Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Список литературы: 
1.  Аспандияров Б. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация –Алматы, 2011. –  414 
с. 
2.   Кулькеков М.  Букеевской Орде 200 лет. – Алматы, 2001. 2 книга. – 232 с. 
3.   Кулькеков М.  Букеевской Орде 200 лет. – Алматы, 2001. 4 книга. –214 с. 
4.   Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. – Астана, 2004. – 159 с. 
5.  История Букеевского ханства. 1801-1852 гг.: Сборник документов и материалов. Сост. 
Б.Т. Жаналеев, В.А. Иночкин, С.Х. Сагнаева. – Алматы, 2002. – 287 с. 
6.  Проект Букеевская орда «Мəдени Мұра». 2014. – 4 с. 
7.  Кулькеков М. Букеевской Орде 200 лет. – Алматы. 2001. 3 книга. – 202 с. 
 
 
ШОҚАН УƏЛИХАНОВТЫҢ «АЛТЫНЕМЕЛ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕМОРИАЛДЫҚ 
МУЗЕЙІ 
Жумабаева М.Т., М. Боранбай Ə.А. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
 
Шоқан  Шыңғысұлы  (азан  шақырып  қойған  шын  аты – Мұхаммед  Ханафия) 
Уəлиханов 1835 жылдың  қараша  айында  қазіргі  Қостанай  обылысының  аумағындағы 
Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, қазіргі Алматы обылысының аумағындағы Алтынемел 
кентінің  маңында 10 сəуір 1865 жылы  қайтыс  болған.  Шоқан  Уəлиханов – қазақтың  ұлы 
ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, географ, фольклортанушы, ағартушы жəне демократ. 
Көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, тарихшы, этнограф Ш.Уəлиханов артына 
мол ғылыми мұра қалдырды. Ш. Уəлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай 1985 жылы 
қыркүйектің 20-да  «Алтынемел»  мемлекеттік  мемориялдық  музейі  ашылды.  Бұл  тамаша 
ғимараттың архитекторлары Р. Сайдалин, Б. Ибраев, Р. Рүстембековтердің жобасы бойынша 
салынды.  Ғимараттың  келісті  де  ықшам  көрінісі  Ш.  Уəлихановтың  өмірі  мен  ғылыми 
қызметін  жан-жақты  баяндайтын  музей  экспозициясы  мен  үйлесімді  үндестік  тапқан. 
Музейде қазақ халқының Ұлы ұстазының сүйегі жерленген бейітінің жанына  тұрғызылған. 
Музейдің  жанына  оның  ескерткіші  орнатылған.  Музей  архитектурасы  халық  эпосының 
символикасы  мен  үндесе  келіп,  ертедегі  қазақтардың  ұғымындағы  дүниенің  төрт  бұрышын 
меңзейтін,  айшықты  құралы  бар  мазар  құрылысы  тəріздес  салынған.  Ғимарат 

25 
бұрыштарының көлемі əр түрлі, төбеден салбырай төнген басқұрлардың етегі «бақты түйін» 
деп  аталатын  түрлі-түсті  жіппен  өрілген  шашаққа  жалғасады.  Халық  ұғымы  бойынша 
дүниенің төрт торабы оның бел ортасында табысады. Аңызда «жеті қабат жер» деген ұғымға 
сəйкес  террасалық  шешіммен  жасалған  музей  едені  келуші  жұрт  орталық  өзек  арқауды 
айнала отырып, біртіндеп орама іспеттес сатылармен жоғарлай берерліктей етіп салынған [ 1, 
17-18 бб.]. 
Музейдің  ішкі  безендірілуі  киіз  үйді  елестетеді.  Мұнда  халқымыздың  эстетикалық 
мəдинетін қолданудағы композициясы ұғымды шешімін тапқан. Ұлттық дəстүрге сай музей 
қабырғалары  сары  қызғылт  түспен  боялған.  Əр  түрлі  биікте  қалқып  тұрғандай  көрінетін 
төбенің  ақ  галышпен  салынуы  да  ғимаратты  безендірудің  ежелгі  тəсілін  көрсетеді.  Күннің 
қай мезгілде болмасын, дəл төбеден түсетін мол жарық экспозицияға ғимараттың кез келген 
бөлігін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Залдың ортасында. 
Ш.  Уəлихановтың  ескерткіш-бюсті  қойылған.  Бюстің  авторы  –Қазақстан  халық 
мүсіншісі Х. Наурызбаев. 
Музейде экспозиция, лекция залдары мен қор қоймасынан тұрады. Көлемі 546 шаршы 
метр  жерді  алып  жатқан  экспозицияны  жасауға  Москва,  Ленинград,  Омбы,  Алматы, 
Көкшетау,  Фрунзе  қалаларының  музейлері  мен  архитеторлары  белсене  қатысты. 
Мемлекеттік  Эрмитаж  бен  Ленинградтың  этнография  музейінен  қазақ  халқының  дəстүрлі 
мəдинеті  мен  тұрмысына  қатысты  бұйымдар,  құрал-жабдықтар  коллекциясының  бір  бөлігі 
келіп  түсті.  Қазақстан    Мелекеттік  орталық  музейі,  əл-Фараби  атындағы  ұлттық  кітапхана 
музейге көптеген заттар мен кітаптарды сыйға тартты. Ресей география қоғамы мен Сыртқы 
істер министрлігінің архивінен ресми құжаттар мен мəліметтердің көшірмесі алынды [ 2, 6 
б.]. 
Музей  ғимаратында  Шоқан  Уəлиханов  өмір  сүрген  кезеңді  сипаттайтын  экспозиция 
орналастырылып,  онда  ғалымның  жеке  заттары  мен  хаттары,  құжаттары  мен  зерттеулері 
қойылған. 
Шоқан  Уəлихановтың  «Алтынемел»  мемориалдық  музейінде  ғалымның  аққан 
жұлдыздай,  өте  шыққан  қысқа  ғұмыры  егжей-тегжейлі  баяндалады.  Ондағы  экспозициялар 
ғалымның  өмірін  кезең-кезеңімен  көз  алдымызға  келтіреді.  Бес  бөлімнен  тұратын 
экспозициялық  залдардан  келушілер  атақты  ғалым  өміріндегі  мəлім  де  беймəлім  де 
фактілермен  танысады,  Шоқан  пайдаланған  заттарды,  хаттары  мен  күнделіктерін,  оның 
қаламынан шыққан портреттік жəне пейзаждық суреттер нобайын көреді. 
Музей  экспозициясындағы  алғашқы  бөлімге  Шоқан  Шыңғысұлының    қалыптасу 
кезеңіндегі,  яғни  ХІХ  ғасырдағы  мəдени  жəне  саяси-əлеуметтік  ортаны  сипаттайтын 
құжаттар мен бұйымдар қойылған. 
Екінші бөлім Шоқанның жастық шағын, Омбы кадет корпусында оқыған кезін, əскери 
қызметінің  бастапқы  сатысын,  жас  Шоқанның  орыс  демократ  зиялыларымен  танысар  кезін 
суреттейді. Музейге келушілерге одан əрі Шоқан Уəлихановтың Орта Азия, Оңтүстік Сібір 
жəне  Қазақстанның  географиясы,  тарихы  мен  этнографиясы  туралы  зерттеулері  есептері 
күнделіктері  мен  хаттары  ұсынылады.  Оның  ресейлік  ғалымдармен,  жазушылармен 
жазысқан  хаттары,  күнделіктері  мен  өзге  де  құжаттары  мейлінше  ұқыптылықпен 
жүйеленген.  Ең  соңғы  экспозициялық  зал  артына  зор  ғылыми  мұра  қалдырған  Шоқан 
Уəлихановтың  халық  жадында  қалай  сақталып  отырғанын  əңгімелейді.  Мұның  қатарында 
Шоқанға арналған романдар мен повестер, ғылыми зерттеулер, пьесалар, спектакльдер мен 
фильмдер бар [3, 9-19 бб.]. 
Шоқанның  əкесі  Шыңғыс  баласын  жас  кезінен  халық  ауызындағы  аңыз-əңгімелерді 
жинақтауға  тартып,  жоғары  білімді  орыс  ғалымдарымен,  инженерлерімен  пікірлестіруге 
ұмтылды.  Шоқанның  рухани  тұлға  ретінде  қалыптасу  кезеңі  Омбы  кадет  корпусында  өтті. 
Осы  оқу  орнында  жүріп,  ол  ориенталист  Н.Ф.  Костылецкий,  тарихшы  П.В.  Гонсевский, 
публицист, Қазақстан мен Сібір халықтарының тарихын зерттеуші Н.М. Ядринцев, көрнекті 
географ  Г.Н.  Потанин,  Н.Ф  Анненский  жəне  басқа  белгілі  тұлғалармен  танысады.  Кейін 
оның  қатарына  С.В.  Дуров,  П.П.  Семенов-Тянь-Шанский,            Е.  П.  Ковалевский,  Ф.М. 

26 
Достоевский  сияқты  қазақ  даласына  жер  аударылған  жазушылар  қосылады.  Ф.М. 
Достоевский  жас  офицердің  талабы  мен  талантына  разы  болып,  ерекше  достық  ықылас 
білдіреді. 
Кадет корпусында оқып жүргенде-ақ оның саяхатқа шығуға, «белгісіз Азияның жаңа 
қырын танытуға» құштарлығы оянған еді. Жас ғалымның арманы орындалды, ол еуропалық 
ғалымдар  үшін  беймəлім  орындарды  ашып  қана  қоймай,  белгісіз  Азия  туралы  алғашқы 
ғылыми  деректерді  жазып  шықты.  Қауіп-қатерге  толы  Қашқария  сапарынан  кейін  ол 
ержүрек саяхатшы ретінде əлемге танылды, Ыстықкөл немесе Құлжа сапарынан кейін ол тек 
географ, экономист, этнограф қана емес, сонымен қатар, туған халқының тағдыры айрықша 
алаңдататын өркениеттер тоғысында тұрған адам ретінде соңына мол мұра қалдырды [ 4, 6-
12 бб.]. 
Ш.  Уəлихановтың 1858-1859 жылдары  Шығыс  Түркістанға  жасаған  қатерлі  саяхаты 
оның есімін дүние жүзіне əйгілі етті. Ш. Уəлиханов өзінің достары мен ғылым саласындағы 
əріптестерінің  үмітін  толық  ақтады.  Бұл  шын  мəнінде  ерлік  еді.  Ғылыми  ізденсітердің 
нəтижесі  оның  «Алты  шаhардың  немесе  Қытайдың  Нан-лу  провинциясының  (Кіші 
Бұқараның)  шығыстағы  алты  қаласының  жайы  туралы 1858-1859 жылдары»  іргелі 
зерттеуінде  жарияланды.  Ғалымның  осындай  зерттеулері  де  музейінде  сақтаулы.  Семей 
қаласында  өткізілген  Мұхтар  Əуезовтың 100 жылдығына  байланысты  халықаралық 
конференцияға  қатысып  Семейдегі  музейлерден  Абайға  жəне  Достоевскийге  байланысты 
қолжазбалар, фотоқұжаттар алып музей қорына толықтыру үстінде. Ф.Достоевскийдің əдеби 
мемориалдық музейі Ф. Достоевскийдің Ш. Уəлихановқа жазған хатының көшірмесін табыс 
етті. «Алтынемел  жотасы-тарихи  өлке»  атты  тақырыппен  өлке  тарихы  туралы  деректер 
жинастырылуда.  Шанханай,  Матай,  Қоянкөз,  Тезек  төре  бабаларымыз  туралы  жергілікті 
халықтан деректер жинастырылды [ 5, 69-71 бб.]. 
Музейге кіре берісте қойылған тас мүсіндер ежелгі қарапайым көркемөнер туындысы 
болып есептелінеді. Мұнда жауынгер жасақтардың мүсіндері кездеседі. Музейге Шоқанның 
өз  заттары  қару-жарақтары,  ер-тоқым,  өзі  жасаған  карталар  мен  саяхатта  болғанда  салған 
графика  мен  көркемсурет  жұмыстары,  халық  қолөнер  туындыларының  коллекциялары 
қойылған.  Экспонаттар  ішіндегі  ұлттық  музыка  аспаптары  Ш.Уəлихановтың  қазақ  аңыз, 
əндеріне  деген  сүйіспеншілігін  көрсетеді.  Сондықтан  да  музейді  жасаушылар  бəрін  де 
жоғары  талғампаздық  тұрғысында,  көркем  эстетикалық  деңгейде  жасауға  тырысқан. 
Шоқанның  əксі  Шыңғыс  Уəлихановтың  өз  қолымен  жинастырылған  тұрмыстық  құрал 
жабдықтары  мен  этнографиясы  кезінде  Петербургтың  орыс  география  қоғамына 
тапсырылғаны  белгілі.  Кейіннен  солардың  біразы  орыс  музейлеріне  уақытша  əкелінді.  Сол 
жəдігерлердің  ішінде  жазғы  жəне  қысқы  жамылғыш  халаттар,  ерлердің  тері  шалбары 
сақталған.  Сонымен  қатар  Шоқанның  тұтынған  заттары  қойлған.  Солардың  ішінде  барша 
белбеуі,  мыстан  істелінген  табақ,  шай  қасық,  қарындасының  басына  тартқан  орамалы, 
бұрыш  ұнтақтайтын  қол  дирменше  бар.  Музейде  Шоқын  Уəлихановтың  досы,  əрі  ұстазы 
Семенов  Тянь-  Шанскийдің  өмірін  суреттейтін  витринаны  көруге  болады.  Кезінде  ол 
Қашқария  экспедициясын  инциаторы  болған.  Мұнда  күнделіктер,  қолжазбалар,  тау 
жыныстарының тастары мен 
 минералдары қойылған. Оны ғалым Қашқария сапарында  
жинастырып қайтқан болатын [6]. 
Музейде  Шоқан  Уəлихановтың  қандай  əлеуметтік,  мəдени  жəне  саяси  ортада  өсіп, 
қалай  қалыптасқаны  Омбыда  кадет  корпусында  білім  алғаны,  əскери  қызметін  қалай 
бастағаны,  орыс  зиялыларымен  қалай  танысқаны,  оның  ғылыми  мұрасы,  əдеби  сурет  пен 
кинодағы бейнелері туралы деректермен танысуға болады. Онда Шоқан Уəлихановтың орыс 
жазушысы  Федор  Достоевскиймен  таныстығынан  сыр  шертетін  экспозицияның  бір  бөлігі 
көрсетілген.  Музей  іргесіндегі  төбеде  мүсінші  Июлина  Рукавишиников  пен  сəулетші 
Николай  Миловидов  жасаған  Шоқан  Уəлихановтың  ескерткіші  тұр.  Шоқан  Уəлиханов 
зираты музейден екі километрдей жерде орналасқан. Тарихшылар деректері бойынша Шоқан 
өмірінің  соңғы  жылдарын  осы  аймаққа  белгілі  аға  сұлтан  Тезек  төренің  ауылында  өткізген 
жəне оның жақын тусы (кейбірелер тіпті қызы деп атайды) Айсараға үйленген. Əуелі Тезек 

27 
төре    зираты  саман  кірпіштен  салдыртқан.  Маңдайшасына  тақтайша  орнатып,  оған  «Орта 
жүздің  ханы,  Шыңғысханның  ұрпағы  Абылайханұлы  –Уəли,  Уəлидің  ұлы  –Шыңғыс, 
Шыңғыстың ұлы –Шоқан» ,-деп жазғызып, соңына араб тілінде Құран аяттарынан үзінділер 
келтірілген.  Арада  төрт  жыл  өткенде  зиратты  күйдірілген  кірпіштен  қайта  көтеріп, 
айналасынан саманнан қоршау тұрғызылған. Шоқан зиратынның бастапқы түрін қағаз бетіне 
түсірген  досы,  орыс  саяхатшысы  жəне  зерттеуші  Григорий  Потанин. «Алтынемел» 
мемориалдық  музей  кешенінде  Түркістан  өлкесінің  генерал-губернаторы  Константин 
Кауфманның өз қаржысына мəрмəр тастан жасатқызған құлпытасы бар. Құлпытасты əзірлеу 
он  жылға  созылды.  Оны 1881 жылы  орнатқан.  Құлпытас  тарихын  зерттеген  Алматылық 
өлкетанушы  Николай  Ивлев  ондағы  жазуды  Польшадағы  көтеріліске  қатысқаны  үшін 
Верный  бекінісіне  жер  аударылған  поляк  ақсүйегі  Леопольд  Ластовский  қашап  жазғаны 
анықталды. Уақыт өте келе Шоқан Уəлихановтың бейіті де назардан тыс қалып, ұмыт бола 
бастаған. 1906 жылы газетте жарияланған куəгер əңгімесінде зират басында тек балшықтан 
соғылған қоршауы қалып, мазардың өзі толық қирап-бүлінгені айтылған. Кейінірек белгісіз 
біреу зират басындағы мəрмəр тасты да алмақ болған, оның құлпытас бетіндегі шапқы мен 
балға  іздерінен  байқауға  болады. 1989 жылы  мəрмəр  құлпытас  «Алтынемел»  мемориалдық 
музейіне қойылып зират басына оның көшірмесі орнатылған. 1948 жылы Алматыдан келген 
археологиялық  экспедиция  зерттеген  Шоқан  Уəлихановтың  зираты  екінші  рет  ашылды. 
Қазіргі  зираттың  үстінде  алқызыл  граниттен  биіктігі  бес  метр  обелиск  тұр.  Дінмұхамед 
Қонаев  естелігінде  былай  деп  жазған: «Панфиловтан  келе  жатып  Шоқан  Уəлихановтың 
зиратына соқтық. Оны қарап шыққан соң Алтын емел шатқалында жерленген Шоқан бейіт 
басына  ескерткіш  орнату  керек  деп  шештік.  Қысқа  мерзімде  жоба  əзір  болды.  Ескерткіш 
тұрғызу 24 рубль бөлінді. Ескерткіш 1958 жылы тұрғызылды».Обелиск саяхатты білдіретін 
глобус  жартышар  түрінде  жасалған.  Оның  бетінде  Шоқан  Уəлихановтың  қолдан  құйылған 
келбеті  бейнеленген.  Аяқ  жағында  жазу  жазлыған  мəрмəр  тақтйаша  орнатылған.  Зират 
қоршауының ішінде Шоқанның туыстары да жерленген [6]. 
Қорытындылай келе Шоқан Уəлиханов қалдырған ғасырлар бойы маңызын жоймайтын 
тағылымы мол сарқылмас бай қазынасын насихаттап, Шоқан заманындағы саяси-əлеуметтік, 
тарихи, мəдени мəселелер бойынша баяндама жасап, ойларымен бөлісті. Тарих-өткенің əділ 
сыншысы екені анық. Бүгін міне өшкеніміз тіріліп, тəуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болған 
тұста  кешегімізді  ойға  алып,  оның  беттерін  парақтап  жас  ұрпаққа  танымды  тəрбие  беру, 
басқа  сала  мамндарымен  бірігіп  ойлы  шаралр  өткізу  музей  қызметкерлернің  қызыметі. 
Ғалым өмірі ұрпаққа ұлағат, жаңа істердің толыққанды алға жылжуына жолбасшы.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. Əбішева С. Алтынемел музейі Шоқан шежіресінен сыр шертеді // Қазақстан музейлері = 
Музей Казахстана. – 2006. – №8.  – 17-18 бб. 
2. Байжан К. Алтынемел Шоқан музейі // Егемен Қазақстан. – 2008. – 25 маусым.  
3. Шоқанның өмірі мен қызметі // Ш.Ш. Уəлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. – I-
том. – Алматы: Толағай групп, 2010.   
4. Уəлиханов Ш.Ш. Қашғарға сапар ұйымдастыру туралы жазбалар // Ш.Ш. Уəлиханов. Көп 
томдық шығармалар жинағы. – III-том. –Алматы: Толағай групп,  2010. 
5.  Шоқан  естеліктері // Ш.Ш.  Уəлиханов.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы. –III-том. – 
Алматы: Толағай групп,  2010.  
6.  Азаров  А.  Мемориал  Шокана  Уалиханова www.azattyq.org/a/memorial-chokana-
valikhanova/27691206.html (23.04. 2016 г) 
 
 
 
 
 
 

28 
ЖАЙЫҚ БЕКТҰРОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ МЕН 
КЕНЕСАРЫ БЕЙНЕЛЕРІ  (Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатындары жеке 
қорындағы деректер бойынша) 
Жумадилова Қ.А 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С 
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 
 
Əр аймақтағы жергілікті халық аңыз етіп айтқанмен, кешегінің  қариялары келместің 
көшіне  ілесіп,  қатары  сиреп,  көзден  бұлбұл  ұшқан  сайын,  артында  жоқтаушысы,  іздеушісі 
жоқтарының  есімдері  көп  жағдайда  ел  жадынан  жоғала  бастайды.  Тарих  беттеріне  үңілсек 
Кенесары  хан  туралы  аз  жазылған  жоқ.   Демек  қызыл  қынапты  қылыш  асынған  хан  Кене 
болашақ ұрпақтың есінде мəңгі сақталмағы сөзсіз. «Хан сүйегін іздестіру» жорығы аясынан 
бастап хан Кененің мылтығы мен сауыты жөнінде келелі əңгімелер, мақалалар зерттеулер сан 
ғылыми жұмыстардың, ізденістердің тақырыбына өзек болды. Əлі де зерттелуде, зерттеле де 
бермек. 
Өмір  дүбіріне  сергектікпен  қарап,  ой  еңбегі  мен  дене  еңбегін  қатар  шынықтырған 
Жайық  Бектұров  атамыздың  көргені  көп,  тоқығаны  мол  жан.  Кенесарыдан  бастап 
Қазақстанның  ұлт  зиялыларының,  көрнекті  қайраткерлерінің  өмір  жолдарын  жаңа  ұрпаққа 
республикамызда ең алдыңғылардың бірі болып жазған журналист, жазушы Ж.К.Бектуров.  
«Кенесары  керуенінде»  деген  очеркінде  Ж.Кəгенұлы  өзінің  балалық  шағынан  естіп 
өскен  естеліктерін  қалдырған.  Біз  құжаттарды  ықшамдап  осы  мақалада  бермекпіз.Онда: 
«...Абылайхан, оның балалары Досан, Шама, Қасым төрелер, немерелері Шыңғыс, Кенесары 
менің  құлағымда,  зердемде  бала  жастан  бар  адамдар.  Бұған  себеп  көп:  Мен  туған    Ақмола 
мен  Бурабай  арасы  Абылайдың,  оның  арғы-  бергі  ұрпақтарының  қоныс  мекендері  бізге 
жақын. Сонан да бұл əйгілі əулеттің шежіресі, аңызы біздің құлағымызға бала күнімізден-ақ 
көп шалынды.»[1]деген.  
Кенесары  Қасымұлы 1802 жылы  Көкшетау  өңірінде  дүниеге  келген.  Ордасын 
Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың əйелі Қалмақ ханы Қалдан-
Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым сұлтан 
туады.  Кенесары  Қасым  сұлтанның  бəйбішесі  Айкүмістен:  Саржан,  Есенгелді,  Көшек, 
Ағатай,  Бопай  мен  бірге 6 алты  ағайынды  болып  туған.  Ал  Кенесарының  інісі  Наурызбай 
Қасым сұлтанның екінші əйелінен өмірге келген. [5] 
Кенесарының  туған  жері  Көкше  жайлы  Ж.Бектуровтың  «Ленин  туы»  деп  аталатын 
газетте  «Жақсы  жолда»  деген  мақаласынан  көре  аламыз.  Жайық  Кəгенұлы  Көкше  жайлы 
Ғабдоллаға (Жайық Бектуровтың анасының өгей бауыры[1]) айтқан əңгімесінде былай деген: 
«...  Сырт  жақта  Абылай  қара  жолы  қалып  барады.  Бұл  жол  бойында  біздің  атамыз  Қазы 
батырдың  қара  обасы  жатыр.  Оның  еңісінде  Абылай  ханның  сұлу  Өрес  ханымының  сүйегі 
жатыр. Бұл еңісті жұрт ертеден «Ханым сүйегі» деп атайды.  
-Өрес ханымның сұлу екенін сіз қайдан білесіз? Деп Ғабдолла мені қағытқан болды.  
-Неге білмеймін! Абылайхан əр жұрттан он екі əйел алған. Қырық қыздың, отыз ұлдың 
əкесіболған.  Ендеше  ол  Алатау  мен  Оралтау  арасында,  Түркістан  мен  Қызылжардың 
арасында  қалың  əскермен  жортып  жүргенде,  қасына  ең  сұлу  ханымын  алмай,  сол  он  екі 
əйелдің бірін ертіп жүрді дейсің бе?-  деймін. Көкшетау ақындары Абылайға елімізден жеті 
əйел əпердік десе де ханның көп əйелінің біреуі ғана қазақ қызы, өзгесінің бəрі қарақалпақ, 
қалмақ,  қырғыз,  өзбек,  естеке  елдерінің  қыздары.  Ел  мен  елді  жауластырмайын  деп  əр 
жұрттан қыз алған екен. Ендеше осы жол үстінде кенеттен қайтыс болған ханымды өрес сұлу 
десек, қателеспейміз, -деп мен өз жорамалымды айттым.» [2] 
Ғабдолла  ағасымен  біразға  дейін  сөз  таластырғанымен  артынша  аға  сөзін  сөйлейді. 
Оған себеп жетерлік еді. Көкшедей сұлу жерде, əрбір  шоғы, тоғайы сыңсып тұрған аймақта 
ақындардың, əншілердің көп болуы табиғи заңды ғой. Өнерпаздар осындай жерде тумағанда 
қандай жерде туады. Жазушы одан сайын інісіне ой салғандай арғы- бергі аңыз-ертегілерді 
айта береді. Сол мезетте ол інісіне: «...Ғабдолла, Абылайханның қонысты осы Көкше жақтан 

29 
неге алғанын білесің бе?» [2] деп сұрақ қойып оған өзі жауап қатты. «...Абылай қыр елінен 
қоныс алмапты. Тауы  да, жауы да, дауы да,  желі де, шөлі де көп ел екен.  Сондықтан жері 
жайлы, елі момын Көкшеден қоныс аламын» депті деп үлкендер тегін айтпаса керек деймін.» 
Əлбетте,  ғажайып  əсерге  бөлер  сұлулық  саясы – көгілдірКөкшенің  тамаша  табиғаты  өз 
бояуын əсте жоғалтпақ емес.  
Көркем  келбет  Арқаның  көк  моншағы  Көкшетау  мен  Ақмола  облысына  қарайтын 
Сəуле  ауылының  маңы.  Тұмса  табиғат.  Түгін  тартсаң,  майы  шыққан  жер.  Бұл  тал-терегі, 
шоқысы керемет мекеннің ғажабы Абылайдың табаны тиген, тұлпарының ізі қалған жер. Бұл 
жолды бүгінде дана қазақ «Абылайдың қара жолы деп атайды». Көрген куəлəрдің айтуынша 
қара  жол  əлі  сайрап  жатыр.  Қалың  жасағын  ертіп,  хан  Абылай  бұл  жермен  талай  өткен. 
Жайық  Бектуров  осы  Абылайдың  қара  жолы  жайлы  да  естеліктерінде  атап  өткен.  Очеркте 
«Менің өз ауылымның үстінде Абылайдың қара жолы өтеді. Бұл жолдың  əр тұстағы үзіктері 
əлі  де  өшкен  жоқ.  Біздің  өз  үйіміз  осы  жолмен  өзіміздің  əйгілі  ата-  баба  жерлеріміз 
Қамсақты- Маылыкепе, Қарамай қайнақта, Жал, Ойнақшоқ, Торайғыр, Құнанқой, Отынағаш, 
Жалқызыл,  Бұлақ,  Жағалтай,  Қайыңды-  қарағайлы  сұлу  қойнаулардың  егін,  шөбін  кешегі 
1928 жылға дейін Қызылағаштағы қыстауымызға осы жолмен тасушы едік. » деп жазады[2] 
Очеркте [1] тек Абылай жайыда ғана емес, əлбетте Кенесарының əкесі Қасым жайлы да 
сөз болған. Соған тоқтала кетсем.  
«...Айтпақшы Абылай қоныс тепкен деп шамалайтын тұста аттары орысша бұрмаланып 
жазылса  да,  арғы  түбірі  ұқсап  тұрған  Моншақты,  Жыланды  дейтін  таулар  да  бар.  Міне 
Абылайдың бір кездегі біраз  уақыт қонысы, оның ханымының зираты, əйгілі қара жолы өз 
ауылымыздың  үстінен  өтетін  болғандықтан  да  Абылай  ханның  ертегідей  əңгіме-  хикаясы 
бізге  өз  ауылымыздың  шежіресіндей  естілетін  еді.  Оның  үстіне  Кенесарының  əкесі  Қасым 
ханды біздің үлкендеріміз «Қалмақ қызынан туған, ол анасының жатырынан қан шенгелдеп 
туыпты»  десіп  отыратын.  Міне  осы  атақты  Қасым  төре  əлгі  Талқора  бойындағы  сұлу 
орманды қонысты алмақ болыпты, бірақ, ілгері қалың Керей елі өз ішінде патша үкіметінің 
тайный советнигі атақты Көшенұлы Тұрлыбегі бар Қасымға бұл жерді бермепті. Бұл маңда 
Керей ішіндегі Төре тұқымының болмауы да осыдан деседі. Тұрлыбек мықты кісі болыпты, 
оның əлгі атағы сол кезде генерал-лейтенантқа тең екен. Оның маңында көшегі Мəтідəулен, 
Құндақ, Жүкен, Паң-Нұрмағамбет тəрізді белді адамдар да болыпты. [1] 
Абылай  мен  оның  баласы  Қасым  жазушыға  осылайша  таныс  болған  соң    Кенесары 
беймəлім  болып  қалуы  мүмкін  емес.  Естеліктерінде  анасының  өгей  інілері  Ғабдолла  мен 
Тəжен  əнші,  домбырашы  жігіттер  екенін  айтып,  сол  естіген  бір  қисасын: «Ғабдолла 
домбыраға  қосылып  «Ханшайым-Наурызбай»  қисасын  жақсы  айтатын  еді.Сонда  жабықтан 
ханшайымға көзі түсіп, сұлу ханшайым Кененің көзі тиіп өледі делінетін еді...» [1]-деп еске 
алады. 
«Кенесары керуенінде» очеркіндегі естелігінде: «ХІХ ғасырдың орта кезінде туып, мен 
10  жасқа    келгенде  дүние  салған  үлкен  əкем  Шəшкейұлы  Бектұр  ақсақал  Шынысты, 
Сұлтанғазыны  төрелерді  көп  көрген.  Өзі  жастайынан  жортуыл  адам  еді.  Ол  кісі  əйелді  де 
арамыз  без  күз  шақырымдай  қыр  елі  Қорғалжын  сыртындағы  қара  қойын-  Қашырлыдағы 
елден  алыпты.  Сол  кезде  ме,  Атбасарда  ма,  дəл  айда  екені  белгісіз,  Бектұр  ақсақал 
Кенесераның  Сыздығын  да  көріпті,  екі  иығына  екі  кісі  мінердей  адам  еді  деуші  еді.  Тек 
біздің  көзімізге  осы  күні  түсіп  жүрген  Сыздықтың  суреті  бұл  сөзге  онша  сай  еместей.  Не 
біздің  үлкендеріміз  Сыздықтың  суретін  жасаушылар  оның  тек  бет  əлпетін  ғана  сипаттаған 
болуы  керек.» [1] деп  өз  атасының  айтқандары  бойынша  Кенесераның  ұлы  Сыздық[13] 
жайында да мəліметтерді атап өткен. 
Жоғарыда  Кенесары  жайындағы  еңбектердің  аз  жазылмағандығын  атап  өткен 
болатынбыз. Бұған тағы дəлел ретінде Ж.Бектуров еңбектері. Дүниеге қазақ перзенті болып 
туып, адамзат перзенті болып аттанған Ж.К.Бектуров тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз 
жеткізетін  тағылым  мектебі.  Заманмен  бірге  тебіреніп,  мəңгілікпен  үндесе  білудің  жарқын 
өнегесі.  Хан  Кенені  зерттеушілердің  еңбегін  назарынан  тыс  қалдырмаған.  Соған  тоқтала 
кетсек:  

30 
«...Бері келе С.Сейфуллиннің «Көкшетау» дастанын оқып Абылай заманының аңызына 
қызықтық  одан  бұрын  бізге  ауыз-екі  жеткен  Мағжан  ақынның  «Батыр  Баянның», «Оқ 
жетпесін»  қызыға  жаттадық.  Осының  бəрі  бізді  Абылай,  Кенесары  дəуіріне  ынтықтырды. 
Ақыры 1934 жылы Алматыда М.Əуезовтың  «Хан Кене»  пьесасының байқауында болдым... 
«Хан  Кенеің»байқауынан  кейін  С.Сейфуллин  мен  Ғ.Мүсірепов  «Сатсиалды  Қазақстан» 
газетіне екеуі екі бөлек мақала жазды. Ғ.Мүсіреповтың мақаласы шағын, Сəкен ағамыздың 
мақаласы  көлемді  еді.  Қазір  бұлардың  егжей-тегжейі  есімде  жоқ.  Ал  жалпы  С.Сейфуллин 
Абылай  əулетін,  əсіресе  Қасым  мен  Кенесарыны  ұнатпайтыны  сол  мақаладан  да  айқын 
көрініп еді. С.Сейфуллиннің бұл мақаласы əзірше жазушының томдарына кіре қойған жоқ. 
Ал  Ғ.Мүсіреповтың  сол  шағынырақ  мақаласы  елуінші  жылдары  Кенесары  жайлы  айтыс- 
тартыс болғанда Кенесарыға қарсы құрал дерек ретінде біраз ауызға алынды. [1]. 
Кеңестік  қысым  мен  тыйым,  шектеулер  нəтижесінде  ұдайы  айтар  ой  мен  сөзге  тұсам 
салынды. Бұл тұсамға бағынбаймын дегендердің көрер күні белгілі. Таразының бір басында 
ұлт  идеясы,жұрт  қамы  тұрса,  ал  бір  басында  жеке  бастың  қамы  тұрған  заман  болған. 
Көкірегінде қыжыл болып, хан Кенені сағынып жүрген Ж.Бектуров І.Есенберлиннің «Қаһар» 
романы  жарық  көргенде  Қарағанды  газетіне  көлемді  рецензия  бастырған.  Сол  рецензия 
жайында: «...Көп қысқартылып шықты, қазақ баспасөзінің тым қырағы кезі ғой содан кейін 
қазақ тілін өркендетуге байланысты Ғ.Мүсірепов ағамыздың «Социалистік Қазақстанда» бір 
көлемді  мақаласы  басылды.  Мұнда  көрнекті жазушымыз  тікелей  болмағанымен  жанамалап 
кенесарыға  байланысты  Есенберлинді  сынады,  ол  тіптті  «Ұлпан»  атты  белгілі  көркем 
туындысында  да  Кенесарыны  кемітті.  Мен  міне  сол  кезде  «Социалистік  Қазақстанға» 
Ғ.Мүсіреповке, І.Есенберлинге өзімше жауап бердім. Тек өзім түрмеден шығып, ақталғаннан 
кейін  өзіме  қол  ұшын  беріп,  жазушылар  Одағы  Қарағанды  облыс  аралық  бөлімшесін 
басқартып,  ықылас  білдірген  соң  əрі  ұялып,  əрі  тайсақтап,  бұл  хатымды  Ғабене  жібермей, 
ықшамдалған нұсқасын І.Есенберлинге жолдадым. Ақыры осы беріде бұл хаттың толығырақ 
нұсқасын  мұнда  да  біраз  қысқартып  Кенесары  туралы  «Дерек  пен  дəлел»  атты  көлемді 
мақалама  кіріспе  ретінде  «Орталық  Қазақстанда»  бастырдым.  Бұл  мақала  мен  хат  едəуір 
ықшамдалынып  одан  кейін  «Жұлдыз»  журналында  басылды. 1992 жылы  болар  Алматыда 
осы  журналдың  редакторы  Мұқтар  Мағауинмен  сөйлесіп  отырғанымда  бұл  ініміз  маған: 
«Ғабитке  неге  қатты  сын  айтқыздыңыздар?»  деп  бір  жігіттер  күңкілдеді,  мен  оларға 
«Кенесары  үшін  М.Əуезовты  да  құрбан  етуге  бармын  дедім»  деді.  Бұл  дəлме-дəл  келтіріп 
отырған сөзім.»-деген. 
1870  жəне 1871 жылдары    «Вестник  Европы» [4] журналының  үш  номерінде  шыққан 
Орынбордың  қала  бастығы  Н.Середаның[4]«Қазақ  сұлтаны  Кенесары  Қасымовтың 
көтерілісі» (Бунт киргизского султана Кенисары Касимова. (1838-1847 гг.)) атты ұзақ очеркін 
көшіріп алған еді. [1] Ол очерктерге тоқтала кетсек: 
1.  «Қазақ  сұлтаны  Кенесары  Қасымовтың  көтерілісі» (Бунт  киргизского  султана 
Кенисары Касимова. (1838-1847 гг.)) 1870 жылғы басылымда. [6] 
2.  «Қазақ  сұлтаны  Кенесары  Қасымовтың  көтерілісі» (Бунт  киргизского  султана 
Кенисары Касимова. (1838-1847 гг.)) 1870 жылғы басылымда. [7] 
3.  «Қазақ  сұлтаны  Кенесары  Қасымовтың  көтерілісі» (Бунт  киргизского  султана 
Кенисары Касимова. (1838-1847 гг.)) 1871 жылғы басылымда. [8] 
Оны  кезінде  ғылым  докторы,  əрі  əдебиетші  Е.А.Букетовке,  өзгеде  бірер  адамдарға 
берген болатын. Ақыры сол тарихи очеркті Қарағандының облыстық орысша жəне қазақша 
екі  газетіне  де  түп  нұсқасында  жариялап,  Кенесары  көтерілісі  туралы  екі  тілде  де  очерк 
бастырған.[12] 
Тарих  ғылымдарының  докторы (1946 жылы),  профессор,  Қазақ  КСР  ғылым 
академиясының  корреспондент  мүшесі  Ермұхан  Бекмахановтың "XIX ғасырдың 20-40 
жылдарындағы  Қазақстан".[9]  атты  монографиясы  хан  Кененің  көтерілісін  зерттеушілер 
үшін үстел кредосына айналса, қазақстандық тарихшылардың ойлары  бір жерден шығушы 
еді деген ойымыз бар. Ж.Кəгенұлы өзінің үзеңгілес, дəмдес, дидарлас досы Е.Бекмахановпен 
кездескен сəттерін жəне еңбектерін бағалайтынын өз сөздерінде қоса айтып отырған. Мысал 

31 
келтіре өтсем: «...Өзім лагерьден оралғанша тарихшы Е.Бекмахановты жəне оның Қазақстан 
тарихы жайлы кітабын білмеуші едім. Бұл кісінің өзін елуінші жылдардың екінші жартысына 
қарай , Кенесарының  жаласынан  сотталып,  Алматыға  қайтып  оралғанан  кейін  ғана  бірінші 
рет  көрдім.  Бұл  танысуымыз  əлдеқалай  болды.  Алматының  Гоголь  жəне  Комунистік 
көшелері  мүйісінде  жазғы  ыстықта  жүріп  көше  сыраханасының  алдында  тізіліп  кезекте 
тұрды.  Басқа  жұмысы  жоқтай  бір  милиционер  бізді  тəртіпке  шақырып,  кезегімізді  тексере 
бастады.  Осыған  кейіген  бір  сақа  жігіт  ашуланып  милиционерді  жұдырықтай  жаздады 
«Көргенде  осы  сендерден-ақ  көрдік  қой»  деп, «қайда  барсақ  та  соңымыздан 
қалмайсыңдар»деп  милиционерге  бас  салғысы  келді.  Қасымда  əдебиетші,  өзі  де  мен 
сықылды  жанада  ғана  ауызы  көкке  шала  тие  бастаған  жолдасым  С.Талжанов: «Ереке 
қойыңыз бұларға тек ілік керек, əне тиіскелі тұр деп ана жігітті тоқтатты. Сөйтсем, бұл жігіт 
лагерьден жаңадан ғана босап қайтқан атақты тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов құрбымыз 
екен. Содан былай Ерекенмен оқта-текте кездесіп жүрдік. Ол көп қысымнан кейін бұрынғы 
райынан қайтқандай болып, қайтадан жаңа кітап жазды. Мұның бəрі заманның ен- таңбасы 
ғой. 
Е.Бекмахановтың  кітабына  дейін  Кенесары  жайлы  ілгері  ештеңе  оқымаған  біздер 
қазақтың ержүрек көсемі кенесарыны тек көңілімен, ел аузындағы аңызбен ғана түсінетінбіз 
ғой» Ол тұста Е.Смирновтын кітабы барын естігенбіз , бірақ оны да оқи қойғамыз жоқтығын, 
ал Н.Середаның еңбегін атымен естіген емеспіз. Осы беріректе Бурабайда Кенесары үңгіріне 
барып жүрдім. Кенесарыны қазақ халқының, орыс жұртшылығының жауы деп айғайлағанда, 
ол өзі бір кезде  патша əскерінен тығылып паналаған, мықтағанда оншақты-ақ адам сиятын 
тастың  бір  қуысында  қоянжүрек  қорқақтар  халықтан  Кенесарының  аяқ  басқан  жерін 
жасырып,  үңгірдің  ауызын  бекітіп  тастаған.  Міне  осы  үңгірдің  ауызы  қайта  ашылғаннан 
кейін  мен  осы  беріде  «Үңгірдің  күмбірі»  деп  біраз  өлең,  əрқилы  естелік  іспеттес  сөз 
жаздым...»[1].  
Иə, кеңестік жазалау идеологиясы атқарған ісіңді ғана емес, ойлаған ойыңды да жазаға 
тартуға  бағытталды.  Қазақ  халқы  тарихының  даулы  мəселесі  болып  келген  Кенесары 
қозғалысына  көзқарасының  сол  кезде  көп  тұншықтырылғаны  мəлім.  Бекмаханов  ісі  оған 
дəлел.  Жаппай  науқан 1951 жылдың 11-12 наурызы  күндері  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының тарих институтында басталды. Онда  «Правда»  газетіндегі мақала толықтай 
мақұлданып,  Кенесары  жəне  тарихшы  Е.Бекмаханов  «қазақ  халқының  жауы»  болып 
жарияланды.  А.Черниченко  оның  есебін  «Правданың»  бас  редакторына  жіберді,  ал  ол 13-
наурыз  күні  Ильичевтің  ілеспесімен  Сусловқа  жеткізіліпті.  Сусыманың  мазмұны  мынадай: 
«Правданың»  мақаласын  талқылауға  арналған  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  тарих 
институтының  жабық  партия  жиналысы  екі  күнге  созылды.  Жиналысқа 30 адам  қатысты. 
Жарыссөзде 11 коммунист  сөйледі.  Онда  кеңейтілген  қаулы  қабылданды. «Правданың» 
мақаласы  өте  дұрыс  деп  табылды.  Газеттің  жарияланымы  «Правданың»  Қазақстан 
ғылымының  дамуынан  жасалған  қамқорлық  деп  бағаланды.  Қаулының  əшкерелеуші 
бөлімінде:  Кенесары  қозғалысын  феодалдық-реакциялық,  монархиялық  қозғалыс.  Кітап 
авторы  Бекмаханов – буржуазияшыл-ұлтшыл,  троцкишіл  Варшавскиймен  ауыз  жаласқан, 
екеуі  бірігіп  идеология  майданына  зиянкестік  келтіріп  отыр – деп  бағаланды.[3]  Бұл 
жайында айтылар ойлар мен толғаныстар көп.  
«... Əрине бұл кезде мен К.Степняктың- Ə.Бөкейхановтың  Кенесары өлімі жайлы 1923 
Ташкентте  басылып  шыққан  шағын  кітабынан  ешбір  хабарым  да  жоқ.  Тіпті  жоғарыда 
аңғартқанымдай,  ол  тұста  біздің  қолымызда  Кенесары  қозғалысы  жайлы  ешқандай  нақты 
тарихи  дерек  атымен  жоқ.  Мұндай  деректі  өзім  білетін  біздің  тұстарымыздан  іздестіргенді 
көргенім  де  жоқ,  тіпті  бұған  біздің  ұрпақтың  ойы  да,  мүмкіндігі  де  болған  жоқ.» [1] деп 
жоғарыда  айтқан  сөздерімді  дəлелдей  түсетіндей.  Ж.Кəгенұлының  айтып  отырған  еңбегі 
Əлихан  Бөкейханның  «Таңдамалысы» [10] Онда  хан  Кененің  туыстас  қара  қырғыздардың 
қолынан  қаза  табуы,  сый-сыяпат,  кек  үшін  азаптап  өлтіріп,  басын  алғандығы  жайлы 
жазылған.  Сан  мыңдаған  қарапайым  қазақтың  көкейінде  жүрген  «Кенесарының  басы» 
мəселесі.  Кенесарының  өмір  жолындағы  қыйындықтар  секілді,  басын  елге  қайтару 

32 
мəселесінде  де  қыйындықтар  тууда.  Эрмитаждың  төңірегіндегі  зерттеуде  қиындықтар  тағы 
бар. Қысқасы Хан Кененің бас сүйегін елге қайтару уақыт еншісіне қала бермек. Осы орайда 
қолда  бар  дерекке  көз  жүгіртсем  тақырыбымның  мəнін  ашуда  өзек  болған  жазушы  Жайық 
Бектуров жазбаларындағы мəліметтерді айтып өтсем: 
«...  Е.Бекмаханотың  еңбектерінен,  берірек  келе  өзім  іздестіріп  тапқан  түпнұсқалардан 
кездестірген  деректерім  болмаса,  ол  уақытта  Кенесары  жайлы  мағұлматым  жоққа  тəн  еді. 
Бірақ    сөйтсе  де  кенесарының  бас  сүйегін  ертеде  Омбыға  жіберілгенін,  оны  кезінде 
Кенесарыны  көп  қудалаған  Батыс-Сібір  генерал-губернаторы  П.Д.Горчоковқа  қырғыз 
манаптарының силыққа тартқанын естуші едім. Ал К. Степняктық профессор Поливанов пен 
доктор  Х.Досмұхамедовтың  редакциясымен  шыққан 1923 жылғы  кітабына  князь 
Горчаковтың  Қапал    қаласына  келіп,  Кенесарының  азаптан  өлтірілгенін  оның  бас  сүйегіне 
қарап  біліп,  қырғыз  манаптарының  бірінің  өкілі  Қ.Əлібековке  патша  атынан  күміс  медаль 
бергенін,  Кенесарының  бас  сүйегін  оның  «Қылмыстық  ісіне»  тіркеп  Омбыға  алдырғанын 
нақты  деректерден  кейін  білдім.  Сөйтсе  де,  халық  қаһарманы,  ұлт  көсемі  Кенесары 
батырдың бас сүйегінің Омбы өлкетану музейінде кешегі елуінші жылдарға дейін сақталып 
келгенін  нақты  көрген  кісілердің  бірі  осы  күнгі  белгілі  басшы  қызметкер  Сауық 
Тəкежановтың  ағасы  Əмір  Тəкежановтен  өзім  лагерьден  келген  соң  да  ауыз-екі  естідім. 
Ə.Тəкежанов өзінің диссертациясына дерек іздестіре жүріп Кененің басын Омбыдан көріпті. 
Тек  не  керек  соның  артынша  елуінші  жылдардың    бас  кезінде  Кенесары  туралы  айғай-шу 
шыққанда  Ə.Тəкежанов  та  Кенесарыға  шабуыл  жасағандар  тобында  болып  кетсе  керек. 
Кененің  бас  сүйегі  ендігі  бір  алып-қашты  лақапта  Ленинградттың  Эрмитажына 
апарылғандай.  Кім  біледі  бұл  рас  та  шығар.  Ұлан  байтақ  қазақ  даласынан  мұнда  не 
апарылмады?  Ахмет  Яссауидің  Түркістандағы  қазаны  да,  Ұлытаудың  Алтыншоқысынан 
Ақсақ  Темір  орнатқан  белгі  тас  та  апарылды.  І.Есенберлиннің  «Қаһар»  романында 
Кенекемнің  бас  сүйегі  сол  Эрмитажда  дегендей  емеуірін  болуы  тегін  де  емес  шығар.Біздің 
əлі іздемеген құнды заттарымыз, байлықтарымыз аз емес қой.»[1] 
Осы Ж.К.Бектуров еңбектерін талдау барысында мынадай ұсыныс білдіргім келеді.  
1.  Мұрағат 
құжаттарын 
мүмкіндік 
болса 
жарыққа 
шығару. 
Себебі 
Ж.К.Бектуровтың    қоры  өте  бай.  Тізімдеменің  ішіндегі  əр  құжат  маңызды 
мағұлматтарға толы. 
2.  Тақырыпта  айтылған  Кенесарының  бас  сүйегі  мəселесінде  Ж.К.Бектуровтың 
ұсынысын,  яғни,  Омбыдан  іздеу  бастамасын  əрі  қарай  түпкілікті  маманданған 
ғалымдар көмегімен зерттеу. 
3.  Мұрағаттағы  əрбір  құжатты  жаһандық  технологияға  негіздеп  электрондық 
нұсқада Ж.К.Бектуров  қорын жаңғырту керек деп ойлаймыз. 
Осы  ғылыми-  зерттеу  тақырыбымды  қорытындылайтын  болсам,  Əлихан,  Ахмет, 
Міржақып,  Сəкен,  Мағжандай  арыстардың  салған  сара  жолын  жалғаған  Жайық 
Кəгенұлындай тұлғалардың біздер көзі болып, сөзі болып, өкше басар ұрпағы болсақ, əрине, 
нұр  үстіне  нұр  болары  хақ.  Зейнеттен  тасымаған,  бейнеттен  қажымаған  өр  тұлғаның 
қалдырған əрбір еңбегі бізге бағалы.  
 
Əдебиеттер тізімі: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет