Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Машулин  А.В.  Древние  славяне  в  отрывках  греко-римских  и 
византийских писателей по 7 в.н.э. // Вестник древней историй, 1941, 
№1; Славяне накануне образования Киевской Руси.- Москва, 1963.  
2.
 
Ноғайбаева  М.С.  Шығыс  славяндар  мен  кҿшпелілердің  мҽдени 
байланыстарының  тарихнамалық  мҽселелері  //  ҚазҰУ  хабаршысы: 
Тарих сер., 2004, №2. – Б.32-34. 
3.
 
Түркі халықтарының тарихы. І том.- Түркістан, 2004.  
4.
 
Бейсенбайұлы Ж. Арғы түрктер ақиқатының ізімен.- Алматы, 2006. 
5.
 
Киселев С.В. Древняя история Южный Сибири. - Москва, 1951. 
6.
 
Ҽбушҽріп  С.  Тас  (жоғарғы-энеолит)  темір  ғасырларындағы 
прототүркілердің  біртұтас  антропо-мҽдени  жҽне  шаруашылық  жүйесі 
// Түркология, 2008, № 1-2. 
 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1.
 
Еуразия материгінде кҿне заманда қандай мемлекеттер ҿмір сүрді? 
2.
 
Еуразия этностарын тілдік ерекшеліктері бойынша бҿліп кҿрсетіңіз. 
 
 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
 
1.
 
Еуразияны 
мекендеген 
халықтардың 
антропологиялық  
ҿзгешеліктері қандай болды? 
 
Семинар тақырыбы: «Еуразия халықтарының  
этникалық ерекшеліктері» 
 
Мақсаты:  Еуразияның  жағрапиялық  жҽне  этникалық  картасы 
ерекшеліктерін талдау. 
 
Сабақ нысаныауызша сұрау. 
 
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 

22 
 
 
1.
 
Еуразия кеңістігінің  жағрапиялық ҿзгешелігі. 
2.
 
Еуразия халықтарының этногенезі.  
3.
 
Еуразия халықтарының тілдік ерекшеліктері. 
 
 
 
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары: 
 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
 
1.«Еуразия халықтары» атты тақырыпта кесте жасау. 
  
2.А.Ш. 
Кадырбаевтың  «За  пределами  Великой  Степи»  жҽне                              
А.И.    Оразбаеваның  «Цивилизация  кочевников  евразийских  степей»  атты 
еңбектерге аннотация жазу. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Есназарова Ұ.А., Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы. 
Ахмет Иасауи университетінің Жҽрдем Қоры Баспасы.- Анкара, 
1999. - 107 б. 
2.
 
Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков. - Алматы, 1995.  
3.
 
Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. - Алматы, 
2002.  
4.
 
Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. – Алматы, 1997. 
5.
 
Каримуллин  А.  Тюрки  и  индейцы  Америки  –  истоки 
происхождения. Изд. дом «Кочевники». - Алматы, 2004.  
6.
 
Оразбаева  А.  И.  Цивилизация  кочевников  евразийских  степей. 
Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. - 310 с. 
7.
 
Оразбаева  А.  И.  Евразийство  в  контексте  теории  цивилизации  // 
Евразийское сообщество, 2004, №1.- С.155-161. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

23 
 
 
 
 
 
3. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӚРКЕНИЕТ: БАТЫС ПЕН ШЫҒЫС 
МӘДЕНИЕТІНІҢ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ МЕН ТОҒЫСУЫ  
 
Мақсаты:  Еуразия  ҿркениетіндегі  Батыс  пен  Шығыс  мҽдениеті 
арасындағы  тарихи  сабақтастықты  кҿшпенділер  жҽне  түркі  мҽдениетін 
қарастыру арқылы  айқындау.   
 
Жоспар: 
1.
 
Кҿшпенділердің ҽлемдік ҿркениет дамуына қосқан үлесі. 
2.
 
Еуразиядағы түркі ҿркениетінің орны. 
 
 
Негізгі  ҧғымдар:  ӛркениет,  мәдениет,  Батыс,  Шығыс,  Ұлы  Дала, 
прототүріктер, номадтар, Тұран, Тәңір. 
 
1.  Еуразиялық  кеңістік  аумағындағы  мҽдени  байланыстардың  бірнеше 
ҿркениеттік-мҽдени  сабақтастықты  сіңірген  ҽрі  бай,  ҽрі  кҿне  тарихы  бар. 
Еуразиядағы  ашық,  ҽрі  байтақ  далалар  аймағы  кҿшпелі  жҽне  отырықшы 
халықтардың  түрлі  мҽдениеттерінің  ҿзара  ықпалдастығы  мен  тоғысуына 
ұйытқы  болды.  Қазақстанның  қазіргі  аумағында  сан  түрлі  тайпалар  мен 
халықтардың жолы түйісіп отырды.  
Ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  заманның  басты  сауда-экономикалық 
күретамырына  айналса,  кҿшпелі-номадтардың  мемлекеттік  құрылымдары 
симбиоздың,  түрлі  мҽдениеттер  мен  діндер  бірлестіктерінің  (одағының) 
үйлесімді үлгілеріне жатады. 
Қазақстан  топырағында  тұрған  тайпалар  мен  халықтар  ҿздерінің  дербес, 
кҿшпелілерге ғана тҽн бірегей мҽдениетін жасады, осы мҽдениет Батыстың да, 
Шығыстың  да  түрлі  мҽдени  дҽстүрлерімен  ҿзара  ықпалдастық  жүргізді. 
Кҿшпелілердің  ҿркениетіне,  басқа  кез  келген  ҿркениет  сияқты,  бірқатар 
ерекшеліктер,  соның  ішінде  мҽдени,  саяси  жҽне  экономикалық  ҿзгешеліктер 
тҽн.  Сонымен  бірге,  номадтардың  жалпыадамзат  ҿркениетіне  қосқан  нақты 
үлесі кҿбіне елене бермейді, бірақ нақ сол кҿшпелілер ҽскер тегін (қару-жарақ, 
ат  ҽбзелдері),  мал  шаруашылығын,  ою-ҿрнек  ҿнерін  дамытуда  нағыз 
революциялық  жаңалықтар  енгізді.  Түркі  мҽдениетінің  кҿптеген  элементтерін 
Еуропаның  да,  сондай-ақ  Азияның  да  егін  шаруашылығымен  айналысатын 
отырықшы халықтарының ҿздеріне сіңіргені таңқаларлық жҽйт емес [1]. 
Еуразия құрлығындағы кҿшпелі ұлы мемлекеттерді прототүріктер құрды. 
Кҿшпелілер  ҿркениетінде  алғашқы  мемлекеттік  құрылымдар  ҽскери 
демократия негізінде құрылды.  
Мыңдаған  жылдар  бойы  кҿшпенділер  техникалық  прогресі  мен 
ҿркениетінің  жоғары  болуы  себепті  Еуразия  құрлығында  билік  етіп,  үстемдік 
жүргізді. Солардың алғашқысы б.з.б. ІІІ ғ. құрылған Ғұн мемлекеті болды.  

24 
 
Ғұн  империясы  кҿп  ұзамай-ақ  Байкал  сыртынан  Тибетке  дейінгі,  Орта 
Азиядан  Хуанхэге  дейінгі  аймақты  басып  алып,  ҿзінің  дүркін-дүркін  баса-
кҿктеп кіріп баратын шабуылымен  ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл 
бойы  қалтыратқан  үрейлі  қорқынышта  ұстады.  Тіптен,  Еділ  бастаған  ғұндар 
Батыс Рим империясын біржолата құлатты [2]. 
Кҿшпенділердің  ҽлемдік  ҿркениетті  дамытудағы  рҿлі  турасында  белгілі 
түркітанушы ғалым Л.Н. Гумилев былай деп жазды: ―Неправильно думать, что 
в  кочевом  обществе  невозможен  технический  прогресс.  Кочевники  вообще,  а 
хунны  в  частности,  изобрели  такие  предметы,  которые  ныне  вошли  в  обиход 
всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как 
штаны,  без  которых  современному  европейцу  невозможно  представить  себе 
мужской  пол,  изобретены  кочевниками  еще  в  глубокой  древности.  Стремя 
впервые  появилось  в  Центральной  Азии  между  200  и  400  гг.  Первая  кочевая 
повозка  на  деревянных  обрубках  сменилась  сначала  коляской  на  высоких 
колесах,  а  потом  вьюком,  что  позволило  кочевникам  форсировать  горные, 
поросшие  лесом  хребты.  Кочевниками  были  изобретены  изогнутая  сабля, 
вытеснившая  тяжелый  прямой  меч.    Усовершенствованный    ими  длинный 
составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта  в 
то  время  считалась  наиболее  совершенным  видом  жилища»  [3].  Міне, 
осылайша  Лев  Гумилев  Шығыс  пен  Батыс  мҽдениеттері  арасындағы  ҿзара 
байланысты, ықпалдасуды нақты айқындайды.  
Ал,  атақты  тарихшы  Дэвид  Николле      кезінде  еуропалықтармен 
«Flagellum  dei  (Бич  Божий)»,  яғни  «Құдайдың  азабы»  деп  қабылдаған  Ғұн 
империясының  патшасы,  шын  мҽнінде,  шапқыншы  емес,  ұлы  қолбасшы  жҽне 
ақылды кҿсем екендігін, ал, ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, 
тҽртіпті болғаны туралы жазды.Ол еуропалықтар соғыс ҿнері мен рыцарлықты 
ғұндардан үйрендігін, салт аттылық пен киім жҽне қаруды да солардан алғанын 
атап кҿрсетті [4]. 
  
Еділ жҽне оның дҽуiрi тарихта ҿшпес iз қалдырды. Еділдің дүниежүзілік 
тарихи  рҿлін  айқындар  болсақ,  Еділ  ҿзінің  кҿшбасшылық,  қатаң  тҽртіптілік, 
тҿзімділік,  ұйымдастырушылық,  айлакерлік,  алғырлық,  білімділік,  ҽскери 
шеберлік, даналық пен парасаттылық сияқты  ерекше қасиеттерімен дараланған 
ҿз заманының Ұлы тарихи тұлғасы болды.  
Жалпы,  Еуразияда  кҿшпелі  мемлекеттердің  құрылуы  сол  кеңістікте 
мҽдениетаралық    қарым-қатынас,  ҿзара  алмасу,  салыстыру  жҽне  ҿзара 
ҽрекеттесу  үшін    қолайлы  жағдайлар  жасады.  Кҿшпенділердің  жаулап 
алуларының  жҽне  кҿшпелілер  империясының  құрылуы  нҽтижесінде  ҽлем 
барынша  ашық  болды,  ал  алыстағы  елдер  мен  жерлерге  -  барынша  жол 
ашылып, олар туралы білім арта түсті [5]. 
Қорыта  айтқанда,  ежелгі  түркілер  заманында  кҿшпелілер  Орталық 
Азиядан  Византия  шекарасына  дейін  созылатын  жаңа  далалық  кҿпір  салып 
кетті.  Бірнеше  ғасырлар  бойы  тап  сол  кеңістікте  біресе  пайда  болып,  біресе 
ыдырап  кетіп,  бірін-бірі  алмастырып  келген  кҿшпелі  империялар  кҿптеген 
халықтардың  этногенезіне,  күрделі  де  алуан  түрлі  мҽдени  кешендердің 

25 
 
қалыптасуына  орасан  зор  ықпал  етті.  Мұның  ҿзі  ҿркениеттің  мүлде  жаңа 
тұрпаты  еді.  Ол  ХХ  ғасырдың  алғашқы  үштен  біріне  дейін  ҿзінің  сипатын 
сақтап келді. Ат үстіндегі кҿшпелі түркі халықтары ҿркениетінің мұншалықты 
кеңінен таралуының негізінде жатқан не бар?  
Біріншіден,  ол  кезде  соншалықты  орасан  зор  кеңістікті  игеру 
шаруашылық  жүргізудің  бірден-бір  жаңа  тҽсілі  -  мал  шаруашылығымен 
айналысу  арқылы  мүмкін  болатын  еді.  Дҽстүрлі  кҿшпелілер  қоғамы  кең 
даланы,  шҿлді  жҽне  шҿлейт  құмды  алқаптарды  игерудің  тиімді  тҽсілдерін 
ойлап тапты. 
Екіншіден, 
кҿшпелілер 
егіншілікпен 
айналысатын 
отырықшы 
халықтармен тығыз ҽрі ҿзара пайдалы байланыс орната білді. 
Үшіншіден,  түркілерде  ҽскери  ҿнердің  дҽрежесі  бҽрінен  де  жоғары 
болды. Қатардағы кез келген кҿшпелі тек бақташы-малшы ғана емес, ер жүрек 
жауынгер  де  еді.  Кҿшпелілер  ҿздеріне  тҽн  еті  тірі  жинақы  шапшаңдығының, 
алыс  жолдарды  шаршамай-шалдықпай  басып  ҿтіп,  кҿлемі  зор  аумақтарды 
басып  қалып  отыруының  арқасында  ҿзге  отырықшы  халықтармен 
салыстырғанда  ҽр  түрлі  елдердің  ҽскери  ісі  саласындағы  маңызды  деген 
жаңалық  атаулымен  тез  танысып,  оларды  ҿздерінің  қарулы  күштері  үшін 
пайдаланып отырды [2, 95, 96].  
Соныменен,  Еуразиялық  ҿркениет  белгілі  бір  жағдайда  екі  мҽдениеттің, 
яғни Шығыс пен Батыс мҽдениеттерінің ықпалдастығынан туындайды. 
2.  ―Түркі  елі‖  немесе  ―Түркістан‖  ұғымы  -  б.з.д.  II  ғасырда  ғұндардың 
шаньюйі  (қыт.  ―Аспанның  Ұлы  Перзенті‖)  Мҿде  хан  түркінің  24  тайпасын 
біріктіріп, мемлекет  құрған  кезде пайда  болды.  Сол  тайпалардың  кҿпшілігінің 
ізі  бүгінгі  қазақ  ұлтын  құрайтын  руларда  кездеседі.  Демек,  бүгінгі  қазақ  кҿне 
түркілердің тікелей ұрпағы. 
Тарихи  дҽуірге  дейінгі  кезеңде  кҿне  түркілер  Тұран  тайпалар  одағында 
болды.  ―Тұран‖  нҽсіліне  түркілер,  угро-финдер  жҽне  палеоазиат  тайпалары 
жатады.  
Ежелгі замандық қытай, армян, парсы, араб елдерінің тарихына қатысты 
жазбалар  мен  араб  жҽне  Ауропа  (Еуропа)  саяхатшыларының  еңбектерінде 
Тұран, Түркістан аталатын елдің Ҽмудария ҿзенінен солтүстікке қарай Каспий 
теңізі  мен  Орал  тауынан  Алтай  ҿлкесіне,  одан  Қытайға  барып,  шектесетін 
аралықтағы  үлкен  кеңістікті  қамтитындығы  кҿрсетіледі.  Ал,  ІХ-Х  ғасырларда 
жазылған  араб  саяхатшыларының  жазбаларында  Сырдария  ҿзенінен  шығысқа 
қарай созылатын мекендер кіретіндігі аталады [6]. 
Осы  орайда  Н.С.  Трубецкой:  «Басында  шығыс  славян  тайпалары  қазіргі 
Ресей  территориясының  Балтық  пен  Қара  теңізді  қосатын  ҿзендердің 
бассейніндегі  шағын  ғана  бҿлігін  алып  жатты.  Қазіргі  Ресейдің  басқа  үлкен 
территориясын  ―тұран‖  немесе  ―орал-алтай‖  тайпалары    мекендеген»[7]  деп 
жазды.  
Хиуа  ханы,  тарихшы  Ҽбілғазының  деректері  бойынша  ғұн,  маджар, 
бұлғар,  аулақ,  авар,  монғол,  татар,  манчжур,  фин,  жоңғар  деп  аталатын 
халықтардың  барлығы  түркілердің  ұрпақтары[8].  Н.М.  Карамзин  келтіретін 

26 
 
мҽліметтерде    ―...  кҿпшілігі  Болгарларды  славяндар  дегенімен  олар  бұрын 
ерекше тілде сҿйлескен. Ертеде олардың есімдері мен дҽстүрлері тіптен славян 
емес,  түркілердікіне  ұқсас...  Византияның  тарихшылары  Угрлер  мен 
Болгарларды Ғұндар деп атайды‖ деп айтылады. 
Атақты  ғалым  Алексей  Павлович  Окладников  кҿне  түркілердің  Еуразия 
тарихында  алатын  орны  жайында  былайша  пайымдайды:  «Сібірдегі  кҿне 
түркілер  Шығыстан  гҿрі  Батыспен  тығыз  байланыста  болды.  Оның  мҽдениеті 
бұрын  ойлағаннан  да  ҽлдеқайда  бай  ҽрі  жарқын  еді.  Ертедегі  Шығыс  пен 
Батыстың  мҽдениеттері  Байкалдың  жағасы,  Ангара  мен  Ленада  сол  кездегі 
ҿзіндік тҿл мҽдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны 
білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық 
қазбалардан  кҿргеніміздей  Байкал  ҿңіріндегі  түркі  қорғандарындағы  қазба 
байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты» [9].  
Еуразиядағы  түрік  халықтарының  гүлденген  кезеңі  Түрік  қағанатының 
қалыптасқан  жҽне  үстемдік  еткен  дҽуірі  болды.  ҮІ  ғасырдың  ортасында 
құрылған Түрік империясының үстемдігі Еуразия даласын толық қамтыды жҽне 
жаһандық үдерістегі халықаралық қатынастарды шешуші орталық ретінде рҿл 
атқарды.  
Қатынас  кеңістігіне  жақын  экономикалық,  ақпараттық  жҽне  танымдық 
интеллектуалды  мҽселелерге  байланысты  бүгінгі  таңда  біз  ҿзімізге  жаңадан 
ашып  жатқан  еуразиялық  тұтастық,  орта  ғасырлардағы  түрік  халықтарына 
мыңдаған жылдар бойы таныс құбылыс болған.  
Түрік  мұрасының  негізгі  қозғаушы  күші-  Жер  мен  Аспанның  тұтастығы 
идеясы  болып  табылады.  Орта  ғасырлық  түріктер  мемлекетінің  құрылуына 
жҽне  оның  ҽлемдік  картадан  орын  алуына  Тҽңір  мен  Жер-Судың  тұтастығы 
концепциясының ҿміршеңдігі негіз болды. 
Түрік ҽлемі Еуразияның ҽр аймағында этникалық жҽне мҽдени негіздерді 
сақтай  отырып,  Орта  Азия,  Кавказ,  Шығыс  Еуропаны  ежелден  мекендеуші 
халықтар  мҽдениетінің  жаңалықтарын  да  ҿз  мҽдениетіне  үйлестіре  отырып 
қабылдаған  [10].  Осы  орайда  Лев  Гумилев:  «Кейін  түркілермен  кездесіп, 
араласа  бастаған  мұсылмандар  олардың  ҿз  айнала  –  тҿңірегіндегі  кҿршілес 
халықтармен ортақ тіл табысып, түсінісуге келгенде алдарына жан салмайтын 
тамаша  бейімділігін  айрықша  атап  кҿрсетті.  Түркілер  ҿздерінің  бұл  қасиетін 
қандай  жағдайда  болса  да  қатаң  сақтай  білді.  Олар  ҿздеріне  бейтаныс  жаңа 
елдерге  жеңімпасз  немесе  құрметті  қонақ  ретінде  барса  да,  жалдамалы 
жауынгер  немесе  ҽскери  тұтқын  ретінде  жүрсе  де,  сол  қасиетінен  еш 
айнымайтын. Олар ҿзге халықтардың ҿкілдерімен салыстырғанда зор табыспен 
ҿз мансабына кез келген жағдайда жетуге шебер еді» [11]. 
Түркі  халқының  Қытаймен,  Үндістанмен,  Жерорта  теңізінің  бүкіл 
елдерімен кең кҿлемді байланыс жасауы тек тауар алмасумен жҽне техникалық 
жаңалықтарды  бҿлісумен  ғана  шектеліп  қалған  жоқ,  сонымен  қатар  ҽр  түрлі 
идеялық жүйелерді бір-бірімен салыстыру арқылы жемісті жұмыс жүргізуді де 
қамтамасыз  етті.  Мысалы,  ҽл-Фараби  шығармалары  орта  ғасыр  дҽуірінің 
басынан  аяғына  дейін  Батыс  еуропада  мейлінше  кеңінен  пайдаланылды  жҽне 

27 
 
оның Қайта ҿрлеу дҽуірі гуманизмінің дамуына күшті ықпал еткені даусыз. Ал, 
ибн-Синаның  еңбектерін  Еуропа  ХІІ  ғасыр  бойы  медициналық  білім 
энциклопедиясы ретінде пайдаланып келді. 
Орта ғасырдағы аса кҿрнекті математик, ұлы ғалым ҽл-Хорезми (780-847) 
еңбектерін  мұсылмандық  Испанияда  латын  тіліне  аударылып,  Еуропадағы 
математика  ғылымының  негізін  қалады.  «Логарифм»,  «алгоритм»  деген 
терминдерді  ҽл-Хорезми  енгізген.  Сонымен  қатар,  ҽл-Хорезми  қазір  барша 
пайдаланып  жүрген  нҿл  таңбасы  мен  цифрларды  позициялық  ретпен  жазу 
тҽсілін енгізді. Ол алгебраның негізін салды. Бұл ғылым оның «Ҽлджебр» деген 
кітабының  атымен  аталып  кеткен.  Ҽл-Хорезми  синустар  мен  тангенстар 
кестесін құрастырушы [2, 108-110].  
Сҿйтіп,  Еуразия  құрлығында  ежелден  осы  жердің  табиғи  жағдайына 
бейімделіп,  шаруашылықтарын  жүргізіп,  одан  тайпалардың  басын  біріктіріп 
Ұлы  Далада  империя    құру  арқылы  түркілер  сол  кеңістікте  басқа  ҿркениеттік 
бітімдерден ҿзгеше еуразиялық ҿркениеттің қалыптасуына зор үлес қосты. 
Қорытынды:  Бүгінгі  Қазақстан  ҿткен  замандардан  ұлттық  мҽдениеттер 
мен дҽстүрлердің саналуандығын мирас етті.   
Әдістемелік нұсқаулар: Түркі мҽдениетін Еуразия ҿркениеті тұтастығын 
қалыптастырушы жҽне құраушы бір саласы ретінде қарастыру қажет. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Мұса  С.  Мҽдени  дҽстүрлер  ықпалдастығы    //  Егемен    Қазақстан.-  2010.- 
17 наурыз. 
2.
 
Назарбаев Н.Ҽ. Тарих толқынында.- Алматы: «Атамұра», 2003. - 288 б.-Б. 
82-89. 
3.
 
Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия.- Москва, 1998. - 592 с. 
4.
 
Николле Д. Атилла и орды кочевников.- Лондон, 1997. 
5.
 
Хазанов  А.М.  Кочевники    и  мировой  исторический  процесс  //  Вклад 
кочевников в развитие мировой цивилизации: Сб. материалов Междунар. 
науч. конф.- Алматы, 2007.- 268 с.- С.14. 
6.
 
Тебегенов  Т.С.  Тұтастық  жыры-тұран,  түркістан,  алаш  //  «Алаш  жҽне 
тҽуелсіз  Қазақстан:  идеялар  мен  ұстанымдар  сабақтастығы»  атты 
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары,  Абай 
атындағы ҚҰПУ.- Алматы, 2008.-434 б. 
7.
 
Трубецкой Н.С. О туранском элементе в русской культуре. – Москва.-
1988. 
8.
 
Кононов  А.Н.  Родословная  туркмен.  Сочинение  Абулгази,  хана 
Хивинского. -Москва-Ленинград.- 1958.- С. 37-38. 
9.
 
Окладников А.П. Открытие Сибири. -Москва: «Молодая гвардия», 1979.- 
С.156-160. 
10.
 
Еуразияның түрк мұрасы. ҮІ-ҮІІІ ғғ. - Астана: «Күлтегін», 2008.- 264 б.-
Б.4-8. 

28 
 
11.
 
Гумилев  Л.Н.  Хұндар.  (Орыс  тілінен  ауд.  Ҽ.  Жұмабаев,  П.  Бейсенов).  - 
Алматы: Қазақстан, 1998.-528 б.- Б. 87. 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Искусство стран Востока.- Москва, 1986. 
2.
 
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой Степи. - Алматы, 1997. 
3.
 
Каримуллин А. Тюрки и индейцы Америки- истоки происхождения. 
- Алматы: «Кочевники», 2004.  
4.
 
Рене Груссе. Империя степей.- Алматы: ТОО ―Санат‖, 2003.  
5.
 
Штайн  В.  Хронология  мировой  цивилизации.  –Москва:  «Слово», 
2003.  
6.
 
Іңкҽрбаев Е. Еуразияшылдар жҽне шығыс //Саясат, 1999, қыркүйек. 
7.
 
Тҿлегенов Е. Еуразия идеясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері 
// ҚазҰУ хабаршысы, Тарих сериясы, 2009, №4 (55).-Б.134-137. 
8.
 
Гумилев  Л.Н.  Кҿне  түріктер  (Орыс  тілінен  ауд.  Ҽ.  Жұмабаев,             
П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994.- 480 б.- Б.149. 
 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1.
 
Ҿркениет түсінігіне анықтама беріңіз. 
2.
 
Антикалық  замандағы  Батыс  мҽдениетіндегі  үстем  болған  діни 
наным-сенімдер? 
3.
 
 Шығыс мҽдениетіне қатысты мҽдени ескерткіштерді атаңыз. 
 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
1.
 
Еуразияны мекендеген халықтардың діни наным-сенімдері қандай  
болды? 
 
Шығармашылық деңгей: 
1.
 
Еуразияда орналасқан «Ҽлемнің жеті кереметі» деген тақырыпта 
баяндама дайындаңыз. Қалауыңыз бойынша бір ғана ескерткішті таңдап  алуға 
болады. 
 
 
Семинар тақырыбы: «Еуразиялық мәдениет:  
Батыс пен Шығыс симбиозы»  
 
 
Мақсаты:  Батыс  пен  Шығыс  мҽдениеттерінің  ықпалдастығын,  Еуразия 
мҽдениетіндегі Түркі ҿркениетінің орны мен рҿлін ашып кҿрсету.  
 
Сабақ нысаны: дҿңгелек үстел. 
Студенттер алдын ала талқыланатын сұрақтар тізімі мен баяндама  

29 
 
тақырыптарын алады. Модератор тағайындалады, жұмыс регламенті келісіледі, 
қажетті кҿрнекі-құралдар мен материалдар  ҽзірленеді.  
 
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 
1.
 
Еуразиядағы басты діндер. 
2.
 
Тұран ҿркениетінің Еуразия мҽдениетіндегі орны. 
3.
 
Еуразиялық сҽулет ҿнерінің  ерекшеліктері. 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Искусство стран Востока.- Москва, 1986. 
2.
 
Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков.- Алматы, 1995. – 
Б.26-30. 
3.
 
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой Степи. - Алматы, 1997. 
4.
 
Есназарова Ұ. А., Темірбеков А. Т. Түркі тілдес елдер географиясы. - 
Анкара: Ахмет Иасауи университетінің Жҽрдем Қоры Баспасы, 1999.-
107 б. 
5.
 
Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. -Алматы, 2002. 
6.
 
Томпиев  К.К.  О  тюркских  племенах  и  народах  Азии  и  Европы.- 
Алматы: «ҚазАқпарат», 2010.-403 с. 
 
 
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары: 
 
1.
 
«Еуразиядағы кҿне ҿркениеттер»  тақырыбына реферат- 
конспект жазу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

30 
 
 
 
 
4. АЛАШ ИДЕОЛОГИЯСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ 
 ӚРКЕНИЕТ КОНТЕКСІНДЕ 
 
Мақсаты:  Алаш  идеологиясының  мҽн-маңызын  ашып  кҿрсету,  Алаш 
зиялыларының  творчестволық  мұрасын  қарастыру,  олардың  еуразиялық  ой-
пайымдауларын айқындау. 
 
Жоспар 
 
1Алаш қозғалысының қалыптасуы жҽне дамуы. 
 
2. Алаш зиялыларының шығармашылық мұрасы.  
 
Негізгі  ҧғымдар:  Алаш,  партия,  автономия,  интеллигенция,  идеология, 
ұлтшылдық. 
 
1.
 
ХХ ғасырдың басында Ҽлиханов Бҿкейханов бастаған  алаш зиялылары  
ұлттық  мемлекеттілік,  президенттік  басқару,  құқықты-демократиялық  қоғам 
құру, дінді мемлекеттен бҿлу, ұлтаралық келісім сияқты тҽуелсіз елдің іргесін 
қалауға  негіз  болатын  мҽселелерді  заңды жолмен  шешуге  ұмтылыс  жасап,  ҽрі 
оларды  іс  жүзіне  асыру  үшін  нақты  іс-шаралар  жүргізді.    Бұл  1917  жылы  21 
қарашада  «Қазақ»  газетінде  жарияланған  «Алаш»  партиясы  бағдарламасы 
жобасында  ашық  кҿрініс  тапты.  Атап  айтқанда,  бағдарлама  жобасы  Алаш 
автономиясының мемлекеттілік негіздерін айқындайтын келесідей 10 бҿлімнен 
тұрды: Мемлекет қалпы, Жергілікті бостандық, Негізгі құқық, Дін ісі, Билік һҽм 
сот, Ел қорғау, Салық, Жұмысшылар, Ғылым-білім  үйрету, Жер мҽселесі. 
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда ҿткен Бірінші Жалпықазақ съезінде 
«Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланған болатын. 
Партияның  құрамына  Ҽлихан  Бҿкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 
Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.  
1917  жылы    26-29  қарашада  Қоқанда  (Түркістан)  ҿткен  ҿлкелік  ІҮ 
мұсылмандар  съезінде  Қоқан  (Түркістан)  автономиясы  құрылады.  Премьер-
министрі-  М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі - М. Шоқай. Мұндағы идея - 
Тұтас  Түркістан  мемлекетін  құру  болды.  Территориясының  құрамына  Жетісу 
жҽне Сырдария облыстары енді. 
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі ҿтті. Съезде 
Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 
орын  беріліп,  10-ны  қазақ  емес  басқа  ұлт  ҿкілдеріне  берілді.  Кҿшбасшылары:  
Ҽ.  Бҿкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Халел  жҽне  Жаһанша 
Досмұхамедовтар,  Х.  Ғаббасаов  т.б.  болды.  Үкімет  Тҿрағасы  болып  Ҽлихан 
Бҿкейханов бекітіледі. Осы арада, Мұстафа Шоқай мен Ҽлихан Бҿкейхановтың 
автономия  құру  мҽселесінде  ұстанған  саяси  позициялары  екі  бҿлек  болғанын 
айту қажет. 

31 
 
«Шоқайдың ... басты екі мақсаты бар еді. Біріншісі – тҽуелсіздік, екіншісі 
– бір тұтас Түркістан идеясы, яғни Түркістан одағы.    
Ал  Алаш  кҿсемдері  болса  автономия  пікірін  жақтады  жҽне  ҽсіресе 
Бҿкейханов  ҿзге  Түркістан  халықтарымен,  ҿзбектермен  одақтасуға  қарсы 
болды.  Оның  орнына  Сібір  үкіметімен  одақтасуды  жақтады.  Мұндай  арада 
үлкен  пікір  айырмашылығы  болған  екі  ҽрекетті  қалайша  бір-бірінің  жалғасы 
деп айтамыз». Дұрыс, Бҿкейхановтың кезінде, атап айтқанда, «Қазақ» газетіне 
1917  жылы  қазан  айында  жазған  бір  мақаласында  былай  деп  атап  ҿтеді:  «Біз 
Түркістанмен  діндес,  туысқанбыз.  Автономия  болу  –  ҿз  алды  мемлекет  болу. 
Мемлекет болып іс атқару оңай емес. Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап 
отырған  болса,  біздің  жалпы  қазақ  қараңғы  болса,  Түркістан  халқының 
қараңғылығы  һҽм  шебер  адамының  жоқтығы  бізден  он  есе  артық.  Қазақ 
Түркістанмен  бір  автономия  болса,  автономия  арбасына  түйе  мен  есекті  пар 
жеккен  болады.  Бұл  арбаға  мініп  біз  қайда  барамыз»  [1].  Бҿкейхановты 
Түркістан  аймағында  ескішілдік  пен  діни  фанатизмнің  басым  болуы  жҽне 
халықтың  дүмше  молдалардың  шылауында  жүруі  де  ойландыратын.
 
Осы 
себепті оның ойынша, Түркістан ҿкіметі мен Алашорда Ҿкіметінің бірлесуі екі 
соқырдың қол ұстасып жолға шығуы деген сҿз еді [2]. 
Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бҿлінді: оның Батыс 
Қазақстандағы 
бҿлігін 
(Орал, 
Жымпиты) 
Халел 
жҽне 
Жаһанша 
Досмұхамедовтар,  Шығыстағы  бҿлігін  (Семей,  Алаш  -  қазіргі  Жаңа  Семей 
қаласы) Ҽлихан Бҿкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша 
ҿкіметтің  ҿмірі  де  ұзақ  болмады.  1917  ж.  25  қазанда  Уақытша  ҿкімет  құлап, 
оның орнына большевиктер басқарған Кеңес үкіметі орнады. Бұл жұмысшылар 
мен шаруалардың билігі орнаған үкіметі еді. 
Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын ҿкілдері қазақы тал бесікте 
тербетіліп,  исламның  иманды  бұлағынан  нҽр  алып,  мұсылманша  хат  танып, 
одан  кейін  жҽдитше,  орысша  оқып,  орта,  жоғары  дҽрежелі  білім  алған: 
Орынбор,  Омбы,  Семей,  Алматы,  Ташкент,  Уфа,  Қазан,  Мҽскеу,  Петербор 
секілді шаһарлар тҽрбиесін кҿрген, ҿз заманының кҿзі ашық зиялылары. Бұлар 
мұғалімдік,  инженерлік,  заңгерлік,  экономистік,  дҽрігерлік  секілді  сан  алуан 
мамандық  иелері.  Түркі,  славянды  былай  қойғанда,  араб-парсы,  ағылшын, 
неміс,  француз  секілді  жеті  жұрттың  тілін  меңгерген.  Күрес  жолына  шыққан 
кезде  бұл  ерлердің  бес  қаруы  сай  еді.  Сол  замандағы  кез  келген  озық  елдің 
зиялыларынан  асып  түспесе,  кем  соқпайтын,  ҽртүрлі  ғылым  негіздерін 
меңгерген,  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  тұлғалар  еді.  Алаш  қозғалысына  қатысып, 
Алаш  партиясын  құрысып,  Алашорда  ҿкіметін  жасаған  қайраткерлер  ішінен 
қазақ  ҽдебиетінің  алтын  діңгек,  сом  тұлғалары  шықты.  Отаршылдықпен 
шайқас,  артта  қалушылыққа  қарсылық,  надандықты  мансұқ  ету,  азат,  тҽуелсіз 
демократиялық,  дербес  мемлекет  құруды  биік  нысана  ету,  белгілі  бір  тап 
мүддесі  емес,  жалпы  ұлт  мақсаты  үшін  күресу,  ҿркениетті  нысана  тұту  –  бұл 
ағымда  болған  ұлылы  -  кішілі  азаматтардың  баршасының  дүниетанымына 
ортақ, етене қасиет сапалар еді[3]. 

