Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет42/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

 
 
ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ 
Сквирская Е.Е. 
Ғылыми жетекші: қоғамдық пəндер оқытушысы Қазығұлова М.Я 
 
«Қиындық  атаулыны  жеңетін  бір-ақ  күш  бар,  ол – бірлік»  демекші,  ел  басына  күн 
туған  замандарда  халқымызды  ұлт  ретінде  сақтап  қалғанын  ытымағы  мен  бірлігі  десек, 
артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан 
анық. 
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы 
мол  болмақ.  Ауызбірлік  пен  түсіністік,  қарапайым  сыйластық  үстемдік  құрған  жерлерге 
қашанда нəтижелі істердің үйір болатыны белгілі. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу 
түгел болса, төбедегі келеді" дегенде, ата-бабамыздың ынтымақ керектігін айтқан болатын.  
Ұлт  пен  ұлыстың  татулығының  арқасында,  бүгінде,  мемлекетіміз  өркендеп,  ілгері  дамып 
келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен 
Ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нəтижесі екендігі белгілі. Біздің 
елімізде əрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 
«Тіл  туралы»  заңдағы  «Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы 
болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының əрбір адамзаттың 
парызы»  делінген.  Ұлттың  ең  бірінші,  ең  қасиетті  сипаты  оның – ана  тілі.  Əр  адам  өз  ана 
тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  халыққа 
арнаған  Жолдауында  бүгінгі  күннің  ең  басты  мəселесі - ел  бірлігіне  баса  назар  аударды. 
«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен 
алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты 
мəселесі.  Ел  бірлігі – ең  асыл  қасиет», – деген  Елбасы  тұжырымы  Отанын  сүйген  əр 
азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. 
Бүгінгі  көп  этносты  Қазақстандағы  татулық  пен  келісімнің  болуы  да,  ең  алдымен, 
қазақтың  ұлылығын  танытса  керек.  Қазақстан  жерін  мекендеген  халықтардың  достық, 
туысқандық  қарым-қатынасы  еліміздің  болашағының  іргетасы  болып  табылады.  Бүгінде 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісім  үлгісі  əлем 
назарын аударып отыр. 
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен 
тұрақтылықтың  феномені – Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы,  бүгінде  қоғамдағы  келісім 
мен  ынтымақтастықтың  басты  тетігі  болып  отыр.  Бұл  ешбір  елде  болмаған  ерекше,  саяси 
маңызы зор құрылым. 

316 
Бүгінде əрбір ұлтқа салт-дəстүрлерін жаңғыртуға, мəдениеті мен əдебиетін дамытуға, 
тілінің  жетілуіне  қамқорлық  көрсетілуде.  Осының  бəрі  Елбасының  қоғамдағы  азаматтық 
ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық 
қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. 
Иə,  шынында  да,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  халықтарыныңАссамблеясы – ұйымдық 
құрылым  ғана  емес,  ол – біздің  өміріміздің  ажырамас  бөлігі,  біздің  тыныштығымыз  бен 
бірлігіміздің белгісі болып отыр. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса əр 
ұлттың тілін, тарихын, мəдениетін, салт-дəстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту. 
Ассамблея  этномəдени  орталықтардың,  Қазақстан  халқының  ұлттық  мəдениеттері,  тілдері 
мен  дəстүрлерінің  өркендеуін,  сақталуын  жəне  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Республикада 
Қазақстанның  барлық  этностарының  мəдениетін,  тілін,  дəстүрін  дамыту  үшін  қажетті 
жағдайдың  бəрі  жасалған.  Ассамблея  қызметі  Қазақстанның  этносаралық  қатынастар 
мəселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. 
2012  жылғы  Қазақстан  халқына  жолдаған  Жолдауында  Қазақстан  Республикасының 
Президенті Н.Ə.Назарбаев : «Жаһандану дəуірі көп ұлтты мемлекеттер дəуірі. Бұл – əлемдік 
үрдіс.  Еліміздің  дамуына  барша  ұлт  бірге  үлес  қосты.  Ендеше,  Тəуелсіз  қазақ  елінің 
азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен 
тіл табысып, тату-тəтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – басты қағидасы болуы шарт»,- 
деп көрсетті. 
Бабалар  жүріп  өткен  жолдың  тарихи  тағлымы  бізге  береке  бастауы – ел  бірлігінде 
екендігін айқын көрсетілген. Қазақ жерінде тоғысқан алуан ұлт пен ұлыстың береке бірлігі 
мен өсіп-өркендеуіміздің алтын қазығы ретінде алып, болашаққа қарай нық қадам жасады. 
Оған  дəлел,  Елбасының  халқына  жолдаған ««Қазақстан 2050» Жолдауы – Мəңгілік 
Елге  бастайтын  ең  абыройлы,  ең  мəртебелі  жолы  екенін  мақтанышпен  айтамын.  Осы 
еліміздің  көркейіп,  үлкен  белестерден  көріне  алуы,  қиын  кезеңдерден  сүрінбей  өтуі, 
елбасымыздың  салиқалы  саясатының  арқасында  деп  білемін.  Оған  дəлел  бүгінде 130 дан 
астам  ұлт  өкілдерінің  татулығы.  Біз  келешек – жастары,  мемлекетіміздің  іргетасын  бірге 
қалауды жүзеге асыруымыз керек. 
Бүгінде бір ғана Отан бар. Ол – Тəуелсіз Қазақстан. Ендігі кезекте біздің мақсатымыз 
–осы  тəуелсіздігмізді  құрметтеу,  қорғау  жəне  келешек  ұрпаққа  аманаттауға  тиіспіз.  Ендігі 
кезекте ата- бабаларымыз салған сара жолдың тарихи тағлымын жалғастыру - болашақ ұрпақ 
біздің еншімізде деп толық сеніммен айтамын. 
Қорыта  келгенде,  бірлігі  берекелі,  тірлігі  мерекелі,  ынтымағы  жарасқан  елдің  ғана 
ырысы  мен  табысы  мол  болмақ.  Қазақстанның  көп  ұлтты  халқының  татулығы, 
ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бірлігімізді сақтай білейік! 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  халыққа 
арнаған Жолдауы, 2012 ж 
2.   ««Қазақстан 2050» стратегиялық Жолдауы 
3.  «Тіл туралы» Заңы 1997ж 
 
 
ҚАЗАҚСТАН- БІРТҰТАС ЖЕР, БІРТҰТАС ХАЛЫҚ, БІРТҰТАС БОЛАШАҚ 
Уразбекова Б.Б. 
Ғылыми жетекшісі: магистр Куребаева Г.А. 
Семей қаласы Шəкəрім атындағы МУ 
 
Əлемдегі мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да ол өз болашағының жарқын 
болғанын  жəне  озық  елдер  арасында  жүргенді  тілейді.  Бірақ  кез-келген  мемлекеттің  бұл 
мақсатқа қол жеткізуге дəрмені жете бермейді. Оның себептері əр алуан. Адамзат дамуының 

317 
өткеніне зер салып қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуы мен өркендеуіне бөгет болатын негізгі 
кедергілердің  бірі  ол – ел  ішіндегі  алауыздық  пен  берекесіздік  екенін  тарих  көрсетті. 
Мəселен,  қазақ  қазақ  болғалы талай  заманды  өткерді,  талай  зобалаңды  бастан  кешті. 
Жаугершілікті  де,  аштықты  да,  бодандықты  да,  қуғын-сүргінді  де  көрдік.  Қайсар  қазақ 
халқының өткерген қиындықтарын, кешкен азаптарын айтып бітудің өзі мүмкін емес шығар. 
Еуразия  құрлығының  апайтөс  даласы  небір  ұлы  шайқастар  мен  ұлы  жеңістердің  де  куəсі 
болды.  Байтақ  жеріміздің  қойнауы  сол  қиын  қыстау  кезеңдер  мен  мерейіміз  үстем  болған 
замандардан  сыр  шертетін  шежіреге  тұнып  тұр.  Заманында  жарты  əлемді  бағындырған 
Ғұндардың,  Түркілердің,  Моңғолдардың  алып  империяларының  орталық  ордасы  да  осы 
киелі  далада  орын  тепкені  баршаға  аян.  Ал  ХV  ғасырдың  ортасында  «Ұранымыз  алаш, 
керегеміз  ағаш»  деп,  киіз  туырлықты  көшпенділер  құрған  Қазақ  хандығы  бүгінгі  Тəуелсіз 
Қазақстанның мемлекеттігі тарихының бастауы болғандығын зор мақтанышпен айтамыз. Ол 
заңды  да.  Себебі  біздің  тарихымыз  ұлы  тарих.  Сондықтан  оның  насихатталуы  да  өзінің 
ұлылығына  сайма-сай  болғаны  лəзім.   Ол  тарихты  ешкім  аттап  өте  алмайды.  Алайда  Ұлы 
дала тарихы өкінішке қарай, толық қанды қамтылды деу қиын. Əсіресе, мынау соңғы екі жүз 
елу  жылға  созылған  бодандық  тұсында,  қазақ  өз  тарихын  өзі  жаза  алмады.  Кезінде 
үлкендердің  «Қасқыр  күшігінің  тірсегін  кессе,  қасқыр  болмай  қалады»  деген  сөзін  естуші 
едік. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тарихын 
тартып  алды.  Шовинистік  идеология  тарихымызды  насихаттамақ  түгіл  зерттеуге  тиым 
салды.  Содан  кейін  біздің  діни  болмысымызды  бұзды.  Мəңгүрттеді.  Дінін  тартып  алды. 
Тіліне  де  қиянат  жасады.  Ал  тарихсыз,  тілсіз,  дінсіз  халық  та  сол.  Ұлт  болып  ұйыспайды. 
Ұлт  ретіндегі  табиғи  болмысынан  ажырайды.  Кеңестік  идеология  ол  мақсатына  белгілі  бір 
дəрежеде  жетті  де.  Сол  тоталитарлық  диктатура  заманының  сарқыншақ  көріністері  күні 
бүгінге  дейін  сақталып  келеді.  Қысқаша  айтқанда  қазақ  даласына  отарлық  идеологияның 
кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухты оятамыз десек ең 
алдымен  елдің  тарихи  санасын  оятуға  ден  қою  керек.  Сондықтан  да  халықтың  тарихи 
санасын  қалыптастыру  жолында  алдымызда  таудай  жұмыстар  күтіп  тұр.   Қазақта  «Елу 
жылда  ел  жаңа»  деген  сөз  бар.   Тұтас  бір  ұлттың  санасын  өзгерту  оңай  шаруа  емес.  Оған 
уақыт  керек.  Қажырлы  еңбек  керек.   Тарихымызға  қатысты  екі-үш  кино  түсірумен,  газет-
журналдарға  мақала  жариялаумен  ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыра  алмаймыз.  Ол 
жүйелі  ћəм  кешенді  мемлекеттік  саясатты  қажетсінетін  дүние [1, 3 б.].  Оны  қозғасаң  ар 
жағынан  ұрпақ  тəрбиесі  сияқты  үлкен  мəселенің  төбесі  көрінеді.  Ол  отбасындағы, 
балабақшадағы,  орта  мектептегі,  жоғарғы  оқу  орнындағы  тəрбие  мəселелері.  Ұлт  санасын 
қалыптастыруда білім беру саласының маңызын Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев та үнемі айтып 
келеді.  Мəселен,  Елбасының  Қазақстан  жастары  мен  болашақ  көшбасшыларына  арналған 
үндеуі  түрінде  ойластырылған  «Қазақстан  жолы»  деген  еңбегінде  былай  дейді: «Бəсекеге 
қабілетті  ұлт  туралы  айтқанда  ұмытылмайтын  бір  нəрсе – бəсекеге  қабілеттілік;  Бұл – ең 
алдымен  өзіңнің  барлық  артықшылықтарыңды  пайдалана  білу  деген  сөз,  бірақ  оларды 
өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін барып қана анықтауға болады.          
Біз – ғасырлар бойы əлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген əулеттердің 
ұрпақтарымыз. Ұлы Дала қашан да əр түрлі мəдениеттер, тілдер, əскерлер, діндер, тауарлар 
жəне  идеялар  тоғысқан  қиылыста  тұрды.  Мыңдаған  жылдар  бойы  Дала  халықтардың 
генераторы  болды.  Ал XXI ғасырда  ол  ерекше  сападағы  адамның  генераторына,  жаңа 
идеялардың  генераторына  айналуы  тиіс.  Біздің  табиғатымызға  біткен  далалық  ойлау 
машықтары,  ғаламдық  трендттер – икемділік  пен  жүйелілікті  барынша  толық  бейнелеп 
көрсетеді [2, 2 б]. Көшпелілер қашанда икемделгіш болған жəне бір қарағанда, ешбір ақылға 
сыймайтын  бір  қасиеттері,  олардың  барлық  іс-əрекеттері  қашанда  табиғаттың  белгілі  бір 
қайталанбалы  кезеңіне  жəне  қоғамдық  өзара  қатынастардың  принциптеріне  сəйкес  келетін. 
Сонымен  бірге, «ұлттық  багаж»  жас  қазақстандықтардың  дүниежүзілік  жалпы  білім  беру 
кеңістігіне  қосылуына  кедергі  болмауы  жəне  олардың  бəсекеге  қабілеттіліктерін 
төмендетпеуге тиіс. Бұл қасиеттер əрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияқты 
əлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс». Президенттің бұл ойынан ұғатынымыз ұлт санасын 

318 
қалыптастыруда мемлекет негізгі күш болуы керек жəне Қазақстандық идеологиялық саясат 
ең заманауи үлгіде болуы тиіс. Күні кешегі Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  тарихын  зерделеу  жөніндегі  ведомствоаралық  жұмыс  тобының 
кеңейтілген  отырысында: «Нағыз  ұлттық  қадір-қасиет  нағыз  ұлттық  тарихтан  басталады» - 
деген  сөзі  де  тарих  сүйер  қауымның  құлағында.  Демек,  жастардың  «тарихи  санасы» 
қалыптаспайынша Қазақстанның жаңаша ойлайтын буыны қалыптасуы мүмкін емес. [3, 64 б.]. 
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды 
ортақ  құрылымның  аясына  біріктірудің  сара  жолы – Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру 
болды [4, 9 б.]. 
Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. 
Жаңа  əрі  теңдесі  жоқ  құрылымды  іске  асыру  жұмыстары  аймақтарда  кіші  ассамблеялар 
құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне 
айналды.  Шын  мəнінде,  ол  ұлтаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін  жүзеге  асырудың 
маңызды тетігі болатын [5, 2 б.]. 
1995  жылы 16 ақпанда  Президент  Н.А.  Назарбаев  еліміздегі  ұлттық  мəдени 
орталықтардың  жетекшілерімен  кездесу  өткізді.  Сонда,  Елбасы  республикадағы  ұлтаралық 
келісімді  сақтау  жəне  оны  одан  əрі  нығайту  үшін  республикада  жаңа  қоғамдық  институт – 
Президент  жанындағы  консультативті-кеңесші  орган  ретінде  Қазақстан  халқын  ортақ 
мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды. 
Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта 
жанғыруы  мен  дамуын  қамтамасыз  ету;  өркениеттік  жəне  демократиялық  ұстанымдарға, 
мемлекеттік  ұлттық  саясатта  барлық  этностардың  мүддесіне  деген  құрметке  негізделген 
ұлтаралық қатынас мəдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда 
кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 
наурызда  Алматы  қаласында  өтті  жəне  оның  құрамына 40 ұлттық-мəдени  орталықтың 
өкілдері  енді.  Сессияда  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  баяндама  жасап,  Ассамблеяның 
ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. 
Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде 
ұсынылған  болатын.  Ассамблея  мемлекеттік  басқару  деңгейіндегі  ұлттық  саясатты 
жетілдіруге  белсенді  түрде  атсалысады.  Ассамблея  Президент  жанындағы  ұжымдық  орган 
ретіндегі, ал облыстық бөлімдері əкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мəртебеге 
ие.  Ассамблея  құрылған  кезден  бастап  ұлттық  саясаттың  барлық  бағыттары  бойынша 
мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді [6, 4 б.]. 
Ассамблея  этномəдени  бірлестіктерді  құрамына  біріктіреді  жəне  олардың  жетекшілері 
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. 
Ассамблея мен этномəдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік 
деңгейдегі  қолдауға  ие  болады. 1995 жылы  сəуірде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
республика  тарихында алғаш  рет  Қазақстан  республикасы  Президентінің  өкілеттілігін 2000 
жылы 1 желтоқсанына  дейін  ұзарту  жөніндегі  жалпыхалықтық  референдум  өткізу  туралы 
бастама  көтерді.  Мұндай  маңызды  қоғамдық  бастамадан  кейін  іс  жүзінде  Ассамблея 
көпұлтты  Қазақстан  халқын  топтастыратын  белсенді  қоғамдық  институтқа  айналды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау 
білдірді.  Бұл  тарихи  оқиғалар  еліміздегі  қоғамдық  саяси  жəне  құқықтық  ахуалға  оң 
өзгерістер  əкелгені  баршамызға  аян.  Қазақстан  халқы  Асамблеясы  сан  алуан  этностарды 
азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз 
қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мəдениетінің қайта 
жаңғыруы  мен  дамуына  елеулі  ұлес  қосып  келеді.  Наурыз  мейрамы,  корей,  неміс 
мəдениетінің  фестивальдері,  татарлар  мен  башқұрттардың  сабантойы  жалпы  халықтық 
сипатқа  ие  болды.  Дүнгендер,  курдтар  сияқты,  т.б.  халықтардың  мейрамдары  мен  түрлі 
форумдары  республикалық  деңгейде  дəстүрлі  түрде  өткізіліп  отырады [7, 112 б.]. 
Ассамблеяның  белсенді  қызметінің  нəтижесінде  Қазақстандағы  этностардың  мəдени  өмірі 

319 
жандана  бастады.  Өйткені  Ассамблея  этникалық  топтар  арасындағы  ұйымдастыру 
жұмыстарының  орталығына  айналды.  Ассамблея  органдарына  мемлекеттік  мəртебе 
берілуіне байланысты этномəдени орталықтардың мəселелері жедел шешімін тауып, кейбір 
өзекті мəселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің 
шешімімен  этномəдени  орталықтарға  қаржылай  жəне  ұйымдастыру  жұмыстары  бойынша 
көмек  көрсету  мақсатында  республикалық  қор  құрылған.  Бұл  қордың  бөлімшелері  əрбір 
облыстарда ашылды. 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясы 
республикалық 
«Ақиқат» 
жəне 
«Мысль» 
журналдарының  құрылтайшысы  жəне  де  ассамблея  жанынан  шығатын  «Достық - Дружба» 
журналы  бүкіл  елімізге  таралады.  Ассамблея  ЕҚЫҰ-мен  де  тығыз  байланыста  жұмыс 
жүргізіп келеді. 
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі 
мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді. 
Бүгінгі  күні  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  еліміздегі  əрбір  этностың  мүддесін 
қорғайтын  қоғамдық  бірлестік.  Ассамблея  көпұлтты  Қазақстан  халқын  топтастырушы 
институт  ретінде  қалыптасып  болды  деп  есептеуге  толық  негіз  бар.  Ассамблея  Қазақстан 
азаматтарын  отансүйгіштік  рухта  тəрбиелеуге,  халықтар  арасындағы  достық  пен  бірлікті 
нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ə. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол. (Қазақстан халқы Ассамблеясының 
XI сессиясында жасаған баяндамасы). Егемен Қазақстан. 2005, 23 қараша. 
2. Назарбаев Н.Ə. Сындарлы он жыл. А, 2003, 12 бет. 
3. Оғжанов Н. Қазақстан  халқы Ассамблеясы - қоғамдық келісімнің маңызды тетігі Ақтөбе 
газеті, 2009, 30 Сəуір 
4. Сарпеков Р.Қ. Қазақстан  халқы Ассамблеясының құқықтық мəртебесі. Алматы, 2014 жыл. 
5.  Назарбаев  Н.Ə.  Ортақ  үйімізде  татулық  пен  келісім  болсын. (Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы I сессиясында жасаған баяндамасы) Егемен Қазақстан. 1995, 30 наурыз. 
6. Назарбаев Н.Ə. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол. (Қазақстан халқы Ассамблеясының 
XI сессиясында жасаған баяндамасы) Егемен Қазақстан. 2005, 23 қараша. 
7.  Тоғжанов  Е..  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы - қоғамдық  келісімнің  маңызды  тетігі.  А, 
2009. 
 
 
                                                 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғы лым и  басы лым  
 
 
 
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдығына,  
Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған  
«ҚАЗАҚСТАН — МЕНІҢ ОТАНЫМ» атты Республикалық  
студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының  
МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
 
 
 
 
МАТЕРИАЛЫ 
Республиканской студенческой научно-практической конференции  
«КАЗАХСТАН — МОЕ ОТЕЧЕСТВО», посвященной 25-летию  
Независимости Республики Казахстан, 150-летию Алихана Букейхана 
 
 
 
 
 
Техникалық редакторы       А.З.Жұманова 
 
 
 
Басуға 30.11.2016 ж.  қол  қойылды.  Пішімі 60
84 1/8. Қағазы  офсеттік.
Көлемі 40,0 б.т. Таралымы 70 дана. Тапсырыс № 453. 
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының баспаханасында басылып шықты 
100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38. Тел. 51-38-20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет