Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


САРАЙШЫҚТЫҢ ҚАЗАҚ АРХЕОЛОГИЯСЫНДАҒЫ РӨЛІ



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

САРАЙШЫҚТЫҢ ҚАЗАҚ АРХЕОЛОГИЯСЫНДАҒЫ РӨЛІ 
Байжанова C. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.д. Қалыш А.Б 
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
 
Халқымыздың  тарихында  ортағасырлық  қалалардың  орны  ерекше.  Сондай 
қалалардың  бірі – еліміздің  батыс  бөлігінде  орналасқан  Сарайшық  қаласы.  Ол  Атырау 
қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.  
Сарайшық – XIII-XVI ғасырларда  Батыс  пен  Шығысты  байланыстырған  Ұлы  Жібек 
жолының бойындағы маңызды бекеттердің бірі. Уақытша хан ордасы болған ортағасырлық 
қала.  Қаланың  негізі  монғол  шапқыншылығынан  бұрын,  яғни X ғасырда  қаланғанын 
археологиялық қазба нəтижелері анықтап отыр. Сонау VI-VIII ғасырларда Қытайдан шыққан 
Жібек  жолы  керуені  Сыр  бойын  жағалай  келіп,  Маңғыстау  даласы,  Каспий  арқылы 
Дербентке  өтіп,  одан  əрі  ішкі  Еуропаға  жол  тартса,  Алтын  Орданың  өмірге  келуі XIII-XIV 
ғасырларда  бұл  керуен  жолының  Солтүстік  Каспий  тармағының  жандануына,  сөйтіп  бұл 
бағыттағы  қалалар  мен  елді  мекендердің  тез  дамуына,  солардың  бірі – Сарайшықтың  да 
гүлденуіне  тікелей  əсер  етті. XIV ғасырдағы  саяхатшы  Ибн-Батута  өзінің  жазбасында: 
«Сарайджук, джук деген сөз кіші деген мағынада. Олар осы мағынасында Сарайшықтың кіші 
сарай  міндетін  атқаратынын  білдірді.  Қала  ағыны  тасыған  Ұлысу  өзенінің  бойында  жатыр. 
Өзенде көпір жасақталынған. Əлемде бұндай көпірді тек Бағдаттан ғана көрдім» деген [1]. 
Сарайшықтың  гүлденген  дəуірі  Алтын  Орданың  гүлдену  уақытымен  сəйкес.  Шағын 
қалалар  орталыққа  айналып,  көптеген  керуен-сарайлар,  моншалар,  т.б.  ғимараттар  көбейе 
берді. Ірі орталыққа айналған қалаларда теңге шығаратыын ұстаханалардың болуы заңды еді. 
XIV  ғасырдың  соңы  мен XV ғасырдың  басында  Сарайшықта  қола  монеталар  шығарылды. 
Монетаның  бір  жағында  «чекан  города  Сарайджук»,  екінші  жағында  гүлдердің,  жабайы 
аңдардың  бейнесі  бейнеленген.  Сарайшықты  қазу  барысында  қаладан  көптеген  монеталар 
табылды,  соның  ішінде  Алтын  Орданың  басқа  қалаларынан,  Хорезмнен,  Самаркандтан, 
Ираннан  шығарылған  теңгелер  көптеп  кездесті [2]. Бұның  өзі  Сарайшықтың  саудасының 
қалай жүргенін көрсетеді.  
Күніне  мыңдаған  көлік  пен  керуенді  қабылдау  оңай  шаруа  емес.  Күні-түні  ағылған 
керуен Сарайшық үшін байлықтың көзі болды. Қала тез өсіп, байи түсті. Шаһарда шығыстық 
үлгідегі  көздің  жауын  алатын  ғимараттар  көбейді.  Дүниенің  түкпір-түкпірінен  керуенмен 
келген əртүрлі елдердің өкілдерін тамсандырған ғимараттар Алтын Орданың қалаларында аз 
болмапты.  Кезінде  орыс  патшасы  өзінің  Мəскеуінде  Қызыл  Алаңды  салдырар  кезде,  оның 
жоба үлгісін Сарайшықтан, Кремль қорғанының жоба үлгісін Бату Сарайынан алыпты-ау.  
XX ғасыр көрерменін сүйсінтер Мəскеудегі сəнді сəулеттер бұдан жеті ғасыр бұрын 
Сарайшықта жасалған. Отыз жылға таяу Алтын Орданы басқарған Бату қайтыс болып, інісі 
Берке хан тағына отырады. Мысыр еліне құлдыққа сатылып, кейін хандыққа дейінгі деңгейге 
жеткен  қыпшақ  ұланы  н,  бөлдіріп, Сарайшықта  мешіттер  салдырады,  қайыршыларды  тегін 
тамақ-тандыратын орындардың салынуына жағдай жасаған [1]. 
Сарайшық  «қасиетті  жер»  атанғандықтан,  мұсылмандар  үшін  жерлеу  пантеоны 
болды. Дəл осы жерде əйгілі саяхатшы Марко Поло «Батыстың патшасы» деп атаған, Алтын 
Орданы 1290-1312 жылдар аралығында билік еткен Тохты хан жерленген. 
Тыңғылықты қазба барысында Сарайшықтан кешенді тұрғын үй қалдықтарын тапты. 
Үйлер екі бөлмеден үш бөлмеге дейін болған. Үйді еденнің асты арқылы жылытқан. Сондай-
ақ,  үйлерде  астық  сақтайтын  қоймалар  жасалынған.  Қыш  ыдыстар,  Сирияның  əйнек 
бұйымдары,  Қытай  фарфоры,  Хорезмнің  кеселері,  Ираннан  əкелінген  қола  құмыралар  мен 
тамақтардың қалдықтары табылды.  
Сарайшықтағы  Аққу  көлі,  алтын  қайық  көмілген  қыз  жасауы  туралы  аңыздар  ел 
аузында көп. Сарайшықтың өркендеу кезеңі Өзбек ханның баласы Жəнібек ханның тұсына 
сəйкес. Шоқан Уəлихановтың жəне де өзге де тарихшылардың мəліметтерінде, Жəнібек хан 
өз  жанына  ел  сыйлаған  шешендер  жырауларды,  халық  қамын  ойлаған  жақсылар  мен 

13 
жайсаңдарды  жинаған  дейді.  Сол  Жəнібек  хан  керуеннен  түскен  толассыз  түсіп  жатқан 
байлықты халықтың игілігіне, қаланы көркейтуге жұмсапты. Талай ел өкілдерін тамсантқан 
Аққу көлің осы кезеңде салдырыпты. Электр тоғы адам игілігіне қызмет етпестен бұрынғы 
ескі заманда көл табанын суға толтыру, оны үнемі жаңартып отыру əлденеше ондаған қосақ 
өгіздермен, сандаған шығыр құрылғыларын күндіз-түні айналдырумен іске асатыны түсінікті 
жай. Жəнібек бұл істі үлкен ақыл-парасатпен істеген. Көл суына керуенмен келген қап-қап 
қант  төктіріп,  аққу  мен  қаз  қондырған.  Оларды  ұшырып  жібермеудің  барлық  шараларын 
жасапты.  Хан  қызы  өзінің  құрбыларымен  бірге  əкесі  жасатып  берген  аққу  мүсінді  алтын 
қайығымен  құстарға  дəн  беріп,  бірте-бірте  қолға  үйреткен.  Көл  маңында  өзіне  қауіптің 
жоқтығына  көзі  жеткен  құс  атаулы  Сарайшық  аруларының  алақанына  қытықтап,  бидайын 
жеп,  жаз  бойы  Секер  көлде  еркін  сайрандап,  керуенмен  келген  шет  жерліктер  алдында 
қаланың сəн-салтанатын арттырады. Сарайшықтың аққу көлі туралы аңызы ел-елге тарайды 
[1]. 
Жəнібек хан онымен де шектелмей, оңтүстіктің бал татыған жеміс ағаштарының түр-
түрін алдырып, көл жағалай отырғыздырады.  Балғын шыбықтарды отырғызып, жерсіндіріп 
жібергенше,  сол  жақтың  шебер  бағбандарын  да  жалдап  алады.  Осы  ғажайыпты  көзімен 
көріп, куəгер болған 
италияндық  саяхатшылардың  бірі  «сол  ғасырларда  бау-бақша  отаны  саналған  парсыларда 
кездеспеген  жүзім  мен  жеміс  ағаштарының  ерекше  түрлері  Сарайшықта  өседі  екен»  деп 
жазды. Оңтүстік елдерінің базарларында сатып алып жейтін (бағасы да арзан емес) уылжып 
піскен,  дəмі  тілді  үйіретін  небір  жемістің  түрлерін  Сарайшыққа  келген  шетелдік  қонақтар 
атақты  Аққу  көлінің  жағасында  жеміс  ағаштарының  қоңыр  салқын  көлеңкесінде  демалып 
жатып,  өз  қолымен  үзіп  жегендіктерін  елдеріне  барғанда  аңыз  ғып  айтып  жүрген.  Бұл 
пəнидегі Сарайшықта 
й жұмақты көру,  Аққу көлінде сайраңдау  сол кезгі бұны естіген 
əр саяхатшы мен саудагердің арманы болса керек [3]. 
Жасауын  жасап,  ұзатқалы  отырғанда,  Жəнібек  ханның  жалғыз  қызы,  он  бес  жасқа 
қараған  шағында,  кенеттен  қайтыс  болады.  Қыз  жасауына  сол  кезгі  бір  мемлекеттің  тұтас 
қазынасына  тең  байлық  жұмсалыпты  деседі.  Қызын  алтын  табытпен,  барлық  жасауымен, 
алтын  қайығымен  қоса  жерлеуге  əмір  етіпті  хан. «Сонша  байлықтың  жерге  көмілгенін 
естіген  бір  қара  жүрек  қарақшы  қызыңыздың  денесін  ит  пен  құсқа  жем  қылып,  қабірінен 
шығарып  тастап,  байлықты  алып  кетсе,  Сіз  қай  қарақшының  артынан  қуып  жүресіз?»  деп 
сақтандырған уəзірлер, ханға қызын жасырын жерлеуге ақыл қосады. Ханнан жеке тапсырма 
алған  жетеу  сол    түні  таң  қараңғылығына  дейін  қызды  жерлеп  үлгереді.  Хан  тапсырмасы 
«Ұшқан  құс,  жүгірген  аң,  тірі  жан  қызымның  қайда  жерленгенін  білмейтін  болмасын. 
Орыңдасаңдар əрқайсысың ат басындай алтын аласыңдар» болыпты. Түн бойына қала халқы 
шұрқыраған жылқы д ыбысын естіп жатыпты. Сан мыңдаған жылқы бірнеше сағат бойына 
қабір  үстімен  ілгері-кейін  айдалса  керек.  Таң  қаранғылығында  уəделі  алтындарын  алғалы 
келген  жетеуді  хан  емес,  ханның  жендеттері  қарсы  алыпты  да,  түгел  бастарын  алып 
тастапты-мыс.  Хан  қызының  денесімен  бірге  қомақты  қазына-байлықтың  жерге  көмілуі 
туралы  аңыз  жəне  мұнда  бірнеше  хандардың  жерленуі  (хандар  қабіріне  өздері  тірі  кезінде 
тұтынған қымбат дүниелері мен қарулары қоса көміліпті-мыс) түптің түбінде Сарайшықтың 
сан қайтара тоналуына, ақыры бір кезгі Шыңғыс хан қиратқан Отырардай күлі ғана үйіндіге 
айналуына соқтырады. 1576 жылы (кейбір деректерде 1580 ж.) Иван Грозныйдың мирасқоры 
Федордың Сарайшықтағы əдемі алаңның қалдығын жою тапсырмасымен жіберген Еділ мен 
Жайық  бойы  қазақтары,  кейін  ерінбей  байлық  іздегеннің  бəрі, XVII ғасыр  басындағы 
қалмақтар,  олардың  қалғанды XIX ғасырда  орыс  археологтардың  атын  жамылғандар 
өлілердің  қабіріне  дейін  айуандықпен  тонайды,  əлденеше  рет  астын  үстіне  шығарып 
қопарады.  Ендігі  қазбадан  күтеріміз  ескі  қаладағы  қорған  сыртында  орналасқан  делінетін 
түрлі  шеберханалар  мен  көлемді  деп  айтылып  жүрген  бесінші  мешіт  жəне  кезінде  қала 
сыртында орналасқан керуен сарайлар орындары болар. Тарихи құнды жəдігерлер табылуын 
да жоққа шығаруға болмас [4]. 

14 
Əлі  күнге  дейін  көне  Сарайшықтың  қирандылары  сарайшық  ауылында  шашылып 
жатыр.  Атырауға  аяқ  басқандардың  Алтын  Орда  дəуірінде  астана  болған  Сарайшық 
қаласының  тарихи  орнына  табан  тіремейтіні  кемде-кем.  Мұнда  тарихшы-зерттеуші,  облыс 
қонақтарынан басқа да осы орынды көру үшін шет мемлекеттерден арнайы келетіндер де аз 
емес. 
Қасым  хан  хандық  құрған  кезеңде  саяси-экономикалық  тұрғыда  айрықша  дамыған, 
ғылыми  орталық  болған  Сарайшықта  мұражай  қорығы  жұмыс  істеп,  өткеннің  ұлағатын 
ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөл атқарып тұр. 1999 жылы қыркүйекте ашылған кешен үш 
құрамнан  тұрады.  Оның  алғашқысы – хандар  пантеоны.  Сол  тұста  облысты  басқарған 
Иманғали  Тасмағамбетовтің  идеясынан  туындаған  бұл  пантеон  сегіз  қабырғадан  құралған. 
Қабырғалар  арасына  Сарайшықта  жерленген  жеті  ханға  арналып  құлпытастар  қойылған. 
Мөңке-Темір,  Тоқтағу,  Жəнібек,  Əмір-Оқас,  Қасым  хан,  Ших  Мамай,  Жүсіп  хандардың 
есімдері осылайша тəуелсіз елдің төрінде тағы бір жаңғырды. 
Ал  мұражай  ішіне  Сарайшық  қазбасынан  шыққан  тарихи  жəдігерлер  қойылып, XIV 
ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған.  
Кешен  ішіндегі  мешітте  ата-бабалар  рухына  дұға  бағыштап,  өткенге  иман  тілеу 
үнемі  орындалып  отырады.  Кешеннің  үшінші  бөлігі – қазба  орны.  Жайық  өзенінің  иінінде 
орналасқан  жалпы  көлемі 600*600 метр  алаңқайды  алып  жатқан  қазба  орнында  жаз 
айларында  Ə.Марғұлан  атындағы  Қазақ  археология  институның  Батыс  филиалының 
экспедициясы  жұмыс  істейді [4]. Сарайшықты  Ə.Марғұлан,  З.Самашев,  Ж.Сыдыков,  т.б. 
ғалымдар зерттеген.  
Қорытындылай  келе,  Сарайшық  біздің  тарихымыздың  бөлінбес  бөлшегі.  Қазіргі 
таңда  қаланың  жер  бетінен  жойылып  кету  қаупі  туып  отырған  сəтте,  қаланы  сақтап  қалу 
керек.  Сарайшықта  сол  заманда  болмаған  көпір  болған,  аңызға  сүйенсек,  аққу  көлі  болған, 
кең  бөлмелі  үйлері  мен  ұстаханалары,  мешіттер  мен  керуен  сарайларға  толы  қала  болған. 
Сəн-салтанаты  асқан  дархан  даламыздың  орталығын  орыстар  келіп,  талап,  жойып  жіберді. 
Түркістаннан бұрын, алғашқы хандар жерленген пантеоны.  
Қазіргі  таңда  Сарайшық  өз  деңгейінде  дəріптеліп  жүрген  жоқ.  Тарихқа  толы 
мекенімізді  туризммен  ұштастыра  білсек,  халқымыз  үшін  де  жақсы.  Бар  тарихты  көрсетіп, 
мақтана білейік. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Хан ордалы Сарайшық // Алаш аймағы. – 2012. – 20 шілде. 
2. Атырау: энциклопедия. – Алматы: Арыс баспасы, 2004. 
3. Тоқтабаева А. Сарайшықтың Аққу көлі // Егемен Қазақстан. – 1998. – 21 наурыз. 
4. Құсайынұлы Ш. Аспан астындағы мұражай // «Қазақстан Zaman» газеті. – 2009. – 2 шілде. 
 
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САМГУК САГИ КОРЕЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ, 
КОГУРЕ ПАТШАЛЫҒЫ МЕН ТҮРКІЛЕРДІҢ САЯСИ-ƏСКЕРИ ҚАТЫНАСТАРЫ 
Бейсембай С. С., 1 курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ. С. 
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 
 
«Самгук  Саги»  немесе  «Үш  мемлекеттің  хроникалары» – корей  жазба  деректерінің 
ішіндегі көнелерінің қатарына жатады. Коре мемлекетінің ваны Инджонның тапсырмасымен 
сарай тарихшысы Ким Бусик «Үш мемлекеттің хроникаларын» 1145 жылы аяқтайды. Оның 
еңбегі ғасырлар бойы жинақталған құнды мəліметтерді өзіне сіңірген [1, 9 б.]. «Самгук Саги» 
тарихи  хроникасы  бірнеше  бөлімдерден  тұрады: «Силла  жылнамалары», «Когуре 
жылнамалары», «Пэкче  жылнамалары», «Биографиялар»  жəне  т.б.  Түркілер  жайлы 
мəліметтер негізінен «Когуре жылнамалары» атты бөлімінде жинақталған.  
«Когуре  жылнамаларында»  түркілер  атауы,  алғашқы  рет 551 жылы  кездеседі.  Корей 
жылнамашылары  түркілерді  «тольгволь»  деп  атаған:  «жетінші  жыл (551 ж.)  Жазда, 

15 
бесінші  айда,  Бэй  Ци  (Солтүстік  Ци) [сарайына]  елшімен  бірге  тағызымымыз  бен 
сыйларымызды  жібердік.  Күзде,  тоғызыншы  айда  тольгволь  (түркілер)  келіп,  Синсон 
қамалын  қоршады,  бірақ  [оны] ала  алмай,  Пэгам  қамалына  шабуыл  жасады.  Ван  (патша) 
қолбасшы  Ко  Хыльді  он  мыңдық  əскермен  жіберді,  ол  шабуылды  тойтарып,  оларды 
[түркілерді] талқандап, мыңға тарта адамды өлтірді немесе тұтқынға алды. [Осы кезде] 
Силланың [əскері]  шабуылдады, он бекіністі басып алды [1, 96 б.]. 
Мəліметті  сараптай  отырып,  түркі  əскерінің  Когуре  территориясына 551 жылы  басып 
кіргенін  аңғаруға  болады.  Жылнамашылардың  баяндау  контекстіне  қарағанда,  түркілердің 
əскер  санының  аз  жəне  əлсіз  болғандығын  жəне  Ко  Хыль  қолбасшы  бастаған  когурелік 10 
мыңдық корпустың оларды оңайлықпен талқандағанын байқауға болады. Егер де түркілердің 
жужандарды  біржолата  тек 552 жылы  жеңгенін  ескеретін  болсақ, 551 жылы  Когуренің 
шекаралық бекіністеріне шабуыл жасаған жауынгерлерді түркілердің шығыс бағытқа барлау 
немесе  жортуылға  жіберілген  экпедициялық  корпусы  ретінде  қарастыруға  болады.  Когуре 
жылнамаларында 551 жылдан кейін, тольгволь (түркілер) атауы кездейпейді. 
552  жылдың  қыс  мезгілінде  Жужан  қағанатын  қиратқан  Бумын,  Түркі  қағанатының 
негізін  салды [3, 27 б.].  Жужандарды  жеңгеннен  кейін,  түркілер  көршілес  орналасқан 
көшпелі тайпаларға қарсы белсенді əскери қимылдарды жүргізе бастады, 554 жылы қағанат – 
империяға айналды, ал солтүстікте Цигу елі жаулап алынды [3, 29 б.]. Бэй Ци (Солтүстік Ци) 
мемлекеті 553 жылы  қидандарды  басып  алғаннан  кейін,  оның  солтүстік  шекарасы 
қағанаттың иеліктеріне жақындай түсті [3, 29 б.]. Осы оқиға түркілердің Бэй Ци еліне қарай 
назарын  аударды,  ал  бұл  қытайлықтар  үшін  тиімсіз  болды.  Енді  қағанаттың  экспансиясы 
батыс жəне оңтүстік-шығысқа бағытталды.  
580 жылы Түркі қағанаты өзінің дамуының ең жоғарғы шегіне жетті. 581 жылы Таспар 
қаған  (Татпар)  қайтыс  болды,  ал  Қытайда  түркілердің  ең  басты  жауы,  Сүй  династиясының 
(581–618) негізін салушы, соғысқұмар қолбасшы – Ян Цзянь, Чжоу əулетін тақтан тайдырды 
[3, 32 б.]. Сүй династиясының билікке келуімен саяси ахуал түбегейлі өзгерді, жаңа əулеттің 
императорлары  түркілерге  қарсы  басқыншылық  саясатты  күшейте  түсті.  Сүй  əулеті 587 
жылы  Лян  елін  бағындырып,  Қытайды  бір  тудың  астына  біріктірді,  енді  өзінің  қуаты 
жағынан  ол  Түркі  қағанатынан  да  асып  түсті [5, 93 б.].  Силла  патшалығы  жаңа  қытайлық 
династиямен  достық  қарым-қатынасты  бірден  орнатты,  ал  Когуре  мен  Пэкче  түркілермен 
одақ құрып, Сүйге қарсы тұрды [2, 95 б.]. 
596 жылы Сүй елшісі Когуреден Қытайға бағынуын жəне түркілермен барлық достық 
қарым-қатынастарын  үзуді  талап  етті. 598 жылдың  жаз  мезгілінде  Қытайдың  басып  кіруін 
күтпей, когуреліктер 10 мыңдық əскермен Ляоси аймағына ескерту ретінде шабуыл жасады 
[2, 95 б.].  
Бұл қақтығыс когурелік жылнамаларда былайша баяндалған: «тоғызыншы жылы (598 
ж.) Ван 10 мыңға тарта мальгаль (мохэ) жауынгерлерін бастап, Ляосиге шабуыл жасады...» 
[1, 100 б.]. 598 жылы Қытай императоры Вэнь-ди (Ян-Цзянь) Когуре астанасы − Пхеньянға 
300  мыңдық  қолды  аттандырады.  Бірақ  ауа-райының  қолайсыздығы  мен  аштықтан  Сүй 
əскері əр ондықтан 8-9 адам жоғалтып, кері шегінуге мəжбүр болды [2, 97 б.].  
598  жылы  орын  алған  ірі  əскери  шиеленістен  кейін,  екі  мемлекет  арасында  бейбіт 
қарым-қатынастар қайта орнығады. Бірақ соған қарамастан, Когуре патшалығы түркілердің 
қолдауына ие болу үшін дипломатиялық өкілдіктерді аттандырып отырды [2, 97 б.].  
Мысалы, 607 жылы Шығыс Түрік қағанатына когуреліктер тарапынан елші жіберіледі. 
«Когуре  жылнамасында»  бұл  оқиға  былайша  суреттелген:  «он  сегізінші  жылы (607 ж.) 
Бастапқыда, [Сүй императоры] Ян-ди Циминнің шатырына бет алған [кезде] , Циминьде 
біздің  елшіміз  болған.  Циминь  оны  жасыруға  дəті  бармады  жəне  онымен  бірге 
императорды  қарсы  алды.  Сол  кезде  хуанмэнь  шилан  Пэй  Цзюй  императорға  былай  деді: 
«Когуре Киджаның (Ци-цзы) басқарған байырғы иелігі болған, [содан соң], Хань жəне Цзинь 
кезеңінде  онда  [империяның]  аймақтары  мен  үйездері  [құрылды]...қазір,  оның  (Когуре 
ванының)  елшісі,  Циминнің  барлық  ел-жұртымен  [императордың]  рақымына  берілгенін 
көріп  тұрған  кезде, [Когуредегі]  үрей  мен  дүрбелеңді  өз  пайдамызға  асырып,  оны  [Когуре 

16 
ванын] [сарайға] тағызыммен келуге мəжбүр етеміз». Император бұл кеңесті тыңдап, Ню 
Хунге  келесі  сөздерді  [елшіге]  жеткіз  деген  бұйрық  берді: «Циминь  шын  жүректен 
империяға қызмет  етіп жүргендіктен, мен оның шатырына өзім арнайы келдім, ал келесі 
жылы  Чжоцзюньге  бармақпын...[үйіне]  келісіңмен,  дəл  сол  күні,  өз  ванына  қобалжымай 
жəне қорықпай шұғыл түрде сарайға тағызым етуге  келсін деп айт, сонда [мен] Циминьге 
көрсеткен  сый-құрметімді,  оған  да  көрсетемін.  Ал  егер  [ол]  бас  июге  келмесе,  Циминьге 
əскерімен бірге оның иеліктеріне [тексеріске] баруды жүктеймін». Ван шеткі аймақтағы 
[вассал] [бола тұра], өзінің əдепсіздік танытқанын жəне  императордың оны түркі қағаны 
Циминнің қолымен жазасын берейін деп жүргеніне зəресі ұшып кетті...» [1, 101-102 б.]. 
Жоғарыда  суреттелген  оқиға  Жəңгір  Кимин  (Циминь)  қағанның  тұсында  болған.  Сүй 
мемлекеті  Кореяда  ұстанған  «бөліп  ал  да,  билей  бер»  саясатын  Түрік  қағанатына  да  қарсы 
негізгі  қару  ретінде  пайдалануға  ұмтылды. VI ғасырдың  аяғында  Таспар  қағанның  қайтыс 
болуы,  тегіндердің  билік  үшін  бақталасы,  тайпаралық  шиеленістер  жəне  ең  басты  себеп – 
Қытайдың  Сүй  əулетінің  қоластында  бірігуі  мен  күшеюі,  Түркі  қағанатының  əлсіреуіне 
əкеліп соқтырды. Тардуш қағаннын өлімінен кейін, 603 жылы мемлекет екіге – Шығыс жəне 
Батыс  Түрік  қағанаттарына  бөлініп  кетті. 604 жылдың  аяғында  Сүй  империясының 
қолжаулығы – опасыз Жəңгір Кимин Шығыс Түрік қағаны болып ресми түрде мойындалды 
[3, 140 б.]. Жəңгір қаған Сүй императорына толығымен бағынышты  болып, Ордоста қытай 
əскерінің қорғауында өмір сүрді[3, 141 б.].  
605  жылы  Сүй  императоры  Ян-дидің  бұйрығымен,  Жəңгір  қаған  (Циминь)  қидан 
тайпаларының  көтерілісін  басып-жаныштады.  Мұнымен  бірге  Жəңгір  ордасын  солтүстік 
өңірлерді  мекендеген  көшпелілерге  де  қарсы  пайдалануға  болар  еді [3, 141 б.].  Осы  кезде 
Когуре  патшалығы  Қытайға  қарсы  саясат  жүргізіп  отырған  елдердің  бірі  еді.  Жоғарыда 
айтылып  кеткендей, 607 жылы  Когуре  Шығыс  Түрік  қағаны  Жəңгірге  Сүй  империясына 
қарсы  одақтық  келісім  жасау  үшін  елші  жіберген  болатын.  Оның  Қытай  императорының 
қолжаулығы  екені  туралы  когуреліктердің  хабары  болмаса  керек.  Сүй  императоры  Ян-ди, 
Жəңгірді  (Циминді)  Когуре  ванына  сес  көрсету  үшін  қолдануға  тырысқан.  Құнды  мəлімет 
Жəңгірдің императорға тəуелді екеніне тағы да дəйек бола алады. 
Қытайлықтар баяғыдан бері өзін ақтап келе жатқан əдіс – пара беру арқылы сатып алу 
мен  арандатушылық  дипломатияны  ұтқыр  қолдана  білген.  Сүй  үкіметі  ру  басыларын  сəн-
салтанатты мерекелік шаралар, бағалы сыйлықтар беру жəне тəтті тағамдарға бай қонақасын 
ұйымдастыру  арқылы  сатып  алумен  шұғылдана  бастады.  Мысалға,  император  Ян-ди 607 
жылы  Жəңгір  қаған  мен 3500 ру  басыларына  құнды  сыйлықтар  беру  мен  қатар  сəн-
салтанатты  қонақасын  өткізді. 610 жылдан  бері  мұндай  мерекелік  шаралар  Лоянда  үнемі 
өткізіліп тұрды [5, 98 б.]. Жəңгір қағаннын ордасында 607 жылы Император Ян-дидің Когуре 
елшісіне  жоғарыда  айтқан  сөзі  бұған  дəйек  бола  алады: «сонда  [мен]  Циминьге  көрсеткен 
сый-құрметімді, оған да көрсетемін». 
608 жылдың күзінде Жəңгір қаған қайтыс болып, оның орнына Сүй императоры Ян-ди 
Шібір  қағанды  (Ашина  Доцзи)  тағайындайды.  Бірақ  Шібір  əкесі  Жəңгір  секілді  жігерсіз 
болған жоқ, қайта атасы Жабғу Баға қаған (Чулохоу) сияқты тапқыр жəне атаққұмар билеуші 
болды [3, 163 б.]. 
Қытайлықтардың  батыстағы  саясаты  табыссыз  болып,  енді  олар  шығысқа  қайта 
назарын  аудара  бастады. 611 жылы  император  Ян-ди  Когуреге  қарсы  соғыс  жариялайды. 
Жорық 612 жылдың қысында басталды. Сүй əулеті кезінде Қытайда жалпы 24 əскери бөлім 
(1 миллион 333 мың 800 адам) болды, оның 9 бөлімі (305 мың адам) Когуреге аттандырылды. 
Ыльчжи  Мундок  қолбасшы  бастаған  когуреліктер  Пхеньян  маңындағы,  Сальсу  өзені 
бойында Сүй əскерінің тас-талқанын шығарды. 300 мыңдық қолдан, Қытайға 2700 адам ғана 
оралды [2, 97 б.]. 
Когуреге  қарсы  бағытталған 598, 612-614 жылдардағы  нəтижесіз  жорықтар,  Сүй 
империясының күш-қуатын тауысып бітті. Ян-дидің шолақ саясатының арқасында империя 
шаруалар соғысының алдында тұрды. 615 жылы император елге тəртіп орнатудың орнына, 
Фын-Ян-Гун  сарайында  сауық  құрып,  көңіл  көтеріп  жатты [3, 166 б.].  Табғаштардан  кек 

17 
алудың  оңтайлы  сəтін  күтіп  отырған  Шібір  қаған,  Қытайдағы 39 бекіністі  басып  алып, 
тығылып  жатқан  императордың  аймақтарын  ойрандап  кетеді.  Түркіт  ауыр  қаруланған  салт 
аттыларының  қан-талапай  шапқыншылықтары  Цзиньянның  қабырғасына  дейін  жетеді. 
Көптеген  қытайлар  түркіттер  жағына  шығып,  əскер  қатарын  молайта  түседі [3, 168 б.]. 
Салтанатты  сарайында  көңіл  көтеріп,  сұлуларды  құшып,  шарапқа  масайып  жатқан  Ян-диді 
өз жақтастары буындырып өлтірген.  
618 жылдың 18 маусымында қолбасшы Ли Юань өзін император Гаоцзу деп жариялап, 
Тан  династиясының  негізін  салды. 8 жыл  бойы  билік  басында  болған  Гаоцзу  тұсында  Тан 
мемлекетіне түркілер қауіп төндіріп тұрды. 626 жылы Ли Шиминь (Тайцзун) өз əкесін тақтан 
тайдырып, империядағы билік тізгінін өз қолына алады.  
Тайцзун  үшін  Шығыс  Түрік  қағанатындағы  дағдарысты  пайдаланбау  кешірілмес 
жаңсақтық  болар  еді,  сондықтан  ол 628 жылдан  бастап  үлкен  соғысқа  əзірлене  бастайды 
жəне оның алғашқы құрбанына Шофан бекінісін ұстап тұрған Лян Ши-ду ілікті [3, 202 б.].  
Табғаш  императорының  алты  əскері  тұтас  бір  майдан  болып  қанаттасып,  Луаньхэ 
өзенінен  Биньчжоуға  дейін  қара  құрттай  қаптап,  бүкіл  аймақты  ойрандап  келе  жатты. 
Оянлин тауының баурайында Сели қаған (Қат Елхан Бахадүр-шад) жеңіліп, 630 жылдың бас 
кезінде шөлді басып өтіп, терістікке шегінеді. Сол кезде оның жақындары опасыздық жасап, 
жеңімпазға Сүй əулетінің ханшасы мен ханзаданы береді. Алайда Қат Елханның қарауында 
əлі де болса, адалдығына кəміл сенуге болатын «ондаған мың əскері» бар еді, сол себепті де 
ол құрметті бітімге келу жөнінде келіссөз жүргізбек болады. Император қағанның ұсынысын 
қабылдамақ  болып  жатқанда,  қолбасшы  істі  шешіп  қояды,  ол  аңламай  шабуыл  жасап, 
түркіттердің қалған əскерін талқандайды. Кат Елхан қашып кетеді, бірақ жолай ұсталынып, 
Чаньанға  жеткізіледі.  Оған  ілесе  қағанның  ең  соңғы  адал  жақыны – Ешбар  Сүйінші-шад 
беріледі  де,  Шығыс  Түрік  қағанаты  дербес  мемлекет  ретінде  өмір  сүруін  тоқтатады [3, 203 
б.]. 
Тайцзунның Кат Елханды қолына түсіргені жайындағы ең негізгі мағлұматты Цзю Тан-
шу  (Тан  кітабы)  хроникасынан  кездестіреміз.  Самгук  Саги  хроникасында  да  осы  оқиға 
баяндалған: «он бірінші жылы (628 ж.) Күзде, тоғызыншы айда, Тан сарайына елші келді. 
Ол [император] Тай-цзунды түркі қағаны Селиді қолға түсіргені үшін құттықтады жəне 
[біздің] шекараларымыздың картасын сыйға тартты» [1, 110 б.]. 
Бұл жерде Когуре елшісінің Тан сарайына жеткен уақыты Чжэнь-гуань заманының 2-ші 
жылы, яғни 628 жыл деп көрсетілген, бірақ шындығында Қат Елхан Тайцзунның қолына тек 
Чжэнь-гуань заманының 4-ші жылында, яғни 630 жылы ғана түскен.  
630  жылы  Шығыс  Түрік  қағанаты  жойылып,  түркілер 679 жылдың  аяғына  дейін,  елу 
жыл  бойы  табғаштардың  қоластында  болды.  Тайцзун  түркіні  де,  табғашты  да,  қытайды  да 
бөліп  жармай,  барлығын  да  Тан империясын  құраушы,  бір  бөлшегі  деп  қараған.  Тайцзун – 
қытай  императорларының  ішіндегі  ең  ұлы,  ең  қуаттыларының  бірі  болған.  Ол  қытай  жəне 
көшпелі  мəдениетін  біріктірмекші  болған.  Өз  жанына  əскери  жəне  саяси  тəжірибесі  мол 
түркіт  қолбасшыларын  тартып  отырған.  Мысалы,  император  Шығыс  Түркі  қағаны  Чуло-
ханның  екінші  ұлы  −  Ашина  Шениді  (Дуэру)  атты  əскер  қолбасшысы  етіп  тағайындады. 
«Когуре  жылнамасынан»  Ашина  Шени  (Дуэру)  туралы  мағлұматты  келтіруге  болады: 
«төртінші жылы (645 ж.)...император оның жалтақтап алға жүруге деген  [ойынан айнып 
қалуынан] сескеніп, аға қолбасшы Эшина Дуэруге бір мыңдық түркі жауынгерлерімен оны 
алдап,  тұзаққа  түсіруге  бұйрық  берді.  Бастапқыда,  олар  [Ко  Енсу  əскерімен  айқасқа 
түсті],  ал    содан  соң  əдейі  тым-тырақай  қаша  жөнелді.  Енсу  шаттана: «[Жөнге  салу] 
соншалықты  қиын  болмады!»  деп  айқайлап  жіберді.  Содан  соң  алға  ентелей  жөнеліп, 
олардың  ізіне  түсті.  Анси  қамалының  оңтүстік-шығыс  түбіндегі  елді  мекенге  жетіп, 
[бекіністен] сегіз ли қашықтықта, оның əскері тау бөктерінде ұрыс позициясымен (əскери 
тұрақпен) орналасты» [1, 118 б.]. 
Когуре-Тан  соғыстары  кезінде  Ашина  Шени  өзін  ержүрек  жəне  батыл  қолбасшы 
ретінде  көрсетті. 645 жылы  Тайцзуның  қалың  қолы  Анси  қамалына  жақындаған  кезде, 
солтүстіктен  Ко  Енсу  бастаған  когуреліктер  мен  мүкрилер  (мальгаль)  əскері  солтүстіктен 

18 
келе  жатты.  Сонда  император  когуреліктерді  шайқасуға  арандату  үшін,  Ашина  Шени 
(Дуэру) бастаған бір мың түркі сарбазын алға жібереді. Тайцзунның Ашина Шениге осынша 
маңызды тапсырманы жүктеуінің өзі, қолбасшының император үшін сенімді адам болғанын 
көрсетеді.  Сонымен  қорытып  айтар  болсақ,  Бірінші  Шығыс  Түрік  қағанатының  əулетінен 
шыққан  қағандар  өз  жерінде  тиянақты  билік  жүргізе  алмады.  Олар  жергілікті  халықтың 
мүддесінен  тақ  үшін  күресті  жоғары  қойып,  ел  ішінде  айтыс-тартысқа  жол  берді.  Олар 
билікке  жергілікті  тайпалардың  емес,  Қытай  мемлекетінің  қолдауымен  қол  жеткізіп, 
өздерінің  саясатын  жүргізуде  Қытайға  жалтақтап  отырды.  Мұны  өзі  мемлекет  билігін 
əлсіретті. Құтлықтың табғаштарға қарсы күресіп, көздеген мақсатына қол жетуі, 682 жылы 
Екінші Шығыс Түрік қағанатының тарих сахнасына шығуына алып келді. 
Əдетте  зерттеушілер  түркі  халықтарының  тарихын  зерттеуде  ең  алдымен  түркі  жазба 
ескерткіштері, содан соң қытай, византия, араб, парсы жəне армян деректерін қолданады. Біз 
осы  мақаланы  жазу  барысында,  түркілердің  саяси  жəне  əскери  қатынастар  тарихын  корей 
халқының  көне  хроникасы – «Самгук  Саги»  тұрғысынан  қарастыруға  ұмтылдық. IV-VII 
ғасырларда үш патшалық (Когуре, Пэкче, Силла) Корей түбегінде өктемдік ету үшін күрес 
жүргізіп  жатты.  Патшалықтардың  өктемдік  үшін  күресінің  ұзаққа  созылуы,  бірін-бірі 
кезектесіп, алмастырып жатқан Қытай династияларының − Тоба Вэй (386-534), Бэй Ци (550-
577), Бэй Чжоу (557-581), Сүй (581-618), Тан (618-907) ұтқыр саясатының нəтижесі еді. «Үш 
мемлекеттің  хроникаларымен»  таныса  отырып,  біз  Шығыс  Түрік  қағанатының  Қытай  мен 
Корея  арасындағы  шиеленістерге,  бақталастыққа  жəне  ірі  соғыстарға  белсене  араласып 
отырғандығын  аңғарамыз.  Түркі  халықтарының  тарихын  зерттеуде  ортағасырлық  корей 
деректерінің де, соның ішінде Когуре патшалығының жазба ескерткіштері ерекше маңызды 
рөл атқаратынын ескергеніміз жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет