ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖƏДИТШІЛІК ТАРИХНАМАСЫНЫҢ КЕЙБІР
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Мейрамбеков А.К.,
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С.
Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы мұсылмандардың арасындағы ірі қоғамдық-саяси жəне
əлеуметтік-мəдени құбылыс ретіндегі жəдитшілік тарихы, отан жəне шел ел
тарихшыларының зерттеулерінде ерекше орынға ие.
Жəдитшілік – исламдағы жаңартылған ағым, оның өкілдері мұсылмандар өмірін қазіргі
заманның жаңа бағыттары мен талаптарына сай реформалау мен бейімделуге шақырды.
Алғышқы кезде мұсылмандық білім бері жүйесін қайта құру үшін пайда болған қозғалыс,
жəдитшілік 1905-1907 жылғы оқиғаларға байланысты өзінің артынан қоғамды ертіп жүре
алатын мықты саяси күшке айналды.
Ресейлік мұсылмандардың қоғамдық өмірінің барлық салаларында реформалардың
қажеттілігін айтқандардың біріншісі, ірі қоғамдық қайраткер, педагог жəне публицист
53
Исмаил-бей Гаспринский. 1881 жылы ол өзінің еңбегін «Русское мусульманство. Мысли,
заметки и наблюдения мусулманина» жарыққа шығарды, бұл оны жəдитшіліктің негізін
қалаушы мəртебесінде бекітті. Гаспринскийдің арқасында 1883 жылы Бахшасарай қаласында
«Тарджиман» газеті шыға бастады, бұл газет 20 жыл бойы жəдиттердің басты елге таратушы
құралы болды.
Бүгінгі күні жəдитшілік толық мөлшерде Қырым мен Еділ бойы секілді аймақтарда
зерттелген, себебі олар аталған ағымның жəне ағартушылықтың орталықтары болған.
Қазақстанда реформаторлық идеялардың енуі мен дамуы толық зерттелмеген, ол тақырып
бойынша саны көп емес публикацияларға үлкен құндылық пен маңыздылық береді.
Аталған мақаланың мақсаты Қазақстандағы жəдитшілктің тарихнамасына анализ жасау
болып табылады.
Қазақстандағы жəдитшіліктің орны, рөлі мен маңызың ғылыми зерттеу ХХ ғасырдың
30-шы жылдары басталды. Бірінші байыпты зерттеу болып С. Асфандияровтың «Ежелгі
заманнан бергі Қазақстан тарихы» еңбегі саналады. Жəдитшіліктің мазмұның анықтай келе,
ол оны «еуропалық мəдениетті игеру бағытындағы ағым» ретінде сипаттады, оны басты
мақсаты деп ақсүйек мектептерін ашуда жалпыұттық тілді жасау болды деп түсіндірді [1, 264
б.]. Автор қозғалыстың қоғамдың бағытын атап көрсетеді, соның ішінде білім беру
жүйесіндегі реформалар тек қоғамның шағын ғана бөлігін, татар буржуазиясы мен татар
сауда капитамен байланысты қазақ байларын қамтығаның айта кетті. Қазақстандағы
қозғалыстың рөліне баға берер кезде, автор оның ең алдымен батыс жəне солтүстік
бөліктерде біршама ықпалға ие болғаның, ал оңтүстік аймақтарда əлсіз болғаның атап кетеді.
Жəне ол жаппай сипатта болмады, дербессіз жəне кірме болды деп баға берді [1, 265б.].
Осылайша, отардық тарих ғылымының негізін салушы жəдитшілікте бірінші кезекте,
оның əлеуметтік-мəдени бағытын көрді: жаңа мектеп үшін жəне көпшілікті ағарту үшін
күресті.
Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары Қазақстандағы жəдитшіліктің ұғынуы мен
түсіндіруінде жаңа кезең басталды. А. В. Пясковскийдің «Түркістандағы 1905-1907
жылдардағы революция» зерттеуінде жəдитшілікке көбірек саяси мағына беріледі. Автордың
ой бойынша, жəдитшілік - «либералды-буржуазиялық, контрреволюциялық, ұлтшылдық
қозғалыс» [2, 255 б.]. А. В. Пясковский жəдитшілікті саясаттандыруда үлкен рөлді Ресейдегі
1905-1907 жылдардағы революцияға бөледі. Ол жəдидтер өздерінің алдына қойған басты
мақсатты антихалықтық ретінде көреді – «тұрғылықты еңбекші халықты революциялық
күрестен бұру, өзінің əсерін көпшілікте тарату, оларды өздерінің артынан ерту жəне сонымен
қоса... патшалық билік жағынан өздеріне белгілі бір талаптарға қол жеткізу» [2, 543б.]. С.
Асфандияровтан ерекшелігі, зерттеуші жəдитшілік идеяларының таралу аймағын
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына жатқызады. Оның ойынша, қазақтарды бұл қозғалыс
қамтымаған. Оның тасушылары болып татар, өзбек жəне тəжік буржуазиялық элеметтерінің
өкілдері болды [2, 543б.].
Автор ерекше назарды жəдитшілік пен пантүркизм (саяси докторина, өзінің алдында
Түркия бастамасымен барлық түркі тілдес халықтарды ортақ мемлекет қылып біріктіру
мақсатын қояды) арасындағы өзара байланысқа бөледі. Олардың байланысын анилиздеп, А.
В. Пясковский жəдитшілікті пантүркизмнің бір амалдарының бірі деп анықтап, тұжырым
жасайды [2, 549б.].
Осыған ұқсас бағалау көзқарастарын К. Е. Бендриков жəне М. Г. Вахабов сияқты
ғылымдар да ұстанды. Осылай К. Е. Бендриков жəдитшілік қозғалыста екі бағытты бөліп
шығарады. Ресейдегі 1905 жылғы оқиғаларда ол жəдиттердің «өздерін идеологиялық
тұрғыда пантүркизммен жəне онымен генеологиялық байланысқан панисламизммен
байланыстырғандар» жəне ағартушылық арнасында қалғандар деп бөледі [3, 248 б.]. Егер
класстық теоретикалық дəлелдерді алып тастасақ, бұл жұмыс Қазақстан мен Орталық
азиядағы жəдитшілік мектептердің дамуы мен оған қарсы патша өкіметінің күресі жайлы
нақты материалға бай бірегей дерек болып табылады.
54
М. Г. Вахабов жəдитшілік қозғалысты антихалықтық деп бағалайды, жəне оны «халық
бұқарасының прогресивті ұмтылыстарын жəне даму тенденцияларын көрсетпейді» деп
санайды [4, 56 б.]. К. Е. Бендриковтың артынан ғылым жəдитшіліктің саяси жəне мəдени
аспектілерін қатарлас бақылауға ұмтылады. Ол жəдиттерді «оңшылдар» деп – буржуазиялық
ағымның өкілдері жəне «солшылдар» немесе алғашқылар, олар ағартушылар болған деп
бөледі. Солшыл жəдитшіліктің шығу себебі деп автор Ресеймен мəдени жағынан жақындасу
деп санайды, ал оңшылдың шығу себебі – «капиталдық қатынастардың енуі жəне ұлттық
буржуазияның қалыптасуы»[4, 59 б.].
Біз көріп тұрғандай, 50-60-шы жылдардағы басылымдардың негізгі векторы
жəдитшілікті кертартпа, антихалықтық, класстық деп бағалауға ұмтылған. Осындай
тенденция ресми кеңестік тарихи ғылымда ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін сақталады.
70-80-ші жылдарда жəдитшілікті саясаттандырылған бағалаулардан бірте-бірте
алшақтау басталады. Жəдитшілікті ағартушылықпен бірдей деп санау тенденциясы пайда
болады. Бұл А.И. Сембаев, Г. М. Храпченков, жəне А.А. Атишев жұмыстарына тəн. А.И.
Сембаев жəне Г. М. Храпченков өзінің «Қазақстанның мектептері тарихы туралы очерктер
(1900-1917)» атты еңбегінде, жəдитшілік болмысының кертартпа буржуазиялық-ұлттық
бағалаудан алшақтамай, негізгі назарды жəдиттердің ағартушылық идеяларына бөлді [5, 79
б.]. Зерттеудегі екпін мұсылмандық білім беру жүйесіндегі реформаға, оның жаңа дыбыстық
оқу əдісіне көшуіне қойылады.
Авторлар жəдитшілік фрагменттік түрде барлық Қазақстанның территориясында
көрсетілді деген тұжырымға келеді [5, 83 б.]. Бірақ та оның əсерін, патшалық үкімет пен
кадимистердің белсенді əрекетінің нəтижесінде, шамалы деп белгілейді [5, 46 б.].
Жұмыстың құндылығы жəдиттік мектептердегі оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру,
оның құрылысы, оқу бағдарламалары бойынша кең фактілік материалдың болуы.
Жəдитшілікті мəдени-ағартушылық жағынан зерттеуге айтарлықтай үлесті А.А.
Атишев қосты. Автор өзінің жұмысында Қазақстан ағартушыларын үш топқа бөліп
қарастырады, жəне жəдиттерді жеке бөліп қарастырады:
1. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарының ағартушылары. Оларға ол Ш. Уəлихановты, М.
Бабаджановты, М. Пиралиевті жатқызады.
2. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарының ағартушылары. Олардың қатарына Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Балғымбаев, А. Тəңірбергенов жатады.
3. Жаңаəдістік кезеңнің ағартушылары (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы).
Жəдиттік ағартушылар өкілдеріне зерттеуші Б. Утетлеуовты, С. Көбевті, М. Қалтаевті, М.
Сералинді, Б. Қаратаевті, Ж. Сейдалинді, С. Торайғыровты жəне басқаларын жатқызады [6,
65 б.].
Автордың ойынша, «қазақтың ұттық интелегенциясы ағартушылық, жаңаəдістік
мектептер арқылы зайырлы білім беру жолымен жүрді жəне бұқараның революциалық
қозғалысын басқара алмады» [6, 103 б.]. Осылайша, А. А. Атишев жəдитшілікте саяси емес,
мəдени мағынасын көрді.
Кеңестік тарихнамаға шолу жасаған кезде Х. Ш. Иноятовтың зерттеуін айналып кету
мүмкін емес, себебі онда ХХ ғасырдың 50-60-жылдардың жəдитшілікті класстың
түсіндірудің дəстүрі нақты көрінеді. Басқа көптеген зерттеушілерге қарағанда Х. Ш.
Иноятовтың ойынша, Ресейдегі бірінші рефолюциядан кейін жəдиншіліктің саяси бағыты
бастаушы болып, толықтай мəдени бағытты ығыстырып шығарады. «Жəдидшілік толықтай
буржуазиялық идеология болып қалыптасады, ал оның қозғалысы буржуаздық-либералдық
мəнерді алады» [7, 64 б.]. Жəдитшіліктің пайда болу себебін автор Қазақстанның Ресейдің
экономикалық жүйесіне кіруінде көреді [7, 59 б.]. С. Асфандияровтан кейін автор,
«жəдитшілік халық бұқарасынан алаңдатылған жəне оларға түсініксіз болған» деп есептейді
[7, 68 б.].
Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарына, жəдитшілікті, Қазақстан
территориясында ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында болған, ағартушылық құбылыс ретінде
сипаттау тəн.
55
Қазақстандағы қазіргі кездегі зерттеушілер арасында Е. Б. Садықов пен Н.Д.
Нұртазинаны айта кеткен жөн. Е. Б. Садықовтың жəдитшілікті талдауы сонылықпен
ерекшелінеді: «азаттыққа жету үшін ағартушылық əдістерді ұстанатын, күштемей жасалған
антиотаршылдық қозғалыс» [8, 92 б.]. Сөйтіп автор қозғалыстың мəдени жəне саяси
болмысын қосуға тырысады.
Н.Д. Нұртазинаның жұмыстары теоретикалық тұжырымдарға бай болып келеді. Оның
түсінігі бойынша жəдитшилік модернистік ағым, оның мəні орыс-еуропалық мəдіниетті
саналы түрде игеру [9]. «Жəдитшілік – бұл Батысқа қарсы шыққан нағыс исламдық жауап»
[10, 171 б.]. Жəдитшілік идеялардың жақтастарына Н.Д. Нұртазина А. Байтұрсыновты, М.
Дулатовты, Ə. Бөкейхановты, Г. Карашевті, М. Сералинді жатқызады. Зерттеушінің ойынша,
«егер революцияға дейінгі жаңаəдістік мектептер сақталса жəне өздерінің дамуын
жалғастырса,
біздің
интелегенцияның
шығармашылық
жəне
интелектуалдық
мүмкіншіліктері айтарлықтай жоғары болушы еді» [11].
Н.Д. Нұртазинаның жұмыстары жəдитшілікті зерттеуде жаңа шекараларды ашады.
Автор жəдитшілікті, пантүркизм мен панисламизм сияқты экстремизм емес, Ресеймен
саналы жақындасу процесі ретінде қарастырады.
Қазақстандағы жəдидшіліктің тарихнамасына шолу жасау, аталған қозғалысты
зерттеуде көптеген шешілмеген мəселелердің бар екендігін көрсетеді:
1. Тақырыптың жеткіліксіз зерттелуі. Салыстырмалы түрде жақын уақытта тарих
ғылымы партия органдарының қатаң идеологиялық қысымының астында болды, осыған
орай, шет аймақтардың ұлттық оянуымен таримен байланысты сұрақтар ескерілмеді. Бұл
жəдитшілік сияқты құбылыстың жеткіліксіз түрде зерттелмеуінің ең басты себебі болды.
Осыған ең басты мысал, аталған тақырып бойынша іргелі монографияның болмауы;
2. Қозғалысты объективті түрде бағаламау. Көптеген жұмыстарда авторлар
тақырыпты көтергісі келсе де, жəдидшіліктің мəні оны зерттеуде класстық амалмен,
кертартпа, антихалықтық бағалаумен сонша бұрмаланған, бұл жұмыстардың фактіліктен
басқа, тарихи құндылыққа ие емес;
3. Ұғымның белгісіздігі. Қазіргі кезге дейін жəдитшілікті зерттеушілердің арасында
аталған құбылысты ортақ түсунішілік жоқ. Мұндай қойылым ХІХ-ХХ ғасырлар
тоғысындағы Қазақстан тарихын түсіндіруді одан сайын қиындатады, себебі бұл кезең үшін
жəдитшілік тіралы сұрақ ең маңыздылардың бірі болып табылады;
4. «Жəдитшілік-пантүркілік-панисламдылық» арақатынасы. «Жəдитшілік» ұғымы
таришылар
зерттеулерінде
«пантүркілік»
жəне
«панисламдылық»
ұғымдарымен
араласқандығы сонша, бұл үш ұғым да тығыз қиылысады жəне ұқсас деген болжам
қалыптасады. Жəдитшілікті пантүркілік жəне панисламдылықпен байланыстыру, біздің
ойымызша зерттеушіні шынайы жолдан шегіндіреді.
Əдебиеттер тізімі:
1 Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). 3-е издание. Под.
редакцией профессора А. Такенова – Алматы: Санат, 1998.
2 Пясковский А. В. Революция 1905-1907 годов в Туркестане. – М., АН СССР, 1958
3 Бендриков К. Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане (1865-1924).
– М.: Педагогика, 1960.
4 Вахабов М. Г. О социальной природе среднеазиатского джадидизма и его эволюциив
период Великой Октябрьской революции // История СССР, 1963, № 2
5 Сембаев А. И., Храпченков Г. М. Очерки по истории школ Казахстана (1901-1917 гг.)
под. редакцией доктора философских наук Е.И. Шехтермана – Алма-Ата: «Мектеп», 1972
6 Атишев А. А. Политическая мысль Казахстана во второй половине ХІХ – начала ХХ
века. – Алма-Ата. «Наука», 1979
7 Иноятов Х. Ш. Победа Советской власти в Казахстане. М, 1978
8 Садыков Е. Б. Российско-казахстанские отношения на этапе становления
тоталитарной системы (1917-1937). – Алматы: «Ғылым», 1998
56
9 Нуртазина Н. Д. Тюрки принимали новую веру добровольно и искренне //
Казахстанская правда, 30 июня 2001 ж.
10 Нуртазина Н. Д. Духовное влияние наследия народов Центральной Азии в свете
межконфессионального диалога (суфизм и джадидизм) // Глобализация и диалог конфессий в
странах Центральной Азии: Материалы международной научно-практической конференции
«Глобализация и диалог конфессий в странах Центральной Азии». 21 июня 2002 г. – Алматы:
Компьтерно-издательский центр Института философии и потитологии МОН РК, 2002
11 Нуртазина Н. Д. Новометодные школы // Наука Казахстан, 16-31 октября 1997 г.
ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНЫЕ ПАМЯТНИКИ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Минаж Д.К.,
Научный руководитель: д.и.н., профессор Калыш А.Б.
КазНУ им. аль-Фараби
В археологическом комплексе Тагискен отчетливо выделяются два могильника. Один
находится на северной части плато, другой – на южной. Оба комплекса находились в
непосредственной близости друг от друга. Южный могильник на поверхности плато был
представлен курганными насыпями, большая часть которых раскопана в наше время. Насыпи
курганов сложены, в основном, из супесчаных почв, подверглись сильной эрозии и почти не
выделяются рельефом на современной дневной поверхности. Могильник содержит
наибольшее количество насыпей, в основном, сакских курганных захоронений, датируемых
VI – V вв. до н. э. Погребения на древнем горизонте, которых около половины в могильнике,
по планировке погребальных построек напоминают простейшие погребальные сооружения
эпохи поздней бронзы Северного Тагискена. Памятник роднится и с расположенным
поблизости могильником Уйгарак :
– большие прямоугольные ямы, приближающиеся иногда по своим пропорциям к
квадрату;
– узкие прямоугольные ямы со скругленными углами, в ряде случаев почти овальны;
– могилы на древнем горизонте без грунтовых ям [1, с. 278-284.].
В северной части возвышенности также располагались отдельные курганные насыпи,
раскопанные в настоящее время. Могильник Северный Тагискен выделяет ся
монументальными погребальными сооружениями и специальными пристройка ми к ним,
построенными из сырцового кирпича. Могильник менее однороден в хронологическом
отношении, ибо содержащиеся в нем погребальные сооружения датируются большим
периодом, охватывающим, видимо, почти все 1 тысячелетие до н.э. Комплекс погребальных
сооружений возведен из прямоугольного сырцового кирпича, сделан из местной коренной
породы, имеющей рыжеватый цвет. К признакам погребальных сооружений, характерных
для Северного Тагискена, относятся:
– обжигание поверхности площадки перед сооружением погребальной конструкции;
– погребальные «столики», окруженные прямоугольными в плане канавками;
– сожжение погребальной конструкции;
– столбовые ямы по углам погребальной камеры;
– кольцо огня вокруг погребальной камеры.
Археологический комплекс Тагискен – памятник переходного типа, если рассматривать
его в хронологическом аспекте. По своей географической локализации он также занимает
промежуточное положение между западного и восточного ареалов, между скотоводческо-
земледельческими культурами степного севера и классическими земледельческими
цивилизациями юга Средней Азии. Эта географическая и хронологическая промежуточность
делает могильник Тагискен ключевым памятником для разработки самых разных вопросов
археологическо реконструкции [2, с. 165-173.].
57
Памятник Чирик-Рабат расположен в 300 км к западу от г. Кызылорды, в 90 км к юго-
западу от села Жанакала, на левом берегу сухого русла р. Жанадарьи, на возвышенности,
высота которой достигает 15 м. Высота над уровнем моря 110 м. Выявлено и обследовано в
1946 г., а в 2004 г. повторно обследовано, определены географические координаты. В
настоящее время ведутся раскопки. План города соответствует овальным очертаниям холма,
длина которого равна 850 м при ширине около 600 м.
Чирик-Рабат в древности имел огромное стратегическое значение. Он стоял на
оживленном караванном пути, соединяющем дельты Амударьи и Сырдарьи, как бы охраняя
южную границу страны саков-апасиаков. На площади городища обнаружены следы
нескольких разновременных поясов укреплений. Наибольшую площадь имеет древнейшее
городище, овальное в плане и окруженное двойным поясом укреплений. К тому же времени
относится подпрямоугольное укрепление, расположенное в центральной части памятника,
которое можно рассматривать как цитадель древнего городища. Насыпь кургана округлых
очертаний; диаметр ее около 60 м, высота 3,5 м над уровнем окружающей местности. В
центре кургана обнаружена заплывшая воронка диаметром около 30 м – свидетельство того,
что курган был разграблен. При раскопах вскрыты погребальная камера и дромос.
Могильная камера вырублена в плотном песчаном материковом слое с известковыми
включениями; в плане она представляет собой почти правильный квадрат. Сохранившаяся
высота стен равна 2,5 м; они так же, как и пол камеры, покрыты тонким слоем глиняной об
мазки с побелкой. В северо-западной части камеры в полу вырыта неглубокая яма, по-
видимому, связанная с ограблением кургана. Никаких следов человеческих костей в кургане
не оказалось. Вход в погребальную камеру оформлен в виде шести крутых широких
ступеней, также вырубленных в материковом грунте; они выводили на горизонтальный пол
дромоса, уровень которого на 0,5 м выше уровня пола камеры. Пол и стены дромоса тоже
покрыты тонким слоем глиняной обмазки. После совершения обряда погребения камера
была засыпана. Дромос и могильная камера покрыты мощным камышовым настилом,
который сохранился. Настил стоял из шести слоев камыша, положенных друг на друга,
причем толщина каждого слоя равна 2-3 см. Второе погребальное здание городища Чирик-
Рабат, стоящее к югу-западу от курганов, дало иную планировку, чем первое. Здесь также
встречаются слои раствора с камышом. Отметим, что в растворе кладки было найдено много
бронзовых трехлопастных втульчатых наконечников стрел. Стена толщиной 3,9- 4,0 м делит
здание на два помещения: № 1 и № 2, которые соединяются проходом, причем вход в здание
и этот проход по оси не совпадают. Судя по остаткам деревянных столбов, вход в здание был
оформлен двустворчатой дверью. В проходе обнаружена кладка из сырцового кирпича. Пол
в обоих помещениях сложен из двух рядов кирпичей, лежащих на материке и покрытых
сверху слоем саманной обмазки. В середине комнаты № 1 на полу обнаружено
беспорядочное скопление костей: три черепа, кости конечностей, тазовые и др. Здесь,
несомненно, потрудились грабите ли. Об этом свидетельствуют следы лопат, рубящих
инструментов и небольшая яма, пробитая до материка. Та же картина наблюдается и в
помещении №2, первом от входа. В его западной половине при разграблении вырыта
небольшая яма. В восточной части этого помещения вскрыта большая яма, которую
выкопали не грабите ли. В погребальной яме на дне у северо-восточной стенки найдены
женский череп и небольшое количество костей скелета. Видимо, костяк лежал головой на
сосуде, внутри которого находились три каменных и одно костяное грузило. Найдены так
же золотые круглые нашивные бляшки, фрагменты бронзового зеркала, остатки костяного
гребня, зеленые бусы из стекла и египетской пасты, 10 бусин из агата. На дне яме лежал
трехгранный черешковый железный наконечник стрелы. Керамика обоих помещений
датируется III - II вв. до н .э.
В ходе данного исследования были рассмотрены основные тенденции памятников, а
также сделали анализ исследования памятников историко-культурного значения
Кызылординской области [3, с. 103-112.].
58
Список литературы:
1. Итина М.А. Яблонский Л.Т. Мавзолей Северный Тагискен. – М., 200. – 295 с.
2. Толстов С.П. Хорезмская археолого-этнографическая экспедиция. – М.– Л., 1947. –
180 с.
3.Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарт. – М., 1962. – 321с.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СУСЫНЫ – ҚЫМЫЗ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР
Нұғман Гүлмарал
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Ахметшина Г.У
Л.Н.Гумилев атындаға ЕҰУ
Қымыз қазақтың үнемі тұтынатын сусындарының бірі, əрі бірегейі. Қымыз десе
тамсанбайтын қазақ жоқ, деседе ол өзге ұлттарға ертеден таныс, əсіресе соңғы жылдардан
бері қымыз жайлы күнделікті тұрмыста əр алуан айтылымдар бар, тіпті кейбір жалған
ақпарды айта салатындарды да жолықтырамыз, сондықтан бүгінгі мақаламызды «Қазақтың
ұлттық сусыны- қымыз туралы тарихи жазда деректер» тақырыбына арнадық. Қазақтың
ұлттық сусыны қымызды зерттеуде біз тарихи жазба деректерге сүйендік.
Тарихи деректер - тарихи процесті айқындайтын жəне адамзат қоғамының өткенін
зерттеуге мүмкіндік беретін барлық объектілер; материалдық мəдениеттің, жазба
ескерткіштердің, салт-дəстүр мен əдет - ғұрып , т.б заттары.
Тарихи деректер арқылы өткенде не болғанын біліп, талдау жасап,белгілі бір
заманнан қалған деректер арқылы сол заманның тарихын білуге болады. Тарихи деректерді
көбінесе сол заманда өмір сүрген тарихшылар немесе сол заманда өмір сүрген ақын-
жыраулар қалдырып кетеді. Осындай деректер арқылы қазір өткеннін тарихын біле аламыз.
[1, 194 б] Қымыз туралы алғашқы деректерді ежелгі грек тарихшысы- Геродоттың
жазбаларынан кездестіруге болады. Бұл деректерде Геродот скиф тайпаларының өмірін,
шаруашылығын сипаттаумен қатар, оларда жылқы сүтінен дайындалатын сусынның бар
екенін жəне ол сусынды дайындауды скифтер құпия ұстайтындарын жазады. ХІІІ ғасырда
француз монахы əрі миссионер Гийом де Рубрук өз жазбаларында (1253 жылы) алғашқы рет
қымызды даярлаудың жолын толық жазып қалдырған. Ал грек дəрігері Гиппократ «... өздері
пісіріп ет жейді, бие сүтін ішеді жəне иппака жейді (бие сүтінен жасалған ірімшік)» деп
жазады [2, 71 б]. Қазақстандық тарихшы В.Ф.Зайберт Ботай тұрағын зерттей отырып,
Еуразия даласын мекендеген тайпалар жер бетінде ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткенін
дəлелдеп берді. Қымыз молекулалары Ботай тұрағынан табылған ыдыстарда сақталғаны,
қымызды да алғашқы рет ботайлықтар тұтынғанының дəлелі болып табылады[3, 116 б].
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, халықаралық байланыстар кеңейіп, еліміз
көптеген шет елдермен байланыс орнатып, тығыз сауда қатынастарын орната бастады.
Алдағы уақытта дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу міндеті де тұрғаны баршаға мəлім.
Халықаралық сауда деңгейіне жету үшін, қазақтың ұлттық бренді болуға тиісті. Қымыз -
халықаралық саудада еліміздің ұлттық сусыны ретінде бəсекеге түсе алатыны сөзсіз.
Сондықтан, қымыздың шыққан отаны – Қазақстан екендігін дəлелдеу,бүгінгі күннің өзекті
мəселесі болып келеді.
Ұлы адамдардың қымыз туралы пікірлеріне тоқталсақ: Қазақтың ұлы хандарынын
бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Əз-Жəнібек ханның ортаншы баласы,
қазақтың қасқа жолды Қасым ханы, ұлттық сусынымыз жөнінде мынадай өлең шумағын
қалдырған болатын:
«... Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз,
Лəззат алатын асымыз- ет,
Сүйетін сусынымыз- қымыз ..Қызық көретініміз- өрістегі жылқымыз...»
Достарыңызбен бөлісу: |