігінің»
жоғары органы болып табылады. ЕурАзЭҚ-тың тұрақты қызмет ететін органы –
Интеграциялық комитет. Оның құрамына ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер
үкіметтері басшыларының орынбасарлары енген. Комитет Алматы мен Мҽскеу
қалаларында орналасқан.
Ұйымның келесі бір құрылымы – Еуразиялық экономикалық комиссия.
Ол бұған дейін қызмет етіп келген Кеден одағы комиссиясын алмастырып
отыр. ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты ҿкілдер комиссиясы болса, Интеграциялық
комитет отырыстары аралығы кезеңінде ЕурАзЭҚ-тың ағымдағы жұмыстарын
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жҽне
ЕурАзЭҚ соты да жұмыс істеп келеді. Парламентаралық Ассамблеясы Ұйымға
қатысушы елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты үйлестіреді.
Ал ЕурАзЭҚ соты Ұйым аясындағы дауларды шешетін мамандандырылған
ҿңірлік орган болып табылады. Бұл құрылым ҿзінің жұмысын 2012 жылдың 1
қаңтарынан бастады.
2012 жылы 19 наурызда Мҽскеуде Еуразиялық экономикалық
қоғамдастық
Мемлекетаралық
кеңесінің
жҽне
Еуразиялық
Жоғары
экономикалық кеңесінің Мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы ҿтті.Бұл
отырысқа ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер Президенттері жҽне байқаушы
мҽртебесін алған елдер – Армения, Украина, Молдова Президенттері қатысты.
Отырыс қорытындысында үш құжатқа қол қойылды. Олар: «Еуразиялық
экономикалық қоғамдастықты қайта құрылымдау туралы шарт жобасының
жұмыс барысы туралы» Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің шешімі,
Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын бастау туралы ЕЖЭК
шешімі жҽне «Кеден одағына мүше мемлекеттерде паспорттық-визалық бақы-
лауды оңтайландыру туралы» ЕЖЭК шешімі. Бұл отырыста, сондай-ақ, 2015
жылға қарай ЕурАзЭҚ Еуразиялық экономикалық одаққа айналатыны туралы
мҽселе кҿтеріліп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ҽ. Назарбаевтың:
«Қазақстан «ҽлемдік оқиғалардың кҿш соңында қалып қоймайды», керісінше,
Қазақстан «Еуразияның бел ортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың –
Қытай, Ресей жҽне Мұсылман ҽлемдерінің арасындағы экономикалық жҽне
мҽдени байланыстарға дҽнекершілік рҿлді атқарады». «Біз – еуразиялық елміз,
ҿзіміздің тарихымыз, ҿзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз
басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол ҽртүрлі ҿркениеттердің жетістіктерін
78
бойына сіңіреді», - деп айтқаны, қазіргі кезде Қазақстанның Шығыс пен Батыс
арасындағы диалогты жҽне ҿзаратүсiнiстiктi жаһандық деңгейде нығайтуда зор
үлес қосуының мҽнін нақты айқындап кҿрсетеді. Бүгінде халықаралық
қоғамдастық біздің елімізді жаһандық үрдістерге беделді де ықпалды қатысушы
ретінде танып білді.
2. Елбасының: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық,
мемлекетаралық мҽселелер мен қайшылықтарды ҿркениетті түрде шешуді
ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тҽуелсіздігі мен этникалық
біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мҽнінде
еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы жҽне ҿркениетті формуласы»
дегені бар. Бұл Елбасының еуразиялық доктринасының стратегиялық мазмұнды
екендігін айғақтайды. Шынымен, қазіргі кезде «жаңа қазақстандық еуразиялық
идея бұрыңғыдай Батысқа қарсы емес, қайта Еуропамен бірге, қоян-колтық,
мемлекетаралық жҽне аймақаралық ҿзара ынтымақтастық пен ықпалдастықта
болуды кҿздеді. Егер де бұрыңғы «Еуразияшылдық» қоғамдық ой дҽрежесінде
қалып қойса, Н. Назарбаев оны жаңа дҽуірдің жасампаз Доктринасы дҽрежесіне
кҿтерді» [1].
Елбасы 2011 жылдың қазан айының 27-сінде «Егемен Қазақстан»
газетінде жарияланған «Еуразиялық Одақ: Идеядан болашақтың тарихына»
атты мақаласында еуразия идеясын ХХІ ғ. контексінде жаңаша саралай
отырып, еуразиялық ықпалдасу бойынша болашақта жүзеге асырылатын нақты
жоспарларды атап кҿрсетті. Мҽселен, Елбасы онда Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» халықаралық кҿлік дҽлізі жобасы жүзеге асырылып жатқанын
келешекте осы маршрут бойына Еуропа жҽне Қытай рыноктарына тауарлар
жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи
кҿліктік-логистикалық жүйе түзілетінін айтады. Сонымен бірге, осы арада
трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құру, «еуразо-оптимистер» мен
«еуразо-скептиктер»-дің еркін пікір алмасуына мүмкіндік беретін мінбер орны -
Еуразиялық Ассамблея құру, еуразиялық интеграцияның халықтық вертикалін
нығайту мақсатында ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесінің арқауында Астанада
Ҿнеркҽсіпшілер мен кҽсіпкерлердің еуразиялық конгресін, Кеден одағы
елдерінің шеңберінде Еуразиялық сауда-ҿндірістік палатасын жҽне «Еуразия-
24» тҽуліктік жаңалықтар арнасын құру туралы мҽселелер де кҿтеріледі.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық кеңістіктің атқарушы
органдарын Еуразия субматеригінің географиялық кіндігінде тұрған Астана
қаласында орналастыруды ұсынады. Елбасы мұның себебін, Қазақстан үшін
бұл айтарлықтай жүктеме, ҽрі ол Еуразия интеграциясы идеясының
бастамашысы
ретінде
Қазақстанға
ҽділетті
ризашылықтың
кҿрінісі
болатынымен түсіндіреді.
Елбасы аталған мақалада қазіргі уақытта Еуразиялық Одақ құру
мҽселесінде жиі кҿлденең тартылып жүрген маңызды мҽселеге ден қояды. Ол-
Еуразиялық Одақты КСРО-ның қайта қалпына келтірілуі деп ұғыну. Елбасы
осы орайда былайша жауап береді: «Біз Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде
79
қарастырамыз. Оны кең ауқымды кҿлемде, мысалы, Еуроодақпен, басқа да
бірлестіктермен ҿзара іс-қимылсыз елестетуге болмайды.
КСРО-ны ешқандай да «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» жоқ
жҽне болмайды да. Бұл тек ҿткеннің фантомдары, жорамалдары мен саудаға
салулар. Жҽне мұнда біздің Ресей, Беларусь жҽне басқа елдермен
кҿзқарастарымыз толықтай сҽйкеседі.
Қазіргі таңда «одақ» жҽне «империя басқыншылығы» дейтін дүрлікпелі
сҿздерден үрейленуді еңсеру керек. Бұл туралы В. Путиннің «Известиядағы»
ҿзінің мақаласында жазғаны маңызды. НАФТА шеңберіндегі Солтүстік-
атлантикалық интеграция да үш мемлекет – АҚШ, Канада, Мексикадан тұрады.
Бірақ ешкім де АҚШ-тың империялық шамшылдығы туралы сҿз қозғамайды.
Кейбір батыс сарапшылары Еуразиялық одақ Қытай экономикалық
экспансиясы дегеннен қорғану үшін құрылмақшы деп мҽлімдеме жасағанда
асығыстық танытып отыр. Мұндай мҽлімдеменің шындықтан тым алшақ
жатқанын айтуға тиіспін.
Керісінше, ҚХР соңғы екі онжылдық бедерінде Ресей мен Қазақстанның
да, Беларусьтің де стратегиялық ҽріптесі болып табылады. Біз интенсивті саяси
үнқатысу жҽне тығыз экономикалық ынтымақтастық ұстанып келеміз. Біз
сондай-ақ ШЫҰ жҽне АҾСШК шеңберлерінде тығыз іс-қимыл танытудамыз.
Осымен бір мезгілде мен осыдан 17 жыл бұрын айтқан еуразиялық интеграция
қағидаттарына ҽрбір қатысушы елдің ішкі дамудың тұрақтылығы, ұлттық
экономикалық, несие-қаржылық жҽне ҽлеуметтік саясаттың нҽтижелілігі мен
жауапкершілігі мҽселелерін қосу аса маңызды» [2].
Сонымен, еуразиялық доктринаның іс жүзіне асуының қазіргі кезеңде
қалыптасқан бірнеше алғышарттары бар:
- еуропалық қауіпсіздік мҽселесінің іс жүзінде еуразиялық қауіпсіздік
мҽселесіне айналуы. Біз жоғарыда атаған Елбасының мақаласында «бүгінгі
таңда тұрақты еуропалық қауіпсіздікті азиялық қауіпсіздік ҿлшемінсіз алып
қарау принциптік тұрғыдан мүмкін емес» - делінген. Ҿйткені қауіпсіздік -
қазіргі таңда тек үлкен армиясы бар белгілі бір мемлекеттің ҽскери
шапқыншылығын ғана емес, террористік шабуыл мүмкіндіктері мен этникалық
жҽне конфессионалдық ҽр түрліліктен туындайтын бүліншіліктерді де қамтиды.
Мысалы,
Ауғанстандағы
ҽскери-соғыс
операциялары
немесе
оның
экономикасын қалпына келтіруде ЕҚЫҰ-на мүшесі болып табылатын 56
мемлекеттің 43-і тікелей немесе жанама байланыста болды. Мұның ҿзі Орталық
Азиядағы бір мемлекеттің тағдыры Еуропадағы қаншама мемлекеттерге
ықпалын тигізе алатындығын кҿрсетеді.
- жаһандық экономика мен экология мҽселесі. Қазіргі таңда бұл
мҽселелерді ЕҚЫҰ-ның кҿптеген мүшелері Г-8, Г-20, Шанхай
Ынтымақтастығы Ұйымы елдерімен бірге күн тҽртібінің ҿзекті проблемалары
ретінде талқылап келеді. Орталық Азиядағы тұрақтылықтың негізі болып
табылатын іскерлік жҽне қоғамдық топтар арқылы қаржы жҽне экономикалық
құрылымдардың осы аймақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
Еуразиялық қауымдастықты қажет ететіні сҿзсіз. Экологиялық мҽселелерді
80
шешуде Орталық Азия, Еуропа мен ЕҚЫҰ кеңістігіне кіретін елдердің
ресурстарын бірге ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
- Батыс пен Шығыстың арасындағы тұрақтылық мен қауіпсіздіктің кҿпірі
ретінде кҿлік – коммуникациялық потенциалын барынша пайдалану. Қазіргі
таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дҽлізі, Қазақстанның «Еуропаға жол»
бағдарламасы немесе ХХ1-ғасырдың «Жібек жолын» қайта ҿркендету идеялары
да бұл мҽселеге Еуразиялық ұстанымды қажет етеді.
-Ұлтаралық, дінаралық қатынастардың жҽне терроризм мен экстремизмнің
ҽлемдік тұрғыда ҿзекті мҽселеге айналуы. Еуропадағы қалыптасқан
құндылықтар жүйесі мен тез ҿсіп келе жатқан ұлттық диаспоралар арасындағы
қайшылықтар, жасырын еңбек миграциясы,барған елде орналасқан ұлттық
диаспоралар интеграциясы сияқты ҿзекті мҽселелер туындады[1, 2].
Елбасы: «Біз, бірінші кезекте Еуразия кеңістігінде тек ғаламданған
интеграция құрамыз. Бұл, біздің елдер мен халықтардың мүдделеріне қызмет
ете алады. Бұл түпкілікті қираудан қорғайтын жалғыз жол жҽне болуы мүмкін
геосаяси қақтығыстармен ҽлеуметтік-саяси катаклизм үшін жалғыз кепілдік
бола алады» [3], -деп айтқанындай еуразиялық ықпалдасу қазіргі жаһадану
жағдайында аса маңызды болып табылады.
Қорытынды: Аймақтық еуразиялық ықпалдасу, яғни Еуразия
кеңістігіндегі посткеңестік мемлекеттердің ҿзара интеграциялық қауымдастығы
олардың ҽрқайсысының ұлттық егемендігі мен тҽуелсіздігін, тұрақтылығы мен
қауіпсіздігін сақтай отырып, болашақ даму бағытын бағамдауда маңызды рҿл
атқарады.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кездегі еуразиялық үдеріске қатысты
ҽртүрлі салалар (экономика, саясаттану, тарих, философия, мҽдениеттану жҽне
т.б.) бойынша жарияланған зерттеушілердің еңбектерін қолдана отырып, бұл
мҽселені бірнеше қырынан қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |