Социализация учащихся начальных классов в освоении правил
человеческих взаимоотношений
В статье рассмотрены проблемы социализации учащихся начальных классов, освоения ими правил
человеческих отношений, нравственных ценностей через предмет «Самопознание». В условиях со-
временного изменяющегося общества, подчеркнуто авторами, каждый человек должен адаптировать-
ся к изменениям и, оценивая и обогащая ценности жизни, самосовершенствоваться.
P.Z.Ishanov, G.Zh.Dzhamaliyeva, N.T.Kalmaganbetova
Socialization of initial classes of students, in mastering governed
by them humanrealition
The problems of socialization of initial classes of students are considered in the article, mastering by them
rules of human relations, mastering of moral values through the article of «Self-knowledge». In the conditions
of modern changing society everybody must adapt oneself to change and, estimating and enriching the values
of life, to improve.
References
1 The National Encyclopedia , 1, Almaty: Kazakh encyclopedia, 1998.
2 Mudric А.В. Social pedagogics, Moscow: Publi. center «Academy», 2000.
3 Kaldybayeva T. Education sociology, Almaty: Foliant, 1997, 184 p.
4 School of Kazakhstan, 2000, 7, p. 11–12.
5 Koianbayev Zh.B., Koianbayev R.M. Pedagogika, Almaty: Evero, 1998, 420 p.
6 State program of a development of education The Republic of Kazakhstan for 2011–2020, [ER]. Access mode:
adilet.zan.kz/kaz/docs/U040001459
7 Berns R. Development of «I-concept» and education, Moscow: Prosveshenie, 1986, 226 p.
8 Kulpe O. Outlines of Psychology, New York: ARNO PRESS, 1973.
9 Titchener E.B. Systematic Psychologie PROLEGOMENA, Itacaand London: Cornell University Press, 1972.
П.З.Ишанов, Г.Ж.Жамалиева, Н.Т.Қалмағанбетова
46
Вестник Карагандинского университета
10 «Self-knowledge» subject of the state compulsory secondary education standard of the Republic of Kazakhstan, Almaty,
2010, [ER]. Access mode: nurbolat.ucoz.net/r_bilim_beru_standarty.doc.
11 «Self-knowledge» subject curriculum 1–11 classes, Almaty, 2010, [ER]. Access mode:
online.zakon.kz/Document/?doc_id=30595914
ƏОЖ 373.2-056.22
Г.Қ.Белгібаева, Ж.Т.Жакенова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: gilchi09@mail.ru)
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тəрбие үдерісіндегі денсаулық сақтау
технологияларының ерекшеліктері
Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар
денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен
авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау
технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық
тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап,
əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты
мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі
міндеттердің бірі болып саналады.
Кілт сөздер: мектепке дейінгі ұйым, денсаулық сақтау технологиясы, дене шынықтыру, медициналық
блок, сауықтыру іс-шаралары, дене дайындығы деңгейі, дене бітімінің жетілуі, психофизиологиялық
ерекшеліктер, қозғалыс координациясы, қимыл-қозғалыс техникасы.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау — біздің мемлекетіміздің басымды
шартарының бірі, ол жөнінде «Қазақстан – 2030» əлеуметтік даму стратегиясында жəне Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айтылған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңына сəйкес, білім беру мекемелерінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтауға жəне
нығайтуға кепілдеме болатындай жағдай жасалуы керек. ҚР Білім беруді дамытудың 2011–2020
мемлекеттік бағдарламасында оқыту жүйесіне жаңа педагогикалық, ақпараттық жəне денсаулық
сақтау технологияларын енгізу қажет екендігі айтылған [1]. Осыған байланысты біздің зерттеу
жұмысымыздың мақсаты мектепке дейінгі мекемелерде денсаулық сақтау технологияларын құру
болды.
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі
заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру
бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында
баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Мектепке
дейінгі ұйымның оқу-тəрбие процесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру мектеп жасына
дейінгі балада денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады.
Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымның мақсаты — мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты
дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымда алған алғашқы қарапайым
түсініктері оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы тиіс. Бұл мақсатқа мектеп
жасына дейінгі бала мен педагог денсаулығын көздейтін оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудың əдіс-
тəсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы арқылы жете алады. Мұғалім
педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, бала, ата-ана, медицина қызметкерлері мен өз
əріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын барлық педагогикалық процестің қатысушылары
денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
47
Денсаулық сақтау технологиясын пайдаланудың қызметтерін кешенді жүзеге асыру оны сауатты
ұйымдастыра білуге байланысты. Ол педагогтың келесі педагогикалық əрекеттерінен тұрады:
диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, талдаудан тұрады [2].
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын əр түрлі сауықтыру іс-шараларының бала
денсаулығына позитивті əсерінің тиімділігі əдіс-тəсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты
сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала денсаулығына бағытталғандығы тиімділігімен
анықталады.
Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау
технологиясы» ұғымы мектепке дейінгі ұйымның бала денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен
шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріcтіреді.
Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде жəне балаларды келешекте өз
балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тəрбиелеу міндеті ретінде
көрсетуге болады.
Зерттеу жұмысы Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» мектепке дейінгі ұйымында қалыпты
жағдайда өткізіліп жатыр. Жұмыс кезінде педагогтар, психологтар, физиолог, гигиенистар өздерінің
ғылыми-тəжірибелік зерттеулерінде қолданатын психология-педагогикалық, физиология-гигиеналық
ақпараттық зерттеу əдістері пайдаланылды.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыс осы ұйымдағы балалар арасында бақылау жəне
эксперименталды топтарда өткізілді. Зерттеу жұмысы дене шынықтыру сабағында, арнайы өңделген
сауықтыру технологиясын қолдана отырып, бақылау жүргізу негізінде болды.
Зерттеу жұмысына барлығы 5–6 жастағы 24 бала қатысты. Сонымен қатар зерттеу жұмысына
дене шынықтыру нұсқаушысы жəне ұйымның тəрбиешілері қатысты.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның талабына сай
өңделген дене шынықтыру сауықтыру технологиясының мектепке дейінгі жастағы балалардың дене
бітімінің дамуына жəне дене дайындығының көрсеткіштеріне əсерін тексеру.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыс 2014 ж. сəуір жəне 2015 ж. қаңтар айлары аралығында өтті
жəне 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (2014 ж. сəуір-мамыр айлары) балаларды бақылау жəне эксперименталды
топтарға бөлу жұмыстары болды. Эксперименталды топты 5–6 жас аралығындағы 12 бала, бақылау
тобын 12 бала құрады. Алғашында бақылау жəне эксперименталды топтардағы мектепке дейінгі
балалардың дене бітімінің дамуының деңгейіндегі ерекшеліктерді анықтау үшін зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Мамыр айының 2–3 апталарында балалардың дене бітімінің жетілу деңгейін анықтауға
байланысты жұмыс жасалды. Антропометриялық өлшемдер жүргізу барысында келесі көрсеткіштер
анықталды: бойы (өлшеу дəлділігі
0,5 см); дене салмағы (өлшеу дəлділігі 50 г); кеуде қуысының
шеңбері (КҚШ) (өлшеу дəлділігі
0,5 см). Өлшемдер жалпыға белгілі тəсілдермен жүргізілді [3].
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың бұл кезеңінде, антропометриялық өлшемдер
жүргізілгеннен кейін, бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене бітімінің жетілу
көрсеткіштерінің нақты түрде айырмашылығы жоқ екені анықталды (1-кесте).
1 - к е с т е
Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене бітімінің дамуының алғашқы
топаралық көрсеткіштері (тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың басы)
Өлшемдер
Эксперименталды
топ (Χ
1
± m1)
Бақылау тобы
(Χ
2
± m2)
(Р) (Х
1
– Х
2
)
Салмағы (кг)
21,1 ± 0,49
21,8 + 0,59
0,8 (> 0,05)
Бойы (см)
119,0 + 1,06
119,2 + 0,88
0,1 (> 0,05)
Кеуде қуысының шеңбері (КҚШ) (см)
56,8 ± 0,34
57,5 ± 0,44
1,3 (> 0,05)
Сонымен қатар бұл кезеңде бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың берілген
тестер бойынша дене дайындығын зерттеудің алғашқы жұмыстары жүргізілді.
Дене дайындығының анықталуы келесі тізбек бойынша қайталанып отырып, орындалды:
координациялық қабілеттілік, шапшаңдық, күш, икемділік, төзімділік тесттары [4, 5].
Келесі тестер қолданылды:
құм салынған қапшықты қашықтыққа (м) оң қолмен лақтыру (салмағы — 200 г);
Г.Қ.Белгібаева, Ж.Т.Жакенова
48
Вестник Карагандинского университета
құм салынған қапшықты қашықтыққа (м) сол қолмен лақтыру (салмағы — 200 г);
бір орыннан ұзындыққа секіру (см);
бір орында отырып, тығыздалған допты (м = 1 кг) екі қолмен бастан асыра лақтыру (см);
100 м қашықтыққа жүгіру (с);
алға-артқа жүгіру 10м х 3 рет (с);
5–5,5 жастағы балар үшін 120 м жүгіру (с); 6–6,5 жастағы балар үшін — 150 м жүгіру (с);
10 с ішінде отырып тұру (бірнеше рет);
3 м қашықтықтан себетке (биіктігі = 30 см, диаметрі=50 см) «астынан екі қолдап» тəсілін
қолданып допты (диаметр=20 см) 5 рет лақтыру (дəл түсу саны есепке алынады);
көзді жұмып түзу жолмен жүру (10м х 30 см) (м);
қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап иық буынын айналдыра қозғау (см);
отырып, бастапқы орыннан алдыға еңкею (см).
Дене дайындығын анықтау үшін, дене бітімінің (координациялық, шапшаңдық, жылдамдық-
күштілік, икемділік, жалпы төзімділік) жетілу деңгейін анықтайтын, балалардың дене қабілеттілігін,
яғни көру-моторикалық координацияның жетіспеуін, кеңістікте бағдарлай білуін, жұмыс қабілеттілігі
мен төзімділікті; көз өлшемінің жəне дене қозғалысын реттеудің бұзылуын; сырттағы белгілерге
əсерінің төмен болуын, ескеретін арнайы тестер таңдап алынды [6, 7].
Тестер нəтижесі бойынша, тəжірибелік-эксперименталды зерттеу жұмысының алғашқы
кезеңінде, бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене дайындығының көрсеткіш
деңгейлерінде айырмашылықтың аса көп болмағаны анықталды (2-кесте).
2 - к е с т е
Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштерінің деңгейі
(тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың бастапқы кезеңі)
Өлшемдер
Эксперименталды топ
(X
1
± ml)
Бақылау тобы (Х
2
±т2) (Р) (X
1
-Х
2
)
Құм салынған қапшықты қашықтыққа оң
қолмен лақтыру (м)
5,2±0,31 5,0±0,30
(>0,05)
Құм салынған қапшықты қашықтыққа сол
қолмен лақтыру (м)
4,0±0,22 4,0±0,29
(>0,05)
Тығыздалған допты лақтыру (см) 134,3±5,01
141,0±5,60
(>0,05)
Допты нысанаға лақтыру (себет) 1,0±0,17
1,1±0,19
(>0,05)
Еңкею (+см) 2,9±0,90
1,5±0,59
(>0,05)
Қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап, иық
буынын айналдыра қозғау (см)
66,9±1,33 66,5±1,29
(>
0,05)
Көзді жұмып түзу жолмен жүру (м) 3,0±0,28
3,7±0,39
(>
0,05)
Алға-артқа жүгіру 10м х3 рет (с) 12,5
±0,24
12,2±025
(>
0,05)
100 м қашықтыққа жүгіру (с) 12,7±0,08
12,7±0,08
(>
0,05)
10 с отырып тұру (саны) 8,6±0,32
8,2±0,36
(>
0,05)
Орнынан ұзындыққа секіру (см) 91,1
±2,95
95,9±4,00
(>
0,05)
Екінші кезеңде (2014 жылдың тамыз-желтоқсан айлары) экcперименталды топтағы балаларға,
ойындарды қолдана отырып, арнайы құрастырылған дене тəрбиесінің сауықтыру технологиясын
қолдану іске асырылды, осы жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, коррекциялық
жұмыстар жүргізу барысында ұсыныстар өңделді.
Құрастырылған денсаулық сақтау технологиясы 5–6 жастағы балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін, мектепке дейінгі балалардың жетілу ерекшелігін, арнайы коррекциялық-
педагогикалық қызметтің ұстанымын ескереді. 5–6 жастағы балаларға арналған дене шынықтыру
жаттығулары, бақыланушы балалардың дене бітімі жəне психоэмоционалдық жағдайын ескере
отырып, таңдап алынды; əр түрлі қозғалысқа, қолдың аз мөлшерлі моторикасын жетілдіруге,
психикалық əсерден болған бұлшық еттің ширығуын төмендетуге, дем алу жүйесін жаттықтыруға
арналған қозғалыс ойындары таңдап алынды.
Эксперименталды топтағы балалардың дене шынықтыру сабағы құрастырылған технологияға
сəйкес ұйымдастырылды, ал бақылау тобындағы балалардың дене шынықтыру процесін толығымен
тəрбиешілер ұйымдастырды. Бақылау тобында балалардың дене шынықтыру жұмысының мазмұны
Мектепке дейінгі ұйымдардың…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
49
еш өзгеріссіз, яғни, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тəрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз
мектепке барамыз» бағдарламаcы негізінде жүргізілді.
Эксперименттің ұзақтығы — 20 апта.
Сонымен қатар балабақшада қолданылатын əдіс-тəсілдер, құралдар жəне дене шынықтыруға
байланысты жұмыстар, дене жүктемесінің бағыты, сипаттамасы жəне қарқыны талқыланды.
Педагогикалық процестің өту барысы (дене шынықтыру инструкторларының, тəрбиешілердің
көмегімен) міндетті түрде қадағаланып отырылды. Балалардың қозғалыс қызметіне негізделуі, дене
шынықтыру жаттығуларын орындауға бағыттылығы жəне белсенділігі, дене тəрбиесі жұмыстарының
ұсынылған түрлеріне балалардың əрекеті бағаланды. Дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған
уақыттың мақсатты түрде қолдануын зерттеу үшін сабақтың жалпы көлемі анықталды.
Осы кезеңнің соңында эксперименталды жəне бақылау топтарында, мектепке дейінгі ересек
жастағы балалардың дене бітімінің дамуы (антропометриялық өлшеулер тəсілімен) жəне дене
дайындығының деңгейлерінің айырмашылықтарын анықтау мақсатында, ұсынылған тестер бойынша
зерттеу жұмыстары қайталап өткізілді.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың үшінші кезеңінде (2014 жылдың желтоқсан жəне 2015
жылдың қаңтар айлары) зерттеу нəтижелерін өңдеу жəне талдау жұмыстары іске асырылды,
құрастырылған денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі бағаланды. Антропометриялық
өлшемдердің нəтижелері 3-кестеде көрсетілген.
3 - к е с т е
Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене бітімінің дамуының топаралық
көрсеткіштері (тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың аяқталу кезеңінде)
Өлшемдер
Эксперименталды топ
(Χ
1
± m1)
Бақылау тобы
(Χ
2
± m2)
(Р) (Х
1
– Х
2
)
Салмағы (кг)
22,9 ± 0,57
22,9 + 0,61
0,8 (>0,05)
Бойы (см)
122,0 + 1,13
122,5 + 0,60
0,1 (>0,05)
Кеуде қуысының шеңбері (КҚШ) (см)
57,7 ± 0,37
57,8 + 0,41
0,2 (>0,05)
Эксперимент нəтижесі бақылау тобында да, эксперименталды топта да балалардың дене шынығу
жағдайының жақсаруы үрдісі бар екенін көрсетті. Сонымен қатар дене бітімі дамуының деңгейіне
байланысты (дене салмағы, бойы, кеуде қуысының шеңбері) екі топта да айтарлықтай
айырмашылықтың болмағанын айта кеткен жөн (3-кесте).
Алайда эксперименталды топтағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштерінде айқын
жақсы өзгерістер байқалды (4-кесте).
4 - к е с т е
Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштерінің деңгейі
(тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың аяқталу кезеңі)
Өлшемдер
Эксперименталды топ
(X
1
± ml)
Бақылау тобы
(Х
2
± т2)
(Р) (X
1
- Х
2
)
Алға еңкею (+см)
3,8 ± 0,85
2,1 ± 0,60
(> 0,05)
Қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап, иық буынын
айналдыра қозғау (см)
64,3 ± 1,04
66,8 ± 1,10
(> 0,05)
Көзді жұмып түзу жолмен жүру (м)
5,3 ± 0,40
4,4 ± 0,35
4,6 (<0,001)
Допты нысанаға лақтыру (себет)
1,4 ± 0,18
1,6 ± 0,20
(> 0,05)
Алға-артқа жүгіру 10м х3 рет (с)
11,6 ± 0,19
11,9 + 0,24
(> 0,05)
100 м қашықтыққа жүгіру (с)
2,5 ± 0,06
2,6 ± 0,07
(> 0,05)
10 с отырып тұру (саны)
10,3 ± 0,33
8,4 ± 0,30
(> 0,05) 4,3
(<0,001)
Орнынан ұзындыққа секіру (см)
104,3 ± 3,41
99,7 ± 3,75
(> 0,05)
Тығыздалған допты лақтыру (см)
169,9 ± 6,00
155,2 ± 5,36
(> 0,05)
Құм салынған қапшықты қашықтыққа оң қолмен
лақтыру (м)
7,5 ± 0,36
5,9 ± 0,29
3,2 (0,01)
Құм салынған қапшықты қашықтыққа сол қолмен
лақтыру (м)
5,3 ± 0,27
4,9 ± 0,29
(> 0,05)
Г.Қ.Белгібаева, Ж.Т.Жакенова
50
Вестник Карагандинского университета
Барлық тестер бойынша, эксперименталды топтағы балалардың координациялық, шапшаңдық
жəне жылдамдық-күштілік қабілеттілігін, жалпы төзімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жақсарғаны
байқалды. Бақылау тобындағы балаларда «Құм салынған қапшықты қашықтыққа лақтыру» тестіне
байланысты көрсеткіштерінде ғана өзгеріс болды. Эксперименталды жəне бақылау топтарындағы
балалардың икемділік көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Эксперименталды кезеңнің соңында
эскперименталды топтың балаларында келесі көрсеткіштердің жақсарғаны анық түрде айқындалды:
көзді жұмып түзу жолмен жүру 2,3 м дейін (р<0,001); 10 с отырып тұру — 1,7 ретке дейін (р<0,001);
құм салынған қапшықты қашықтыққа оң қолмен лақтыру — 1,6 м (р<0,01). Сонымен қатар
тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңында екі топтың да нəтижелерінде анық
айырмашылықтар айқындалды: «Алдыға еңкею» тесті бойынша (р<0,05), «Орнынан ұзындыққа
секіру» (р<0,05), «Құм салынған қапшықты қашықтыққа лақтыру» (р<0,05). Орындаған
жаттығуларды бақылаудың сапалы түрде саралануы балалардың қозғалыс техникасында көптеген
қателіктердің болғанын анықтауға мүмкіндік берді. «Көзді жұмып түзу жолмен жүру» тестін орындау
кезінде балаларда координацияның бұзылуы, бойды тепе-тең ұстаудың бұзылуы, қатарласқан еріксіз
қимылдардың- синкинезияның (қолмен сермеудің) болуы байқалды.
Кешенді координациялық жаттығулардың орындалуын балаларға бір көрсеткеннен қайталай
алмауы қиындық тудырды. Бұл балалардың көру-моторикалық координациясының нашар
болғандығынан, кинестетикалық сезімталдықтың төмен болуынан қимылдарды тез арада қабылдай
алмайтындығын дəлелдейді. Алайда дұрыс нұсқаны бірнеше рет қайталағаннан кейін балалар
қозғалысты баяу түрде орындайды. Допты нысанаға лақтырғанда балалардың көпшілігінің
қозғалысында көздеу элементі «түсіп қалады» немесе, керісінше, барлық күш соған жұмсалады.
Сонымен қатар балаларға бұлшық ет күшін мөлшерлеу қиынға соғады, сондықтан оларда нысанаға
доптың дəл тию мүмкіндігі төмен болады.
Жылдамдыққа жүгірген кезде балалардың көбі тура жолмен жүгіруді жəне жүгіру ырғақтығын
дұрыс сақтамады. Алға-артқа жүгіру жəне 10 с ішінде отырып тұру тапсырмалары кезінде
синкинезия байқалады.
Балалардың күрделі қозғалыстарды орындау кезінде техниканың барлық элементтарында дұрыс
орындалмау болды. Орнынан ұзындыққа секіргенде балалар бастапқы қалыпты дұрыс қабылдамады,
серпілуді екі аяқпен орындамады, қолдарын анық сермемеді; қозғалыс кезінде дене, қол жəне аяқтың
техникаға сай қимылдары байқалмады; секіргеннен кейін жерге түскенде балалар дененің тепе-
теңдігін ұстай алмады, ал кейбір балалар тізелеріне түсті. Құм салынған қапшықты қашықтыққа
лақтыру кезіндегі қателіктердің бірі қапшықты дұрыс бағыттамау жəне лақтыруды дұрыс
орындамауы болды.
Осылайша, дене бітімі дамуының (дене салмағы, бойы, кеуде қуысының шеңбері) көрсеткіштері
бойынша, тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңында, бақылау тобы мен эксперименталды
тобының балалары арасында айтарлықтай айырмашылық болмады. Алайда, барлық тексеріліп жатқан
көрсеткіштер бойынша, екі топта да жақсы өзгерістер байқалды. Эксперименталды топтың
балаларында дене дайындығы деңгейінің көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер болды, яғни
құрастырылған денсаулық сақтау технологиясы əсерінен 5–6 жастағы балалардың дене
дайындығында жақсару үрдісі болғаны анық.
5–6 жастағы балалардың дене шынықтыруына арналып құрастырылған денсаулық сақтау
технологиясын қолдану барысында балалардың дене дайындығының жетілуіне оң əсер беретіні
болжамдалған болатын, яғни ағзаның өмірге маңызды жүйелерінің қызметтік көрсеткіштерінің жəне
дене дайындығының, сонымен қатар қимыл-қозғалыс тəжірибесінің ұлғаюына, ұсақ жəне күрделі
моториканың жетілуіне, жылдамдық, күштілік, координациялық қабілеттіліктің, жалпы төзімділіктің
артуына, икемділікті сақтап қалуға жəне т.с.с.
Балалардың жетілу ерекшеліктерін айқындау дене тəрбиесінің нақты тəсілдерін қолдануға
бағыттайды, оларды коррекциялық мақсатта пайдалану қажет. Ол келесі тəсілдер: 1) баланың дене
бітімінің кешенді дамуына байланысты қолданылатын ойындық дене шынықтыру сабақтары; 2) тіл
дамыту жəне қозғалыс координациясын жетілдіру, артикулярлы аппарат пен ұсақ моториканың
бұлшық етін жаттықтыру, логоритмика элементтерін қолдана отырып, балалардың сөйлеу қабілетін
нығайту; 3) дене шынықтыру сабақтарының сюжеттік түрлері, олар мектепке дейінгі балалардың
дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру үшін ұсынылады. Сонымен қатар дене
шынықтыру сабағының ұзақтығын 20–25 мин дейін қысқарту қажет деп есептейміз. Сабақтарды
өткізу жиілігі — аптасына 3 рет. Сабақтың мұндай түрі дене шынықтыру сабағының жəне қимыл-
қозғалыстың тығыз болуына мүмкіндік береді [4; 7].
Мектепке дейінгі ұйымдардың…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
51
Мектепке дейінгі ересек балалардың дене шынықтыруына ұсынылып отырған денсаулық сақтау
технологиясының тиімділігі эксперименталды түрде сынап байқалды. Тəжірибелік-эксперименталды
жұмыстың бас кезеңінде бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың арасында дене
бітімі дамуы мен дене дайындығының деңгейлері көрсеткіштерінде аса қатты айырмашылық болған
жоқ. Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңғы кезеңінде де бақылау жəне эксперименталды
топтар арасында балалардың дене бітімі дамуы көрсеткіштері бойынша айтарлықтай айырмашылық
болмады. Алайда барлық қарастырылып отырылған көрсеткіштер бойынша екі топта да оң өзгерістер
байқалып отыр. Сонымен қатар дене дайындығының көрсеткіштері бойынша бақылау тобымен
салыстырғанда эксперименталды топтағы балалардың дене дайындығы көрсеткіштерінде анық оң
өзгерістер байқалды. Бұл көрсеткіштер (координациялық, шапшаңдық, жылдамдық-күштілік
қабілеттер, жалпы төзімділік көрсеткіштері) дене шынықтыруға арнайы құрылған денсаулық сақтау
технологиясын енгізу əсерінен 5–6 жастағы балалардың дене дайындығының жақсару үрдісі бар
екендігіне дəлел болып отыр.
Əдебиеттер тізімі
1 Балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1684 Қаулысы. — Астана, 2011. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100001684
2 Здоровьесберегающие технологии в общеобразовательной школе: методология анализа, формы, методы, опыт при-
менения: Метод. рекомендации / Под ред. М.М. Безруких, В.Д. Сонькина. — М., 2002.
3 Цейтлин А.Г. Физическое развитие детей и подростков. — М.: Медгиз, 1963. — 204 с.
4 Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: Оқулық. — Ақтөбе: «М.Стиль ЖШС», 2007. — 304 б.
5 Кучма В.Р. Современное дошкольное воспитание: гигиенические проблемы, пути решения, медико-
профилактическая эффективность. — М.: Изд-во ГУНЦЗД РАМН, 2010. — 356 с.
6 Кучма В.Р. Проблемы мониторинга состояния здоровья детского населения в связи с факторами окружающей среды
// Гигиена и санитария. — № 11. — М.: Изд-во ГУНЦЗД РАМН, 1993. — С. 4–6.
7 Гейнц К.А., Гейнц Р.П., Киспаев Т.А. Как сохранить и укрепить здоровье вашего ребенка: Метод. пособие. —
Караганда: CАНАТ-экспресс, 2007. — 161 с.
Г.К.Бельгибаева, Ж.Т.Жакенова
Достарыңызбен бөлісу: |