Совершенствование методики и структуры
дисциплины «Инженерная графика»
В статье рассмотрены вопросы изучения структуры и методики дисциплины «Инженерная графика».
Авторами выделены основные средства в организации графического проектирования. Проанализиро-
ваны учебные и творческие задачи, которые дают возможность развить высокий уровень графических
способностей, что соответствует целям обучения. Авторами показаны некоторые пути
усовершенствования структуры и методической системы дисциплины «Инженерная графика».
Ж.Ə.Қожықов, Қ.Т.Көшкімбаев т.б.
18
Вестник Карагандинского университета
Zh.A.Kozhikov, K.T.Koshkumbaуev, A.Karoglu, S.Zh.Bodуkov
Improved methods and structure of discipline «Engineering graphics»
The article discusses the graphic formation on the structure and methods of the discipline «Engineering
Graphics». The authors identified the main tools in the organization of graphic designing. Analyzed the
educational and creative tasks, which give an opportunity to develop a high level of graphics capabilities that
meet the learning objectives. The article discusses some ways to improve the structure and methodology of
the discipline «Engineering Graphics».
References
1 Kozhikov Zh.Zh., Bodikov S.Zh., Koshkumbayev K.T. Bull. KSU Pedagogics ser., 2014, 2 (74), p. 56–60.
2 Archangelskii S.I. Lectures on the scientific organization of educational process in high school, Moscow: Vyssh. shk.,
2011, p. 320.
3 Ryzhov N.N. Lectures on descriptive geometry, VZEI, Moscow: Vyssh. shk., 2009, p. 276.
ƏОЖ 378.1:53;51(571)
К.М.Беркімбаев, Г.К.Орманова, Ш.Ж.Раманқұлов
Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан
(E-mail: shery_roma@mail.ru)
Білімді ақпараттандыру жағдайында «Оптика» пəнін оқыту үдерісінде
болашақ
физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру
Мақалада жоо-ның негізгі мақсаттарының бірі — болашақ мамандардың шығармашылығын,
шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Осыны негізге ала отырып, мақала авторлары
«Оптика» пəнін оқыту үдерісінде электрондық оқыту құралдарын қолдануды ұсынды. «Физика»
мамандығы бойынша оқитын студенттердің басым бөлігі линзалардан кескіндер алуды түсіндіруде
қиналатындары рас. Осы қиындықты жеңілдету мақсатында «Оптика» пəні бойынша есептер
шығарудың, тəжірибелер мен демонстрациялардың компьютерлік үлгілерін жасаған. Физика
курсының «Геометриялық оптика» бөліміне жасаған анимациялық компьютерлік модельдері туралы
мəліметтер жəне оларды оқу процесінде қолдану əдістері баяндалған.
Кілт сөздер: болашақ физика мұғалімдері, оптика, ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар,
шығармашылық, креативті ойлау, қалыптастыру.
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Үкiмeтi eл экoнoмикacын дaмытудың бacым бaғыттapының бipi peтiндe
бiлiм мeн ғылымғa бaca көңiл бөлудe. Өйткeнi XXI ғacыpдa өpкeниeттi дaмушы eлдep мeн
бəceкeлecтiк apқылы eл экoнoмикacын дaмытудa бүгiнгi қoғaм жacтapының бiлiктiлiгi мeн бiлiм
дeңгeйлepi caй бoлуы Қазақстан Республикасының бiлiм бepудi дaмытудың 2011–2020 жылдapғa
apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacындa aтaп көpceтiлгeн [1].
Қоғам мен білім беру жүйесіндегі жаңа жағдайлар өзгермелі қоғамда жұмыс жасай алатын
мұғалімдерді даярлауды талап етеді. Қазіргі таңда мұғалім жалпы мəдениеттің жоғары деңгейінде,
психологиялық-педагогикалық құзыретті болумен ғана шектелмей, түрлі бағыттағы мəселелерді
шеше білуге, шығармашылықты негізге ала отырып, өз қызметін ұйымдастыра алуы қажет.
Ақпарат ағыны, бір жеке тұлғаға алып қарағанда, күн өткен сайын артып келеді. Үлкен
көлемдегі ақпаратты игеру қазіргі заман мұғалімі үшін жеткіліксіз талап болып табылады. Барлық
көкейкестілік жаңа нəрсені жасай алуға бағытталған. Кез келген бағытта ақпараттық-креативтілік
бағыт өте тез қарқынмен дамуда: ғылыми, өндірістік, əсіресе педагогикалық бағыттарда.
Білімді ақпараттандыру жағдайында…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
19
Қоғам талабына сай əлеуметтік бейімділігі жоғары, мəдениетті, ұлттық тəлім-тəрбие алған,
білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған болашақ мұғалімді қалыптастыру
мəселесі тұр. Білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шəкіртті үнемі даму
үстіндегі əрекет иесі — субъект ретіндегі орынға қойып отырғаны белгілі. Осындай мəселелердің
шешімін табуда болашақ мұғалімдердің креативтілігін дамыту мəселесінің өзектілігі айқындалады [2].
Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары пайда болмай тұрып, көптеген эксперименттер
жүргізген ғалымдар, берілген материалды меңгеру əдістері мен алған білімді біраз уақыт өткен соң
еске түсіре алу қабілеттілігі арасындағы байланысты тапқан болатын. Егер материал дыбысты түрде
берілсе, онда адам оның төрттен бір бөлігін ғана меңгере алған. Егер ақпарат көрнекті (визуалды)
түрде баяндалса, үштен бір бөлігі ғана меңгеріледі. Егер ақпаратты көзбен көріп жəне ести отырып
қабылданса, онда ақпараттың жартысына дейін меңгеруге болады. Егер адам оқу үдерісіне белсене
араласса, материалды меңгеру 75%-ға дейін жоғарылайды.
Физика курсының «Оптика» пəнін оқыту үдерісінде болашақ физика мұғалімдерінің
креативтілігін қалыптастыруда электрондық оқыту құралдарын қолданудың ролі өте зор. Оқыту
үдерісінде кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар, мультимедиалық бағдарламалар
мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту
жəне бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады. Физиканы оқыту үдерісінде электрондық оқу
басылымдарының студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор.
Электрондық басылым — бағдарламалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар жəне кез
келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық
көрген сандық, мəтіндік, графикалық, аудио-, видео- жəне басқа ақпараттар жиынтығы. Электрондық
оқу басылымы — оқытуды жəне білімді бақылауды автоматтандыруға арналған жəне оқу курсына
немесе оның жеке бөлімдеріне сəйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға
мүмкіндік беретін жəне əр түрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым [3].
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы — бұл оқу курсының ең
маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық жəне дипломдық
жобаларға нұсқау жəне т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы
статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Мультимедиа дегеніміз — ақпаратты берудің бірнеше тəсілін біріктіретін — мəтін,
қозғалмайтын кескіндер (суреттер мен фотолар), қозғалатын кескіндер (мультипликация жəне видео)
жəне дыбыс (сандық жəне MIDI) — интерактивті өнім.
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік жəне аудиоэффектілік ақпаратты жасау, өңдеу,
сақтау, тасымалдаудың амал, тəсіл жəне əдістерінің жиынтығы жəне əр түрлі мультибағдарламалық
мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтардың басқаруымен орындай алатын
электрондық құжаттарды дайындау тəсілі. Ол — мəтін, графика, бейне жəне аудиоақпараттарды
біртұтас кешенге біріктіруге мүмкіндік беретін технология. Бұл технология аудиториялық сабақтар
мен СӨЖ-де студенттің оқу материалын көрнекі түрде түсінуіне жəне оқу уақытын тиімділеуге
жағдай жасайды.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасы — мультимедиатехнологиясына негізделіп жасалынған
электрондық оқу басылымы. Ол гипертекст түріндегі, нақты құрылымдалған, кез келген сілтеменің
объектісіне (текст, графика, анимация, аудиофрагмент, бейнефрагмент, орындалатын бағдарлама)
қатынау мүмкіндігі бар оқу материалынан жəне теориялық материалды бекіту, практикалық біліктері
мен дағдыларын дамыту үшін берілетін сұрақтардан, жаттығулардан, тесттерден, сөздіктерден,
анықтамалардан тұрады [4].
Мультимедиалық
бағдарлама жасау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жəне
оны типтік бағдарламаға нақты сəйкестендіру, көлемін шамалау, мазмұндылығын арттыру,
қажетті мəліметтерді іріктеп алу, арнайы тəжірибелерден өткізіп, қазіргі кезеңмен ұтымды
байланыстыру — бəсекелестікке барынша қабілетті білім негіздерін беруге, қарқынды оқытуға
ықпалын арттырады [5].
Бүгінгі таңда оқу пəндері бойынша қазақ тіліндегі оқу əдебиеттеріне, электрондық басылымдарға
деген сұраныс өте жоғары. Негізгі білім мазмұны оқулықта берілетіндіктен, электрондық басылымды
жасауға оқытушы аса жауапкершілікпен қарап, оны жасаудың технологиясы мен əдістемесін білу
керек. Осы мақсатта авторлық ұжыммен «Оптика» пəні бойынша электрондық оқу құралы
К.М.Беркімбаев, Г.К.Орманова, Ш.Ж.Раманқұлов
20
Вестник Карагандинского университета
жасалынып, оған мемлекеттік меншік құқығы алынды (Авторлық құқық объектісіне құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы куəлік № 2041, 2014 ж. 26 қараша) [6].
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің
болашағы болып табылады, əсіресе білімгерлердің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруда,
шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы маңызы ерекше.
Физикалық эксперименттерді модельдеу — оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын
тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық
құбылыстармен зерттеу əдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді [4].
«Оптика» пəнін оқыту үдерісінде электрондық оқыту құралдарының тиімділігі:
студенттің өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге
асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып-үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен əр түрлі тəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
студенттің ой-өрісін, креативті ойлау қабілетін дамытуға ықпалы зор [5].
Білімгерлерге бір құбылысты қайта-қайта сөзбен айтып түсіндіргенше, бір немесе бірнеше рет
демонстрация түрінде көрсетіп қорытындысын өздеріне жасатқан олардың танымдық құзыреттерін
қалыптастыруда өте тиімді болады. Геометриялық оптика заңдылықтарын, интерференция,
дифракция, фотоэффект құбылыстарын, Комптон эффектісі тəжірибелерін т.б. демонстрация түрінде
көрген соң студенттердің осы заңдар мен құбылыстарды өз бетінше тұжырымдау, нəтижесін талдау
кезеңі туады. Осы жерде проблемалық жағдаяттар туындайды. Оқытушы шеберлігі осы
жағдаяттардың шешімін əр түрлі сұрақтар мен проблемалар қою арқылы студенттердің өзіне талдата
білуінде. Оқу үдерісінде анимациялық эффектілерді қолдану студенттерге физикалық құбылыстар
механизмін көзбен көріп, дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Имитациялық модельдер студенттерге
көзбен жай көре алмайтын жəне кейбір жағдайларда өмірде, практикада жүзеге асыра алмайтын,
ойша қойылатын эксперименттерді түсінуге мүмкіндік береді [6].
Осы мақсатта біз «Оптика» пəні бойынша линзадан кескін алудың компьютерлік модельдерін
жасадық. Төменде осы жасалынған модельдерден көріністер келтіреміз.
Линзалар арқылы жарық шоғын жинап жəне шашыратып қана қоймай, заттардың əр түрлі
кескінін алуға болады. Осы қасиетіне байланысты линза практикада кең қолданыс тапқан. Алынатын
кескіннің сипаты зат пен линзаның өзара орналасуына байланысты екен. Олардың арақашықтығын
өзгерту арқылы кескінді ұлғайтуға не кішірейтуге, тура не кері (төңкерілген), нақты не жалған кескін
жасауға болады.
Біз кез келген (көрінетін) объектіні жарқырайтын немесе жағылған жарық нүктелерінің
жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады. Осы нүктелерден шашыраған сəулелер шоғы линзадан
сынғаннан кейін өздері немесе созындылары белгілі бір нүктеде жинақталады. Олардың жиынтығы
берілген заттың кескінін береді.
Əр нүктенің кескінін салу үшін екі сəуле жеткілікті. Берілген нүктеден шығатын көптеген
сəулелердің ішінен жолы ең қарапайым сəулелер таңдалып алынады, сол себепті оларды кескін салу
процесінде оңай жаңғыртуға болады. Мұндай сəулелер:
1) линзаның орталығы арқылы өтетін сəуле (линзадан өту кезінде бұл сəуле бағытын
өзгертпейді);
2) линзаның бас оптикалық өсіне параллель өтетін сəуле (линзадан сынғаннан кейін не өзі, егер
линза жинағыш болса, созындысы, егер шашыратқыш болса, бас фокусы арқылы өтеді).
Сызықты дененің, мысалы, АВ жебесінің (1-сур.) кескінін салу үшін алдымен А нүктесінің одан
кейін В нүктесінің кескінін салады да, A
1
жəне В
1
нүктелерін қосады, пайда болған А
1
В
1
кесіндісі
берілген дененің кескіні болады.
Осы
нұсқауды
пайдаланып,
заттың
линзадан
үш
түрлі
қашықтықта
тұрған
жағдайында жинағыш линзадағы кескін қандай болатынын анықтайық.
Білімді ақпараттандыру жағдайында…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
21
1. АВ нəрседен линзаға дейінгі қашықтық оның фокус аралығынан 2 еседен артық болсын
(1-сур.).
Алдымен А нүктесінің кескінін салайық. Ол үшін осы нүктеден екі сəуле жүргіземіз, біріншісі
бас оптикалық оське параллель (линзадан сынғаннан кейін ол бас фокустан өтеді), ал екіншісі
линзаның оптикалық орталығы арқылы өтеді. Осы сəулелер қандай да бір А
1
нүктесінде қиылысады.
А
1
нүктесі А нүктесінің кескіні болады.
Енді В нүктесінің кескінін салайық. Ол үшін алдындағыдай екі сəуле жүргіземіз — бірінші
линзаның бас оптикалық осіне параллель, ал екінші оның орталығы арқылы өтеді. Осы сəулелердің
қиылысу нүктесі b
1
, В нүктесінің кескіні болып табылады. АВ затының басқа барлық нүктелердің
кескіні A
1
B
1
аралығында болады. Осы нүктелерді қосып, біріншісінен екіншісіне сызық
жүргізіп, АВ затының кескіні болатын A
1
B
1
кесіндісін аламыз.
1-сурет. Жинағыш линзадан кескін алудың
анимациялық көрсетілімінен көрініс. Нəрсе екі
фокустан кейін орналасқан
2-сурет. Жинағыш линзадан кескін алудың анимациялық
көрсетілімінен көрініс. Нəрсе фокус пен қос фокус
аралығында орналасқан
Егер
зат
жинағыш
линзаның
қос
фокус
аралығынан
ары
орналасқанда,
кескін: а) нақты; б) кішірейтілген; в) кері (төңкерілген) болатынын көреміз. Мұндай кескін
фотоаппаратта қолданылады.
2. АВ нəрсе линзаның фокусы мен қос фокусы аралығында орналассын (2-сур.).
Өткен жағдайдағыдан А нүктесінен екі сəуле жүргіземіз. Олардың қиылысу нүктесі А
1
,
А нүктесінің кескіні болады. Енді В нүктесінен екі сəуле жүргіземіз. Олардың қиылысу
нүктесі В
1
, В кескіні болады. А
1
B
1
нүктелерін қосып, АВ затының кескіні болатын А
1
В
1
кесіндісін
аламыз.
Егер зат жинағыш линзаның фокусы мен қос фокусы аралығында орналасса, онда оның
кескіні: а) нақты; б) үлкейтілген; в) кері (төңкерілген) болатынын көреміз. Мұндай кескін
проекциялық аппараттардың (диапроектор, кинопроектор жəне т.б.) жұмысында пайдаланады.
3. АВ заты линза мен оның фокусы аралығында орналассын (3-сур.). А нүктесінен линзаға
стандартты екі сəуле жібереміз, линзадан сынғаннан кейін олардың шашырап шығатынын көруге
болады. А нүктесінің кескіні бұл жағдайда сəулелердің өзінің қиылысуынан емес олардың кері
созындыларынан пайда болады. Сонымен A
1
, А нүктесінің кескіні болады.
Сондай жолмен В нүктесінің жалған кескіні болатын В
1
нүктесін аламыз. A
1
жəне B
1
нүктелерін
қосып, АВ затының жорамал кескіні болатын А
1
В
1
кесіндісін аламыз.
Егер зат жинағыш линза мен оның фокусы аралығында болса, онда кескін: а) жорамал;
б) үлкейтілген; в) тура ( төңкерілген) болады. Мұндай кескінді лупаны (үлкейткіш шыны)
пайдаланғанда аламыз. Ол қандай да бір заттың ұсақ бөліктерін немесе тексті қарағанда
қолданылады. Бұл жағдайда үлкейтілген кескін алу қажет болады. Сонымен бірге ол тура
болатындықтан, оны қарау (немесе оқу) ыңғайлы болады.
К.М.Беркімбаев, Г.К.Орманова, Ш.Ж.Раманқұлов
22
Вестник Карагандинского университета
3-сурет. Жинағыш линзадан кескін алудың
анимациялық
көрсетілімінен көрініс. Нəрсе линза
мен фокус аралығында орналасқан
4-сурет. Шашыратқыш линзадан кескін алудың
анимациялық көрсетілімінен көрініс
4. Енді шашыратқыш линза беретін кескіндіні қарастырайық (4-сур.). Бұл линза шашырайтын
жарық шоғын түзеді. Сол себепті оның көмегімен нақты кескін алу мүмкін емес. Шашыратқыш
линза заттың барлық жағдайында да жорамал, кішірейтілген тура кескін береді.
Компьютерде аталған сəулелердің жүру жолын көріп қана қоймай, оны ести отырып, есте сақтау
үшін кез келген мезетте оны тоқтататып, қайта бақылай алуға мүмкіндік туады. Əрине, мұндай
сызбаны визуалды түрде бірнеше рет көріп, естіген соң есте жақсылап сақтап қалуға болады, əрі
линза көмегімен кескіндер алу принципін өз бетімен түсініп алу əлдеқайда оңай болады.
Болашақ физика мұғалімдері білімді ақпараттандыру жағдайында «Оптика» пəнін оқыту
үдерісінде электрондық оқу құралдарын, демонстрациялық көрсетілімдерді өздерінің кəсіби іс-
əрекеттерінде қолдана отырып, креативті ойлау қабілетін шыңдай түседі деп ойлаймыз.
Əдебиеттер тізімі
1 ҚP Бiлiм бepудi дaмытудың 2011–2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы. — [ЭР]. Қолжетімділік
тəртібі: http://kz.government.kz.
2 Орманова Г.К., Беркимбаев К.М., Курбанбеков Б.А., Раманкулов Ш.Ж., Бимаганбетова А.К. Формирование
креативного мышления студентов по физике с помощью электронных ресурсов. AWER Procedia Information Technology &
Computer Science. — 2013. — № 4. — С. 570–575.
3 Государственный стандарт Республики Казахстан. MS 34.017-2005. «Информационные технологии. E-издание
электронных книг». Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан Комитета по техническому регулированию
и метрологии (стандарт), утвержденный приказом № 39 от 7 февраля 2004 года. — [ЭР]. Режим доступа: online.zakon.kz
4 Беркимбаев К.М., Орманова Г.К. Использование компьютерных моделей в процессе обучение студентов физике //
Вестн. Российского университета дружбы народов. — 2012. — № 3. — С. 88–92.
5 Орманова Г.К., Фазилова А. Характеристики современных технологий обучения на уроках физики. — 2011. — № 1.
— С. 120–127.
6 Оптика: Электрондық оқулық. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды тіркеу туралы куəлік. — № 2041. — 2014. —
26 қараша.
К.М.Беркимбаев, Г.К.Орманова, Ш.Ж.Раманкулов
Формирование креативности будущих учителей физики в процессе изучения
курса «Оптика» в условиях информатизации образования
В статье отмечено, что одной из основных целей вузов является формирование
творческого,
креативного мышления будущих специалистов. Авторы статьи предлагают в процессе изучения курса
«Оптика» использовать электронные ресурсы обучения. Большинство студентов, обучающихся
по специальности «Физика», подчеркивают авторы, затрудняются получить изображение с помощью
линзы. В помощь обучающимся авторы создали демонстрационные компьютерные модели
по предмету «Оптика». Изложена методика применения и использования анимационных
компьютерных моделей по разделу «Геометрическая оптика» в процессе обучения курса «Оптика».
Білімді ақпараттандыру жағдайында…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
23
K.M.Berkimbayev, G.K.Ormanova, Sh.Zh.Ramankulov
Formation of creativity of future teachers of physics in the lerning process subject
«Optics» in the conditions of informatization of education
One of the main goals of universities is to develop creative, creative thinking of future specialists. By means
of use of computer models of experiments and demonstrations it is possible to compensate a lack of the
equipment in the physical laboratory and thus, to teach students to get independently physical knowledge dur-
ing physical experiment on virtual models, that is there is a real possibility to form creative thinking at stu-
dents and increase informative activity on physics. In this article, the authors describe a technique reference
and use animated computer models under the heading «Geometrical Optics» in the learning process of the
course «Оptics».
References
1 The State Program for the Development of Education of the Republic of Kazakhstan for 2011–2020, [ER]. Access mode:
http://kz.government.kz.
2 Ormanova G.K., Berkimbaev K.M., Kurbanbekov B.A., Ramankulov Sh.Zh., Bimaganbetova A.K. Formation Of Creative
Thinking Of Students On Physics By Means Of Electronic Resources. AWER Procedia Information Technology & Computer Science,
2013, 4, p. 570–575.
3 State Standard of the Republic of Kazakhstan. MS 34.017-2005. «Information Technology. E-edition. E-books». Ministry of
Industry and Trade of the Republic of Kazakhstan, the Committee for Technical Regulation and Metrology (standard), approved by
Order No. 39, 2004, February, 7, [ER]. Access mode: online.zakon.kz
4 Berkimbaev K.M., Ormanova G.K. Bull. of the Russian University of Peoples' Friendship», 2012, 3, р. 88–92.
5 Ormanova G.K., Fazılova А. The characteristics of modern learning technologies in physics lessons, 2011, 1, p. 120–127.
6 Optics: E-books. Certificate of state registration of rights to the object of copyright, 2041, 2014, November, 26.
ƏОЖ 378.(075,8):61
Ү.А.Байзақ
Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан
(E-mail: usenmktu@gmail.com)
Достарыңызбен бөлісу: |