Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


международного суда ООН и позициях Казахстана)



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

международного суда ООН и позициях Казахстана) ......................................................  
235 
Рахимбек  И.  КарГУ  им.  Е.А.  Букетова  (научный  руководитель:  д.и.н.,  профессор 
Алимбаев Т.А.) Влияние валютного рынка на экономику Республики Казахстан ...   
239 
Садвокасов Ш.А. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (ғылыми жетекші: т.ғ.д, профессор 
Жұмашев Р.М.) Үштұғырлы тіл саясаты ...........................................................................  
242 
Смагулов С.Б. КарГУ имени Е.А.Букетова (научный руководитель: м.г.н. Утебаева А.Д.) 
Роль Первого Президента Казахстана Н.А.Назарбаева в становлении и развитии 
внешней политики страны...................................................................................................  
245 
Соломуха  А.,  Суродина  А.  Карагандинский  государственный  медицинский 
университет  (научный  руководитель:  к.и.н.,  доцент  Даниярова  А.Е.)  О  развитии 
системы здравоохранения по плану нации «100 конкретных шагов» ........................  
250 
Тəжіханов  Ə.Б.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (ғылыми  жетекші:  т.ғ.к.,  доцент 
Бейсенбекова Н.А.) Тəуелсіздік жəне Т.Рысқұлов ............................................................  
251 
Төлеуханова А.Қ. Шəкəрім атындағы СМУ (ғылыми жетекші: магистр Куребаева Г.А.) 
Елімнің бақытын тербеткен – Тəуелсіздік ........................................................................  
254 
Тұтқыш  А.Ж.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (ғылыми  жетекшісі:  аға  оқытушы 
Сақабай Т.Қ.) Желтоқсан оқиғасының құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков ...................  
258 
Ханатбекова  К.Д.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (ғылыми  жетекші:  аға  оқытушы 
Сақабай Т.Қ.) Алашорда үкіметінің зерттелу тарихына .................................................  
261 
Шəріп  А.  Астана  Гуманитарлық  колледжі  (ғылыми  жетекші:  аға  оқытушы 
Қазығұлова М.Я.) Жарқын болашаққа жол ашқан – Тəуелсіздік .................................  
264 
Құрманбай  Н.М.  ҚарМТУ  (ғылыми  жетекші:  оқытушы  Темиржанова  Ш.М.) 
«Тəуелсіздіктің ақ таңы - егемен елдің мақтаны» ...........................................................   
266 


Утепова  С.,  Социал  Ж.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (ғылыми  жетекші:  т.ғ.к., 
доцент Қарсыбаева Ж.А.) Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы жəне 
Мəңгілік ел ..............................................................................................................................  
269 
 
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ» секциясы 
Алдакуатова Д.А. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (ғылыми жетекші: 
фс.ғ.к. Темиргалиев К.А.) Татулық пен келісім – ішкі саяси тұрақтылық негізі .......  
273 
Алиева Э.М., Гаджиева Э.Э. КарГУ им. Е.А. Букетова (научный руководитель: м.г.н. 
Утебаева А.Д.) Азербайджанский национально-культурный центр «Намус» ...........  
275 
Бекова  Н.С.  КарГУ  им.  Е.А.  Букетова  (научный  руководитель:  магистр  истории, 
преподаватель  Баймагамбетова  А.А.)  Казахстанская  модель  межэтнической 
толерантности и единства ....................................................................................................  
277 
Жаркешова  М.К.,  Туралиева  Ж.Ж.  Карагандинский  государственный  медицинский 
университет    (научный  руководитель:  Надирова  С.Г.)  Место  и  роль  Ассамблеи 
народа Казахстана в укреплении общественного согласия ..........................................  
281 
Зияева  А.Б.  КарГУ  им  Е.А.  Букетова  (научный  руководитель:  к.  и.  н.,  доцент 
С.В. Елеуханова)  Деятельность  узбекского  культурно-этнического  центра 
«Бирлик» Карагандинской области ...................................................................................  
282 
Ибраева Ж.М., Марченко А.О. КарГУ им. Е.А. Букетова (научный руководитель: к. и. н., 
доцент  С.В.  Елеуханова)  Роль  Ассамблея  народа  Казахстана  в  укреплении 
общественного согласия и национального единства государства ...............................  
284 
Искаков  И.С.,  Серикова  М.С.  ЕНУ  им.  Л.Н.Гумилева  (научный  руководитель:  к.и.н., 
доцент  Шаймуханова  С.Д.)  Формирование  нового  казахстанского  патриотизма 
«Мəңгілік ел» ..........................................................................................................................  
288 
Кабегенов  А.Б.  КарГУ  им.  Е.А.  Букетова  (научный  руководитель:  к.и.н.,  доцент 
Кентбек С.К.) Мəңгілік ел – стабильность и создание независимого Казахстан .......  
290 
Калдыбаева М. Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова 
(научный  руководитель:  старший  преподаватель  Аслялиева  С.Г.)  Деятельность 
Ассамблеи народа Казахстана .............................................................................................  
292 
Қасымбекова  А.Б.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (Ғылыми  жетекші: PhD, доцент 
Жұманова А.З.) Ассамблея-татулықтың темірқазығы ...................................................  
294 
Куспекова К. КарГУ им. Е.А. Букетова (научный руководитель: Алимбаев Т.А. д.и.н., 
профессор.)  Патриотическое  воспитание  молодежи  Казахстана  на  основе  идеи 
Мəңгілік ел ..............................................................................................................................  
298 
Лузина А.С. КарГУ имени Е.А.Букетова (научный руководитель: м.г.н. Утебаева А.Д.) 
Литовский национально-культурный центр «Литуаника» ..........................................  
301 
Мухатбек  А.,  Агумбаева  А.Е.  СГУ  имени  Шакарима,  Роль  Ассамблеи  народа 
Казахстана в формировании государственности ............................................................  
304 
Рахимова  А.Р.,  ҚарМТУ  (ғылыми  жетекші:  фс.ғ.к.,  доцент  Сағатова  А.С.) 
«Болашақтың қуаты» - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықта ......................  
306 
Садыров Т.С. Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы (ғылыми жетекші: г.ғ.м., 
полиция  лейтенанты  Монай  Қ.)  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  тарихи 
маңызы мен орны ..................................................................................................................  
309 
Сериков  А.Н.  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  (ғылыми  жетекші:  оқытушы 
Ахметжанова Н.Ж.) Болашаққа бастар жарқын жол “Мəңгілік Ел” идеясы .............  
312 
Сквирская  Е.Е. (ғылыми  жетекші:  қоғамдық  пəндер  оқытушысы  Қазығұлова  М.Я.)    
Ел бірлігі – ең асыл қасиет ...................................................................................................   
315 
Уразбекова Б.Б. Шəкəрім атындағы СМУ (ғылыми жетекші: магистр Куребаева Г.А.) 
Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ .......................................  
316 
 
 
 


Алғы сөз 
 
Құрметті  қонақтар  мен  Қазақстан  Республикасының  Тəуелсіздігінің 25-жылдығына 
арналған  «Қазақстан менің - Отаным»  атты Республикалық студенттік ғылыми-тəжірибелік 
конференциясына  қатысушылар!  Сіздерге  Республикамыздағы  классикалық  үлгіде  білім 
беретін  көшбасшы  жоғары  оқу  орны - Академик  Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік универсиетінің Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ. Көбеевтің 
сəлемін жолдаймын. 
Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі ұлық мерекені ерекше 
айғақтайтын айтулы шаралар өткізілу үстінде. Əсіресе Қазақстанның жарқын болашағының 
кепілі  болып  табылатын  жастар  үшін  Тəуелсіздігіміздің  ширек  ғасырдағы  толағай 
табыстарын  жан-жақты  айшықтайтын  форумдар,  ғылыми  конференциялар,  дөңгелек 
үстелдер  мен  кездесулер  өткізіліп  жатыр.  Осы  арайда  Қарағанды  мемлекеттік  университеті 
де еліміздің студент жастарына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция 
ұйымдастырып  отыр.  Конференцияның  басты  мақсаты  Қазақстанның  қазіргі  замандағы 
тарихын саралау, қазақ елінің мыңдаған жылдар бойғы тарихынан сабақ алу. Қазақстанның 
Тəуелсіздік  жолындағы  сан  ғасырлардағы  күресі,  халқымыздың  біртуар  тұлғалары 
конференция  аясында  сөз  етіледі.  Биылғы  жылы  «Алаш»  партиясының  көсемі,  қазақ 
зиялысы Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150-мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып 
өтуде. Əлихан Бөкейханның сан қырлы тұлғасын саралау, өнегелі өмір жолын өскелең жас 
ұрпақтың бойына сіңіру азаматтық парызымыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында: «Біз  ұлттың  тарихи 
санасын  қалыптастыру  жұмысын  жалғастыруымыз  керек.  Бүкілқазақстандық  бірегейлік 
біздің  халқымыздың  тарихи  санасының  өзегіне  айналуға  тиіс.  Біз  болашаққа  көз  тігіп, 
тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық...», - деп атап өткен болатын. «Мəңгілік 
Ел»  жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  жүктеліп  отыр. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты қалыптастырудағы рөлі 
ерекше. Қазіргі Қазақстанның халқының бейбіт аспан астында тату-тəтті өмір сүріп жатқаны 
баршаға  аян. «Мəңгілік  Ел»  идеясы  Паториоттық  Актісінің  қабылдануы  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  қызметіне  ерекше  маңыз  беріп  отыр.  Мəңгілік  Ел  ұлттық  идеясына  қатысты 
негізгі мемлекеттік бағдарламалар мен осы бағыттағы іс-шараларды бір арнаға тоғыстырып, 
реттеуші  қызметін  атқарушы  басты  мекеме  ретінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 
қызметі жөнінде конференция барысында жан-жақты талқыланатына сенімдімін. 
Тек  сапалы  жоғары  білім  жəне  қажетті  мамандықты  меңгеру  адамға  сенімді,  бəсекеге 
қабілетті  маман  болып  мансап,  жоғары  табыс  табуға  мүмкіндік  береді.  Осындай 
республикалық  деңгейдегі  ғылыми-тəжірибелік  конференцияларға  қатысу  студенттердің 
білімдерін  шыңдауға,  ғылыми  көзқарастарын  кеңейтуге,  азаматтық  жəне  отансүйгіштік 
сезімдерін  қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Академик  Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  оқытушы 
профессорлар  құрамын,  студенттерді  жəне  осы  конференцияға  қатысушы  қонақтарды 
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтаймын. 
Барлық  қатысушылар  үшін  бұл  конференцияның  сəтті  жəне  табысты  болатынына 
сенемін. Сіздерге табысты пікірталастар мен қызықты идеялар тілеймін! 
 
 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы  
ҚарМУ бірінші проректоры,  
тарих ғылымдарының докторы, профессор  
 
 
 
Жұмашев Р.М 
 
 
 


«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА» 
секциясы 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстандағы лагерлер жүйесінің қалыптасу тарихы 
Əміржанова Г.Ж. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Лагерьлердің  пайда  болу  тарихы,  зорлық  еңбек  экономикасы  мен  басқару  құрылымы, 
тұтқындар  категориясы,  лагерьлердегілердің  күнделікті  тұрмысы,  əйелдер  мен  жас 
балалардың жағдайы, тұтқындар мен оларға қызмет көрсетушілердің, бұзақы қылмыскерлер 
мен  саяси  тұтқындардың  өзара  қарым-қатынасы,  тұтқындарды  күзету,  тыңшылар,  жазалау 
мен мадақтау, ауруханалар мен медпунктер жұмысы, тұтқындардың қаза табу себептері, кісі 
өлтіру,  тұтқындардың  қарапайым  жерлеу  рəсімі – Сталиндік  террор  сот  істерін  жалған 
жолмен  жүргізу  арқылы  сонау 20 жылдардың  соңында  «Шахтинск  ісі»  дегеннен  басталды. 
[1, 10 б.].  Онда  индустриализациялауды  атүсті  жүргізу  барысында  пайда  болған  табиғи 
кедергілерді  байырғы  инженерлер  интеллигенциясына  жауып,  оларды  орынсыз  қуғын-
сүргінге  ұшыратты  (деректер  бойынша:  шамамен 5-тен 10 миллион  адамға  дейін  құрбан 
болды, 40-50 миллион шамасында репрессияға ұшырады, 22 миллион адам жер аударылды). 
[1, 10 б.] 
Қазақстанда лагерьлер жүйесінде Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлері бірінші орында. 
Осының  негізін  Қарағандының  еңбекпен  түзеу  лагері  КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 
1930  жылғы  мамырдағы  қаулысы  арқылы  ашылды: « 2. ...лагерьге  бөлінетін  жерді  дереу 
бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсы. ...». [1, 12бет]. Осы 
қаулыға  сəйкес 1930 жылғы 13 мамырда  Қарқаралы  округінің  Бесоба  мен  Қоянды 
жəрмеңкесі  арасындағы 110 мың  гектар  жер  бүкіл  құрылыстарымен  лагерьдің  құрамына 
берілді.Сөйтіп,  Қарағанды  еңбекпен  түзеу  лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда  құрылды, 
лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 
120  мың  гектар  егістікке  жарамды  жер, 41 мың  гектар  шабындық  жер  бөлініп  берілді[2, 
24бет]..  Карлаг-ты  құрудағы  басты  мақсаттардың  бірі – сол  кезде  буырқана  дами  бастаған 
Орталық  Қазақстандағы  қарағанды  көмір  бассейніне,  Жезқазған  жəне  Балқаш  мыс  қорыту 
кобинаттарына  аса  ірі  азық-түлік  базасын  жасау  болды.  Оған  осынау  өнеркəсіп  салаларын 
құрып,  дамытуға  жұмыс  күші  де  қажет  болды.  Мəнісінде  ол  мемлекет  ішіндегі  мемлекет 
болды.  
Карлагтың Ақмола бөлімшесінің құрылу тарихы 30-шы жылдардың соңындағы елдегі 
саяси  жағдаймен  тығыз  байланысты.  Одақта  əйелдерге  арналған  барлығы 4 лагерь  болды. 
Олардың маңызды орталағы жəне ауқымдысы – «АЛЖИР». «АЛЖИР»(Акмолинский лагерь 
жен изменников Родины) – «ОСƏАЛ» (Отанын сатқандар əйелдерінің Ақмола лагері). 1938 
жылы 6 қаңтарда  «Р-17»  еңбекпен  түзеу  лагерінің  орнына  құрылған. [1, 46 б.].  Əуелде 
лагерьге  бір  жастан  үш  жасқа  дейінгі  балалары  бар  елу  əйел  əкелінді.  Кейін, «АЛЖИР-ге» 
елдің  тұс-тұсынан:  Москвадан,  Украинадан,  Армениядан,  Орта  Азиядан  тұтқын  əйелдер 
əкеліне бастады. Бұл лагерьде партия, кеңес органдарындағы басшы қызметкерлердің, соғыс 
қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдар мен жазушылардың əйелдері отырды. 
Лагерьлердің  мақсаты – социализм  құрудың  сталиндік  бағдарламасын  жүзеге  асыру 
үшін  тұтқындардыңтегін  еңбегін  жаппай  пайдалану  еді.  Сол  қараңғы  қапас  лагерьлердің 
ішіндегі  жағдай  ешкімге  беймəлім  еді.  Сондықтан  басшылық  тұтқындардың  қара  күш, 
маңдай тер еңбегін де пайдаланып қоймай, жазықсыз шыбын жандарын шырқыратты. Бұған 

10 
жазықсыз  адамдарды  бас  жоқ,  көз  жоқ  жазалай  беру  КСРО  ВЦИК-тің 1932 жылғы 7-
тамыздағы  заңы  бойынша  жəне  басқа  да  бірқатар  қылмыстық,  қылмыстық-процессуальдық 
заңдар  бойынша  жүзеге  асырылуы  дəлел.  Сондай-ақ 1934 жылғы 8-маусымдағы  «Отанға 
опасыздық туралы», 1934 жылғы 1-желтоқсандағы «Террорлық əрекеттер дайындап, жүзеге 
асырғандар»  жəне  көптеген  басқа  Заңдар  мен 1947 жылғы 4 шілдедегі  Жарлықтары  осы 
мақсатқа  қызмет  етті [1, 15 б].  Оған  бұлтартпас  дерек  көзі  ретінде  Абдолла 
Абдырахмановтың  айтқандары  дəлел  бола  алады [3, 12 б.].  Ол  кісінің  баяндауына  қарасақ, 
«əкесін 1938 жылы «халық жауы» деп түрмеге тоғытқан.1941 жылы əкесінің қайтыс болғаны 
туралы  суық  хабарды  естиді. 1948 жылдың  маусым  айында  НКВД  жендеттерінің  қанды 
шекпеніне ілінгенін, ауылдан қарға адым шықпаса да «Жапония тыңшысы» деп бір-ақ сəтте 
жала  жауып, «тыңшы»  етіп  шығарғанын  айтты.  Сонымен  қоймай  «сен  халық  жауының 
баласысың,  Жапонияның  агентісің,  Иранның  десантысың»  деген  айыптар  да  таққан. 
Шындықты  айтып  шырылдағанын  ешкім  елемеген,  керісінше,  тергеуге  алып  азаптап,  ұрып 
соққан. Озбырлықпен қинағанның əсерінен талықсып кетсе, үстіне мұздай су құйып, ақыры 
құжаттарға қол қойғызып алған» («Абыз» газетінде жарияланған «Мағжанның жұмбақ өлімі 
туралы аңыз бен ақиқат»  мақаласындағы сұхбатынан). Тек бұл ғана емес, əліде естілмеген, 
жазылмаған  əртүрлі  жайттар  бар.  Солардың  бірі,  қазіргі  кезде  көзі  тірі  Нұрғайша 
Жағыппарқызының  жүрегіне  жазылмас  жара  салған  естеліктері.  Біразды  көрген  Нұрғайша 
Жағыппарқызының  айтуы  бойынша, «сол  кезеңдерде  кем  дегенде  бір  ауылдың  өзінен  үш-
төрт  адам  тұтқынға  алынған  екен.  Ол  кісілер 25 жылға  сотталып,  босап  шығып,  қара 
шаңырақ  үйлеріне  оралады.  Сол  кісілерден  сұрастырып  білсе,  жоғарыдағы  басшылар 
тұтқындарды  өз  айтқандарына  көндіру  үшін  əртүрлі  жазалар  қолданатынын  айтқан. 
Солардың  ішіндегі  жантүршігерлігі:  тырнақ  арасына  ине  тығып,  жаншылап,  азаптауы» 
(Нұрғайша  Жағыппарқызынан  алынған  сұхбатым (27. 03. 2016 ж.).  Тек  бұл  ғана  емес,  əлі 
көптеген ашылмаған тарихтың беттері сансыз. 
Осы жылдарда жаппай ұжымдастыруға қарсылық білдіргендерге ең қатаң жаза қолдана 
бастады. Бұлардың бəрін соттан сыртқары, ОГПУ-дың жергілікті ерекше кеңестері соттаған. 
Жөнсіз  жазалау  факторлары,  неғұрлым  ашықтан-ашық  түрдегі  зорлық-зомбылықты  жүзеге 
асырушы қаптаған мемлекеттік ақпараттық қызметі (ВЧК – ОГПУ – НКВД) Сталиннің дара 
билігін күшейтуде маңызды рөл атқарады.  
ГУЛАГ  лагеріндегі  тəртіп  адамды  бүтіндей  тұқыртып,  қорлауға,  азғындатып  құртуға 
негізделген.  Тұтқындарды  мүсəпір,  жігерсіз  құлға  айналдырып,  олар  тек  берген  жер-көр 
тамақты ішіп, көрінген жерге жатып, жұмыс істесе болған деген мақсат көзделген. Тексеру 
актісінде: «Тұтқындардың  күзету  жағдайы  жақсы,  қарулы  жауынгерлер  жеткілікті. 12 
күзетші  жəне  иісшіл  иттер  бар.  Күзетшілер  казармасы  ойдағыдай,  тамақ  үздіксіз  беріледі, 
отынмен қамтамасыз етілген» деп жазылған болса [2, 35бет]. Ал бұл актіде мынадай өтініш 
білдіріледі: «Тұтқындарды барақтар бойынша үнемі тінтіп тұрмайды. Ешбір учаскеде карцер 
жоқ,  сондықтан  да  айыпты  болып  қалған  тұтқындарды  қамайтын  орын  табылмай,  соның 
салдарынан  көптеген  айыптылар  жазасыз  қалады. .... Тұтқындар  малға  берілген  кебектерді 
ұрлап,  одан  өздеріне  самса  пісіріп  жейді»  деп  керекғар  пікір  айтылған.[1, 37 б.].  ГУЛАГ 
қызметкерлерінің 1941 жылғы 5-ақпандағы  жазған  құжатында  былай  деп  көрсетілген: 
«Тұтқындар стандартты, шикі кірпіштен салынған екі барақта орналасқан. Ішінде қос қабат 
сөре, едені жоқ. Сөрелердің арасы батпақ, су шылқып жатады. Пеш күнде жағылмайды,... . 
Көптеген тұтқындарды төсек-орын жоқ. ... Жұмыс басында тіпті қайнамаған судың өзі жоқ. 
Тұтқындар  судың  орнына  қар  жейді.  Киім  мен  аяқ  киімнің  жоқтығынан  жұмысқа  шыға 
алмаса,  жарытып  берілмейтін  астың  өзінен  шектетіліп,  жаза  бөлмесіне  жіберіледі. 45 жаза 
бөлімшесінің 41-і  талапқа  сай  емес» [1, 36бет].  Осындай  жағдайды  баснан  өткізгендердің 
бірі  Қарағанды  облыстық  партия  комитетінің  бұрыңғы  екінші  хатшысы  Н.  Нұрсейітов, 
НКВД  басқармасының  бастығының  атына  жазған  өтінішінде  бастан  өткерген  азаптарының 
себептерін  көрсетпей,  былай  деген: «Мен 1937 жылы 24 маусымда  тұтқындалдым,  міне, 
түрмеде  демалмастан  жұмыс  істеп  жатқаныма  айдан  асып  барады.  Тынығуға  мүмкіндік 
беруіңізді сұраймын»[1, 23бет]. 

11 
ГУЛАГ-тың 1943 жылғы 16-наурыздағы  өкімі  негізінде  тұтқындарды  жерлеудің 
мынадай тəртібі белгіленген: 
1.  Бірнеше мүрдені жалпы молаға қатар жерлеуге рұқсат етілсін. 
2.  Өліктер табытсыз жəне ақыретсіз жерленсін. 
3.  Моланың  тереңдігі 1,5 метр,  ені  мен  ұзындығы  жерлеушілердің    санына  қарай 
белгіленуге тиіс.[1, 39 б.]. 
Қаншама  лагерьлерде  көптеген  адамдар  із-түзсіз,  жермен  жексен  болып  кеткен. 
Архипелагта ешқандай белгі қалмаған. 
Ал егерде лагерьден қашқындар шығатын болса, жанашырлық танытпай, ең ауыр үкім 
–  өлім  жазасына  кескен.  Деректердің  көрсетуі  бойынша, 1943 жылы  майданнан  келген  екі 
солдат  тұтқыннан  қашып  құтылуға  талап  жасаған.  Ал  оларды  лагерь  басшылары  қабаған 
иттермен  қуған.  Қашқан  тұтқындар  өз  еріктерімен  берілгеніне  қарамастан,  оларды  итке 
талатып өлтіріп, зонаға алып келген. Тəртіп бастығы «кім де кім қашуға талпынса осындай 
күйге ұшырайды» деп сес көрсеткен [6, 54 б.].   
Асыра  сілтеу  кезінде  орган  қызметкерлері  жаман  атаққа  қалса  да,  олардың  арасында 
заңды  бұзуға  қарсылық  көрсетіп,  ар-ұятын  аттамаған  адалдары  да  аз  болған  жоқ.  Алайда 
олар сол адалдығы үшін өздері құрбан болып кетті. Қуғындаудан Қазақстан саңлақтары да 
шет қалған жоқ. Соның бірі Қазақ КСР ішкі істер Халкомының бөлім бастығы С. Жақыпов. 
1937  жылы  қуғын-сүргінге  қатысудан  ашықтан-ашық  бас  тартқаны  үшін  тұтқындалды.  Тек 
бұл  кісілермен  шектетіліп  қалған  жоқ,  Жалпы  Одақ  бойынша 20 мыңнан  астам  чекистер 
адалдығы үшін азапқа түсті [4, 83 б.]. Алайда, 1985 жылдан бастап мемлекеттік қауіпсіздік 
органдары  сталиндік  қуғын-сүргін  кезінде  заңға  сиымсыз  қылықтарға  жол  берген 
қызметкерлерден тазартыла бастады. Мемлекеттік заңдылықты өрескел бұзғаны үшін НКВД 
–  МГБ-ның  (Мемлекеттік  қауіпсіздік  министрлігі)  қызметкерлеріне  түрлі  жазалар  қолдып, 
партиялық-əкімшілік жазалар тағайындалды.  
Қазақстандағы  лагерьлер  жүйесі  дегеніміз  зорлық-зомбылықтың  ұлан-асыр 
территориясына  айналыды.  Бүкіл  Гулаг  қатігездік  пен  алданыш  əлеміне  айналды.  Лагерь 
басшыларының  ойынша  тұтқындар  екпінді  еңбек  етеді  деген  үміт  болды,  ал  тұтқындар 
əділет  жеңіп,  босаймыз  деген  үмітпен  өмір  сүрді.  Бүкіл  система  бұрынғы  патшалық  қатаң 
тəртіппен  кеңестік  əділеттілікке  көшеміз  деген  принцип  ұстанса  да,  лагерьлер  бұл 
мемлекеттің  жаппай  зорлықшыл  мəнісін  айдай  əлемге  паш  етіп  тұрды.  Ол  адамдарды 
тұқыртып, адамдар еңбегі мен табиғат ресурстарын ысырапқа ұшыратты. Осы қуғын-сүргін 
толқыны  кесірінен  қаншама  азаматтардың  ұрпағымның  жарқын  болашағы,  арман-
мақсаттары  күл  болды.  Бірақ  сол  бас  көтерер  азаматтар  соңғы  демі,  қасық  қаны  қалғанша 
қарсы тұрып, əділдіктің, адамгершілік пен ақиқаттың таңы атарын, қазақтың қараңғылығына 
жарық сəуле шашарын білді.  
 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі: 
1.  Шаймұханов Д. А. Шаймұханова С.Д. Карлаг.  Алматы, 1997 ж.. 
2.  Дулатбеков Н.О. Степлаг. 2011 ж. 
3.  «Абыз» газеті 2014 ж. 
4.  «Карлаг: нəубет жылдардың жазылмас жарасы» электрондық кітап. 2012 ж. 
5.  «Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» электрондық кітап. 2012 ж. 
«Карлаг: қапастағылар қаламынан» электрондақ кітап. 2012 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 

12 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет