№2(78)/2015 Серия педагогика


Медициналық биофизика пəнін кəсіби бағыт



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата31.03.2017
өлшемі4,99 Mb.
#10744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Медициналық биофизика пəнін кəсіби бағыт  
бойынша оқытудың жалпы қағидалары 
Мамандарды  кəсіби  тұрғыдан  дайындау  əр  уақытата  өзекті  проблемалар  қатарына  жатады. 
Бұл бағыттағы  ғылыми  зерттеулер    елімізде  жəне  шет  елдерде  көптеп  жүргізілген,  бірақ  олардың 
арасында болашақ дəрігерлерді  медициналық техникалар бойынша дайындауға арналған зерттеулер 
жоқ.  Мақалада  болашақ  дəрігерлерге  медициналық  биофизика  пəнінде  медициналық  техниканы 
меңгертудің педагогикалық негізі анықталып, болашақ  дəрігерлерге медициналық техника бойынша 
білім берудің  технологиясы ұсынылған.  
Кілт сөздер: медициналық биофизика, медициналық техника, диагностикалық жəне терапиялық тех-
ника, студент, танымдық іс-əрекеттер, дағдылар.  
 
Қазіргі  заманғы    медициналық  жоғары  оқу  орындары    болашақ    мамандарға    білім    берумен  
қатар, олардың заман талаптарын толық қанағаттандыратын,  жаңа  білімді игеруге дайын, көп жақты  
іс-əрекетке  дағдыланған    жəне  оны  меңгерген,  жаңа  талаптарға  тез    икемделетін,  бəсекелі  ортаға 
бейім    маман  етіп  дайындауды  басты  бағыт  деп  санайды.  Осыған  орай  медициналық  жоғары  оқу 
орындарының  алдында  оқу  орнын  бітіретін  болашақ  дəрігерлердің  өз  қызметінде  орындайтын 
диагностикалық,  терапиялық  (емдеу)  жəне  клиникалық  лабораториядағы  зерттеу  жұмыстарының  

Ү.А.Байзақ 
24 
Вестник Карагандинского университета 
сапасы мен деңгейін көтеру жəне оларды осы бағыт бойынша кəсіби дайындаудың сапасын артыруды 
қамтамасыз ету міндеті тұр. 
Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласында диагностикалауда, терапияда жəне т.б. қызметтерде  
көптеген  медициналық    құралдар  қолданылады,  олай  болса,  осы  замаңғы  дəрігерді  медициналық 
техникалардан  бөлек  қарау  мүмкін  емес.  Осы  жағдайлар  медициналық  жоғары  оқу    орындары 
студенттерін кəсіби дайындауда медициналық техниканы меңгертудің жаңа жолдарын қарастыруды 
міндеттейді.  
Алдымен  «кəсіби  білім»  мен  «кəсіби  дайындау»  деген  ұғымдарға  тоқталайық.  Педагогикалық 
ғылыми  əдебиеттерде  бұл  ұғымдар  туралы    нақты  бір  пікір  қалыптаспаған,  яғни  оған  көзқарас  əр 
түрлі.  Мысалы,  Ю.К.Бабанский «... кəсіби,  немесе  арнаулы,  білім  деп  оқушының  белгілі  бір 
мамандық  саласына  қажетті    білім,  ептілік  жəне  дағдылар  жиынтығының    белгілі  бір  мөлшерін...» 
атаса [1], А.М.Новиков  оны «...оқу жəне мен тəрбиелеу нəтижесінде жеке тұлғаның  маман болып 
қалыптасуына  ықпал  ететін...»  фактор  ретінде  қарастырған [2].  Мамандарды  «кəсіби  дайындау» 
ұғымы туралы да айтылған  пікірлер көп, мысалы, В.А.Сластениннің жоғары деңгейдегі дайындыққа 
жету жолдарын  кəсіби  педагогикалық іскерлік пен шеберліке байланысты деп санап, оның білімге 
көп  байланысты  екендігіне  көңіл  бөлген [3], А.Н.Бирюкова,  К.А.Адыширин-Заде,  А.В.Тарасова 
физика  пəні  арқылы  болашақ  дəрігерлерді  даярлаудың    кейбір  аспектілерін    қарастырған [4–6]. 
Болашақ мамандарды кəсіби дайындау мəселелерін Л.Е. Рязанова, Э.А.Байдалинова, М.И.Дьяченко, 
Л.А.Кандыбович,  Н.Б.Жаманқұлова  жəне  басқалары  зерттеген.  Бұл  зерттеулердегі    пікірлер  мына 
тұжырымға  саяды: «... кəсіби дайындау — белгілі бір қызметті орындауға мүмкіндік беретін арнаулы 
білімдер,  дағдылар  мен  іс-əрекеттер  жиынтығын  меңгеруге  қол  жеткізу».  Бірақ  бұл  зерттеулердің  
арасында  болашақ  дəрігерлерді  медициналық  техника  бойынша  кəсіби  дайындау  туралы  айтылған 
пікірлер немесе тұжырымдар кездеспеді. Осы жағдай, бізге жоғарыдағы  аталған пікірлер мен біздің 
ғылыми  əдебиеттерге  жүргізген  талдауларымызды  қорытындылай  келе,  болашақ  дəрігерлер  үшін 
кəсіптік  білім  деп    «болашақ  дəрігерлерді  денсаулық  сақтау  саласында  атқаратын  қызметін  толық 
жəне  нəтижелі  орындауына  мүмкіндік  беретін  арнаулы  білімдер  мен  іс-əрекеттер  жиынтығын»,  ал 
оларды  кəсіби  дайындау  деп  «болашақ  дəрігерлерді  меңгерген    кəсіби  білімдері  мен  іс-əрекеттер 
жиынтығын    белгілі  бір  мақсатта  (диагностикалық,  терапиялық,  клиникалық  лабораториялық 
зерттеу)  қолдануға үйрету»  деген  тұжырым  жасадық.  Енді  осы  аталған    тұжырымдарды  негізге  ала 
отырып,  болашақ  дəрігерлерді  медициналық  техникаларды  қолдануға  дайындаудың  психологиялық 
жəне  педагогикалық  негіздерін,  онан  соң  бұл  тұжырымдарды  сипаттайтын  көрсеткіштерді 
анықтайық.  
Соңғы жылдары жоғары мектептерде болашақ мамандарды кəсіби дайындау «іс-əрекеттер  мен 
түсініктердің»  кезеңмен  қалыптасу  теориясы  негізінде    жүргізілуде.  Бұл  аталған  теорияны    білім 
беру  мен  оны  меңгеруді    ұйымдастыру  жəне  басқару  үрдісін    зерттеуде    қолдану    үлкен  нəтиже  
беретіндігін  көрсетті.  Бұл  теория:  оқу  іс-əрекеттерді    бірлікте  қарастырады,  яғни    əрбір  іс-əрекет  
белгілі  бір  ретпен  жəне    белгілі  бір  ережеге  сəйкес  орындалатын  операциялардың    белгілі  бір 
жиынтығын қамтиды.  
Біз  осы  теория  тұжырымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  болашақ  дəрігерлерді  медициналық 
техниканы қолдануға дайындаудың  негізін қаладық. Осы тұжырымға сүйеніп,  болашақ дəрігерлерді 
медициналық техникаларды  меңгерту мен оны қолдануға үйретуде  мына  факторларды басшылыққа 
алдық: 
 2006  жылғы  Қазақстан  Республикасының    медициналық  білім  стандартына  сəйкес  дəрігер 
мамандарға қойылатын талаптарды;  
 болашақ  маманның  атқаратын  қызметіне  (жалпы  дəрігерлік,  ішкі  аурулар,  хирургия, 
педиатрия, педагогикалық т.б.) сəйкес медициналық техникалармен орындайтын іс-əрекеттерін 
(диагностикалық, терапиялық, лабораториялық);  
 медициналық техникаларды қолдану бағыттары мен онда қолданылатын физикалық факторлар 
бойынша жіктелуін ескеруді (механикалық, электромагниттік, оптикалық, т.б.);   
 болашақ  маманның  білуге  құштарлығы  мен  танымдық  талпынысын  (мотивациялық, 
мазмұндық, іс-əрекеттік); 
 медициналық  техника  бойынша  оқу  құралдар  кешеннің  болуын  (медициналық  білім 
стандарты,  оқу  жоспары,  медбиофизика  мен  клиникалық  пəндердің  типтік  бағдарламалар, 
күнделікті тəжірибелік сабақтарда медициналық техникаларды қолдануға сəйкес дайындалған 
оқу-əдістемелік нұсқаулар) жəне т.б.  

Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
25 
Осы  көрсеткіштерді    негіз  етіп,  болашақ  дəрігерлерді  медициналық  техниканы    қолдануға 
дайындаудың  мақсатын  анықтаудан  бастаған  жөн.  Н.Ф.Талызина  атып  көрсеткендей,  осы  кезеңге 
дейін  белгілі  бір  пəнді  оқып-үйренудің  мақсаты: «терең  білім  беру,  білімді  практикада 
шығармашылықпен  қолдану  т.б.»  жалпы  түрде  беру  қалыптасқан.  Қазіргі  заманғы  кəсіби  білім 
берудің    мазмұны  мен  мақсаты  маманның  атқаратын  іс-əрекеттерінің  ішінен  ең  бастыларын  нақты 
көрсетуді талап етеді, өйткені орындалатын іс-əрекеттер сипаты  орындалатын іс-əрекеттің мазмұны 
мен оны шешу жолдарына байланысты болады [7]. Осыған сəйкес студенттердің оқу үрдісі кезінде 
диагностикалық,  терапиялық  жəне  лабораториялық  зерттеу  құралдарымен  орындалатын  іс-
əрекеттерін  жəне  олардың    меңгерілуін  сипаттайтын  көрсеткіштерді  анықтау  қажет.  Ол  үшін  оқу 
үрдісінде  студенттердің  медициналық  құралдарды  қолдану  бағытына  сəйкес    таңдай  алуын;  
медициналық  құралды    жұмысқа  қосу  жəне  оның  əсерін  тіркеуді;  медициналық  құралда 
қолданылатын  физикалық  фактордың    диагностикалық  немесе  емдік əсерінің  физикалық  табиғатын 
білу;  медициналық  техникалардың  пациентке  тигізетін  зиянды  əсерлерін  жəне  оны  жою  жолдарын 
білу;  қазіргі  заманауи  медициналық  техникалардың  дамуы  туралы  мəліметтерден  хабардар  болуын 
жəне  тағы  басқа  қамтамасыз  ету    арқылы    қол  жеткізуге  болады  жəне  мұны    аталған  проблеманы 
шешудің бірі ретінде қабылдау қажет.  
Біздің ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге жүргізген талдауларымыз медициналық жоғары оқу 
орындары  (жоо)  студентеріне  медициналық  техниканы  меңгертудің  педагогикалық  жүйесі  
қаланбағандығын  көрсетті.  Бұл  студенттердің  медициналық  техниканы  меңгеру  дəрежесін  
анықтайтын  көрсеткіштері  атымен  жоқ  деген  сөз  емес,  керісінше, 2006 жылғы  Қазақстан 
Республикасының  медициналық білім стандартында  6 түрлі  мамандық  үшін  18 түрлі медициналық 
техникалармен  орындайтын  іс-əрекеттер  көрсетілген.  Бірақ  бұл  көрсеткіштер  толық  емес  жəне  біз 
зерттеу  нəтижесі  бойынша    бұл  стандартқа  енбеген,  денсаулық  сақтау  саласында  қолданылатын 
көптеген жаңа типті медициналық құралдарды анықтадық.  
Н.Ф.Талызина  мамандықтардың  біліктілік  сипатамасында  мынадай  кемшіліктердің  орын 
алатындыған  атаған: «Мамандардың  құралдармен  жұмыс  істеу  дағдысын  сипаттайтын 
көрсеткіштерді  сипаттайтын    критерийлер  берілмеген;  маманның  меңгерген    дағдысы  көптеген 
пəндердің  бірлескен  əсері  арқасында  қалыптасады,  сондықтан    осы  процесте  əр  пəннің  беретін  
«үлесін»  дəл  анықтау  қажет;  аталған  дағдылар  жүйесі  орындауға  болатындай  етіп  ұсынылуы  тиіс» 
[7; 9].  Бұл  аталған  кемшілік 2006 жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының    медициналық 
білім стандартына да кездеседі, берілген  медициналық құралмен, қандай іс-əрекеттер орындалатыны 
жəне    оны  орындау  дəрежесін  сипаттайтын  көрсеткіштер  берілмеген,  яғни    бұл  стандартта 
Н.Ф.Талызинаның  атаған кемшіліктері  орын алған.  
Сонымен,  жоғарыдағы  анықталған  ғылыми  тұжырымдар  мен  мəліметтерді    жинақтай  келе, 
медициналық  жоо  студенттерінің  медициналық  техника  бойынша  дайындығының  басты 
көрсеткіштері ретінде мыналарды алу қажет деп санаймыз:  
Медициналық құралдар арқылы  диагностикалық  қызметті  орындауға  
қажетті  білімдер  мен  дағдылар: 
1.  Диагностикалық техникаларды  классификациялау. 
2.  Аурудың  симптомдарына сəйкес  диагностикалық медициналық құралын таңдау. 
3.  Диагностикалық  фактордың физикалық  сипаттамасын білу. 
4.  Физикалық  фактордың əсерінен диагностикалық мəліметтің  пайда  болу  механизмін білу. 
5.  Диагностикалық техниканың  жұмыс істеу принципі туралы жалпы түсініктің болу. 
6.  Диагностикалық құралда қолданылатын физикалық заңдылық немесе құбылыстың физикалық 
негізін түсіну. 
7.  Диагностикалық техниканың негізгі бөліктерінің құрлысын білу. 
8.  Диагностикалық техникаға  қойылатын  метрологиялық талаптар. 
9.  Диагностикалық  техниканы  жұмысқа дайындау, қосуды жəне күту. 
10. Диагностикалық  мəліметтерді тіркеуді жəне оны сипаттау. 
11. Диагностикалық құралда кездесетін  ақауларды  жəне оларды болдырмау жолдары. 
12. Диагностикалық құралдың өндіретін  сигналының  бұрмалану  түрлерін жəне оны болдырмау 
жолдары. 
13. Дəстүрлі  емес диагностикалық  техникалар  жəне оны пайдалану. 
14. Үй жағдайында қолданылатын тұрмыстық диагностикалық техникаларды  пайдалану. 

Ү.А.Байзақ 
26 
Вестник Карагандинского университета 
15. Физикалық  факторлардың  пациентке  тигізетін  зиянды  əсерін  болдырмаудың  сақтық  
шарларын  жүргізу. 
16. Жаңа заманауи  диагностикалық техникалардың  физика-техникалық сипаттамаларын білу. 
17. Диагностикалық  мақсатта  клиникалық  лабораторялық  қолданылатын  зерттеу    құралдарын 
классификациялау. 
18. Клиникалық  зерттеу  құралдарының  жұмыс  істеу  принциптері  туралы  жалпы    түсініктің 
болуы. 
Медициналық құралдар арқылы терапиялық қызметті орындауға  қажетті 
білімдер мен  дағдылар: 
1.  Терапиялық техникаларды  классификациялау. 
2.  Аурудың  симптомдарына сəйкес  емдеу медициналық құралын таңдау. 
3.  Емдік факторлардың физикалық сипаттамасын білу. 
4.  Физикалық  фактордың  емдік əсердің  пайда  болу  механизмін білу. 
5.  Терапиялық техниканың  жұмыс істеу принципі туралы жалпы түсініктің болуы. 
6.  Терапиялық құралда қолданылатын физикалық заңдылық  немесе құбылысты анықтау. 
7.  Терапиялық техниканың   негізгі бөліктерінің  құрлысын білу. 
8.  Терапиялық  техникаға  қойылатын  метрологиялық талаптарды сақтау. 
9.  Терапиялық техниканы  жұмысқа дайындау, қосуды жəне күту. 
10. Емдік  мəліметтерді тіркеу жəне оны сипаттау. 
11. Терапиялық құралда кездесетін  ақауларды  жəне оларды болдырмау жолдары. 
12. Терапиялық құралдың өндіретін дабылын бұрмалану түрлерін жəне оны болдырмау жолдары. 
13. Дəстүрлі  емес емдеу техникаларын  пайдалану. 
14. Үй жағдайында  қолданылатын  тұрмыстық емдеу техникаларды  пайдалануды білу. 
15. Физикалық  факторлардың  пациентке  тигізетін  зиянды  əсерін  болдырмаудың  сақтық  
шарларын  жүргізу. 
16. Жаңа заманауи  емдеу техникалардың  физика-техникалық сипаттамаларын білу.  
Болашақ дəрігердің медициналық құралдарды меңгеру жолындағы  
ғылыми-зерттеушілік қызметке қажетті  білімдер мен  дағдылар: 
1.  Медицина мен денсаулық сақтау саласында физика, электроника,  компьютерлік технология
ТВ жəне т.б. жаңылықтарын  қолдану мақсатында  жүргізілетін  зерттеу  жұмыстары. 
2.  Медицина  мен  денсаулық  сақтау  саласындағы    құбылыстарды    жаратылыстану  ғылыми 
тұрғыдан  сараптау, түсіндіру жəне болжау. 
3.  Диагностикада    жаңа  физикалық  факторларды  қолдануға  арналған  зерттеулермен  танысу, 
қолдану. 
4.  Емдеуде жаңа физикалық факторларды қолдануға арналған  зерттеулермен танысу, қолдану. 
5.  Диагностика  мен  емдеу  саласында  жаңа  замануи    техникалардың    даму  бағытын  анықтау, 
оларды пайдалану туралы  зерттеулер  жүргізу. 
6.  Дəстүрлі  емес  диагностикалық  жəне  емдеу  техникаларын  қолдану  туралы  зерттеулер  
жүргізу. 
7.  Заманауи  клиникалық  лабораториялық  құралдардың    дамуы  жəне  қолдану    туралы  
зерттеулермен танысу, оларды қолдану. 
Болашақ дəрігердің  медициналық құралдарды  меңгеру жолындағы ұйымдастырушылық   
қызметке  қажетті  білімдер мен дағдылар: 
1.  Ғылым  мен  техника,  физика  мен  медициналық  техника  жаңалықтарын  медицинаға  енгізуді 
ұйымдастыру. 
2.  Медициналық қызметте жаңа медициналық техникаларды  енгізуге қатысу, сынақтан өткізу. 
3.  Медициналық  қызметте  жаңа  медициналық  техникаларды    меңгеру  бойынша  біліктілікті 
арттыру. 
4.  Ғылым  мен  техника,  физика  мен  медициналық  техника  жаңалықтарын  медицинаға  енгізуге 
сəйкес кіші медицина қызметкерлерін оқыту, медтехникамен жұмыс істеуді үйрету. 

Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
27 
Болашақ дəрігердің  медициналық құралдарды меңгеру жолындағы ақпараттық  қызметке  
қажетті білімдер мен дағдылар: 
1.  Ақпарат  көздерінен  халық  денсаулығын  дұрыстауға  бағытталған  жəне  медициналық 
технологияның  дамуына  ықпал  ететін жаңалықтарды  анықтау, пайдалануға  ұсыну. 
2.  Медициналық  ақпарат  көздерінен    ғылым  мен  техника,  физика  мен  медициналық  техника 
жаңалықтарын  жинау, өңдеу, талдау жəне оны қолдану. 
3.  Медициналық  технологиялық  процестерді  басқаруды  автоматтандыруда  компьютерлік 
бағдарламаларды  пайдалану. 
4.  Медициналық 
технологиялық 
мəліметтерді 
өңдеуде 
қолданылатын 
электрондық  
машиналарды қажетті  ақпарат мəліметтерімен  қамтамасыз ету. 
5.  Медициналық технологиялық ақпарат алуда интернетті қолдану. 
6.  Ақпараттар көзі ретінде жəне  медициналық мəліметтер алмасуда  жақын, алыс шет елдердегі  
медициналық сайттарды  қолдану. 
7.  Медициналық 
рефераттық, 
ғылыми-медициналық, 
медициналық 
техника 
туралы  
журналдармен, монографиялармен жұмыс істеу. 
Болашақ дəрігердің  медициналық құралдарды меңгеру жолындағы  
педагогикалық қызметке қажетті білімдер мен дағдылар тізімі: 
1.  Мамандыққа дайындаудың  негізгі педагогикалық принципі: «не үшін оқытамыз, не нəрсеге 
үйретеміз жəне қалай оқытамыз»  сақталуы. 
2.  Болашақ  дəрігер  дайындауда,  білім  беру  процесін  ұйымдастыруда  жаңа  ғылыми-
педагогикалық теориялар  мен тұжырымдарды қолдану. 
3.  Болашақ дəрігерлерді дайындауда, оқу процесінде медициналық техниканы қолданудың оқу-
əдістемелік  негізін  қалыптастыру  жəне  оларды  меңгертуге  қажетті  педагогикалық   
шарттарды  қолдану. 
4.  Білім  беру  процесінде  студенттердің  танымдық  іс-əрекетін    дамытуға  арналған    шаралар  
ұйымдастыруды  (өз  беттерінше  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  проблемаларды  шешу 
жолдарын іздеу, ғылыми ізденуге баулау т.б.). 
5.  Студенттерде клиникалық ойлау жүйесін қалыптастыру. 
6.  Оқулықтар жəне интернетпен жұмыс істеу жəне ондағы мəліметтерді  жинақтай алу жəне оны 
білім беру ісінде орынды қолдана білу. 
7.  Медициналық техниканы оқытуда білім берудің  инновациялық əдістерін қолдану. 
8.  Медициналық техникаларды қолдануды  нақты жағдайға жақындату арқылы  оқыту. 
9.  Тəжірибелік сабақтарда студенттердің қажетті  медициналық техникаларды дұрыс таңдауын 
қамтамасыз етудің  педагогикалық  əдістерін білу. 
10. Студентердің  медициналық  техникаларды  өз  бетерінше  қолдануын  қамтамасыз  етудің  
педагогикалық  əдістерін  қарастыру. 
Сонымен,  біз  медициналық  жоо  студенттерінің  болашақта  меңгеретін  мамандықтарына  сəйкес  
медициналық  техниканы  меңгеруге  қажетті 62 түрлі  білім  мен  дағдылар  көрсеткішін  анықтадық, 
оның 18 — диагностикалық сипатта, 16 — терапиялық, 7 — ғылыми-зерттеушік қызметті көрсетеді, 
4 —  ұйымдастырушылық, 7 — ақпараттық  қызметке  сəйкес  келеді,  ал    дəрігердің    педагогикалық  
саладағы  қызметіне  қажет  дағдылар  10  түрлі  көрсеткішпен  сипатталады.  
Осы  кезеңге  дейін  жүргізілген  педагогикалық  ғылыми  зертеулер,  медициналық  жоо 
студенттеріне осы  аталған білім мен дағыларды меңгертуде олардың танымдық іс-əрекетін дамыту  
қажеттігін  көрсетіп  отыр.  Осы  бағыттағы  ғылыми-педагогикалық  ізденістердің  əдіснамалық  негізі 
ретінде  таным  белсенділігінің  кез  келген    тұлғаға  тəн    жəне  ол    тұлғаның    негізгі  сипаттамасы 
болатындығын 
зерттеген 
Л.С.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн, 
К.А.Абдульханова-Славская, 
В.С.Мерлин,  В.Д.Небыличин,  Е.Вирсма,  Д.Ж.Гильфорд,  Л.Терстон,  Г.Хейманс  ғылыми  еңбектерін 
алуға болады. 
Қазіргі уақытта болашақ мамандардың танымдық іс-əрекетін  дамыту  шарттары мен  жолдарын 
анықтау  көп  жақты  проблема  ретінде    қарастырылуда  жəне    ол  бірнеше    бағытта  жүргізілуде:  
танымдық  белсенділіктің  негізі    ретінде  жеке    тұлғаның    қабілетін  қарастыру — Б.Г.Ананьев, 
Р.А.Низамов,  Н.Д.Левитова,  А.Ф.Эсаулов,  Т.С.Сабыров,  т.б.;  танымдық  белсенділікті  арттырудың 
факторы  ретінде  білім  беруде  проблемалық  ситауцияны  қолдану — И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин, 

Ү.А.Байзақ 
28 
Вестник Карагандинского университета 
М.И.Махмутов,  Оконь  В.  т.б.;  танымдық  белсенділікті  қалыптастырушы  ретінде  өздік  жұмыстарды 
қарастыру — П.И.Пидкасистый,  В.Граф,  И.И.Ілиясов,  В.Я.Ляудис,  М.Г.Гарунов,  О.Н.Яхно, 
Н.Б.Жаманқұлова,  т.б.;  тұлғаның    танымдық    белсенділігін    оның  танымдық  іс-əрекеті  арқылы 
дамыту — В.В.Давыдова,  Н.А.Менчинская,  Д.Б.Элькони  т.б.;  мектеп  пен жоғары  оқу  орындарында 
білім  беру  процесінде  білім  алуға  талпынуды  жетілдіру  арқылы  танымдық  белсенділікті  дамытуға 
болатындығын  Половникова  Н.А.,  Кулагина  Г.Н.,  Жұматаева  Е.  т.б.  еңбектерінде    қарастырған. 
Сонымен қатар Л.А.Быкова, Н.А.Ардаматский, В.И.Каган, О.С.Анисимов, А.А.Бодалева, А.А.Деркач, 
В.Г.Зазыкина,  Н.В.Кузьмина,  тағы  басқалардың  ғылыми  еңбектері  болашақ  маманның  танымдық 
белсендімін  дамыту  жəне  оны  қалыптастыру    жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  процесінің  
негізі  екендігін    көрсетіп  отыр    жəне  осы  арқылы  болашақ  мамандардың  танымдық  іс-əрекетін  
жоспарлау  жəне  ұйымдастыру,  кəсіби    шеберлігінің    шыңдалуы    мен    дамуын    қамтамасыз    етуге 
болады жəне бұл ең өзекті мəселе болыр отыр. Өйткені өндірістің  алға қарай дамуы, жаңа техника 
мен технологияның  медицина саласына тереңдеп енуі сияқты процестер адамның интеллектуалдық 
мүмкіндіктерін,  шығармашылық  қабілетінің    жоғары  болуын    талап  етеді,  ал    өндірісті  ары  қарай 
дамытуда  мұндай    қабілеттің  болуы — негізгі    шарттардың    бірі.  Олай  болса,  студенттердің — 
болашақ  мамандардың  білімін,  біліктілігін,  дүниетанымын  кеңейтуде  олардың    танымдық  іс-
əрекеттерін    алдын  ала  жоспарлау    мен  оны    дұрыс  ұйымдастырды,  тек  оқу  процесіне  қажеті  
педагогикалық əдіс  деп қарамау керек, оны  қоғамдық  мəні зор  іс шара  деп  қараған  дұрыс.  
Студенттердің  танымдық іс-əрекеті жəне оны дамыту күрделі  процестер  қатарына жататыны 
белгілі, ол  белгілі іс-əркеттерден, оның мақсаты мен қорытындысынан, оны  іске асыру  əдістерінен, 
мотивтерден  тұрады.  Жалпы  студенттерінің    танымдық  іс-əрекетін  дамыту  мен  оны  одан  ары 
жетілдіруде негізгі қозғаушы  фактордың бірі — білім  екендігі белгілі. Осыған сəйкес «танымдық іс-
əрекетте білімнің алатын орны қандай?» деген сұрақ туындайды Жеке тұлғаны танымдық іс-əрекетке  
итермелейтін  қозғаушы күш оның  танып-білуге құлшынысы  мен осы процесс əсерінен туындайтын 
қарама-қайшылықтар себеп болатыны белгілі, ал осы іс-əрекеттерді бағдарлайтын, бағыттайын жəне 
іс-əрекетті  жоспарлау  мен  бақылаудың  психологиялық  негізін  құраушыны  білім  деп  санайды. 
Болашақ  мамандардың  танымдық  əрекетін  зерттеген  В.И.Каган,  И.А.Сычеников,  Л.А.Быкова, 
С.А.Калашникова білімді танымдық процестің  негізгі  бағыттаушысы ретінде қарастырған [8–10].  
Сонымен,  игерілген  (қабылданған)  алғашқы  білім  шамасын  тұлғаның  танымдық  іс-əрекетін 
орындауға  бағыт  беруші,  бағдарлаушы  жəне  оны  жоспарлаудың  психологиялық  негізі  мен 
бақылаушы  ролін  атқарушы  ретінде  қарастырған  жөн.  Студенттің  меңгерген  теориялық  білімін 
немесе  практикалық  дағдыларын  одан  ары  қарай  толықтыруға  бағытталған  танымдық  іс-əрекетті  
жасауы  үшін, оның  алдын ала белгілі бір білім  порциясын игерген жəне соған сəйкес практикалық 
дағдыларды  меңгерген  болуы  тиіс,  тек  сонда  ғана  ол  танымдық  іс-əрекетті  саналы  түрде 
ұйымдастырып,  жоспарлы  түрде  жүргізеді,  нəтижесінде    оның    меңгерген    білім  деңгейі  одан  ары 
артады.  Олай болса, білімді  танымдық іс-əрекеттің  педагогикалық процестегі қозғаушы күштің  бірі 
ретінде    санаған  дұрыс.  Мысалы,  диагнозы  анықталған    науқасты    емдеуге  қажетті    медициналық 
құралды  таңдаудан бұрын  студент: 
 осы ауруды емдеуде қолданылатын физикалық  факторды; 
 оны өндіретін медициналық құралды; 
 оны жұмысқа дайындауды жəне онымен емдеу іс-шарасын орындауды білуі қажет.  
Мұндай  мəліметсіз  студенттің  аталған  міндетті ойдағыдай орындауы жəне осы іске қажетті 
дағдыларды  игеруі  мүмкін  емес,  олай  болса  бұл    мəліметтер,  яғни  білім    студентті  танымдық  іс-
əрекетке итермелеуші күш  жəне ол  терапиялық іс-əрекетті орындауға қажетті танымдық процестің 
негізгі  бағытын  көрсетуші  болып  саналады.  Бұл  танымдық  фактор  студентті  одан  ары  қарай 
қолданылған физикалық фактордың адам ағзасына əсері жəне  оның  физикалық сипаттамаларымен 
қатар,  мұндай  ауруды  емдеуде    мұнан  басқа  қандай  физикалық  факторларды  жəне  медициналық 
құралдарды  қолдануға  болатындығы  туралы  мəліметтерді  іздеуге  жəне    білуге  итермелейді.  Бұл 
процесті  үш  деңгейден тұрады деп  санауға болады: 
 бірінші  деңгейде  студент    алғашқы    кəсіби    теориялық  білімді  игереді  жəне    соған  сəйкес 
дағдыларды  меңгереді;  игерген  теориялық  білімі  мен  меңгерген  практикалық  дағдыларын 
пайдаланып,  оқытушы  басшылығымен  медициналық  құрал  арқылы  кей  медициналық 
манипуляцияларды  орындайды;  
 екінші деңгейде теориялық білімі мен дағдыларын одан ары жетілдіреді, студент медициналық 
құрал арқылы кей медициналық іс-əрекетерді жеке орындайды; 

Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
29 
 үшінші  деңгейде  студент  мамандықтың  мемлекеттік  білім  стандартында  көрсетілген  
міндеттер мен талаптарды медициналық құрал арқылы толығымен жеке орындай алады. 
Студенттің  танымдық  іс-əрекет  барысында  алғашқы  білімі  оқу  процесі  барысында 
толықтырылып 
отырады, 
мысалы, 
медициналық 
биофизика 
курсында 
өтілетін 
«Электрокардиографияның  физикалық  негізі»  тақырыбында  болашақ  дəрігерлер  жүрек 
биопотенциалының  табиғатын  Эйнтховен теориясы негізінде  қарастырады, оның  уақытқа  сəйкес  
графигін алуды, оны белгілеуді оқытушы басшылығымен үйренеді, алынған кардиограммадан  сəйкес 
тістердің    биопотенциалының  шамасын  есептейді  жəне  оны  қалыпты  жүрек  биопотенциалымен  
салыстырып  талдайды.  Осылайша  меңгерілген  дағдылар  кейінгі  курстарда,  атап  айтқанда,  ішкі 
аурулар  пəніндегі  «Клиникалық  ЭКГ  негіздері,  миокард  инфаркты  жəне  жүрек  ритмінің    бұзылуы  
кезіндегі  ЭКГ»,  терапия 
 
курсындағы  «Жүрек  қарыншасының  гипертониясы,  инфарктың  əр  түрлі 
даму сатысындағы ЭКГ», «Жүрек ақауы, перкардит жəне тағы басқа əр түрлі аурулар кезіндегі ЭКГ»
 
тақырыптарда
  
өз жалғасын тауып, алғашқы игерілген кəсіптік білімнің негізі онан кейінгі  курстарда 
толықтырылып, практикалық дағдыға айналады, бұл қағиданың дұрыстығын осы бағытта жүргізілген  
педагогикалық  ғылыми  зерттеу  нəтижелері    дəлелдеп  отыр.  Осы  фактілер  танымдық    іс-əрекеттің  
негізгі  қозғаушы  күші — білімді    болашақ    маманның    танымдық  белсенділігін  дамытуда,  өзіндік 
орны  бар, педагогикалық фактор ретінде   қарастыруға  мүмкіндік береді.  
Сонымен,  студентің  танымдық    белсенділігі  оған    алдын  ала  берілген    немесе  оның    игерген  
білімің  шамасы  мен  құрылымына  тəуелді  болады.  Шын  мəнінде  студентке  ұсынылған    білім,  оған   
тек бағыт пен бағдар ғана беретін  қаңқа тəріздес, студент танымдық іс-əрекет барысында  игерген 
білімі  мен  меңгерген  дағдыларының  құрылымы    тереңдеп,  мағынасы  кеңиді.  Мысалы,  оқу  процесі 
барысында студенттер тек А- ов немесе Б-ов  науқастың ауруын  ғана  емдеуге қажетті  медициналық 
құралды  пайдалануды  қарастырғанымен,  студенттерді  кез  келген  басқа  ауруларға  қажетті  
медициналық құралдарды таңдаудың əдісін, яғни көптеген факторлардың ішінен қажеттісін таңдауды 
жəне анықтауды  үйретеді. Ол үшін  студенттер үшін  дайындалған  оқу-əдістемелік нұсқаулар  мен 
құралдарда қарастырылатын жеке құбылыстарды, заңдылықтарды немесе медициналық  құралдарды  
тек  жеке  бір    құбылысты    зерттеуде    қолданумен    қатар,  оны    осы  тəріздес  басқа    объектілерге 
қолдануды, яғни «жалқыдан  жалпыға» принципі бойынша қарастыру қажет. 
Жалпы  «білім-танымдық  іс-əрекет-дағдылар»  жүйесін  бір  тұтас  деп  санап,  оны  педагогикалық 
жүйе  ретінде қарастырған жөн. Бұл жүйеге мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, 
оқу-əдістемелік  нұсқаулар,  оқу  орнының    профессор-оқытушы  құрамының  біліктілік  деңгейі,  жоо 
материалдық  базасы,  тағы  басқа  сияқты  сырттан  көптеген    факторлар    əсер    етіп,  оның  дамуына 
ықпал етеді.  
Cонымен  қатар  медициналық  жоо  жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  оқу  процесінде 
қарастырылатын  тақырыптарда  пəндік  сипатпен    қатар  кəсіби  бағыт  қатар  жүруінің  танымдық  іс-
əрекеттің, мотивацияның  саналы, əрі  сапалы  түрде жүруіне  зор  ықпал ететіндігін көрсетіп отыр [11]. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Республикалық оқу-əдістемелік бірлестік (РОƏБ) 
республика  көлеміндегі    барлық  медициналық  жоо  үшін    студентерге  арналған    оқу-əдістемелік 
нұсқаулардың  бірыңғай  үлгісін дайындап ұсынған жəне оқу процесін сол үлгі  бойынша өтілуін əр 
уақытта  қатаң    қадағалап    отырады.
 
Бұл  үлгіге  сəйкес (7 қараша 2003 ж.  ҚР  Медициналық  оқу 
орындарының  РОƏК  талқыланып,  бекітілген)  барлық  пəндер  (жаратылыстану,  медицина)  бойынша 
өткізілетін зертханалық жұмыстарды орындау  алдын ала белгілеген  тəртіп, яғни  алгоритм бойынша 
жүргізіледі,  біздің  ойымызша,  мұндай  əдіспен  студенттердің    танымдық  белсенділігін    дамыту  
мүмкін емес, керісінше, оның дамуын тежейді. Осы жағдайды ескеріп, медициналық биофизика мен 
медтехника пəні бойынша  өткізілетін  зертханалық жұмыстарға арналып  жаңа типті, студенттердің  
танымдық    белсенділігін  арттыратын    оқу  құралдары  мен  оқу-əдістемелік    нұсқаулар  дайындалды 
жəне олар  сабақтарда пайдаланылды.  
Бұл жерде мына мəселеге баса назар аудару қажет сияқты,  жоғарыда аталған РОƏБ  ұсынысына 
сəйкес    дайындалған  оқу-əдістемелік    нұсқауда  дидактикалық  заңдылықтар    сақталған,  бірақ  оның 
көптеген  элементтері  ескерілмеген,  əсіресе    студенттерді    танымдық  іс-əрекетке  бағыттаушы    жəне 
ізденушіліке  бастайтын  тапсырмаларды  беру  қарастырылмаған.  
«Медициналық  биофизика»  пəні  бойынша  өткізілетін    зертханалық  жұмыстар  үшін  оқу-
əдістемелік  нұсқаулар    жоғарыда  аталған    ойды  басшылыққа  алып    қайта  дайындадық,  яғни  ҚР 
Денсаулық  сақтау  министрлігінің    Республикалық  оқу-əдістемелік  бірлестігін  ұсынған   студентерге 

Ү.А.Байзақ 
30 
Вестник Карагандинского университета 
арналған  оқу-əдістемелік  нұсқауларға  студенттің танымдық белсенділігін  арттыратын  элементтер  
қосылып, студентерді  ізденушілікке итермелейтін  проблемалық  жағдайларды  қарастырдық.  
Осындай    үлгіде  дайындалған  «Жоғары  жиілікті  электромагниттік  өрістің  диэлектрик  пен 
электролитке əсерін зеттеу» атты зертханалық  жұмысты қарастырайық. Аталған зертханалық жұмыс 
студенттерде  танымдық,  ізденімпаздық  іс-əрекетті  тудыратын  элементермен    толықтырылды,  яғни 
студенттердің  орындаған    тапсырмаларына  ұқсас,  бірақ    зерттеу  объектісі    ретінде  басқа  түрдегі 
денелер (диэлектрик пен электролиттің орнына сүйек жəне бұлшық ет)  ұсынылады. Студенттер  бұл 
жұмысты  орындаудан  бұрын    температураларды    əр  түрлі  құралдармен  жəне  əдістермен    өлшеуді 
меңгергені ескеріліп,  зерттелетін объектілердің  температурасын өлшеудің жаңа схемасын  дайындау 
тапсырылады, өйткені диэлектрик пен электролиттің температурасын  өлшейтін құралмен  сүйек  пен  
еттің    температурасын  өлшеу  мүмкін  емес,  сондықтан  студенттер    өткен    сабақта  қарастырылған 
температураларды  өлшеудің  басқа  əдісін  (жартылай  өткізгішті  термометрлерді)  қолдануды  
ойластырады.  Осы  тақырыпқа  сəйкес  игерген  теориялық  мəліметерін  зерттеу  жұмыстары 
нəтижесімен  салыстыру,  оған  талдау  жасау,  оны  ғылыми  мақала  түрінде  дайындау  тапсырылған. 
Сонымен  қатар  студенттердің    игерген  теориялық  білімін    қолдануды    тексеру  жəне  жетілдіру 
мақсатында  есептер  берілген.  Интеллектуалдық  мүмкіншілігін  дамыту,  болашақтағы  кəсіби 
мамандығына сəйкес  медициналық  тақырыптағы  ғылыми мақалалардан  тиісті мəліметтерді жинау, 
анықтау,  шолу жасау, т.б. танымдық іс-əрекеттерді талап ететін  тапсырмалармен толықтырылды.  
Осы ғылыми жұмысты жүргізу барысында медициналық жоғары оқу  орындары студенттерінің 
«Медициналық  биофизика»  пəні  бойынша  қалдық  білімін  анықтау  үшін  жүргізілген  біздің 
зерттеулеріміздің    нəтижесі  жоғары    курс  студентерінің  төменгі  курстарда  өткен    тақырыптардағы 
мəліметтерді  есте  сақтауының төмен дəрежеде екендігін анықтады. Мысалы, 5 курс студенттері дем 
алудың  физиологиялық механизміндегі  газдардың  динамикалық  заңдылықтарын орнын (тыныс алу 
мүшелерінің аурулары), тамырларындағы қан ағуындағы гидродинамиканың маңызын (гематология), 
иондаушы  жəне  радиациялық  сəулелердің  өлшем  бірліктері  арасындағы  байланысты  (сəулелік 
диагностика  курсында),  ЭКГ  тістерінің    белгіленуін  жəне  пайда  болуының  физикалық  механизмін 
түсіндіре  алмады («Жүрек қан-тамыр аурулары» тарауы бойынша), ал  физиотерапия  курсында олар  
жоғары,  аса  жоғары  токтар  мен  тұрақты  токтың  əсерлерінің  физикалық  табиғатын  жəне  олардың  
арасындағы айрымашылықты  шатастыратындықтарын  анықтадық. 
Біздің  ойымызша,  мұндай  кемшіліктердің  орын  алуының  негізгі  себептері  ретінде    білім  беру 
процесіндегі  педагогикалық, дидактикалық технологиялардың  сақталмауын, студентті танымдық іс-
əрекеттке  баулауды  дұрыс  ұйымдастырылмауынан  болатындығын    атауға  болады,  мұндай 
құбылыстар білім беру процесінің  əсерінің  нашарлауына  алып келеді, ал ол өз кезегінде болашақ 
маманның біліктілігінің төмендеуіне себепкер болады.  
Осы  бағыттағы  педагогикалық  ғылыми  еңбектерге  жасалынған  талдаулар  мен  жоғарыда 
байқалған  кемшіліктерді  қорытындай  келе,  мына  жайтты  анықтадық:  оқу  процесінің  тиімділігін 
арттыру  үшін,  студенттердің  білім  алу  əрекетінің  психологиялық  ерекешеліктеріне  сəйкес 
дидактикалық  əдіс-тəсілдерді  қолдану,  оқытудың  дамытушылық  қызметін  толық  пайдаланып, 
студенттердің танымдық іс-əрекетін  жетілдіруі жолдарын қарастыру  керектігін  көрсетті [11, 12].  
Сонымен,  студенттің  танымдық  іс-əрекетін  жетілдіру,  біріншіден,  оның  танып-білуге 
құлшынысына,  яғни    білім  алудағы  белсенділігіне,  екіншіден,  болашақ  маманның  игеруге  жəне 
меңгеруге  тиісті  теориялық,  практикалық  дағдыларын  жəне  оның  заман  талаптарын  толық 
қанағаттандыруын  дұрыс  жоспарлауға,  яғни  жоғары  білім  стандарты  мен  типтік  бағдарламаға,   
үшіншіден, білім беру процесін белгілі бағытта дұрыс ұйымдастыруға  тəуелді.  
Медициналық  жоғары  оқу  орнында  студенттердің  танымдық  белсенділігінің  психо-
дидактикалық ерекшеліктеріне  жүргізілген талдаулар мен  педагогикалық процестің  бір тұтастығы 
теориясы негізінде анықталғандай, медициналық техниканы игеруде студентті танымдық іс-əрекетке  
итермелейтін факторлар ретінде мыналарды атауға болады: 
 болашақ маманның медтехника пəнін  кəсіби бағыттағы іс-əрекетке  қажеттілігін сезінуін;  
 клиникалық кафедраларда білім алуға қажетті  медициналық биофизика жəне басқа да іргелі 
(фундаменталды) пəндер бойынша теориялық мəліметтердің  болуын; 
 студент интеллектісінің  білуі жəне  меңгеруі тиісті  дағдыларды  игеруге   қажетті  деңгейде  
болуы; 
 игерген  кəсіби  білімін,  меңгерген  дағдыларын  оқу  процесі  кезінде  практикада  қолдана  алуы 
мүмкіндігінің болуы;  

Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
31 
 мамандыққа  сəйкес  дайындалған  мемлекеттік  білім  стандартының    болашақ  мамандарға 
қоятын  талаптары мен міндеттерімен таныс болуы; 
 мемлекеттік білім стандартының  болашақ мамандарға қоятын  кəсіби талаптарының анық, дəл 
жəне нақты көрсетілуі; 
 болашақ мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін оқу-əдістемелік құралдардың болуы;  
 оқытушы-профессорлар  құрамының  медициналық  техника  бойынша  біліктілік  деңгейінің 
жоғары болуы. 
Бұл  аталған  факторлар  студенттердің  танымдық  іс-əрекетін  дамытуға  жəне    оны  игеру 
белсенділігін  арттыруға  ықпал  ететін    педагогикалық  іс-əрекеттің  негізгі    құрылымын    анықтайды. 
Осындай  факторларды  басқа да зерттетушілер  ұсынып отыр [13, 14]. 
Студенттердің    танымдық    белсенділігінің    құрылымын  анықтауды  танымдық  іс-əрекетінің 
теориялық  жəне  практикалық  сипаттамаларын  жəне  болашақ  мамандарды  даярлаудың  
педагогикалық  шарттарын  ескере  отырып,  педагогикалық  компоненттердің  жиынтығы  түрінде 
қарастырдық. Бұл жиынтық  мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, кəсіби-мамандық  жəне іс-
əрекеттік  болып  бөлінеді.  
Сонымен,  студенттердің  танымдық  белсенділігінің  бірінші  құраушысы — мотивацияны, 
студенттердің  пəнді  оқып  білуге  құлшынысы  кəсіби  қажеттіліктің    тууынан  жəне  сұраныстың  
болуынан деп, ал оны сипаттайтын   көрсеткіштер  ретінде: 
1. Болашақ дəрігердің «Медициналық биофизика» пəні мен медициналық техника курсын  оқып 
меңгерудің  қажеттілігін  сезінуі. 
2. Диагностика  мен  емдеу  процесі  физикалық  факторлардың  əсерлеріне  негізделген  құбылыс 
екендігін сезіну, пəнге оң көзқарасты  қалыптастыруы. 
3. Жаңа білімді игеруге, жаңа дағдылар мен  іс-əрекеттерді меңгеруге ұмтылу. 
4. Ауруханаларда, емханаларда медициналық техникаларды  қолдану факторлары. 
5. Физика мен техниканың жəне  компьютерлік технологияның соңғы жетістіктеріне негізделген 
жаңа тұрпаттағы медициналық техникалардың  қолдануды  аламыз.  
Танымдық  белсенділіктің    екінші  мазмұндық  құраушысын  студентердің  пəнді  меңгеруіне 
қажетті  білімдер    қорының  қажетті  жиынтығы  құрайды  деп,  ал  оны  сипаттайтын    көрсеткіштер  
ретінде: 
1. Кəсіби  жəне  арнаулы  пəндер  үшін  негіз  болатын  медициналық  биофизика,  т.б.  пəндер 
бойынша білім қорының  белгілі деңгейінің  болуы. 
2. Адам ағзасының  өмір  сүруінің  негізгі заңдылықтарын білуі. 
3. Физикалық факторлардың  биологиялық жүйлерге тигізетін əсерін білуі. 
4. Медициналық техникада қолданылатын физикалық факторлардың сипаттамаларын  білу мен 
олардың шамасын анықтай алу. 
5. Медициналық техникаларды  техникалық сипаттамаларын білуін аламыз. 
Интеллектуалдық құраушыны сипаттайтын көрсеткіштер ретінде:  
1. Медициналық  техника  туралы  мəліметтерден,  ақпараттардан  негізгі  жəне  басты    ойларды 
бөліп алу жəне  оларды салыстыру. 
2. Медициналық  техникалар  арқылы  анықталған  физика-химиялық  жəне  биологиялық 
мəліметтерді өңдеу нəтижесіне талдау жасау. 
3. Медициналық техникалармен тəжірибелер  мен зерттеулер жүргізе алу. 
4. Медициналық техникалардың артықшылықтары  мен кемшіліктерін білу. 
5. Жаңа бағыттағы медициналық техникаларды жасалуын болжай алуын жатқызамыз. 
Студентті танымдық іс-əрекетке итермелейтін жəне белсенділігін арттыратын төртінші құраушы 
кəсіби-мамандық  мемлекеттік  білім  стандартында    көрсетілген  болашақ  мамандардарға  қойылатын 
талаптардың  тізімдері  жəне пəндер бағдарламаларындағы міндеттер құрайды жəне оны сипаттайтын   
көрсеткіштер ретінде:  
1. Мамандықтың  мемлекеттік  білім  стандарты  талаптарына  сəйкес  болашақ  маманның  
медициналық техникаларды  игеруге қажетті  теориялық  білімдері мен меңгеретін практикалық  іс-
əрекеттері. 
2. Болашақ маманның  атқаратын  қызметтеріне  сəйкес медтехникамен орындайтын  талаптар 
мен міндеттер тізімі. 
3. Жоо  оқу  жоспарына    енгізілген  қосымша  пəндер (медтехника бойынша)  бойынша білуі  мен 
игеруге тиісті  іс-əрекеттер мен дағдылар тізімі. 

Ү.А.Байзақ 
32 
Вестник Карагандинского университета 
4. «Медициналық  биофизика»  жəне  клиникалық  пəндердің  типтік  бағдарламаларына  сəйкес 
болашақ маманның  медтехника бойынша білуі мен меңгеруі тиісті мəліметтері мен икемділіктері. 
5. Арнаулы  медициналық  техника  курсы  бойынша  медициналық  құралдарын    игеруге  қажет 
болатын теориялық жəне практикалық мəліметтерді білу. 
Танымдық  белсенділіктің    соңғы  құраушысы  іс-əрекет,  ол    оқу  процесі  барысында  студенттің 
меңгерген  практикалық  дағдыларын  сабақта,  зертханада,  клиникалық  пəндерде  т.б.  жағдайларда  
қолдануға жəне осы арқылы білім деңгейін көрсетуге міндетті болуынан жəне  сол арқылы игерген 
білімі мен меңгерген дағдыларын кəсіби мақсатта пайдалануға мүмкіндіктердің туындауын  атаймыз 
жəне оны сипаттайтын көрсеткіштер  ретінде:  
1. «Медициналық  биофизика» пəні мен медициналық техника курсын  кəсіби жəне танымдық 
мақсатта қолдана алу. 
2. Диагностикалық  жəне  терапиялық  мақсатқа  сəйкес    медициналық  техниканы    таңдай    алу 
жəне пайдалана  білу. 
3. Терапиялық жəне диагностикалық мақсатта медициналық техникалардың  мүмкіндігін  толық  
пайдалана  алу.  
4. Медициналық техниканың  электрлік схемаларын талдай алуы, құрылысын  білу. 
5. Диагностика  мен  емдеу  істерінде  физика  мен  техниканың,  телекоммуникацияның  соңғы  
жетістіктерін  қолдана алуды жатқызамыз. 
Сонымен, біз болашақ дəрігердің медициналық техниканы меңгерудегі іс-əрекеттің белсенділігін 
сипаттайтын  жəне  оның  деңгейін    арттыратын 5 компоненттен  жəне 25 көрсеткіштен    тұратын  
құрылымды  анықтадық. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Бабанский  Ю.К. Педагогика. — М.: Просвещение, 1983. — 236 с. 
2  Новиков  А.М. Профессиональное образование в России. — М.: Педагогика, 1997. — С. 45. 
3  Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. — М.: 
Просвещение, 1976. — 160 с. 
4  Бирюкова А.Н. Подготовка к решению профессиональных задач студентов медицинских вузов при обучении физике 
с учетом междисциплинарной интеграции: Автореф. дис. ... канд. пед.наук. — 13.00.02. — М., 2013. — 24 с. 
5  Адыширин-Заде К.А. Технология формирования готовности будущих врачей к использованию современного меди-
цинского оборудования: Автореф. дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. — Самара, 2012. — 23 с. 
6  Тарасова А.В. Физический практикум как средство формирования профессиональных компетенций студента меди-
цинского вуза: Автореф. дис. ... канд. пед. наук: 13.00.02. — М., 2012. — 23 с. 
7  Талызина Н.Ф. Теоретические основы разработки модели специалиста. — М.: Высш. шк., 1982. — 36 с. 
8  Каган В.И., Сычеников И.А. Основы оптимизации обучения в высшей школе. — М.: Высш.шк., 1987. — 143 с. 
9  Быкова Л.А. Основы теории обучения в медвузе. — Л.: Изд. ЛГУ, 1975. — 59 с. 
10  Калашникова  С.А. Особенности  изучения курса физики студентами-стоматологами медицинского вуза // Учен. зап. 
Забайкал. гос. ун-та. — 2010. — № 2. — С. 48–55. 
11  Карпов Н.А., Краснов А.В. и др. Методы активизации познавательной деятельности студентов старших курсов при 
изучении  инфекционной  патологии // Материалы  межрегион.  и  межвуз.  науч.-метод.  конф. «Современные  проблемы 
качественного образования в высшей школе», КГМА, РФ.  01-02.02.07 г. — Киров, 2007. — С. 66, 67. 
12  Камакин  Н.Ф.  Способы  активизации  познавательной  деятельности  студентов  на  теоретических  кафедрах 
медицинских  вузов // Материалы  межрегион.  и  межвуз.  науч.-метод.  конф. «Современные  проблемы  качественного 
образования в высшей школе», КГМА, РФ. — 01-02.02.07 г. — Киров, 2007. — С. 68, 69. 
13  Сыздықов  О.  Болашақ  инженердің  кəсіптік-технологиялық  даярлығын  жетілдірудің  дидактикалық  негіздері:  Пед. 
ғыл. д-ры ... дис.: 13.00.08. — Алматы, 2001. — 291 б. 
14  Бондаренко  А.Л.  Актуальные  вопросы  повышения  качества  высшего  медицинского  образования  на  современном 
этапе // Материалы межрегион. и межвуз. науч.-метод. конф. «Современные проблемы качественного образования в высшей 
школе», Киров. Гос. мед. Акад., 1–2 февр. 2007 г. — Киров, 2007. — С. 14–16. 
 
 

Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
33 
У.А.Байзак 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет