●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
401
Бергенжанова Г.Р., Бахтияр Б.Т.
Энергосбережение в процессах теплообмена и интенсивность процесса теплопередачи.
Резюме. Эффективность, безопасность, надежность и экономичность работы теплоэнергетических уста-
новок во многом определяются методом сжигания топлива, совершенством и правильностью выбора теплоге-
нерирующих, тепловых и электрических систем, оборудования и приборов. Энергосбережение и оптимизация
систем производства и распределения тепловой и электрической энергии, корректировка энергетических и вод-
ных балансов позволяют улучшить перспективы развития теплоэнергетики и повысить технико-экономические
показатели. В статье рассматривается основные положения и мероприятия энергосбережения в вопросах тепло-
техники. Приведены методики и рекомендации по расчету теплопередачи.
Ключевые слова: энергосбережение в теплотехнике, интенсивность процесса теплопередачи, теплооб-
мен, теплопроводность, закономерности теплопередачи.
Bergezhanova G., Bakhtiyar B.
Energy efficiency in the processes of heat and intensity of heat transfer.
Summary. The effectiveness, safety, reliability and efficiency of installations thermal power determined largely
by fuel combustion, perfection and choosing the right thermal generation, thermal and electrical systems, equipment
and appliances. The energy saving and optimization of production systems and distribution of thermal and electrical
energy, the adjustment energy and water balances can improve the prospects of power system and increase the technical
and economic indicators . The article discusses the fundamentals and energy saving measures in matters power tech-
nical. Techniques and guidelines for the calculation of heat transfer.
Key words: Energy saving in heating engineering.The intensity of the heat transfer process, heat exchange,
thermal conductivity, patterns of heat.
УДК 663.12/.14:547.461.4
Б. Е. Абдіқалиева, Г. В. Құрбанова, Г. Өтемуратова
(Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы, abdikalieva.balzhan@mail.ru)
НАН ЖӘНЕ НАН ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА
SACCHAROMYCES CEREVISIAE АШЫТҚЫСЫНЫҢ ӨСУІНЕ БИОСТИМУЛЯТОРЛАРДЫ
ҚОЛДАНЫП ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ
Түйіндеме: Қазіргі кезде нан өндірісінде маңызды қадамдардың бірі нан өнімдерінің сапасын жақсарту.
Осындай мәселені шешудің бір жолы – нанға қосылатын ашытқы клеткасының биотехнологиялық қасиеттерін
жақсарту, нәтижесінде жартылай шикізаттардың пісіп – жетілуін, дайын өнімнің сапасын және соңғы өнімнің
сапасын қосымша шығынсыз жоғарлату үшін зерттеу жүргізу. Бұл мақалада, көптеген ғалымдардың нан өндірі-
сінде жасаған зерттеулері қарастырылды.
Түйін сөздер: биостимулятор, биологиялық белсенді заттар, ашытқылар, шикізат, өнім, сапа.
Ашытқылардың сапасы мен шығымын жоғарлататын әдістің бірі микроорганизмдердің био-
массасына әсер ететін стимуляторларды қоректік ортаға енгізу. Бұндай стимуляторлар өте көп, олар-
ға органикалық және бейорганикалық қосылыстар, кейбір биологиялық өндірістердің түрлі қалдық-
тары, олар ашытқылардың өсуіне, ферменттердің өнімділігінің жоғарлауына, дайын өнімнің сапасы-
ның және процестердің экологиялық жағынан жақсаруына әсер ете алады. Осындай стимуляторлар-
дың біріне Moniliforma саңырауқұлағының негізінде алынған гиберсиб-полигиббереллинді препарат;
натрий сульфит; ферменттік препараттар; биологиялық және биотехнологиялық өндірістің қалдық-
тары – кристалды лизин, ксилит; жасыл протеинді концентраттар; парафин оксидтері; калий гипох-
лорит және т.б. Кез-келген тірі ұлпа организмнен бөлініп қалсада, жағымсыз ортаның өзінде био-
химиялық әсерлерге ұшырайды және биогенді стимуляторларды түзеді, ол организмнің тіршілік
реакциясын қоздырады. Биогенді стимуляторлар жылуға төзімді және суда ериді. Бұл препараттарды
алоэдың жапырағынан, адамның плацентасынан, көкбауырынан және басқа да жануарлар ұлпалары-
нан алады [1].
Алоэ экстракті түріндегі биогенді стимуляторларды ашытқылар штамдарын зертханалық жағ-
дайда белсендіру үшін қолданған. Осы әдіспен штамдарды белсендіру мальтазалық және зимазалық
●
Технические науки
402
№2 2016 Вестник КазНИТУ
белсенділігін жақсартуға мүмкіндік береді, сыртқы ортаның қолайсыздығына төзімді етеді. Бұл қа-
сиеттер культураға берік орнап тұқымқуалаушылық белгісіне айналады. Белсендірілген штамдардан
өсірілген тауарлақ ашытқылардың шығымы 4%-дейін артады.
Нан өндірісінде қолданылатын ашытқылардың таза культурасын өсіру кезінде, негізгі суб-
стратқа қоректік ортаның 0,25% мөлшеріндей етіп көк шәйдің экстрактісін қосқанда ашытқылардың
генеративті функциясына жағымды әсер етеді, осының нәтижесінде оның өсу жылдамдығы 34-39%
жоғарлайды. Көк шәйдің экстаркті ферменттік белсенділікке де әсер етіп, ашытқы клеткасының
мальтазалық белсенділігін және ұннан жасалатын жартылай шикізаттардың ашуы барысында комір-
тегі диоксидінің шапшаң бөлінуін арттырады [2].
Ашытқылардың биомассасының синтезіне көк-жасыл балдырлардың әсерін Гарманова Е.Л.
зерттеген. Осы зерттеуде, клетканың дамуына қажетті аминқышқылдарының жиынтығынан тұратын
гидролизатты нан өндірісінде қолданылатын ашытқылардың технологиясында аминқышқылының
көзі -ретінде қолдануға болады. Нәтижесінде өнімділігі 20-22% -ға өседі.
0,01 – 0,05 мг. Балдырларды қосу арқылы нан өндірісінде қолданылатын ашытқылардың бел-
сендірілген таза культурасы бөлініп алынды. Бұл, ашытқы биомассасының өнімділігін 40 % -ға жо-
ғарлатуға және культивирлеудің ұзақтығын 35 %-ға қысқартуға мүмкіндік берді [3].
Нан өндірісінде қолданылатын ашытқылардың ферменттік белсенділігін арттыру мақсатында
хош иісті қоспалар қолдану ұсынылған: 0,1-1,0% мөлшерінде аскөк, ақжелек, балдыркөк, кориандр
дәндері немесе осы дәндердің экстракциясы барысында алынған СО
2
шроты [4-5].
Бидайдың көк өскінінің экстрактісінде стимулятор ретінде қолдануға болады. Қоспаның 30%-
дай мөлшері ретінде осы экстрактіні қосқанда, ашытқы массасының 40-50%-ға өскені байқалады [6].
Ашытқыларды культивирлеуге қажетті, 10,5% құрғақ заттан тұратын ферменттелген күріш
ұнының негізінде дайындалған қоректік орта сапалық құрамы жағынан мелассадан да артық болады
[7, 8].
Ашытқылардың қалыпты дамуы үшін қоректік ортада биомассаның жинақталуына ықпал ете-
тін стимуляторлардың(биотин, инозит,пантотен қышқылы) болуы қажет. Бұл заттардың барлығы
қызылша мелассасында кездеседі: 5770000-800000 инозит, 50000-110000 пантотен қышқылы, 40-140
биотин.
Ашытқы зауыттарына келетін мелассадағы биотиннің құрамы 40-тан 140 мкг/кг дейін ауытқып
тұрады және орташа есеппен 83мкг/кг –ды құрайды, бірақ биотиннің мөлшері көп меласса партиясы
сирек кездеседі. Сондықтан қызылша мелассасындағы биотин мөлшері қазіргі заманғы ашытқы өнді-
рісінің талаптарын қанағаттандыра алмайды [9].
Зауыт практикасында крахмалопатокалық зауыттарда жүгеріне жібіту арқылы суды буландыру
нәтижесінде жүгері экстрактісін биотин көзі ретінде пайдаланады. Биотині аз ашытқы өсіретін мелас-
са массасына оның 6% мөлшерін қосу арқылы оң нәтиже алуға болады. Картоп шырыныда биотин-
нің альтернативті көзі ретінде қолданыла алады. Буландырылған картоп шырынында жүгері экстрак-
тісіне қарағанда зольдік заттар жоғарырақ, бірақ дәрумендер мөлшері төмен. Буландырылған өнімнің
гидролизатында 16 аминқышқылы табылған [10,11].
Меласса орталарында ашытқыларды өсірген кезде 400 мкг/кг мөлшерінде дестиобиотинді қол-
дану оң әсерін береді. Ашытқының өсу жылдамдығы жоғарлайды, дайын өнімнің сапасы жақсарады:
көтерілу жылдамдығы 9 минутқа, зимаздық белсенділігі 20 минутқа, мальтазалық белсенділік 35 ми-
нут, осмосезімталдық 12 минутқа жоғарлайды[12].
Мәліметтерге қарағанда, 1 т ашытқының өсуіне 250 мг биотин қажет. Әдетте мелассаның құра-
мында оның мөлшері 80мг/т. Жетпейтін мөлшерін белсенділігін есепке ала отырып дестиобиотинмен
толықтырады[10].
Мелассаның құрамын қалпына келтіру үшін биотинді қосу барысында ашытқылардың өсуі
едәуір жылдамдайды.
Ашытқы клеткасының химиялық құрамы витацидтер мен тағамдық кремнийдің әсерінен бір-
шама өзгереді, бұл ашытқылардың өнімділігі мен технологиялық қасиетін көтеретін морфологиясы
мен физиолого-биохимиялық белсенділігін жақсартады [12].
Өндірістік жағдайда минералды тұздар қосылған меласса ортасында Saccharomyces cerevisiae
ашытқыларын өсіргенде, өсудің стимуляторы ретінде панкреатинді РНКазаны микромөлшерде қол-
данады. РНКазаны алғанда өндірістік сыйымдылықтарға екі рет енгізеді: инокуляторға және себу ап-
паратына. Ашытқылардың тұтынушылық қасиетін арттыру мақсатында дозалау кезеңіндеде фермен-
терларға РНКаза қосады
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
403
Бұдан басқа түрлі қоректік орталарда культивирленген Saccharomyces oviformis Y – 2635 ашыт-
қысының нан өндірісінде қолданылатын штаммының ферментік белсенділігін зерттеген мәліметтерде
бар. Геотермальді су қосылған қоректік орталарда өсірілген ашытқылардың β-фруктофуранозидаза,
алкогольдегидрогеназа және α-глюкозидаза белсенділіктерінің деңгейі жоғары екені дәлелденген [13].
Аксорбин қышқылы, моноглицеридтер және липазаларды (2,0-3,0): (90,0-92,0): (0,4-0,6) қаты-
насында қолдану, нан өндірісіндегі ашытқылардың биотехнологиялық және технологиялық қасиетте-
рінің әсерін жоғарлатады.
Н.Н.Бочарованың зерттеулерінде, нан ашытқыларының өсуін белсендіретін зат ретінде қорек-
тік ортаға Н
2
О
2
енгізгенде тотығу-тотықсыздану потенциялын клетка ішінен және клеткадан тыста
жоғарлататыны байқалған, бұл инфекция тудыратын шіріту бактерияларының дамуын басады. Бұдан
басқа Н
2
О
2
ашытқының клетка қабығының өткізгіштігін өзгертеді және ашытқы биомассасының шы-
ғымы 3-6 %-ға жоғарлайды[14].
Нан өндірісінде қолданылатын меласса ортасындағы ашытқыларға оксиэтилидендифосфондық
қышқылды енгізіп культивирлегенде оның генеративтік белсенділігі 37 %-ға, көтерілу күші 13 %-ға,
осмосезімталдығы 17 %-ға және тұрақтылығы 23 %-ға артқаны анықталған.
Меласса қоректік ортасында нан ашытқыларын өсіру мақсатында оларды комплексондар көме-
гімен органоминералды жиынтығын тереңнен тұрақтандыру тәсілі ұсынылған. Оларды қолдану
ашытқылардың органикалық, минералдық қоспаларды сіңіруін қамтамассыз етеді.
NaCI, глицерин, полиэтилленгликоль 600 және сорбаттың моделдік жүйедегі ашытқылардың
тіршілігіне әсері зерттелді. Жүйедегі осмолиттердің концентрациясы артқан сайын ашытқы клетка-
сының дамуына кері әсерін тигізетіні анықталған.
1 т мелассаға өсу стимуляторы ретінде 4 г бацитрацин антибиотигін ендіргенді ашытқылардың
биомассасының өнімділігі мен ферментативтік белсенділігі жоғарлаған [15].
Сыра ашытқысының клетка қабығы мен цитоплазмалық мембранасын плазмолизбен зақымдау
жолымен алынған препаратты ендіру ашытқылардың биомассасын 2 – 3 есе жоғарлауына мүмкіндік
жасайды, ашу процессін 2 тәулікке дейін қысқартады, ашытқылардың флокуляциялық қабілетін арт-
тырып, олардың физиологиялық қасиеттерін жақсартады[20].
Нан ашытқысының өсу стимуляторы ретінде, ашытқылардың қышқылды-термиялық өңдеуінен
кейін алынған денуклеиннизация процессінің қалдығын қолданады.
Т.В. Мелединаның зерттеуі бойынша микроорганизмдердің өсу стимуляторы ретінде, соның
ішінде Saccharomyces cerevisiaeнің өсуіне арил (тио) сульфонал сірке қышқылы классының синтети-
калық антиоксиданттарын қолдануға болатын ұсынылған. Бұдан биомассаның шығымы 5-10 % жо-
ғарлаған.
Әдебиеттердегі мәліметтерді талдасақ, табиғаты әртүрлі стимулдейтін қасиеті бар заттарды
ашытқы биомассасының өсуіне, дамуына, жинақталуына қолдану жаңа емес екенін көруге болады.
Бірақ, биологиялық белсенділікке ие қосылыстардың көбі, әсіресе фенолдық табиғаттан тұратын қо-
сылыстардың ашытқылардың физиологиясына әсері толық зерттелмеген. Сондықтан, осы бағытта
ары қарай зерттеу жүргізудің маңызы бар.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1] Шестоков С.Д. Новая эффективная технология активации хлебопекарных дрожжей/ С.Д. Шестоков,
Т.П. Волохова//Хлебопечение России. - 2000. - №6. - С.33-34.
[2] Богатырёва Т.Г. Влияние флавоноидов экстракта зелёного чая на качество теста / Т. Г. Богатырёва,
Л. И. Пучкова, Ж. М. Жамукова // Пищевая промышленность. - 2006. - № 1. — С. 80-81.
[3] Гарманова Е.Л. Изыскание новых источников аминного азота для производства хлебопекарных
дрожжей. - Автореф. на соиск. уч. степ, канд. техн. наук. - Воронеж, 2008.
[4] Патент 2145351 C12N1/ 16,1/18. Способ активации дрожжей/Гернет М.В., Лаврова В.Л., Корнеев
А.Д., Воробьева В.В. и др. № 99118028/13, заявл.24.08.99, опубл.10.02.2000. Бюл. № 4.
[5] Хоссейни Ф. Влияние биологически активных веществ на жизнедеятельность хлебопекарных
дрожжей/ Ф. Хоссейни, М. В. Гернет, В. Л. Лаврова// Хлебопечение России. - 2005. - № 2. - С. 26-27.
[6] Асмаева З.И. Активация прессованных дрожжей с использованием пряно-ароматических добавок/
З.И. Асмаева, А.Е. Скакунов, О.В. Шеина// Изв.вузов. Пищ.технол. - 2010. - №2. - С.57-58.
[7] Патент 2050416 С 12N 1 / 16. Способ получения стимулятора роста дрожжей/ Левицкий А.П., Вов-
чук С.В и др. № 5050739/13, заявл.30.06.1992, опубл.20.12.95.Бюл. №35.
[8] Саидходжаева М. Рисовая мучка для пекарских дрожжей/ М. Саидходжаева, Ш. Хакимова// Хлебо-
продукты. — 2006. - №1.
●
Технические науки
404
№2 2016 Вестник КазНИТУ
[9] Саидходжаева М. Получение питательной среды на основе рисовой мучки/ М. Саидходжаева, Ш.
Хакимова// Хлебопродукты. - 2005. - №12. - С.56-57.
[10] Пащенко М.П. Повышение биотехнологической активности хлебопекарных дрожжей/ М.П. Пащен-
ко, И.А. Никитин// Кондитерское и хлебопекарное производство. - 2011. - №6. - С.11.
[11] Пащенко Л.П. Интенсификация жизнедеятельности дрожжевых клеток в тесте, содержащем белко-
вые обогатители/ Л.П. Пащенко, Ю.Н. Рябикина // Материалы Четвертого Московского международного кон-
гресса - М.: ЗАО «Экспо-биохим-технологии», РХТУ им. Д.И. Менделева, 2007 - часть 2 - С. 209.
[12] Решетник O.A. Интенсификация процесса выращивания пекарских дрожжей на мелассе/ O.A. Ре-
шетник, З.Ш. Килеева, Г.О. Ежкова// Тез. докл. межд. конф. «Научно-технический прогресс в перерабатываю-
щих отраслях АПК». - М.: - С. 136.
[13] Хрычева А.И. Исследование влияния микроэлементов на биосинтетическую активность и хлебопе-
карные свойства дрожжей. - Автореферат на соиск. уч. степ. канд. тех. наук. — М.: ВНИИПБ, 2007. - 24с.
[14] Меледина Т.В. Роль азотного и фосфорного питания при выращивании хлебопекарных дрожжей/
Т.В. Меледина, И.В. Гудь, М.М. Кхалил// Изв. СПб ГУНиПТ. - 2011. - №1. - С.58-60.
[15] Ибрагимова С.И. Особенности культивирования дрожжей Saccharomyces cerevisia на питательных
средах, сконструированных на основе пшеничного сусла и спиртовой барды/ С.И. Ибрагимова, JI.B. Римарева,
Н.С. Погоржельская// Хранение и переработка сельхозсырья — 2006 - №6. - С.44-47.
REFERENCES
[1] Şestokov S.D. New technology éffektïvnaya activation xlebopekarnıx drojjey / S.D. Şestokov, T.P.
Volohova // Xlebopeçenïe Russia. - 2000. - №6. S.33-34.
[2] Bogatyrev T. G. Vlïyanïe flavonoids extract Zelenogorsk çaya for quality test / T. G. Bogatyrev, L. I. Tufts,
J. M. Jamwkova // Food Industry. - 2006. - No. 1. S. 80-81.
[3] Garmanova E.L. Ïzıskanïe novıx ïstoçnïkov amïnnogo nitrogen proïzvodstva xlebopekarnıx drojjey. -
Avtoref. soïsk. site. Candidate step. tehn. Science. Voronezh, 2008.
[4] Patent 2145351 C12N1 / 16,1 / 18. METHODS activation drojjey / V.L. Gernet ,M.V Lavrova, Korneev
AD, VV Vorobyov and others. № 99118028/13, zayavl.24.08.99 opwbl.10.02.2000. Bulletins. No. 4.
[5] F. Hosseini Vlïyanïe Biology aktïvnıx Substance Composition Testing jïznedeyatelnost xlebopekarnıx dro-
jjey / F. Hosseini, M. V. Gernt, V. L. // Xlebopeçenïe Lavrov of Russia. 2005 - No. 2 - S. 26-27.
[6] Asmaeva Z.I. Pressovannıx activation drojjey with using pryano Aromatic dobavok / Z.I. Asmaeva, A.E.
Skakunov O. Sheikh // Ïzv.vwzov. Pïşç.texnol. - 2010. - №2. S.57-58.
[7] Patent 2050416 12N 1 / 16. METHODS Receive Booster Rost drojjey / Levitsky AP Vovçwk SV and oth-
ers. № 5050739/13, zayavl.30.06.1992 opwbl.20.12.95.Byul. №35.
[8] M.Saïdxodjaeva Rice mwçka pekarskïx drojjey / M. Saïdxodjaeva, S. Hakimova // Xleboprodwktı. - 2006.
- №1.
[9] M. Saïdxodjaeva Pïtatelnoy app Mid bases workhorse mwçkï / M. Saïdxodjaeva, S. Hakimova // Xlebo-
prodwktı. - 2005. - №12. S.56-57.
[10] Marc Pashchenko Povışenïe bïotexnologïçeskoy aktïvnostï xlebopekarnıx drojjey / MP Pashchenko, IA Ni-
kitin // Kondïterskoe and xlebopekarnoe proïzvodstvo. - 2011. - №6. S.11.
[11] Paschenko LP Jïznedeyatelnostï intensification drojjevıx cells in the test, comprising belkovıe obogatïtelï /
LP N. Paschenko Ryabïkïna // Materials Çetvertogo Moskovsky of international M .: Congress of the JSC "Expo Bio-
chem Technology", RXTW channels. DI ... Mendelev, 2007 - Part 2 - S. 209.
[12] Reşetnïk O.A. The process of intensification vıraşçïvanïya pekarskïx drojjey Salem / OA Reşetnïk Z.Ş.
Kïleeva GO Ejkova // fast. Proc. mejd. conference. "Scientific-Technical progress in pererabatıvayuşçïx otraslyax
APC". S. M .: 136.
[13] AI Xrıçeva Study vlïyanïya mïkroélementov biosynthetic aktïvnost and xlebopekarnıe then drojjey. - Ab-
stract soïsk. site. step. Candia. Tex. Science. - M .: VNÏÏPB, 2007 - 24s.
[14] Meledïna TV Azotnogo role and fosfornogo, and then when vıraşçïvanïï xlebopekarnıx drojjey / TV
Meledïna IV MM Gwd Kxalïl // Ïzv. St. Petersburg GWNïPT. - 2011. - №1. S.58-60.
[15] SI Ibragimova Features kwltïvïrovanïya drojjey Saccharomyces cerevisia pïtatelnıx sredax skonstrwïro-
vannıx bases pşenïçnogo Wort and went spïrtovoy / SI Ibragimova, L.V. Rïmareva, N.S. Pogorjelskaya // Xranenïe and
pererabotka selxozsırya 2006. - №6. S.44-47.
Абдикалиева Б.Е., Курбанова Г.В., Утемуратова Г.
Улучшение биотехнологических свойств хлебопекарных дрожжей, способствующее интенсифика-
ции процессов брожения, созревания полуфабрикатов и качественных характеристик конечного про-
дукта
Резюме. В настоящее время в хлебопекарном производстве важной задачей является повышение каче-
ства хлебобулочных изделий. Один из путей решения этой проблемы - улучшение биотехнологических свойств
хлебопекарных дрожжей, способствующее интенсификации процессов брожения, созревания полуфабрикатов и
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
405
улучшения качественных характеристик конечного продукта без значительного увеличения дополнительных
затрат. В статье рассмотрены многочисленные исследования ученых в области хлебопекарного производства.
Түйін сөздер: биостимулятор, биологиялық белсенді заттар, ашытқылар, шикізат, өнім, сапа.
Abdïkalïeva B.E., Kurbanova G.V., Utemuratova G.
In order to improve the quality of bread and bakery products in Saccharomyces cerevisiae
bïostïmwlyatorlardı an increase in the use of modern wort to solve the actual problem
Summary. Presently bakery production an important task is upgrading of bakegoodss. One of ways of decision
of this problem is an improvement of biotechnological properties of bakery yeasts, assisting intensification of processes
of fermentation, ripening of ready-to-cook foods and to improve quality descriptions of finish good without the
considerable increase of additional expenses. In the article of reviewed research of numerous scientists in area of bakery
production.
Key words: biostimulant, biologically active substances, yeast, raw materials, product, quality
ӘОЖ 664.236
Б.Е. Шабаков, М.С. Тапишев
(Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Орал, Қазақстан Республикасы, Berik_8516@mail.ru, tapishevms@mail.ru)
ҰН ШЫҒАРУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДА ҚҰРҒАҚ БИДАЙ КЛЕЙКОВИНАСЫН
ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЫ
Андатпа. Батыс Қазақстан облысы жағдайында диірмендер 3 классты бидайдан ұн өндіруде және тұрақ-
сыз климаттық жағдайға байланысты астық мөлшері тапшы болып отыр. Сол себепті ұн өндіру барысында,
дайын өнімге құрғақ бидай клейковинасын пайдалану 4 классты бидайды пайдалануға және ұнның сапасын
жоғарлатып оны ақуызбен қанықтыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Бидайдың технологиялық қасиеттері, құрғақ бидай клейковинасы, нан сапасын арттыру.
Ауыл шаруашылығы дамуының негізгі мәселесі бидай өндірісін арттыру болды және солай бо-
лып қала береді. Адамзат баласы ерте заманнан бері нанға аса құрметпен қарап, оны басқа материал-
дық игіліктерден артық бағалады. Нан қазір де өз маңызын жойған жоқ, астық шаруашылығы- бүкіл
ауыл шаруашылық өндірісінің негізі.
Мемлекет тағам өнімдерінің көлемінің артуын қажет етеді, жеңіл және тағам өнеркәсібі-
шикізатқа мұқтаж. Дегенмен, жоғары дамыған бидай шаруашылығының базасында ғана жоғары
жылдамдықпен мал шаруашылығын дамытуға және өзге де мәселелерін шешуге болады [1].
Бидайдың сапасы, оның технологиялық сипатын қамтамасыз ету мәселесі әлеуметтік-
экономикалық мәнге ие. Біздің елімізде нан және нан өнімдері ұлттық, күнделікті сұраныста алмас-
тырылмайтын және қоғамның барлық бөлігіне қолжетімді азық өнімі ретінде ерекше орын алады, ал
сапалы бидай мен бидай ұнын өндіру- халықты нан өнімдерімен сенімді қамсыздандырудың негізі.
Бидайдың наубайханалық қасиеттері оның қолайлы өңдеу жағдайында жоғары түсім беру қабі-
летінен көрінеді. Бидайдың наубайханалық құндылығы толық деңгейде оның ұнтақталуында көрініс
табады [2].
Ұн өндіруші заводтар үшін бидайдың технологиялық сапа төмендігі мәселесінің экономикалық
аспектісі адал өндірушілер үшін кедергілердің пайда болуымен, ал сапасыз өнімдерді төмендетілген
бағамен шығаратын кәсіпорындарға артықшылықтардың болуымен сипатталады.
Дегенмен, дәннің табиғатының тарту және ұнтақтау жүйелерінен бидайдың түсімі мен ұнның
жалпы түсімі арасындағы қатынасы анықталмаған.
Дәннің құрылымдық – механикалық қасиеттерін оның консистенциясы, мөлдірлігі, қаттылығы,
ұн сортының гранулометриялық сипаттамалары бойынша бағалайды. Бидайдың наубайханалық қа-
сиеттерін бағалауда оның мөлдірлігі маңызды критериилерінің бірі болып табылады. Ол түрлі табиғи
жағдайлар мен егістік жылына байланысты өзгеріп отырады.
|