32 
 
Белгілі  алаштанушы  ғалым  Тұрсын    Жұртбай  Алаш  идеясының  басты 
нысандарын  былайша  атап  кҿрсеткен  болатын:    «Бірінші  ұстаным:  жер,  жер 
және  жер.  Жерсіз  Отан  жоқ.  Әлихан  Бӛкейхановтың  ұйғарымы  бойынша: 
«Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар ӛз бетінше ғылым мен техникаға 
сүйеніп  толық  игермейінше,  жер  жеке  меншікке  де,  қоныстанушыларға  да 
берілмейді». 
Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,  үстіндегі,  аспанындағы  барлық 
игілік  қазақ  мемлекетіне  қызмет  етуі  керек.  Ә.Бӛкейхановтың  айтуынша: 
«Оның  әрбір  түйір  тасы  қазақтың  ӛңіріне  түйме  болып  қадалу  керек» 
болатын. 
Үшінші  ұстаным:  Ә.Бӛкейхановтың  жобасы  бойынша,  «Қазақтың 
жерінде  ӛндірілген  «бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне 
тоқыма  болып  киілуі»  керек,  яғни  толықтай  экономикалық  тәуелсіздікке  қол 
жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. 
Тҿртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, 
діл үстемдігі болуы керек. 
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға 
сүйене  отырып,  Жапонияның  үлгісіндегі  ұлттық-демократиялық  мемлекет 
құру еді [4].  
Қорыта  айтқанда,  Алаш  идеологиясының:  қазақ  халқын  азаттыққа, 
ҿркениетті елдер қатарына жеткізу мақсаттарын ҿздеріне ҿмірлік нысана еткен 
алаш  зиялылары  ҿз  қызметтері  арқылы  қашан  болсын  халықта  ұлттық  сезім 
жойылмасын  дҽлелдеп  кҿрсетті.  Негізі,  алаш  қайраткерлерінің  басым  бҿлігі 
метрополия  оқу  орындарында  білім  алғанымен,  қазақ  қоғамына  түбегейлі 
ҿзгерістер ҽкелген Ақпан, Қазан революциялары болған ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында ұлттық тҽуелсіздік жолында аянбай еңбек етті.  
  2.  Түркі  халықтарының  ежелгі  мемлекеттік-мекендік,  тілдік-этностық  
осындай  тұтастық  дҽстүрлерін  жақсы  білетін  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
ақындарының  жырларында  түркі  халықтарының  туысқандық-қандастық 
ерекшелігін  бейнелеуде  «Алаш  жұрты»,  «Түркістан»  сҿздері  тұрақты 
қолданысқа  айналды.  Ҽсіресе,  ағартушы,  ойшыл,  ұлтжанды  ақындарымыз 
Шҽкҽрім  Құдайбердіұлы,  Мағжан  Жұмабайұлы,  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
Міржақып  Дулатұлы,  Сұлтанмамұт  Торайғырұлының  жҽне  т.б.  ақындарды 
атауға болады. 
                                   «Кӛп түрік енші алып тарасқанда, 
       Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?»- 
деп жырлады М. Жұмабайұлы. 
Мағжанның  «Пайғамбар»,  «Тұранның  бір  бағында»,  «Түркістан»  деген 
ҿлеңдерінде Тұран, Алаш елінің бір кездері «Суы - күміс, жібек - қыры» бар кең 
далада  тұлпарларға  мініп,  алты  құлаш  ақ  найзаны  белге  байлап,  алдаспанды 
қолға  нық  ұстап  Сарыарқада  сауық-сайран  құрған  күндерін  жырлайды. 
Мысалы, Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» ҿлеңінде: 
«Ерте күнде отты Күннен Гун туған, 
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам, 

33 
 
                               Жүзімді де, қысық қара кӛзімді, 
                               Туа сала мен жалынмен жуғам, 
  Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, 
Мен- Күнұлы, кӛзімде Күн нұры бар, 
Мен келемін, мен келемін, мен келем, 
                             Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар!» [5] -деп жырлады. 
Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов та «Ғаскер» ҿлеңінде:  
«Арғы атам Ер түрік, 
                                           Біз қазақ еліміз! 
   Самал тау, шалқар кӛл, 
                                           Сарыарқа жеріміз, 
  Сай-сайлап, мал айдап, 
                                        Ерке  ӛскен  Арқаның  Еркесі  серіміз»  -,  деп 
қазақтың  түбі  түрік  екендігін  айтады.  Сондай-ақ,  Ж.  Аймауытовтың  патша 
үкіметі құлап, 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісінен кейін жазған «Ұран» 
ҿлеңі Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанға дейін ұлттық ҽнұран рҿлін атқарған. 
Ҿлең мҽтіні былайша басталады: 
Қазағым, қақтықпа, қамалма! 
                                    Ел болар қамыңды амалда! 
    Кетті түн, атып таң, шығып күн! 
                                   Сал малды, сал жанды аянба! 
   Мал баққан, жай жатқан ел едік, 
                                   Бейнетті кӛп тартқан ер едік, 
                                   Қаны жат, тілі жат 
            Жат елден таяқты жеп едік- дей келіп, 
     Намыстан, қайраттан қатарға ен! 
    Басқадан кем болған сенің нең ?- 
деп  Аймауытов  жат  жұртқа  қор  болған  қазақ  халқын  бостандық  таңы  атқан 
уақытта ұлттық бірлікке шақырады:    
                                             Ұраным, қорғаным, сен Алаш! 
                                   Жолыңа құрмалдық мал мен бас! 
                                   Ӛнер тап, ӛрге шап, қару ат. 
 Аллалап алға бас, ал Алаш! [6]. 
Ж.  Аймауытовтың  осындай  елшілдік,  ұлттық  рухта  жазылған  ҿлеңінің 
халықтық ҽнұран болуы ҽбден заңды еді.  
Алаш  қайраткерлерінің  түп  қазық  идеясы  –  қазақ  мемлекеті  болды.  Ол 
үшін ата-баба қанын тҿгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда 
кҿшпей, тұрақты мекен еткен жерді бҿлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, 
жерден  айрылғаның  барлық  байлықтан,  дҽулетіңнен,  құт-берекеңнен  айрылу, 
ҿлу, ҿшу деген сҿз; мемлекеттік басқару дҽстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы 
қатарлы  Еуропа,  Америка,  Жапония  үлгісіндегі  қағидаттарға  негізделген 
демократиялық  сайлаушылар  арқылы  жасалған  жүйелермен  жүру  керек;  бұл 
ретте  ешкімнің  нҽсіліне,  жынысына,  дҽулетіне  байланысты  шектеу  жоқ; 
шикізат  емес,  ұқсатып  жасаған,  пайда  ҽкелетін  ҿнім  шығару  мемлекет 

34 
 
ҽрекетінің  ең  бірінші  шарты;  қазақ  тілін  дамыту,  оқулықтар,  сҿздіктер  жасау, 
мектептер,  университеттер  ашу;  ҿз  ақшасын  шығару,  ҽскер  құрып,  елді  – 
мемлекетті  қорғау  керек  [3,  13  ]  екендігін  алаш  зиялылары  ҿздеріне  басты 
міндеттер етіп қойды. 
ХХ  ғ.  басындағы  Ұлт  кҿшбасшысы    Ҽлихан  Бҿкейхановтың  Қазақ 
автономиясын  құрса,  оның  астанасы    Алаш  халқының  орталығы  -  Қараҿткел 
болса, онда университеттер салып, қазақтың жастарын оқытсақ, сонда қазақтың 
тек  халық  емес  екендігін  Еуропа   білер  еді  деген  кҿрегендік  жоспары  қазіргі 
Қазақстан мұраттарымен сабақтас.     
1997  жылғы  20  қазанда  Қазақстан  Республикасының  Президенті                    
Н.Ҽ.  Назарбаевтың  Жарлығымен  1997  жылдың  10  желтоқсанынан  республика 
астанасы  болып  алаш  зиялылары  жоспарлағандай  Қараҿткел  (Ақмола  қаласы) 
жарияланды.    Ал  қазақтың  жаңа  Елордасында  сан  салалы  бір  емес  бірнеше 
жоғары оқу орындары ашылды.  
 
Бүгінгі  күні  қазақтың  ұлан-ғайыр  даласының  дҽл  тҿсінде  бой  кҿтерген 
Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына 
айналса,  жаңа  астанада  Президенттің  бастамасымен  құрылған  Л.Н.  Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі жоғары оқу орны 
болып саналады. 
Ұлттық  білім  ордасын  Еуразияның  жүрегінде  орналасқан  Қараҿткелде 
ашуды  жоспарлаған  алаш  зиялылары  білім  жҽне  ғылым  саласы  турасында 
«Алаш»  партиясы  бағдарламасы  жобасының  «Ғылым-білім  үйрету»  деп 
аталынатын  ІХ  бҿлімінде  оқу  орындарында  білім  алу  жалпы  халыққа  қол 
жетімді,  ҽрі  тегін  болуын,    бастауыш  мектептерде  ана  тілінде  оқыту,  ұлттық 
орта  мектептер  мен  университет  ашу  қажеттігін  кҿрсете  келе,  одан  ҽрі:  «оқу 
жолы ҿз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер 
- профессорлар ҿзара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мҽселесіне қатысты 
белгілеген  басты  бағыттар  қазіргі  күнгі  ҽлемдік  білім  беру  деңгейіне  сҽйкес 
келетін    негізгі  талаптар  екендігіне  кҿз  жеткіземіз.  Ендеше,  біздің  ұлттық 
зиялыларымыз осыдан тоқсан жыл бұрын озық тҽжірбиелі шетелдік білім беру 
жүйесін таңдаған. Ҿйткені, Алаш идеологиясының түпкі мҽнісі «Жұртта білім 
болса,  байлық,  құрмет,  барша  рахат  та  табылмақшы.  Егерде  білім,  ҿнер  жоқ 
болса,  дүниедегі  кеңшіліктің  бҽрінен  де  құр  қалып,  кҿрінгенге  жем  болып, 
шҿліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді. 
Сонымен,  ХХ  ғасырдың  басындағы  Ҽлихан  Бҿкейханов  бастаған  алаш 
зиялылары  «ҿз  отанының  болашағын  ҽлемдік  ҿркениетпен  тұтастықта 
кҿрген»[7]. 
Алаш идеясының ҿзегі ұлттық идея болғандығы турасында Елбасы: «XX 
ғасырдың  басында  ұлттық  бірлікті  нығайту  идеясын  алға  тартқан  рухани-
зерделі  игі  жақсылар  қазақтың  ұлттық  идеясын  жасау  міндетін  ҿз  мойнына 
алды.  Олар  қоғамның  түрлі  тарабынан  шыққандар,  ҽрі  ең  алдымен  дҽстүрлі 
дала  ақсүйектерінің  ҿкілдері  еді.  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамында 
зиялы  қауым  қалыптасуының  ұрпақтар  эстафетасы  сияқты  сипаты  болғанын 
атап айтқан абзал»[8], - деп айтқан болатын. 

35 
 
 «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дҽрежеде 
қазақ  жұртына  большевиктер  ұсынған  кеңестік  даму  жолымен  бір  мезгілде 
ҿмірге  келген  балама  (альтернативтік)  ҿркендеу  жолы  болатын.  Біз  бұл  арада 
алаштық  интеллигенция  ұсынған  жолды  мінсіз,  бірден-бір  тура  дара  жол  еді 
деп  отырғанымыз  жоқ»,  -  деп  жазады  танымал  алаштанушы  ғалым  Мҽмбет 
Қойгелдиев.  Ал  оның:  «...алаштық  интеллигенция  ұсынған  балама  жол  қазақ 
елінің  сан  ғасырлық  даму  тҽжірбиесін,  салт-дҽстүрін  революциялық  ҽдіспен 
күрт  ҿзгертуді  емес,  қайта  оларды  эволюциялық  жолмен,  басқа  ҿркениетті 
елдердің ҿмір тҽжірбиесін ескере отырып, одан ары жетілдіре түсуді кҿздеді. Ең 
негізгісі,  бұл  жол  қазақ  еліне  ҿзін-ҿзі  билеуге,  сҿйтіп  ҿзінің  ішкі  қоғамдық 
мҽселелерін  ҿзі  шешуге,  ҿз  атамекеніне  ҿзі  ие  болуға  мүмкіндік  беретін  жол 
еді»  [2,  362,  363]  деген  тұжырымдамасы  Алаш  идеологиясының  түпкі  мҽнін 
айқын ашып кҿрсетеді. 
  
Қорытынды:  Алаш  зиялылары  ұлттық  автономия  құру,  қазақ  халқын 
білім мен ғылым жолы арқылы ҿркениетті елдер қатарына қосуды мақсат етті. 
Сондықтан,  Алаш  идеологиясының  басты  ұстанымы  дамыған  елдердің  озық 
тҽжірбиелерін негізге алу болды. 
Әдістемелік  нұсқаулар:  Алаш  зиялыларының  шығармашылық  мұрасын 
қарастырған  кезде  тарихи  дерек  кҿздері  мен  ҽдебиеттерді  кеңінен  пайдалану 
керек.    
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Ҽбдіуақап  Қара.  Алаш  қозғалысының  соңғы  түйіні  –  Мұстафа  Шоқай  //       
Ҽлем  қазақтарының  рухани  сұхбаты:  тіл,  мҽдениет  жҽне  Алаш  мұраты.  
Халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция  материалдары.-  Алматы, 
2008.- Б.43. 
2.
 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995.- Б.340. 
3.
 
Нұрғали  Р.  Тҽуелсіз  Қазақстан  мұраттарының  Алаш  идеяларымен 
сабақтастығы // Ҽлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мҽдениет жҽне 
Алаш 
мұраты. 
Халықаралық 
ғылыми-теориялық 
конференция 
материалдары.- Алматы, 2008.- Б.5-16. 
4.
 
Жұртбай  Т.  Біртұтас  Алаш  идеясы  жҽне  Шығыс  Түркістан  ұлт-азаттық 
қозғалысы  //  Ҽлем  қазақтарының  рухани  сұхбаты:  тіл,  мҽдениет  жҽне 
Алаш 
мұраты. 
Халықаралық 
ғылыми-теориялық 
конференция 
материалдары.- Алматы, 2008.- Б.79. 
5.
 
Тебегенов  Т.С.  Тұтастық  жыры-тұран,  түркістан,  алаш  //  «Алаш  жҽне 
тҽуелсіз  Қазақстан:  идеялар  мен  ұстанымдар  сабақтастығы»  атты 
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары,  Абай 
атындағы ҚҰПУ.- Алматы, 2008.-  Б.438-439. 
6.
 
Абай, 1918, №1. 
7.
 
Қойгелдиев  М.  Бізге  ҿркениеттік  категориялармен  ойлайтын  кез  келіп 
жеткен // Алаш айнасы, 2003, 1 ақпан. 

36 
 
8.
 
Назарбаев  Н.  Тарих  толқынында.-  Алматы:  «Атамұра»,  2003.-  288  б.-
Б.156. 
 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Нұрпейісов К. Алаш һҽм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995. 
2.
 
Аманжолова  Д.  Партия  Алаш:  история  и  историография.  Уч. 
пособие.-  Семипалатинск:  Семипалатинский  пединститут  им. 
Шакарима, 1993. 
3.
 
Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения 
Алаш.- Москва: «Россия молодая», 1994. 
4.
 
Қойгелдиев  М.  Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры  (ХҮІІІ-
ХХ ғғ.). Зерттеулер.- Алматы: «Жалын баспасы», 2004. - 400 б. 
5.
 
Алаш  ақиықтары.  Мақалалар,  деректі  құжаттар,  аудармалар.-
Алматы: «Алаш», 2006.- 288 б. 
6.
 
Селиверстов  С.В.  Казахстан,  Россия,  Турция:  по  страницам 
евразийских идей XIX - XXI веков. - Алматы: "Баспалар үйi", 2009.- 
328 с. 
 
 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
Ӛнімді деңгей: 
 
1. «Алаш» ұлттық-саяси партиясы бағдарлама жобасының мазмұндық 
ерекшелігі қандай? 
2. ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары арасында қандай саяси бағыттар 
қалыптасты? 
 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
 
1. Алаш идеологиясының   ҿркениеттік маңызын ашып кҿрсетіңіз. 
 
Шығармашылық деңгей: 
1.  «Алаш  идеясы  –  ұлттық  идея»  деген  тақырыпта  баяндама 
дайындаңыз.  
 
 
 
Семинар тақырыбы: «ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамдық ой-пікір 
еуразияшылдық контексінде» 
 
Мақсаты: Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси жҽне шығармашылық  

37 
 
қызметін қатар зерттеу арқылы Алаш идеологиясының ҿркениеттік мҽнін ашып 
кҿрсету. 
 
Сабақ нысаны: пресс-конференция. 
 
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 
 
1. Алаш зиялыларының шығармашылық мұрасы. 
1.
 
Алаш идеологиясының тарихи маңызы. 
 
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары: 
Шығармашылық деңгей: 
1.
 
«Алаш зиялыларының білім-ғылым саласындағы қызметі»  
атты  реферат-баяндама  жазу.  Қалауыңыз  бойынша  бір  ғана  тұлғаны 
таңдап алыңыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Козыбаев М. История и современность.- Алма-Ата: «Ғылым», 1991. 
2.
 
Ҽбжанов  Х.,  Ҽлпейісов  Ҽ.  Қазақ  интеллигенциясы  мен  мҽдениеті 
туралы.- Алматы: Респ. мҽдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру 
институты, 1992. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

38 
 
 
 
 
 
5. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ: ҚАЙНАР КӚЗДЕРІ, 
 ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
Мақсаты:  Еуразияшылдық  идеясының  тарихын  жан-жақты  қарастыру. 
Классикалық еуразияшыл ғалымдарының еңбектеріне талдау жасау. 
 
Жоспар: 
1.
 
Еуразияшылдық идеясының қайнар кҿздері, негізгі даму кезеңдері. 
2.
 
Классикалық еуразияшыл  ғалымдарының шығармашылық қызметі. 
 
Негізгі  ҧғымдар:  революция,  эмиграция,  Еуразиялық  қозғалыс, 
«Еуразияшылдық» партиясы.  
 
1. ХІХ ғ. орыс ойшылдарының еңбектерінде еуразияшылдық мҽселесі тек 
кейбір  қырларынан  қарастырылса,  ал  ХІХ  ғ.  соңы  мен  –  ХХ  ғ.  басында  орыс 
зиялылары  арасында  ҿзіндік  «дүниетаным»  қалыптастырған  бірқатар 
протоеуразиялық  теориялар  туындады.  Олардың  арасында  ҽр  түрлі  саланың 
ҿкілдері  болды:  ойшылдар,  жазушылар,  ғалымдар,  жаратылыстанушылар, 
тарихшылар  жҽне  т.б.  Бұл  кезде    еуразияшылдықтың  теориялық  негізі  ҿзара 
байланысты үш идея бойынша құрылды:  1) ресейлік тарихтың «кҿпхалықтық» 
субъектісі жҽне оның тұтастығы; 2) халық пен мемлекет ҿмірінің алып отырған 
территориясының  табиғи  жағдайымен  терең  байланысы;  3)  ресейлік 
мемлекеттілік генезисінің Шыңғысхан империясында қарастырылуы. 
Еуразияшылдар идеялық ұстаным бойынша славянофильдерге кҿп жақын 
болды. Олар батысшылдыққа қарсы болды. Алайда, олар батысшылдыққа ашық 
қарсы  шыққанымен,  олардың  славянофильдікке  деген  кҿзқарастары  екі  ұшты 
болды. Бір жағынан, еуразияшылдар ҿздерін славянофильдер ұстанған дҽстүрлі 
орыс  философиялық  жҽне  тарихи  ойдың  жалғастырушылармыз  деп  санады. 
Сондай-ақ.  Олар  славянофильдердің  «шіркеу,  қоғам  жҽне  адам»  деген  бірлік 
идеясын  да  сҿзсіз  қолдады.  Бірақ,  еуразияшылдар  славяндық  бірлік  идеясын 
жоққа шығарды. Ҿйткені олар орыс ҿркениеттілігінде «тұрандық элемент» бар 
болғандықтан, ол тек таза славяндық бола алмайды деп санады [1]. 
1921  жылдың  тамыз  айы  еуразияшылдықтың  туындаған  уақыты  болып 
есептелінеді.  Осы  кезде  София  қаласында  тҿрт  автордың  -  Н.С.  Трубецкой,          
П.Н.  Савицкий,  П.П.  Сувчинский  мен  Г.В.  Флоровский  мақалаларының 
алғашқы  ұжымдық  жинағы  «Исход  к  Востоку.  Предчувствия  и  свершения. 
Утверждение евразийцев» деген атпен жарияланады.  
Еуразияшылдық түрлі білім салаларының ҿкілдірін: философ, дінтанушы, 
мҽдениеттанушы,  экономист,  ҿнертанушы,  тарихшы,  географ,  жазушыларды 
біріктірді.  Мҽселен,  еуразияшылдықтың  рухани  кҿшбасшысы,  князь                  

39 
 
Н.С.  Трубецкой-  мҽдениеттанушы,  лингвист,  философ.  Еуразияшылдықты 
қоғамдық-саяси қозғалыс ретінде ұйымдастырушы П.Н. Савицкий - экономист, 
географ.  Қозғалысқа  философ  жҽне  публицисттер  -  Г.В.  Флоровский,               
В.Н. Ильин, Б.Н. Ширяев, тарихшы жҽне ҽдебиеттанушылар -  Г.В. Вернадский,             
Д.П.  Святополок-Мирский,  В.П.  Никитин,  ҿнертанушы  -  П.П.  Сувчинский, 
жазушылар  -  В.Н.  Иванов,  Э.  Хара-Даван,  құқытанушы  -  Н.Н.  Алексеев  жҽне 
т.б. енді.  
Еуразияшылдықтың қарқынды дамыған кезеңі 1920 жылдар.  
Еуразияшылдар  ҿз  ілімдері  атауының  шығу  себебіне  келгенде,  оның 
мазмұны  «Еуразия»  жҽне  «Азия»  деген  жағрапиялық    терминдердің  жалаң 
бірігіуімен  жанаспайтындығын  атап  кҿрсетті.  Яғни,  оның  мҽні  алғаш  рет         
А.  Гумбольт  қолданған  мҽнде  емес,  «ҿркендеу  ҿрісі»,  тіршілік  мекені,  ҿзгеше 
ҿркениет,  мағынасында  түсіндіріледі  немесе  орыс  халқы  мен  «Ресей 
ҽлеміндегі» еуропалық та емес, азиялық та емес, еуразиялықтың нақ ҿзі болып 
табылатын  халықтардың  табиғи  жҽне  ҽлеуметтік  байланыстарының  ҿзара 
ықпалдасу аймағы деп ұғынылады. 
Жиырмасыншы  жылдары  П.Н.  Савицкий,  Н.С.  Трубецкой  сынды  жҽне 
т.б.  еуразияшыл  ғалымдар  «еуразияшылдық»  терминін  тек  жағрапиялық  
түсінік ретінде қарастырған  жоқ. Олардың пікірінше, Ресей - Еуропа да, Азия 
да  емес,  ҿзінің  табиғи  ерекшелігі  тұрғысынан  Еуропа  мен  Азиядан  елеулі 
айырмашылығы бар, айрықша «орташа құрлық».  
Этнограф-лингвист  Николай  Сергеевич  Трубецкойдың  пайымдауынша,                                           
Еуразия  -  жағрапиялық,  экономикалық  жҽне  тарихи  тұтастық.  Еуразия 
халықтарының тағдыры бір-бірімен біте қайнасып, қиюласып кеткен.  
Жалпы  алғанда,  еуразияшылдық  идеясының  тарихын  үш  кезеңге  бҿліп 
қарастыруға болады. Біріншісі- Қазан тҿңкерісіне дейінгі кезең. Екіншісі- Қазан 
тҿңкерісінен  кейінгі  Ресей  эмигранттары  мұрындық  болған  кезең.  Үшіншісі- 
екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезең.  Бұл  үш  кезеңнің  ҿн  бойында 
еуразияшылдық  идеяның  дем  берушілері  -  тарихшылар  Г.В.  Вернадский,                    
Л.П.  Карсавин,  Л.Н.  Гумилев,  құдайшыл  Г.Ф.  Флоренский,  географ                   
П.Н. Савицкий, шығыстанушы В.П. Никитин, этнограф Н.С. Трубецкой сияқты 
кҿрнекті тұлғалар болды. 
 
Еуразияшылдық идеяның бірінші кезеңінде ұлы орысшылдық пиғыл бел 
алып жатты. Батыс пен Шығыстың, яғни роман-германдар мен азиялықтардың 
ортасындағы  Ресейдің  айрықша  рҿлі  болу  керек  деген  идея  күн  тҽртібіне 
қойылды.  
 
1922  жылы  «На  путях.  Утверждение  евразийцев»  атты  екінші  жинақ 
жарияланды.  
1923-1927 жж. аралығында «Еуразия дҽуірнамасының» үш саны шығады. 
Ол-  діни,  ұлттық,  экономикалық,  мҽдениеттану,  ҽскери  мҽселелерді  қамтыған 
мақалалар  жинағы  болды.  Жиырма  шақты  жыл  ішінде  ондаған  монография, 
брошюра,  «Еуразия  хроникасы»,  «Еуразия  жобалары»,  «Версты»  журналдары,  
Парижде апталық «Еуразия» газеті шығарылады. 

40 
 
Еуразиялық  баспа  -  қозғалысқа  қатысушылардың  еңбегін  Берлинде, 
Парижде,  Прагада,  Белградта,  Софияда  жариялап  тұрды.  Кҿптеген  елдерде 
еуразия  үйірмелері  құрылып,  семинар  мен  конференциялар  ҿткізілді, 
еуразияшылдардың идеясын насихаттайтын дҽрістік оқулар ұйымдастырылды.  
Еуразияшылдық идеяның  екінші кезеңінде  сол  алғашқы ой-тұжырымдар 
жаңаша серпінмен одан ҽрі жалғасты. Себебі, Ресей эмигранттары социалистік 
жүйенің  ұстанымдары  азиялық  тұрғындардың  ойынан  шығып,  одан  ҽрі 
еуразияшылдық  идеяның  жүзеге  асуын  жеделдетеді  деп  үміттенді.  Олар 
Еуразия  кеңістігінде  Ресей  ділінің  үстемдік  құруы  ашық  айтылып,  Ресейді 
«айрықша мҽдени-тарихи ҽлем» деп жариялай бастады.  
Еуразияшылдардың  алғашқы  еңбектері  Кеңестер  Одағында  да  назардан 
тыс  қалған  жоқ.  Мҽселен,  1929  жылы  Қызыл  профессура  Институты 
«Марксизмді  жаңаша  сынауға  қарсы»  деген  жалпы  атаумен  жинақ  шығарады. 
Сол  жинақтағы  «Орыс  эмигранттарының  марксизмді  сынауы»  деген  үлкен 
мақала  тұтастай  еуразияшылдыққа  арналды.  Олар  бұл  қозғалысты:  «Ақ 
эмиграцияның  Еуропада  «кҿшіп  жүрген»  анағұрлым  оңшыл  бҿлігі,  сондай-ақ 
КССО  -  дан  қуылған  профессураның  анағұрлым  реакцияшыл  бҿлігі» 
сипатындағы ағым деп қарайды. Дегенмен, кейіннен «Еуразияшылдық» ұғымы 
ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдарының  соңына  дейін  кеңестік  ҽдебиет  беттерінде 
мүлде сҿз етілмей қалады. 
Еуразияшылдардың  кҿзқарасы  мынаған  тоқайласады:  Ресей  туралы 
пайымдай  отырып,  оның  бастапқы  киевтік  -  мҽскеулік  «жаратылысы»  туралы 
емес,  Еуразия  «мекен-құрлығы»  туралы,  сол  құрлықтың  алыс  қиырларындағы 
кҿптеген этностар мен мҽдениеттерді бауырына басқан, ҽрі тұтастығын сақтап, 
бірлігін  бұзбаған  Еуразия  туралы  сҿз  қозғаған  орынды  болмақ.  Еуразияшыл 
идеологтар  орыс  мҽдениетін  Еуропа  мҽдениетінің  бҿлшегі  деп  қараған  жоқ, 
Батыс пен Шығыстың үлгісін тең дҽрежеде бойына сіңірген ҿзіндік бет-бейнесі 
бар мҽдениет ретінде қарастырды [2]. 
Еуразияшылдардың  пікірі  бойынша,  Ресейдегі  мҽдениет  бастауының 
шешуші  факторы  ҽуелі,  татар-моңғол  шапқыншылығымен,  ал,  кейіннен 
орыстардың Сібірге, одан кейін кҿптайпалы Азияға экспансия жасауымен, тіпті 
Америка жеріне ішкерілей енуімен байланысты. Орыс халқын еуропалықтарға 
да,  азиялықтарға  да  жатқызуға  болмайды,  ол  мүлде  ерекше  этникалық  қауым 
болып  табылады.  Орыс  мҽдениеті  мен  мемлекеттілігінің  осындай  бет-бейнесі 
Ресейдің  ҿзгеше  тарихи  жолын  жҽне  батысеуропалық  дҽстүрмен  сҽйкеспейтін 
ұлттық-мемлекеттік бағытын айқындайды. 
Үшінші  кезеңде  еуразияшыл  идеяның  кҿңіл  қалауынан  гҿрі,  нақтылы 
тарихи  жағдайлармен  кҿбірек  санасқанын  аңғаруға  болады.  Яғни,  ҽлемдік 
бҽсекелестікке  Еуразия  халықтары  ҿздерін  мүдделестер,  тағдырластар  ретінде 
сезініп, 
ҽлеуметтік-экономикалық 
жҽне 
саяси-мҽдени 
одақтастықты 
еуразияшылдықтың  ҿзекті  постулатына  айналдыра  бастады.  Ҽсіресе,  КСРО 
ыдырағаннан  кейін  еуразияшылдық  идеяның  бұл  сияқты  жаңа  бағытына 
тҽуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ҽ. Назарбаевтың тікелей ұйытқы 
болғаны  белгілі.  Бұл  мҽселеде  Л.Н.  Гумилев  Еуразия  ойкуменін  тарихи 

41 
 
тағдыры біртұтас, ҽлемнің алтыдан бір бҿлігі ретінде қарастырды. Осы орайда 
ол  Ресей  тарихындағы  Ұлы  Дала  рҿлін  мүлде  жаңаша  парықтады.  Атап 
айтқанда,  орыс  тарихында  бел  алып  жататын  «татар-монғол  езгісі»  деген 
идеядан  бірінші  болып  бас  тартты.  Ол  үшін  Ресей  деген  Моңғол  ұлысынан 
кейінгі біртұтас Еуразия империясының православтық варияциясы еді. Мұндай 
идея ҿзінен-ҿзі Ресейдің тарих сахнасына шығуындағы Еуразия кҿшпелілерінің 
рҿлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. Міне, еуразияшылдық мҽселесінде 
Л.Н.  Гумилев  осындай  идея  арқылы  ҿзін  ұшқыр,  ойлы  ғалым  ретінде  ҽйгілей 
алды. 
Ол 
бұрынғы 
саяcи-идеологиялық 
еуразияшылдықты 
дҽлелді 
тұжырымдамасы бар ғылымға айналдыра білді [3]. 
 2.  Еуразияшылдық  идеясын  ұстанушы  орыс  зиялылары  алдымен 
еуразияшылдық  топ,  одан  қозғалыс  болып  қалыптасып,  одан  саяси  партия 
құрған болатын.  Олар Ресей мен дүниежүзіне жаңа жағрапиялық  жҽне тарихи 
түсініктеме беріп, оны ресейлік немесе «еуразиялық» деп атайды.  
1920  жылы  София  қаласында  жарыққа  шыққан  Н.С.Трубецкойдың 
«Европа и человечество» атты еңбегі еуразияшылдық идеясының қалыптасуына 
теориялық негіз болды. Николай Трубецкой бұл еңбегінде Ресей империясының 
құлауының  себептерін  қарастыра  келе,  бұған  зиялылардың  ұзақ  уақыт  бойы 
еуропалық  мҽдениеттің  ықпалында  болуы  ҽсер  етуі  мүмкін  деген  мҽселе 
кҿтереді.  Ал  Батыс  мҽдениеті    ҽмбебап  жҽне  жалпыадамзаттық  бола 
алмайтындығын айтты.  
Н.С.  Трубецкой  1922  жылы  қазан  айында  Венаға  кетеді.  Ол  Вена 
университетінің  славян  филологиясының  профессоры  болып  тағайындалады.      
Н. Трубецкойдың еуразияшылдық кҿзқарастары  салыстырмалы-тарихи тілтану 
саласында  жүргізген  ғылыми  ізденістеріне  де  ықпал  етеді.  Ғалым  тілдік  одақ 
теориясының  авторы.  Оның  тұжырымдауынша,  бір  жағрапиялық  мҽдени-
тарихи  аймақтардағы  бірнеше  тілдерде  ортақ  шығу  тегіне  қарамастан,  ерекше 
ұқсастық болады.  Бұл ұзақ уақыт бойы кҿрші ҿмір сүріп жҽне қатар дамудан 
туындайтын      ұқсастық.  Сондықтан,  Н.С.  Трубецкой  «еуразияшылдық» 
ұғымының  анықтамасын:  «Бұрын  Ресей  империясы,  ал  қазір  КСРО  атанған 
мемлекеттің  ұлттық  субстраты  деп  осы  мемлекетті  мекендейтін  жҽне 
кҿпхалықтық  ерекше  сипатымен  ерекше  ұлттық  белгі  иеленген  халықтардың 
бірлігін, тұтастығын айтамыз. Осы ұлтты - еуразиялық, оның мекенін - Еуразия, 
ал ұлтшылдығын - «еуразияшылдық» дейміз!» - деп айқындады. 
1925  жылы  жарияланған  «Наследие  Чингисхана»  деген  еңбегінде            
Н. Трубецкой Ресей мемлекеттілігі тек қана орыстармен құрылмағанын, бұған 
сондай-ақ,  Еуразияны  мекендеген  басқа  халықтар  да  қатысқанын,  ҽсіресе, 
мұнда  үлкен  рҿл  атқарған  Шыңғысхан  империясынан  қалған  мұра  екендігін 
айтты  [4].  Осындай  кҿзқарасты  славянофильдер  кҿсемдерінің  бірі  -  А.С. 
Хомяков  те  ұстанды.  Ол  «Русьті  моңғолдардың  бағындыруы,  орыстар  үшін 
бақытты  болды»  деді  жҽне  Ресейдің  болашағын  тек  Шығыспен 
байланыстырды. 
Жалпы, Н.С. Трубецкойдың еуразияшылдық идеясына қатысты ұстанған 
пікірлерінің 
негізгі 
ҿзегін 
оның 
келесідей 
айтқан 
ойы 
құрады:  

42 
 
«Восточнославянские  племена  занимали  первоначально  лишь  незначительную 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет