И. К. Бейсембетов ректор Зам главного редактора



Pdf көрінісі
бет21/92
Дата31.03.2017
өлшемі51,43 Mb.
#10731
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92

1-сурет. WiMAX базалық станциясының сұлбасы 

 

Сымсыз желiнi тікелей көрiмділік аймағында құрастыру қажет болғандықтан 802.16 стандарты 



кең таралмады. Сондықтан бiраз уақыттан кейін, 2003 жылдың қаңтарында, 2 – 11 ГГц жиiлiк ауқым-

дары  аралығын  қолдануды  ескеретiн,  802.16  стандартын  802.16a-2003 атауымен  кеңейтуді  қабылда-

ды.  Сонымен  бiрге  осы  стандарт  мегаполис  масштабындағы  тұрақты  сымсыз  желiлерді  ұйымдасты-

руға бағытталды. 



 



 Технические науки 

 

126                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



Қазіргі уақытта әр түрлі «сымсыз» стандарттардың желілері арасындағы роуминг мәселесін қа-

растыратын  IEFE  802.16е  стандарты  жасалынды,  бұл  стандарт  қолданушының  байланыс  сеансына 

әсерінсіз IEFE 802.11a/b/g стандартының сымсыз желiлерiнен IEFE 802.16 стандарты желілеріне өте 

алу мүмкіндігін берді. 

Сұлбада келесі белгілеулер қолданылған: 

- IDU – ішкі блок; 

- ODU – сыртқы блок. 

Секторлық  антенналар  қолданылған.  Секторлар  саны  өзгеруі  мүмкін.  Әрбір  IDU  модулінде 

Ethernet 10/100 Base TX интерфейстері қолданылады.  

BreezeMAX™ платформасымен бірге  соңғы тұтынушы қондырғысының (CPE) бірнеше нұсқа-

сы ұсынылады. Олар операторларға кәсіби және тұрғын секторларында әртүрлі тұтынушыларға тиім-

ді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 

BreezeMAX™  абоненттік  құрылғысы  көптеген  қызметтер  түріне  тиімді  платформа  қызметін 

атқаратын  және  жоғары  сенімділікті  қамтамасыз  ететін  VLSI  интеграциясының  жоғары  деңгейі  бар 

жобаға негізделген. 

BreezeMAX™ жүйесі өз абоненттерін 3.5 МГц арналарында 12,7 Мбит/с  дейінгі мәліметтерді 

тарату жылдамдығымен жоғары жылдамдықты рұқсатпен қамтамасыз етеді[2].   

Құрылымы  бойынша  IEFE  802.16e  стандартының  желiлерi  дәстүрлi  ұялы  байланыстың 

желiлерiне өте ұқсас: бұл жерде де базалық станциялар болады, 50 км дейiн радиуста жұмыс iстейді, 

бiрақ оларды мұнараларға орналастыру шарт емес, оларды жай ғана үйлердің төбесіне орналастырса 

болды. Тұтынушы мен базалық станцияны байланыстыру үшiн бар болғаны баспанаға орнатылатын 

абоненттiк  жабдық  керек.  Осы  блоктан  сигнал  стандартты  Ethernet-кабелі  бойынша  тiкелей  нақты 

компьютерге  немесе  802.11  стандарттың  қатынау  нүктесiне,  немесе  Ethernet  стандартының 

өткiзгiштік жергiлiктi желiсiне беріледі. 

 

 

 



2-сурет. Қатынауды қамтамасыз ететін Wi-MAX технологиясын қолдану схемасы 

 

Wi-MAX технологиясын енгiзу қазiргі кезде үш негiзгi фазаларға бөлінген. Бүгiндегi  енгiзудiң 



бiрiншi фазасы болып Wi-MAX технологиясының IEFE 802.16-2004 стандартын енгiзу және кең тара-

ту болып табылады, ол өз кезегінде IEFE 802.16e  және 802.16d стандарттарын ауыстырған болатын, 

және де арнайы тұтынушыларға тіркелген бағытта бағытталған сыртқы антенналарды қолданады. 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



127 

 

Екiншi фаза iшкi антенналарды және қатынауды қамтамасыз ету үшiн Wi-MAX технологиясын 



ықшамды және жан-жақты қолдануды білдіреді. 

Үшiншi  фаза  IEFE  802.16e  спецификацияларын  кеңінен  енгiзуiн  қамтамасыз  етеді.  Бұл  ұялы 

байланыс және Wi-Fi желілері секілді,  белгілі "жамылу аймағында" қозғалатын портативті құрылғы-

лар құрамында да WiMAX-Certified белгiсiмен жұмыс істеу мүмкіндігін білдіреді. 

Wi-MAX  негiзi  бойынша T1  желілер  жылдамдығымен,  қазіргі  заманғы  Wi-Fi  желілеріне  қара-

ғанда  жамылу  аймағы  мен  өнімділігі  өте  жоғары  болып  келетін  технология  болып  табылады.  Өз 

кезегiнде,  Wi-MAX  технологиясының  "магистралдық  тармақтарының"  жалғасы  болып  Wi-Fi  жергі-

лікті желілері, бизнес және тұрмыстық DSL кабельдік желілері табылады[3]. 

 

 

3-сурет. Wi-MAX-Certified негiзiнде қызметтің барлық түрлерiн қамтамасыз ететін  



Wi-MAX технологиясының схемасы 

 

Wi-Max технологиясының жұмыс істеу принципі, яғни жүйе екі негізгі бөлімдерден тұрады 



1.  Базалық  станциядан  (Wi-Mах):  ғимаратта  немесе  мұнарада,  биік  объектілерде  орналасуы 

мүмкін. 


2. Қабылдаушы антеннадан (Wi-MAX): антенна қабылдауышпен, PC Card карталары түрінде  - 

факторда, ДК кеңейтулер карталары немесе сыртқы карта. 

Wi-MAX  және  Wi-Fi  мүлде  әр  түрлi  Quality  of  Service  (QoS)  механизмдерімен  жұмыс  істейді. 

WiMAX  базалық  станция  мен  тұтынушының  құрылғысы  арасындағы  байланысты  орнату  механизмі 

бойынша жұмыс жасайды. Әрбiр қосылу арнайы жоспарлау алгоритміне негізделген, олар өз кезегін-

де кез келген қосылу үшін QoS параметрiмен кепiлдiк бере алады. Wi-Fi технологиясында QoS меха-

низмі Ethernet-ке ұқсас болып келеді, ол кезде пакеттер әр түрлi басымдылықтар алады. Мұндай жол 

әрбiр қосу үшiн бiрдей QoS параметрлеріне кепiлдiк бермейдi. 

 


 



 Технические науки 

 

128                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



 

 

4-сурет. Станция мен антеналар арасындағы байланыс жиіліктері 

 

Wi-MAX  технологиясы  кең  жолақты  қатынаудың  жаңа  технологияларының  бiрi.  Қалалық  құ-



рылыс жағдайында 50 км кең масштабталу, 70 Мбит/с дейiн жоғары өткізу қабілеттілігі технология-

ның басты ерекшеліктері болып табылады. 

WiMAX  базалық  станциялары  –  телекоммуникациялық  операторларға  оңай  және  тез  қалалық 

және қала маңындағы облыстардағы кіші және орташа өнеркәсіптердің абоненттерін олардың желісі-

не қосуға мүмкіндік беретін кеңжолақты нүкте – көп нүкте сымсыз рұқсат жүйелері[4]. 

WiMAX базалық станциалары динамикалық кеңжолақты тармақталуды пайдаланады. Бұл оған 

клиенттер үшін төмен бағамен дауыс пен мәліметтерді тарату дифференциалданған, тез әрекет ететін 

қызметтердің ең кең диапазонын оңайлатуға және өткізу қабілетін кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Қорыта келе, WiMAX қондырғысы келесі ерекшеліктерге ие: 

-  мультисервистік  қызметтерді  қамтамасыз  ету  (мәліметтерді  тарату  және  Интернетке  рұқсат, 

телефондар – VoIP, теледидар – IP TV, желілік ойындар және т.б); 

 -  кең  өткізу  жолағы  –  секторда  30  –  75  Мбит/с  және  одан  да  жоғары,  және  сәйкесінше  әрбір 

клиенит үшін 1 – 10 Мбит/с; 

- әсер ету аймағы үлкен – 15 – 30 км; 

- QoS қамтамасыз етудің дамыған мүмкіндіктері және енгізілген қауіпсіздік құралдары; 

- жоғары жиіліктік тиімділік; 

- тарату ортасына интеллектуалды рұқсат (сұраныс бойынша жолақ, DAMA); 

- жоғары масштабталуы; 

- тікелей көрініс жағдайында жұмыс істеу мүмкіндігі[5]. 

Көпжиілікті  диапазонды  қолдауы,  өткізу  қабілеттілігі  жоғары  базалық  станциялар және  муль-

тисервистік қолдау WiMAX сымсыз рұқсат шешімдерін жаңа бәсекеге қабілетті операторлар мен жа-

ңалыққа ұмтылатын тұтынушылар үшін таңдау болып саналады. 



 

ӘДЕБИЕТТЕР  

[1] Таненбаум Э. Компьютерные сети. 4-е изд. – СПб.: Питер, 2012. – 992с. 

[2] Олифер В. Г., Олифер Н. А. Компьютерные сети. Принципы,      технологии, протоколы: Учебник для 

вузов. 3-е изд. – СПб.: Питер, 2006.-958с. 

[3] Рошан П., Лиэри Д. Основы построения беспроводных локальных сетей стандарта 802.11.: Пер. с. англ. 

– М.: Издательский дом «Вильямс», 2004.-304с. 

[4] Тұрым А.Ш. Есептеу жүйелері және желілері: Оқулық. – Алматы, 2006.-331б. 

[5]  Амато В. Основы организаций сетей Cisco. –Т. 1. / – Москва.: Издательский дом «Вильямс», 2009. – 512 с. 

 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



129 

 

Тасыбаев Ж.Е. 



Принципы работы в технологии Wi-Max  

Резюме. В этой работе рассмотриваются принципы работы и особенности технологии беспроводной сети 

Wi-Max. 


 

Tasybaev Zh.E. 



Principles of work in technology Wi-Мax  

Summary.  In  this  paper  we  consider  the  principles  of  operation  and  features  wireless  networking  technology 

Wi-Max. 

 

 

 



ӘОК 378.016:78 

 

Ә.Т. Баялы

 

(Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  

Түркістан қаласы. bayaly.azimxan@mail.ru) 

 

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ 

ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ  

 

Аңдатпа:  Инженер  мамандардың  ақпараттық  сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық 

құзырлығын қалыптастыру. 



Кілттік сөздер: ЖОО-жоғарғы оқу орны, ЭЕМ-Электронды есептеу машинасы, ақпараттандыру. 

 

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына Жолдауында:  «Халықаралық  деңгейдегі  сер-

тификаттарды иеленген заманауи техникалық мамандықтарды, инженерлік білім беру жүйесін дамы-

туды  қамтамасыз  етуіміз  керек»  деп,  техникалық  білім  беруге  қатысты  нақты  міндеттерді  жүктеген 

болатын. 

Интеллектуалды  ұлт  құрау  мәселесін  шешуде  біздер  Президентіміз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Ин-

теллектуалды  ұлт-2020»  ұлттық  проектісіндегі  мақсатын,  жан-жақты  дамыған  білімді,  мәдениетті, 

отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді  іс-әрекеттерге  басымдық берудің  қажеттілігін түсі-

неміз.  Соның  ішінде,  «интеллектуалды  ұлт»  проектісінің  екінші  аспектісі  –  ғылым  саласын  дамыту 

мен  еліміздің ғылыми потенциалын арттыру дегенде парасатты ойлау өнерінің атқарар рөлін бағам-

даймыз. 

Сонымен  бірге  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  педагог  мамандардың ақпа-

раттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді 

қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 

Оқытушы-ақпараттанушы  емес,  студенттің  жеке  тұлғалық  және  интеллектуальды  дамуын  жо-

балаушы.  Ал  бұл  оқытушыдан  жоғары  құзырлылықты,  ұйымдастырушылық  қабiлеттiлiктi,  студент-

терді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын да-

мыту бағыттарын талап етедi.   

Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында  жеке тұлғаның интеллектуальдық, қоғамдық, 

экономикалық,  коммуникациялық  және    ақпараттық  сияқты  іс-әрекеттерін    түрлі  салаларға  қолдану 

арқылы құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады. 

Жаңа  ақпараттық  технология  кұралдарын  сабақтарда  пайдалану,  студенттің  шығармашылык, 

интеллектуалдык  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының 

қалыптасуына  әкеледі.  Компьютерлік  техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық 

мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы 

әсерін  тигізеді.  Есептеу  техникасымен  жұмыс  жасату  студенттердің  алгоритмдік  дүниетанымын 

қалыптастырады: 

- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды; 

-  құбылыстарға модельдер кұра біледі. 

Қазіргі  таңда  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлаудың  маңызы  зор.  Жоғары  оқу  орнының  ал-

дына қойған ең бірінші мақсаты - қоғамға қажетті жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау. Бола-


 



 Технические науки 

 

130                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



шақ  мамандардың  кәсіби  міндеттерді  шешу  үшін  өз  бетінше  ізденуге  және  білімді  игеруге  даярлау 

қажеттігі туындайды [1]. 

Қоғамды  компьютерлендіру,  білімді  ақпараттандыруда  есептеу  техникасы  құралдарының  бел-

сенді  түрде  қолданылуы  оқу  орны  және  кәсіби  педагогика ғылымы алдына  бірқатар  көкейкесті  мін-

деттер қоюда.  

Жаңа  экономикалық  жағдайларға  жастарды  бейімдеу,  нарықтық  қатынастардың  субъектісін 

дайындау – бүгінгі күнгі негізгі әлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Әлеуметтік-экономикалық тұрақты 

даму және оның бәсекелес сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі – кәсіпкерлік іс-әрекетті 

дамыту  болып  табылады.  Бұл  жастарды  еркін  нарықтық  экономикаға  өту  шарттарында  өмірге  және 

еңбекке дайындайтын мақсатты әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет қажеттілігін үйлестіреді [2]. 

Қазіргі  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  ақпараттық  білім  орталарының  негізгі  көрсеткіштерін  30 

жыл кейінге шегеріп қарайтын болсақ, онда бүгінде біз адамдардың бұлтартпас жаңа ақпараттық ке-

зеңде  тұрмыс  кешіп  жатқанын  айта  алатынымыз  айдан  анық.  Міне,  дәл  осы  ақпараттық  орта  қазір 

адамдардың әлеуметтік жағдайының жаңа бейнесін, олардың өмір сапасын, жаңа әдеттерін қалыптас-

тыруда.  Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  мамандардың  біліктілігін  көтеру  –  бүгінгі  күннің 

негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттан-

дыру  туралы  тұжырымдама,  стандарт  және  оқу-тақырыптық  жоспарларын  жасақтау  қажет.  Аталған 

қажеттілікті  шешу  барысында  мамандардың  біліктілігін  ақпараттық  технологияны  өз  қызметтеріне 

пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен 

бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық 

мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты  қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселесі  бүгінгі 

күннің  өзекті  мәселесіне  айналып  отыр.  Ал,  қазіргі  таңда  жоғарыдағы  аталған  мәселе  қалай  жүзеге 

асырылып жатыр деген сауал туындайды. ЖОО-ның маңызды міндеттерінің  бірі  - мамандарды дай-

ындаудағы іргелі  орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру [3]. 

Қазіргі  кезде  әрбір  қоғамның,  мамандардың алдына  қоятын  талаптарына  сәйкес  «маман  моде-

лін», маманның кәсіби бейнесін жасау міндеті зерттеушілердің назарын аударуда. 

Сондай-ақ, адамның жеке функционалдық мүмкіндіктері қабілеттердің ғана емес оларды прак-

тикада қолдануға тілек білдірудің нәтижесінде іскерлік сапаны анықтауы мүмкін. 

Сондықтан,  алдымен  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағыттылығының  қалыптасу  үдерісі  зерт-

телді.  Бұл  үшін  студенттердің  таңдалған  мамандық  бойынша  оқуға  түсуге  және  басқа  мамандыққа 

ауысуға қызығушылықтары зерттеліп, кәсіби бағыттылық деңгейі мен оның құрылымына тәуелді бо-

лашақ қызметтері мен оған дайындықтарының түрлі тұғырлары бойынша қанағаттандырылу дәреже-

лері айқындалды. 

Теориялық талдау барысында кәсіби бағыттылықты қалыптастыру үдерісін жетілдіру үшін тұл-

ғаның  мотивациялық  саласын  түрлендіру  қажеттілігі  белгілі  болды.  Тәжірибелік  жұмыс  нәтижеле-

рінде кәсіби бағыттылыққа қабілет және мінез сипаттары сияқты тұлғалық сапалардың үлкен ықпал 

ететіндігі анықталды. 

Кәсіби  бағыттылықты  қалыптастырудағы  негізгі  психологиялық-педагогикалық  тетігі  кәсіби 

еңбек  мазмұны  мен  кәсіпті  таңдаудағы  тұлғалық  ойлаудың  арасындағы  қарама-қайшылық  екендігі 

айқындалды. 

Осы қарама-қайшылықты шешу және ЖОО жағдайында кәсіби бағыттылықтың даму динами-

касын қамтамасыз ету үшін: 

кәсіп таңдаудағы тұлғалық ойлауды тереңдету; 



іс-әрекеттің объективті мазмұнына қатысты жетекші мотивке басымдық жасау; 

іс-әрекеттегі тікелей мотивтерді қалыптастыру; 



іс-әрекеттің бастамаларын анықтау. 

Болашақ маманның кәсіби мағыналы сапаларының құрылымын кәсіби бағыттылық пен жауап-

кершілік анықтайды. Студент өндірістік және оқу практикалары мен арнайы пәндерді оқу барысында 

өзінің  болашақ  жұмысы  туралы  көбірек  білсе  болашақ  маманға  өз  міндетттерін  орындауға  қажетті 

дағдыларды көбірек игеріп, кәсіби маңызды сапаларының қалыптасу деңгейі жоғарылайды. 

Кәсіби  білімдердің  (әдіснамалық,  теориялық,  әдістемелік,  технологиялық)  қалыптасу  крите-

рийлері: 

- тұлғаның танымдық белсенділігі мен бағыттылығының даму деңгейі; 

- кәсіби білімдердің көлемі, жалпылануы және жүйеленуі; 

 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



131 

 

- ойлау сипаты, нақтылықты стандартты емес шығармашылықпен ойлау; 



- білімді түрлі еңбек жағдайларында қолдану біліктілігі. 

Маманның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы туралы ғылыми зерттеулер “басқару саласын-

дағы маманның ақпараттық мәдениетін” бөлуге және мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді. 

Маманның ақпараттық мәдениеті қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың потенциалдық 

мүмкіндіктері  туралы  білімдерден;  оларды  күнделікті  оқу,  болашақ  кәсіби  іс-әрекеттерінде  басқару-

шылық шешімдерді қабылдау үдерісінде дұрыс қолдану біліктілігінен құралады. 

Болашақ маманның ақпараттық мәдениетінің бағалану критерийлерін информатика және ақпа-

раттық  технологиялар  аймағындағы  білімдер,  біліктіліктер  мен  дағдылар  кешені  негізінде  анықтау 

үшін, біз маңызды деген бірнешеуін бөліп алдық [4]. 

Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талап-

тарына сай анықталады: 

1.  қазiргi  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ақпараттық  кеңiстiк  туралы  бiртұтас  түсiнiктi  қалыптастыру 

(бүкiләлемдiк  ақпараттық  ресурстарға  бағдарлау,  ақпараттарды  iздеу  алгоритмi  мен  ақпараттарды 

аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту). 

2.  ақпараттық 

(дербес 


жағдайда, 

компьютерлiк) 

сауаттылық: 

оқу-әдiстемелiк, 

озық 

тәжiрибелердi  зерттеу,  ғылыми-зерттеу  нәтижелерiн  түрлендiру  мен  технологияларды  қолдану 



әдiстерiн  меңгерту;  қолданбалы программалық  құралдарды  меңгерту;  жаңа программалық  құралдар-

ды меңгерту. 

3.  өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық 

технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм 

беру  процесiнiң  ерекшелiктерiн  ескере  отырып,  педагогикалық  программалық  құралдарды  қолдану 

және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. 

Қорыта  келе,  білім  беру  саласындағы  жүргізілген  зерттеулер,  сараптаулар  мен  тәжірибелерге 

сүйене отырып, келешекте оқу жүйесін дамытудың мынадай үдерістерін атап өтуге болады: 

- оқу саласын демократияландыру; 

-  гуманитарландыру; 

- жоғары білім, ғылым және өндіріс салаларын бірлесе жұмылдыру; 

- халықаралық ізденіс пен тәжірибелерді есепке алу; 

- оқу үдерісін ғылым мен техника жетістіктері негізінде жүргізу; 

- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу; 

- жоғары оқу орындары мен болашақ мамандардың өмірге көзқарасы араларындағы байланыс-

қа зер салу, т.б. 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларын 

меңгермейінше сауатты, жан-жақты  білгір маман болу мүмкін емес. 

Бұл мәселе келешекте оқытуда жаңа әдістерді және формаларды іздестіруде, ақпараттық техно-

логиялар  арқылы  оқытуда,  жоғары  оқу  орнында  болашақ  мамандарды  ақпараттық  құралдар  көмегі-

мен оқытуда әр қилы пәндік сала мазмұнының интеграциясында өз жалғасын табуы мүмкін. 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



[1]  Кенжебеков  Б.Т. Жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалып-

тастыру. пед.ғыл.докт.дисс. авторефераты.-Қарағанды, 2005.-33 б. 

[2]  Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2007. – 70 б. 

[3]  Нәбиев  Ы.А.  Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  инженерлерді  графикалық  даярлаудың  ғылыми-

әдістемелік негіздері: пед.гыл.докт.дисс. ... автореф. -Алматы, 1996. -47 б. 

[4]  Антонова С.Г. Информационная культура личности: Вопросы формирования, //Высш. Образование 

в России.-1994.-№1.-С.82-88 

[5]  Информационная  культура  специалиста:  гуманитарные  проблемы:  Межвуз.  научн.  конф.  Красно-

дар-Новороссийск 23-25 сентября 1993 г. Тезисы докладов.  Краснодар 1993г.-249с. 

[6]  Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. – Алма-

ты, 2002 

 

 

 



 

 



 Технические науки 

 

132                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



Баялы А.Т.

 

Развитие интеллектуальных навыков будущих инженеров в образовательном процессе 



Резюме: Формирование информационной грамотности, информации, культуры и информационной ком-

петенции инженеров. 



Ключевые  слова:  ВУЗ-высшие  учебные  заведения,  ЭВМ-электронные  вычислительные  машины,  ин-

формационные. 

Bayaly А.

 

The development of intellectual skills of future engineers in the educational process. 



Summary: Formation of information literacy, information, culture and information competence of engineers. 

Key words: university, universities, computer, electronic computers, information. 

 

 



М.Н. Калимолдаев, А.А. Абдилдаева, О.Ж. Мамырбаев  

(Институт информационных и вычислительных технологий КН МОН РК 

 Алматы, Республика Казахстан, E-mail: abass_81@mail.ru)  

 

ЭЛЕМЕНТЫ ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ ИНФОРМАЦИОННОЙ СИСТЕМЫ ДЛЯ 

ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКИХ СИСТЕМ 

 

Аннотация. Рассматривается структура информационной системы для устойчивости электроэнергетиче-

ских  систем.  Приводится  подробное  описание  системного  и  функционального  наполнений  информационной 

системы.  Рассматриваются  модели  электроэнергетических  систем.    В  настоящее  время  к  основным  областям 

применения систем передачи данных можно отнести системы релейной защиты и автоматики, диспетчерского 

и  автоматизированного  технологического  управления  электроэнергетическими  объектами,  а  также  системы 

автоматизированного  учета  энергоресурсов.  Автоматическое  регулирование  возбуждения  (АРВ)  синхронных 

машин  является  одним  из  наиболее  эффективных  способов  обеспечения  устойчивости  работы  энергосистем. 

Однако, многообразие возможных параметров и режимов даже в отдельно взятой энергосистеме  создают зна-

чительные  препятствия  на  пути  разработки  оптимальных  средств  обеспечения  устойчивости.  Таким  образом, 

применение АРВ для обеспечения устойчивости в ряде случаев может оказаться недостаточным. Поэтому, по-

является необходимость в разработке информационных систем. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет